Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155114

Қазақстан тарихы (Вариант 2)

1-билет

1. ХVІ ғасырдағы қазақ – өзбек қатынастары.

XVI ғасырдың орта шенінде Қазақ хандығымен көршілес отырған Сібір хандығы мен Моғолстан билеушілерінің қазақтарға қарсы шапқыншылық жорықтары жиіліп кетті. Бұл жағдайды дұрыс түсінген Хақназар хан Қазақ хандығының сыртқы саясатын өзгертті. Ертеден жауласып келе жатқан Шайбани хан әулетімен қатынас орнатуға ұмтылды. Ташкент қаласын басып алуға бағытталған соғыс қимылдарын тоқтатты. Сөйтіп Бұхар ханы ІІ Абдаллах пен қазақ ханы Хақназар хан «дос болып, өзара көмектесу» жөнінде «ант беріскен шарт» жасасты. Хақназар ханның бұл дипломатиялық шарасы халық құптаған тиімді шара болды. Нәтижесінде соғыс қимылдары тоқтап, бейбітшілік орнады. Қазақтар мен өзбектердің арасында сауда-саттық қарым-қатынасы ұлғайды. Екі ел арасында шаруашылық байланыс одан әрі өрістей түсті. Бұл саясат Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайын жақсартуға, шаруашылықтың оңалуына, өркендеп, өсуіне тиімді әсер етті. Қазақ хандығы нығая түсті.

1579 жылы өзбек ханы Абдаллах пен Ташкент маңын билеуші Баба сұлтан арасында билік үшін талас басталды. Хақназар бұл таласты пайдаланып, оларды әлсірету үшін жасырын түрде екеуін де қолдайды. Өзін қолдағаны үшін Абдаллах хан оған Түркістан аймағындағы бірнеше қаланы сыйға берді. Баба сұлтан да өзін қолдағаны үшін Түркістан, Сауран қалаларын қазақ ханына тарту етті. Алайда 1580 жылы қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды жақтамақ болған әрекеттерін Баба сұлтан сезіп қалып, жансыздарын жібереді. Хақназарды және жанындағы сұлтандарды тегіс өлтірді. 2. М.Дулатұлының қоғамдық саяси өмірі мен шығармашылығы.

Қоғамдық өмірдегі іс-әрекеттері тұрғысынан Міржақыптың табиғаты Махатму Гандидің тұлғалық болмысына жақын дейді көптеген зерттеушілер. Өзінің бүкіл саналы ғұмырында Міржақып «ізгілік философиясын» насихаттап өткен. М.Дулатұлының қабілет-қарымының жан-жақтылығы адамды таң қалдырады. Ол – журналист, жазушы, публицист, тарихшы, лингвист, түріктанушы, филиолог, географ, педагог, ақын, композитор, мемлекет қайраткері, ойшыл... Ол – қазақ халқының Әнұранының авторы. Карелияда айдауда жүрген жылдары дәрігер мамандығын игерген. Сөйтіп, Міржақып халықтың рухани жан жарасын ғана емес, тән жарасын да емдеп жазуға тырысқан. Ол математика пәні бойынша оқулық жазып шыққан. Қазақша айтқанда, нағыз жетпіс жеті қырлы, бір сырлы асып туған ер. 1935 жылы Соловецк лагерінде тұтқында жүріп қаза тапты.

Бүгінде Шығыстан шыққан кемеңгердің тұлғалық болмысы Қазақстанның аумағынан асып, әлемдік маңызға иә болып отыр. Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Міржақыпты зерттеуін оның бір дәлелі ретінде айта кетуге болады. Жапондық ғалымның ғылыми диссертациясының тақырыбы – «ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының дүниетанымы: Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» кітабы».

Жапондық ғалым аталмыш тақырыпты зерттеу барысында негізінен екі түрлі тезисті жетекшілікке алыпты. Біріншіден, Орта Азия мен Қазақстан бұрынғы патшалық Ресей мен кейінгі Кеңестер Одағының шеткі өлкесі ғана емес, бұл тұс үш «әлемді» – Орталық Еуразия, мұсылмандық және ресейлік кеңестік құрылысты тоғыстырып отырған аймақ деп атаған. Ал, енді, осы «үш әлем» үздіксіз өзара қарым-қатынас жасап, бір-бірімен және басқа әлеммен ықпалдасып, ұдайы өзгеріске түсіп отыратындықтан, ол міндетті түрде зерттелуі тиіс. Екіншіден, Орта Азия мен Қазақстан көпшілік шетелдік ғалымдар ойлағандай мономазмұнды субстанса емес. Керсінше, мұнда көптеген ұлттар мен ұлыстар тұрады, әртүрлі саяси күштер мен әлеуметтік топтар өмір сүреді. Бұл өлкенің маңыздылығы да, күрделілігі де нақ осында жатыр.

Осы негізгі екі қағида бойынша, Уямо Томихико М. Дулатұлының «Оян, қазақ», «Бақытсыз Жамал», т.б шығармаларын түбегейлі зерттеуге кіріседі. Оның таңдап алған тәсіл ғалымға ХХ ғасыр басында қазақ интеллигенциясының дүниетанымы, саяси көзқарасы және қоғамдық ой-сана қандай болғанын анықтауға мүмкіндік береді.

Енді ғалымның зерттеу тұжырымдарынан бірер мысалдар кетсек, артық болмас. «Дулатов өзінің мұсылмандық түсінігі бойынша жадидизм идеясына жақын. Ол панисламдық, пантүркілік көзқарастан ада».

«Дулатов патшалық отарлықты қатал сынады, бірақ орыс халқымен жаулық қатынаста болған жоқ. Ол қазақтардың Ресей арқылы әлемдік өркениетке қол жеткізе алатынына сенімді болды».

«Дулатов туған халқының тағдыры мен болашағын ғылым мен техниканың жетістіктерімен байланыстырды. Ұлт интеллигенциясының қалың бұқараны білім мен ғылымға жетелей алатын маңызын ескере отырып, оларды осы бағыттарда тыңбай еңбектенуге үндеді. Ол жастарға ерекше үміт артты, жастарға уақытты босқа кетірмеуге шақырды». « Дулатов, біріншіден, өзін қазақпын деді, содан кейін ғана барып, екіншіден – мұсылманмын, үшіншіден, Ресей азаматымын деп таныды. Қазақ қоғамының жаңғыруын ол ең алдымен еуропалық өркениеттен, сосын мұсылмандықтан іздеді»...

Токио университетінің ғалымы Уямо Томихиконың Алаш арысы туралы айтқан ғылыми тұжырымдарының бір парасы осындай. Ол Міржақып Дулатұлыны осылай деп танып білген екен. 3. Неолит дәуірінің ең көне тұрақтарының бірі - Сексеулдің орналасқан жерін картадан көсетіңіз.

Қызылорда облысы

Арал төңірегінде

2-билет 1. Моңғол шапқыншылығының зардаптары.

Монғол шапқыншылығының зардаптары орасан зор болды. Жетісу аймағындағы халықтың монғол шапқыншылығына онша қарсылық көрстпегенінің өзінде қалалар мен қоныстар қаңырап бос қалды. Егер бұл аймақта шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді мекендер болса, одан кейінгі XIII-XIV ғасырларда аймақта бар-жоғы 20-ға жуық қала мен қоныс-жайлар ғана қалған. Жуыс қала атанған Баласағұнның өзі түгіл орны қайда екені белгісіз болып кеткен.

Монғол шапқыншылығы қалалық мәдениеттің дамуына үлкен кедергі болды. Отырықшылық мәдениет тоқырады. Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды. Елдер арасындағы қарым-қатынас мүлде тоқтады. Ең басты мәселе халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылып, қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы ұзық жылға кешеуілдеді. Сөйтіп монғол шапқыншылығы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық дамудың барысына орасан зардаптарын тигізді. 2. ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы партиялардың саяси ерекшеліктеріне талдау жасаңыз.

1917 жыл Қазақстанда түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың белсенділік танытуымен сипатталады. Олардың біразы Ресейдегі революциялык қозғалыстың тікелей ықпалымен бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қалыптаса бастаған. 1905 жылы социал-демократиялық топтар Верный, Қостанай, Перовск, Орал, Ақтөбе және Семей қалаларында қалыптаса бастайды. Олардың құрамында темір жол, баспахана, пошта және телеграф жұмысшылары, жергілікті зиялылар өкілдері болды. Басым түрде орыс және басқа славян тұрғындар өкілдерінен құралған бұл

топтардың мүшелері өздерінің жабық құпия отырыстарында марксистік әдебиеттермен танысты және оларды халық бұқарасы арасында насихаттау ісін қолға алды.

1913 жылы Омбыдағы түрлі оқу орындарында оқитын қазақ жастары «Бірлік» қоғамын құрды. Қоғамның мақсаты бастапқы кезенде, негізінен, ағартушылык қызметтен тұрды, ал оның басқарушы тобы құрамында Мұхтар Саматов, Нығмет Нұрмақов, Мағжан Жұмабаев, Шаймерден Әлжанов, Сәкен Сейфуллин сияқты жастар бар еді. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейінгі оқиғалар тұсында «Бірлік» ұйымы екі қанатқа жарылып кетті. Оның бір қанаты (Ә. Досов, Ж.Сәдуақасов, Жүсіпбеков, т.б.) кеңестік билік жағында болса, екінші қанаты (Қ.Кемеңгеров, С.Сәдуақасов, т.б.) Алаш партиясының бағдарламасын қолдады, өздерін «жас алашшылар» санады.

Түрлі саяси ұйымдар мен партиялардың саяси белсенділігінің арта түсуі 1917 жылға тұспа-тұс келді. Құрамы жергілікті зиялылар мен оқушы жастардан тұратын бұл ұйымдардың саны жиырмадан асып түсетін еді. Олардың арасында Ақмоладағы «Жасқазақ», Орынбордағы «Еркін дала», Ордадағы «Жігер», Петропавлдағы «Талап», Меркідегі «Қазақ жастарының революциялық одағы» және басқалар бар еді. Бұл қоғамдық ұйымдардың көздеген мақсаты біркелкі болған емес, олардың қайсыбірі жалпыұлттық ұстанымда болса, екінші біреулері соңынан белгілі бір әлеуметтік топтарды ертуді көздеді.

1917 жылы қарашада Мұқан Әйтпенов және Шаймерден Әлжанов бастаған бір топ Омбы зиялылары «Үш жүз» аталатын саяси партия құрағандарын мәлім етті. Бұл партияның өмірге келуі қазақ зиялылар тобының білімі мен саяси мәдениеті түрғысынан біркелкі емес, сондай-ақ түрлі саяси ұстанымда екенінің айғағы. Келесі жылдың басына қарай бұл саяси ұйымдағы басшылық Көлбай Тоғысовтың қолына көшеді. Өздерін саяси партия ретінде жариялаған алғашқы күннен бастап-ақ үшжүздіктер Алаш партиясына қарсы ұстанымда болды. Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлау науқанына дербес тізіммен түсіп, сайлауда бірде-бір өкілін өткізе алмады. Үшжүздіктердің қазақ қоғамы арасында беделінің жоқтығы басшылығында ел мойындаған саяси тұлғаның болмауына, сондай-ақ партияның халықты соңына ерте аларлық нақты бағдарлама ұсына алмауына байланысты еді. «Үш жүз» қазақ арасындағы мұсылмандықты қолдайтындығын және қорғайтындығын айта отырып, сонымен бірге атеистік ұстанымдағы большевиктермен қоян-қолтық жұмыс істеуге күш салды. Өз ретінде большевиктер үшжүздіктерді Алаш партиясының беделін түсіру мақсатында пайдалануға тырысты. Өзін социалистік ұстанымдағы партия санаған «Үш жүздің» қызметінде үйлесімсіз қайшылықтар көп еді, сондықтан да оның қызметі ұзаққа созылған жоқ. 1917 жылы құрылған саяси ұйымдардың бірі «Ислам жолындағылар кеңесі» («Шуро-и-Ислам») болды. Орталығы Ташкент қаласында құрылған бұл ұйымның қызметі жалпы Түркістан өңіріне ықпалды болды, сондай-ақ оның басшылығында Мұстафа Шоқай, Сералы Лапин болды.

«Ислам жолындағы кеңестің» ұйымдастыруымен 1917 жылғы қарашада Қоқан қаласында IV төтенше өлкелік мұсылмандар съезі шақырылып, онда кеңестік билікке балама Түркістан (Қокан) автономиясы құрылғандығы жарияланып, үкіметі құрылды. 3. «Алтын адам» мен «Қарғалы диадемасы» бас киімдерінде бейнеленген элементтер негізінде сақтар мен үйсіндердің мифологиялық көзқарастарына талдау жасаңыз.

Екеуіне де ортақ белгілер:

Екеуі де Жетісу жерінен табылған.

Сақтар мен үйсіндердің түсінігінше, өлген адам қайта тіріледі деп сенген. Сондықтан да адамды жерлегенде оған о дүниеде керек болады-ау деп, тірі кезінде пайдаланған заттарының бәрін қоса көмген.

Екеуінде де «Аң стилі» мәдениетіне жатады. Яғни сақтар мен үйсіндердің бас киімдерінде жануарлардың бейнелері салынған. Атап айтқанда екеуінде де қанатты жолбарыстар, қанатты тұлпарлар, құстар бейнеленген. Онда қанатты тұлпарлар күннің белгісі ретінде салынған.

Екеуінің де басты тақырыбы- әлем бейнесі, әлем туралы түсінігі, діни наным-сенімдері мен өмірге деген көзқарасы бейнеленген.

Екеуінде де ою-өрнектер үш бөліктен тұрады.

Айырмашылықтары:

Есік обасынан табылған алтын киімді адам б.з.б. V – ІV ғасырларда, ал Қарғалы шатқалынан табылған үйсін адамы б.з.б. ІІ – І ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді.

3-билет 1. Темір дәуірі адамдарының антропологиялық сипаттамасы.

Темір дәуірі

Сақтар

Сарматтар

Үйсіндер

Нәсілі-еуропеоидік

Сипаттамасы: «Бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көз шарасы үлкен, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді»

Андрондықтарға қарағанда еуропеоидік белгілер көмескілене бастаған.

Нәсілі-еуропеоидік

Батыс Қазақстанды мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуды мекендеген байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді.Бұлардың бет әлпетінде еуропеоидтік белгілер басымырақ. Сарматтарда кейінгі темір дәуірінде монғолоидтық белгілер көбейе бастайды. Дегенмен, монғолоидтық белгі үйсіндерге қарағанда аздау.

Нәсілі-еуропеоидік

Сипаттамасы: «Басы орташа, маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа, кеңсірік бітімі дөңестеу».

Үйсіндерде сақтарға қарағанда монғолоидтық белгі басымырақ болған.

2. 1990 жылдардағы Қазақстан экономикасындағы жаңғыртулар.

Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен

жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл “ҚазМұнайГаз”, энергетикада — “КЕГОК”, телекоммуникацияда— “Қазақтелеком”, темір жолда — “Қазақстан темір жолы”. Бірақ жекешелендіру барысында да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991—92 жж. жэне 1993—95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспорта өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне сутегін кеткен болып шықты. Сондықтан, бұл жағдай үкімет пен барлық экономикалық инсти- туттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарында Президент экономикалық реформаны жүргізуді жандан- дыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994—1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энерге- тикалық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны ауыздықтау қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы—теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны — үлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге, ал 1995 жылы инфляция процесін ауыздықтауға мүмкіндік берді.

3. Кестені толтырыңыз

Партия

Құрылған мерзімі

Көсемдері

Мақсаты

Міндеті

Баспа құралы

«Алаш»

1917 ж

Жетекшісі: Әлихан Бөкейханов

Мүшелері: А. Байтұрсынов, М.Дулатов, Ш.Құдайбердиев, М.Тынышпаев, Ғ.Қарашев, С.Торайғыров, Х.Ғаббасов, Ә.Ермеков ағайынды

Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету;

Қазақстанның дамуына өз көзқарастарын білдіріп, бағдарламаларын насихаттады.

«Алаш» партиясы ақиқат жағында болды.

Капиталистік даму жолына бағыт алған зиялылар Автономиялық ұлттық мемлекет құру.

«Қазақ» газеті

Досмұхамедовтар.

«Үш жүз»

1917ж қараша айы

Жетекшісі: Көлбай Тоғысов

фельдшер және тілмаш Шаймерден Әлжанов, Әбілқайыр Досов, Ысқақ Көбеков, Мұқан Әйтпенов

Алғашқыда социал-революцияшылдар партиясымен одақтасты. 1918 ж. большевиктердің алашордашыларға қарсы күресінде одақтасы болды.

Большевиктік бағыт ұстау. Кеңес өкіметін нығайтуға белсене араласты.

«Үш жүз» газеті

4-билет 1. Сақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі.

«Сақ әйелдері ержүрек келеді .Соғыс қаупі төнгенде ерлеріне көмек көрсктіп,ұрысқа араласады»

Cарматтарда әйелдердің қоғамдағы орны басқа көшпелі тайпаларға қарағанда жоғары тұрды. Cармат әйелдері ерлермен бірге жасақ құрамына кірген. Оған әйелдердің қабірлерінен қару-жарақтың көп табылуы дәлел болады. 2. 1916 ж. 25-маусым жарлығына революцияшыл-демократиялық және либерал-демократияшыл зиялылардың көзқарасы.

Жергілікті патша әкімшілігінің анықтамасы бойынша, қазақ даласында біреуі – жұмысшылар бергісі келмейтін, екіншісі – бұйрықты орындауға келісетін екі партия құрылды. Ат төбеліндей байлар, ауыл старшындары патша Жарлығын жақтап шықты.

Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы бастаған қазақтың либерал-демократиялық зиялы қауымы басқа бағыт ұстанды.Олар қазақтарды «Ресей мемлекетінің бодандары,Оттанның перзенті» деп санады. Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақ секілді іргелі жұрт өзгелер қатарында соғыс майданында қару-жарақ асынып,мемлекетті қорғауға лайық еді,қатарда жоқ қара жұмысқа байлануын кемшілік санаймыз», -деп жазды. Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы өздері қол қойған үндеуде екі баламаны алға тартты: «Бірі -барса,алынған жігіттер қазаға, бейнетке аз ұшырайды,екіншісі - бармай қарсылық қылса,елге зор бүліншілік келеді...»

