Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154428

Шпоргалка - История Казахстана КАЗ (1-499)

 

1.1960 жылдардың ортасынан бастап 80 жылдардың ортасына дейінгі мерзімнің шартты атауы:

А) «Тоқырау жылдары»

 

2.Тоқырау жылдары КСРО-дан іргесін аулақтатып әкеткен мемлекеттің бірі:

В) Югославия

 

3.1970 жылдардың соңына қарай экономикасында түбегейлі өзгерістер басталған мемлекет:

С) Қытай Халық Республикасы

 

4.1979 ж. 16 маусымда жастардың  Неміс автономиясын құруға наразылық шеруі болған қала:

D) Целиноград

 

5.Семей ядролық полигонында ең алғашқы сынақ өткізілген жыл:

Е) 1949 ж

 

6.О.Сүлейменовтың тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталған кітабы:

А) «Аз и Я»

 

7.1964-1986 жылдары Қазақстанды басқарған:

В) Д.А.Қонаев

 

8.1965 ж. өзінің алғашқы мұнайын берген кен орны:

С) Өзен

 

9.ХХ ғ.-ң 70-ші жылдары фермерлік шаруашылықты дамытуға өз үлесін қосып, қағазбастылыққа шектеу қойған:

D) И.Худенко

 

10.1979 жылы ұлтаралық қатынастарда келеңсіз құбылыстардың орын алғандығының бір көрінісі:

Е) Неміс автономиялық облысын құру туралы шешімнің қабылдануы.

 

11.1967 ж. Л.И.Брежнев КСРО-да төмендегідей қоғам орнады деп мәлімдеді:

А) Кемелденген социализм

 

12.1975 ж. Алматыда шыққан «Аз и Я» кітабының авторы:

В) О.Сүлейменов

 

13.1979 ж. «Неміс автономиясының» құрамына енгізілмек болған облыстар:

С) Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Ақмола

 

14.1979 жылғы Целиноград қаласындағы оқиғаның себебі:

D) Неміс автономиясын құруға қарсылық

 

15.1960 жылы қаңтарда болған пленумда республика партиясының бірінші хатшысы болып сайланған:

А) Д.А.Қонаев

 

16.Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы республиканың жаңа Конституциясы жобасын «бүкілхалықтық талқылауға» ұсынған жыл:

В) 1978 ж

 

17.1960 жылдардың ішінде айналасына алғашқыда 800 студентті біріктірген ұйым:

Е) «Жас тұлпар»

 

18.1970 жылдары әлемнің көптеген елдеріне танымал болған, «Жас тұлпардың» ықпалымен құрылған ансамбльдер:

А) «Гүлдер», «Дос-Мұқасан», «Айгүл»

 

19.1960 жылдардың ІІ жартысында салынған электр станциясы:

В) Жамбыл

 

20.1972 жылы салынған электр станциясы:

С) Қапшағай

 

21.1960 жылдардың ІІ жартысында мұнай өндіру мен өңдеу жұмыстарының көлемі арта бастаған түбек:

D) Маңғыстау

 

22.Республикадағы түсті металлургияның аса ірі орталығы:

Е) Шығыс Қазақстан

 

23.1960 жылдардың ІІ жартысында салынған зауыт:

А) Ертіс химия-металлургия зауыты

 

24.Қазақстан нағыз экологиялық апат аймағына айналған жыл:

В) 1950 жылдардан бастап

 

25.Батыс Қазақстандағы атом полигоны :

С) Капустин Яр

 

26.Семей полигонында 1949 жылдан 1963 жылға дейін жасалған ашық жарылыстың саны:

D) 113

 

27.Қазақ жерінде ядролық қалдықтарды көметін орындардың саны:

Е) 300

 

28.1967 жылдың аяғына қарай жаңаша жұмыс істей бастаған өнеркәсіп орындарының саны:

А) 193

 

29.1970 жылдары жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеуге көшкен кәсіпорындар пайызы:

В) 80%

 

30.1970 жылдар ішінде Қазақстанда көмірді арзан бағамен, ашық әдіспен өндірген өндіріс орны:

С) Екібастұз

 

31.1960 жылдың ІІ жартысында Өзеннен мұнай, газ құбырлары тартылған қала:

D) Ақтау

 

32.1984 жылы темір кенін өндірудегі жылдық өнімі:

Е) 24 млн. тонна

 

33.1960 жылы Павлодардағы машина зауытының негізінде құрылған зауыт:

А) Трактор зауыты

 

34.1964-1989 жылдар аралығында 343 жерастылық жарылыс болған полигон:

В) Семей

 

35.1960-70 жылдардың ішінде Семейде салынған зауыт:

С) Кабель зауыты

 

36.1980 жылдардың ортасына қарай Қазақстанда жергілікті халықтың үлесі басым болған облыстар:

D) Қызылорда, Атырау

 

37.1971 жылы мектеп бітірушілерді қой шаруашылығына  шақырып, бастама көтерген аудан:

Е) Шұбартау

 

38.1970 жылдардың ішінде одақтас республикалар арасында қой санынан алған орны:

А) Екінші

 

39.1970 жылдардан бастап экологиялық апаттық аймақ:

В) Арал теңізі

 

40.Капустин Яр атом полигоны орналасқан облыс:

D) Батыс Қазақстан

 

41.1960 жылдардың ішінде  былғары аяқ-киім  фабрикасы салынған қала:

Е) Жамбыл

 

42.1960 жылдардың ішінде төмен вольтты аппараттар зауыты салынған қала:

А) Алматы

 

43.1970 жылдары республика одақта жетекші орынға шыққан өндіріс:

В) Сары фосфор

 

44.1960 жылдары құрылған «Жас тұлпар» ұйымының ұйымдастырушылары:

С) А.Қадыржанов, Б.Тайжанов

 

45.Өзен орнынан алғашқы мұнай алынған жыл:

D) 1965ж

 

46.1970 жылдары Қазақстанда ауыл шаруашылығын  басқарудың жаңа үлгісін енгізуге тырысқан:

Е) И.Худенко

 

47.ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы:

А) Еркін адамдар

 

48.Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің ен-таңбаларын салған жартас:

В) Таңбалы Нұра

 

49.«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы:

С) «Алаша хан»

 

50.«Қазақ халқының жүзге бөлінуі, қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде өз жерін қорғау қажеттілігінен туған»-деп жазған қазақтың тұңғыш ағартушы ғалымы:

D) Ш.Уәлиханов

 

51.Қазақ халқының құрылымына байланысты «қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған уақыт:

