Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155127

Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз

Жастар-еліміздің ертеңі мен болашағы,келер күннің айнасы.Бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі өзекті мәселелердің біріне айналды.Расында,заман көрсеткіші жастар болса,бұл біраз ойланарлық мәселе.Қазіргі таңда,көркем мінезді яки ерсі мінезді жастарты тез ажыратып,тануға болады.Жастар мәдениеті мен әдебі екі тапқа бөлінеді десек қарсы пікір болмас.

Менің пікірімше,бұл бұрыннан қалыптасұан,жастар өз мінезін заменмен ұштастырып,сан-қиля бағытта өркендетеді.Мәселен ,Шортанбай Қанайұлы ның «Зар заман» толғауын қарастырсақ болады.

Бүгінгі жастар бойынана Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ұл-қыздардың қылықтарын кездестіруге болады ма?Екі заман кезеңі салыстыр талдау жасайық.

Біріншіден,бүгінгі жастар бойындағы немқұрайлылық пен жағымсыз қылықтарын қарастырайық . Жастардың мәдениетіне тосқауыл қоятын бірден-бір себеп –тілдің шорқақтығы,мәдениеттен жұрдай болуы және надандық..Шортанбайдыңөз өлеңінденгі айтпағы да сол еді.

«Ұл-қызыңнан үміт кетті,

Айырылдық құда,досыңнан»-дей

отырып,өз заманының жастары қараңғы екендігіне ой тастайды.

Екіншіден,жастарымыздың,яғни, ұл-қыздарымыздың бір-біріне деген қарым- қатынасы.Мәселен, қазіргі ұл балалар қыздарды бұрынғысынша құрметтеп,аялап қарамайды.Әрине,бұған себепші қыздардың өзі.

Жамандықтың белгісі

Ұлың көңілі бір бөлек,

Қызыңның көңілі бір бөлек,

Өзіңнің көңілің бір бөлек...,-деген

өлең шумақтарынан-ақ зар заманмен ұқсастықты байқасақ болады.

Үшіншіден,салыстыр қарайтын болсақ ,сол заман жастарының надан болуының бірнеше себептері бар.Ол-орыстардың отаршылық саясаты.Ал,бүгін ше ?!Бүгінгі жастар азат елде,бей-қам өмір сүруде.Олай болса,бүгінгі жастардың «зар заман» жастарынан үлкен бір кемшілігі осыү

Жалпы,корытындылай келе,екі заман легінің ұл-қыздарының қылықтаныр салыстыра отырып,мынадай шешімге яки тұжырымға келдім десек болады:заман қандай болсын,жастар бәрі бір жақсы және жаман болып бөлінуін доғармайды.Бүгінгі жастардың бойынан «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездеседі.

Негізгі түйінге тоқталар болсақ ,ұл мен қыздарымыздың көзін ашып,зар заман өтіп кеткендігін аңғартуымыз керек.

 
29.08.2017 16:21