Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15442

Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз

Махамбет өлеңдеріндегі Қара нар керек біздің бұл іске, Қызғыш құс,Еңселігім екі елі ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз

Махамбет халық көңілінің тұнығындағы ең асылы – еркіндікті, теңдікті, аңсаған арманын, ата жауына деген қаны қатқан өшпенділігін, антқа берік, атқа мықты азаматтың арыстандай ерлігін көкке көтере жырлаған ақын. Қахарманның отты жырларынан мені тамсандыартыны – қылыштай өткір селдей серпінді сөздері, оның әр мінезі, ой толғамдары – менің намысты патриот тұлға болып қалыптасуымда үлкен орын алады деп ойлаймын.

Махамбеттің әр өлеңі қиында қатал тағдырынан көрініс береді. «Қара нар керек біздің бұл іске» өлеңінен Махамбеттің қол бастаған батыр сарбаз екендігі. Нар жүгін арқалаған ер екендігін байқаймын. Халықты қанағандарға қарсы бас көтерген қос батырды қолдағандарда қолдамағандарда табылды. Зәбір көріп толарсақтан саз кешсе де қабырғасы қаусап бір –біріндеп сөгілсе де, қабағын шыппайтын қар нарлар – Махамбеттің қолдаушылары. Бұл өлеңді оқу барысында сеңдесіз батырдың кіршіксіз бейнесі қалыптасады. Демек Махамбет өжеттілігімен, өрлігімен, шыдамдылығымен оқушысын баурап алады.

«Қызғыш құс» өлеңді – Махамбеттің жан азабының көрінісі. Жоғарыда айтылған өрлік азаға айналған. Өлеңді оқи отырып өр ақынның жалғыздықпен дос болған жаралы жолбарысқа айналғаның көреміз. Оны осындай күйге түсірген заманға лағнет айтасың, адамдардан түсіністік таппаған ақын жүрек жарасын қызғыш құспен бөліседі.

Махамбет тұлғасын тантытатын тағы бір өлең: «Еңселігім екі елі» - деген өлең. Бұл өлеңе Махамбет өз бітімін сүреттейді. Сөзбен салынған ақын портретінен жаурыны жазық мойны ұзын кеуделі өжет дулығалы батырды танисың.

Ойымды қорыта келе мынадай тұжырым жасадым: Махамбет әлемі түпсіз терең әлем. Үйткені ол тұтас бір дәүір толғағын дүниеге әкелеген ұлы тұлға. Махамбет бойына сұлулық пен шыншылдықты, батырлық пен достыққа біріктірді, өжеттілік пен әділдікті, сырлы сезімді жанаған ерен батыр.
СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (mahambet.zip)Махамбет өлеңдеріндегі.zip15 Kb
 
12.04.2017 17:22