Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155431

«Казгидромет» РМК (отчет) - 2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары

СОДЕРЖАНИЕ
«Казгидромет» РМК (отчет)
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
2.2 Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері
2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
3.2 Метеорологиялық бақылау орны
3.3 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары

Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы (Қазгидромет) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқармасының орталық атқарушы органы болып табылады.

Қазгидромет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын және осы Ереженi басшылыққа алады және қолданылып жүрген заңдардың ведомствоға бағынысты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың ведомствоға бағынышты кәсiпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда дұрыс қолданылуын қамтамасыз етедi, өз құзырына қатысты мәселелерде заңдардың қолданылу практикасын пысықтайды, оны одан әрi жетiлдiру туралы ұсыныс әзiрлеп, оны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзедi.

Қазақстан Республикасының Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасының негiзгi мiндеттерi мыналар:

-республикада гидрометеорологиялық мониторинг және табиғи орта мониторингi саласында бiрiңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу;

-атқарушы өкiмет органдарына, құқық қорғау органдарына, бұқаралық ақпарат құралдарына, республика ұйымдары мен кәсiпорындарына, мекемелерiне және басқа да тұтынушыларға тегiн және шарттық негiзде гидрометеорологиялық ақпараттар мен мәлiметтер беру. Бюджеттiк қаржыландыру есебiнен республикалық ұйымдарға тегiн берiлетiн ақпараттардың тiзбесi мен көлемi жыл сайын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен белгiленедi;

-мемлекеттiк гидрометеорологиялық жүйелер мен табиғи ортаның ластану жайын бақылау пунктерiн ұстау және дамыту;

-қысқа және ұзақ мерзiмдi метеорологиялық, гидрологиялық және агрометеорологиялық болжауды әзiрлеу мен жасау, гидрометеорологиялық құбылыстарды, климат өзгерiстерiн, жер бетiнiң радиациялық ахуалын зерттеу;

-гидрометеорологиялық табиғи құбылыстардың алдын алу;

-Қазақстан Республикасы ұйымдарының, кәсiпорындары мен мекемелерiнiң мүддесiндегi гидрометеорологиялық процестер мен құбылыстарға белсендi әсер ету жұмыстарын ұйымдастыру;

-гидрометеорологиялық және табиғи ортаның жай-күйi жөнiндегi Республикалық қорды жүргiзу;

-Қазақстан Республикасы аумағында өзге ұйымдардан алынған гидрометеорологиялық мәлiметтерге мемлекеттiк сараптау жүргiзу;

-өз құзыры шеңберiнде заң және заңға қосымша актiлердiң жобаларын әзiрлеу;

-өзге мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен гидрометеорологиялық және табиғи ортаның мониторингi саласында белгiленген тәртiппен ынтымақтастық орнату болып табылады.

Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мына қызметтердi жүзеге асырады:

-ғылым мен техниканың жаңа жетiстiктерi негiзiнде сенiмдi тiршiлiк етудi, табиғи ортаның жағдайын байқау мемлекеттiк жүйенiң одан әрi дамуын қамтамасыз етедi;

-атмосфераның, су бетiнiң, ауыл шаруашылығы дақылдары мен жайылымдардың, жер бетiндегi радиациялық жағдайдың жай-күйiне ұдайы байқау жүргiзедi;

-табиғи орта мен климаттың жай-күйiне әртүрлi табиғи факторлар мен адамның өндiрiстiк қызметiнiң әсерiне талдау жасайды, төтенше жағдайлар мен апатқа соқтыратын гидрометеорологиялық табиғи құбылыстарды болжаудың әдiстерiн жетiлдiредi;

-арнайы уәкiлеттi органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы үшiн бiртұтас жүйе бойынша судың сандық және сапалық көрсеткiштерi және оларды пайдаланудың мемлекеттiк есебiн сондай-ақ шарттық жағдайда Мемлекеттiк су кадастарын жүргiзудi жүзеге асырады;

-мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және басқа да орталық атқарушы органдармен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасының құрылыстарын жобалауға арналған гидрометеорологияның сипаттама есебiнiң әдiсi бойынша нормаларды, ережелердi және шаруашылық саласына гидрометеорологиялық қызмет көрсету жоспарын жасайды және бекiтедi, олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

