Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155409

«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету

СОДЕРЖАНИЕ
«Стандарт Цемент» ЖШС өндіріс улгысынде метрологиялық қамтамасыз ету
1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері
2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері
2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау
3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ
4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету
4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы
4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
СКАЧАТЬ
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ

Мазмұны

КІРІСПЕ

1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Метрологиялық қамтамасыз ету, мақсаты және функциялары

1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері

1.3 Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері

2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау

3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

4.1 Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы

4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы шаруашылы- ғының маңызды саласының бірі құрлыс материалдар өнеркәсібі болып табылады. Ол өнеркәсіптің конструкциялық өндіріс тобына жатып, шығарлатын өнімдері өнеркәсіптің түрлі салаларында пайдаланылады. Әсіресе түрлі құрлыстар, оның ішінде тұрғын-үй, ғимараттар, зауыт - фабрикалар т.б. өндіріс орындарын салуда қажет.

Құрылыс материалдар өнеркәсібі 20-дан астам салалардан тұрып, салмағының ауырлығы, шығаратын өнімдерінің көлемінің үлкендігімен байланысты кәсіпорындары тұтыну аудандарында салынады.

Құрылыс материалдар өнеркәсібінде цемент өндірісінің орны ерекше. Қазақстанда 5 мемлекеттік цемент зауыттары болса, соның бірі Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы «Стандарт Цемент» заводы. Дайын өнімнің сапасын жақсарту, өз ретінде шикізаттық, материалдық, жинақталушы заттардың сапасын арттыруды, жаңа прогресивті технологиялар мен өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру әдістерін арттыруды талап етіп отыр. Сондықтан өнім сапасын арттыру мәселесі кешендік сипатқа еніп, өндірістің барлық саласын қамтиды.

Қазіргі кәсіпорындар еңбек өнімділігін ғана емес, сондай-ақ сапасын және жаңалығын қамтамасыз етуде.

Сондықтан сыртта қалып кетпес үшін отандық өндірушілер өздерінің өнеркәсіптеріне сапа менеджмент жүйесін ендіруде және нарықтық заманға сай, тұтынушы сұранысын қанағаттандыратын, сонымен қатар, қоршаған ортаны қорғау, адам денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім шығаруға ұмтылады. Өнімге арналған нормативті техникалық құжаттарда көрсетілген көрсеткіштерді жақсартып, оған өзіндік өзгерістер енгізіп, кәсіпорын өзінің  ұйым стандартын әзірлейді.

«Стандарт Цемент» ЖШС - ның негізгі тапсырмалары келесілер болып табылады:

-өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің бәсекеге тұрақтылығын және сапасын жоғарылатуға әсер ететін құқықтық экономикалық, ұйымдық және әлеуметтік  жағдайларды құру;

-шет елдермен саудада техникалық барьерді жою жолымен отандық тауар өндірушілердің экспорттық потенциалын жоғарылатуға бірлесіп жұмыс істеу және осының негізінде Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға интеграциялану проблемасын шешу;

-өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің ішкі және сыртқы нарықтарында бәсекеге тұрақты және сапалы өндірісі мен жобалау үшін жағдайлар құру;

-сапа аумағында нормативті құқықтық базаны жетілдіру.


1 МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1.1 Метрологиялық қамтамасыз ету, мақсаты және функциялары

Кез келген басқа елдердегідей, Қазақстан Республикасында өлшем құралдары адам қызметтерінің барлық саласында қолданылады. Өлшем нәтижелері азаматтардың денсаулығын және өмірін қорғауды қамтамасыз ету жұмыстарында, көлік қозғалысы мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарында, энергия ресурстарының барлық  түрлерін қолдануда және сақтауда, тасымалдауда, қайта өңдеуде, өңдіруде, шығаруда, ғылыми зерттеулер жүргізуде, сонымен қатар басқада барлық салаларда қолданылады.

Өлшем құралдарының нақты көрсеткіштері ғана адамдарды дұрыс диагностикалауға, ауа райын құруға және анықтауға, қызметтің барлық салаларында сипаттаманы жүзеге асырудың саны мен сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Өлшемнің дерексіз нәтижелерін пайдалану әр түрлі салдарға әкеліп соқтыруы мүмкін, осыған орай, өлшем нәтижелері маңызды шешімдерді қабылдаудың негізі болып табылады.

Нарықтық экономикада және бәсекелестік дамыған жағдайда өлшемнің нақтылығына деген талаптар өсуде, осы жағдайда заман талабына сай және де бәсекелестіктен қалмау үшін метрологияны дамыту қажет, сондықтан өндірісте метрологиялық қызмет құрылуда.

ҚР-ның «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңына сәйкес өлшем құралдары нәтижелерін қолданатын мекемелер мен өндірістерде мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру, метрологиялық қызметті құру және де ұйымдастырушылық шараларын жүргізу міндеттеледі.

Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:

-Өлшеу жағдайын талдау;

-Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;

-Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;

-Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;

-Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;

-Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;

-Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;

-Метрологиялық бақылауды жүргізу.

Метрологиялық қамтамасыз етудің алғашқы мақсаты адамдардың денсаулығын және өмірін сақтау болып табылады, сонымен қоса қызметтің қандайда да бір түрін қамтамасыз етуде кіріс деңгейін жоғарлату және шығыс деңгейін азайту болып табылады, яғни өлшем құралдарын қолдана отырып, негізгі қорлардың бір бөлігі ретінде ең жоғарғы табыс көзін алуға жұмыс істеуі тиіс. Сонымен қатар метрологиялық қамтамасыз ету белгілі бір жағдайда жалпы өндірісте және технологиялық үрдістерді басқаруда үйлестіруді, үрдістерді қалпына келтіруді, өнімдерді жасауда сапасын қамтамасыз етуді міндеттейді, бұл ретте өндірістік метрологиялық қамтамасыз етуге кететін шығын өндіріс және технологиялық кезең күрделілік деңгейіне  сай бола отырып, соңында шығыс есесін қайтарумен қатар кіріс деңгейін көтеруі керек.

Осыған орай заман талабына сай кәсіпкерліктің әр түрлі салаларында метрологияның дамуы жұмыс сапасының жоғары деңгейінде басты механизмдерінің бірі болып табылады, тиісінше шығарылатын өнімдердің және қызмет көрсетудің сапасының жоғары жетістіктеріне жетуі мемлекет экономикасын дамытуға және отандық өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді[1].


1.2 Метрологиялық қамтамасыз етудің міндеттері

1)өлшеу нәтижелерін өңдеу, өлшеуді орындау, метрологиялық жағдайдағы техникалық құралдарды қолдау, техникалық құралдарға сәйкес процесстерді қамтамасыз ету: әдістерді құрастыру, бақылау мен сынау, өлшеудің процестерін жоспарлау: жобалық конструкторлық және технологиялық құжаттармен метрологиялық сараптау, өлшеудің дәл нәтижелерінің сандық көрсеткіштері мәні мен номенклатураны таңдау.

2) жөндеу жағдайындағы өлшеу құралдарын қолдау, бақылау мен өлшеу, сынауды өткізу мен жоспарлау, метрологиялық сараптау, дәлдік нормалары, өлшеуіш параметрлердің рационалды параметрлерін таңдау.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету  - бұйымдар өндірісінде қажетті, бұйымдар, технологиялық процестер және құрал-жабдықтар сипаттамаларының берілген дәлдігін анықтауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шараларының комплексі.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің баптарын кеңінен енгізу негізінде жүргізіледі.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету төмендегідей ережелер мен баптарға сәйкес жүргізіледі:

-өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

-өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындаудың бірыңғай жүйесінің мемлекеттік стандарттары;

-сала және кәсіпорындар үшін өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін белгілейтін салалық стандарттар, кәсіпорын стандарттары, ұйымдастыру-әдістемелік және өндірістік құжаттар.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету бойынша жұмыстар бұйымды құрастыруға арналған бастапқы құжаттарды алу кезеңінен бастау алады және кәсіпорынның конструкторлық, технологиялық , метрологиялық немесе басқа да қызметтері арқөылы орындалады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін қажетті бастапқы құжаттар құрамы салалық стандарттармен анықталады.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету ережесін немесе баптарын анықтайтын, нормативтік, ұйымдастыру-әдістемелік және инструктивтік-өндірістік құжаттарға кіреді:

а) бұйымдардың кіру және қабылдау кездеріндегі бақылаулар нақтылығын қамтамасыз ететін, өлшенетін параметрлердің оптимальды номенклатурасы мен өлшеу дәлдігінің  нормаларын анықтау;

б) өлшеудің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін, неғұрлым қазіргі заманғы өлшеуді орындау әдістемелерімен технологиялық процестерді қамтамасыз ету;

в) жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті, өлшеуді орындау әдістемелерін құрастыру және енгізу;

г)өлшеу құралдарын және әдістерін таңдау бойынша ұсыныстар құрастыру;

д)өндірісті стандартталынған өлшеу құралдарымен, қажет жағдайларда нақты технологиялық процестер үшін арналған стандартталынбаған өлшеу құралдарымен, сонымен қатар өлшеу нәтижелерін өңдеу құралдарымен қамтамасыз ету;

е)нормаланған дәлдікпен өлшеуді орындауға өлшеу құралдарының дайындығын қамтамасыз ету;

ж)бақылау-өлшеу техникалырын стандарттау, унификациялау және агрегаттау;

з)өндірісте өлшеуді орындау жағдайларының орындалуын қамтамасыз ету және бақылау;

и)бақылау-өлшеу операцияларын орындау үшін кәсіпорынның өндірістік бөлімдері мен сәйкес қызметтерінің қызметкерлерінің дайындығын қамтамасыз ету.

Өндірісті дайындауды метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етуге әдістемелік басшылық мемлекеттік және мекемелік метрологиялық қызмет органдары арқылы жүргізіледі.

