Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155182

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Метрологиялық қамтамасыз ету, мақсаты және функциялары

1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері

1.3 Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері

2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау

3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

4.1 Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы

4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы шаруашылы- ғының маңызды саласының бірі құрлыс материалдар өнеркәсібі болып табылады. Ол өнеркәсіптің конструкциялық өндіріс тобына жатып, шығарлатын өнімдері өнеркәсіптің түрлі салаларында пайдаланылады. Әсіресе түрлі құрлыстар, оның ішінде тұрғын-үй, ғимараттар, зауыт - фабрикалар т.б. өндіріс орындарын салуда қажет.

Құрылыс материалдар өнеркәсібі 20-дан астам салалардан тұрып, салмағының ауырлығы, шығаратын өнімдерінің көлемінің үлкендігімен байланысты кәсіпорындары тұтыну аудандарында салынады.

Құрылыс материалдар өнеркәсібінде цемент өндірісінің орны ерекше. Қазақстанда 5 мемлекеттік цемент зауыттары болса, соның бірі Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Стандарт Цемент» заводы. Дайын өнімнің сапасын жақсарту, өз ретінде шикізаттық, материалдық, жинақталушы заттардың сапасын арттыруды, жаңа прогресивті технологиялар мен өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру әдістерін арттыруды талап етіп отыр. Сондықтан өнім сапасын арттыру мәселесі кешендік сипатқа еніп, өндірістің барлық саласын қамтиды.

Қазіргі кәсіпорындар еңбек өнімділігін ғана емес, сондай-ақ сапасын және жаңалығын қамтамасыз етуде.

Сондықтан сыртта қалып кетпес үшін отандық өндірушілер өздерінің өнеркәсіптеріне сапа менеджмент жүйесін ендіруде және нарықтық заманға сай, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп, кәсіпорын өзінің  ұйым стандартын әзірлейді.

«Стандарт Цемент» ЖШС - ның негізгі тапсырмалары келесілер болып табылады:

-өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің бәсекеге тұрақтылығын және сапасын жоғарылатуға әсер ететін құқықтық экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік  жағдайларды құру;

-шет елдермен саудада техникалық барьерді жою жолымен отандық тауар өндірушілердің экспорттық потенциалын жоғарылатуға бірлесіп жұмыс істеу және осының негізінде Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға интеграциялану проблемасын шешу;

-өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарында бәсекеге тұрақты және сапалы өндірісі мен жобалау үшін жағдайлар құру;

-сапа аумағында нормативті құқықтық базаны жетілдіру.



 
10.01.2017 09:53