-гидрометеорологиялық өлшеулер мен табиғи ортаның жай-күйiн бақылауға арналған аспаптар мен жабдықтардың номенклатурасын белгiлейдi, осы аспаптар мен жабдықтарға техникалық талаптарды әзiрлейдi;

-табиғи ортаның жай-күйiн бақылаудың мемлекеттiк жүйесiндегi өлшемдер нәтижелерiнiң бiрлiгi мен салыстырмалылығын, Қазгидрометтiң кәсiпорындары, ұйымдары мен мекемелерiнiң қызметiн метеорологиялық қамтамасыз етудiң негiзгi қағидаларын, ережелерi мен нормаларын стандарттауды қамтамасыз етедi, метеорологиялық бақылауды, метеорологиялық, гидрологиялық, актинометриялық, теңiз гидрометеорологиялық, агрометеорологиялық аспаптар мен құрғыларды тексеру мен аттестацияларды жүзеге асырады;

-министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң, басқа да орталық атқарушы органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың гидрометеорологиялық станциялар мен постарын ұйымдастыру мен таратуға келiсiм бередi;

-гидрометеорологиялық, геофизикалық байқау материалдарын, сондай-ақ табиғи ортаның жай-күйi туралы мәлiметтерiн орталықтандырылған есепке алуды, сақтауды және берудi жүзеге асырады;

-Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи ортаның жай-күйi, климаттың, агроклиматтың жағдайы және су ресурстары туралы ғылыми-техникалық және ғылыми-қолданбалы әдебиеттердi дайындауды және басып шығаруды жүзеге асырады;

-Қазгидромет кәсiпорындарының, мекемелерi мен ұйымдарының басшы, инженерлiк-техникалық және басқа қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

-Қазақстан Республикасының аумағында басқа ұйымдар алған гидрометеорологиялық деректердiң барлық түрiн, сондай-ақ олардағы гидрометеорологиялық ақпараттың пайдаланылуына қатысты кез-келген жобаларды сараптамадан өткiзедi;

-белгiленген тәртiппен басқа да шет ел мемлекеттерiмен және халықаралық ұйымдармен байланыс және ақпарат алмасуды жүзеге асырады, олармен өз құзырына жататын мәселелер бойынша шарттар жасасады, гидрометеорология және табиғи ортаның мониторингi мәселелерi жөнiндегi жұмысқа министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен ведомстволардың қатысуын үйлестiредi.

Қазгидрометке өзiне жүктелген мiндеттер мен қызметтерiн шешу үшiн мынадай жұмыстар атқарады:

-Қазақстан Республикасы Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитеттiң келiсiмiмен белгiленген тәртiппен өз меншiгiндегi гидрометеорологиялық өнiмдерiне бағаны әзiрлеу және бекiту;

-белгiленген тәртiппен барлық министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, басқа орталық атқарушы органдар, кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар үшiн мiндеттi гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласында жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi ережелердi, техникалық және әдiстемелiк нұсқауларды, сондай-ақ Қазгидрометке бақылаудың және техникалық есеп берудiң нәтижелерiн беру нысандары мен тәртiбiн бекiту;

-жүктелген мiндеттердi шешу үшiн және тұтастай алғанда салада және жекелеген кәсiпорынның өндiрiстiк қызметiнде гидрометеорологиялық ақпаратты пайдаланудың тиiмдiлiгiн бағалау үшiн қажеттi материалдарды министрлiктерден, мемлекеттiк комитеттерден, басқа да орталық атқарушы органдардан, кәсiпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан алу;

-күтiлген табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар және ауа-райының күрт өзгерiстерi туралы хабардар ету тәртiбiн министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да орталық атқарушы органдармен және облыс әкiмдерiмен келiсу;

-министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, басқа да атқарушы органдармен және облыс әкiмдерiмен бiрлесе отырып, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың зардаптарын және басқа да гидрометеорологиялық факторлар тудырған табиғи ортаның жай-күйiнiң өзгерiстерiн зерттеуге қатысу;

-белгiленген тәртiппен өзiне қарасты кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi құруға, таратуға және қайта құруға, осы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелердi құруға, таратуға және қайта құруға, осы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер туралы ережелердi (жарғыларды) бекiту;

-гидрометеорология және табиғи ортаның жай-күйiн бақылау саласындағы көкейтестi мәселелерге орай кеңес алысу, зерттеу және шешу үшiн ғалымдарды, мамандар мен сарапшыларды тарту;

-Қазгидрометтiң құзырына кiретiн мәселелер жөнiнде кеңестер, семинарлар, конференциялар және халықаралық симпозиумдар өткiзу құқығы берiлген.