Е) XV ғасырдың ІІ жартысы

 

52.Қазақтың халық болып құрылуына әсер еткен біріккен этникалық топ:

А) қыпшақтар тайпалар одағы және үйсін тайпалар одағы

 

53.Жәнібек, Керей хандарымен бірігіп көшкен ру-тайпалардың алғашқы атауы:

В) өзбек-қазақтар

 

54.Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы:

С) мықты, берік, алып

 

55.«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған ғасыр:

D) XIV ғасыр

 

56.«Үш жүз» аңызы бойынша қазақ халқы ру-тайпаларының өз таңбаларын салған жері:

Е) Таңбалы Нұра

 

57.Қазақ халқының, жүздерінің пайда болуы туралы айтылған аңыз:

А) Алаша хан

 

58.Қазақ мемлекеті құрылғаннан кейінгі кезде қазақ халқының жүзге бөліну себебі:

С) Өз жерін қорғау үшін

 

59.«Қазақ жүздерінің құрылу себебі, олар (қазақтар) көшіп-қонып жүрген жерлерінде өз құқықтарын қорғау үшін одақтар құрған. Ол одақ – қазақ жүздері»-деп жазған ағартушы ғалым:

D) Ш.Уәлиханов

 

60.Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары:

Е) Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін

 

61.XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер:

А) Түркістан аймағы

 

62.Орталық, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік-шығыс Қазақстан үйсіндер одағының бірігу нәтижесінде құрылған халық:

В) Қазақ

 

63.Сырдарияның орта бойындағы оғыздар мен қыпшақтардың арасындағы өзара байланыс басталған ғасыр:

С) Х ғасыр

 

64.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы:

D) Араб-қыпшақ

 

65.««Қазақ» сөзі хорасан түркімендері арасында этникалық сипатта қолданылған тәрізді»-деп жазған тарихшы:

Е) Б.Е.Көмеков

 

66.XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:

А) Еркін, кезбе

 

67.IX-X ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны:

В) Алаш

 

68.Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз:

С) Алаш

 

69.ІХ-Х ғасырларды «қазақ» атауы әлеуметтік мағынада қолданылған жер:

D) Шығыс Дешті Қыпшақта

 

70.Өзбек ұлысында (XV ғ.) үш халықтың болғандығы, оның ішінде ең көбі ержүректері екені жайлы хабар айтқан:

Е) Рузбихан

 

71.XIV-XV ғасырларда Қазақстанда мекендеген ру-тайпалардың ауызша таралған әдебиет туындыларының ғылыми атауы:

А) Фольклор

 

72.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар мен қияттардың қызылбастар мен қалмақтарға қарсы соғысын суреттейтін жыр:

В) Қобыланды батыр

 

73.Қуаңшылдық жылдары жасалған ырым:

А) Көкке табыну

 

 

74.Қазақстанның байырғы тұрғындардың түсінігіндегі аспан әлемінің мағынасы:

D) Көк тәңірі

 

75.Тіл-көз тиюге байланысты сақталып қалған нанымның атауы:

Е) Бойтұмар

 

76.Қасиетті бұлақ басына ақ құйып көктен жаңбыр сұрау ырымының атауы:

А) Тасаттық

 

77.XIV ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан:

В) Тоғылық-Темір

 

78.XIV-XV ғасырларда халықаралық қарым-қатынастарда сөздік ретінде пайдаланған еңбектің аты:

С) «Кодекс куманикус»

 

79.XIV-XV ғасырларда қыпшақтар арасынан шыққан Кутбтың әдеби шығармасы:

D) «Хұсрау мен Шырын»

 

80.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:

Е) «Ер Тарғын»

 

81.Сүйіспеншілік, әділеттілік тақырыбында жазған Дурбектің поэмасы:

А) «Жүсіп – Зылиха»

 

82.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыз:

В) «Сағыныш»

 

83.XIV-XV ғасырлардың аралығында белгілі болған өзбек ақыны Хорезмидің әдеби шығармасының аты:

С) «Мухаббатнама»

 

84.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

D) Шора батыр

 

85.XIV ғасырда исламның таралуына қатты көңіл бөлген хандар:

Е) Өзбек хан, Тоғылық-Темір

 

86.Ислам діні Қазақстанда VIII ғасырда тарай бастағанымен, халықтың жүрек түкпіріне ХІХ ғасырдың аяғына дейін толық жете қоймағаны жөнінде өз пікірін жазған қазақтың тұңғыш ғалымы:

А) Ш.Уәлиханов

 

87.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:

В) Асан қайғы

 

88.XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:

С) Жоямерген

 

89.Алтын Орда ыдыраған кезде пайда болған тарихи батырлық жыр:

D) Орақ - Мамай

 

90.XIV-XV ғасырлардан бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі:

Е) «Ескендір»

 

91.Алтын Орда дәуірінен бері келе жатқан күй-аңыздың аты:

А) «Жошы ханның жортуы»

 

92.XIV-XV ғасырлардан әлі күнге дейін тәрбиелік мәні зор батырлық, өнегелік мазмұндағы ертегілердің бірі:

В) «Жерден шыққан Желім батыр»

 

93.XIII-XV ғасырлардан аттары бізге аңыз болып жеткен ауызша поэзия өкілдердің бірі:

С) Кетбұға

 

94.XIV-XV ғасырларда материалдық игіліктер негізделген шикізат көзі:

D) Мал басынан алынды

 

95.ХІІІ ғасырда қыпшақтардың сүттен қалай май алатынын, құртты, қымызды қалай жасайтындарын таңдана жазғандар:

В) Еуропа саяхатшылары

 

96.Шөлдеп келе жатқанда қыпшақтар сиыр сүтінен жасалған қышқыл сусын бергенін, оны айран деп атайтындарын жазған:

С) В.Рубрук

 

97.XIV-XV ғасырларда жаздыгүні бастарына ыстық өткізбейтін ақ киізден жасалған:

D) Айыр қалпақтар киген

 

98.Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз:

Е) «Күннің баяны»

 

99.Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекеті кезінде өркендей бастаған сәулет өнерінің тамаша туындысы:

А) Айша бибі кесенесі

 

100.XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене:

В) Дәуітбек кесенесі

 

101.Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене:

С) Арыстан баб кесенесі

 

102.Ел аузындағы аңыз бойынша Арыстан баб өмір сүрген уақыт:

D) VII-VIII ғасырларда

 

103.Құлап қалған Арыстан баб күмбезін XIV ғасырда қайта салғызған:

Е) Әмір Темір

 

104.Арыстан баб кесенесі:

