Ы.Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз (300 сөз)
Әр кезең өзінің дарынды өкілдерін жарыққа шығарып отыратыны мәлім. Тұған халқының игілігі үшін бар күш жигерін жұмсап, халық тарихынан орын алған ақын-жазушыларымыз жеткілікті болды. Солардың бірі - Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсариннің тұңғыш қазақ еліне ашқан мектебі болашаққа деген сенімді қадамның алғашқы баспалдағы секілді. Бүгінгі күнде қазақ халқының тарихында аса көрнекті орын алып, еліміздің дала қоңырауы атанды. Білім нәрін беретін алтын ұя мектеп ашып, оқу-білім ұранын көтерді. Елді қорлықтан құтқаратын, игіліктің жолына бастайтын тек білім деп есептеді. Бұқара хылықтың көзін ашып, әріп танытып өмір сүруге үйретті. Жас буындарды әдебиетке баулып, өзінің «Қазақ христоматиясы» деген еңбегін шығарды. «Кел, балалар, оқылық» деп халық үшін ғылым мен білімнің айрықша ұғымдарын түсіндірді. Сол кезеңдегі халықтың жағдайы мәз болмады. Сол себепті де көптеген балалар мектеп табалдырығын аттай алмады. Ыбырай Алтынсарин қазақ буындарының «Көзі ашық, көкірегі аяу» болғанын қалады, әрі сол үшін аянбай еңбек етті. Ыбырайдың басқа ақын – жазушылардан ерекшелігі өскелең ұрпаққа ең алғаш білім ордасын ашып берді. Қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы және озық ойлы әдебиеттердің арнасына түсіріші ретінде де ірі қайраткер болып саналды.
Ыбырай Алтынсариннің еңбегі мен шығармашылығын бүгінгі жастар ұмыт қалдырмауымыз қажет. Ыбырай өзінің қазақ екенін жадынан еш уақытта да шығармағанын өлең, шығарма жұмыстарынан аңғаруға болады. Қазіргі күнде еліміз тәуелсіздікте, еркін өмір сүріп жатыр. Бұл әрине ата-бабаларымыздың арқасы. Ел басы мыздың жастардың ғылым мен білімге бет бұруы үшін бар қолдауы көрсетіп, жағдайын жасауда. XXI ғасыр ғылымның дамыған кезеңі. Бізге берілген мүмкіндік бұрын қазақтың қарапайым қара домалақ балаларына бұйырмады. Олар білім алуға ұмтылып тырысса да, қатыгез кезең жол бермеді. Ал біздің бүгінгі күніміз ол кезбен салыстыруға келмейді. Осы еліміз көркейіп одан әрмен өсуде. Бұл біз үшін үлкен бақыт!
Ойымды қорытындыласам, ұлы ағартушы ұстаз Ыбырай Алтынсариннің жасаған еңбегі ерең. Қазақ жастарын білім алуға, мәдениеттің жаңа дәстүрлерін игеруге, бойға сіңіруге шақырды. Оның өлеңдерін оқи отырып, өмірге жаңа көзқараспен қарауға үйренесін.
12.04.2017 20:36
Мухамадиева Анара