Отбасы және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағыңда «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандық тары» деп көрсетілсе, 3-бабының 1-тармағында «Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы — халық» деп бекітілген. Құқықтық мемлекет құрудың бірден-бір шарты — халықтың құқықтық білімін көтеру мақсатында 1995 жылдың 21 маусымында Елбасының «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» № 2347 қаулысы қабылданған болатын. Аталмыш заңдық құжат азаматтардың құқықтық мәдениетін, білімін жетілдіре отырып, заңдылықты күшейту қажеттілігін негізгі меже етіп қойды. Мұның мәнісі қазіргі кездегі түрлі қылмыстық, әрекеттердің ушығып кеткенімен байланысты. Ертеректе «кәрші ақысы — тәңір ақысы» деп ынтымақпен өмір кешкен халықтың кейбір өкілдері бүгінде кәрші кемпірдің талғажау еткен жалғыз сиырын шімірікпестен қорасынан жетектеп әкететінді шығарған.1
Қазақ елінің заңды құрметтеуі, адам құқығын ардақтауы сонау ықылым заманнан-ақ қалыптасқан. Ғасырлар қойнауынан жол тартып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сана, мәдениетті сөйлеуге құрылған қарым-қатынасқа айрықша баға берген. Ел басқару ісіне жіті мән бергендіктен, ақ сақалды қариялардың түйінді бір ауыз сөзінің өзі тасқын тоқтатарлық күшке ие болған. Ал дуалы ауыздан шыққан қасиетті сөздер ел арасына кеңінен тарап, Ата Заң баптарындай бағыт беріп отырған .
Қазақ халқы жазусызуды білмеген кездің өзінде тәрбиеге ерекше көңіл бөліп, адам құқын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы, сол заманда ел тоқтаған «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1518 ж.ж.), «Есім ханның ескі жолы» (1598-1628 ж.ж.), Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» (1680-1718 ж.ж.) сияқты кәрнекті заңдар жұртшылық,ты ынтымақ пен бірлікке жұмылдырып, адамдарды әділеттілікке, яғни біреудің алажібін аттамауға тәрбиелей отырып, зорлық пен зомбылықтың барлық түріне қатаң жаза қолданған. Ал елі менжерін сатқан екіжүзділерді, жауыздықпен күн көрген қаныпезерлерді, Ата заңын аттаған азғындарды «етегін кесіп, елден қу» деген қағидамен аяусыз жазалаған.Ерте кезде адам және азамат құқықтарын теңестіретін демократиялық көзқарастың деңгейі төмен болғаны рас. Нағыз демократия өз жемісін екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, дәлірек айтқанда 1948 жылы берді. Өйткені, дәл осыжылы БҰҰ өзінің «Жалпыға бірдей адам құқығының декларациясын» қабылдаған еді. Бұл құжат дамушы елдер үшін адам құқын қорғау саласында бағыт беретін негізгі заң актілерінің бірі болды.
Енді құқықтық мемлекет құруға бет алған елімізде қылмыс неге көп, оның себебі неде деген мәселеге келейік. Кеңес одағы ыдырағаннан кейін басқа одақтас республикалар сияқты Қазақстанда да жұмыссыздар саны көбейді. Бұған зауыт, фабриқалардың жоқтығы, бұрыннан қалыптасқан әкономиқалық байланыстардың үзілуі себеп болды. Әсіресе, республика заңдарын орындамау жауапсыздық пен құқықтық сауатсыздықты тудырды.
Қазір жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың ішімдік ішу, нашақорлық, әйел зорлау, жезөкшелік сияқты түрлері көп ұшырасады. Бұған, әлбетте, сағат сайын теледидардан соғыс пен кісі өлтіруге, жалаңаш ерлер мен әйелдерді жарнамалауға құрылған бейнефильмдердің шексіз көрсетілуі себеп. Міне, осындай жүйесіз, жүгенсіз бейнефильмдерге бой алдырып, санасы уланған жасөспірімдердің ертеңгі күні сол жаман әдетке еліктемеуіне кім кепіл?! Сондықтан, республика Президентінің жоғарыдағы қаулысының әкономиқалық-әлеуметтік жағдайларды қамти отырып, Құқықтық мемлекетті жеделдете құруға мұрындық болатын заңдық құжат екендігі шындық. Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру жас урпақ үшін халықтық іс бояуы шарт. Бул отбасындағы ата-анадан бастап, мемлекетке дейінгі аралықта атқарылатын маңызды жумыстардың бірі болып есептелуі тиіс.
