Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Добавляйте или присылайте работы на сайт и получайте призы!           >> Узнaть подробности...

Банк рефератов KZ

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ


154464

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау

Индекс материала
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
Все страницы

2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау ғылыми және ұйымдық-техникалық кешенді шараларды ұсынады, өнім сапасының талап етілетін дәлдік көрсеткіштерін анықтауды қамтамасыз етеді, жабдықтардың технологиялық процесстердің параметрлері мен көрсеткіштерін сипаттайды. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау бұл озық технологиялық процестерді қолдануға бағытталған, ғылыми-техникалық деңгейдің өсуі нәтижесінде өңделген және қолданылатын нормативті-техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды, сонымен қатар механикаландырылған және автоматтандырылған құралдарды өндірістік процестерде қолдану өндірістің технологиялық дайындығының бірыңғай жүйесінің бөлігі болып табылады.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындығы өнімнің өмірлік циклінің келесідегідей кезеңдерін қарастырады:

-Жоспарлау және тексеру кезеңі ( озық жаңа технологиямен жасауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары, өлшеу құралдарының технологиялық параметрлері мен сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері, болашағы бар кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтарды жасауға арналған тәжірибелі- конструкторлық жұмыстар);

-Дайындау кезеңі (өндірісті дайындау, массалы өндірісте өнімді дайындау, өндірістен шығару);

-Айналдыру кезеңі (өнімді тиеу, тасымалдау, сақтау);

-Тұтыну кезеңі(өнімнің медициналық биологиялық құндылығы, органолептикалық бағалау).

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау кезінде жаңа және модернизацияланған технологиялық процестерді орынды қолданып жетілдіруге болады. Өндірістерде жаңа және модернизацияланған технологиялық процестерді қолдану нәтижесінде отандық және шетелдік өндірістердің деңгейінен төмен емес өнім сапасының жоспарланған жоғары дейгейде шығуына әсерін тигізеді. Мұндай процестер, қазіргі заманға сай ғылым мен техниканың дамуына үлес қосып, жоғары дәрежеде табыс табуға негізделеді және өнім сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ете отырып, жоспарланған өзіндік құнға байланысты қиындықтардың төмендеуіне ықпал етеді, еңбек өнімділігінің артуын, техникалық қауіпсіздік және гигиеналық талаптардың орындалуын сонымен қатар экологиялық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Салалық өндірісті заманауи дамыту кезеңі өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау барысында мыналарды өзіне қосады:

-Өлшемдердің дәлдік нормасын жетілдіру және өлшенетін параметрлердің номенклатурасының анықталуы, шикізатты, жартылай дайын және дайын өнімдерді бақылағанда олардың дұрыстығын қамтамасыз ету;

-Өндірісте өлшеу құралдарын қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын арнайы салалары бойынша жобалау және жасау;

-Микропроцессорлық техникалардың базасында өлшегіш-есептегіш кешенінде өндірісті қамтамасыз ету;

-Өлшемдердің дәлдік нормаларын анықтауды қамтамасыз ету;

-Өлшемдердің орындалуы үшін номативті құжаттарда қойылған талаптардың жүзеге асуы;

-Өлшемдерді орындау әдістемелерін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауда негізгі аспектісінің бірі объектілерді тексеруді анықтау. Өндірісінте объектілерді тексеру болып, шикізат, жартылай дайын өнім, дайын өнім, қосымша материалдар, технологиялық процесс пен жабдықтар жатады. Технологиялық процесті бақылағанда технологиялық құралдардың жабдықтардың параметрлерін тексеруге рұқсат етіледі, соның нәтижесінде өлшеу құралдарын бақылау, технологиялық тәртіпті орнату, технологиялық процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Техникалық бақылау нормативті-техникалық құжаттарға орнатылған талаптарға сәйкес келесідегідей түрлерге бөлінеді:

-Өндіріс кезеңі бойынша: кіріс, операциялық, қабылдау;

-Толық қамту бойынша: бірыңғай, ішінара, үздіксіз және периодты;

Бұлар салаларда қолданыс тапты: кіріс бақылау - шикізатқа және қосымша материалдарға жүргізіледі, операциялық бақылау - технологиялық параметрлерді, сонымен бірге сапа көрсеткіштерін бақылауды іске асырады, қабылдау бақылауы – нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес өнім сапасын бағалауды орындайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау ГОСТ 15.001-98 бойынша «Өндірісте өнімді өңдеу. Негізгі ережелер» мемлекетаралық стандарт талаптарымен ережелеріне сәйкес іске асады. Ұйымдар өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізуді орындайды және ұйым белгілі бір мерзімде өндірісте жаңа өнім өндірілген кезде технологиялық дайындықтан өткізуді немесе жаңа және модернизациялық технологиялық процестерді енгізуді іске асырады. Комиссия құрамында өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу бойынша ұйым және кәсіпорында шыққан бұйрық бойынша арнайы мамандар, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде дайындауға жауапты тұлға тағайындалады. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді дайындауға жауапты тұлға жұмыстарды ұйымдастырады бірақ басқа кәсіпорындардың қызметін жетілдіріп өнімді өңдеуде өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жоспарларды құрады және онда бас метрологтың келісімі болуы керек, бас метрологтың орындайтын функциялары анықталынып, оны бас инженер бекітеді. Жоспарда жұмыстың тізімдемесін, өндірісті метрологиялық дайындықтан өткізудің мерзімдерін жауапты тұлға анықтап орындайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізу үшін мынадай нормативті-техникалық құжаттар қолданылады:

- Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіндегі негізгі талаптарға сәйкес жабдықтардағы конструкторлық құжаттаманың жиыны;

Технологиялық процестерді жүргізу бойынша технологиялық нұсқаулар;

-Өнім өндірісінде технологиялық процестің техникалық деңгейінің картасы;

-Өлшем әдістемелеріне кіретін шикізаттар, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапа көрсеткіштерін операциялық бақылау әдістерінің жиынтығы;

-Технологиялық процесс параметрлерін өлшеу әдістемесі;

-Өлшеу құралдарының тізімдемесі, орнатылған технологиялық сұлба және олардың метрологиялық сипаттамалары;

-Өлшеу құралдарын алдын-ала жоспарлы және ағымдағы жөндеу жұмыстарында орнатылған графиктің көшірмелері;

-Өндірісте жаңа өнімді шығару немесе жаңа және модернизацияланған технологиялық процесті енгізу арқылы ұйымдастыру және тағы басқа нормативті-техникалық құжаттамалар.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауға - бастапқы технологиялық және конструкторлық құжаттарды метрологиялық сараптау, техникалық талаптарда бақыланатын параметрлер және номенклатуралар, ұйымдық-әдістемелік және конструкторлық-өндірістік құжатар, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде орнатылған ержелер мен талаптар кіреді.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстары кәсіпорынның конструкторлық технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжаттарды алған мерзімнен бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді. Метрологиялық қамтамасыз ету процесіне мемлекеттік және ведомствалық метрологиялық қызмет органдары басшылық етеді.

Өндірісті дайындауда метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. Бұл жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді.



 
10.01.2017 09:53