Қазақ зиялылары өкіметке қазақтарды тыл жұмысына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды,оны тиісті дайындық жұмыстарынан соң жүзеге асыруды ұсынды.Бұл орайда олар соғыс жеңіспен біткен жағдайда өз халқының тағдырын жеңілдетуден және ұлттық автономия құрудан үміттенді. Олар қарусыз халық үкіметтің жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды олар, 1916 жылғы қазандағы үндеухатында. Қазақ халқының либералды-демократиялық ойшыл өкілдері отыршыл империямен парасатты ымыраластық тәсілін жүргізуді, халықтың амандығын және оның этностық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұстады. Тарих осы бағыттың дұрыс болғанын дәлелдеді.

Ұлт-азаттық қозғалысқа революцияшыл-демократияшыл зиялылардың Т.Рысқұлов, Т.Бокин, Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин, С.Меңдешев, Ә.Жангелдин,Б.Алманов сияқты өкілдері де қатысты. Күрес барысында әлеуметтік жанжалдарды шешуде әртүрлі топтардың белгілі бір көзқарастары сынақтан өтті. 3. Кестені толтырыңыз:

Жылы

Шайқас болған жері

751 ж.

Таразға жақын жердегі Атлах қаласы маңында араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді.

965 ж.

Киев русімен одақтасып, Хазарияны талқандады

1365 ж.

Ташкент қаласының маңында «Батпақ» шайқасы

1391ж.

Әмір Темір Құндызша деген жерде Тоқтамыс әскерін қирата жеңеді.

5-билет

1. VІІІ ғасырға дейінгі қазақ жеріндегі діни наным –сенімдер.

Ежелгі заманнан осы уақытқа дейінгі деректерге сүйене отырып, кез-келген халықтың діні, наным-сенімдері мен дүниетанымы оның тарихына, рухани-мәдени, саяси өміріне үлкен әсер ететін фактор екендігін біле аламыз. Әлемдік діндердің бастау тегіне Тәңірлік діннің өзекті қағидалары арқау болған. Тәңірлік дін уақыт пен кеңістікті игеруге талпынған, қоршаған ортамен тіл табысуға ұмтылған адам баласының алғашқы таным түсінігі. Көне түркілер жерімен, Ұлы Жібек жолы арқылы қаншама діндер өтсе де, түркілердің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Вильгельм Рубрук түркі жұртын аралаған кезінде олар өздерінің Тәңірге табынатынын және оны таза рухани мән ретінде түсінетінін атап көрсеткен. Тек ислам діні ғана, уақыт өте келе көне түркі сенімдерімен іштей араласып, түркі жұртының рухани-мәдени ұстанымына айналды. 2. Интервенция мен Азамат соғысына анықтама беріп, сипаттаңыз.

Интервенция (лат. interventio қол сұғу, араласу) — бір не бірнеше мемлекеттің басқа мемлекетке әскери басып кіруі, оның егемендігін бұза отырып ішкі істеріне қол сұғуы. БҰҰ жарғысына сәйкес интервенция халықаралық құқық бұзушылық болып саналады. Интервенцияның саяси немесе экономикалық түрлері де бар. Әр мемлекеттің саяси тәуелсіздігі мен аумақтық дербестігіне қарсы қарулы қауіп төндіру, т.б. араласу халықаралық құқықты және БҰҰ жарғысын бұзу болып табылады. 1965 ж. БҰҰ бір мемлекеттің басқа мемлекеттердің ішкі істеріне қол сұқпауы туралы Декларация қабылдады.

Азамат соғысы — мемлекет ішіндегі әлеуметтік топтар мен таптар, діни ағымдар мен кландар арасындағы өкімет билігі жолында жүргізетін қарулы күрес. 3. Ашель кезеңі Құдайкөл ескерткішінің орналасқан жерін картадан анықтаңыз. Қазба жұмысы барысында табылған заттай деректерге сипаттама беріңіз.

Ашель кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстаннан табылды. Осындай тұрақтардың бірі — Құдайкөл Сарыарқаның теріскей-шығыс шетінде орналасқан.

Ерте Ашель мәдениеті құралдарының ойықтары аз, қысқа және терең салынған, жүздері біртегіс емес. Ойықтар тас балғалармен шетінен ортасына қарай соғу арқылы салынған. Ашель мәдениетінің орта тұсында тас тоқпақтардың орнына едәуір жұмсақ заттар — сүйектер мен ағаштардан жасалған тоқпақтар пайдаланыла бастады. Бұл жаңалық еңбек құралдарының анағұрлым сапалы жасалуына септігін тигізді. Ашель мәдениеті құралдарының ішінде чопперлер, қырғыштар және шеттері тіс тәріздес етіп жасалған құралдар (Олдувей мәдениеті) да сақталған. Бұл кезеңде құралдардың қырғыш, кескіш, тескіш секілді түрлері көбейген.

6-билет 1. Палеолит дәуірінде рулық қауымның қалыптасуы.

Енді бұрынғы топтар қандас-туыс адамдардан тұратын бірлестіктерге айналды. Ғылымда мұндай бірлестік "ру" деп аталады. Туысқандық байланыстар аналық ру жағынан анықталды. соңғы палеолитте қалыптаскан рулық қауым. Бұл қазіргі адамдарға ұқсас саналы адамның (Homo Sapiens) пайда болу кезімен тұстас келді. Рулық қауым аналық ру түрінде пайда болды.

Аналық ру — өзара қандас, аналары жағынан туысқан болып есептелетін адамдардың бірлестігі. Әйел заты қоғамның негізгі біріктіруші күші болғандықтан (туыстық түр-тұлғасы анасы жағынан есептелгендіктен), оның әлеуметтік орны жоғары болған, қастерлеп, қасиет тұтқан. Сондықтан аналық рулық қауым қалыптасты.

Рулық қауым орта палеолит пен соңғы палеолит арасында пайда болған. Бұл кезде ойлау қабілеті жетілген, түр-тұлғасы жағынан қазіргі адамдарға өте ұқсас адамзат баласы қалыптаса бастаған. Рулық қауымда ұжымдық еңбек жөне өндіріс құрал-жабдыктарына ортақ меншік үстем болды. 2. ХХ ғ. 20-30 жылдары. ашылған оқу орындарының маңызы.

Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жылдың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар болды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды. Мәдени курылысты жузеге асыруда коптегн кедергілер кездесті: Ұлт зиялылардың аздығы, ұлы державалық шовинизм, материалдық технткалық базаның болмауы.. 1921—27 ж екі жүз мың адам оқып, сауатын ашты. 28ж аяғында сауатты адамдар 25%, қазақтар 10%. 1926 КАКСРДЕ Бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. 1924-1925ж РКФСРде аагртуга 30 тиын, КАКСРде 68,9 тиын. Мәдени құрылысын жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды. А Байтұрсынов Суретті әліппені, Ж аймауытов Қос тілдік және ана тілінде оқыту әдісемесін, Бокейханов географиялық оқулығын, Сатбаев алгебра окулығын құрастырды. 1928ж араб әрпі мен латын әрпі мен 40ж кириллицамен ауыстырылды. 1931 Ж 15-50 ЖАС аралығындағы сауатсыхз халыққа жалпыға бірдей міндетті білім беру енгізілді. 1930-31 оқу жылдарында отырықшы аудандарда, кошпели аудандарда жалпыға бірдей оку енгізілді. Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды.1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізді. 1932 жылдың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргізді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды. Қазақ КСРның енбек сіңірген мұғалім атағын алғаш алган ұстаздар: С. Кобеев, С. Ақышев. А Ақатов, Ш сарыбаев, Л Добранская, Н Волков. 1939ж жалпы халықтың сауаттылығы 65% , қазақтар арасында 40%. 1928 ж тұнгыш пед институт, 1929ж алматы зоотехникалық малдәрігерлік инмһституты, 1930ж қазақтын ауылшаруашылық институы, 1931ж алмаыт мединституты, 1934ж Киров атындағы казақ мемлекеттік университеті ашылды.20-30ж ғылымның қалыптасқан кезеңі. 1926ж Массон Әулиеатада казба жұмыстарын жүргізід, 1932 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. Екі секторы: Зоология және ботаника, Алматыдағы ботаника бағы.

3. Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өмірін сипаттаңыз.

Тәшенов республиканың саяси, экономикалық, мәдени дамуына басшылық жасаған жылдары қазақ мемлекетінің аумақ тұтастығының сақталуына көп еңбек сіңірді. Маңғыстауды Түрікменстанға қосу жөніндегі ұсыныстарға тойтарыс берді. Тың өлкесіне біріктірілген солтүстік облыстарды Ресейге, Оңтүстік Қазақстанның мақта егетін аудандарын Өзбекстанға беруге қарсы шықты. Қазақстан жерінде ядролық жарылыстар жасауға қарсылық білдірді. Шығармашылық одақтар өкілдеріне үй-пәтер бергендігі үшін Алматының ортасында “қазақ ауылын” құрды деп айыпталды. “Қазақ әдебиеті” газетін жабудан, “Социалистік Қазақстан” газетін “Казправданың” аудармасы етіп шығарылу қаупінен қорғап қалды. “Ұлтшыл” деп айыпталып, Н.Хрущевтің нұсқауымен қызметінен босатылды. 1961 – 1975 жылдары Шымкент (қазіргі Оңтүстік Қазақстан) облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары болды. 1975 жылы одақтық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шықты. Өмірінің соңғы кезеңінде “Қаракөл” ғылыми-зертханалық институтында, Оңтүстік Қазақстан облысы талдау-есептеу орталығында қызмет атқарды. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, “Құрмет белгісі” ордендерімен марапатталған.

7-билет 1. Қазақстан аумағындағы мезолит дәуіріндегі егіншіліктің пайда болуы.

Мезолит – алғашқы егіншілік қалыптаса бастаған дәуір. Алғашқы қауымдықты егіншілікке алып келген жағдай терімшілік болатын. Сол кезде егіншілердің егін оратын қарапайым құралы – тас орақ, ал жер жырту құралы – тесе болды. 2. Кеңестер Одағының ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.

1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991

жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды. 3. «Адам дамуының эволюциясы» схемасын толтырыңыз.

8-билет 1.VІ - ІХ ғғ. қазақ даласындағы бейнелеу өнері.

Өнердің бұл түрі архитектуралық құрылыстың дамуына байланысты өрбиді. Алайда бейнелеу өнері архитектуралық құрылыстан бұрын дүниеге келген. Бейнелеу өнерінің шеберлері күнделікті тұрмысқа пайдаланатын бұйымдарға өрнектер салып, сәндеуді қола дәуірінде бастаған. Мәселен, қыштан жасалған ыдыстардың сыртын безендірген. Ал архитектуралық құрылыстар өркендей бастаған кезде шеберлер оның іш-сырты сәнді болу үшін құрылыс материалдарын көркемдеуді үйренген. Қостөбе қаласының сарай кешенінде оюланған саз бұйымдар мол кездеседі. Сәндеудің ең жақсы сақталған түрі – саз сылақтың қалың қабатын көркемдеп оймыштау. Шеберлер бөлмелердің қабырғаларын көкөніс немесе геометриялық өрнек үлгісімен безендірген.

Отырар қаласының маңындағы Құйрықтөбе қамалын қазғанда табылған ағаштың оймыштап өрнектелгені байқалды. Салтанатты жиын өткізетін залдың аркалары мен төбе тақтайларында бедерлеп салынған құдай суреттері болғандығы анықталған. Суреттердің сюжеттері діни және мифтік сипатта болған. 2.ХІХ ғ. ІІ жартысында қазақ өлкесін зерттеу ісіне үлес қосқан орыс зерттеушілері мен олардың еңбектері.

Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің көрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді.

1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі туралы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.

ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдік деңгейдегі ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шаньды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және

Тік жүретін адам

Епті адам

Питекантрон

Синантроп

Неандерталь

Кроманьон

«Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды.

Қазақстанның географиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зерттегендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырларын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор академиясының академигі В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қалдырды. Оның «Түрік тайпаларының халыктық әдебиетінің үлгілерінде» қазақ-тың ертегілері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған.

Қазақ халқының тарихы туралы құнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, археолог, лингвист, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектерінен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерттеу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбектерінде Қазақ тарихының өзекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің тарихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штабтың офицерлері жинастырды. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәдениетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңызды рөп атқарды. Орыс географиялыққоғамыныңбөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1867 ж.), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркістанда (1897 ж.) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақзиялылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады.

XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәдениет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отырды. Семей облыстық статистикалық комитет жұмысына Абай да қатынасты. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т.б. айналысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды. 3.Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына сипаттама жасаңыз.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Мыңбұлақ ауылында туған.

Имаш бабасы 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен. Әкесі Момыш өз бетімен ескіше сауат ашқан, кирил алфавитімен оқуды меңгерген сол кезеңдегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Имаш атасы қартайған кезінде барлық шаруашылықты Момыш ұлына табыстаған. Әжесінің есімі - Қызтумас, қартайған шағында ағайын-туыс "сары кемпір" деп атаған. Анасы Рәзия дүниеден ерте өтіп, Бауыржан 3 жасынан бастап Қызтумас әжесінің қолында өседі.

1921 жылы бастауыш мектепті Аса интернатына түседі. 1924 жылдан бастап жеті жылдық мектепті Шымкент қаласында оқиды. Бұл сол өңірдегі 1924 жылы ашылған алғашқы жетіжылдық мектеп болатын. Бауыржанмен бір сыныпта Әбділда Тәжібаев және Құрманбек Сағындықов оқиды. 1928 жылы мектепті үздік бітіріп, Орынбор қаласындағы Қазақ Педагогикалық институтына оқуға түседі. Институт директоры Тоқтыбаев деген кісі болатын. Жас баланың қатты суықта жұқа киіммен жүргенін көріп, өзінің кабинетіне шақыртып алады. Баланың қолына бухгалтерияға қағаз жазып беріп, осы қағаз бойынша ақша алатындығын және сол ақшаға ауылға қайтатындығын айтады. Осындай тұрмыс жағдайына байланысты оқудан кетеді.

Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері-Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды. Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді.

Шығармалары

 Ұшқан ұя (1974 жыл)

 Мәскеу үшін шайқас,

 Жауынгердің тұлғасы,

 Майдан,

 Майдандағы кездесулер,

 Генерал Панфилов,

 Төлеген Тоқтаров,

 Куба әсерлері

 Адам қайраты (1981 жыл)

 Елбасына күн туса

 Психология войны

9-билет 1. Қола дәуірінің кезеңдері.

Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі:

1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.

2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ.

3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ.

Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. 2.«Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайына талдау жасаңыз.

1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М. С. Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топ келді. Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам 1987 жылы жасалды. М.Горбачев Кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Бұл жолы сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды.

Кадр саясаты. 1986 жылғы Алматы толқулары сол кездегі билік иелерінің күш қолдануымен аяусыз басылып тасталса да, халықтың санасына түскен демократия саңылауын мүлдем өшіре алмады, оның әділетті қоғам құруға деген құлшынысын тежей алмады. Қазақстанның жаңа басшысы Г.Колбин шын мәңінде генерал-губернатор миссиясын атқарды, билік басына келгеннен кейін ол республика кадрларының жоғарғы легін тазалаудан өткізді.1989 жылдын маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.Назарбаев келді. Жаңа басшылық алдында бір қатар жауапты шараларды іске асыру міндеті тұрды. Ең алдымен халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыпты атақтан арашалауға күш салынды.

Тіл саясатының жаңаша жүргізілуі. 1987 жылы Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты. Мұнын нәтижесі тілдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткі болды. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы» 1989 жылдың қыркүйегінде қабылданды. Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі деп көрсетілді. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Бұл заң қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту ісіне кең жол ашты.

Қайта оралған есімдер. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды.Олар- көрнекті ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885-1935), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893-1938) т.б.Кеңес билігі жылдарында әр түрлі жаламен айдалып, сотталып кеткен кеткен қоғам және мәдениет қайраткерлерінің бұған дейін ақталмағандарының өзі жүздеп саналатын. Осы кезден бастап баспасөз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов,Мұхамеджан Тынышбаев, Халал Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады.

Осыдан бастап большевиктік лаңкестік құрбандарын ақтау, олардың қоғамдық қызметін саралап, баға беру, Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау түгелімен ұлт зиялыларының, қазақ халқының өз қолына көшті.

Қазақстандағы саяси жағдай.1980 жылдардың екінші жатысында КСРО-да және өзге социалистік елдерде түбегейлі өзгерістер болып жатты.1989 жылдың соңғы айларында ГДР-де, Румынияда,Чехословакияда, Болгарияда болған саяси толқындар елдердегі тоталитарлық режімдерді жойып, демократиялық өкіметтер орнатты.1989 жылы жаңадан сайланған КСРО халақ депутаттарының I съезінде саяси, эканомикалық-әлеуметтік және рухани даму салаларындағы көптеген көлеңкелі жақтардың беті ашылды. Демократиялық қоғам құру үшін одақтас республикалардың құқықтық жағдайын қайта құру мәселелері көтерілді. КСРО-да болып жатқан оқиғалар Қазақстанда демократия үшін күрестің одан әрі өрлеуіне,бұқараның саяси белсенділігінің артуына тікелей ықпал етті.1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Бұл сайлауда алғаш рет балама кандидаттар дауысқа түсті.Олардың арасында пәрменді іс жүргізуге қабілетті, ынталы адамдар бар еді. 1990 жылдары партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады. Кеңестер алғаш рет өзінің төл ісіне – заң шығарумен айналысуға, мемлекеттің даму үрдісіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдауға отырды. Біртіндеп кәсіподақтар мен комсомол ұйымдары да өз еріктерімен әрекеттенуге көше бастады.Қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрыла бастауы. Адамдардың өзінің жүрек қалауымен қоғамдық-саяси бірлестіктер құрып, ұйымдасқан әрекет арқылы алдына қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік алуы республикада демократиялық ұстанымдарды енгізу үрдісіндегі маңызды қадамдардың бірі болды. 1980 жылдардың соңында Қазақстанда да түрлі қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Олардың ішіндегі алдына ізгі мақсаттар қойған ең ірілерінің бірі –«Невада-Семей» антиядролық экологиялық қозғалысы болды.1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы және идеялық жетекшісі-белгілі ақын,қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.Қозғалыс халыққа аса үлкен қасірет әкелген Семейдегі ядролық сынақ полигоның жаптыру міндетін алдына қойды.Сонымен қоса бұл саяси ұйым "5-5" формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою,әскери мақсаттағы-ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді. 1990 жылдың жазында «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Қозғалыс алдына аса үлкен саяси-әлеуметтік мақсаттар қойды. Қазақстанның егеменді ел болуы, КСРО-дан бөлініп, өз алдына жеке мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі-қозғалысты ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы еді. «Славян» қоғамы Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылды. Қазақстандық немістердің «Видергебурд» (қайта өрлеу) ұйымы құрылды.Украин, татар, корей , тағы басқа халықтардың тарихи-мәдени ұйымдары сол ұлт өкілдері жинақы қоныстанған елді мекендерді қамтып, алдарына қойған саяси-ағартушылық мақсаттарын орындауға кірісті.1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны жүзден асып кетті. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды. Республикада шын мәніндегі пікір алуандығы көрініс беретін, көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады.

