(25. 12.1939 ж. т., Атырау обл., Новобогат ауд., Манаш ауылы) - ақын, ҚР мемл. сыйлығының иегері (1984). Қазақстанның халық жазу-шысы(1996), Атырау пед. ин-тынбітірген (1961). 1961-66 і орта мектепте мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі, директор, 1966-70 ж. облыстық
"Коммунистік еңбек" газетінде әдеби қызмет-кер, "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газетінің Ақтөбе, Атырау, Орал обл-ндағы меншікті тілшісі, 1970-78 ж. "Қазақстан пионері" (қазіргі "Ұлан") газетінің редакторы. 1978 жыл-дан "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналының бас редакторы. Шығармалары 1958 жылдан карияланабастады. Балықшылар, жалпы бүгінгі замандастар өмірін, достық пен адамгершілікті суреттеген тұңғыш өлеңдер жинағы - "Сандуғаш" 1966 ж. жарық көрді. Мұнайшылардың ерлік еңбегіне арналған "Маңқыстау маржандары" (1969), өзіндік қолтаңбасын, азаматтық бағыт-бағдарын, ақындық мұратын танытқан "Мазасыз шақ" (1972) жинақтары шықты. "Асау толқын" (1973), "Мен сенің жүрегіңдемін" (1975), "Сенің махаббатың" (1977), "Шілде" (1978), "Сұхбат" (1982), "Дауа" (1985) т. б. өлең кітаптарында замандастар бейнесін сомдап, жарасты тұрмыс, жас ұрпақтың ойарманын терең суреттейді. Күрескер ақын Махамбет Өтемісов туралы "Алмас қылыш", қазақтың өнерлі қыздары Майра, Сара жайлы "Тартады бозбаланы магнитім", "Сайраған Жетісудың бұлбұлымын", батыр қыздар Әлия мен Мәншүк жөнінде "Тыңдаңдар, тірі адамдар", Африка халықтарының азаттық күресін жырлайтын "Қарғыс", Ұлы Отан соғысындағы кеңес адам-дарының ерлігіне арналған "Қасірет пен ерлік жыры" поэмалары, К. Дененбаева жөнінде "Біздің Кәмшат" (1966) атты деректі повесі жа-рияланды. "Үйім менің - Отаным", "Маңқыстау монологтары", "Революция және мен" өлең топ-тамалары үшін ҚР Мемл. сыйл. алды (1984). О. журналистика саласында жемісті еңбек етіп келеді. Еңбек адамдары туралы көркем очерктері "Биіктік" деген атпен 1976 ж. басылып шықты. Көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. Пабло Неруданың "Жүректің төрт мезгілі" кітабын, А. А. Блоктың "Нәпсі", "Куликов даласы", "Он екі жыл өткен соң", "Кармен", "Қарлы перде" елең топтамаларын, сондайақ С. Б. Каптикянның, Р. Ф. Казакованың, Е. А. Евтушенконың, араб ақыны Әбдірахман әл-Хамисидіңжекелеген шығарма-ларын қазақ тіліне аударды. "Құрмет Белгісі" орденімен және медальдармен марапатталған.
Шы ғ.: Көгершіндерім. Өледер. А., 1974; Нежность. Стихи. А., 1978; Тревоги. Стихи. М., 1979; Озарение. Стихи. М., 1980; Жүрек күнделігі. Таңдамалы. А., 1984; Алмазный клииок. Стихи. М., 1984; Ожидание солнца. Стихи. М., 1985.