Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154234

«Казгидромет» РМК (отчет) - 1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны

СОДЕРЖАНИЕ
«Казгидромет» РМК (отчет)
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
1.1 «Қазгидромет» кәсіпорны
2.2 Қазгидрометтің Жамбыл облысы филиалының ұсынатын қызметтері
2.3 «Қазгидромет» РМК ЖФ- ның атқаратын міндеттері мен атқаратын жұмыстары
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
2.5 Жамбыл облысы метеостанциясына жалпы сипаттама
3.2 Метеорологиялық бақылау орны
3.3 Метеорологиялық бақылаулар жүргізу тәртібі мен мерзімдері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕККӨЗДЕР ТІЗІМІ:
ОТКРЫТЬ ПОЛНОСТЬЮ
2  «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ФИЛИАЛЫ

2.1 «Қазгидромет» РМК Жамбыл облысы филиалы туралы

Жамбыл облысыныда алғаш метеорологиялық бақылаулар 1870 жылы Әулие-Атада жүргізілген. Азаматтық соғыс кезінді көптеген станциялар өз жұмысын тоқтатқан болаты. Қазақстанда алғаш Гирометеорологиялық қызмет өз жұмысын бастаған кезде 1922 жылы біздің Жамбыл облысымызда небәрі 3 станция ( Әулие-ата (Тараз), Жуалы, Меркі)  болған. 1930 жылға дейін бұл станциялар тұрақсыз жұмыс істеп келді. Тек 1930 жылдан бастап станциялардың жұмыстары тұрақтала бастады.

Ұлттық гидрометеорологиялық  мекеме әр елдің инфрақұрылым  бөлігі болып табылады және өз кезегінде гидрометеорологиялық мәліметтерді жинап, өңдеу арқылы гидрометеорологиялық қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда, адам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынас басқа мәселелерге қарағанда басты назарда.

«Казгидромет» РМК Қазақстан Республикасының Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет көрсету жүйесіндегі бірден-бір орын, бұл кәсіпорын республиканың гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді. «Казгидромет» РМК республикамыздың  үкіметіне, басқару жүйесіне, шаруашылық объектілеріне және халыққа ауа райын алдын-ала болжау, апатты жағдайдың алдын алатын мәліметтер беру, табиғи ортаның бүгінгі және келешектегі жағдайы туралы мәлімдеу сияқты қызметтермен айналысыды.

«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы аумақтық бөлімше болып табылады.

«Казгидромет» РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Жамбыл облысы аумағында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингін жүргізеді.

Бүгінгі таңда гидрометеорологиялық  қызмет көрсету сұранысы өте жоғары, себебі мемлекетімізде халық санының артуы, елді мекендерде адамдардың көп шоғырлануы апатты жағдай салдарынан талай экономикалық дағдарысқа келіп отыр.

РМК «Казгидромет» Энергетика  Министрлігінің жүйелі бөлімшесі болып табылады және де экологиялық мәселелерді зерттеуде белсенді ат салысып,  Тараз қаласының атмосфералық ауасына, Жамбыл облысының шағын қалаларының атмосфералық ауасына және беткі суларына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізеді.

РМК «Казгидромет» Жамбыл облысы филиалының ұйымдастырушылық  құрылымы 1 - суретте көрсетілген.

Сурет-1. РМК «Казгидромет» Жамбыл облысы филиалының ұйымдастырушылық  құрылымы



 
21.06.2017 13:59