Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155394

«Казгидромет» РМК (отчет) - 2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама

СОДЕРЖАНИЕ
«Казгидромет» РМК (отчет)
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
2.2 Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері
2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
3.2 Метеорологиялық бақылау орны
3.3 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
2.5  Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама

Гидрометеорология және қоршаған ортаның мониторингі бойынша Қазгидромет  - әлемдегі ең көне метеорологиялық ұйымдардың (159 жыл бұрын, Қазақстанда құрылған алғашқы геофизикалық обсерваториясы) бірі. Бүкіл ел бір метеорологиялық қызметі хабарлағандай, ол Қазақстанда алғашқы аспаптық метеорология бақылаулар 1848 жылы Қазалыда, ал біздің Жамбыл облысымызда алғаш метеорологиялық бақылаулар 1870 жылы Әулие-Атада жүргізілген. Азаматтық соғыс кезінді көптеген станциялар өз жұмысын тоқтатқан болаты. Қазақстанда алғаш Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі)  болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады. ЖФ «Қазгидрометтің» негізгі міндеттері:

-республикада гидрометеорология және табиғи орта мониторингі саласында бірыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргізу;

-әр түрлі өнеркәсіптер мен шаруашылықтарды, халықты қазіргі және болашақтағы климат пен табиғи орта мәліметтерімен қамтамасыз ету;

- қауіпті және апатты гидрометеорология құбылыстарды алдын ала болжап хабарлау; қоршаған ортаға адамзат әрекетінің теріс әсерін болдырмау, т.б.

Станция Тараз қаласында әуежайға қарама- қарсы орналасқан. Станция барлық стандарт талаптарына сәйкес құрылған. Метеорологиялық алаң квадрат пішінді (әр жағы 26 м), бір жағы солтүстіктен оңтүстікке бағытталған. Метеорологиялық аспаптар мен жабдықтар алаңда арнай жоспарға сәйкес орналастырылған.

Анеморумбометр және флюгер орнатылған бағандар, сонымен қатар мұзөрнек станогі алаңның солтүстік бөлігінде; психрометрлік будкалар және жауын-шашын өлшегіші мен плювиограф алаңның ортасында; ал алаңның оңтүстік бөлігінде топырақ температурасын өлшейтін термометрлер орналастырылған.

Актинометриялық және жылу балансы бақылауларын жүргізу үшін алаң отүстікке қарай ұзартылады. Актинометриялық және градиентті қондырғыларды топырақ температурасын өлшейтін термометрлердің солтүстігіне орналастыру керек. Басқа бақылаулар түрлеріне арналған қондырғыларды алаңның батыс және шығыс жағына орналастыруға болады.

Метеорологиялық алаңның төселме беткейін табиғи күйінде сақтау үшін аспаптар мен қондырғыларға баратын ені 40-50 см арнайы жіңішке жолдар төселінеді. Бұл жолдарды нығыздалған құммен немесе майда таспен жабуға болады.  « Тараз» метеостанция алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу тәртібі 2- суретте көрсетілген [5, 89б].

Сурет-2. « Тараз» метеостанция алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу тәртібі

«Тараз» метеорологиялық алаңында аспаптар мен жабдықтардың орналасу жобасы  (арақашықтықтар метрмен көрсетілгена) толық бақылау бағдарламасы: 1 – станцияның геодезиялық репері; 2 – жеңіл тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр (анеморумограф) датчигі; 4 -  ауыр тақтайшалы флюгер; 5 – мұзөрнек станогы; 6 – психрометрлік будка; 7 – қар өлшегіш рейка; 8 – қосымша психрометрлік будка; 9 – термограф пен гигрографқа арналған будка; 10 – Көріну қашықтығын өлшеуге арналған құрал (мысалы, М-53 қондырғысы); 11 – жауын өлшегіш; 12 – плювиограф; 13 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 14 - қар өлшегіш рейка; 15 – гелиограф; 16 – ледоскоп; 17 – росограф; 18 – топырақ термометрлерін (19) және Савиновтің иінді термометрлерін (20) орнататын өсімдіксіз ашық участок; 21 - қар өлшегіш рейка; 22 – топырақтық-суырмалы термометрлерді (23) және мерзлотомер аспабын (24)  орнатуға арналған табиғи өсімдігі бар участок; 25 – ауа температурасы мен ылғалдылығының вертикалды градиенттерін өлшеуге арналған қондырғы; 26 – жел жылдамдығының биіктік бойынша өзгермешілігін өлшеуге арналған қондырғы; 27 – актинометрлік қондырғы (аспаптар орнатылған баған).

б) 1 - станцияның геодезиялық репері; 2 - жеңіл (ауыр) тақтайшалы флюгер; 3 – анеморумбометр; 4 - мұзөрнек станогы; 5 –психрометрлік будка; 6 – қар өлшегіш рейка; 7 – қосымша психрометрлік будка; 8 – жауын өлшегіш; 9 – плювиограф; 10 – жауын өлшегіштің қосымша бағаны (қар жамылғысы бар кезде); 11,13 - қар өлшегіш рейкалар; 12 – топырақ термометрлеріне арналған өсімдіксіз ашық участок; 14 – топырақ термометрлері [6, 103б].

Метеорологиялық алаңның табиғи күйін сақтау үшін, сонымен қатар онда орнатылған аспаптарды қорғау үшін алаң қоршалған. Қоршау алаңның кезкелген жерінің ауамен алмасуын, ал қыста күртік қардың пайда болмауын қамтамасыздандырылған. Алаңның қоршауын тесіктері 10х10 см құрайтын темір торға екі шетінен сым өткізіп, биіктігі жер бетінен 1,2–1,5 м құрайтын металл трубамен жасалған.

Метеорологиялық алаңға кіретін есік қоршаудың солтүстік жағында орналасқан. Қоршаудың есігі берік жабылған.

Метеорологиялық алаң тораптан келетін тұрақты жарықтанумен немесе кернеуі 36 В-тан аспайтын басқа да энергия көздері арқылы тұрақты токпен жабдықталған. Тұрақты электр жарығы болмаған кезде тасымалданбалы электрлік қол шамын пайдалады.

Метеорологиялық алаң станцияның қызмет үйінен қашық емес (150 метрден алыс емес) орналасқан және кезекші бақылаушының үнемі назарынан тыс болмады. « Тараз» метеостанциясындағы өлшеу-құралдарының тізімі 1-кестеде көрсетілген.

Кесте-1. «Тараз» метеостанциясының өлшеу-құралдарының тізімі



 
21.06.2017 13:59