А) 2 бөлмелі

 

105.Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнерінің ғажайып туындысы:

В) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

 

106.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала:

С) Түркістан

 

107.Қожа Ахмет Иассауи кесенесін салуға Әмір Темір бұйрық берген жыл:

D) 1397 ж

 

108.Қожа Ахмет Иассауи кесенесінде залдың ортасында тұрған үлкен тайқазан жасалған жыл:

Е) 1399 ж

 

109.Қожа Ахмет Иассауи кесенесіндегі ең негізгі бөлме:

А) Кітапхана

 

110.Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің биіктігі:

Е) 37,5 м

 

111.Сығанақ қаласының маңында орналасқан бір күмбезді кесене:

D) Көккесене

 

112.XIV-XV ғасырларда далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалған ескерткіш:

Е) Алаша хан кесенесі

 

113.Қабырғаларының сырты Алаша хан күмбезі секілді қыштан, кілем өрнегі үлгісіне ұқсатып қаланған кесене:

А) Көккесене

 

114.Қабырға сыртын әсемдеу ісінде қазақтың дәстүрлі ою-өрнегі (таңдай, жүрекше) кең қолданылған кесене:

В) Алаша хан кесенесі

 

115.XV ғасырдың ІІ жартысында салынып жартылай сақталған ескерткіш:

С) Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі

 

116.Рабиға Сұлтан Бегімнің басына қойылған құлпы тасы табылған жер:

Е) Ахмет Иассауи күмбезінің ішінен

 

117.Ақ Орданың орталығы Сығанақ қаласының маңында орналасқан кесене:

А) Көккесене

 

118.Ұлытау ауданындағы Қаракеңгір өзенінің жағасында салынған кесене:

В) Алаша хан кесенесі

 

119.Ислам дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушы, әрі ақын:

Е) Қожа Ахмет Иассауи

 

120.X-XII ғасырларда Тараз қаласының маңындағы сәулет өнерінің тамаша туындысы:

А) Бабаджа-қатын кесенесі

 

121.Қолданбалы өнердің ғажайып үлгілері қолданылған ғимараттар:

D) Қожа Ахмет Иассауи кесенесі

 

122.Сәулет өнерінің орта ғасырда биік деңгейде болғандығының дәлелі:

А) Құрылыс материалдарының сапалы болуы

 

123.XIV-XV ғасырларда сәулет өнерінде қалыптасқан жаңа үлгілер:

В) Ғимаратты күмбез шатырмен жабу

 

124.XIV-XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған туынды:

С) «Оғызнама»

 

125.Киелі аң-құстың тісін, тырнағын тіл-көз тимеуге қарсы жасаған ырымның атауы:

D) Бойтұмар

 

126.XIV-XV ғасырларда Қазақстандағы хандықтар шаруашылығының басым түрі:

Е) Мал шаруашылығы

 

127.ХІІІ ғасырдың соңындағы жазба деректерге қарағанда, пайдаланылған киіз үйдің түрлері:

А) Арба үстіне тігілген, жылжымалы

 

128.Ғарыш пен жердің, күн мен айдың, жұлдыздардың қайдан шыққандығы туралы жазылған аңыз:

В) «Темірқазық пен Жетіқарақшы»

 

129.«Шыңғыснаманың» авторы:

С) Өтеміс қажы

 

130.«Дешті уалаяты Берке ханға бағынған кезде дінсіздердің көп бөлігін ол ислам дініне кіргізді»-деп жазған Өтеміс қажының кітабының аты:

D) «Шыңғыснама»

 

131.Қазақстанда ислам діні VIII ғасырда тарағанымен ХІХ ғасырдың аяғына дейін тұрғындардың жүрек түкпіріне жете қоймағаны жөніндегі пікірін жазған Ш.Уәлихановтың мақаласының аты:

Е) «Ислам діні»

 

132.XVIIғасырдың 40 жылдарынан бастап, Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет:

С) Жоңғария

 

133.1715 жылы Тәуке өлгеннен кейін оның мирасқоры:

С) Қайып

 

134.Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты:

D) Қазақ  елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату

 

135.1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып, жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер:

А) Қарақұм

 

136.1723 ж. Жоңғарияның барлық күш – қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі:

С) Цин императоры Кансидың өлімі

 

137.Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды»:

С) XVIII ғ. 20 жылдары

 

138.Жоңғардың қалың қолы Қазақстанға тұтқиылдан басып кірген жыл:

А) 1723 жылы

 

139.Жоңғарлардан қашқан Орта жүз рулары үдере көшті:

В) Самарқанға

 

140.Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған:

Е) Жетісу

 

141.Қазақтардың қалмақтарға Бұланты өзенінің бойында соққы беруі:

D) 1726жылы

 

142.Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған:

D) Әбілқайыр

 

143.Аңырақай шайқасы болды:

D) 1729-1730 жылдары.

 

144.1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы:

А) Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді

 

145.1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға:

В) «Қалмақ қырылған»

 

146.Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры:

В) Бөгенбай

 

147.Болат хан өлгеннен  кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары:

В) Сәмеке  мен Әбілқайыр

 

148.Аякөз өзені жағалауында қазақтардың жоңғарлармен соғысы:

С) 1718жылы

 

149.Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:

Е) 1724-1725жылы

 

150.Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі:

D) Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды

 

151.Топонималық мәліметтер бойынша қазақ жасақтарының Ордабасы тауында

Е) Шашыраңқы ұрыс тактикасымен ұйымдастырылды

 

152.Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы:

С) 1731жылы

 

153.Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша:

В) Анна Иоанновна

 

154.XVIIғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:

D) Әбілқайыр хан

 

155.Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер:

D) Құндағұлұлы,Қоштайұлы

 

156.1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны:

А) 29 старшын

 

157.Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген:

Е) А.Тевкелев

 

158.1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс

В) Ор

 

159.Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты:

С) Ресеймен сенімді байланыс орнатып,бар күшті қалмақтарға жұмылдыру

 

160.1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы :

В) В.Татищев

 

161.Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:

D) Барақ сұлтан

 

162.Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын:

В) 1735-1737 жылдары

 

163.1740 жылы Кіші Жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет:

D) Иран

 

164.Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылы қай жылдары болды?

С) 1741-1742 жыл

 

165.Орынбор қаласының салынуы

С) 1743 жылы

 

166.1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:

С) Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу

 

167.1742 ж.20 мамырдағы Ресей Сенатының Жарлығы

С) Қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау туралы

 

168.1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан:

В) Қайып сұлтан

 

169.XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп

С) Колыван шебі

 

170.XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары

А) Семей, Өскемен, Бұқтырма

 

171.Қазақ – орыс сауда байланыстарының кеңейген кезеңі

D) XVIII ғ. 60ж.