3.1820,1823 - Дәулеткерейдің, Құрманғазының туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген өңірлерін көрсетіңіз.

Дәулеткерей Шығайұлы 1820 жылдар шамасында қазіргі Орал облысының Орда ауданында ауқатты отбасында дүниеге келген. Құрманғазы (1818) Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер.

10-билет 1. ХV-ХVІ ғасырлардағы ақын- жыраулар (Сыпыра,Қазтуған, Асанқайғы).

Сыпыра жырау — XIV ғасырда Батыс Қазақстан еңірін жайлаған түркі тайпаларының ортасынан шыққан атақты жырау, ноғайлы-қазақ эпосының негізін салушылардың бірі. Сыпыра жырау шығармалары біздің заманымызға жетпеді, алайда оның кезінде Дешті Қыпшақтағы ең атақты сөззергері болғаны, мол мұра туғызғаны байқалады.

Сыпыра жырау ел қамын жеген дана қария кейпінде қазақтың ескі батырлар жырының бірталайында бой көрсетті. Мысалы, Ер Тарғында Сыпыра жырау туралы: Бұл — өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі еді делінеді. "Телағыс" жырында Сыпыра жырау ноғайлы ішінде шыққан өзара қырқысты өршітпей, жеке басының беделімен, жырының күшімен жауласушы жақтарды бітістіреді. Ал Едіге жырында ол жүз сексенге келген жұрт қамқоры, халықтың ақылшысы.

Көптеген эпостық жырларда Сыпыра жырау айтыпты деген әр түрлі мазмұндағы толғаулар ұшырасады. Эпос кейіпкері Сыпыра жыраудың прототипі — тарихи Сыпыра жырау екендігі жырланған. Қайткенде де, Сыпыра жыраудың өз тұсындағы және өзінен соңғы сахара сөз өнеріне елеулі ықпал еткенін аңғарамыз. Белгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың мұрагері санаған. Ал қарақалпақ елінің фольклор зерттеушілері Сыпыра жырауды қарақалпақэпосының негізін салушы деп біледі.

Қазтуған Сүйінішұлы — халық аңыздарында қолбасы, батыр делінеді, әскери ақсүйек тұқымынан шыққан. Туып-өскен жері — Еділ бойы. XV ғасырдың орта шенінде жаңа құрылған Қазақ хандығына қоныс аударады.Жорық жыршысы, халық эпосын жасаушылардың бірі Қазтуған жырау артына өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалдырды. Бұлардың дені сақталмаған. Алайда бізге жеткен санаулы шығармаларының езі-ақ Қазтуған Сүйнішұлының әдебиет тарихынан белгілі орын алуына негіз бола алады. Қазтуған Сүйінішұлының поэзиясы номадтық жауынгерлердің санасын, танымын көрсетеді, оның болмыс, тіршілік, өзін қоршаған, шырышы бұзылмаған табиғат туралы түсінігінен елес береді. Жырау киялының ұшқырлығы, кендігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен өсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі езіндік сипатқа толы болғанын танытады.

Асан қайғы (Хасан) Сәбитұлы[1](14 ғасырдың ақыры – 15 ғасырдың басы) – мемлекет қайраткері, ақын, жырау, би, философ. Әз Жәнібек ханның ақылшысы болған. Әкесі Сәбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Жеті әулие» қорымындағы Асан ата кесенесі - Асан Қайғы мазары делінеді. 2. Қазақ тарихында «Қазақ» газетінің алатын орны.

.«Қазақ» газеті - 1913-1918 жылдары Орынбор қаласында жарияланып тұрған қоғамдық-саяси және әдеби-мәдени басылым (№1 1913 жылы 2 ақпанда шыққан). 1915 жылға дейін аптасына бір рет, одан кейін екі рет шыққан. Бастырушысы - «Азамат» серіктігі. Газетке қаржылай көмектескендердің көшбасында Мұстафа Оразайұлы бар. Жалпы 265 нөмірі жарық көрген. Газет рәміздік-бейне ретінде киіз үйді ұсынды. Бұл - қазақ ұлты деген ұғымды берді. Оның түндігі батыстан ашылып, есігіне «Қазақ» деп жазылды. Мұны түсіндірген ұлт зиялылары «қазақ ішіне Еуропа ғылым-өнері таралсын, «Қазақ» газеті қазақ жұртына әрі мәдениет есігі, әрі сырт жұрт жағынан күзетшісі болсын» деп жазды. «Қазақ» газетін шығаруды ұйымдастырушы, редакторы - А.Байтұрсынұлы, оның өкілетті өкілі М.Дулатұлы болды. 1918 жылы газетті Жанұзақ Жәнібекұлы басқарды. Басылымда А.Байтұрсынұлы, Ә.Бөкейхан, М.Дулатұлы, М.Шоқай, М.Тынышбайұлы,Ш.Құдайбердіұлы, Ғ.Қараш, Р.Мәрсеков, Ж.Тілеулин, Ғ.Мұсағалиев, М.Жұмабаев, Х.Болғанбаев, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев,Ж.Сейдалин, С.Торайғыров, А.Мәметов, С.Дөнентайұлы, Х.Досмұхамедұлы т.б. авторлардың мақалалары жарияланып тұрды. XX ғасыр басында аталған газет оқығандардың, діндарлардың, шәкірттердің, қарапайым сауаты бар адамдардың, тұтастай жалпы ұлттың ықыласпен оқитын басылымына айналды. Бұдан кейін пайда болған барша елшіл газет-журналдар осы «Қазақтың» шекпенінен шықты.

А.Байтұрсынов пен оның пікірлестері 20-жылдарда мәдениет және білім саласында көп еңбек сіңірді. Халқын, өз ұлтын сүйген Байтұрсынов қазақтың тұңғыш лингвист ғалымы. Ол қазақ тілі орфографиясының реформаторы, грамматикасы мен қазақ әдебиеті теориясының негізін салушы ретінде танылды.

3. Сақтар мен Батыс Түрік қағанатының қоғамдық құрылысын салыстыра отырып, сипаттаңыз.

Сақтардың қоғамдық әлеуметтік құрылымы. туралы айтар болсақ Сақ тайпалары одақтарының басында көсемдер тұрды, оны патша деп атады. Патшаларды тайпа көсемдерінің кеңесі сайлады. Тайпа көсемдерін оның барлық мүшелері сайлайтын болған. Тайпа ішіндегі аса маңызды ішкі және сыртқы істер халық (вече) жиналысында талқыланып отырды. Оған әйелдер де қатысқан. Қоғамның осындай саяси ұйымын Ф. Энегельс әскери демократия деп атады. Себебі ол кезде соғыстың мәні зор еді. Соғыс тайпа үшін жайылымдық жер мен мал тартып алудың және өздерін сыртқы жаудан қорғап отырудың құралы болды.Көсемдер әскер басы болды да, билік жүргізді. Олар тайпаны қару-жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етті. Ол өзтайпасы атынан бітім немесе келісім жасады. Патшалар (көсемдер) рулар мен тайпаларға жайылымдарды, көшіп қонатынжерлерді бөліп берді; ол жерлерді пайдалану тәртібін белгіледі. Жер үшін таластарды шешіп, рулар мен тайпалар арасындақарулы қақтығыстар болмауын қадағалады. Көсем қаза болса, оның сүйегін арбаға салып, ел аралатқан.

Батыс Түрік қағанатыңың басқару құрылымы:

• Қағанаттық әлеуметтік құрылымы

• Қаған

• Қаған сайлаған ұлықтар

• Ябғу, шад, елтебер, бұрық, тархан

• Бектер

• Қара бұдындар

11-билет

1.Қазақстан аумағындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.

Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындыктар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық калдыктар калмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29. Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады.

Қаған сайлаған ұлықтар

Қаған

Ябғу,шад,елтебер,

бұрық,тархан

Қара бұдындар

Тат (құл)

2.Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұны мен маңызын ашып көрсетіңіз

Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды. 3.«Моңғол басқыншылғынан кейінгі жерге меншіктің түрлері және ерекшеліктері» кестедегі мағлұматтарды сәйкестендіріңіз.

12-билет 1. Шығыс Түрік қағанаты.

Шығыс Түрік қағанаты — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (682 - 744 жж.). Түркі қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Шығыс түркілері Қытаймен жүргізген қиян-кесті соғыстың нәтижесінде 682 жылы Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған Қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Шығыс Түркі қағандығы (682-744) Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты. Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. Білге қағаннан кейін 741 жылдан қағанат әлсіреп, ыдырай бастайды. Шығыс Түрік қағандығы мемлекет ретінде 30 жылдан аса ынтымақ бірлікте өмір сүрді. Бірақ бұл ынтымақтастық ұзаққа созылмады. Себебі, Шығыс Түрік қағандығы көптеген тайпаларды күшпен біріктірген құрама мемлекет болатын. Әр тайпа реті келген сәтте орталық билікке қарсы бүлік шығарып отырды. Ақыры 745 жылы бас көтерген

Інжу

Мемлекеттік жерлер

Тікелей хандардаң қарамағындағы жерлер

Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлер.

Дін иелерінің жерлері

Вақфтық жерлер

Ханға адал қызмет істегендерге берілетін жерлер

Шаруалардың мүліктік жерлері

ұйғырлар Шығыс Түрік қағандығын біржолата талқандады. Шығыс Түрік қағандығы түркі халықтары тарихында мемлекет құру, азаттық үшін күрестің үлгісі мен ортағасырлық жазба мәдениетінің баға жетпейтін ескерткішін қалдырды. 2. Абылай ханның қазақ мемлекеттілігін нығайту шаралары. Қытай және Ресей билік орындарымен қатынасы.

Абылай хан бүкіл өмірін қазақ елінің бостандығы, егемендігі үшін арнады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ жерінде Абылайдың даңқы аса зор. Абылай заманы оларда қазақтың ерлік заманы болып саналады» деп жазған еді. Абылайдың шын аты - Әбілмансұр. 1711 жылы әкесі Көркем Уәли Түркістанға сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. Бұл кезең қазақ халқы үшін өте қауіпті, ауыр кезең еді. Үш айдаһардың (Жоңғар, Қытай, Ресей) ортасында қазақ мемлекетінің жойылып кету қаупі төніп тұрды. Қытай мен Ресей жоңғарларды қазақ жеріне айдап салып отырды. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылдары Абылай 12 жасында жауынгерлердің қатарына қосылады да, 22–де батыр, қолбасшы ретінде танылады. XVІІІ ғасырдың орта шенінде қазақ елін жаулардан қорғау үшін Абылай Ресеймен және Қытаймен татулық, достық қатынас сақтап, олардың қолдауы арқасында жоңғар басқыншылығын талқандауды жөн көрді. Ең ірі қауіп жоңғарлардың басқыншылығы екендігін түсінді. 1740 жылғы шайқаста Абылай қазақ жауынгерлерінің тікелей қолбасшысы болды. Қазақ әскері жоңғарларға қатты соққы берді. Жоңғарлар көп шығынға ұшырап, кейін шегінуге мәжбүр болды. Абылай қазақ әскерлерін ұйымдастырып, жауға қарсы көтеріп, басын біріктіріп, негізгі әскери күшті жинап көрші мемлекеттерге қазақ хандығы біртұтас ел екенін көрсетті. Абылай сұлтан бұл кезде қазақтарды біртіндеп жоңғар шабуылдарынан құтқарып, елдің тыныштығын, халықтың тұтастығын, мемлекеттің егемендігін, тәуелсіздігін сақтап қалуды мақсат еткен. Бұл мақсатты іске асыру барысында ол Ресей империясының 1740 ж. Орынборда (тамыздың 28-і) сұлтан Абылай «верным добрым и послушным … и подданным быть …» деп Ресей империясының өкіметіне, кейін Қытай мемлекетінің бодандығын қабылдауға мәжбүр болды. Тарихшы – ғалым Н. Мұхаметқанұлы «XҮІІІ ғасырдағы Чин патшалығы мен қазақтардың қарым-қатынасы» атты мақаласында былай деп жазады: «1755 ж. Орта жүз ханы Абылай Чин хандығының елшілерін күтіп алған кезде, оларға Чин хандығына бағынышты болу ниетін білдірді: «Ұлы мәртебелі патшаның орталық ойпатты билеп отырғанын бұрыннан естуші едім, арада асқар тау, алып өзендер көп, жер шалғай болғандықтан тарту-таралғы апара алмадық. Міне, бүгін патшаның құдіреті шалғайды шарлап, Ілені сапырып, Лама дінін көркейтті. Қазақтар мен жоңғарларға тыныштық орнатылды деп қуанып отыр. Мен шын ниетіммен мәртебелі патшаға қараймын». Ал бұл туралы А.Левшин былай деп жазады: «Жауын сұсымен де, күшімен де сескендіре отыра, ол өз қалауымен біресе Ресейдің, біресе Қытайдың бодандығын қабылдауға мәжбүр болғанымен шын мәнінде ешкімге де бой ұсынбаған тәуелсіз басшы болды». 3. И.Тайманұлының, Жәңгірханның дүниеге келген өңірлерін картадан көрсетіңіз.

Халық батыры И.Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген.

Жәңгір хан Астрахань губернаторында.

13-билет 1. Қазақстан аумағындағы мезолит дәуірінің тұрақтары.

Ежелгі адамның өмір салты өзгерді, олар неғүрлым жиі қозғалып, аң аулауға қолайлы алаптарды іздестіріп жиі коныс аударып отырды. Сондықтан бүгінгі күні ортаңғы тас ғасырының тұрақтарын табуға байланысты қиындыктар туып отыр: өйткені олар көбінесе небәрі бір маусым ішінде ғана болып, олардың орнында материалдық калдыктар калмады деуге болады. Сонымен бірге б. з. б. VIII мыңжылдыкка карай қазіргісінен әлдеқайда жұмсақ болған жылы климат ұзақ мерзімді, жылы және баска тұрғын жайлар салуды қажет етпеді, сондықтан аңшылар өз тұрактарының орнын оңай әрі тез ауыстырып отырды. Қызылжар каласына жақын Есіл бойынан Мичурин, Боголюбов-2, Явленко-2 түрақтары табылды. Сәл оңтүстікте, Атбасар маңында—Тельман-7, — 8а, — 9а, — 14а, одан да оңтүстікте, Карағанды манында Әкімбек және Қараганды-15 тұрақтары бар. Көкшетау маңындагы далалық Шағалалы жағалауындағы Виноградовка-2а, — 12 тұрак- тары мәлім. Торгай ойпаңы ауданында — Дұзбай-6, Қостанай қаласы манында Дачная және Евгеньевка түрақтары орналаскан29. Әлбетте тұрақтар өзендер мен көлдердің жағасына орналасатын. Жоғарыда айтылғанындай, тұргын үй кұрылыстарының калдыктары сақталмаган. Есіл өзені аңгарында көлемі 40—60 шаршы метр, каңқасының қабырғаларының бөренелері терең көмілмеген жеңіл, тік бүрышты кұрылыстар болған деп жорамалдауға ғана болады. 2. Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұны мен маңызы.

Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.

3. «ХІІІ-ХV ғғ. жерге меншіктің түрлері» кестедегі мәліметтерді сәйкестендіріңіз.

14-билет 1. Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.

Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни (1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.

Құтты білік дастаны

“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам

Шаруалардың мүліктік жерлері

Отырықшылық аудандардағы егіншілік жерлер

Мемлекеттік жерлер

Сойырғал, иқта

Вақфтық жерлер

Інжу

Ханға адал қызмет істегендерге берілетін жерлер

Дін иелерінің жерлері

Шыңғыс тұқымдарының жасау ретінде алған жерлер

Д

Тікелей хандардың қарамағындағы жерлер

туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.“Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.

"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.

"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған

Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген. 2. ХІV ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайына талдау жасаңыз.

Қазақстан – үлкен мемлекет. Соған қарай оның климаты мен табиғат жағдайы біркелкі емес. Климат жағдайларына байланысты шаруашылық жүргізу формалары, қолға ұстаған мал құрамы өзгеріп отырған.

Қазақстанның кең байтақ жерінде мал шаруашылығының 3 түрі дамыған. Мысалы Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.

Шығыс Қазақстанда Алтай мен Тянь-Шан тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды.

Ал Қазақстанның Оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы мал шаруашылығы болған. Олардың жанында егіндік жерлері де болған. Мұндай шаруашылықты отырықшы мал шаруашылығы деп те атауға болады.

Ата бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аманба?» деп сұрайды. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғынуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі халықтың тағамы, киімі, баспанасы. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз және жүн, теріден жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес.

Қазақтар негізінен 4 түлік малдың бәрін өсірген. Олар жылқы, сиыр, қой, түйе. 4 түлік олар үшін мінсе көлік, сойса - тамақ, ішсе - сусын, кисе – киім болған. Жылқы мінсе көлік ретінде, сондай – ақ түйе ыстық – суыққа, шөлге тізімді келеді. Ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі. Киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Қазақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.

Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, оған арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. Атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақтау жерге жаюға мүмкіндік алды.

Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды да іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Қойлар суық пен ыстыққа төзімді, тебіндеп жайылады.

Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланған. Түйе ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.

Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет болған.

Батыс Қазақстанда түйе көп ұсталған.

