Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154417

Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыныздан қандай міндет жүктей аласыз?

Махамбеттің  Қара нарға артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыныздан қандай міндет жүктей аласыз?

Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығарға
Қас үлектен туған қатепті
Қара нар керек біздің бұл іске –

деп , халқының қолдауына зәру екенің жырлаған . Оның «қара нары» - қиындықты бірге төзетін, қолдау беріп, ауыр жүкті бөлісетін жол серігі. Махамбеттің бір ерекшелігі ол – әрі батыр , әрі ақын. «Жігітке жеті өнерде аз» деген нақыл сөз дәл осы Махамбетке арналып айтылғандай.

Махамбет пен Исатай қазақтың ержүрек басшы батырлары. Олар халықты қанағандарға қарсы шығып , көтеріліс бастады. Бұл қос батырды қолпаштап қолдағандар да болды , қарсы ой айтып қолдамағандар да кездесті. Қолдаған халқы олардың ұшар қанаты да , қонар құйрығы да болды . Махамбеттің «қара нары» да осы қолдау көрсеткен қарапайым халқы. Зәбір көріп толарсақтан саз кешіп өмір сүрген халықтың жағдайы Махамбет пен Исатайға мәлім болды. Мен өз тарапымнан «қара нарға» не міндет жүктеймін ? Иә , өмірде не болмайы десеңші... Жолымызда кездесетін қиындықтың қандай екенің біліп бітпейміз . Егер де қиындыққа тап болсам , ең алдымен өзіме сенімді деп ойлайтын адамдармен ақылдасар едім. Оның айтқан ойын тыңдап , өз шешімімді шығаратын боламын. Әрине , менің шешімім жүз пайыз дұрыс болады деуге келмейді . Алайда , мені қолпаштап қолдау танытқан адамдардың істің аяғына дейін сенім артқандарын қалар едім . Халықпен бірге болып , бір жағадан бас , бір женінен қол шығаруға шақырып , ұстамды болуға үйретемін деп ойлаймын . Алмағымның салмағы бар дегендей, проблеманың әр қилысын бастан өткере білу керек. Оның өзі үлкен сабырлықты талап етеді. Қара нарға жүктерім де тек қана сабыр.

Менің ойымша , Махамбеттің «қара нары» мен айтқан сабырлықты ұстай білді . Махамбет пен Исатайдың ақылына жүгініп , күшіне сеніммен қарағанның арқасында бүгінгі тәуелсіз өмірге қадам бастық. Сабырлық танытып ханға қарсы шыққан , халық қамын ойлаған батырларымыздың сіңірген еңбегі зор екені мәлім . Сабырлық менің «қара нарға » жүктер құндылығым болып табылады.
СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (mahambettin.zip)Махамбеттің «Қара нарға» 9 Kb
 
05.05.2017 17:37