Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154420

Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығы ның белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.

Мен сөз ететін Шортанбай Қанайұлының өмір сүрген кезеңі - хандық биліктің жойылып, патша өкіметінің қазақтың кең даласын емін-еркін билей бастаған кезі болатын. Өз елінде өгейлікпен күн кешкен қазақтың қиыншылығы мен азабы көп еді. Осы тұста Шортанбай "Зар заман" атты өлеңін қандай себеппен жазды? Өлең жазудағы мақсат не еді? Келешек ұрпаққа не айтқысы келді? Осы сауалдарды негізге ала отырып, өз көзқарасымды білдіргім келеді.

Бірінші кезекте, Шортанбай өлеңінде әр түрлі жағдайларды алға тарта отырып, заман күйін суреттейді. Ақын "Зар заман" өлеңінде: "Мына заман қай заман?" деп біздерге сауал тастай отырып, өзі қойған сауалға:"Азулыға бар заман, Азусызға тар заман" деп толықтырады. Өлеңнің мазмұндық желісі сол кездегі қиыншылық кезеңдерді, кіріптарлық пен қорлықта өмір сүрген қазақ елінің ауыр тұрмысын жеткізеді. Бұдан басқа өлең желісіннен, бүгінгі таңда адамдар арасында дәурені жүріп, барлығына масаттанған байлардың, кез-келген істе оңай жеңіске жетіп , жоқ жітіктің өкініште қалатынын айтаға болады. Меніңше, бұл Шортанбай айтқан азулы мен азусыздың белгісі.

Сондай-ақ, Шортанбай: "Тарлығының белгісі: Жақсы жаннан түңілген, Жаман - малдан түңілген, Мұның өзі-зар заман" деп сол кездегі адамдардың ниеттерінің өзгеруін, жаманшылыққа қарай бет алғандығы деп суреттейді. Заманның азуын қазақ арасындағы рулық заңның бұзылуын, ар-ұят, адамгершіліктің азаюы деп бағалайды. "Зарлығының белгісі: Бір-бірлерін күндеген, Жай-жайына жүрмеген,Мұның өзі - тар заман" деп ел бірлігінің ыдырауын, ағайын арасындағы алауыздықтың өрши түскенін, халық арасындағы ынтымақ пен бірліктің әлсіргенін сөз етеді. Өкінішке орай, қазіргі қоғамдағы адамдардың жасап жатқан азғындығы жаныңды ауыртады.Ата-анасын қарттарын үйіне өткізіп, сәбиін босағаға тастап,досына қастық жасағандардың заманды тарылтып, адам пейілін бұзатындығы анық

Алайда Шортанбай өлеңінде: "Бұл асылық асқан заманда, Ұл туады атаменен егесіп, Қыз туады анаменен теңдесіп" деп сол кездегі қиыншылықты ғана емес, өкінішке орай қазіргі біздер өмір сүріп жатқан кезеңді де анық суреттеп кетеді. Бұл ақын Шортанбайдың көрегендігі. Қарап отырсақ, ақын тек сол замандағы оқиғаларды ғана қамтымайды, қазіргі кездің адамдарының санасы мен адамгершілік болмысында болып жатқан өзгерістер нақ дәл тауып айтқандай.

Қорытындылай келе, Шортанбай Қанайұлының"Зар заман" өлеңі тек сол қиын кезеңді ғана емес, біздер өмір сүріп жатқан уақытты да қамиды.Олай болса, жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қарай қадам басайық. Ата-аналарымызды ардақтап, ұлдарымызды ұлықтап, қыздарымызды қадірлей білейік!

 
29.08.2017 16:21