Өндірісті дайындау процесінде  құрастырылған, өлшеу дәлдігінің нормаларын, әдістерін, құралдарын, өлшеуді дайындау және жүргізу жағдайларын, сонымен қатар өлшеу дәлдігінің көрсеткіштерін реттейтін, нормативтік-техникалық, конструукторлық және технологиялық құжаттар міндетті түрде метрологиялық бақылауға немесе сараптауға түсуі тиіс.

Нормативтік-техникалық, конструкторлық және технологиялық құжаттарға метрологиялық бақылау немесе сараптау, осы құжаттарда көрсетілген, мемлекеттік стандарттау мен басқа да нормативтік құжаттар талаптарына өлшеудің дәлдік нормаларының, әдістерінің, құралдарының, өлшеуді орындау орындау жағдайларының, өлшеу нәтижелерін өңдеудің, өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің сәйкестігін орнату мақсатында жүргізіледі.


1.3 Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің техникалық негіздері:

-ең жоғарғы дәлдіктер бірлігін алуды қамтамысыз ететін физикалық шамалар бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесі;

-ғылыми зерттеу және қызметтің басқа да түрлері кезінде өнімдер, техникалық процесстер және материалдық өндіріс ортасындағы басқа да обьектілерінің сипаттамасын қажетті дәлдікпен қамтамасыз ететін жұмыс өлшеу құралдарын құрастыру, өндірістен шығару және айналымға жіберу жүйесі;

-үлгілік өлшеу құралдары жєне басқа тексеру құралдарының көмегі арқылы барлық өлшеу құралдарына эталондардан физикалық шамалар бірліктерінің өлшемдерін беру жүйесі;

-құрастыру жєне айналымға шығару кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдардың міндетті мемлекеттік сынау жүйесі;

-дайындау, пайдалану және жөндеу кезінде өлшеу құралдардың біркелкілігін қамтамасыз ететін өлшеу құралдары міндетті мемлекеттік және мемлекеттік және мекемелік тексерістер немесе метролгиялық аттестаттау жүйесі,

-заттар мен материалдардың құрамдары мен қасиеттерін сипаттайтын шамалар бірліктерін алуды қамтамасыз ететін стандарттық үлгілер жүйесі;

-ғылыми зерттеу, техникалық процесстер және бұйымдар конституциясын құрастыру, материалдарды алу және пайдалану прцестерін нақты, анық мәліметтермен қамтамасыз ететін заттар мен материалдырдың қасиеттері туралы стандартты анықтық жүйесі.

Метрологиялық тұрғыдан қамтамасыз етудің ұйымдастыру негізі - ҚР-ң метрологиялық қызметі. Өлшем бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік өлшеу жүйесі (МӨЖ) - бұл өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету және бағалау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу әдістемесін, анықтамалардың стандарттарымен белгіленген өзара байланысқан ережелер, баптар, талартар және нормалар комплексі[2].


2 ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету (ӨМҚ) - бұл стандарттардың талаптарына сәйкес өлшемнің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және техникалық құралдар кешені. ӨМҚ өз міндеттерін стандарттаумен тығыз байланыста неғұрлым тиімді шешеді. Осы мақсатта «Мемлекетгік өлшем бірлігін қамтамасыз ету жүйесі» (МӨС) стандарттары әзірленіп, «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» заң қабылданды. ӨМҚ өнімді бақылау мен сынау әдістері сияқты стандарттау объектілерімен тығыз байланысты. Осы объектілер үшін бақылануға тиіс бірқатар метрологиялық параметр белгілеген орынды, яғни өлшенетін параметрлердің номенклатурасы мен оңтайлы өлшеу дәлдігінің нормаларын белгілеу, талап етілетін дәл өлшеуді орындау әдістемесін әзірлеу қажет. Оларды стандарттау өлшеуді орындаудың бұқаралық, үлгілік әдістемелерін реттеудің тиімді жолы болып табылады.

Өлшеу процесін қажетті өлшеу жабдығынсыз - өлшеу құралынсыз (ӨҚ) жүзеге асыру мүмкін емес. Сол себептен ӨҚ-дың түрін сауатты таңдауды, олардың жай-күйін бақылауды, оларды уақытында және дұрыс тексеруді қамтамасыз ету керек. ӨМҚ метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі ережелерін тәртіптейтін Мемлекеттік стандарттау жүйесімен реттеледі. Жалпы ұғымдар ҚР СТ 2.0-2001, ҚР СТ 2.2-2001. ӨМҚ - бұл өлшеудің бірлігі мен талап етілетін дәлдігіне жету үшін қажетті ғылыми және ұйымдастыру негіздерін, техникалық құралдар мен нормаларды белгілеу және қолдану.

Өлшеу ақпаратына мынадай талаптар қойылады:

-Өлшеу нәтижелері заңдастырылган бірліктерде көрсетілуге тиіс.

-Өлшеудің дәлсіздігі белгілі және ол жол берілген дәлсіздіктен аспауға тиіс.

ӨМҚ ғылыми жағынан метрологияга негізделеді, ал ұйымдастырудың негізін Мемлекеттік және ведомстволық қызметтер құрайды. ӨМҚ-дың техникалық негізін мемлекеттік физикалық мөлшер бірліктерінің эталондар жүйесі, өлшеу жұмыс құралдарын эзірлеу, өндіріске қою және шығару жүйесі, ӨҚ мемлекеттік сынау мен метрологиялық аттестаттау жүйесі, ӨҚ мемлекеттік және ведомстволық тексеру жүйесі қалайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде мынадай шаралар орындалады:

1.Өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу.

2.Өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелермен қамтамасыз ету.

3.Өлшеу құралдары мен өлшеу әдістерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау. Өндірісті стандартталған немесе қажет болған жағдайда стандартталмаған өлшеу құралдары мен өлшеу нәтижелерін дайындау және өңдеу тәсілдерімен қамтамасыз ету.

4.Өлшеу құралдарын стандарттау.

5.Өлшеу жүргізудің нормативтік техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету.

6.Өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге өлшеу құралдарының дәлдігін анықтап жөндеуге үйрету.


2.1 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің негізгі міндеттері:

-Метрологияның негізгі даму багыттары мен осы салада ғылыми және техникалық жетістіктерді неғұрлым тиімді пайдалану жолдары, ӨМҚ ғылыми-әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін әзірлеу.

-Физикалық мөлшерлер бірліктерінің мемлекеттік эталондар жүйесін құру. Мемлекеттік эталондар - барлық өлшеудің негізі.

-ӨҚ мемлекеттік сынауды жоспарлау мен жүргізу, ҚР қолдануға жол берілген ӨҚ-дың түрлерін бекіту.

-ӨҚ мемлекеттік тексеру, ӨҚ-дың өндірісін, жай-күйін, қолдану мен жөндеуді және метрологиялық ережелердің сақталуын қадағалау.

-ӨМҚ саласындагы стандарттауды дамыту және жетілдіру.

-Метрология саласындагы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

ӨМҚ онімді бақылаудан басқа конструкторлық және технологиялық құжаттаманы қабылауды жүзеге асырады.

Сараптама мен метрологиялық талдау - бұл өлшенуге тиіс параметрлерді таңдау, дәлдік нормаларын белгілеу жөніндегі техникалық шешімдерді талдау мен бағалау және бұйымдарды әзірлеу, жасау, сынау, пайдалану мен жөндеу процестерін өлшеу әдістерімен және құралдарымен қамтамасыз ету. Метрологиялық сараптама бұйымдарды әзірлеу, жасау, пайдалану мен жөндеу процесінде бұйымдарды бақылау кезінде тиімділікті қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі

Метрологиялық сараптаманың негізгі міндеттері:

-Өлшенетін параметрлердің оңтайлы номенклатурасын анықтау.

-Бұйымның конструкцияларының бақылауға жарамдылығын бағалау. Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің бақылау мен өзара алмастырымдылықтың тиімділігі мен дұрыстығының талаптарына сәйкестігін анықтау.

-Өлшеудің дәлдік көрсеткіштерінің технологиялық процестердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін анықтау.

-Өлшеудің дәлдігін сақтай отырып өлшеу операцияларын арзандату мен еңбек сыйымдылығын азайтудың, автоматтандыру әдістерін қолданудың мүмкіндігін анықтау.

-Өлшеу кезінде компьютерді пайдалану мүмкіндігін анықтау.

Сараптама нәтижелері Мемстандарт 3.114-81 бойынша ресімделеді[3].


2.2 Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау ғылыми және ұйымдық-техникалық кешенді шараларды ұсынады, өнім сапасының талап етілетін дәлдік көрсеткіштерін анықтауды қамтамасыз етеді, жабдықтардың технологиялық процесстердің параметрлері мен көрсеткіштерін сипаттайды. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау бұл озық технологиялық процестерді қолдануға бағытталған, ғылыми-техникалық деңгейдің өсуі нәтижесінде өңделген және қолданылатын нормативті-техникалық, технологиялық және конструкторлық құжаттарды, сонымен қатар механикаландырылған және автоматтандырылған құралдарды өндірістік процестерде қолдану өндірістің технологиялық дайындығының бірыңғай жүйесінің бөлігі болып табылады.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындығы өнімнің өмірлік циклінің келесідегідей кезеңдерін қарастырады:

-Жоспарлау және тексеру кезеңі ( озық жаңа технологиямен жасауға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары, өлшеу құралдарының технологиялық параметрлері мен сапа көрсеткіштерін анықтау әдістері, болашағы бар кешенді механикаландырылған және автоматтандырылған жабдықтарды жасауға арналған тәжірибелі- конструкторлық жұмыстар);

-Дайындау кезеңі (өндірісті дайындау, массалы өндірісте өнімді дайындау, өндірістен шығару);

-Айналдыру кезеңі (өнімді тиеу, тасымалдау, сақтау);

-Тұтыну кезеңі(өнімнің медициналық биологиялық құндылығы, органолептикалық бағалау).