Еліміздің солтүстігінде сиырды көптеп өсірген. Ал елдің Оңтүстігі қой өсіруге тиімді болған екен.

Көшпенді шаруашылықтың негізгі ерекшелігі – мал жыл бойы жайылымда бағылады. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру мәдниетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, күзде –күздеуге , қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге үзбей көшіп жүрген.

Көш. Көшке арнайы көшбасшы тағайындалып, сол басқарған. Көш басында жеңіл артылған атанға әшекейленген ақ текеметтен қоршау жасалып оған сәнді киінген қыз немесе келіншек мінеді.

Көктеу. Көктем шыға көшпелі қазақтар қыстаудан көктеуге келіп қонады. Көктеудегі маңызды шаруа – мал төлдету. Мал төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел тартылады. Малдар төлдеп болғаннан кейін қозылар отығып көш соңына еруге жарағанда жайлауға көшу басталады.

Жайлау. Жайлауда шөп мол болғандықтан малды бағу жеңілдейді. Малшылардың қолы босап, жайлауда той – томалақтарын өткізіп бір сергиді. Бие байланып қымыз ашытылады.

Күздеу. Қыркүйектің ортасында жауын – шашын басталмай тұрып күздеуге көшу басталады. Күздеуде жаппай қысқа даярлық жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан арқан есіледі, киіз басылады.

Қыстау. Күн суыта ауыл қыстауға келіп қоныстанады. Көшпелі қазақтар ерте 16 -17 ғ. қысты киіз үйде де өткізген. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отырған баспанасы. Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің – құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп аталады. Оларға шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық немесе есігі жатады. Олар туырлық, үзік, түндік.

Егіншілік Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария аңғарларында жақсы дамыған. Негізінен қазақтар бау – бақша өнімдерін, сонымен қатар бидай, арпа, жүгері сияқты яғни дәнді дақылдар да өсірген. Ортағасырлық Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығына қарап осы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығын білеміз. Талхир қазіргі Талғар, Иасы қазіргі Түркістан қалаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде егіншілікке пайдаланылған көптеген құрал - жабдықтар табылған, мысалы : кетпен, соқа, тырма.

Қазақтар қосалқы шаруашылық түрімен де айналысқан. Оларға аң аулау және балық аулау жатады. Кедейлер Балқаш, Алакөл, Сырдария, Іле сияқты өзен көлдерден балық аулаған. Аң аулау кедейлер үшін тіршілік етудің бір түрі болса, ал байлар үшін сауық сайран құру болған екен.

Қалалар. Қазақстан жерінде Х-ХІ ғасыр отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейді. 6 – 9 ғ. Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, олардың саны 37 - ге дейін жеткен.

Қалалар санының өсуі, қала маңында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсерін тигізген.

Қалалар тек саны жағынан ғана емес көлемі экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен 3 топқа бөліп қарауға болады.

І – топқа 30 га асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалаларға Шынджаб, Отырар, Сауран жатады.

ІІ – топқа 10 га дан 30 га дейінгі қалалар жатады.

ІІІ – топқа көлемі 10 га жетпейтін қалалар жатады.

Х-ХІ ғ. қалалардағы басты жаңалық – мұсылман дінінің қазақ жеріне енуіне байланысты мешіттердің пайла болуы мешіт мұсылман дінінің әдет – ғұрып, салт дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының 2 жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Иасы қалаларынан да табылған. Моншаларға су қыш құбырлар мен тартылған. Осы іспеттес Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында ХХ ғ. 60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға айналдырылған.

Алматы қаласында Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы қазіргі кезде қала тұрғындарының демалып сауығатын орындарының біріне айналған.

Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі – Отырар. Ежелде Отырар қаласының орнында «Фараб» атты үлкен қоныс болған. Ол «сулы қоныс» дегенді білдіреді. Себебі қала Арыс және Сырдария өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Ежелгі Отырар қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Отырар қаласында Аристотелден кейінгі 2 ұстаз атанған данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл Фараби дүниеге келген. Отырардың атын әлемге әйгілеген ең бай кітапхана, Отырар кітапханасы. Әбу Насыр әл Фараби осы кітапханадағы барлық кітапты оқып шыққан деседі. Отырарды бұл күндері басы бүтін қалған құрылыс –Арыстан баб кесенесі. Арыстан баб Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.

Түркістан орта ғасырлардағы көне қала. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан. Түркістан – түріктер мекені деген сөз. Ерте кезде қала «Шабғар» деп аталған. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан.

Сарайшық ХІІІ ғ. Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған қала. Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан. Сарайшық қаласында Әз Жәнібек хан 1347 – 1350 ж. билік құрған кезде халық шалқыған дәурен кешіпті. Сол кезде халық арасында

Сарайшықтың саздары

Қаңқылдады қаздары

Су сұрасаң бал берген

Ноғайлының қыздары деген ән кең тараған.

Сарайшық қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерде Жайықтың жағасында орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан әдемі қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған. Бұлардан басқа қазақ жерінде Сұяб, Баласағұн, Сайран деген ортағасырлық қалаларда болған.

Қазіргі кезде қанша қала бар. Ірі қалалар жайлы да түсінік беріп қорытындылау. Қазақстанда 14 облыс 90 ға жуық қала, 200 – дей қала тектес кент, 150- ден астам аудан тіркелген.

Зергерлік бұйымдар.

Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін, зергерлік әсемдік бұйымдар жасаған. Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі 6 түрге бөлінеді.

1) басқа 2) мойын және кеудеге 3) иыққа 4) белге 5) қолға 6) аяққа тағылатын бұйымдар.

Қазақ аруларының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын көрсетеді.

Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Ел ішінде кең тараған әндердің бірінде мынадай жолдар бар : «Құлағыңа таққаның күміс сырға,

Күмбірлетіп тағасың күнде сырға»

Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден қола дәуірінде металдан жасалған. Б.з.б. ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасырында алтыннан, күмістен жасалған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастады.

Алқа әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын сәнді бұйым.. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылған, кейін оның түр сипаты өзгеріп тұмарша түрінде, әртүрлі салпыншақты кейіпке ауысқан. Алқа меруерт, маржан, асыл тастардан алтын, күмістен соғылған.

Саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым – жүзік. Кенен Әзірбаев атамыз «Көрінер ақ үй сұлу үзігімен

Көрінер келін сұлу жүзігімен»

деп жырлаған екен. Қазақтар бой жетіп келе жатқан қызына мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат жүзіктер дайындаған.

Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина немесе жүзік болуы керек деп санаған. Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырмайды. Қазақта «Сақинаны сәнге салмайды ол -тазалыққа таразы», сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді.

Қазіргі кезде де жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында үйдің үлкендері енесі немесе абысыны «қолыңа сақина салып ал, ол тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады және де нәрестені 40 – нан шығарда оны шомылдыратын суға алтын немесе күміс сақина, немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.

Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар бойы жалғасып, қоғамның дамуына байланысты дамып жетіліп отырған. Көшпелілердің өнері мен мәдениеті қазіргі адамдарды да таң қалдырады. Ол жалпы адамзат мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді.

Көшпенділерге тән қасиеттер жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, ойға тапқырлық деуге болады. 3. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Көрнекті ақын-жыраулар

Қазақтың кәсіби композиторлары

Танымал актерлер

Д. Әбілев, Ө. Сәрсенбаев, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, Ө. Шәріпов, Ә. Әбішев, Ғ. Мұстафин қазақ кеңес әдебиетінің танымал шеберлеріне айналды.1947 жылы М.

1942 жылы Е. Брусиловскийдің «Гвардия, алға!», 1944 жылы А. Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» опералары қойылды. Соғыстан кейінгі жылдарда Е. Брусиловский мен М. Төлебаевтың «Амангелді», А. Жұбанов

Соғысқа дейінгі уақытта қазақ киносы да қалыптасты. 1938 жылы Қазақстанда тұңғыш көркем фильмдер студиясы ашылды. 1938 жылдың соңында Алматы кинохроника студиясы ұйымдастырылып, қазақтың тұңғыш дыбысты деректі фильмі «Жамбыл ата» көрерменмен табысты. Осы жылы «Ленфильм»

Әуезовтің «Абай» романының 2-томы басылып шықты, 1948 жылы, С. Мұқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», 1949 жылы Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романдары жарық көрді. 1949 жылы «Абай» романы үшін М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы беріліп, роман жазушыға дүниежүзілік даңқ әкелді. 50-жылдардың басында қазақтың көрнекті ақын-жазушыларының, Ғ.Мұстафин, Ғ.Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Т. Жароков және т.б. шығармалары жарық көрді.

пен Л.Хамидидің «Төлеген Тоқтаров», М. Төлебаевтың «Біржан - Сара» опералары жазылды.

киностудиясында қазақстандық кинематографистердің алғашқы көркем фильмі- «Амангелді» түсірілді. 1941жылы Мәскеу және Ленинград киностудиялары Қазақстан астанасына қоныс аударып, олар Алматы көркем фильмдер киностудиясымен бірігіп көптеген фильмдер түсірді. Олардың қатарына «Екі жауынгер», «Илья Муромец» және т.б. фильмдерді жатқызуға болады. 1945 жылы Алматы көркем фильмдер киностудиясы тұңғыш рет өз күшімен «Абай әндері» фильмін жарыққа шығарды. Сол жылдары «Буратиноның бастан кешкендерінің» авторы A. Н. Толстой, Самуил Маршак, жазушылар Михаил Зощенко және Константин Паустовский, «Степа ағайдың» авторы және қазіргі белгілі кинорежиссер Никита Михалковтың әкесі Сергей Михалков, атақты режиссер С. М. Эйзенштейн, белгілі актерлер Николай Черкасов, Михаил Жаров, Любовь Орлова, Марина Ладынина, Николай Крючков, Борис Андреевтер Қазақстан астанасында тұрып, еңбек етті

15-билет 1. Патриархат - аталық ру

Б.з.д. ІІ мыңжылдықта Еуразияның далалы аймақтарында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ал өндіріске металдан жасалған құралдардың енуі, еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себепші болды, жаңаша әлеуметтік қатынастарды қалыптастырды. Осы мәселелерді таратып айтар болсақ:

Түсті металдар мен алтынның өндірістік жолмен игерілуі - қола металлургиясы шықты.

Ең алғашқы еңбек бөлінісі - бақташылық, мал шаруашылығы мен теселі егіншілік пайда болды.

Әкелік отбасылық рулық қатынас орнады.

Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады.

Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі көшпелі мал шаруашылығына көшті.

Қола дәуіріндегі экономиканың басты – екі бағыты болып табылатын мал шаруашылығы мен металургияның, сондай – ақ егіншіліктің дамуы ең алдымен еркектердің еңбегін қажет етті; мұның өзі қоғамдағы ер азаматтардың ролін арттырды. Сондықтан аналық рулық қатынастың орнына аталық ру (патриархат) орнады. 2. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы, халықтың этникалық және әлеуметтік құрылымындағы өзгерістерді сипаттаңыз.

2009 жылғы халық санағына елімізде ерекше маңыз берілген. Ол “Әркім де маңызды” ұранымен өткізіді. 2009 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша елімізде 15 миллион 778 мың адам тұрады. Халық ең көп шоғырланған өңірлер – Оңтүстік Қазақстан облысында 2 миллионнан астам, Алматы облысында 1 миллион 600 мың, Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 400 мың тұрғын бар. Алдағы халық санағы бұл деректерге нақты өзгерістер мен толықтырулар енгізетіні сөзсіз.

Елімізде халық санағын өткізуге жан-жақты дайындық жасалынған. Санақ жүргізетін негізгі 53 мың 706 есепші-санақшы белгіленген. Оған қосымша жергілікті жерлерде негізгі жұмыс орындарында 20 пайыз жалақысы сақталып, санаққа қатысатын 2 мың есепші-санақшы

бекітілген. Сөйтіп, еліміз бойынша 2009 өткен халық санағын 58 мың 368 есепші-санақшы жүргізген. Санақ жұмысына бақылау жасайтын нұсқаушылар тиісті оқу курсынан өткен. Сол сияқты ішкі істер, қорғаныс, әділет, төтенше жағдайлар органдарына қарасты мекемелерде санақ жүргізетін арнаулы топ та дайындықтан өткізілді. Алдын ала белгіленген есеп бойынша бір есепші-санақшыға жүктелетін міндет – 78 пәтерді аралап, жобамен 290 тұрғынның есебін алу. 3. С.Торайғыровтың әлеуметтік әділеттілік пен халық ағарту ісіндегі атқарған қызметіне баға беріңіз.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ақын, ағартушы. 1916 жылдың күзіне дейін әуелі Катонқарағайда, кейін Зайсанда болады, орыс тілін үйренеді.

1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.

1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады. Бірақ ауруы асқынып кеткендіктен оқуды да, жұмысты да тастап,

1918 ж. сәуірде еліне біржола оралады. Онда Колчак үстемдігінен кейін қайта жанданған совдеп жұмысына араласып, ел шаруаларының дау-шарларын әділ шешуге қатынасты. Осы тұста саяси-философиялық әдебиетті (Г.Ц. Плеханов, Н.Г. Чернышевский, т.б.) көп оқып,

“Шал мен қызға”,

“А, дүние”,

“Жас жүрек”,

“Сарыарқаның жаңбыры”,

“Адасқан өмір”,

“Кедей”,

“Айтыс”, т.б. өлеңдерін жазды.

16-билет 1. Бұқар Қалқаманұлы – ақын, жырау.

Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен.Сырдария облысы Қазалы уезі көшербай болысының 6 шы ауыл. "ҚараҚ" деген жер.

Жыраудың “Он екі айда жаз келер”, “Абылай ханның қасында”, “Ханға жауап айтпасам” атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: “Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек”, “Әлемді түгел көрсе де”, т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел “Көмекей әулие” Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі — жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді.

Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл “Қилы заман” толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: “Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой” — деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; “Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!” деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды.

Бұқар Жырау поэзиясының негізгі ерекшеліктерін, ішкі ағыс-толқындарын, күйлі-қуатты толғамдарын білімпаздықпен бажайлаған М. Әуезов: “Жырау… заман сыншысы, сөйлесе шешілмеген жұмбақ, түйіні шатасқан сөздерді ғана сөйлейді. Өзі тұрған заманның белгілеріне қарап, келешек заман не айтатынын болжайды. Сөзінің бәрі терең ой, терең мағынамен сөйлейді. Сыртқы түрі құбажондатқан толғау, салыстырған суреттермен ұқсатқан нобай, жағалатқан белгімен келеді… Не айтса да, көптің мұңы мен қамы, көптің жәйі туралы: не көпке арнаған ақыл, өсиет есебінде айтылады”, — дейді. Бұқар Жырау есілтіп-төгілтіп, алмастай жарқылдап, дария суындай құйылып отырады. Бұған: “Еліңнің қамын же — сана, Есіліп кеңес айт — сана” деген лебізі куә. Кейде сәуегей абыз ишаратпен, тәмсілмен сөйлейді. Оның қапияда шығарылған филос.-дидактикалық сипатқа бөленген құдіретті ой-толғаныстары, тапқыр билік-кесімдері толғау түрінде беріледі. Қиыннан қиыстырылған құрыштай тастүйін сөздер, қанатты кесек ойлар, пайымды терең байламдар белгілі бір нақысты мақалмен тақпақтата, түйдектете, толқындата айтуды қалайды. Бұқар Жырау дәуір, өмір, тұрмыс-тіршілік құбылыстарын және олардың себеп-

салдарын түп-тамырынан қозғап қана қоймаған, білгір дана қиял қанатында самғап, келешек заманның кереметін де көре білген. 2. Әскери коммунизм саясатының мәні мен мазмұнын сипаттаңыз.

Ел экономикасын соғыс жағдайына ыңғайлап қайта құру және майданды толық қамтамасыз ету мақсатында бірқатар төтенше шаралар жасалды. Соғыс жылдары «Әскери коммунизм саясаты» енгізілді. Бұл саясаттың басты шарасы – азық –түлік салғырты. Оның мәні. Ауылшаруашылығы өнімінің артылғанының бәрін шаруалардың мемлекетке міндетті түрде өткізуі.Соғыс жылдары большевиктердің социалистік тәжірибелерге әзір еместігін көрсеткен жағдайлар қалыптасты:

- шаруашылықты әскерилендіру

- еңбекті ұйымдастырудың әскери түрі

- бөлу ұстанымы

- бұқараны кедейлендіру

- экономиканы орталықтан басқару жүйесі 3. Кестені толтырыңыз: «Алғашқы діни түсініктер»

17-билет 1. Сақ патшайымы Томирис

Тұмар (Томирис) (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі,массагет халқының байырғы заманда ел билеген атақты ханшайымы. Себебі грек жазбаларында оның елін "массагет" деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп әлемге танылуы - Ахемен әулетінен шыққан, "төрт құбыланың тұтас билеушісі" атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558- 530.) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген "жеңілуді білмейді" деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас-талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Басқаруы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсылардың Кир патшасы Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейтін» деп дәріптелген «өлместер» әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты. Мемлекетінің аумағын кеңейте беруді ойлаған Кир батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен массагеттерді бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі көшпенділер еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды. Бұл Кирдің массагеттермен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар Кир патшаның (ж.ж.с.д. 558-530) ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді. Өздерін жаулап алуға келген парсылардың әр қадамын алыстан бақылап, біліп отырған Тұмар олардың дариядан өту үшін әуреленіп, көпір салғалы жатқанын естіп, Кирге арнайы жаушы жібереді. Мадилардың патшасы! Ниетіңнен қайт. Салып жатқан көпірлеріңнің игілігін көрер көрмесіңді өзің де білмейсің. Өнбес істі қума. Өз патшалығыңа бар да, өз билігіңді жүргізе бер, бізді күндеме. Ал егер алда-жалда соғыспай қоймаймын десең, онда көпір салып, уақыт өткізіп, әуре болма. Дарияның біз жақ бетіне шығып соғысамын десең, біз үш күншілік жерге кетіп, жол ашайық, ал дарияның өз жағыңда соғысамын десең, сен үш күншілік жерге шегін. Қалауыңа қарай өзің шеш. Тұмардың ұсынысын Кир патша әскери кеңеске салады. Біраз пікір таласынан соң, Лидияның бұрынғы патшасы, сол кезде Кирдің қолындағы мырза тұтқын Крездің ақылымен дарияның массагеттер жағында соғысуды ұйғарып, шешімдерін Тұмарға хабарлайды. Массагеттер уәделерінде тұрып, үш күншілік жерге шегініп кетеді. Олардың кеткеніне анық көз жеткізгеннен кейін Кир бүкіл әскерін дарияның арғы бетіне өткізіп, Крездің үйреткен айласымен массагеттердың шабылдаушы тобын алдап қолға түсіріп, түгел қырғынға ұшыратады. Осы шабуылшы топтың басшысы, Тұмардың ұлы Спаргапты (Спаргапис) тұтқынға алады. Сүйікті ұлы

Түрлері

Түсінік беріңіз

Тотемизм

адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру.