Қазгидромет өзiне жүктелген мiндеттердi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен, мемлекеттiк комитеттерiмен, басқа да орталық атқарушы органдарымен және облыс әкiмдерiмен ынтымақтаса отырып шешедi.

Қазгидромет мерзiмдi және жылдың жиынтық қаржылық есебiн құрастырады және оны тиiстi орталық атқарушы органдарға ұсынады.

Қазгидрометтi Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын бастық басқарады.Қазгидромет бастығының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын (босататын) екi орынбасары болады.

Қазгидромет бастығы Қазгидрометке жүктелген мiндеттердi орындалуына толығымен жауап бередi, орынбасарлары мен бөлiмшелерi жетекшiлерiнiң дербес жауапкершiлiк деңгейiн белгiлейдi.

Қазгидромет бастығы:

-барлық мемлекеттiк органдарда, ұйымдарда Қазгидрометтiң мүддесiн бiлдiредi, шарттар жасайды, банктерде бюджеттiк есеп айырысу және өзге де шоттарын ашады;

-Қазгидромет бекiтiлген адам саны мен еңбекке төлеу шегiндегi орталық аппараттың штаттық кестесiн бекiтедi;

-Қазгидромет аумақтық органдарының қызметiн ұйымдастырады, Қазгидрометтiң қарамағындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың жұмысын үйлестiредi, олардың құрылымы мен ережесiн бекiтедi;

-облыс әкiмдерiмен келiсiм бойынша Қазгидрометтiң гидрометеорология және мониторинг жөнiндегi аумақтық органдарының басшыларын тағайындайды және босатады;

-Қазгидрометтiң құзырындағы қолданылып жүрген заңдар негiзiнде және орындау үшiн бұйрықтар, өкiмдер шығарады, саланың барлық қызметкерлерi, қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң орындауы үшiн мiндеттi нұсқаулар бередi[3].

2.4

[4, 98б]. «Қазгидромет» РМК ЖФ-ның Халықаралық ынтымақтастықтары

Қазгидрометтің халықаралық ынтымақтастығы келесі негізгі бағыттар бойынша дамиды:

-Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым (ДМҰ);

-II және VI ДМҰ Өңірлік Ассоциациялары;

-Гидрометеорология бойынша Үкіметаралық Кеңес  (ГҮК)

-Гидрометеорология саласындағы екі жақты және көп жақты Келісімдер;

-Халықаралық жобалар;

-Халықаралық курстарға, тренингтерге, оқу семинарларына қатысу.

Дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйым (ДМҰ) Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесінің және Жер атмосферасының жай-күйі және сипатының, оның мұхиттармен ара қатынасы, климаттың түзілуі және  су ресурстарын бөлудің туындауы    мәселелері бойынша БҰҰ жүйесі ақпаратының абыройлы көзі  болып табылады.

ДМҰ  мүшелік құрамында 188 мүше елдер мен аумақтар(2007 жылғы 24 қаңтар жағдайы бойынша) бар. ДМҰ Халықаралық Метеорологиялық Ұйымнан басталады(ХМҰ), оның іргесі  1873 жылы қаланған. 1950 жылы құрылған ДМҰ 1951 жылы метеорология, шұғыл гидрология және аралас география ғылымдары саласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының  мамандандырылған мекемесі болды.

Ауа райының, климаттың  және су циклының мемлекеттік шекарасы болмағандықтан, жаһандану масштабындағы  халықаралық ынтымақтастық метеорологияны және шұғыл гидрологияны дамыту үшін, сондай-ақ оларды қолданудан пайда алу үшін  аса маңызды болып табылады.