 

172.1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі

С) Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек   қоймай қабылдауға рұқсат алу

 

173.Көшпенділердің күнделікті қажеттерін қатамасыз ететін басты орыс тауарлары

А) Шойын қазан, шұға, қант

 

174.1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды:

В) Жайық жағалауына мал жаюға

 

175.Жайық бйында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды

А) 1756 жылы

 

176.Патша өкіметі Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлаулауда пайдаланды

D) Нұралы хан мен Батыр сұлтанның алаутанның алауыздығын

 

177.1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан

С) Әбілмәмбет

 

178.Патша үкіметі шекаралық аймақтарда тұратын халықтың санын көбейту мақсатымен 1760 жылы өлкеге қоныстандырды:

С) Казактарды

 

179.1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император:

А) I Павел

 

180.Абылай ханның өмір сүрген жылдары

В) 1711-1781ж.ж

 

181.Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін мойындаған жыл

С) 1740ж

 

182.XVIIIғ.қазақ жерлерін қалпына келтіріп,билік жүргізген хан

D) Абылай

 

183.Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс

D) Хан билігі шексіз болды

 

184.Абылайдың атасы «Қанішер» Абылай билік құрған қала

В) Түркістан

 

185.Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді

В) Абылайдың

 

186.Абылайдың Қытай билігін мойындаған жылы

С) 1757ж

 

187.Абылай хан жерленген қала:

Е) Түркістанда

 

188.Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам

С) Бұқар жырау

 

189.Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты

С)  «Сабалақ»

 

190.Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір:

А) Ертіс бойы

 

191.1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды:

С) Жоңғарияның

 

192.1761ж. Абылай орыстың осы патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап, хат жазды:

С) Елизавета Петровна

 

193.1778 жылы II Екатерина Абылай ханды

С) Орта жүздің ханы етіп бекітті

 

194.Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы:

В) Егіншілік

 

195.1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер:

В) Әбілпайыз

 

196.Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан

Е) Абылай

 

197.Қытай қолбасшылары Фу Дэ,Чжао Хой бастаған әскердің Қазақстанға басып кірген жылы

С) 1757ж

 

198.Абылайдың бас мирасқоры

А) Уәли

 

199.XVIIIғ.70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала

В) Ташкент

 

200.Қытайлармен шайқаста  жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған, Жоңғар тағына таласушылардың бірі

С) Әмірсана

 

201.Өлкенің этнографиясы туралы ғылыми мұра қалдырған, Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған

В) П.Рычков

 

202.Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқаны туралы мәлімет, Қазақстан туралы көптеген бағалы деректер қалдырған

Е) И.Миллер

 

203.XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі

D) Ақтамберді

 

204.Абылайдың керемет қасиеттерін жырлап, Орта Жүздегі оқиғаларға белсене қатысқан, шығармаларына батырлар ерлігін арқау еткен XVIIІ ғасырдың

IІ жартысындағы танымал ақын

С) Тәтіқара

 

205.Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі Қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылатын XVIIІ ғасырда өмір сүрген белгілі жырау

С) Үмбетей

 

206.XVIIІ ғасырдағы қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау

В) Бұқар

 

207.«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» поэмасының ерекше бір нұсқасының авторы, XVIIІ ғасырдың суырып салма ақындардың бірі

В) Жанақ

 

208.«Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы

С) П.Рычков

 

209.Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар:

В) 1773-1775 жж.

 

210.Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері

В) Кіші және Орта жүз

 

211.Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған

С) Жер мәселесі

 

212.Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборда қоршауға қатысқан қазақтар саны

С) 200

 

213.Патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салынған үкімі жарық көрген жыл:

С) 1742 жылықазан

 

214.Е.Пугачевтің үндеуін қолдаған Орта жүздің биі

D) Дәуітбай

 

215.Е.Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы

В) генерал Суворов

 

216.Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны

С) Досалы

 

217.Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс

А) Кулагин

 

218.1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі

Е) Зәбір

 

219.Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді

А) Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен

 

220.Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр

С) Сырым

 

221.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар

А) Жайқты қоршауға, Кулагинді алуға

 

222.Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі

С) Пресногорьковск

 

223.Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны

С) Досалы

 

224.1774-1775 жылдары Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскердің саны

С) 3500 адам

 

225.С.Датұлы старшын болған ру:

С) Байбақты

 

226.С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші

Е) шаруалар

 

227.С.Датұлының қазақ әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы болды

С) 1783 жылы

 

228.1783-1797 жылдары С.Датұлы бастаған көтерілістің қамтыған аймағы

D) Кіші жүз

 

229.С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы

С) Есім

 

230.С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды:

С) 1796-1797 жж.

 

231.С.Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болды:

Е) 1783-1797 жж.

 

232.1785 жылы наурызда Сахарная бекінісне шабуыл кезінде тұтқынға түскен сұлтан:

D) Айшуақ

 

233.1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім

А) Нұралыны тақтан тайдыру туралы

 

234.1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер

А) Хиуа хандығы

 

235.1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан

А) Айшуақ

 

236.Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді

В) Шекаралық сотқа

 

237.1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады

В) Хан сарайына

 

238.1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды

С) Ералы

 

239.С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:

В) 14 жылға

 

240.Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі

В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді

 

241.Нұралы ханды тағынан тайдыру туралы шешімді қолдаған Кіші жүздің руларының саны:

А) 20-ға жуық

 

242.1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:

В) Қарабай сұлтанның

 

243.Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті

С) Кіші жүзде хандық билікті жою

 

244.Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған

D) барон Игельстром

 

245.Бөкей Ордасы құрылды

А) 1801 жылы

 

246.Бөкей Ордасының территориясы

D) Еділ мен Жайықтың аралығы

 

247.Ішкі Орданы құру туралы жарлыққа қол қойған орыс патшасы

Е) І Павел

 

248.Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:

А) Жасқұста

 

249.Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл

Е) 1827 жыл

 

250.1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші

А) шаруалар

 

251.ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап

В) 850 000 шақырым

 

252.1827 жылы Бөкей хандығында құрылған хандық кеңестің мүшелерінің саны

D) 12 би

 

253.1836-1838 жылдары көтеріліске түрткі болған жағдай

С) Жәңгірдің қайын атасы Қарауылқожаның Каспий өңіріндегі руларға билеуші болып тағайындалуы

 

254.Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді:

А) Махамбеттің өлеңдерінде

 

255.1837 жылы хан сарайын қоршауға алғандағы көтерілісшілердің саны

С) 2 мың

 

256.Исатай қаза тапқан шайқас:

В) Ақбұлақ

 

257.Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша қай жылы Исатай Тайманұлы сотқа тартылды

С) 1823-1825 жж.