Анимизм

өте ерте заманғы жерлеу ғұрпында қанның жанмен байланысты екенін білдіретін сенім.

Магия

Ежелгі жандардың табиғаттың тылсым әрекеттеріне сиынып, құлшылық ету әрекеті

мен шеп бұзар жауынгерлерінің қайғылы хабарын алған Тұмар Кирге жаушы жіберіп, оған өзінің соңғы сөзін жеткізеді. Қанқұмар Кир! Жеңіске желікпе. Сен менің ұлымды ашық айқаста қару құдіретімен жеңген жоқсың. Шарап ішкізіп, алдап барып, пенде еттің. Енді менің мына ақылымды ал. Айла амалмен біраз жауынгерімді опат еткеніңді қанағат тұтып, менің ұлымды өзіме қайтарып бер де, есен-сауыңда жөніңді тап. Егер өйтпесең, Тәңірі атымен ант етіп айтайын, қанға қаншама тойымсыз болсаң да, адам қанын сусының қанғанша ішкізермін! Кир өзінің шайқасатынын айтып, Тұмардың жаушысын кері қайтарады. Тұтқынға түскен Тұмардың ұлы өзінің қандай күйге ұшырағанын мастығы айығып, есі кірген кезде ғана бір-ақ біледі. Кирден аяқ қолын босатуын өтінеді. Қолдан бұғау, аяқтан кісен алынысымен, ол қасында тұрған парсы жауынгерінің қаруын жұлып алып, өзін өзі өлтіреді. Келесі күні екі жақтың арасында бұрын соңды көз көріп, құлақ естімеген сұрапыл қырғын соғыс басталады. Ақырында далалық ұрыс тәсілін тиімді пайдаланған массагеттер парсылардың әскерін түгел дерлік жусатып салады. Қоршауға түсіп, бас сауғалар мүмкіндігінен айырылған. Кирдің өзі де жауынгерлерімен бірге айқас алаңында қаза табады. 2. 1937-1938 жж. жаппай репрессиялау шараларының ауқымы мен салдары.

Қазақстандағы екінші репрессия 1937-1938 жылдары жүргізілді. Себебі бұл жылдары бүкіл елімізде, әсіресе Мәскеу мен Ленинградта жаппай жазалау шаралары басталған еді. Соның ызғары Қазақстанғы Қарағанды қаласына да келіп жетті. Өйткені Қарағанды еліміздегі үшінші көмір ошағы аталды. Мұнда көптеген партия, мемлекет және қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар мен ақын- жазушылар жұмыс істеді. Соның ішінде деп слайд арқылы сол кездегі қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларына тоқталамыз

Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді

Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік, самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

Сталиндік режимнің ең ауыр қылмыстық акцияларының бірі – депортация. «Депортация» - қуғындау, жер аудару деген мағынаны береді. Соғысқа дейін және соғыс жылдары Қазақстанға депортрианттар: корейлер, немістер, қырым татарлары, армияндар, болгарлар, гректер, солтүстік кавказ ұлтының өкілдері күштеп жер аударылды. КСРО ХКК және ВКП/б ОК 1937 ж. 21 тамыздағы қаулысымен «жапон шпионажының күшеюіне орай» корейлер Қазақстан мен Орта Азияға жер аударылды. Оларға сенімсіздік білдірілді.36422 корей семьясы/171781 адам/ 11937 жылы қазанда 124 теміржол эшалондарымен Қиыр Шығыстан батысқа қарай жер аударылды, оның 20170 семьясы /95256 адамы/ Қазақстанға келді.

Ұлы Отан соғысы кезінде Қазақстан мен Сібірге 1 млн 84 мың немістер, оның 76 пайызы, яғни 420 мыңы, Қазақстанға жер аударылды. Олардың жолға жиналуына 24 сағат берілді. Ал одан былайғы тағдыры қалай болады? Ол жағы беймәлім. Аман есен келгендері аса ауыр тұрмыстық жағдайды бастан өткерді: азық-түлік жетіспеді, бұрынғы түрмелерге, қоймаларға орналастырылды.

3. Үгедей ұлысының аумағын карта бойынша белгілеңіз.

Шыңғыс хан Орталық Азияны бағындырғаннан кейін жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле) үлесіне бөліп бергені белгілі. Бүгінгі Қазақстанның аумағына кіретін Ертістің жоғарғы ағысы, Еміл, Тарбағатайдан Балқаштың сол жақ жағалауына дейінгі жерлер Үгедей ұлысы болып есептелген. Орталығы қазіргі ҚХР-ның Шыңжаң аймағындағы Еміл қаласы болған

18-билет 1. Орталық Қазақстандағы ащель кезеңінің ескерткіштері.

Құдайкөл– палеолит дәуірінің ескерткіші. Павлодар облысы Екібастұз қ-нан солтүстік-шығысқа қарай 58 км жердегі Құдайкөл а-ның оңтүстік-батысынан 14 км жерде орналасқан. 1963–66 ж. геолог Б.Аубекеров тапқан. Табылған бұйымдар леваллуа-ашель, кейінгі палеолит, голоцен дәуіріндегі тас ғасырына жатады. Палеолитке жататын Құдайкөл материалдары көл маңындағы 14 қазба орнынан жиналған. Жалпы саны – 351 дана. Құралдар бірбіріне өте ұқсас. Оларды жасағанда леваллуа техникасы пайдаланылған. Құдайкөл өндірісі тех. және типол. жағынан леваллуа-ашель мәдениетіне жатады. Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы кейінгі палеолит осы мәдениеттен бастау алған. Құдайкөл – республиканың орт. бөлігін адамзат баласы ежелгі тас дәуірінде мекен еткендігін, оның мәдениеті үздіксіз дамуда болғанын көрсететін маңызды кешендердің бірі. 2. Қазақ шығармашылығында ертеден келе жатқан айтыс өнеріне талдау жасаңыз.

Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс — синкреттік жанр, ол тұрмыс- салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. Айтыста осыған орай лирикалық, эпикалық, драмалық сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі әсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да әсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Айтыс — Дәстүр Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Бұған айтыстың сауықшылдық, эстетикалық ләззат беретін сипаттары да айтарлықтай қызмет атқарады. “Аттың жалы, түйенің қомында” дегендей көп дайындықты керек етпейтін айтыс кез келген жерде өте береді де, мұның тыңдаушысы да, бағасын беріп төрелік айтушысы да халық немесе қадірлі ел ақсақалдары болады. Айтыстың дәстүрлі өнерге айналуына көшпелі өмір салты тікелей әсер еткені байқалады. Көшпелі елде шілдехана, ойын-тойға ерекше мән беріліп, қонақ кәдеден бастап, кішігірім ауыл айтыстары да өтіп отырған. Бұлар ертеңгі көрнекті айтысқа бастайтын дайындық тәрізді бүкілхалықтық сипат алған. Арқалы айтыс ақындары бірін-бірі іздеп келіп айтысатын дәстүрге жалғасты. Бір де бір үлкен жиын, ас-той ақындар айтысынсыз өтпейтін болды. Бұл дәстүр айтыстың сан алуан мазмұнды, мол ауқымды жанрға

ұласуына қолайлы жағдай жасады Маңызы Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Бетпе- бет келген екі ақын да сол орайда жеңудің сан алуан жолдарын, амал-тәсілдерін қарастырады. Ә дегеннен амандасу, ел жағдайын сұраудың өзінде айтыс боларлық түйін, сын тағарлық мәселелер іздестіріледі. Қарсыластардың қай-қайсысы да негізгі уәж, аталы ойларын бірден жайып салмай, аңысын аңдап, құрылған тор, айлалы қақпанға түсіруді көздейді. Оның алдын орап, матап, шырмап, қисынды да уәжді сөзбен тоспақ болады. Машығы мол, айла-тәсілі көп, аталы сөзді орнымен қолдана білген ақын ғана мәрелі жеңіске жетеді. Суырып салма өлеңге ысылған, ағыл-тегіл жыр иесі айтыста сөз таппағаннан жеңілмейді, аталы сөзден, жүйелі ойдан, бұлтартпас шындықтан тосылады. Мұны қанша өкінішті болса да жұрт алдында ашық мойындауға, кейінгі жырлау кезінде жасырмай айтуға мәжбүр болған. Бұл шыншылдық ойды “Аталы сөзге арсыз жауап қайырады” деген мәтелімен айтыстың әділ қазысы болған халық өзі түйіндеп отырған. 3. Ә. Қашаубаевтың қазақ өнеріндегі алатын орны.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) – атақты әнші, актер әрі музыкант. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды. «Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикаль» журналы оның сирек кездесетін талант екенін жазса, Сорбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған. 1927 жылы сәуір айында арнайы шақыртумен Мәскеу консерваториясының залында қазақ әндерін тамылжыта шырқады. Сол жылы Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен Халықаралық музыкалық көрмеде концертке қатысып, қазақтың халық әндерін әлемге паш етті. Александр Затаевич Әміренің әншілік өнеріне тәнті болып, одан «Балқадиша», «Дударай», Бес қарагер», «Көк көбелек», т.б. әндерді жазып алып, «Қазақтың 500 ән мен күйі» (1931) жинағында жариялады. Затаевич. Ол алғаш рет қазақтың халықтық музыкасы шығармаларымен 1920 жж. басында, Орынборда жүрген кезінен-ақ таныса бастайды. Сол кезеңнен бастап А. Затаевич өзінің болашақ қызметін аспаптық мұраларын тамаша үлгілерін жинау, оны насихаттаумен тығыз байланыстырады. Халықтық кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, олардың орындаушылық шеберліктерінің сырын ашып, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет Затаевич жарыққа шығарды. Сөйтіп, ұлттық дәстүрлерді сақтаушылар мен дамытушылар

жайында қайталанбас деректер жазып қалдырды. Этнографтың “Қазақ халқының 1000 әні” (1-бас., 1925 ж., 2-бас., 1963 ж.), “Қазақтың 500 ән-күйі” (1931), “Песни разных народов” (1971), жарияланбаған “Қазақ музыкасының 3-томы” деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классик. ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Затаевичтің еңбектері арқылы қазақ музыкасы дүние жүзіне тарады, бүкілЕуропа елдеріне жетті, алдыңғы қатарлы өнер иелерінен жоғары баға алды. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды. Шара Жиенқұлова 1936 жылы Мәскеуде өткізілген Қазақ әдебиеті және өнерінің онкүндік мәдени шарасына қатысып, өзге халықты ұлттық би өнерімен таң қалдырды. Майра Уәлиқызы Шамсутдинова – халық әншісі, композитор. 1896 ж. 6-мамырда Кереку (қазіргі Павлодар) қаласында дүниеге келген. Майра жасынан гармон тартып, ән салған. 1926 жылы әйгілі этнограф-музыкант А.В. Затаевичпен кездесіп, өзінің орындауындағы жеке әндері мен 13 халық әндерін жазған. Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250-ден астам қазақ ән-күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”, “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8-, 9-симфонияларын, “Қозы Көрпеш — Баян сұлу” балетін жазды. Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) — қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик. 1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.

19-билет 1. Қазақстандағы ежелгі, көне жазулар.

Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған. «Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген. Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды. Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721- 1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық

Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын. 1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы- ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды. Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады. Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады. 2. ТМД құрылуы және оны құрудағы Н.Ә.Назарбаевтың қызметіне талдау жасаңыз.

1991 жылдың желтоқсаны ірі оқиғаларға толы болды.Олардың ең бастысы КСРОның ыдырауы.Желтоқсанның 8 күні Минскіде бас қосқан үш славян мемлекетінің басшылары өзара келісіп,1922 жылғы КСРОны құру туралы шарттың өз күшін жойғаны туралы жариялады. (Беловеж келісімі). Талқыланған негізгі мәселелердің тағы бірі келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Бас қосуда осы мәселелер туралы қағаздарға қол қойылды. Бұл кездесуге Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев та, басқа Ортаазиялық республикалардың басшылары да шақырылмады. Осылайша дүниежүзіндегі аса ірі отаршыл империялардың соңғысы Кеңес Одағы құлады. Соның нәтижесінде Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Грузия, Латвия, Литва, Молдава, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Украина, Эстония мемлекеттері ғасырлар бойы аңсаған бостандыққа қол жеткізді. 1991 жылы 13 желтоқсанда Қазақстан, Өзбекстан, Қыргызстан, Туркіменстан, Тәжікстан басшылары Ашхабадта бас қосты. Орта Азия мемлекеттерінің басшылары Минск (Беловеж келесімі) шешімін қолдайтындықтарын білдірді. 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Туркіменстан, РСФСР, Украина, Белорусь, Армения, Молдова Алматыда бас қосты. Оған Грузия бақылаушы есебінде ғана қатысты. 1991 жылы 21 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып, ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Алматы кездесуі кезінде келісілген мәселелердің аса бір маңыздысы ядролық қаруға қатысты бірлескен шара жөніндегі келіссөз еді. Оған қолдарында ядролық қарауы бар мемлекет есебінде Белорусь, Казақстан, Россия Федерациясы және Украина республикаларының басшылары қол қойды. Мемлекеттер келісімі бойынша-қатысушылар ядролық мәселе жөніндегі саясатты бірлесе жасап, Тәуелсіз Елдер Достығына енетін барлық республиқалардың ұжымдық қаупсіздігін қамтамасыз етуге тиісті болды.

1990 жыл, 25 қазан – «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылдандыДекларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда, республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет ҚазССР-інің егемендік құқығы жағдайы үшін принципиалды мемлекеттік-құқықтық нормалар бекітілді. Олар:Одақтың шешуіне берілген мәселелерді қоспағанда, ҚазССР территориясында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы;Одақтық

Жоғары органдардың ҚазССР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілердің өз территориясында күшін жою құқы;ҚазССР-інің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жан-жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның территориясындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми-техникалық әулеті туралы:Республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субьектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы.Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғары Кеңеске берілді. Президент Республика басшысы болып, жоғары атқарушы билікті иеленді. Ал, сот билігі Жоғары Сотқа берілді. Мемлекеттің әлеументтік негізін анықтауда таптық тұрғыдан қараудан бас тартты. Ресублика территориясында ядорлық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрлысы мен қызметіне тиым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеументтік – экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан жаңа Конституциясын жасау басталды. 1991 жыл, 1 желтоқсан – Қазақстан тарихында тұңғыш рет бүкілхалықтық Президент сайлауы өтті.Қазақстан Республикасы тарихында халық алғаш рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады. Дауыс беруге құқылы 9 млн 960 мың азаматтың 88,42 пайызы сайлау уческілеріне келіп, сайлауға қатысты. Олардың 98,76 пайызы Президенттікке үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдап дауыс берді.10 желтоқсанда Республика сарайында Президенттің қызметке кірісуіне арналған ҚР Жоғары кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті. Қадірлі ақсақалдар Д.Снегин, Қ.Қожамияров, Э.Айрих, Ы.Қожахметовтер Елбасына шапан жауып, қарт ақын Шәкір Әбенов бата берді.Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бүкіл халық сайлаған алғашқы Қазақстан Республикасының Президенті мандатына ие болды. Бұл оқиға аталмыш тұлғаның әлеументтік ортада жоғары беделге ие екендігін аңғарты.Сайлау нәтижесі саяси-этникалық тұрғыдан республикамызда ұлтаралық татулықтың бекем екендігін көрсетті. Бүкілхалықтық бұл сайлау тәуелсіздік жолында қабырғасы қаланып келе жатқан мемлекеттің демократиялық бағытының айқан екендігін растады. 3. Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

Билеушілер

Жүргізген саясаты

Ерзен хан

Ерзен ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастады. Ақ Ордада қалалық мәдениеті дами түседі. Отырар, Сауран, Баршыкент қалаларында мешіт, медреселер салынды.

Мүбәрак

Мүбәрак 1327-1328 жылдары өз атынан таққа отырды. Бұған Алтын Орда хандары қарсы болып, тәуелді етуге тырысты. Алтын Орданың хан Өзбектен жеңіліс тапқан Мүбәрак жеңіліске ұшырап қырғыздар мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болады.

Ұрыс

Алтын Ордадан мұлдем оқшауланды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқытырады. 1374-1375 жылдары Еділ бойына жорық жасап, қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады.

Барақ

Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қайтарады.

20-билет

1. ХІV – ХV ғғ. Қазақстандағы мал шаруашылығы мен егіншілік.