Ұйым мақсаттары:

а) метеорологиялық бақылаулар, сондай-ақ метеорологияға жататын гидрологиялық және  басқа да геофизикалық  бақылаулар шығаратын станса желісін құруда дүниежүзілік ынтымақтастықты жеңілдету және  міндеттеріне қызмет көрсетудің метеорологиялық және басқа да түрлерін қамтамасыз ету кіретін орталықтарды құру және қолдау;

b)метеорологиялық және басқа да тиісті ақпаратпен тез алмасу жүйелерін құруға  және қолдауға ықпал ету;

с) метеорологиялық және басқа да тиісті бақылаулардың стандартталуына ықпал ету және бақылау мәліметтерін және статистикалық мәліметтерді бірыңғай шығаруды қамтамасыз ету;

d) су проблемаларын шешуде авиацияда, кеме қатынасында, ауыл шаруашылығында және адам қызметінің басқа салаларында метеорологияны одан әрі қолдануға ықпал ету;

е)шұғыл гидрология саласындағы қызметке  және метеорологиялық, гидрологиялық қызметтер арасындағы одан арғы тығыз ынтымақтастыққа ықпал ету;

j) ғылыми-зерттеу жұмысын және метеорология саласындағы, қажеттілігіне байланысты, басқа да аралас салалардағы кадрларды дайындау жөніндегі жұмысты ынталандыруға, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және кадрларды дайындау бойынша халықаралық аспектердің қызметін үйлестіруге ықпал ету.

ДМҰ 10 негізгі ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы өз жұмысын жүргізеді. ДМҰ-дың ғылыми- техникалық бағдарламалары метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетудің кең спектрін қамтамасыз етуде және осындай қызмет көрсетуден пайда алуда, сондай-ақ қазіргі және туындап отырған проблемаларды шешуде барлық мүше елдерге көмек көрсетуге бағытталған.  Бағдарламалар өз ара көмекті метеорологиялық, гидрологиялық және басқа мүше-елдер арасындағы тиісті ақпаратпен ғаламдық алмасу арқылы құрылған және құрылуды жалғастырып жатқан білім базасын бірлесіп пайдаланудан алатын тұжырымдамаға және практикалық тәжірибеге негізделген.  ДМҰ бағдарламалары метеорологиялық және егер әрбір мемлекет жалғыз іс-әрекет ететін болса, туындауы мүмкін аз шығындармен  салыстырғанда, барлық елде  онымен байланысқан    қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік ауа райы қызметінің (ДАҚ) бағдарламасы ДМҰ-дың шешуші бағдарламасы болып табылады.  Ол бақылау жүйелерін, телебайланыс құралдарын, сондай-ақ барлық әлем бойынша тиімді метеорологиялық және гидрологиялық қызмет көрсетуге негізін қамтамасыз ету үшін мүше елдер пайдаланатын, мәліметтерді өңдеу және болжау жөніндегі орталықтарды біріктіреді. Ол сондай-ақ тропикалық циклондар жөніндегі бағдарламаны, Антарктикадағы қызметтің бағдарламасын және қоршаған ортадағы ядролық апаттармен, вулкандардың атқылауымен және басқа да осындай қауіпті құбылыстармен байланысқан қоршаған ортадағы төтенше жағдайларға байланысты  төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі бағдарламаны енгізеді.  Бұдан өзге, ДАҚ бағдарламасы ауа райын болжау және климатты мониторингілеу үшін бірінші дәрежедегі  маңызын білдіретін бақылау сапасын қамтамасыз етумен бақылаулардың аспаптары мен әдістері жөніндегі бағдарламаны енгізеді

Дүниежүзілік климат бағдарламасы (ДКБ) климаттық тербелістер немесе өзгерістердің үйлестірілген  халықаралық деңгейдегі зерттеуі мен мониторингілеуін өткізу арқылы климаттық үдерістерді жақсартуға ықпал етеді.  Ол сондай-ақ, әлеуметтік-экономикалық жоспарлау мен дамытуға көмек көрсету мақсатында климаттық ақпаратты және қамтамасыз етуді пайдалануға ықпал етеді. Бағдарламаның ғылыми –зерттеу құраушысы ДМҰ-мен, Ғылым жөніндегі халықаралық кеңеспен және ЮНЕСКО-ның Үкіметаралық мұхитграфиялық (ҮМГ) комиссиясымен бірлесіп жүзеге асырылады. Климаттың әсерін бағалау және ден қою стратегиялары бойынша құрамдастар қоршаған орта жөніндегі  Біріккен Ұлттар Ұйымының  бағдарламасымен үйлестіріледі.

Атмосфералық зерттеулер және қоршаған орта жөніндегі (АЗҚОБ) бағдарлама ғылыми зерттеулер бағыты бойынша ғаламдық бастамаларға қолдау көрсетеді.

