Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155218

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету - 2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету (ӨМҚ) - бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және техникалық құралдар кешені. ӨМҚ өз міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста неғұрлым тиімді шешеді. Осы мақсатта «Мемлекетгік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі» (МӨС) стандарттары әзірленіп, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды. ӨМҚ өнімді бақылау мен сынау әдістері сияқты стандарттау объектілерімен тығыз байланысты. Осы объектілер үшін бақылануға тиіс бірқатар метрологиялық параметр белгілеген орынды, яғни өлшенетін параметрлердің номенклатурасы мен оңтайлы өлшеу дәлдігінің нормаларын белгілеу, талап етілетін дәл өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеу қажет. Оларды стандарттау өлшеуді орындаудың бұқаралық, үлгілік әдістемелерін реттеудің тиімді жолы болып табылады.

Өлшеу процесін қажетті өлшеу жабдығынсыз - өлшеу құралынсыз (ӨҚ) жүзеге асыру мүмкін емес. Сол себептен ӨҚ-дың түрін сауатты таңдауды, олардың жай-күйін бақылауды, оларды уақытында және дұрыс тексеруді қамтамасыз ету керек. ӨМҚ метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі ережелерін тәртіптейтін Мемлекеттік стандарттау жүйесімен реттеледі. Жалпы ұғымдар ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.2-2001. ӨМҚ - бұл өлшеудің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдар мен нормаларды белгілеу және қолдану.

Өлшеу ақпаратына мынадай талаптар қойылады:

-Өлшеу нәтижелері заңдастырылган бірліктерде көрсетілуге тиіс.

-Өлшеудің дәлсіздігі белгілі және ол жол берілген дәлсіздіктен аспауға тиіс.

ӨМҚ ғылыми жағынан метрологияга негізделеді, ал ұйымдастырудың негізін Мемлекеттік және ведомстволық қызметтер құрайды. ӨМҚ-дың техникалық негізін мемлекеттік физикалық мөлшер бірліктерінің эталондар жүйесі, өлшеу жұмыс құралдарын эзірлеу, өндіріске қою және шығару жүйесі, ӨҚ мемлекеттік сынау мен метрологиялық аттестаттау жүйесі, ӨҚ мемлекеттік және ведомстволық тексеру жүйесі қалайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар орындалады:

1.Өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу.

2.Өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету.

3.Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндірісті стандартталған немесе қажет болған жағдайда стандартталмаған өлшеу құралдары мен өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.

4.Өлшеу құралдарын стандарттау.

5.Өлшеу жүргізудің нормативтік техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.

6.Өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге өлшеу құралдарының дәлдігін анықтап жөндеуге үйрету.



 
10.01.2017 09:53