 

258.Исатайдың подполковник Геке мен Жәңгірдің біріккен әскерімен шайқасы болды

С) 1837 ж. қарашада

 

259.1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған

D) полковник Геке

 

260.Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай

А) Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы

 

261.Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері

В) 1000 сом

 

262.1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады

С) Балқы бидің

 

263.Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары

В) А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы

 

264.Патшаны қолдаушылардың ұйымдастыруымен Н.Өтемісұлы өлтірілді

С) 1846 жылы

 

265.Сыр бойы қазақтарының  XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған

В) Ж.Нұрмұхамедұлы

 

266.Қазіргі Қазалы қаласы XIX ғасырда аталды:

Е) Райым

 

267.1856-1857 жылдары Нұрмұхамедұлы басқарған көтерілістің тірегі болған қала

А) Жаңақала

 

268.XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі

D) Есет Орынборда патша билігін мойындады

 

269.1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер

С) Пішпек түбінде

 

270.Жанқожа бастаған көтеріліс жаншылған жыл

D) 1860 жыл

 

271.1855 жылы шілдеде Есет батырдың тобы талқандаған күш

А) Сұлтан Жантөрин

 

272.1858 жылы қырғыз-қазақ көтерілісшілері Қоқан әскеріне соққы берген жер

С) Пішпек түбінде

 

273.Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда 1858 жылы болған көтерілісті басты:

В) Қазақ феодалдарымен ымыраға келу арқылы

 

274.Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл

Е) 1843 жыл

 

275.XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған

D) Есет батыр

 

276.1858 жылы наурызда басталған Қоқан езгісіне қарсы ең ірі көтерілістің бірі

Е) Әулиеата маңында болды

 

277.Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:

Е) Арыстан Жантөреұлы

 

278.1858 жылы Қоқан билігіне қарсы болған көтерілістің нәтижесі

А) Көтеріліс Қоқандықтардың билігін құлатуға алғышарт жасады

 

279.Қазақ феодалдары Қоқан билеушілерімен жасаған ымыра:

В) Қоқан ханы ішінара жеңілдіктер жасады

 

280.1868-1869 жылдардағы Қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:

С) Орал, Торғай

 

281.XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық

В) Шаңырақ салығы

 

282.XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді:

А) 1 сомнан 3 сомға дейін

 

283.1868-1869 жылдары Орал мен Торғайдағы халық қозғалысын басқарғандар:

С) ру басылары

 

284.1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:

В) Жамансай көлі маңында

 

285.1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны:

С) 41

 

286.«Уақытша ереженің» талаптарына қарсы 1869 жылғы көтеріліске қатысқандар саны:

С) 3000

 

287.1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары

D) Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы

 

288.1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:

А) Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы

 

289.1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны:

D) 3000

 

299.1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі

В) Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы

 

300.1870 жылы 40 мың шаңырақ адай руы төлеуге тиіс салық мөлшері:

D) 160 мың сом

 

301.1870 жылы адайлар соғыс шығыны ретіндегі мал саны:

В) 90 мың қой

 

302.1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді:

В) Кавказдан

 

303.1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:

Е) Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды

 

304.«Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:

В) Маңғыстау көтерілісі

 

305.1837-1847 жылдары болған ұлт-азаттық көтерілістің басшысы

С) К.Қасымұлы

 

306.1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан:

С) Хиуа ханы

 

307.Кенесары Қасымұлының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен

В) әкесі Қасым

 

308.К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды

С) Кіші жүз

 

309.Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны

В) 80 нен астам

 

310.1838 жылы мамырда Кенесары сарбаздары

В) Ақмола бекінісін өртеп жіберді

 

311.1844 жылы 20 шілдеде Кенесарыға қарсы ұрыста мерт болған сұлтандар саны

Е) 44

 

312.1843 жылы маусымда І Николай көтерілісті басу үшін кімдерді жіберуге келісім берді

С) Старшина Лебедевтің

 

313.Патша үкіметінің старшина Лебедевті Орынборда қызметінен алып, сотқа беру себебі

D) Кенесарымен күрестегі дәрменсіздігі

 

314.1844 жылы Кенесары мен патша үкіметінің арасындағы келіссөздердің тоқтатылу себебі

D) Екі жақ бір-бірінің талаптарын мойындата алмады

 

315.1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері

А) Долгов пен поручик Герн

 

316.1845 жылы Кенесары Сарыарқадан бет алды:

D) Ұлы жүзге

 

317.Кенесарының жер ауыстыруына байланысты құрылған одақ

В) Қоқан мен Бұқара

 

318.Жетісу қазақтарының Ресейден көмек сұрауға мәжбүр еткен оқиға

С) Кенесарының соңынан ермеген ауылдарды ойрандауы

 

319.Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары

А) Тайшыбек, Саурық, Сұраншы

 

320.Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер

D) 1847 жылы Майтөбеде

 

321.Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі

Е) Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы

 

322.ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекеттер:

С) Қоқан хандығы

 

323.Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы

D) Иман батыр

 

324.Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған қай елдің ханы?

А) Қоқан ханы

 

325.Кенесары көтерілісі көтерілісі кезіндегі орыс патшасы:

С) І Николай

 

326.Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді

В) хандық сотты

 

327.Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды?

В) 1841 жылы

 

328.Кенесары Қасымұлы көңіл бөлген шаруашылық саласы:

С) егіншілік

 

329.Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі

Е) Патша өкіметінің қазақтарды отарлауын тежеу

 

330.XIXғ. 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:

С) Қоқан хандығы

 

331.Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр,Амангелдінің атасы

D) Иман батыр

 

332.Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған:

А) Қоқан ханы

 

333.Кенесары көтерілісі кезіндегі орыс патшасы:

С)I Николай

 

334.Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді

В) Хандық сотын

 

335.Кенесары қай жылы хандық билікті қолына алды

В) 1841ж

 

336.Кенесары Қасымұлы шаруашылықтың осы саласына көңіл бөлді
С) Егіншілікке

 

337.Кенесары Қасымұлы көтерілістің негізгі мақсаттарының бірі

Е) Патша өкіметінің Қазақстанды отарлауын тежеу

 

338.XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс

А) Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы

 

339.Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды:

D) Жатақтар

 

340.Ресей үкіметінің 1803 жылғы қаулысы бойынша

D) Көпестерге қарулы топ ұстауға рұқсат берді

 

341.Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында қай жылы ашылды?

