Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154470

Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі қазақ халқының психологиясын талдап жазыңыз

Ахмет Байтұрсынов
«Қазақ салты» өлеңі қазақ халқының Ресейге бодан болуының негізгі себептері, нақтырақ айтсақ қазақтың өзіне тән кемшіліктері түсіндірілген. А.Байтұрсыновтың ой –толғауларының нәтижесі: Автор өлеңде өзінің сыни көзқарасын нақты айқындаған. Қазақтың қараңғылығын сөз еткен. Әйтседе, өз халқына деген жанының ашуы, өкініші, мұңы сезіледі.

Ахмет Байтұрсынов бұл өлеңінде қазақ халқының менталитетінің жағымсыз жағын, саңылаусыз салтын ашып жазды. Қазақтың ұйымшылдығының, ауызбіршілігінің жоқтығынан бңр-біріне соқтығып, алауыз боп, қырық пышақ боп жүрген кезде сырттан келген орыстың алдап-сулап қазақ жерін басып алғанын сезбей де қалды.XYIII ғасырдан бастап бытырап, өз ішінде бірлігін жоғалта бастаған қазақ халқының XX ғасырға таман жағдайының қиындай түскенің: «Кіреді тентек есі түстен кейін,мүмкінің халіміздің жаңа білдік»-деп жеткізеді.Бұл шумағында қазақ халқының саяси санасының төмендігі сезіледі.

«Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,
Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ,
Жел соқса, құйын қуса жылжи беру,
Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ»

деген үзіндісінен басшысы жоқ, бір орталыққа бағынған мемлекеті жоқ қазақ халқын, шығысында айдаһардай айбарлы,солтүстігінде аюдай алпауыт мемлекет тұрсада, саясатқа басын қатырмай, ө ішінен жік-жікке бөлініп жатқан қазақ халқын көреміз.Әрине, сол кездегі қазақ қауымын үзілді –кесілді қараңғы болды деп айтуға болмас.Небір дарынды тұлғалар болғаны хақ, бірақ ауыл молдасынан білімімен шектеліп қалған, тіпті оқымаған , сауаты нашар қара халықтың басымдығы халқын артқа тартты.Міне,автордың жеткізгісі келген ойы, қазақтың кемшілігі осындай.

«Қазақ салты»өлеңінде Абайдың ой толғауларын еске салатын образдар бар, сондықтан бұл өлең сыни көзқараспен жазылған деп айтуға болады.Бұл хакім Абайдың ақындық дәстүрінің жалғасы, Ахметтің жан айқайы.Ол осы туындысымен XIX-XX қазақ халқының жағдайын толық жеткізе алды.
СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (ahmet-baityrsyn.zip)Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты»8 Kb
 
08.04.2017 09:44