Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15460

Мағжан Жұмабаевтың «Сағындым» өлеңіндегі сезім сырларын талдай отырып, өзіңіздің анаға, туған жерге деген сағыныш сезіміңізді жеткізіңіз

Қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған, болмысы бөлек, рухы асқақ ақындардың бірі -Мағжан Жұмабаев.Тарихтан уақытша аты жойылсада халқының жүрегінен мәңгілік орын алған.Ол-лирик, ол-ақын, ол-эпик... Жинақтап айтар болсақ, сегіз қырлы бір сырлы аса ірі тұлға.Екі дүние аласапыран болып тұста өмір сүрген ол халқына тәуелсіздіктің жақындағанын сезеді.Дегенмен оған жету оңай емес.Сенімінен гөрі үміті басымырақ ақынның осындай көңіл күйде жазылған өлеңдерінің бірі Сағындым.Өлең абақтыда отырған ақынның жан дүниесінен хабар береді.

Қабырғасы қара тас абақты іші қара көлеңке.Кіп кішкене терезеден келіп жететін жарық та таза ауада шамалы.Осындай тар қапаста отырған ақын сары даласын, алыстағы апасын, туған елін, құрдастарын сағынады.Соңғы сағынары бостандық.Бостандықта өткен күнді сағындым, желдей зулап өткен күнді сағындым деп адам баласының еркін өмір сүруін аңсайды.Мұңнан гөрі жеке адамның көңіл күйіндегі кейбір толғанысты сәттердің суреті басымырақ.Мағжанның ұлтына деген махаббаты сезіледі.Алаш үшін не көрседе,ұлты үшін өлгені өзіне атақ екенін жеткізеді.Ертеңгі болашақтан зор, қиындықтың артында азат күндердің келеріне сенімі мол.Өлеңнен мейірімділік, қайсарлық, қайтаттылықты сезінуге болады.

Ана, туған жер, халқың әркімге болсын қымбат шығар сірә!Менің пікірімше қимас жандар сонда болғандықтан.Ойнап күліп өскен жер болғаны үшін.Туған жердің қадірін жырақта жүрсең түсінерсің демекші оған деген сағынышыңды сөзбен жеткізу қиын.Өмірдегі аяулы жан ол -ана. Бізге мейірім мен махаббат, жарық дүние сыйлады.Ол сезімдерді өмір бойы бағалап, аяулап өтуіміз керек.

Жалпы алғанда Мағжан Жұмабаевтың Сағындым өлеңі адам жүрегінің мың сан жүрегін шеберлікпен бейнелеген жауһар дүние.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (28esse.zip)Мағжан Жұмабаевтың Сағындым147 Kb
 
15.03.2018 17:51