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау кезінде жаңа және модернизацияланған технологиялық процестерді орынды қолданып жетілдіруге болады. Өндірістерде жаңа және модернизацияланған технологиялық процестерді қолдану нәтижесінде отандық және шетелдік өндірістердің деңгейінен төмен емес өнім сапасының жоспарланған жоғары дейгейде шығуына әсерін тигізеді. Мұндай процестер, қазіргі заманға сай ғылым мен техниканың дамуына үлес қосып, жоғары дәрежеде табыс табуға негізделеді және өнім сапасының жоғары деңгейде болуын қамтамасыз ете отырып, жоспарланған өзіндік құнға байланысты қиындықтардың төмендеуіне ықпал етеді, еңбек өнімділігінің артуын, техникалық қауіпсіздік және гигиеналық талаптардың орындалуын сонымен қатар экологиялық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Салалық өндірісті заманауи дамыту кезеңі өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау барысында мыналарды өзіне қосады:

-Өлшемдердің дәлдік нормасын жетілдіру және өлшенетін параметрлердің номенклатурасының анықталуы, шикізатты, жартылай дайын және дайын өнімдерді бақылағанда олардың дұрыстығын қамтамасыз ету;

-Өндірісте өлшеу құралдарын қамтамасыз ету, өлшеу құралдарын арнайы салалары бойынша жобалау және жасау;

-Микропроцессорлық техникалардың базасында өлшегіш-есептегіш кешенінде өндірісті қамтамасыз ету;

-Өлшемдердің дәлдік нормаларын анықтауды қамтамасыз ету;

-Өлшемдердің орындалуы үшін номативті құжаттарда қойылған талаптардың жүзеге асуы;

-Өлшемдерді орындау әдістемелерін жетілдіру және қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауда негізгі аспектісінің бірі объектілерді тексеруді анықтау. Өндірісінте объектілерді тексеру болып, шикізат, жартылай дайын өнім, дайын өнім, қосымша материалдар, технологиялық процесс пен жабдықтар жатады. Технологиялық процесті бақылағанда технологиялық құралдардың жабдықтардың параметрлерін тексеруге рұқсат етіледі, соның нәтижесінде өлшеу құралдарын бақылау, технологиялық тәртіпті орнату, технологиялық процестің тұрақтылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар шикізат пен дайын өнімнің сапа көрсеткіштерін анықтау болып табылады.

Техникалық бақылау нормативті-техникалық құжаттарға орнатылған талаптарға сәйкес келесідегідей түрлерге бөлінеді:

-Өндіріс кезеңі бойынша: кіріс, операциялық, қабылдау;

-Толық қамту бойынша: бірыңғай, ішінара, үздіксіз және периодты;

Бұлар салаларда қолданыс тапты: кіріс бақылау - шикізатқа және қосымша материалдарға жүргізіледі, операциялық бақылау - технологиялық параметрлерді, сонымен бірге сапа көрсеткіштерін бақылауды іске асырады, қабылдау бақылауы – нормативті-техникалық құжаттарға сәйкес өнім сапасын бағалауды орындайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау ГОСТ 15.001-98 бойынша «Өндірісте өнімді өңдеу. Негізгі ережелер» мемлекетаралық стандарт талаптарымен ережелеріне сәйкес іске асады. Ұйымдар өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізуді орындайды және ұйым белгілі бір мерзімде өндірісте жаңа өнім өндірілген кезде технологиялық дайындықтан өткізуді немесе жаңа және модернизациялық технологиялық процестерді енгізуді іске асырады. Комиссия құрамында өндірісті технологиялық дайындықтан өткізу бойынша ұйым және кәсіпорында шыққан бұйрық бойынша арнайы мамандар, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде дайындауға жауапты тұлға тағайындалады. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді дайындауға жауапты тұлға жұмыстарды ұйымдастырады бірақ басқа кәсіпорындардың қызметін жетілдіріп өнімді өңдеуде өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жоспарларды құрады және онда бас метрологтың келісімі болуы керек, бас метрологтың орындайтын функциялары анықталынып, оны бас инженер бекітеді. Жоспарда жұмыстың тізімдемесін, өндірісті метрологиялық дайындықтан өткізудің мерзімдерін жауапты тұлға анықтап орындайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстарын өткізу үшін мынадай нормативті-техникалық құжаттар қолданылады:

- Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесіндегі негізгі талаптарға сәйкес жабдықтардағы конструкторлық құжаттаманың жиыны;

Технологиялық процестерді жүргізу бойынша технологиялық нұсқаулар;

-Өнім өндірісінде технологиялық процестің техникалық деңгейінің картасы;

-Өлшем әдістемелеріне кіретін шикізаттар, жартылай дайын өнімдер мен дайын өнімдердің сапа көрсеткіштерін операциялық бақылау әдістерінің жиынтығы;

-Технологиялық процесс параметрлерін өлшеу әдістемесі;

-Өлшеу құралдарының тізімдемесі, орнатылған технологиялық сұлба және олардың метрологиялық сипаттамалары;

-Өлшеу құралдарын алдын-ала жоспарлы және ағымдағы жөндеу жұмыстарында орнатылған графиктің көшірмелері;

-Өндірісте жаңа өнімді шығару немесе жаңа және модернизацияланған технологиялық процесті енгізу арқылы ұйымдастыру және тағы басқа нормативті-техникалық құжаттамалар.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындауға - бастапқы технологиялық және конструкторлық құжаттарды метрологиялық сараптау, техникалық талаптарда бақыланатын параметрлер және номенклатуралар, ұйымдық-әдістемелік және конструкторлық-өндірістік құжатар, өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде орнатылған ержелер мен талаптар кіреді.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуге дайындау жұмыстары кәсіпорынның конструкторлық технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжаттарды алған мерзімнен бастап жүргізіледі. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді. Метрологиялық қамтамасыз ету процесіне мемлекеттік және ведомствалық метрологиялық қызмет органдары басшылық етеді.

Өндірісті дайындауда метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндірістің технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды. Бұл жоспар өндірісті техникалық әзірлеудің жалпы жоспарына кіреді.


3 «СТАНДАРТ ЦЕМЕНТ» ЖШС ӨНДІРІС ОРНЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТ

«Стандарт Цемент» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең үлкен және ең көп мөлшерде қаражат жұмсалған жобалардың бірі. Зауыт барлық - стандарт сапасына және қауіпсіздік нормаларына толықтай жауап береді.

Жұмыс мұнда жаңа технологиямен жүргізіледі, ол мекеменің экологиялық таза өндіріс екеніне толықтай құқылы екенін дәлелдейді.

Мекеменің жобалық қуаты - жылына 1 млн. тонна М400 - М500 маркалы цемент өңдеу.Бүгінгі күні кәсіпорын Кедендік одаққа кіретін елдермен тауар айналымын арттырып, байланысын нығайтуда. Өндірістің ерекшелігі энергорессурстар шығыны төмен мөлшерде, ол цемент бағасын едәуір арзандатуға мүмкіншілік береді және бір жауапты мәселе - экология мәселесі. Сондықтан зауыт ауласының барлық жерін қамтитын шаңсорғыштар орнатылған олар қоршаған ортаның тазалығына толықтай жауап берді.

Стандарт Цемент компаниясының тарихы 2004 жылдың желтоқсан айынан бастау алады. Сол кезде экономика және сауда министрлігінің құрылыс істері жөніндегі комитеттің, Оңтүстік Қазақстан облысында цемент зауытын салу туралы бұйрығы шықты.

«Стандарт Цемент» ЖШС құрылысы 2006 жылы басталып, жақсы сапамен 2010 жылы іске қосылды.

Бүгінгі күні «Стандарт Цемент» зауыты Қазақстанда «құрғақ әдіспен» цемент өндіретін бір ғана өндіріс орны болып табылады.450-ге тарта жұмысшы бар өндіріс орны тұтынушы сұранысын қанағаттандырарлықтай еңбек етуде.  Дүние жүзінде мұндай өндірістер жиырмадан аспайды. Тянь-Цзинь ғылыми зерттеу институтының ғалымдары ойлап тапқан заманауи өндіріс технологиясы бізге үйреншікті технологиямен істейтін басқа цемент зауыттарының алдында үлкен мүмкіндіктер береді.

Әрбір адам, мемлекет, ел нормасыз және құқықсыз өмір сүре алмайды және де олар нормативті - құқықтық қоғам құрады. Кәсіпорынын метрологиялық жұмыстарына нормативтің негізгі мақсаты - бұл өнімді өндіру кезінде адам өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігі және қоршаған ортаның қауіпсіздігін корғау. Бұл Қазақстан Республикаеының ұлттық идеясының бірі болып табылатын өмір сапасын жақсартуға алып келеді.

Метрологиялық қамтамасыз жұмыстарға ұйым стандартын әзірлеуде басты назар аударатын мәселенің бірі - бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына, коршаған ортаға, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне шығарылатын өнімнің тікелей әсерін ескеру болып табылады.

«Стандар Цемент» ЖШС өндірістік лабораториясының аттестациялау сертификаты бар, бұл оған ресми жағдайда физика - химиялық және физика -механикалық сынақтардан өткізіп шикізаттың сапасын талапқа сай жоғары дәлдікпен өлшеуіне мүмкіншілік береді және де МЕСТ талаптарына сай, халықаралық стандарттау нормасына сәйкес дайын тауарларды да сынақтан өткізеді.

Лабараторияның негізгі міндеттері:

-өлшеуді методикалық талаптарға сай қамтамасыз ету және сынақтарды аса дәлдікпен өткізу

-дайын тауардың, шикізат материалдарының сапасын бақылау

Лабаратория жетілдірілген заманауи құрал - жабдықтармен қамтамасыз

етілген, сондықтан жұмыс барсына жедел түрде уақытылы лабараториялық бақылау жасай алады және ол барлык технологиялық талаптарға сай келеді.

Зертхана қызметі шикізат пен дайын өнімнің сапасын өлшеу кезінде қажетті дәлдікті қамтамасыз етуге бағытталған. Зертханада мәлімделген қызметі облысына сәйкес өлшеулерді орындауға жағдайлардың бар екендігін   ресми   куәландыру   мақсатында   зертхана   ҚР Р 50.2.2 - 2002 сәйкес өлшеулердің күйін бағалаудан өтеді.

