Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154340

Сал-серілердің жеке тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелер ме, әлде ғашықтық па?

Әнші – ақындар поэзиясында – қазақ әдебиетіндегі ерекше дәстүр. Әнші ақындар поэзиясының ерекше дамыған кезі ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы. Қазақстанның әр өлкесінен шыққан өнерпаздар халыққа өнер көрсете жүріп, әншілік-өнер мектептерін, орта дәстүрін орнықтырды. Әнші ақындар композиторлық дарынмен бірге тыңдаушысын арбап алатын сазы, құдіретті даусымен жұртшылыққа танылған.

Қазақ әнінің классик, биікке жетіп , формалық, әуендік жағынан байи түсуіне шексіз үлес қосқан әнші-ақындар. Олар көбіне пәк таза махаббатты, сұлу әйел сипатын, жастық шақ, жігіттік арман, ар намыс бостандығын жырлауғаден қойды. Ойымызды мәліметтермен дәлелдесек,оған Ақан сері, Біржан сал,Естай,Балуан-Шолақ,т.б. ақындардың шығармашылығын айтуға болады. Әйел заттың әдемі көрік-келбетін,жан-дүниесінің сұлулығын әсерлі жырлаған Ақан Серінің «Ақтоты», «Мақпал», «Перизат», «Ақсаусақ», «Жаман қыз», «Балқадиша» т.б. махаббат тақырыбына арнаған.Әнші ақындар шығармашылығының поэзиямызда өзгеше, орналы болып қалыптасуына қазақ даласындағы тарихи әлеуметтік жағдай ықпалын тигізді. ХІХ ғасырдағы сан қабатты өзгерістер, ежелгі салт-дәстүрдің, адам мен адам арасындағы қатынастардың басқаша өріс табуы әншілік поэзиямыздың қуаттана дамуына қолайлы жағдай тудырды. Жаяу Мұса,Сары Батақұлы,Қанапия, т.б. ақындар өлеңдерінде әлеуметтік теңсіздікті сынады.Мәселен, Жаяу Мұсаның «Ақсиса» - теңсіздікке, зорлықшыл,Қиянатшыл үстем топтардың іс-әрекетіне деген наразылық пен ыза-кектің уытты күшін көрсететін әлеуметтік мәні зор туынды.

 

Қорыта келе, біз бұл шығармада серінің тағдырын өзгерткен ғашықтық және әлеуметтік мәселе екенін байқаймыз. Сал – серілердің әр-қайсысы халықтың рухани тұрмысында өнерді насихаттап қана қойған жоқ. Әлеуметтік тұрғыда ой қозғап, қоғамдық мәселелер көтерді.Ұлт бірлігін, жерін сақтау,өнерді қастерлеу – ғасырдан ғасырға жеткен сал – серілер өнернамысының негізі болмақ.

 
04.02.2018 09:48