С) 1832 жылы

 

342.Ресми түрде тұңғыш жәрмеңке ашылды:

С) Ішкі Ордада

 

343.«Сібір қазақтарының Жарғысы» қашан қабылданды

В) 1822 жылы

 

344.1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:

С) Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту

 

345.1822 жылғы «Сібір қазақтары Жарғысының» авторы

Е) Сперанский

 

346.«Сібір қазақтарының Жарғысын» жасауға қатысқан болашақ желтоқсаншы:

С) Батеньков

 

347.«Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша ауыл старшындары сайланды:

С) 3 жылға

 

 

348.«Сібір қазақтарының Жарғысы» бойынша Қазақстанда құрылған әкімшілік жүйесі

В) Үш буынды

 

349.1822 жылғы Ереже бойынша Орта жүз территориясы құрамына кірген генерал-губернаторлық:

А) Батыс-Сібір

 

 

350. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалған шен:

D) Болыс сұлтаны

 

351.1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді

В) Болыс сұлтандар

 

352.«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл

D) 50-70 шаңырақтан

 

353.«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:

С) 10-12 ауыл

 

354.«Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар

Е) Тек сұлтандар

 

355.1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган:

А) округтік приказдар

 

356.1822 жылғы «Жарғы» бойынша шетелдермен келіссөз жүргізу құқығы берілді:

А) шекаралық басқармаға

 

357.Патша үкіметі Бөкейді екінші хан етіп сайлаған уақыты:

В) 1815 ж.

 

358.1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ:

В) Дворян

 

359.Бөкей Ордасында хандық билік сақталды:

Е) 1845 жылға дейін

 

360.Кіші жүздің соңғы ханы:

D) Шерғазы

 

361.«Орынбор қазақтарының Жарғысы» қашан шықты?

D) 1824 жылы

 

362.XIX ғасырдың 60 жылдарында Қазақ жерін басқару жүйесін өзгерту үшін құрылған «Дала комиссиясын» басқарған

Е) Ф.Гирс

 

363.1865 жылы 5 маусымда ІІ Александрдың бұйрығымен жүзеге асырылған

D) Қазақ жерін зерттеу сұрақтарын дайындау

 

364.Әкімшілік басқару жүйесіне өз пікірлерін ұсынған қазақтың ағартушы-ғалымы:

В) Ш.Уалиханов

 

365.1867-68 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері неше генерал-губернаторлықтың құрамына кірді?

С) 3

 

366.«Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару» туралы Ереже бекітілген жыл:

С) 1867 ж. 11 шілде

 

367.«Орынбор және батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ереже бекітілген жыл

D) 1868 жылы 21 қазан

 

368.Орынбор генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар:

D) Торғай мен Орынбор

 

369.1867-1868 жж. реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды

В) Облысты

 

370.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес әр болыстың құрамындағы ауылдардың ішіндегі шаңырақ саны:

С) 100-200

 

371.1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны

А) Билер мен қазылар соты

 

372.1867-1868 жылғы «Ережелер» бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны – билер мен қазылар сотын бекіткен

В) Әскери губернатор

 

373.Қазақ даласында капиталистік қатынастардың дами бастаған мерзім

В) XIX ғасырдың ортасы

 

374.1867-1868 жылы құрылған генерал-губернаторлықты атаңыз:

С) Орынбор, Батыс Сібір, Түркістан

 

375.1867-1868 жылғы «Ережелердің» ең басты ауыртпалықтары

D) Қазақ жері Ресей үкіметінің меншігі болып жарияланды

 

376.1867-1868 жылғы «Ереженің» басты қағидасы

Е) Әскери және азаматтық биліктің ажыратылмауы

 

377.1867-1868 жылдары бойынша облыстық басқармалары мынадай бөлімнен тұрды

D) Шаруашылық, сот істері, жарлықты жүзеге асыру

 

378.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша салықтан босатылғандар:

D) Шыңғыс тұқымдары

 

379.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс:

С) Сырдария

 

380.1867-1868 жылғы «Ережеден» кейін Қазақстанның Закаспий облысына өткен жері

В) Маңғыстау приставтығы

 

381.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес Иранмен, Қытаймен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берген әкімшілік

В) Түркістан генерал-губернаторлығы

 

382.XIX ғасырдың 60 жылдары И.Бутков құрған комиссия қазақ жерін қалай бөлуді ұсынды?

В) 2 облысқа

 

383.1867-1868 жылғы «Ережелерге» сәйкес қазылар соты сақталған аймақ

В) Сырдария облысы

 

384.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша облыстар бөлінген әкімшілік буыны

А) Уезд

 

385.XIX ғасырдың 60 жылдары қазақ өлкесін реформалауға байланысты Ш.Уалиханов айтқан пікір

А) Халықтың өзін-өзі басқару негізінде қайта құруды талап етті

 

386.1872 жылдан бастап Бөкей Ордасының жері қараған әкімшілік аймақ

В) Астрахань губерниясы

 

387.1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Ақмола, Семей облыстары кіретін генерал-губернаторлық

С) Батыс-Сібір

 

388.Қазақ даласын басқару жөніндегі «Ереженің» жобасын дайындайтын далалық комиссия қай жылы құрылды?

В) XIX ғ. 60 жылдары

 

389.1867-1868 жылғы Ережеге сәйкес уезд бастығын тағайындайтын басшы

В) генерал-губернатор

 

390.XIX ғасырдың 60 жылдарында И.И.Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын

В) Батыс, Шығыс

 

391.Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды қоныс аудартудың басталуы

В) XIX ғ. 60 жылдары ортасында

 

392.Г.А.Колпаковскийдің ұсынысымен «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже қабылданған жыл:

С) 1868 жылы

 

393.1868 жылы «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» ережесіне сай жан басына берілген жер көлемі:

С) 30 десятина

 

394.1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік:

А) Салықтардан үш жылға босатылды

 

395.«Шаруалардың Жетісуға қоныс аударуы туралы уақытша ережені» қабылдауға ұсыныс жасады:

С) Колпаковский

 

396.1891 жылғы «Уақытша ереже» бойынша жан басына шаққанда 15 десятина жер берілді

А) Бұрын қоныстанған шаруаларға

 

397.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылардың басты бөлігі қоныстанған өлке