Бүгінгі таңда мектеп алдыңда тұрған міндеттердің бірі — оқұ-тәрбие жұмысының барлық саласына құқықтық шараларды енгізу. Мұның мәнісі әрбір оқұшының құқықтық санасын қалыптастыру мен жауапкершілігін нығайтудың тйімді жолдары мен тәсілдерін қолдануда. Оқұшыларға құқықтық тәрбие беру үшін, ең алдымен оларға Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясының мазмұнымен жыл бойына түбегейлі таныстыру қажет. Құқықтық сана — қоғамдық сананың құрамдас бөлггі, ал құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның бірыңғай ұйымдасып, өмір сүруін қамтамасыз ететін күшті құрал.
Заңның рөлі, әсіресе әкономикасы дамыған елдерде терең байқалады. Елімізде жүргізіліп жатқан әкономикалық реформалар «Жекешелендіру туралы», «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» және т.б. заңдарды басшылыққа алған. Ал құқықтық тәрбие берудегі мемлекеттің рөлі айрықша. Бүгінге дейін біз құқықтық тәрбиені «Қазақстан мемлекетінің құқық негіздері» деген пәнді оқыту арқылы беріп келдік. Десекте, бұл құқықтық мемлекет құру үшін аздық етеді. Аталмыш пәнді оқұшыға 1-сыныптан бастап соңғы сыныпқа дейінгі аралықта оқытып, құқықтық тәрбиемен ұштастырған жөн. Оларға Конституция және жалпы заң туралы ұғымдарды терең қамти алатындай жағдай тудыру шарт. Қазіргі кезде оқұшыға қылмыс пен жаза туралы толық дәріс беріп, оқұшылардың өздеріне тиісті құқықтары мен міндеттерін, бұған қоса ата-ананың құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, өзін-өзі қорғай білуге баулу керек-ақ. Оларға заңды білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмеген адам жағымпаз, жасқаншақ, екіжүзді, қорқақ болатының үнемі айтып, түсіндіру де артық етпейді. Қысқа қайырғанда, әрбір азамат заңгер болуы керек.2
Жоғарыда құқықтық тәрбие беруді отбасынан бастаған дұрыс дедік. Ал, ол кейін мектепте жалғасса, мектептен қоғамдық ортаға бағыт алса, сонда ғана біз көздеген мақсатқа жетпекпіз. Мектеп мемлекеттік оқұ-тәрбие мекемесі болғандықтан, онда жүргізілетін құқықтық білім мен тәрбие жұмысы да алдың ала жоспарлануы тиіс. Әр ұстаз өз пәндеріне байланысты заңдық құжаттарды пайдалана отырып, ашық сабақ өткізсе, әр сынып жетекшісі ертеңгілік, апталық сабақтарды, іскерлік ойын, сөзжұмбақ, ребус, анкета, тест жұмыстарын, сұрақ-жауап, пікір сайыстарды құқықтық тақырыппен байланыстырып жүргізуді қадағалап отырса, нұр үстіне нұр болмақ.
Кезінде нарық заманыңың нар белін қайыстырған қиыншылықтарына кезіктік, уақыт өзгеріп, ұрпақ ауысты дедік, қойшы, әйтеуір еліміздің ертеңгі болашағынан саналынатын жастар тәрбиесін уыстан шығарып алғанымызды күні бүгіндері кеш аңғарып отырмыз. Қазір сол одақ тұсындағы құатты жастар қозғалысын қанша жерден қалпына келтіреміз деп талпынғанымызбен ісіміз ілгерілемей шатқаяқтап келеді. Жастар мен жасөспірімдердің құқығын қорғау, оларға тәлім тәрбие беру жөнінде бірнеше заң қабылданғанымен күнделікті тәжірибеде олардың да тетіктері толық іске қосылмай, бір кездері өзара сабақтасып жатқан мектеп пен отбасы және қоғамдық ұйымдар арасындағы байланыстың әлсіреп, аққудың көкке, шортанның көлге тартқаныңдай берекесіздіктің үстемдік құрып тұрған жағдайы бар. Сонымен соңғы жылдары патриотизм мен отан сүйгіштік рухынан айырылып қалған жастар қауымы арасында қылмыстың қаулап өсуі үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Әрине оның түпкі себебін бір ауыз сөзбен түсіндіріп беру қиын мәселе.3