"Менің атым-Қожа" повесі-Бердібек Соқпақбаевтың артына өшпес із қалдырған шығарма. Ол-балалар әдебиетінің үлкен бір белесі. Яғни бұл шығармада" қара көженің" іс-әрекеті,мінез-құлқының қалыптасуы, арман-телегі, басқалармен қарым-қатынасы суреттеледі.Қожаның балалық қылықтары оқырмандарға күлкі сыйлайды.Қара көже қандай сатқар болса да соңында адам болып қалыптасқан қуантады.Бұл туындыны әр адам бала кезінде оқып,білуі парыз деп есептеймін.Себебі ,қайта оралмайтын шақты қызықты етіп өткізу әр адамның маңдайына жазылмаған.Қожаның балалық шағы-тәтті дәуреннің төресі.
"Менің атым Қожа" повесінде жазушы балалардың бал мінезін ішкі дүниесімен жақсы сезіне білді. Балдәурен әсерінің қоймағын бұзбай,ақиқаттан алшақтамай,балаға тән қиялдарды тебіріне толғайды.Қожа бейнесі қазақ балалар әдебиетіне қосылған қомақты олжа. Повесте зерек,алғыр, ақкөніл, қоршаған ортасын бақылап жүретін бала туралы жазылған.
Қожа мен қазіргі балалардың айырмашылығы, ерекшелігі қандай??
Қожа- өте ақылды, қу, алдына қойған мақсатыны оң көзімен карамайтын,ұмытып кететін бала болып өседі. Ал 21ғасырда балалар өзгеше, ер мінезді, алдын ала ойлайтын , қамкорлы балалар. Өзіне алған істу соңына дейін жеткізіп, тік мінезді жасөспірімдер. Бұрынғы жасөспірім мен қазіргі жасөспірімның айырмашылығы өте көп. Қазіргі кезде заман дамыған, ойлауы, іс-әрекеті өзгеше болып келеді.
Бұл повесть өте қызық, әрі күлкілі оқиға.Заман талабы өзгерсе де, әдебиеттегі озық бір шығарма болып қала берген. Бұл-оқырманлардың жүрегіне ерекше оңайлықпен жол таба алған балалар әбебиетінің кемел де дара туындысы.
Алғашқы тарауынан-ақ жүрегіңді баурар алатын бұл повесть-көлеміне қарамастан аз ғана уақытта оқып шығуға болатын шығарма.