XIV—XV ғғ. Оңтүстік-Шығыс Қазақстандағы халықтардың шаруашылық қолданудың жалпы балансында үлкен өзгерістер болды. Моңғол хандары мен феодалдардың ұзақ үстемдігі, ХІІІ ғ. шығыстан көптеген жаңа көшпелі тайпалардың келуі, Шағатай ұлысындағы үздіксіз өзара тартыс соғыстар, Хайду мемлекетіндегі меншікке ие болу үшіш тартыстар – осы соғыстармен моңғол әскерінің ұзақ және жиі қозғалыстар байланысты болды, XIV ғ. соңында Жетісудағы отырықшы-егін шаруашылығы мен қалалық мәдениетті жойды. Қалалар айналысындағы аграрлық округ жойылды, содан кейін Баласағұн, Алмалық, Алматы, Тараз, Қаялық, Екі-Оғыз және т.б. ежелгі қалалар жойылды. Бүкіл жерде көшпелі мал шаруашылығы басым болды, ол жергілікті халықтың маңызды саласына айналды. Жойылған қалалар округіндегі Шу мен Талас жазықтарындағы Батыс Жетісуда XIV—XV ғғ. егін шаруашылықтың іздері сақталды. Жазба деректерінің хабарлауынша, мысалы Мұхаммад Хайдардың мәліметтері бойынша Ыстықкөд ауданында XV ғ. жаңа қоныстар, керуен- сарайлар, бекіністердің құрылысы болды. Бірақ Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Қырғызстан аймақтарының Моғлстан мемлекетіне кіру кезеңінде, осындағы қала өмірі жаңарған жоқ. Сондықтан осы мемлекеттің экономикалық және саяси өмірінде Қашғарияның отырықшы-егіншілік аудандары мен қалалары маңызды мағынаға ие болды. Олар үшін күресі Моғолстандағы өзара тартыс соғыстарды жиі тудырып тұрды. XV ғ. соңында қазақ хандарының, шайба-нид билеушліренің және соңғы Тимуридтердің Орта Сырдария бассейндегі қалалардың билігі үшін күресіне моғол хандары араласып, Ташкент және Сайрам уақытша бағындыра алды. Жетісудің көшпелі аудандарындағы тұрғындардың өмір мүдделері, мал шаруашылық өнімдерін өткізу және қалалық қолөнершілік өндірістің заттарын, егін шаруашылық өнімдерін алу қажеттігі егіншілік облыстары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия тұрғындарының экономикалық байланысына бағыт көрсетті. XIV—XV ғғ. қала және егіншілік өмірінің белгілі көтермелеуі Оңтүстік Қазақстан облыстарында жүрді. Ақ Орда хандары – Ерзен, Мұбарақ-Ходжа, Ұрыс жүзеге асырған Отырар, Сауран, Сығанақ, Жент құрылыстары туралы дереккөздер ескертеді. Тұрғын құрылыстар, діни және қоғамдық ғимараттар құрылыды. Бұрын моңғол билеушілері тйым салған бекініс қабырғалары мен қамалдары қалпына келтірілді. Ясы (Түркістан) қаласында Әмір Темір құрған Қожа Ахмет Яссауи мавзолейі XIV— XV ғғ. маңызды құрылыстардың бірі болып табылады. Жаңа архитектуралық стиль құрылды, құрылыс әдістері жетілдірілді, құрылыс ісіне байланысты (кірпіш,қаптауыш зат, әсіресе суармалы безерлерді дайындау) қолөнер дамыды. Қалаларда қолөнер өндірісі дамыды. Мысалы, Отырарда археологиялық қазбалар барысында көзеші, ұста, тоқымашы және наубайшылардың, т.б. мекендері анықталды. Жергілікті керамика түс пен оюлардың әр түрлілігімен ерекшеленді. Сығанақ (Ақ Орда хандарының астанасы), Отырар, Сарайшықта (Ноғай Ордасының астанасы) тиын сарайлары жұмыс істеді. Сығанақ, Ясы, Сауран, Сайрам және т.б. егіншілік округтерде тұрмыс қалпына келтіріліп, дауын жалғастырды. Суармалы жерлерде дәнді дақылдар (бидай, арпа), сонымен қатар бақша және бақшалық дәнді дақылдар өсірілді; жүзімшілік пен бағбаншылық өрістей бастады. Диқаншылар мен қала қолөнершілердің өнімдері Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Дешті Қыпшақ және Жетісу тұрғындарының шаруашылық байланыстарында айырбастау заттары ретінде қызмет етті. Оңтүстік Қазақстан қалаларының өмірлік іс-әрекеті жақтарының маңыздысы сауда болды. Крым, Дон сағасы арқылы Еуропадан жолдарына, содан кейін Жетісудан Алтай мен Шығыс Түркістанға Орта Азия елдерінен ежелгі сауда жолдарына бағыты бар Сарайшық, Отырар, Сайрам қалаларына транзиттік сауда жанданды. Шығыс Дешті-Қыпшақ және Жетісу дала аудандарының Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия егіншілік және қала тұрғындарымен сауда айырбастауы оңтүстікте қала және егін шаруашылығының, сонымен қатар далада мал шаруашылығының өсуіне жақсы әсер етті. Отырықшы-егіншілік әлемнің көшпелі даламен түйіскен жерінде, магистральді сауда жолдарының қиылысында Оңтүстік Қазақстан аймағының тиімді жағдайы оны көрші халықтардың мәдени-шаруашылық, экономикалық байланыстардың орталығы етіп бекітті. Олар көшпеліле мен диқаншылардың бір-бірінен материалдық мәдениет, тұрмыс, шаруашылық дағдылар, әлеуметтік нормалар, мемлекеттік ұйымның нысандары, әскери өнердің элементтерін алып пайдалануға көмектесті, мәдени айырбасқа әкелді. Мұсылман мәдениеті, жазу, кітап білімінің дала ақсүйектер тобы арасындағы өріс осы қалалар арқылы жүрді. Оңтүстік Қазақстан аймағы (сол уақыттың терминологиялық деректер бойынша – Түркістан), әсіресе оның солтүстік жағы

Қазақстан аумағында барлық мемлекеттік білімдердің дәстүрлі саяси және экономикалық орталық болды. Сығанақ, Отырар, Ясы (Түркістан), Сайрам, Сауран және т.б. Сырдария маңындағы қалалар әрқашан көрші елдер билеушілерімен әскери қақтығыстар орталығында болды. XIV—XV ғғ. Орта Азияда (Мәуеренахр) билік еткен Ақ Орда хандары, XV ғ. 40-60-шы жж. Әбілқайыр хан олар үшін Тимирудтермен соғыст; олар үшін алғашқы қазақ хандары өзбек шайбанидтерімен соғысты. Осында Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушілері өздерінің вассалдарына иеліктерді таратты, салқтарды жинады, даладағы билік үшін күресте жергілікті қалаларға сүйенді, құрылысты жүзеге асырды. Осы жерде олардың рулық қабірлері (аумақты иелену белгісі) болды. Қазақстанның оңтүстігінде және оңтүстік- шығысында қазақ халқының өткен замандағы алыс және жақын ата-бабалары, сонымен қатар XV—XVII ғғ. қазақтардың өздері де қала, егін шаруашылық мәдениетінің дамуына өз үлесін қосты. Көшпелілердің ру-тайпалық ұйымының ескіліктерін мәнді сақтау кезінде Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Әбілқайыр хандығы және Моғолстан көшпелі мал шаруашылық аудандарында қоғамдық қатынастардың феодализация процесі баяу жүріп отырды. Соңғысы көшпелі мал шаруашылық салмағының өсуіне, басқарма ұйымдарында, жер илену нысандарында патриархалдық сипаттардың жаңғыртуына, моңғол үстемдігі кезеңінде бағынышты тұрғындарды қанауына байланысты болды. 2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады. Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.

Тұрақтар

Орналасқан жері

Ерекшеліктері

Уст-Нарым

Шығыс Қазақстан

Бұл ескерткіш жаңа тас ғасырының ерте кезеңіне, яғни

б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады. Шығыс Қазақстан

аймағынан табылған қоныстар құрал-сайманға өте

бай болып келеді. Мұнда құрамалы құралдар жасау

үшін пайдаланылған, құралдың ұшы қызметін атқарған

өткір ұсақ сынатастар көп табылды. Бұл

аймақты мекендеушілер егіншілік, балық аулау

және терімшілікпен айналысқан.

Пеньки

Солтүстік Қазақстан

Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы

маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ

пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек

кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың

негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық

аулау, терімшілік болды.

Сексеуіл

Қызылорда облысы

Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған.

Табылған жануарлардың қалдықтарын зерттей

келе, ғалымдар олардың басым көпшілігі қой мен

сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың

қаңқалары екенін дәлелдеді. Сексеуіл

тұрағының тұрғындары мал өсірумен және

аңшылықпен айналысқан.

21-билет 1. Андрондықтардың баспаналары.

Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері Андрон мәдениеті деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Андронова деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі Ачинск қаласының жанында орналасқан. Сол селоның атына қарай бұл қола мәдениеті “Андрон мәдениеті ” атанып кетті. Ғалымдар солтүстік және батыс Қазақстаннан 80 – нен аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. Олардың кейбірін ертедегі алғашқы қалалар деуге болады. Мысалы Қазақстанның Қостанай облысы мен Ресейдің Челябі облысының шекарасында табылған Арқайымды ғалымдар қола дәуіріндегі қалаға ұқсатады. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән 30 қонысты 150 обаны зерттеді. Өздерінің құрылысы жағынан Андрондықтар еуропоидтерге ұқсаған. Олардың бойы онша биік емес, беті жалпақ, маңдайлары тайқылау болып келген. Сырт бет – бейнесін академик В.П. Алексеев былай сипаттайды: “Андрондықтар мұрынды келген, бет – сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін – кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған”.Олардың басты кәсібі мал бағу, кетпенді – теселі егіншілікпен балық аулау болған. Есіл, Тобыл, Ертіс, Бұқтырма өзендерін бойлай қоныстанған. Мал жаюға ыңғайлы болу үшін шөбі шүйгін, және желден ықтау жерлерді таңдап алған. Қоныстардың маңындағы егістікке арпа, бидай, тары еккен. Мал өсіру негізінен отырықшылық, бақташылық түрде болды. Бірнеше шаруашылық бірге қоныстанған. Археологтар олар өмір сүрген тұрақтардан сүзбе жасауға арналған сүзгіш ыдыстар тапқан. Бұл сол кездің өзінде – ақ сүт тағамдарын әзірлегенін білдіреді. Сазбалшықты ыдыс жасауға пайдалану Андрон мәдениетінің ең негізгі сипаты еді. Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі – көзе, құмыралар жасау өнері. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісімен металл өңдеу құрадыЗерттеушілер андрондықтардың баспаналарын қайта қалпына келтірді. Олар жартылай жертөле сияқты салынып, сырты балшықпен сыланған. Үйдің шатырына сырғауылдар пайдаланылды, оның үстіне шөп төсеп үстін топырақпен жапқан. Мұндай жертөленің ішінде тастан ошақ орнатылған. Жер еденде сүт өнімдері мен ет сақтайтын шұңқыр қазылған. Солтүстік Қазақстандағы Шағалалы, Петровка қоныстары қазбаларының көрсетуінше, құрылыстың қабырғалары қатарластырыла қойылған, тік бағандардан тұрғызылған. Олар киіз үйдің торкөз керегелері тәрізді жасалған. Ғалымдар Андрондықтардың дөңгелек, жеңіл баспаналары қазақтың киіз үйіне ұқсайды деп есептейді. 2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына.

1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М. С. Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топ келді. Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам 1987 жылы жасалды. М.Горбачев Кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Бұл жолы сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды.

Кадр саясаты. 1986 жылғы Алматы толқулары сол кездегі билік иелерінің күш қолдануымен аяусыз басылып тасталса да, халықтың санасына түскен демократия саңылауын мүлдем өшіре алмады, оның әділетті қоғам құруға деген құлшынысын тежей алмады. Қазақстанның жаңа басшысы Г.Колбин шын мәңінде генерал-губернатор миссиясын атқарды, билік басына келгеннен кейін ол республика кадрларының жоғарғы легін тазалаудан өткізді.1989 жылдын маусымында Қазақстан

КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.Назарбаев келді. Жаңа басшылық алдында бір қатар жауапты шараларды іске асыру міндеті тұрды. Ең алдымен халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыпты атақтан арашалауға күш салынды.

Тіл саясатының жаңаша жүргізілуі. 1987 жылы Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты. Мұнын нәтижесі тілдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткі болды. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы» 1989 жылдың қыркүйегінде қабылданды. Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі деп көрсетілді. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Бұл заң қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту ісіне кең жол ашты.

Қайта оралған есімдер. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды.Олар- көрнекті ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885-1935), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893-1938) т.б.Кеңес билігі жылдарында әр түрлі жаламен айдалып, сотталып кеткен кеткен қоғам және мәдениет қайраткерлерінің бұған дейін ақталмағандарының өзі жүздеп саналатын. Осы кезден бастап баспасөз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов,Мұхамеджан Тынышбаев, Халал Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады. Осыдан бастап большевиктік лаңкестік құрбандарын ақтау, олардың қоғамдық қызметін саралап, баға беру, Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау түгелімен ұлт зиялыларының, қазақ халқының өз қолына көшті.

Қазақстандағы саяси жағдай.1980 жылдардың екінші жатысында КСРО-да және өзге социалистік елдерде түбегейлі өзгерістер болып жатты.1989 жылдың соңғы айларында ГДР-де, Румынияда,Чехословакияда, Болгарияда болған саяси толқындар елдердегі тоталитарлық режімдерді жойып, демократиялық өкіметтер орнатты.1989 жылы жаңадан сайланған КСРО халақ депутаттарының I съезінде саяси, эканомикалық-әлеуметтік және рухани даму салаларындағы көптеген көлеңкелі жақтардың беті ашылды. Демократиялық қоғам құру үшін одақтас республикалардың құқықтық жағдайын қайта құру мәселелері көтерілді. КСРО-да болып жатқан оқиғалар Қазақстанда демократия үшін күрестің одан әрі өрлеуіне,бұқараның саяси белсенділігінің артуына тікелей ықпал етті.1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Бұл сайлауда алғаш рет балама кандидаттар дауысқа түсті.Олардың арасында пәрменді іс жүргізуге қабілетті, ынталы адамдар бар еді. 1990 жылдары партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады. Кеңестер алғаш рет өзінің төл ісіне – заң шығарумен айналысуға, мемлекеттің даму үрдісіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдауға отырды. Біртіндеп кәсіподақтар мен комсомол ұйымдары да өз еріктерімен әрекеттенуге көше бастады.Қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрыла бастауы. Адамдардың өзінің жүрек қалауымен қоғамдық-саяси бірлестіктер құрып, ұйымдасқан әрекет арқылы алдына қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік алуы республикада демократиялық ұстанымдарды енгізу үрдісіндегі маңызды қадамдардың бірі болды. 1980 жылдардың соңында Қазақстанда да түрлі қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Олардың ішіндегі алдына ізгі мақсаттар қойған ең ірілерінің бірі –«Невада-Семей» антиядролық экологиялық қозғалысы болды.1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы және идеялық жетекшісі-белгілі ақын,қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.Қозғалыс халыққа аса үлкен қасірет әкелген Семейдегі ядролық сынақ полигоның жаптыру міндетін алдына қойды.Сонымен қоса бұл саяси ұйым "5-5" формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою,әскери мақсаттағы-ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді. 1990 жылдың жазында «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Қозғалыс алдына аса үлкен саяси-әлеуметтік мақсаттар қойды. Қазақстанның егеменді ел болуы, КСРО-дан бөлініп, өз алдына жеке мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі-қозғалысты ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы еді. «Славян» қоғамы Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылды. Қазақстандық немістердің «Видергебурд» (қайта өрлеу) ұйымы құрылды.Украин, татар, корей , тағы басқа халықтардың тарихи-мәдени ұйымдары сол ұлт

өкілдері жинақы қоныстанған елді мекендерді қамтып, алдарына қойған саяси-ағартушылық мақсаттарын орындауға кірісті.1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны жүзден асып кетті. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды. Республикада шын мәніндегі пікір алуандығы көрініс беретін, көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады. 3. 1103,870,1021–әл–Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,Қ.А.Йасауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетіңіз.

1103 жылы Қожа Ахмет Йасауи Сайрам қаласында туған. 870 жылы Әбу Наср әл-Фараби Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Ал, 1021 жылы Жүсіп Баласағұн Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған.

22-билет 1. Х-ХІІ ғғ. тіл білімін дамытудағы ғалымдардың еңбектері (М.Қашқари, Ж.Баласағұни, А. Иүгнеки)

Махмуд Қашқари - XI ғасырда өмір сүрген лингивист – ғалым, зерттеуші. Автордың "Диуани лұғат ат-түрік" /Түркі тілдерінің сөздігі/ атты еңбегінің лингивистика ғылымына қосқан үлесі мен өз заманындағы түркі тілдерінің тұңғыш ғылыми грамматикасын жасаған ғалым ретінде танимыз. Сөздікте Махмуд Қашқари түркі тілідерін зерттеуде теңдесі жоқ ғылыми жаңалықтар ашып, түркі тілдерінің грамматикасы мен лексикалық тіркестердің жасалу жолын жақсы таныта алды. Біз үшін бұл еңбектің ең бастысы - Махмуд Қашқари түсіндірме сөздікке ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, өзі өмір сүрген орта ғасырдағы поэзиялық шығармалардан аса құнды материалдар - түрлі өлең-жырлар, ертегі-аңыздар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер т.б. көркем сөз үлгілерін енгізген. Әдеби шығармалар мен халықтық фольклордан алынған үзінділерді Махмуд Қашқари осы сөздіктегі әрбір сөздің мән мағынасын оқырманына тереңірек түсіндіру үшін мысалдармен түсіндіріп отырады. Махмуд Қашқари алғашқы қауым адамдарының өмірін, тұрмыс-тіршілігін, еңбегін, сана-сезімін бейнелейтін ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері орта ғасырдағы дидактикалық сарында жазылған жазба әдебиет үлгілерін біз ұлы ғалымның осы кітабынан табамыз. Махмуд Қашқари ұзақ жылдар бойы зерттеген мәселесі - түркі тектес түрлі ру- тайпалардың тіл ерекшеліктері, әдет-ғұрып, салт-санасы, ауыз әдебиет үлгілері, өткендегі тарихы т.б. болды. Осындай ғылыми мақсатпен ол бір жағы Жетісу, екінші жағы Римге дейін ұлан ғайыр жерді мекен еткен көптеген түркі текті рулар мен тайпалар жерін аралап, олардың тұрмыс- салты, тілі, ауыз және жазба әдебиетінің тілі бойынша мол материал жинайды. Махмуд