Өлшеулердің күйін бағалау туралы куәліктің болуы зертханамен алынған өлшеу (сынақ) нәтижелерінің шаруашылық субъектілермен тануы үшін негіздеме болып табылады. Зертхана өзінің қызметінде заң актілерін, шығарылатын шикізаттың, дайын өнімнің (орындалатын жұмыстардың) сапа көрсеткіштерін нормалайтын және өлшеулерді орындау әдістемелеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік кұжаттаманы басшылыққа алады. Зертхана жұмысы жұмыс жоспарына (немесе кәсіпорындармен жасалған шаруашылық келісім - шарттарға) сәйкес жүзеге асырады.

Міндеттері: Жүргізілетін өлшеулердің (сынақтардың) және берілетін қорытындылардың объективтілігі мен шынайы анықтылығын қамтамасыз ету. Өлшеулерді және нәтижелерді НҚ талаптарына сәйкес жүргізу және рәсімдеу. Тек заңдық күші бар таңбалары мен тексеру туралы сертификаттары бар ӨҚ мен сынақ жабдығын қолдану. Құқықтар: Дайын өнімнің сапасы туралы қорытынды беру. Стандарттық емес және сапасы нашар өнімді шығаруға тыйым салу. Технологиялық режим бұзылған жағдайда өндірістік процесті тоқтату. Өлшеулерді (сынақтарды) жүргізу үшін басқа аттестацияланған немесе аккредиттелген зертханаларды келісім - шарт негізінде шақыру. Өнімнің НҚ (МЕСТ,) талаптарына сәйкестігін тиісті құжат беру[4].


4 ЦЕМЕНТ ӨНДІРІСІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

 

4.1 Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

Өндірістің тиімділігін арттыруда және өнім сапасын басқаруда метрологиялық қамтамасыз етудің мәні

Метрологиялық қамтамасыз етудің қарастыратын мәселелері

Қызмет етудің барлық түрлері өлшеусіз ойсыз. Кәсіпорынның көп саласында өлшеуге байланысты шығын көлемі – жылдық капитал кірісінің 30%-дан астам құрайды. Материалдың, энергетикалық және де басқа ресурстарды үнемдеу мәселесін шешуде метрологиялық қамтамысз ету үлкен мәнде ие болады, өйткені сандық есептеу материалдың құндылықтарды, электрлік және отын энергиясын, мұнай және мұнай өнімдерін, газды, су ресуртарын жоғалтуды азайту және үнемдеу негізі бойынша табылады.

Метрологиялық қызметтің болмауы, өлшеу бірліктерін қамтамасыз ету бойынша жағдайлардың және ережелердің бұзылуы – өнім сапасын бақылаудың жүргізу өлшеулері кезінде, технологиялық процестерді реттеу кезінде, ауру-сырқаттарды емдеу және анықтау кезінде үлкеншығынға алып келеді.

Өнімді өндіру кезінде дайын өнімнің сапасын бағалауда тек өлшеу жағдайын емес және де белсенді бақылау көмегімен технологиялық процестегі сапа көрсеткіштерін бақылау мүмкіншілігіне және өлшеу жағдайына назар аудару қажет. Жаңа бұйымда ойлап табу алдында және әрбір технологиялық процесті шығаруда шығарылған және аттестатталған өлшеу және сынау құралдарын және әдістерін қолдана отырып, өндірістің метрологиялық дайындығы туралы сұрақтарды шешіп алу қажет.

Өлшеу кезіндегі қолданылатын әдістемелер метрологиялық аттестталған және тіркеуден өту керек. Аттестталған әдістеменің талабын қатаң қадағалай отырып, оператор, яғни ол алған өлшем нәтижесі, қателігі берілген шегінен шықпағаны туралы сенімді болу керек.

Қызмет берудің барлық бағыттарындағы объектілерінде метрология заңнамысының жағдайы білетін, теоретика метрология жасаудың негізін және практикада іс-жүзіне асыра білетін мамандар қажет (өлшеу жағдайына жауапты бас метрологтар, өлшеуді жүргізетін операторлар)[5, 98б].

Метрология саласында мамандарды дайындау төрт тіректі модульдерге негізделеді: инженерлі дайындықта, экономды басқару дайындықта, ақпаратты технология саласында дайындықта, сапаны қамтамасыз ету дайындықта. Оқу процесі кезінде анық өлшеуші ақпараттар алу, түрлендіру, өңдеу және беру әдістерін оқиды. Өндірісті метрологиялық қамаамысыз ету және метрология саласындағы саясатты анықтайтын, халықаралық құқық және ұйымдар талабына сәйкес метрология бойынша жұмыстарды өткізу және ұйымның тәртібін оқиды.

Жалпы өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету келесілерді қамтиды:

-Өлшеу жағдайын талдау;

-Өлшеу шамаларының рационалды номенклатураларын онату және дәлдікке сәйкес жұмысшы немесе эталондық өлшеу құралдарын калибрлеу;

-Бақылау жүргізу және өлшеу құралдарын калибрлеу;

-Орнатылған дәлдік нормаларымен қамтамасыз ету үшін өлшеуді жүргізу әдістемесін жүргізу;

-Конструкторлық және технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама жүргізу;

-Қажетті нормативті құжаттарды ендіру;

-Техникалық біліктілікке аккредиттеу жүргізу;

-Метрологиялық бақылауды жүргізу.

Метрологиялық қамтамасыз етуді дайындау кезінде процестердің өзара байланыстылығын қамтитын жүйелік үйлесімділікті қолдану керек.

Метрологиялық қызметтердің құрылымы мен қызметін,    өндірісті метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық базасын, өлшеу бірлігі мен дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін, метрологиялық дайындау және тексеру жұмыстарын орындау, олардың нәтижелерін өңдеу мен рәсімдеу ережелерін білу.

Сонымен қатар, студенттер метрологиялық қамтамасыз ету жағдайын талдауды, өлшеу және бақылау құралдарын метрологиялық жарамды күйде қолдануды, өлшеу, сынау және бақылау процесстерін жоспарлауды және орындауды, нәтижелерді өңдей алу.

Өлшеу, өлшеу құралдарын метрологиялық сынақтан өткізу, аттестаттау, бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың нақты жағдайларында қетеліктердің сипаттамаларын есептеу дағдыларын игеру[6, 105б].


4.2 Цемент өндірісін метрологиялық қамтамасыз ету

Цемент өндірісінің технологиялық процестерін бақылау мен реттеу, сонымен бірге қондырғылар жұмысын бақылау үшін түрлі бақылау - өлшеу приборлары қолданылады.

Қысымды өлшеуге арналған приборлар: пеш қондырғыларындағы, шикізаттық (өндірістің құрғақ тәсілі кезінде), цементтік және көмір диірмендеріндегі, кептіру аппараттарындағы, қазандық қондырғыларындағы, аспирациялық құрылғылардағы ауа мен газ ағындарының қысымы мен сиреуін; сығылған ауа жүйесіндегі, пневматикалық транспорт пен гидротранспорт қысымын; майлау жүйелеріндегі май қысымын; шикізаттық қоспа дайындауға арналған су қысымын бақылайды. Қысымды немесе құлдырауды өлшеуге арналған приборлар сондай - ақ су, мазут және т.б арналған шлам бассейндердегі, қазандықтар мен резервуарлардағы деңгейді және газдар мен сұйықтықтар шығынын бақылау   кезінде қолданылады.

Қысымды өлшеу үшін металдардың серпімділік қасиеттері басшылыққа алынатын серіппелі және вакуумдық манометрлер (вакуумметрлер) қолданылады. Осы приборлардың сезімтал элементі қызметін мембраналық қораптар атқарады. Өлшенуші орта қысымын өлшеу кезінде қораптың сығылуын немесе кеңеюі тегіс серіппеге беріліп, онымен кинематикалық түрде байланысқан прибор бағдаршасының қозғалысын тудырады. Қысым құлдырауын, сондай – ақ артықша қысымды өлшеу үшін металл немесе резеңке мембраналы мембраналық дифмонометрлер мен гормоникалық мембраналы сильфондық манометрлер қолданылады.

Шлам шығынын өлшеуге арналған приборлар ретінде: КШ-3, индукциялық, саңылаулық, реактивтік, қалақшалы шығын өлшегіштер қолданылады.

КШ-3 шығын өлшегіштері шлам шығынын периодты түрде өлшеуге арналған. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі белгілі - бір сыйымдылықтағы бөшкенің толығу уақытын өлшеуге негізделген.

ИРЭФ индукциялық шығын өлшегіштердің жұмыс істеу принципі магниттік өрістегі қозғалыс кезінде сұйықта индукцияланушы ЭҚК - ін өлшеуге негізделген. Өлшеу диапазоны 630 м /сағатқа дейін жетеді.

Саңылаулық шығын өлшегіштер - шламды мөлшерлегіштің құраушы бөлігі. Шлам шығыны аралық ыдыстағы шлам деңгейімен өлшенсе, ал мөлшерлеу арнайы заслонка көмегімен шлам деңгейінің өзгеруімен  және белгілі бір профилдегі саңылау арқылы ағатын тарам қиылысуының өзгерісімен қамтамасыз етіледі.

ШАРҚ (шламның автоматтық реактивтік қоректендіргіші) қондырғының реактивтік шығын өлшегіші ағындағы шлам шығынын өлшеу қызметін  атқарады. Өлшеу қондырғысының жұмыс істеу принципі 90° - қа иілген  резеңке түтіктен  еркін ағу кезінде шлам тарамы жасаушы реактивтік күш өзгерісін өлшеуге негізделген. Реактивтік күш траверске бекітілген дифференциялды - трансформаторлық қондырғы көмегімен өлшенетін сезгіш элементтің ауытқуын туындатады. Осы қондырғыдан сигнал шартты бірлікпен градуирленген екіншілік приборға, кейін электрондық реттегішке барып түседі.

