Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155392

Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», «Еңселігім екі елі») ақын көңіл-күйін танытатын жолдарды талдап жаз

Аумалы-төкпелі заманда қара бала сары қазан қамы үшін дүйім жұртты артынан ерткен Махамбет болды. Махамбет - көтеріліс туын көтерген әрі жалынды үгітші, әрі ардақты ақын. Ақынның өлеңдері арқылы біз оның көңіл-күйін байқаймыз. «Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс», « Еңселігім екі елі» өлеңдерінде ол өз көңіл-күйін қаншалықты таныта алды?

Махамбет Өтемісұлы өлеңдерінен қас батырға тән қасиеттерімен көрінеді. «Қабағын шытпас ер керек, Біздің бүйткен бұл іске»,- деген өлең жолдарында толарсақтан саз кешсе де, алған бетінен қайтпайтын, халқын қиындықтан сүйреп шығар ерлер керек екенін айтқан. Ақын өз басынан кешірген ауыр халдерді сезіне отырып, терең толғап суреттеумен қатар, өз кезіндегі тарихи оқиғалармен байланысты туған қалың бұқараның көңіл күйін де көрсете білді. Оның өлеңдерінде өзінің көңіл күйі мен ел күйі ұштасып жатты. Менің ойымша, ақын өз өлеңіндеел қорғайтын азаматтың қандай болатындығын айтады. Ел басына күн туған заманда бар ауыртпалықты «қара нардай» қасқайып көтеретін «ереулі атқа ер салғандар» дейді. Сондықтан да, алаштың алып ұлдарын «қара нарға» теңейді.

Ақын өзінің эллегиялық көңіл-күйін «Қызғыш құс» өлеңінде көрсете білген. Оны

Ау,қызғыш құс, қызғыш құс!

Қанатың қатты, мойның бос,

Исатайдан айырылып,

Жалғыздықпен болдым дос – деген жолдарында батыр досы Исатайды сағынышпен еске алып, құсалықпен күндерінің өтіп жатқандығын суреттейді. Нағыз досқа деген бауырмалшылдықты, арқа сүйер сүйенішінен айырылғандығына қапаланған ішкі жан күйзелісін аңғарамыз. Махамбет жан күйзелісі арқылы достық туын әркез биік ұстауды үйренеміз.

«Еңселігім екі елі»- өлеңінде ерлік пен елдікке жол көрсеткен батыр бейнесі көрінеді. Оқ тартарға қолы ұзын,

Дұшпанына келгенде

Тартынбай сөйлер асылмын. – деп, өзінің жауына қара бұлттай қатер төнгенде, дауыл алдында саңқылдаған дауылпаздай, дауылды жарқ-жұрқ етіп тілгілеген найзағайдай әсер етеді. Ешбір хан-сұлтандардан қаймықпай , қара қылды қақ жара сөйлегендігін байқаймыз. Осындай ерлік пен елдікті, нағыз ерге тән өткір мінезді жалынды жырларымен ел есімінде қалған Махамбет ақынды жадымызда мәңгі сақтаймыз.

Қорытындылай келе, Махамбет өзінің көңіл-күйі арқылы болашақ ұрпақты «толарсықтан саз кеше» жүріп, елінің мәртебесін көтеретін азамат болуға шақырады. Оның рухты өлеңдері елдің санасынан өшпейді.

 
29.08.2017 16:21