С) Жетісу

 

398.ХІХ ғасырда қоныстандыру саясаты қандай облысты түгелге жуық қамтыды

А) Сырдария облысы

 

399.1884-98 жылдары Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде құрылған орыс-қазақ қоныстарының саны

Е) 37

 

400.ХІХ ғасырдағы көшпелі қазақтарда отырықшылықтың кең тарауына себепші болған

С) Орыс, украин шаруаларының қоныстануы

 

401.Хиуа ханы Мұхамед-Рахымның қазақтарға жасаған жойқын шабуылы

D) 1820 жылы

 

402.Хиуа ханы қаңыратып кеткен қазақ ауылдарының саны

В) 2000 жуық ауыл

 

403.1821 жылы Тентектөре бастаған шаруалар көтерілісінің сипаты:

А) азаттық

 

404.1817 жылы Сүйік Абылайханұлының патша үкіметіне жасаған мәлімдемесі

D) Қарамағындағы рулардың Ресей құрамына өтуді қалауы

 

405.1821 жылы Орта Азия хандықтарына қарсы Ұлы Жүздегі шаруалар көтерілісін басқарған

С) Тентектөре батыр

 

406.Ресей бодандығын 1817 жылы бірінші болып қабылдаған Ұлы жүздің руы

D) Жалайыр

 

407.ХІХ ғасырдың 40 жылдарында Оңтүстік Қазақстанда салынған Ресей әскери бекіністері

D) Ақтау, Алатау, Қапал

 

408.Қазақстанда «Азия комитеті» құрылды

В) ХІХ ғ. 20-30 жылдары

 

409.Тентектөре бастаған көтерілісшілер саны

Е) 10 мың

 

410.Қапал бекінісі салынды

С) 1847 жылы

 

411.Ұлы Жүзді басқаратын пристав тағайындалған жыл:

D) 1848 жылы

 

412.ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы Жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық:

А) Қоқан хандығы

 

413.1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы Жүздің руы

А) Үйсін

 

414.Ресейдің экономикалық және саяси мү дделеріне орай көз тіккен аймақтары

С) Жетісу мен Іле өңірі

 

415.ХІХ ғасырдың ортасында болған Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы көтерілістер бағытталды:

С) Қоқан хандығына қарсы.

 

416.Қаскелең өзені бойындағы Қоқан хандығының бекінісі

С) Таушүбек

 

417.Ұлы Жүздегі Қоқан хандығының тірегі Таушүбек бекінісін орыс әскерлерінің қантөгіссіз басып алған жылы

С) 1851 жылы 7 шілде

 

418.1853 жылы Ресейдің қол астына алынған қоқандықтардың бекінісі

D) Ақмешіт

 

419.1854 жылы көктемде құрылған бекініс

В) Верный

 

420.1854 жылы салынған Верный бекінісінің ертедегі атауы

Е) Алматы

 

421.Ұлы Жүздің приставтығы Қапалдан Верныйға ауыстырылған жыл

В) 1855 жыл

 

422.1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп

С) сыра зауыты

 

423.ХІХ ғасрдың 60 жылдары Верныйда тұрған ғалым, саяхатшы

Е) Ш.Уалиханов

 

424.Ресей мен Қоқан арасындағы қақтығыста қазақ феодалдарының ұстанған позициясы

А) Екіге бөлініп, екі жақта да соғысты

 

425.Кенесарының баласы Сыздық бастаған топ қарсы күресті:

С) Ресей патшасына

 

426.1860 жылы 19-21 қазанда қоқандықтар мен орыс әскерлері шайқасқан жер

D) Ұзынағаш

 

427.1860 жылғы Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы

А) Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті

 

428.Верный бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған

В) М.Перемышельский

 

429.Ресейден Верныйға қоныс аударушылар арасында аталған облыстан шыққандар басым болды:

D) Воронеж облысы

 

430.ХІХ ғасырдың 50-60 жылдары Орта Азия үшін Ресейдің басты бәсекелесі

С) Англия

 

431.1864 жылы көктемде Ресей үкіметі басып алған бекініс

D) Түркістан

 

432.Орта Азияның ірі саяси экономикалық орталығы Ташкентті орыс әскерлерінің басып алған жылы

В) 1865 жыл

 

433.1866 жылдың басында орыс әскерлері басып алған Орта Азия хандығы

С) Бұқар хандығы

 

434.1868 жылы қаңтар айында келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты жерлер аталмыш генерал-губернаторлыққа бағындырылды:

D) Түркістан

 

435.Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды:

С) 150 жылдай уақытқа

 

436.1812 жылы шілденің 6-сы күні Напалеонмен соғыс қаупі туралы І Александрдың манифест-үндеуі мен Орынбор губернаторының соғыс басталғандығы туралы хабары қазақ ауылдарына жетті:

С) 1812 жылы қазан-қарашада

 

437.Екі ел достығы рухын көтеруге ат салысып, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған старшын

D) Б.Тілекұлы

 

438.Отан соғысы жылдары Елтон тұз өндіру орнынан майданға жіберілген тұз мөлшері

Е) 1 млн. пұт

 

439.Бородино шайқасындағы ерлігі үшін күміс медалмен марапатталған жауынгер

Е) Майлыбайұлы

 

440.Вязьма түбегіндегі ұрыста ерлік көрсеткен 3 дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болған

D) С.Хамитұлы

 

441.1812 ж. Отан соғысында қазақтар шайқасқан құрама

А) Башқұрт полкі

 

442.1812 жылы Отан соғысында ерлігімен «Георгий» орденінің кавалері аталған қазақ

D) Н.Жанжігітұлы

 

443.Веймар, Ганау және Майнадағы Франкфурт қалалары түбінде ерлікпен шайқасты:

D) Жанжігітұлы, Байбатырұлы

 

444.1812 жылы Орынбор губерниясында құрылған кавалериялық полктің саны

В) 40

 

445.1837 жылы Александр княздің патшалық қабылдауында болған 1812 жылы Отан соғысына қатысқан жауынгер:

D) Н.Жанжігітұлы

 

446.1812 жылы Отан соғысының басты оқиғаларына белсене қатысқан шоқынған қазақ

А) Я.Беляков

 

447.Тұз өндіруші қазақтардың 1812 жылғы соғыс кезінде орыс әскерлеріне жинаған қаржы мөлшері

Е) 22 000 сом

 

448.Наполеон әскерімен болған соғыста ерекше рөл атқарған әскер түрі:

С) Атты әскер

 