Электрондық реттегіш магниттік күшейткіш арқылы орындау механизміне әсер етеді. Ол резеңке түтіктің өту қиыспасын өлшейтін құрылғыны қозғалысқа келтіріп, сол арқылы өтуші шлам мөлшерін өзгертеді  де, оның  мәнін берілген шамаға дейін жеткізеді. Құрғақ шикі қоспаға есептегендегі өлшеу диапазоны 75-тен 150 т/сағатқа дейін жетеді [7].

РМ қалақшалы массалық шығын өлшегіші сезгіш элементке сұйықтың еркін құлауы кезінде ағындағы шлам шығынын өлшеуге арналған. Шығын өлшегіштің жұмыс істеу принципі өлшенуші сұйық мөлшері өту кезінде айналмалы қалақшалы дискіде туындайтын тежелу сәтін өлшеуге негізделген. Өлшеудің жоғарғы шегі 125 т/сағат. Өлшеу қателігі 2,5 %.

Кесекті және ұнтақ тектес шығынын өлшеу үшін түрлі өлшеу тәсілдері қолданылады. Материалдың мезеттік шығынын тұрақты жылдамдықпен қозғалушы лентадағы материал массасын өлшеуші тарауыда анықтайды. Мезеттік шығынды өлшеуші таразыға агрегаттық жасалуын есептеу үшін интегратор немесе порциялық таразылар қойылады. Ағынсыз сұйықтардағы 2 мм дейінгі фракциялық өлшемдегі ұнтақтық материалдар шығынын РМ импелерлік шығын өлшегішімен өлшейді. Жұмыс істеу принципі бойынша прибор шламның қалақшалы шығын өлшегішіне ұқсас. Жоғарғы өлшеу шегі 125т/сағатқа дейін жетеді.

Шламбассейіндері мен силостардағы шлам және үгілмелі материалдар деңгейін өлшеуге арналған приборлардан сигнализациялық және жалғаспалы түрлері қолданылады.

Сұйықтар, сонымен  бірге ұнтақ тектес немесе түйіршіктелген материалдар деңгейі жайлы сигнал беру үшін ЭСУ - 1, ЭСУ - 2, ЭСУ - 2а электрлік ыдыс өлшегіштері бар деңгейлік электронды сигнализаторлар қолданылады. Бұл приборлардың жұмыс істеу принципі бақыланушы материал деңгейінің өзгеруі кезінде бункер қабырғаларымен электрод арасындағы электрлік ыдыс мәнін өлшеуге негізделген.

РИУ-1 деңгейдің радиоактивтік индикаторын бункерлер мен бассейндеріндегі шекті деңгейлерді контактысыз өлшеуде қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі түрлі орталар арқылы өтуші гамма - сәулелер ағыны қарқындылығының дәрежесін өлшеуге негізделген. Прибордың өлшеу қателігі 20 мм.

Технологиялық процеске байланысты таңдалган өлшеу  құралдарына сипаттама 1-кестеде көрсетілген.

Кесте-1.Технологиялық процеске байланысты таңдалған өлшеу  құралдарына сипаттама

Өлшенетін параметр аты Сипаттамасы Саны

1 2 3 4

1 Температура МТП-М  көрсететін  манометрлік термометрі  сұйықтық немесе газ тәріздес орталарда  тұрақты көлемде температурасының өзгеруіне  негізделген.

Жұмыс істеу принцепі: өлшенетін ортаның температурасынан  терможүйенің толтырғыш қысымының өзгеруіне негізделген өлшенетін орта температурасының  өзгеруіне түрлендіреді.  Осы манометірлік құбырдың серіппе  тартқышы  арқылы шкаланың бағдаршамын  орнымен  алмастырады.

Өлшеу шегі: 150 °С ден +600 °С

Дәлдік шегі: 1,5

Кемшіліктері: өлшеу дәлдігін басқа бақылау-өлшеу құралдарымен салыстырғанда едәуір төмендігі өлшеу жүйесін дегерметизациялау кезінде жөндеу

жұмыстарының қиындығы және мәндерді көрсетудің динамикалық ара қашықтығының үлкен еместігінде. 5

1-кестенің жалғасы келесі бетте

1-кестенің жалғасы

2 Қысым Метран-43 ДИ сериялы қысым өлшегіш датчиктері автоматты бақылау жүйелерінде реттеу  және басқару жұмыстары  үшін арналған  және аналогты сигналдағы өлшенетін параметрлердің үзіліссіз түрлену мағынасына қамтамасыз етеді. Қысым өлшегіш датчиктері артық қысымды және қысымның түрлілігін өлшеу үшін арналған.

Датчиктің орындау коды электронды түрлендіргіш кодына тәуелді: АП аналогты, МП-МШ микропроцессорлар сұйық кристалдар негізіндегі индикаторлы құрылғы.

Өлшеу ортасы: газ бен сұйық, бу, газтәріздес оттегі, қысымы 1,6 МПа жоғарыемес оттекті орта.

Шығу сигналы: 0-5, 4-20, 0-20, 5-0, 20-4, 20-0 мА

Орындалуы: кәдімгі жай ғана, сонымен қатар, жарылыстан қорғалған Ех, Вн.

Климатты орындалу: УХЛЗ 1, У2, ТЗ, Шаң, су әсерінен қорғау дәрежесі: ІР65 1

3 Деңгей МДУ-2С өлшеу құралын деңгейді өлшеу үшін таңдаймыз.

МДУ-2С типті деңгейдің мембранды датчигі араластырғыштағы шихтаның толуын ескерту үшін арналған.

Датчиктің мембранасына күш 0,75 - 0,05Н аспауы қажет.

Датчик қоршаған ауаның температурасы - 30-дан + 50°С-қа дейін және 30%ылғалдылық кезінде жұмыс істеу үшін арналған. Прибор шаңнан қорғалатындай етіп дайындалады. Габаритті өлшемдері: диаметрі 116 мм

Биіктігі: 74 мм

Массасы: 0,6 жоғары емес

Дәлдікклассы: 1,5

Дайындаушы: Могилев-Подольский зауыты. 12

1-кестенің жалғасы келесі бетте

1-кестенің жалғасы

4 Айналу жиілігі Тахометр – 7 ТЭ өлшеу құралы айналу жиілігін өлшеу үшін орнатылған.

Электронды тахометр 7ТЭ-М1 машина механизмдерінде айналушы бөліктерінің айналу жиілігін өлшеу нәтижелерінің бес разрядты сандық индикаторында индукциясы мен дистанционды өлшеуге арналған.

Айналу жылдамдығын өлшеу диапазондары: Конструктивті түрде

тахометр айналымды өлшеу орнына тікелей орнатылатын көрсету құралынан тұрады.

Тахометрдің өлшеу шегі: 2 ... 99999 айн/мин

Дәлдік шегі: 1,0

Салмағы: 3,0 кг

Габариттік өлшемдері: 208x72x3 7мм. 5

5 Мөлшер Цеметнің ингредиенттер мөлшерін анықтау үшін ЭГВ  80-2 типті таразыны таңдаймыз.

Счетчиктің кіші разрядының дисперттілігі 1т. Таразыда мағыналы өнімділіктің жергілікті   көрсеткіші,   өлшем  бірлігі  ±1%,материал   салмағының  шынайы мәнінен, таразы арқылы 10 мин ішінде өтеді

Үш фазалы токтың сеттен қоректенуі 660/380В қысыммен 50Гц бірлік.

Салмағы: 350 кг

Габаритті мөлшері:  1330x1305x525 мм

6 Ылғалдық ВИМС-2,23 ылғалдылық өлшегіші қатты және ұнтақ құрылыс материалдарының ылғалдылығын бақылау үшін арналған. Өлшеу құралы қоршаған орта температурасы +5...+40 °С, максималды ылғалдылығы 90%

25 °С-ғы  атмосфералық қысым 86... 106 кПа жұмыс істеуге арналған. Өлшеу диапазоны:0,5- 45% Негізгі абсолюттік қателік жіберу шегі, %

- ылғалдылығы 0,5...6,0; 60... 10;

10...20%

- диапазонында ± 0,5; 1,5; 2,0.

Салмағы: 0,3 кг,

1-кестенің жалғасы келесі бетте

1-кестенің жалғасы

7

Концентрация Шикізаттардың суспензия концентрация- сын АОН-1 ареометрмен бақылаймыз. 700 - ден   1840 кг/м3 дейінгі сұйықтық (сілті және қышқыл ерітінділері, әртүрлі қышқылдар, тұздар, цемент пен бетон) тығыздығын өлшеуге қолданылады.

Ұзындығы: 170 мм, Тығыздық өлшеу диапазоны, кг/м : 700-760; 760-820; 820-880; 880-940; 940-1000; 1000-1060; 1060-1120; 1120-1180; Белгілену түрі: АРЕОМЕТР АОН-1,700-760, Дәлдік шегі: 1,0

Шламбассейндеріндегі шлам деңгейін сонымен бірге мына приборларды қолданып, электромагниттік радиоактивтік және радиотолқындық әдістерді қолданып, өлшейді: Сезгіш элементі қызметін ЭР деңгей релесі атқаратын УШС-63 жалғаспалы деңгей өлшеуіші, шламның радиоактивті деңгей өлшегіші. ЭР-1 деңгейлік контактілі электрондық сигнализатордың жұмыс істеу принципі шламның электр өткізгіштігіне негізделген. Электрлік тізбектің бір контактысын 5 шламбассейннің төменгі бөлігіне, ал екіншісін – контактілік электродты 2 - жоғарғы бөлігіне орналастырады. Шлам деңгейі 3 электродқа 2 жеткен кезде электрлік тізбек тұйықталып, шлам берілісі тоқтайды. Электродтан 2 темен шлам деңгейі төмендеген кезде электрлік тізбек ашылып, шлам берілісі жанданады. Бірінші және екінші жағдайларда шламдайындау бөлімшесінің  басқару пультіне сәйкес импульстер беріледі.

