Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ. Жел соқса, құйын қуса жылжи беруБолғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ",-деген үзіндісінен басшысы жоқ, бір орталыққа бағынған мемлекеті жоқ қазақ халқын, шығысында айдаһардай айдарлы, солтүстігінде аюдай алпауыт мемлекеттер тұрса да, саясатқа басын қатырмай, өз ішінен жік жікке бөлініп жатқан қазақ халқын көреміз. Әрине сол кезеңдегі қазақтарды үзілді кесілді қаранғы деп айтуға болмас. Небір дарынды тұлғалар болғаны жоқ, бірақ ауыл молдасының берген білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған, сауаты нашар қара халықтың басымдығы қазақ халқын артқа тартты. Міне, автордың жеткізгісі келген ойы, қазақтың кемшілігі осындай."Қазақ салты" өлеңінде Абайдың ой-толғауларын еске салатын образдар бар, сондықтан бұл өлен сыни көзқараспен жазылған деп айтуға болады. Бұл хакім Абайдың ақындық дәстүрінің жалғасы, Ахметтің жан айқайы. Ол осы туындысымен XIX-XX ғасырдағы қазақ халқының жағдайын толықтай жеткізе алды.