Метеорология қолдану жөніндегі бағдарлама(МҚБ) мынадай төрт бағдарламалық салалардан тұрады: халыққа метеорологиялық қызмет көрсету, ауылшаруашылық метеорологиясы, авиация метеорологиясы, сондай-ақ теңіз метеорологиясы және мұхитграфиясы.

Гидрология және су ресурстары жөніндегі бағдарлама (ГСРБ) қоғам тұтынуларын қанағаттандыру, су ресурстарымен байланысқан қауіптілікті азайту, сондай-ақ ғаламдық қоршаған орта жағдайларын сақтау және жақсарту мақсатында су ресурстарын сандық және сапалық бағалауға қатысты. Ол барлық аспектерді стандарттауды және гидрологиялық әдістер мен әдістемелерді ұйымдастырып тапсыруды қамтиды. Бағдарлама тығыз түрде ЮНЕСКО Халықаралық гидрологиялық бағдарламасымен үйлестіріледі.

Білім және кадрларды дайындау  бағдарламасы (БКДБ) мүше елдерге, олардың  өздерінің ағымдағы міндеттерін ұтымды және үнемді  экономикалық тиімді орындауларына және жаңа технологиялармен байланысқан күрделі міндеттерді шешулеріне қабілетті болуларына, ұлттық метеорологиялық және қызметтер үшін білікті персоналды тиісті түрде алуларына көмектесу үшін арналған.

Техникалық ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама (ТЫБ) барлық әлем бойынша ҰГМҚ дамытуға бағытталған ресурстарды жұмылдыру жөніндегі қызметті үйлестіреді, ұйымға мүше-елдер арасында метеорологиялық, гидрологиялық әдістемемен тексерілген білімді ұйымдастырып, тапсырудың негізгі элементтерін енгізеді.

Өңірлік бағдарлама (ӨБ)  тиісті өңірлер үшін өзекті ДМҰ-дың барлық негізгі бағдарламаларымен  қиылысады және метеорологиялық, метеорологиялық және  олармен байланысқан бірегей сипаты бар, нақты өңір мен өңір топтары үшін жалпы мүддені білдіретін экологиялық мәселелерге арналған.

ДМҰ-дың ғарыштық бағдарламасы ДМҰ бағдарламаларының тұтынуына жауап беретін жер серігінің құрамдас бөлігі, ДМҰ Ақпараттық жүйесінің шешуші құрамдас бөлігі болып табылатын мәліметтерді беру және оларға кіруді қамтамасыз ету жүйесі және жер серігі мәліметтерінің және аса тиімді пайдалану арқылы өнімнің  пайдалылығын көтеру үшін қажетті әлеуетті өсірумен байланысқан құрамдас бөлігі сияқты үш үшбұрышта негізделеді.

Апат қауіпсіздігін азайту жөніндегі бағдарлама (АҚАБ)  адам өмірін, өмір сүру және жеке меншік құралдарын сақтау  бойынша қызметте  ДМҰ миссиясына  іргетас қалайтын бағдарлама болып табылады. Ол апат қауіптерін және 2005-2015 жылдарға арналған Хиог негіздемелік бағдарламасының іс-әрекеттерін іске асыру  саласында ДМҰ әртүрлі бағдарламалары бойынша жүзеге асырылатын тиісті қызметті біріктіруді қамтамасыз етеді. Апат сипаты бар жағдайға ден қойған кезде ДМҰ іс-әрекеттеріне ғылыми-техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы өзінің аумақтық тиесілігі бойынша II (Азия) Өңірлік Ассоциациясына және VI (Европа) Өңірлік Ассоциациясына кіреді.

Қазақстанның ҰГМҚ қызметі Өңірлік Ассоциациялардың шеңберінде келесі бағыттарды қамтиды:

-Бар бақылау жүйелерін, телекоммуникация құралдарын және мәліметтерді өңдеуді қолдау және одан әрі дамыту;

-Ұлттық Метеорологиялық, Гидрологиялық және басқа Қызметтер арасында мәліметтермен және өніммен ерікті және шектеусіз халықаралық алмасу;

-Анықтаудың, болжаудың және ескертудің жақсартылған жүйелерін жүзеге асыру арқылы қауіпті апат салдарларының алдын алу және жеңілдету;

-Метеорологиялық және климаттық ақпарат құндылығын ең жақсы түсіну және тануға ықпал ету үшін халықтың тиімді метеорологиялық қамтамасыз етілуін дамыту

-Ұлттық Метеорологиялық Қызметтердің әлеуетін өсіру;

-Су ресурстарын жоспарлау және тиімді пайдалану;

-Климат мониторингі, ғылыми зерттеулер және климат болжамдары.