Қашқаридің ғылыми еңбегі "Түркі сөздерінің жинағы" 1074 жылы жазылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" -қазіргі түркі халықтардың асыл мұрасы болып табылады. Сөздікте орта ғасырдағы түркі ру тайпаларының бәріне бірдей ортақ алты мыңнан астам төл сөз бен жеке тайпаларға қатысты диалект сөздер бар. Бұл лексикалық жинаққа еңген сөздер, мақалдар, өлен жолдары т.б. түркі тілдерінің сол кездегі сөз тудыру, сөйлем кұру жүйелерін, әдеби тіл мен көріктеу құралдарының өмірге келу жолдарын анықтай түсуге мүмкіндік береді. "Түркі тілдерінің сөздігі" - тіл білімінің ең басты салалары бойынша теориялық тұрғыдан құнды түйіндер жасаған ғылыми еңбек, сондықтан бұл сөздік шын мәнінде энциклопедиялық туынды деуге болады. Мұнда тек тіл мен әдебиетке ғана емес, сондай-ақ сол кездегі ру тайпалар мен халықтардың қоғамдық-экономикалық жағдайына, көне тарихы мен әдет-ғұрпына, салт-санасы мен наным-сеніміне тағы басқа қатысты дерегі бар аса бағалы еңбек. М.Қашқари еңбегінің зор ерекшелігі энциклопедиялық мән-мағынасыда және белгілі тілші ғалым А.Н. Кононовтың зергер сөзімен түйіндесек: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы: олардың материалдық мәдениетінің бұйымдары туралы, тұрмыс жағдайлары туралы... этнонимдері мен тононимдері, ру-тайпалары туралы, туыстық және жекжаттық принциптері. түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам, сусындардың аттары туралы, үй жануарлары мен жабайы жануарлары және құстар, мал шаруашылығы терминдері туралы, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, географаялық және терминология мен номенклатура, калалар туралы, аурулар мен дәрілердің аттары, анатомиялық терминология туралы, металдар және минералдар, әскери және әкімшілік терминологиясы туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандарының есімдері туралы, діни терминология, балалардың ойындары және тағы басқалары туралы көп жағдайда бірден-бір деректеме болып табылады» -дейді. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігі" шығармасы лингивистика ғылымына қосылған асыл қазына, тілдік, әдеби, тарихи, этнографиялық, тұрғыдан бай мұра болып табылады. Махмуд Қашқари сөздігінің әдеби мәні зор. Бұл кітапты белгілі бір дәрежеде «Көне түркі тілінің сөздігі» деуге болады. Себебі еңбекте сан ғасырлар бұрын өмірге келген халықтық мақал-мәтелдердің, қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің, т.б. ғажайып үлгілері бар. Махмуд Қашқаридің "Түркі тілдерінің сөздігінде" лингивистика саласына қатысты қанатты сөздер, көркем тенеулер, сөз тіркестері енгізілген. Бұл жөнінде Махмуд Қашқари: "Мен бұл кітапты арнайы әліппе тәртібі бойынша парасатты ғибрат сөздер деп аталатын әдеби үзінділермен көркемдедім" деп жазады. Әдеби шығармалардан алынған үзінділердің тілі мен жазу стиліне қарап қай дәуірдің әдеби туындылары екенін шамалап айтуға болады. Жинақтағы бірқатар өлендер автор өмір сүрген орта ғасырда туындаған қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері екенін дәлелдей түседі. Бұл қанатты сөздердің, көркем тенеулердің, фразеологиялық тіркестердің үлгілері оқырманын сөз сырының терең мән- мағынасын түсінуге үндейді. Үш кітапақа жинақталған сегіз бөлімнен тұратын "Түркі тілдерінің сөздігі" мазмұнына қарай қамтылған материялдарды акедемик А.Н. Кононов бес салаға бөліп қараған: 1. Белгілі бір тайпаға қатыстылығы көрсетілген сөздер қоры (лексикасы); 2. Түркі тайпаларының мекен-коныстары жайындағы мәліметтер; 3. Түркі тілдерін топтастыру; 4. Түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы ереже, қағидалар; 5. Түркілердің тарихы, географиясы. этнографиясы, поэзиясы мен фольклоры жайындағы мәліметтер; 6. Сөздікте түркілердің ең көне картасы жасалып, берілген. Махмуд Қашқари еңбегінің энциклопедиялық сөздік екені жайында тілші-ғалым А.Н.Кононов: «Мұнда XI ғасырдағы түріктердің өмірі туралы, этнонимдері мен топонимдері, түрлі қызмет адамдарының титулдары мен аттары, тағам-сусын аттары, астрономиялық терминдер, халықтық календарь, айлардың және аптадағы күндердің аттары туралы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері туралы, діни терминология, туралы көп жағдайда бірден-бір деректемелер болып табылады» - деп ой айтады. Сөздікте жеті мың бес жүздей сөз бар, олар сөздікте аттары аталатын түркілердің жиырмаға жуық тайпаларының тілдік қатынасында қолданылатын сөздер. Көп сөздердің мағынасы түсіңдіріледі, анықталады. М.Қашқари түбірі түркілік саналған сөздерді ғана пайдаланған, олардың мән- мағынасы араб тілінде кең тұрғыда түсіндірілген. М.Қашқари түркі тілдеріне алғаш рет классификация жасаушы ғалым. Ол - түркі тілдерін салыстыра зерттеудің көш басында тұрған түңғыш тілші ғалым. М.Қашқари таза тіл деп өзге тілдің ықпалынан аман тілді атайды. Соған сай ол түркі тілдерін таза, өзге тілмен араласпаған және шұбарланған деп екіге бөледі. Ал дыбыстық, морфологиялық белгілеріне қарай түркі тілдерін тағы да екі топқа жіктейді. 1. Шығыс тілдері:

шігіл, тұхси, яғма, хакан-түрік; 2. Батыс тілдері: иемек, қыпшақ, оғыз, печенек, бұлғар, сувар. Сөздікте араб, ұйғыр алфавиттері туралы қысқаша мәлімет берілген. Күллі түркі тілдерінде қолданылатын әріптердің санын он сегіз деп, оларды сөздігінде келтіреді. Бұлардан бөлек және жеті әріп барын жазады. Жинақтағы сөздер әріп сандарына қарай жіктеліп берілген. Түркі тілдерінде жеті әріптен тұратын сөз жоқ екендігін ескертеді. 2. «Құтадғу білік» (Құтты білік) — Жүсіп Баласағұни (Баласағұн) шығарған дидактикалық поэма.Бұл көне түркі тілінде жазылған, түркі тектес халықтардың ортақ қазынасы.Көптеген зерттеушілер бұл поэманы саясат, мемлекет басқару, әскери іс жөніндегі философиялық трактат деп жүр. Шындығында да, бұл жалаң әдеби дүние емес. Бұл бүтін бір тарихи кезеңнің мінез құлқын бойына сіңірген, қоғамдық саяси, әлеуметтік бітімі қанық, моральдық этикалық, рухани қазынамыздың негізі, арқау боларлық дүние. Ондағы бүгінгі тілімізге, ой толғамымызға төркіндес, етене жақын орамдарды көргенде, қазақ әдебиетінің солармен тікелей сабақтаса жалғасқан дидактикалық поэзия мен шешендік сөздердің, билердің орағытып, ой тастайтын кең тынысты толғамдарының дәстүрлі бірлігі «мен мұндалап» тұрады. Жүсіп Баласағұнның мемлекетті басқару қағидалары мен принциптерін, елге билік жүргізудің ережелері мен тәртібін, қоғам мүшелерінің мінез-құлық және әдеп-ғұрып нормаларын жыр еткен этикалық- дидактикалық мазмұндағы көркем туындысы.Жүсіп Баласағұни «Құтты білікті» 1069—1070 жж. Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Қоғамдық әлеуметтік мәні терең, халықтың моральдық этикалық бағдарламасы іспеттес бұл еңбегін Қарахан мемлекетінің сол кездегі билеушісі Табғаш Арслан хан Боғратегінге тарту еткен. «Құтадғу Білік»– Жүсіп Баласағұнидың еңбегі. Түркия ғалымдары 1942–43 ж. «Құтадғу Білігтің» үш нұсқасын да Стамбұлдан үш томдық кітап етіп шығарды. Дастанды зерттеу ісіне, әсіресе, түркі ғалымдары Р.Р.Арат, М.Ф.Кепрюлд және А.Дильгар, т.б. көп еңбек сіңірді. «Құтадғу Біліг» дастаны орта ғ-ларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. 3. "Ақиқат сыйы" - тарихи- әдеби шығарма. Түпнұсқасы сақталмаған. 14—15 ғ-да жасалған 3 түрлі көшірмесі бар. Оның ішінде ең ескісі — 1444 жылы СамаркандаАрсылан Қожа тархан Әмірдің жазу шебері Зәйнүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайынның көшіріп жазған нұсқасы. Хатқа түскен нұсқасының жалпы көл. — 508 жол. Бұл мұра қазір Стамбұлдағы Айя—София кітапханасы қорында сақтаулы; екінші нұсқасы Стамбұлда 1480 жылы Шайх зада Абд ар-Раззақтың ұйғыр және араб жазуымен көшірген, 506 жолдан тұратын үлгісі. Парсыша, тәжікше түсініктемелері бар, Стамбұлдағы Айя-София кітапханасында сақтаулы бұл жәдігерлікті Н.Әсім 1915 жылы, ал Қ. Махмудов 1972 жылы жариялаған; "Ақиқат сыйының" үшінші арабша нұсқасы 14 ғасырдың аяғында немесе 15 ғасырдың басында 524 жол өлең көлемінде көшірілген. Ол Стамбұлдағы Топ- Қапы сарайында сақтаулы. Сол сияқты "Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі" кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етіліп, кейіннен мүлдем жоғалып кеткен Ахмет Жүгінеки мұралары туралы да дерек бар. Анкарадағы Маариф кітапханасынантабылған (кол. 4 бет), Берлиндегі Ғылым академиясында сақтаулы тұрған (1 бет) өзге нұсқалары кең көлемде таралғанын дәлелдейді. 15 ғ. түпнұсқасындағы фотокөшірмесі, транскрипциясы, қазақ тіліндегі қара сөзбен жолма-жол және өлең түріндегі аудармасы 1985 жылы жарық көрді. Белгілі филологтар "Ақиқат сыйының" Ә.Құрышжанов, Б.Сағындықов қазақша тәржімасын жасаған. 2. ҚР мемлекеттік рәміздері (ту, ән ұран, елтаңба).

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк туы – Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздердiң бiрi. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдарға қол қойды. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 қаңтар күнгі “Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы” конституциялық заң күшi бар Жарлығымен белгiленген. Мемлекеттік ту ортасында 32 сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында қалықтаған дала қыраны бар көгілдір түсті тікбұрышты кездеме. Ағаш сабына бекiтiлген тұста ұлттық оюлармен кестеленген тiк жолақ өрнектелген. Күн, арай, қыран және ою-өрнек — алтын түстi. Тудың енi ұзындығының жартысына тең: 1:2.Қазақстан Республикасы мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Бiрыңғай көк-көгiлдiр түс төбедегi бұлтсыз ашық аспанның биiк күмбезiн елестетедi және Қазақстан халқының бiрлiк, ынтымақ жолына адалдығын аңғартады. Бұлтсыз көк аспан барлық халықтарда әрқашан да бейбiтшiлiктiң, тыныштық пен

жақсылықтың нышаны болған. Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi [1] . Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым. Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотикалық тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады. Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран Қазақстан Республикасының еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан- дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi. Қазақстанда тұратын халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларындағы оның бейнесінің ежелгі дәстүрі бар. Символика тілінде қыран бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті және қырағылықты білдіреді. Дала адамдары үшін бұл бостандықтың, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке, болашаққа ұмтылушылықтың белгісі. Бұған қоса, қыранның күш-қуаты көп, ол оның болашаққа жетуіне кедергі келтірген кез келген дұшпанына қарсы тұра алады. Қыран бейнесі жас зайырлы Қазақстанның әлемдік өркениеттің шыңына шығуға талпынысы идеясынан туындаған. Біздің туымызға жаңаша және қайталанбас әр беретін тағы бір элемент оның сап ағашына параллель орналасқан ұлттық оюдан тұратын жолақтар болып табылады. Мұнда қазақтың «қошқар мүйіз» оюы бейнеленген. 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің бірі.Республиканың қазіргі әнұраны 2006 жылы 6 қаңтарда қабылданды. «Менің Қазақстаным» әнұран ретінде алғашқы рет Н.Назарбаевтың инаугурациясы кезінде орындалды. 1943 жылы Қазақ КСР-ның алғашқы Мемлекеттік Әнұранын жасауға байқау жарияланған болатын. Соңғы нұсқасы ретінде Мұқан Төлебаев, Евгений Григорьевич Брусиловский мен Латиф Абдулхайұлы Хамидидің әуеніне жазылған Ә. Тәжібаевтың, Қ. Мұқамедханов, Ғ. Мүсіреповтың мәтіні қабылданды. Кейбір деректер бойынша сол әнұран мәтінінің толыққанды авторы Қ. Мұхамедханов болып табылады, ал басқа авторлардың үлесі мәтін басындағы «ер қазақ»-тан «біз қазақ»-қа ауыстыруымен шектеледі.[2]Әнұран 1945 жылы бекітілді. Кеңестік дәуірдегі әнұранының сөзі коммунистік идеология талабына сай, жалған оптимистік рухта жазылған еді. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы — Қазақстан Республикасының негiзгi мемлекеттiк рәмiздерiнiң бiрi.1992 ж. маусымның 4 қабылданған. Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк рәмiздерi туралы» конституциялық заң күшi бар Жарлығымен (1996 ж. қаңтардың 24) белгiленген. Рәмiздiк тұрғыдан Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбаның негiзi — шаңырақ. Ол — елтаңбаның жүрегi. Шаңырақ — мемлекеттiң түп-негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi.Түндік — таза көк аспанын бейнелейді. Үш- санды айқыш-ұйқыш келген күлдреуіштер қазақтың үш жүздін бірлігі бекемдігін көрсетеді.Шаңырақтан шыққан уықтар күн арайларын еске салады.Бес бұрышты жұлдыз елтаңбаның тәжi iспеттi. Әрбiр адамның жол нұсқайтын жарық жұлдызы бар.Тұлпар — дала дүлдiлi, ер-азаматтың сәйгүлiгi, желдей ескен жүйрiк аты, жеңiске деген жасымас жiгердiң, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесi. Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi. Бiр шаңырақтың астында тату-тәттi өмiр сүретiн Қазақстан халқының өсiп-өркендеуiн, рухани байлығын, сан сырлы, алуан қырлы бет- бейнесiн паш етедi.Төменде таспа белдігінде ірі әріппен «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуы бар.Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасының көшiрме бейнесi, көлемiне қарамастан, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Резиденциясында сақтаулы тұрған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы эталонының түрлi-түстi немесе ақ- қара бейнесiне дәлме-дәл сәйкес келуге тиiс.Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шота Уәлиханов. 3. Батыс түрік қағанатының саяси жағдайы бойынша кестені толтырыңыз.

Хандар

Шапқыншылық жорықтары

Шегу қаған

610-618жж.Шегу қаған шығыстағы шекараны Алтайға дейін жеткізіп, бүкіл Тарым жазығы мен Памирге дейінгі аймаққа өз билігін жүргізген. Ашина әулетінен шыққан Істемі ханның ұрпағы. Шығу тегі: Істемі хан — Қара Шор Түрік — Янг Соух хан — Шегу қаған Қара Шұрын Түрік Ұлы қаған болып тұрған жылдары Шегу ханның иелігі — Ташкент аймағы болды, ал жайлауы Талас өзеннің оңтүстік жақ бетіндегі Мыңбұлақ деген жерде орналасты

Тон қаған

Тон қаған(618-630жж.) батыстағы ықпалын нығайтуды және

одан айырылып қалмауды есінен шығармады, батыс саясатын

белсенді түрде дамытты. Византиямен келісім

қатынастарын орнатты, Византия императоры

Ираклийдің Закавказьеге жорығына жеке өзі қатысты.

Түріктер Дербент пен Тбилисийді басып алды.Батыс түріктер

Еділ бойын бағындыруды аяқтап, Босфор мен Қырымды басып

алғаннан кейін батысқа белсенді әскери жорықтар жасаған

жоқ. Парсы мемлекетімен әскери-саяси тепе-теңдік орнықты.

Ешбар Елтеріс

634 жылы нушеби тайпасының қолдауымен билікке келген. Құтлық Елтеріс қаған, Білге Құтлұғ қаған, Елтеріс Білге қаған, Құтылық (650 – 691) – екінші Шығыс түрік қағанатының негізін салуышы, алғашқы қағаны (682 – 691). Құтылық – оның шын есімі, ал Елтеріс Білге лауазым.682 – 687 жылдар аралығында шығыс Түркілер Құтылықтың қолбасшылығымен Қытайға қарсы азаматтық күрестің жеңісінене кейін өз мемлекетін құрды. Күлтегіннің жазбасында айтылғандай құтылыққа мемлекетті аяғынана тік тұрғызу оңайға түскен жоқ. Құтылық өзі ел басқарған 9 жыл ішінде Қытайға және басқа да сыртқы жауларына 47 жорық жасаған. Соның ішінде ірі – ірі 20 шайқаста Құтылық басқарған қол ірі жеңіске жеткен. Құтылықтың әкесі де Ашина тайпасын бастап жорыққа қатысқан.

23-билет 1. Қола дәуірі кезіңдегі қоғамдық құрылыс.

Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ. 2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті. Рулық қатынастар ыдырап, қуатты тайпалық бірлестіктер құрыла бастады. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып

зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Жоғарыда айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген және бірге тұрып, бәріне ортақ шаруаны ағайын- туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дәуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аударған. Мұндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі қола дәуірлерінде де тап осындай жәйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен, онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған. Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған – оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер, жауынгерлер – кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған. Үнді- иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі – ағаш табақ пен ерекше бас киімі (бөркі).

2. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі зиялыларды жазалау кезінде тағылған айыптар мен жазалау түрлері.