449.1805-1806 жылдары Ресейдің Ю.Головкин бастаған елшілігіне сауда байланыстарын реттеу міндеті жүктелген мемлекет

Е) Қытай

 

450.Найман руының сұлтаны Құдаймендінің Петербургке баласы Ғабдолланы жіберудегі мақсаты

С) Жәміш бекінісі арқылы Шыңжаңға керуен тартуға рұқсат сұрау

 

451.ХІХ ғасырдың басында Қытай көпестерінің сауда жасайтын орталықтарының бірі

D) Бұқтырма

 

452.ХІХ ғасырдың басында Қытайға өтетін сауда керуендерінің тоналуына шек қою мақсатында үкімет қабылдаған шешім

А) Қарулы казактар бөлінді

 

453.ХІХ ғасырдың І ширегінде Шыңжаң мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстарда басты роль атқарған Қазақстан қалалары

D) Петропавл, Семей

 

454.Ресейдің Шыңжаңның базар-жәрмеңкелерінде сатылатын тауарлары

D) өнеркәсіптік дайын бұйым

 

455.ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан арқылы Тибетпен байланыс жасауға бастама көтеріп, зор мән берген

В) Генерал-лейтенант Г.Глазенап

 

456.Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі

Е) С.Мадатов

 

457.Кашмирде болып, 250 кашмир шәлісін Қазақстанға жеткізген көпес

А) С.Мадатов

 

458.Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін керуендерге баж салығы көбейтілген мерзім

В) ХІХ ғ. 30 жылдары

 

459.Ресей мен Қытай арасындағы сауданың дамуына кедергі болған

С) мемлекетаралық келісімнің жоқтығы

 

460.ХІХ ғасырда Қазақстанда жәрмеңкенің басты дамыған өңірі

D) Ақмола облысы

 

461.1897 жылғы халық санағы бойынша ең көп қоныстанған ірі қалалар:

С) Орал, Верный

 

462.Ресеймен сауда жүйесіндегі қазақтардың негізгі тауары

Е) мал

 

463.1848 жылы Қарқара уезінде көпес Ботовтың есімімен аталған ірі жәрмеңке ашылған жер

Е) Талды-Қоянды

 

464.1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арасындағы сауда байланыстары осы қала арқылы жүзеге асырылды:

С) Кяхта

 

465.Ресей мен Қытай арасындағы Құлжа келісіміне қол қойылды

D) 1851 жылы

 

466.1855 жылы Шыңжаң мен Қазақстанның сауда байланыстарының уақытша тоқтатылу себебі

В) Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындары талан-таражға салынды

 

467.Орыс-қытай сауда байланыстарының құлдырау кезеңі

В) ХІХ ғ. 60 жылдары

 

468.1881 жылы Ресей мен Қытай арасында болған шарт

D) Петербург келісімі

 

469.ХІХ ғасырдың 2 жартысындағы орыс-қытай экономикалық қатынасындағы белді оқиға

А) Іле су жолының ашылуы

 

470.Іле су жолымен алғаш рет Қытайға тауар апарып сатқан көпес

D) Вали Ахун Юлдашев

 

471.1883 жылы ашылған Іле су жолының Шыңжаңдағы соңғы нүктесі

С) Сүйдін

 

472.Ресейдегі Ірбіт жәрмеңкесі, Қазақстандағы Қоянды жәрмеңкесі сияқты ХІХ ғасырдың соңында Жетісуда ерекше көзге түскен жәрмеңке?

А) Қарқара

 

473.1890 жылы Шыңжанмен сауданы дамыту үшін ашылған сауда округі

С) Семей сауда округі

 

474.Сібір темір жолы салынды:

В) 1894 жылы

 

475.ХІХ ғасырдың 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды:

С) 20 жылдан астам

 

476.1886 жыл 2 маусымда бекітілген Ереже

С) «Түркістан өлкесін басқару және онда жер, салық өзгерістерін енгізу туралы»

 

477.1891 жылғы «Ережеге» сай Дала генерал-губернаторлығына кірген үш облыстың орталығы болған қала

С) Омбы

 

478.1891 жылы «Ережеге» сай құрылған жергілікті мұсылман тұрғындарының ісін қарайтын төменгі сот буыны

В) Халық соттары

 

479.1891 жыл 25 наурыздағы Ереже бойынша құрылған Дала генерал-губернаторлығына кірген облыстар:

А) Ақмола, Семей, Жетісу

 

480.ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өндіріс орындарында жұмыс істеген қазақтардың үлесі:

D) 60-70 %

 

481.1893 жылы Қазақстан кен орындарында жұмыс істейтін әйелдердің үлесі

D) 17,8 %

 

482.ХІХ ғасырдың 90 жылдарында кен орындарында жұмыс істеген 16 жасқа дейінгі жасөспірімдірдің үлесі

Е) 14 %

 

483.ХІХ ғасырдың аяғында өз еркімен өндіріс орындарын тастап кеткен жұмысшыларға қолданылатын жаза

Е) 3 ай абақтыға жабу

 

484.1886 жылдан бастап Түркістан өлкесіне енген облыстар

С) Сырдария, Ферғана, Самарқан

 

485.1888 жылы Өскемен уезіндегі кен өндірісіндегі қазақ жұмысшылары ереуілінің нәтижесі

Е) Жұмысшылардың жалақысы артты

 

486.ХІХ ғасырдың соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі

С) өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы

 

487.1886 жылғы «Ережеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны:

А) Соттардың төтенше съезі

 

488.Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстанға қоныс аудару себебі

Е) Цинь өкіметі қысым көрсетті

 

489.1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған ұйғырлар саны

В) 45000

 

490.1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны

А) 5000

 

491.Ұйғырлар мен дүнгендер орналасқан аймақ

В) Жетісу

 

492.Алматы облысында ұйымдастырылған ұйғыр болысының саны

D) 6

 

493.Жетісуға қоныс аударған әрбір дүнгенге берілген жердің көлемі

В) 3 десятина

 

494.Ұйғыр халқының дүние жүзілік мәдениет қорына жататын туындысы

Е) «Он екі мұқам»

 

495.Қазақстандағы «Азиялық училище» ашылған жыл

В) 1789 жыл

 

496.ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстанда ашылған әскери училищелерде даярланған мамандар

D) Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер

 

497.1844 жылы Неплюевтің кадет корпусы орналасқан қала

Е) Орынбор

 

498.1836 жылы қазақтар үшін интернаты бар училище ашылған қала

А) Өскемен

 

499.1831 жылы қыркүйекте орысша білім беретін училище ашылған қала

С) Семей

 

 

 
25.03.2011 18:30