Материалдардың физикалық  және химиялық қасиеттерін өлшеуге арналган приборлар: шлам тұтқырлыгын бақылау үшін - РВ-2 ротациялық визкозиметрі; ағын шламның  ылғалдығын бақылау үшін - ПЖР-2м немесе ПР-1024 типті  радиоизотоптық приборлар сериясының гамма Ылгал өлшеуіші; шлам тығыздығын өлшеу үшін - УТШ шлам гранулөлшеуіші ; алюминий, кремний, кальций, темір және көмір мөлшеріне шикізаттық қоспалардың шұғыл сандық талдауы үшін - ФРК-1Б рентгендік флуоресценттік квантометр қолданылады.

Радукторлар, электр қозғалтқыштарының подшипниктері мен электр қозғалтқыштардың статорлық орамаларының температурасын өлшеу үшін УКТ - 120 немесе УКТ - 5М типті қондыргылар қолданылады[8].


4.3 Технологиялық процестің өлшеу құралдарын таңдауын негіздеу.Цементті өндіру технологиясы

Цементті өндіру процесі келесі операциялардан тұрады: шикізат материалдарды қосу, шикізат қоспаны дайындау, ұсақтаудан тұратын, помолдан және оның құрамын орташаландыру, шикізат қоспасын күйдіру (клинкерді алу), ұнтақта клинкер помолы.

Шикізаттарды күйдіруге дайындауға байланысты цементті өндірудің сулы, құрғақ және біріктірілген әдістерін бөледі. Өндірудің сулы әдісінде шикізат материалдарды үгіту, оларды араластыру, шикізат қоспаларды корректілеу және орташаландыру, анықталған судың қосылуымен іске асырылады, ал құрғақ әдісте барлық аталған операциялар құрғақ материалдармен орындалады. Біріктірілген әдісте шикізат қоспасын сулы әдіс бойынша дайындайды, содан оны арнайы қондырғыда максималды түрде сусыздандырады және пеште күйдіреді. Әрбір аталған әдістердің өзінің артықшылықтары және кемшіліктері бар.

Цементті өндіру әдісін технологиялық және технико – экономикалық факторларға:шикізаттардың құрамына,оның біркелкілігі  және ылғалдылығы- на байланысты таңдайды.

Өндірудің әдісі. Өндірудің әдісінде шикізат материалдарын және шикізат қоспаларды сумен араластырады. Алынған шикізат шлам құрамында 32-45 % су болады.

Бастапқы шикізат материалдардың физикалық құрамына байланысты цементті осы әдіспен алу кезінде әртүрлі өндіріс схемасы қолданылады, шикізат қоспаларын дайындау әдісіңің бір - бірімен ерекшелінеді.

Әдісті қолданатын цемент заводтарында, цемент клинкерді өндіру үшін шикізат материал ретінде көбінесе жұмсақ сазды және қатты әк тасты компоненттер қолданылады.Мұндай жағдайда цементті өндірудің технологиялық сызбасы келесідегідей.

Бастапқы технологиялық операция клинкерді алу - шикізат материалдарды үгіту. Әк тасты компонент ретінде борды қолдану кезінде аталада (болтушкада) немесе диірменде үгіттейді. Егер қатты әк тас қолданса, онда оны бір - екі стадиялы жақты ұсатқышта ұсақтайды. Балшықты шлам немесе басқа да агрегаттарда алынған шламда, шикізат диірменіне жібереді. Әк тас және балшықты шлам, клинкердің керекті химиялық құрамына сәйкес, белгілі - бір арақатынаста диірменге келіп түседі. Шикізат шламның тапсырылған химиялық құрамын алу үшін, оны бассейнде немесе ағында (потокта) корректілейді.

Диірменнен шыққан шикізат шлам түрде сорғышпен қосқұлаққа (бачок) пешті цехқа күйдіруге түседі. Қосқұлақтан шлам біркелкі түрде айналма пешіне төгіледі. Өндірістің сулы әдісінде клинкерді күйдіру үшін жылу алмастырғыш жабдықты ұзын айналма пешіне қолданылады[9].

Пештен кейін клинкер тоңазытқышқа түседі, салқын ауамен салқындатады. Салқындатылған клинкер қоймаға жіберіледі. Тоңазытқыштан клинкерді тікелей цемент диірменіне помолға жібереді. Помолдан бұрын клинкерді майдалайды. Клинкерді ұсақтауды гипспен, гидравликалық және басқа да қоспалармен бірге өңдеуді.

Цементті өндіру технологиялық сұлбасы 1-ші сіретте көрсетілген

Диірменнен цемент қоймаға тасымалданады. Цементті ыдысқа ( 50кг - нан қағаз қапқа ) жүктейді, немесе цемент тасығыш көлік немесе арнайы теміржол вогондарына жүктейді.

Цемент өндірісі үшін жарғақша шикізат қызметін дұрыс күйдіру үшін қажет шикізаттық қоспаның белгілі бір химиялық кұрамын қамтамасыз ету үшін қажетті пропорционалда алынған әк тасты және саз балшықты материалдар атқарады. Бұл кезде химиялық құрамның максималды түрде тұрақты болып қалуы өте маңызды, ал қоспаның негізгі компоненттерінің мөлшеріндегі тіпті азғана ауытқулар соңғы өнім - цемент қасиеттерін едәуір өзгертуі мүмкін.

Цемент өндірісі үшін әктасты материалдар ретінде: әктас түрлері, сілті өндірісінің қалдықтары қолданылады.Сазбалшықты материалдардан: сазбалшық, сазбалшықты тақтатас, домна шлагы, күл қолданылады.

Көптеген цемент зауыттарында әктас пен сазбалшықтың шикізаттық қоспасын (немесе сазбалшықты тақтатас) пайдаланады. Негізінен мұндай зауыттарды әктасты кен орындарында, сазбалшық немесе сланец кең орындарынан жақын жерде салады.

Кез келген әктің цемент өндірісі үшін жарамайтындығын білген жөн. Үлкен MgCC>3 қоспасын қамтитын  әк кен  орны негізінен қолданылмайды. Дәл осылай пирит немесе гипстік кіршелердің болуы цементтегі сульфат мөлшерін жоғарылатып, ол тиімсіз  болуы мүмкін. Кремнийлі қоспаның  үлкен мөлшерімен ластанған бар кен орындары да кездесіп, оларды цемент өндірісі үшін қолдану қиын болады.

Шикізаттық қоспаны құрау үшін жоғары әк мөлшері бар әкбасты қолданған жағдайларда, оны берілген қасиетті клинкердің алынуын қамтамасыз ететін химиялық құрамдағы сазбалшық құрамда материалдармен араластыру қажет.

Өндірістің ылғалды тәсілі құрғағынан ерте болып, АҚШ та цемент шығарғанға дейін Европа қолданылған болатын. Ылғалды тәсіл кезінде қоспа дайындау сызбасын таңдауды негізгі, әрі маңызды фактор болып шикізаттық материалдар сипаты табылады. Цементті шикізаттық қоспаны құру кезінде жекелеген бункер көмегімен салмақ бойынша әктасты, сазбалшықты (немесе сланецті), темір және құмды мөлшерлеп, кейін берілген ірілік бойынша оларды сумен ұсақтау қажет. Суда бату қасиетіне ие сазбалшық болтушкада күңгірттеніп, біріншілік немесе екіншілік ұсақтау үшін шикізаттық диірменге қоспаны беру алдында қалған компонентке  сәйкес мөлшерде қосылады.

Ұсақталған қоспа шламбассейнге айдалып, онда ол екі сатылы сызба бойынша ары қарай араласу үшін сақталады. Осы бассейндерде қажет кезінде шламды түзеу жүргізіліп, содан соң ол пешке беріледі

Әктас көк сланецтен түратын шлам құрамында 32 - ден 40% - ға дейін су, ал  әктас пен сазбалшықтан тұратын шлам құрасында - 55 % -ға дейін су болады. Осы күйде материалдарды араластыру құрғақ түрге қарағанда біршама жеңіл жүреді. Негізінен бұл кезде шикізаттық қоспаның максималды біртектілігін қамтамасыз ету үшін қатарынан бірнеше қоспалағыш шламбассейндері орнатылады. Зауыт химигі үшін шикізаттық қоспаны құру алдында материалдардың химиялық құрамын білу маңызды. Бұл оның минималды араласу мен түзетуді қамтамасыз ету үшін қоспа құрамын есептеуге мүмкіндік береді. Араластыру операциясы үлкен ыдыстарды қажет етеді, ал қоспаның біркелкілігінің қажетті дәрежесін қамтамасыз ету жағдайында емес қоспалағыш көбінесе шламға арналған қарапайым қоймаларға арналады.

Ұсақтау деп кен орнында өндіру мен жынысты сипаттаушы шикізаттық материалдардың мөлшерінің максималдыдан шикізаттық қоспа пешіне берілуі үшін қажетті минималдыға дейін кемуін айтады.

Бұл ұсақтау процесі екі сатыда жүзеге асады: алдымен негізінен біріншілік және екіншілікке бөлінетін шикізат бөлінуі, ал кейін – екі сатылық ұнтақталу жүреді. Кейбір жағдайларда кен орында шикізаттық материалды дайындауға және қолданылатын қондырғы сипатына байланысты біріншілік және екіншілік  ұнтақтау немесе ұсақталудың екі сатысы бір операцияда болуы мүмкін.

Бөлшектеуге  біріншілік және екіншілік жарылыстардан соң экскаватормен алынған жыныс жіберіледі. Жыныс кесектерінің өлшемі екіншілік жарылыс жұмыстарының сипатына тәуелді болып, өз кезеңінде экскаватор жауының көлемін анықтайды. Біріншілік бөлшектеу типі экскаватор берген кесектер өлшеміне белгілі бір дәрежеде , сонымен бірге материал сипаты мен қаттылығы, ылғал мөлшері мен үлгілі төмен кесектер мөлшері, екіншілік бөлшектеу үшін қажет берілген ұсақтау дәрежесіне , агрегаттың тиісті өнімділігі ретінде факторлар көбінесе тәуелді. Цемент өнеркәсібінде қолданылатын бөлшектеудің төрт негізгі типі бар: цехті, конусты, балғалы және вал калы.

