Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154138

М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.

М.Жұмабаевтың эссе
Артына өшпес рухани мол мұра қалдырған қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі, ол- Мағжан. Ақындық міндетті арына жүктеп, халыққа жеткізер ойдың ұшығын анық та айқын көре білген Мағжан өз бағытынан еш айныған емес. Құбылмалы өмір күйінен өз жолын таба білген ұлттық ақынына қуанышты көркейту, қайғыны жеңілдету ақындық мұраты болды. Ақын қазақ болашағына бұлдырған сағым емес, орындалмас қиялы арман ретінде қарамай, ұлтының аяна бастаған сана болмысына қарап, халық сенімін күшейтеді. Мағжан поэзиясының жастарға деген үміті – аяна бастаған ұлт санасының болашағы деп білемін.

Мағжан – эпикалық жанрда да қарқылды еңбек еткен ақын. Оның қаламынан бірнеше поэмалар туған. Әр поэмасының тақырыптары мен көркемдік деңгейлері әркелкі болғанымен қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар дүниелер. Соның бірі - «Қойлыбайдың қобызы» дастаны. Бұл поэма мистикалық аңыз әңгіме негізінде жазылған. Аңыз бойынша Найман ішінде Қойлыбай деген бақсы, қобызшы болған екен. Ол бала күнінен жындармен дос болған. Олардың ішіндегі ең сенімді жолдасы Қақаман атты жын еді. Бір күні қалың найман жиылып ас береді. Екі жүз атты бәйгеге қосып, көпшілік Қойлыбайға бәйгеге қобызын қосуды айтады. Барақ батырдың өзі Қойлыбайдан сұраған соң, Қойлыбай бәйгеге қобызын қосады. Бәйге алдында балалардың ішіндегі ептісіне көзі түсіп, оған қобызын сексеуілге байлап кетуін тапсырады. Бәйге басталып, кіл жүйрік даланы дүбірлете шапқанда бала қобызды сексеуілге байлайды. Бәйге басталысымен-ақ Қойлыбайдың бойын күш кернеп, қолындағы қылышын қобыз етіп ойнап, күллі даланы күңірентіп, азынатады. Қызыл жел тұрып, дауылдан ештеңе көрінбей кетеді. Аузынан ақ көбік ағып, қалш-қалш еткен Қойлыбайдың сенгені Қақаман жын еді. Ол жолдасының сенімін ақтайды. Бір сәтте межеге жақындаған аттар қарасы көрінеді. Ішінде топ жарып Қойлыбайдың қобызы келеді. Қақаман жын қобызды сексеуілімен бірге жұлып алып, жүйріктердің алдын бермеген еді. Сөйтіп Қойлыбайдың қобызы бәйгеден бірінші келіп, ел-жұртты тақ-тамаша қалдырған. Поэмада халықтың бақсы-балгерлерге деген қарым-қатынасын байқауға болады. Ежелде қазақтар бұдай ерен жандарды ерекше құрметтеп артынан ғажайып аңыз әңгімелерді өрбітіп отырған. Бұл поэма арқылы Мағжан бақсы-балгерлердің сол қоғамдағы рөлін көрсеткісі келген шығар. Халық әрқашан мистикаға сеніп, осы бағытта түрлі аңыз әңгімелер таратып отырған. Бұл аңыздарға халық өздерінің арманын, мақсат- мұратын енгізіп, сол мұраны ұрпақтан-ұрпаққа таратып отырады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні Мағжан-ұлы ақын. Қазақстаның кемеңгер жазушысы М.Әуезов: “Абайдан кейін Мағжанды суйемін... мағжан культурасы зор ақын.. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

 
29.08.2017 16:21