Қазақстан Республикасы Гидромектеоролгия бойынша Мемлекетаралық кеңестің мүшесі болып табылады (ГҮК).

Қазгидромет мамандары кіретін ГҮК жұмыс топтары Ұлттық Гидрометеорологиялық Қызметтердің қызметінің барлық бағыттарын қамтиды:

-Гидрометеорологиялық ақпаратпен алмасу;

-Ғылыми зерттеулерді үйлестіру;

-Азаматтық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз ету;

-Өлшеу аспаптары және әдістері;

-Климат және озонның ғаламдық және өңірлік проблемалары;

-Жер серігі ақпараты;

-Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету және болжамдар;

-Табиғи орта ластануының мониторингі;

-Кадрларды дайындау;

-Гидрометеорологиялық үдерістерге белсенді әсерлер;

-Жер үсті бақылау желісі қызметін қамтамасыз ету;

-Гляциология;

-Ауыл шаруашылығы метеорологиясы;

-Теңіз метеорологиясы;

-Гидрология.

Қазгидромет екі жақты және көп жақты негізде гидрология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келесі келісімдерді жасасты:

-Қоршаған ортаның гидрометеорологиясы және мониторингісі бойынша Ресейдің Федеральдық қызметімен келісім (Росгидрометпен);

-Тәжік Республикасының Ауыл шаруашылығы және табиғатты қорғау министрлігінің Гидрометеорология агенттігімен келісім;

-Өзбекстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Гидрометеорологиялық қызмет орталығымен келісім;

-Түркіменстанның Министрлер кабинеті жанындағы Ұлттық гидрология комитетімен келісім;

-Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жанындағы Гидрометеорология бас басқармасымен келісім;

-Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасының Үкіметі, Тәжік Республикасының Үкіметі және Өзбек Республикасының Үкіметі арасындағы гидрометеорология саласындағы ынтымақтастық жөніндегі келісім;

-Словакия Республикасы Қоршаған орта министрлігінің «СГМУ» Словакия гидрометеорология институтымен келісім.

Қол қойылған құжаттарға сәйкес, Қазгидромет осы келісім бойынша гидрометеорологиялық бақылаулармен және  өңделген ақпарат  мәліметтермен алмасуды, бірлескен ғылыми-техникалық  бағдарламаларды,  төтенше гидрометеорологиялық жағдайлар қауіпі туындаған жағдайда хабарлауды, кадрларды бірлесіп дайындауды қоса алғандағы міндеттерді орындау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Назарбаевтың Қытай Халық Республикасына барған  кезінде, Қазақстан Республикасының Бас  гидрометеорология басқармасы және Қытай метеорология басқармасы арасындағы метеорология саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі 1995 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған келісімге сәйкес, мынадай өз ара іс-әрекет бағыттары анықталды:

-Метеорологиялық ақпаратпен алмасу;

-Бір айға, маусымға және бір жылға арналған қысқа мерзімді және орта мерзімді ауа райы болжамдары және ұзақ мерзімді болжамдар;

-Агрометеорология саласындағы ынтымақтастық;

-Өңірлік климатты және оның өзгерістерін зерделеу;

-Ғылыми зерттеулер нәтижелері бойынша басылымдармен алмасу;

-Шаңды дауыл қарқынын зерттеу;

-Жер серігі ақпаратын қабылдау, өңдеу және пайдалану;

-Техникалық ынтымақтастық.

Мамандардың өз ара қатысуы, бірлескен кеңестер өткізу, жаңа жүйелерді игеру және әзірлеу, кеңестер, лекциялар, және басқа ғылыми алмасу нысандарын өткізу, ғылыми басылымдар және метеорологиялық мәліметтермен алмасу сияқты ынтымақтастық нысандары келісілді.

Қазгидромет гидрология, метеорология, қоршаған ортаны қорғау, Қазгидромет қызметімен байланысқан басқа да  салалар климатының өзгеруі саласындағы халықаралық жобаларды әзірлеу және іске асыруға қатысады.