Бөлшектеу (майдалау) тек алдын ала дайындық операциясын ғана қамтып, сол кезде ұнтақ (ұсақ) толығымен күйдіру мен шикізаттық қоспаның байланысуын  қамтамасыз ету үшін қажет дәнді кұрам мен бөлшектер шамасына дейін материалды беру мүмкіндігін береді. Сондықтан цемент өндірісі процесінде  ұнтаққа осынша  мән беріледі.

Аталып өтілгендей, ұнтақтау екі сатылы болады бірінші саты - бұл біріншілік немесе алдын ала ұнтақтау, екінші саты - екіншлік немесе соңғы ұнтақтау камералық шарлы немесе конусты диірмендердің соңғы ұнтақтауына арналған агрегаттардың жұмыс жағдайларына сай келетін өлшемге дейінгі екіншілік бөлшектеуден түсетін материалды ұсақтауға арналған алдын- ала ұнтақтау диірмендерінің алуан типтері болады. Кейбір зауыттарда ұнтақтаудың екі сатысын бір уақытта араластыруға мүмкіндік беретін көпкамералы диірмендерге басымдық беріледі. Бұдан өзге, шикізаттық қоспаны дайындау бойынша екі операцияны да бір мезгілде жүргізетін сеператорлары бар оқшау циклде жұмыс істеуші арнайы диірмендер де бар. Ұсақтағыштан түскен материалдың  ұсақтауыштың екі сатысын біріктіру үшін бұрын қолданылушы кейбір диірмендердің қазір тек алдын ала ұсақтау үшін ғана жарамды саналып, шикізаттық қоспаның ұсақталу дәлдігіне қойылатын заманауы талаптың біршама жоғарланғандығын атап өткен жөн[10,98,].

Цементтік шикізатты материалдарды екі сатылы ұсақтау үшін қолданылатын диірмендер екі типкте болады: шарлы және орталықтан тепкіш диірмендер. Ұсақтағыш денелер қызметін болат шарлар атқаратын шарлы диірмендер қысқа цилиндрлік барабандар түрінде болады. Оларға диаметрлері 2,5 - нан 12,5 см - ге дейінгі болат шарлар жүктеледі. Заманауи шарлы диірмендер - бұл бір сағат ішінде  ұсақталушы шикізатты 100 және одан да көп есе ұнтақтаушы күшті ұнтақтайды. Орталықтан тепкіш роликті диірмен ішкі бетіне ортадан тепкіш керу әсерінен роликтер сығылатын дөңгелек  плитадан тұрады. Ортадан тепкіш диірмен негізінен кішігірім өлшемде болып,  материалды ұсақтау кезіндегі шарлы диірменнің өнімділігінің үштен бірін ғана береді. Екі диірмен де жеке орналасқан електі жіктемесі бар оқшау циклде жұмыс істеп, мұндағы ұсақ фракциялар (елек арқылы өткен  материалдар) соңғы ұнтақталу үшін диірменге жіберіліп, ал елек үсті өнім екіншілік ұсақталу үшін алдын ала диірменге оралады. Кейде екіншілік  ұсақтағыш материалының құрамында тікелей елекке берілетін  ұсақ фракциялар мөлшері болып, ол жерден ұсақ фракциялар соңғы  ұсақталуы диірменге беріледі. Алдын - ала ұсақтауға арналған диірмендер ірі бөлшектерді салыстырмалы ұсақтау кезіндегі максималды  өнімділікке есептелген, мұнда ұсақ фракциялардың өте көп мөлшерінің болуы олардың  өнімділігін төмендетеді. Бұның алдын алуы үшін екіншілік  ұнтақталудан алынған материалдар жіктеу қажет.

Шикізатты ұсақтау жайлы жоғарыда айтылғандардың барлығы цемент өндірісінің құрғақ тәсіліне жатады. Цементті шикізаттық материалдарды ұтымды әрі икемді түрде құрғақ ұсақтау үшін оларды алдын ала кептіру қажет. Шикізат қызметіне әк тас немесе сазбалшық, сондай - ақ құрамында ылғал мөлшері жоғары немесе табиғаты бойынша  ұсақ дисперсті материал атқарған жағдайларда оларды  ұсақтау алдында кептіру өте қымбатқа түседі. Құрамында 35 - 40 % суы бар қоспа алуы үшін ұнтақтау кезінде су қосқан тиімді.

Ылғалды ұсақтау кезінде құрғақ тәсілдегідей қондырғы қолданылуы мүмкін. Ылғалды  тәсіл бойынша ұсақтау тиімділігі жоғары болып, мұндағы су диірмендегі температураны төмендетіп, шарлардың майлануын қалпына келтіреді. Дегенмен шарлардың тозуы мен қондырғыны эксплуатациялау кезіндегі шығындар ылғалды тәсіл кезінде едәуір жоғары. Ылғалды ұсақтау кезіндегі жіктеме немесе сеперация құрғақ тәсілдіге қарағанда басқаша жүреді.

Ірі ұсақталған материалды жіктеу үшін құрғақ тәсіл кезінде қолданылатын вибрациялық елек орнына ылғалды тәсіл кезінде реечтік жіктегіш қолданылады. Негізінен реечтік жіктегіш алдын ала ұсақтауға арналған шарлы диірменді оқшау циклде жұмыс істейді. Бірақ ол соңғы ұнтақтау үшін шарлы диірменге жалғасып, бұл жағдайда қосымша түрде кеселік жіктегіш орнатылуы мүмкін. Соңғысы ылғалды ұсақтау жүйесінде құрғақ кездегі  ауалы сеператор  рөлін атқарып, мұнда суспенциялаушы орта ауа емес, су болумен ғана ерекшеленетіндей қағида бойынша жұмыс істейді. Кеселік жіктеменің ірі бөлшектері ауалы сеператордың елек үсті өнбесіне, ал кеселік жіктеме ағызбасы - ауалы сеператордың ұсақ фракцияларына немесе елек асты өніміне ұқсас.

Ылғалды ұсақталған материалдарды асқын - ұсақтай сеперациялау үшін кейде жылдам жүрісті центрифигураларды қолданады. Ылғалды ұсақтау кезінде тұйық циклге ашық циклдегіге қарағанда су көп қажет. Бұл қоюландырғыштар деп аталатын шламды сусыздандыру үшін үлкен және салыстырмалы түрде таяз бассейн қондырғыларының қажеттігіне алып келді. Ашық циклде ылғалды ұнтақтау кезінде қоюлатқыштар қажет емес, олардың орнына вакуум - сүзгілер қолданылады.

Шлам берілген тұтқырлығын сақтау үшін қажет су мөлшері шикізаттық материалдардың физикалы- химиялық қасиеттеріне тәуелді. Шикізаттық қоспаның кейбір компоненттері , мысалы сазбалшық немесе сазбалшық құрамдас материалдар 65 % - ға дейінгі су қоспаларын қажет етеді. Шламның жоғары тұтқырлығы көліктік коммуникацияларды эксплуатациялау кезіндегі диірмен  жұмысы үшін бірқатар қиындықтар туындатуы мүмкін.

Пеште су шламнан бүкіл шикізаттық материалдардың бірігуі мен әктастың кальцийлерленуі жүргенге дейінгі жойылуы тиіс. Шламда су қаншалықты көп болса , басқа жағдайлар кезінде оның булануына отын да көп шығындалады. Осыған байланысты соңғы жылдары жеткілікті аққыштықты сақтау кезінде шлам ылғалдығын төмендету үшін түрлі сұйылтқыш түрлерін қолдану әрекеттері аз жасалған жоқ. Бұл бағытта негізгі жетістіктерге жеткізілгенімен, сұйылтқыш қосудың жекелей құны отын, ұсақтау үнемділігін төмендетіп жіберді.  Бұдан өзге , сұйылтқышпен өңделген шламда көбінесе сақтаудың екі - үш тәулігінен соң тұтқырлық жоғарлауы байқалып, ол сұйытқыштарды қолдануға кедергі келтіреді. Осының нәтижесінде цемент өнеркәсібі үшін пештерді орнатуға көшті.

Қазіргі кезде цемент өнеркәсібінде жылудың максималды қоданысын қамтамасыз етуші түрлі механикалық қыздырғыштар қолданылады. Өндірістің ылғалды тәсілінің басты артықшылығы болып ұсақталған шикізат материалдарының жақсылап араласуы (гомагенделуі) табылады. Бұл әсіресе компонентті шикізат қоспалары күйдірілген жағдайларда маңызды: жақсылап араласу шламның максималды біркелкілігін, жақсы күйдіру мен жоғары клинкер сапасын қамтамасыз етеді. Өндірістің ылғалды тәсілінің кең мүмкіндіктерінің жақсы мысалы болып қажетсіз қоспалардан - шикізат материалдарын байыту үшін флотацияны қолдану болып табылады, бұл қарама - қарсы  жағдайларда қолданылмай қалуы   мүмкіндігінен орындарын жасау мүмкіндігін береді. Дегенмен өндірістің құрғақ тәсілі өзіндік артықшылықтарға ие, мысалы:  отынды  үнемдеу,  қысқа, әрі  едәуір арзан пештерді пайдалану мүмкіндігі және т.б. Сондықтан отыны аз, әрі қымбат Европада ылғалдыдан өндірістің құрғақ тәсіліне өту беталысы байқалады.

Цемент өндірісі процесінің ең маңызды, әрі жауапты сатысы болып бүкіл бағалы қасиеттерді сақтап, стандарт талаптарына сай цементтің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін қажет дұрыс салқындату мен айналмалы пеште қатты, сұйық немесе газ тектес отынды реттелмелі жағу жолымен клинкерде сәйкес химиялық құрамдағы мұқият дайындалып шикізаттық қоспаны айналдыру табылады.