Каспий теңізінің өңірі мемлекеттерінің гидрометеорологиялық және метеорологиялық қызметтерінің ынтымақтастық бойынша бастамалары дамиды.

Қазгидрометке қолдағы бар міндеттер мен нормативтік құжаттарға сәйкес Каспий теңізі өңірінде келесі міндеттерді шешу жүктелген:

-Каспий теңізінің өңіріндегі халықты, шаруашылық және табиғатты қорғау қызметін гидрометеорологиялық қорғау;

-Каспий теңізінің деңгейін өлшеуді болжау бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу;

-Каспийдің гидрометеорологиялық мониторингісі және ластану мониторингісі желісін қалпына келтіру және дамыту жөніндегі бірінші кезектегі шараларды әзірлеу және іске асыру;

-Қазгидромет Каспий   өңіріндегі халықты, шаруашылық және табиғатты қорғау қызметін ақпараттық қамтамасыз етудің қойылған міндеттерін, гидрометеорологиялық мониторингті жүргізу бойынша қолдағы бар жоба шеңберінде орындайды.

Каспий теңізі өңіріндегі табиғи ортаның жай –күйі және ластану  мониторингісі саласында Қазгидромет жүйесінің қызметі келесі негізгі бағыттарда жүзеге асырылады:

-Каспий теңізінің өңірі үшін шұғыл және режимдік гидрометеорологиялық ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау мен тарату;

-Каспий теңізі ластануының мониторингісі;

-Каспий теңізі деңгейінің  күрт өзгеруінің себептерін зерттеу және әртүрлі күні бұрынғылықтың осы өзгерістерінің болжамын  әзірлеу.

Каспий теңізінің еркшелік жағдайларында  жоғарыда аталған міндеттерді шешу, жалғыз каспий маңы елінің  немесе бірнеше каспий маңы елдерінің күшімен шешу мүмкін емес. Каспий табиғи ортасының жай күйі жөніндегі мәліметтермен және ақпаратпен әртүрлі тұтынушыларды ақпараттық қамтамасыз ету міндеттерін шешу, барлық бес каспий маңы елдерінің күшімен бірлесіп жүзеге асуы мүмкін.

Барлық каспий маңы мемлекеттерінің гидрометеорологиялық/ метеорологиялық басшылары өңірдегі табиғи ортаның ластануы үшін гидрометеорологиялық желісі мен бақылау желісінің бұзылуымен байланысқан  төтенше жағдайға алаңдатушылықтарын білдіре, осы проблемаларды щешу үшін өзінің жауапкершілігін түсіне отырып,  1994 жылғы қыркүйекте дүниежүзілік Метеорологиялық Ұйымның (ДМҰ) белсенді қолдауымен Каспий теңізі ластануының гидрометеорологиясы мен мониторингісі бойынша Үйлестіру комитетін құрды(КАСПКОМ).

Шектен шыққан қолайсыз жағдайды түзету үшін, жоғарыда аталған салада Үйлестіру комитеті Каспий теңізі өңірінде қоршаған ортаның гидрометеорологиясы мен монитонгісі бойынша Кешенді бағдарламаны әзірлеу мен іске асыру үшін  шешім қабылдады.

КАСКОМ басшылығымен каспий маңы мемлекеттерінің сарапшылары ДМҰ және БҰҰ ықпал етуімен, білім, ғылым және мәдениет (ЮНЕСКО) мәселелері бойынша осы бағдарламаның жобасын әзірледі, ол Үйлестіру комитетінің 2-сессиясында қаралды және қабылданды (Баку, 1997 ж.10-15 ақпан).

КАСПАС-тың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

-Каспий теңізі өңірінде табиғи ортаның әуе және су ортасы, ластану және басқа да сипаттамаларының жай-күйі жөніндегі ақпарат алу және онымен алмасудың өңірлік жүйесін құру;

-Каспий теңізі деңгейінің өзгеру проблемаларының, сондай-ақ   өңір табиғи ортасының ластануының кешенді зерттелуін орындау, өңірдегі қоршаған ортаға олардың әсерлерінің болжамын бағалау және әзірлеу.

Өңірді дамытудың орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізуге және КАСПАС бағдарламасын іске асыру экологиялық  теңгерілген табиғат  пайдаланушының талаптарын қанағаттандыруға бағытталған барлық қызмет түрлерінің ақпараттық қамтамасыз ету үшін сенімді негізін құрады



 
21.06.2017 13:59