Клинкер түзілу процесі футерленген отқа төзімді кірпіштері бар болат цилиндр түріндегі айналмалы пеште жүреді. Цилиндрге тіректік роликтерге сүйенуші бандаждар киілген. Пеш қозғалысқа сыпырғылық  және сыпырғы асты тісті берілістер арқылы келеді. Айнымалы жылдамдықты жылдамдықты электр қозғалтқыш редуктор арқылы пешке айналмалы қозғалысты береді.Өндірістің  құрғақ тәсілі  пештері негізінен 30- дан 105 м - ге дейін, ал ылғалды тәсіл пештері типті 150 м ұзындыққы ие. Пештің диаметрі 2,1 - ден 3,6 м- ге дейін ауытқиды. Пештің көлбеулігі 2 - ден 8 %- ға дейін құрауы мүмкін. Пештің айналу жылдамдығы сағатына 30- дан 110 айналымға дейін болады. Осы факторлардың барлығы - пеш диаметрі, ұзындығы, көлбеуі мен айналымдар саны - клинкер сипаты мен сапасы ретінде анықталады. Пештер түрлі бақылау - өлшеу приборларымен жабдықталғандықтан, машанист пештен гөрі, басқару торабына көп қарайды. Заманауи пештерде мынадай бақылау -өлшеу приборлар қойылады:

-пештің айналу жылдамдығын тіркеуші тахометр;

-футеровка температурасын анықтауға арналған оптикалық пирометр;

-пеш басы мен түтіндік құбырдағы сиреуді анықтауға арналған өздігінен жаңғыш тягомерлер;

-отынның жану тиімділігін көрсетуші оттектік және газды талдағыштар;

-автоматты тягомерлер;

-арнайы қондырғыға ауа берілісін есептегіштер мен автоматты реттегіштер (мысалы, мультициклондар, электр сүзгілер);

-пештің салқын ұшының температурасын анықтауға арналған өздігінен терможұптар;

-мұздатқыштан қызған ауасының температурасын анықтауға арналған өздігінен жаңғыш термометлер;

-айналымдар санының есептегіштері;

-көмірге арналған есептегіштер;

-газды отынға арналған өздігінен жаңғыш есептеуіштер;

-газды отынға арналган өздігінен жаңғыш есептеуіштер[11, 87б].


4.4 Таңдалынған технологиялық сұлбадағы параметрлерді бақылау және өлшеу құралдарын таңдау

Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз ету - өндірістің қажетті бұйымдар мен материалдар, шикізаттар және құрал-жабдықтары мен технологиялық процесті ұйымдастырудың технологиялық шараларының кешенімен қамтамасыз етілуін айтады. Мұндай қамтамасыз етудің нормативті негіздемелері болып мемлекеттік салалық кәсіпорынның стандарттары саналады.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету технологиялық және метрологиялық қызметтері өнім өндіру туралы алғашқы құжатты алғаннан бастап жүргізіле бастайды. Бұл жұмыстың ұйымдастырылуы мен басталуы туралы құжаттарды салалық стандарттар белгілейді.

Өндірісті әзірлеуді метрологиялық қамтамасыз етудің жоспарын кәсіпорынның метрологиялық қызметі немесе метрологиялық қызметпен келісе отырып, өндіріс технологиясын жоспарлайтын бөлімшесі жасайды.

Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуде келесі шаралар орындалады:

-өнімнің сапасын анықтау үшін қолданылатын өлшемдердің нормалары мен дәлдік параметрлерін және технологиялық процесс пен құрал - жабдықтардың тиімді номенклатураларын белгілеу;

-өлшеу құралдары мен өлшем әдістемелерінің дұрыс түрлерін қолдану туралы ұсыныстар жасау;

-өлшеу құралдарын стандарттау;

-өлшеу жүргізуді өлшем дәлдігін сақтайтын, жетілдірілген әдістемелер мен қамтамасыз ету;

-өлшеу жүргізудің нормативті-техникалық құжаттарға сай болуын қамтамасыз ету;

-өндіріс қызметкерлері мен жұмысшыларын өлшеу жүргізуге, өлшеу құралының дәлдігін анықтап, жөндеулер жүргізуге үйрету.

Метрологиялық қамтамасыз етудің орнатылған талапқа сәйкестігін бағалаудың мақсаты кәсіпорынның метрологиялық қызметінің талап етілген сипаттамамен және тұрақты сапада өнім өндіруді қамтамасыз ету қабілетін анықтау болып табылады.

Метрологиялық қамтамасыз етуді бағалауда тексеріледі:

-өлшем  бірлігін  қамтамасыз  етудің  Мемлекеттік  жүйесінің  нормалары, ережелері   мен   талаптарының   орындалуы, сонымен   қатар   сынау   ретінің тапсырмаларының  дәлдігі мен параметрлерді бақылау  дұрыстығына талаптары.

-өзгеруде рұқсат етілген шектер мен өлшенетін (бақыланатын) параметрлер номенклатураларын таңдаудың негізділігі.

-кәсіпорынның өлшеу, тексеру (калибрлеу), жөндеу, өлшеу құралдарын сақтау, бақылау және сынау мен олардың орнатылған талаптарға сәйкестігін тексеру үшін қажетті жабдықтар  және құралдармен қамтамасыз етілуі.

-процестер мен өнімдер, нормативті және техникалық құжаттаманың метрологиялық сараптамадан өткізу жұмыстарын және өлшеу жағдайын жүйелі түрде талдауды жүргізу.

Елімізде өлшеу құралдарын пайдаланып, сандық бағалау жүргізбейтін сала жоқ. Сондықтан кәсіпорындарға мүмкіндігінше, жетілдірілген соңғы типтегі өлшеу құралдарын орнатып, олармен  жұмыс  жасауды үйренген дұрыс[12].


ҚОРЫТЫНДЫ

Кәсіпорындардың тиімді жұмысын және өнім сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін сәйексінше оны метрологиялық қамтамасыз ету қажет.

Кәсіпорындардағы метрологиялық қамтамасыз ету бойынша жұмыстар өз кезегінде нормативті және ұсынысты құжаттарға, сонымен қатар өлшенетін шаманың, бақылау объектісінің және т.б. мәліметтердің шығатын спецификациясынан шығатын құжаттық және анықтамалық материалдарға ие болуы керек.

Кәсіпорынның ерекшеліктеріне байланысты метрологиялық қызметтің құрылымы орындалатын метрологиялық қызметтердің көлеміне байланысты кәсіпорын басшылығымен бекітіледі.

Өндірістің метрологиялық қызметі өз жұмысында, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР заңын, ҚР Үкіметінің Қаулысын, Министрлер Мәжілісінде бекітілген Қаулылармен – ҚР Үкіметінің жағдайларын, «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету» бойынша нормативті құжаттарды, мемлекеттік стандарттар, метрология бойынша ережелерді, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесіне кіретін, мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталықтардың ұсыныстарын және кәсіпорынның өлшем бірдігін қамтамасыз ету бойынша құжаттарын жетекшілікке алады.

Өндірістің метрологиялық қызметі келесідегідей функцияларды атқарады:

 

  • өлшеу жабдақтарын басқару;
  • өлшеу құралдары және зерттеу жабдықтары есепке алу;
  • өлшеу жүргізу барысында қажетті дәлдікті қамтамасыз ету;
  • эксплуатация техникалық қызмет және тексеру бақылау;
  • өндірістік процесте қолданылмайтын өлшеу жабдықтарын консервациялау,сақтау , жинау;
  • жарамсыз жабдықтарды эксплуатациядан шығару және олардың қолданылуының алдын алу;
  • техникалық берілімдермен мазмұндалған ( паспорттар, формулалар т.б.) уақытылы тексерілгендігін растайтын құжаттаманың барлық түрлерін қамтамасыз ету және сақтау;
  • Кәсіпорынның метрологиялық қызметі өлшеу жабдықтарын басқаруда келесідегідей жұмыстармен жүзеге асырады:
  • өлшеу құралының техникалық сипаттамалық, техникалық паспортының болуын;
  • өлшеу құралының техникалық мінездемелерге сәйкестігін;
  • өлшеу құралының қолдануға жарамдылғын;
  • берілген жабдықпен қажетті нақтылық пен өлшеу сәйкестікті қамтамасыз етуге қабілеттілігін;
  • жабдық жұмыстарының климаттық шарттары олардың техникалық құжаттамада бекітілген талаптарға сәйкестігін;
  • өлшеу жабдықтарының жағдайы мен қолданылуын.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1yandex.kz/clck/jsredir?from=yandex.kz%3Bsearch%2F%3Bweb%3B%3B&text=&etext=1188.h7X0MgfZ6_AITu3XEXNW -сайты

2yandex.kz/clck/jsredir?from=yandex.kz%3Bsearch%2F%3Bweb%3B%3B&text=&etext=1188-сайты

3 www.uniface.kz Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету-сайты

4 ТШ 3110 ҚР39379091-ТОО-02-2001 Цементті шығару технологиялық нұсқау, ЖШС « Стандарт Цемент», 2008 ж.

5 Справочник по производству цементных заводов.        С.И.Данюшевского, 2001, -397 с.

6 Тейлор X. Химия цемента. - М.: Мир, 1996, - 560 с.

7 Дегтяров А.А. Метрология: Учеб. пособие для вузов.- М., 2006.

8 Лифиц И.М.  Стандартизация,  метрология и  сертификация:  Учеб. для вузов. Изд.7, перераб.и доп..- М., 2007.

9 Ю.Артемьев   Б.Г.,   Голубев   С.М.   Справочное   пособие   для  работников метрологических служб М:. Изд-во стандартов. 1987.

10 Вайсбанд М.Д., Проненко В.И. Техника выполнения метрологических работ. -Киев. Техника. 1986. – 405с

11 Рейх Н.Н., Тупиченков А.А., Цейтлин.  Метрологическое  обеспечение

производства. М.: Изд. Стандартов, 1987. -248 с.

12 Аристов О.В. Управление качеством: Учеб. пособие для вузов.- М., 2007.

 
10.01.2017 09:53