1937жылы БК(б)П ОК-нің, И. В. Сталин мен оның айналасындағылардың «халық жаулары және олардың құйыршықтарын түп-тамырымен жоюдың» қажеттігі жөніндегі нұсқауы барлық жерде қолдау тапты. Осындай жағдайда И. В. Сталин мен оның серіктері мүмкін болатын оппозицияны орталықта ғана емес, ұлттық республикаларда да біржолата талқандауды ұйғарды. 1928 жылдың ортасынан бастап Алаш қозғалысына қатысқан зиялылар жаппай тұтқындала бастады. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшылдар» деген жалған айып тағылды. Сол жылы 44 алашордашы тұтқындалып, оның ішінде Ж. Аймауытов, Ә.Байділдин, Д.Әділев ату жазасына кесіліп, үкім орындалады. Ал қалғандары түрмеге қамалады. Ұлттық зиялылардың екінші тобы 1930 жылдың қыркүйек-қазан айларында тұтқындалып, оның 15-і Орталық, Ресейге жер аударылды. 1936-1938 жылдары Қазақстанда 25833 адам партиядан шығарылып, олардың 8544-іне «халық жаулары» немесе «халық жауларының сыбайластары» және т. б. айыптар тағылды. Танымал қазақ зиялылары, Алаш қайраткерлері түгелге жуық саяси қуғын- сүргінге ұшырады. Олардың отбасы мүшелері де жазықсыз қудалау көрді. Соңғы зерттеулер бойынша 1931 жылдан бастап 1954 жылдың 1 ақпанына дейінгі кезеңде КСРО-да соттан тыс және сот органдары 3 млн 777 мың адамды ату жазасына соттап, оның 643 мыңына үкім орындалса, ал 2 млн 369 мыңын 25 жылға дейінгі мерзімге түрмелерге қамап, лагерьлерге айдаған. Жалған айып тағылғандардың қатарына 1931-1933 жылдардағы қазақтардың жаппай қырылуына байланысты ашық наразылық білдіріп, Қазақстан халқының мүдделерін қорғағандар да қосылды. Ашық сот процестері 1937 жылы республиканың Үржар, Преснов т. б. аудандарында болып өтті. 1937 жылы қарашада Қарағанды облысының Ә. Асылбеков, Н. Нүрсейітов, М. Ғатаулин т. б. басшыларының үстінен жүргізілген сот процесі халықтың жан-жақты талқылауына ұласты. Алайда «халық жауларының» негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү.Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О.Жандосов,

Т.Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды. 1920-1950 жылдардағы заңсыз қуғын-сүргіннің айнымас серігі - мемлекет және оның қызмет иелері мен органдарының қарапайым адам құқықтарын жаппай өрескел бұзып, аяққа таптауы болды. Бұл заң бұзушылық қуғын- сүргін саясатын жүзеге асыру барысында бұқаралық сипат алып, оған заңдық негіз бен жариялылық түр берген кеңес заңдарының нормалары нұсқаулармен бүркемеленді. Бұл кезең қолданылған қылмыстық жазалардың ерекше қаталдығымен сипатталады. Мысалы, 1926 жылғы РКФСР Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің I тарауында көрсетілген контрреволюциялыққылмыстардың 17-сінің 12-іне ең жоғарғы жаза - ату жазасын қолдану қарастырылды. Азаматтарды «халық жауы» деп жариялап, азаматтық құқықтардан айыру, мемлекеттен қуу, дүние-мүліктерін тәркілеу, қатаң оқшаулау арқылы еркінен айыру тәрізді жазалау шаралары да кеңінен қолданылды. Тоталитарлық тәртіп адамдардың өздеріне қарсы қойылған айыптауларды әділ, жан-жақты талқылайтын соттың қарастыруын талап ету сияқты ажырамас құқығын да теріске шығарды. БОАК-нің 1919 жылғы 17 ақпандағы «Бүкілресейлік Төтенше Комиссия туралы» декретінің өзінде қарулы қарсылық (контрреволюциялық, бандиттік) көрсетілген жағдайда төтенше комиссияларға тікелей қару қолданып, жазалау әрекеттерін жүзеге асыру құқығын сақтаған ереже бекітілді. Қазақстандықтарға көбінесе жапон, кейде герман тыңшылары деген айып тағылып, айыптаушылар мен сотталғандардың «мойындауы» ешқандай дәлелдеусіз жүзеге асырылды. Негізінен көршілердің, қызметтестердің, тіпті таныстар мен туыстардың жалған ақпараттарына негізделген, Кеңес өкіметінеқарсы үгіт-насихат жүргізді деген айыптау да кең тарады. Қазақстанда, сондай-ақ азаматтарды ұлтшылдық, ұлтшыл ұйымдар құру арқылы республиканы Кеңес Одағының құрамынан бөліп алуға тырысқан ұлттық ауытқушылық үшін айыптау да кең қолданылды. Көптеген адамдар террорлық әрекеттер, диверсия, саботаждарды жүзеге асыруға дайындық жасағаны, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қарсы экономикалық контрреволюциялық әрекеттер ұйымдастырғаны үшін негізсіз қуғын-сүргінге ұшырады. «Әлеуметтік тапсырыс беру» мемлекеттік қуғындау-жазалау органдарын толық қуатымен жұмыс істеуге мәжбүр етті. Бұл жұмыстың көлемі ұлғайып, «тасқынды» сипатқа ие болды. БК(б)П ОК-нің саяси бюросы өз бастамасымен, республикалық және жергілікті партия, кеңес органдарының, НКВД өтініштерінің негізінде жекелеген аймақтардағы қуғын-сүргінге ұшырауға тиісті адамдардың шектеулі тізімін бекітті. Қызмет бабында өсуге, көрініп қалуға ұмтылушылықтың нәтижесінде республикалық және жергілікті органдар бұл тізімді кебейтуді ұсынған өтініштер білдірді. 3. Кестені толтырыңыз.

Антропологиялық сипаттамасы:

Қола дәуірі

Темір дәуірі

Андрондықтар

Сақтар

Сарматтар

Үйсіндер

Нәсілі – еуропеоидік.

Сипаттамасы: «Қыр мұрынды, ат жақты, өңі ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау».

В.П.Алексеевтің андрондықтарды сипаттауы: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».

Нәсілі-еуропеоидік

Сипаттамасы: «Бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көз шарасы үлкен, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді»

Андрондықтарға қарағанда еуропеоидік белгілер көмескілене бастаған.

Нәсілі-еуропеоидік

Батыс Қазақстанды мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуды мекендеген байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді.Бұлардың бет әлпетінде еуропеоидтік белгілер басымырақ. Сарматтарда кейінгі темір дәуірінде монғолоидтық белгілер көбейе бастайды. Дегенмен,

Нәсілі-еуропеоидік

Сипаттамасы: «Басы орташа, маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа, кеңсірік бітімі дөңестеу».

Үйсіндерде сақтарға қарағанда монғолоидтық белгі басымырақ болған.

монғолоидтық белгі үйсіндерге қарағанда аздау.

24-билет

1. Х-ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары (Отырар, Тараз, Түркістан, Сайрам, Сығанақ)

Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.

Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.

9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.

Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе

(Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды

Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 – 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 – 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 – 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.

Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама

өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп есептеледі. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.

Біріншісіне:

 Антоновка, Дүнгене, Шілік;

Екіншісіне:

 Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген;

Үшіншісіне:

 Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан.

Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.

Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.

Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия елшісі Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендерді кездестіргенін жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде жазған күнделігінде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбін мал жайылымына айналдыру үшін татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп, тоналған қалалар – Түркістан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 – 15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының солтүстік-шығысқа жасаған жаугершілік жорықтарында бекініс қамалдары болып, одан кейін қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмірінде маңызды рөл атқарды. 15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңінің күрделі саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру барысында қазақтардың этникалық аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейін, ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды. Жалпы алғанда, 9 – 12 ғ-лармен, қала мәдениеті барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың саяси және экон. өмірінде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендеді. 15 – 18 ғасырларда Түркістан – қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орталығы болды. 13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді, мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өсті.

Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.

Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді

2. Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(БҰҰ, Әлемдік Банк, ХВФ, ЮНЕСКО)

Біріккен Ұлттар Ұйымы– екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.[1]

Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.

Дүниежүзілік банк — [World Bank] — Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік банк, Халықаралық қайта құру мен даму банкі [МБРР; International Bank for Reconstruction and Development, IBRD] — даму процесіне жәрдемдесетін аса ірі әлемдік үйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта құру мен дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен, Бүкіләлемдік банк - дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын, қызметкерлерін және бай тәжірибелерін әр елдегі кедейшілікпен күресте, экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002 жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем береді.

Дүниежүзілік банк - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралыққаржыұйымдарынан тұратын топ. Оған Дүниежүзінің қайта құру және даму банкі (ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялықкепілдік бойынша халықараралық агенттік, Инвестициялық қайшылықтарды реттеудің халықаралық орта және Халықаралық қаржы корпорациясы кіреді. Штаб-пәтері — Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне әр түрлі мемлекеттерде экономика реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау, әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, айналадағы ортаны қорғау, экономиканың әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. Қазақстан Республикасы Дүниежүзлік банкке 1993 жылдан мүше.

ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБілім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.

Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.

XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады 3. Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.

25-билет 1. Сақтардың мәдениеті.

Сақтарда қолөнер ісі жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады.Зергерлер алтын,күмісті балқытып, қалыпқа құюмен айналысты.Зергерлік өнерде ағаштан ойып жасалған бейнелер мен сәндік бұйымдарды алтынмен аптау ісі жақсы дамыды. Түрлі түсті сердолик,халцедон,агат,ақық сияқты тастардан сақ шеберлері әшекей бұйымдарын жасады.Асыл тастардан көз салынған алқа,сақина-сырғалар,өңіржиектер мен белдіктер әзірледі.Ұсталар тастан,саздан жасалған қалыптарды пайдалана отырып,қазандар құйды,қару-жарақ соқты.Атты әскерлерге қажетті семсерлер мен найзалар,қанжар,жебе ұштарын дайындады.Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда,Іле аңғары,Ыстықкөл маңында сақтардың қазандары мен құрбандық табақтары жиі ұшырасады.Қазандар саз қалыптарға құйылып жасалған.Осындай үлгімен әзірленген "Жетісу михрабы" деп аталатын құрбандық табағы Алматы маңынан табылды.Бұл-конус тәріздес тұғырда шетіне 15 бұқа бейнеленген дөңгелек табақ.Табақта қырын қарап бұқаларды садақпен атып тұрған ат үстіндегі жауынгер бейнеленсе,

1 Шыңғысхан(1206-1227)

5 Құбылай(1260-1294)

2 Үгедей(1229-1241)

3 Гүюг(1246-1248)

4 Мөңке(1251-1259)

6 Тоныкөк(1333-1370)

оның қасында тік қалыпта білте салатын түтік орнатылған.Сақтарда ілгек,түйме сияқты тұрмыстық бұйымдарды жасайтын сүйек өңдеу қолөнері де дамыған. 2. Қазақстан - 2050 стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттама беріңіз.

1997 жылы қабылданған «Қазақстан – 2030» бағдарламасы негізгі базалық өлшемдері бойынша мерзімінен бұрын орындалды. Енді ел дамуының ұзақ мерзімге арналған жаңа кезеңін айқындау қажеттігі туындады. 2012 жылы14 желтоқсанда президент халыққа «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталатын жаңа Жолдауын жариялады. «Қазақстан – 2050» стратегиясында мемлекеттің болашағы көрініс тапты. Жолдауда «қалыптасқан мемлекет» деген жаңа ұғым қолданылды. Бұл өткен 20 жыл ішінде тәуелсіздіктің баянды болып, ел іргесі қаланып, Қазақстан әлемдегі 50 іргелі, мықты мемлекеттің бірі болды деген саяси тұжырым. Мемлекет басшысы енді бұл бағдарламада Қазақстанды 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына жеткізу міндетін қойды. Елбасы Жолдауда осыған жету жолында іске асырылуы тиіс 7 саяси бағытты айқындап берді:

1. Пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне, экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясат жүргізу.

2. Ұлттық экономиканың жетекші күші болатын кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау.

3. Әлеуметтік кепілдіктермен және жеке жауапкершілік сияқты жаңа қағидаттарға негізделген әлеуметтік саясат.

4. Заманауи білім беру жүйесін, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдарын түзу.

5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.

6. Ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретін дәйекті және болжамды сыртқы саясат жүргізу.

7. Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі.

Елбасы Жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құруды, қасиетті Отанымызды «Мәңгілік ел» етуді мақсат етіп қойды. Бұл межеге жету оңай емес. Қазақстан дамушы елдер арасында осынадй биікке көтерілу үшін бәсекелестіктің қатал сынына төтеп беруі керек.

Басымдық (лат. dominans – баымдық, үстемдік ету) – үстемдік етуші идея, бір нәрсенің негізі бөлігі немесе оның маңызды құрамдас бөлігі.

Парадигма - белгілі бір жасалатын өзгерістердің және олардың мүмкін нәтижесінде туатын тұжырымдамалық үлгі, бейне.

Прагматизм -1) іс жүзінде пайдалы нәтиже беретінді ғана ақиқат деп білетін философиялық бағыт; 2) іс жүзіндегі, қажеттілік тұрғысындағы мүдделерді көздейтін қарекет, ойлау салты , мінез-құлық. 3. Қола дәуірі кезеңіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгілеңіз.

Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген.

26-билет

1. Мезолит дәуіріндегі өзгерістер.

Палеолиттен мезолитке өту кезеңінде жер бетінде үлкен табиғи өзгерістер орын алды.13мың жыл бұрын жер бетінде күрт жылыну басталады. Мұздықтың еріген кезі көбіне осы мезолит заманына сай келеді. Солтүстікке қарай түрлі еріген мұздықтардың орнында жаңаша табиғи-климаттық жағдай қалыптасты. Орманды алқаптар көбейді. Қазақстан жеріндегі бүгінгі шөлейтті, тақыр далалық аймақтар ол заманда көкпеңбек жазиралы, түрлі өсімдіктерге бай еді. Табиғат пен өсімдік дүниесінің өзгеруіне байланысты жан-жануарлар дүниесі де өзгерді. Палеолиттің аяғына қарай бұрын кең таралған, суыққа төзімді мамонт, жүнді мүйітұмсық, қойға ұқсайтын өгіздің тұқымы құри бастады. Суыққа төзімді бұғы, бұлғын сияқты аңдар солтүстікке қарай ауды.Ендігі жерде жер бетінде, оның ішінде Қазақстан жерінде де бүгінгі ұқсас климат, табиғи жағдай қалыптаса бастады. Соған қарай аңдардың қазіргі түрі қалыптасты. Олар бұғы қоңыр аю, қасқыр, абан, түрлі тышқандар және басқа аңдар еді.Әсірсе Қазақстан жері сияқты далалық аймақтарда бөкен, жылқы, құлан, сиыр тұқымдастары кең таралды. Өзен-суларда құстың үрі, балық көбейді. Бұрынғыдай аңдарды қуып, қаумалап ұстау, жардан құлату т.б. аңшылық әдістері жойыла бастады. Адамдар барған сайын балықты көп аулады. Алғашқы сал, қайық пен ескек түрлері жасалынды. Мезолит заманында адамдар сүйектен, мүйізден құралдар жасауды игерді. Сүйекпен мүйізден садақ жебелері, балық ұстайтын түрлі шанышқылар, қармақ ұштары, біз, ине- тебендер жасалды. Мезолит дәуірінің үлкен жаңалығы – садақпен жебенің шығуы еді. Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді. Бұрынғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықтың рөлін арттырды.Аңшылықта қолға үйретілген ит адамдарға көмегін тигізді. Жекелеген аңшылар қауымға тәуелді болмай, өздігінен-ақ аулауға шыға бастады. 2. Қасым мен Тәуке хандардың билігі кезіндегі ішкі, сыртқы саясаттарының ұқсастықтарын сипаттаңыз.

Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды. Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тәуке ханның «Жеті жарғысында»: жер дауы, үй іші мен бала тәрбиелеу, ұрлық қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған. Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда саттық дипломатиялық қарым қатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді; Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан әлсірей бастайды. Қасым ханның сыртқы саясаты. Шыңғыс-хан ұрпақтары үстемдік еткен Алтын Орда, Ақ Орда, Шағатай хандықтарының ыдырауына байланысты Шығыс Дешті –Қыпшақ даласы мен Орта Азия өңірінде жарыққа шыққан ұтқымалы ұсақ хандықтардың және осы хандықтардың тәж-тағына таласқан хандар мен султандар басқарған түрліше феодалдық топтардың тынымысыз қырқыстарынан, соғыстарынан қалжыраған халық бұқарасы бұл тартыстарды тиятын, аласапыранды аяқтататын біртұтас мемлекетті арман етті. Бұл өз алдына бейбіт өмір өткізуді аңсаған қазақ халқының көкейтесті мүдесі еді.

Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы ішкі феодалдық қырқыстар мен аласапыранқылықты аяқтатты, үнемі ер өліп, өріс бұзылып отыратын тайпалық талас-тартыстарға тыйым салды. Ел ішінде бейбіт береке орнады. Мұның өзі көшпелі шаруалардың бұрыннан қалыптасқан дағдылы дәстүрге бай мал жайылыстарынан мерзім бойынша тиімді пайдалануын, кезінде өріс-қоныс, жайлау-қыстауларына көшіп-қонуын, бейбіт өмір өткізіп, өндіріспен шұғылдануын қамтамасыз етті. Сөйтіп, әлеуметтік өндіргіш күштерді өсірді.

Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс

оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.

Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттің беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым- қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібір хандығымен және орыс мемлекетімен сауда-саттық және елшілік қарым-қатынас орнатты. Қазақ хандары әр дәуірде елдің ішкі-сыртқы жағдайында туылған өзгерістерге үйлесіп, икемді сыртқы саясат қолданылып отырды.

Қазақ хандығымен дипломатиялық байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттердің бірі ұлы Князь III Василий (1505-1533 жж.) билік жүргізген кездегі Москва мемлекеті болды. Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына дербес халық ретінде Европаға мәлім болды.

Қасым ханның ішкі саясаты: Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп-қонып жүрді.

Құқық (право). Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Тәуке ханның сыртқы саясаты.

Тәуке ханның сыртқы саясаты атырабындағы елдермен тату көршілік байланыс орнатуға, олармен экономикалық, сауда – саттық қарым – қатынас жасауға тырысқан бейбіт дипломатиялық саясат болды. Тәуке хан Бухара хандығымен бибітшілік қарым – қатынаста болуға, Орта Азиядағы отырықшы аймақтармен, қалалармен сауда – саттық жасауға тырысты. Қазақ хандығымен жауласып келген жоңғар хандығына да соғысты тоқтатып тату көршілік қатынас орнату жөнінде Қазыбек би бастаған елшілер жіберген.

Ол кезде мейлінше жауласып алған жоңғарлар мен қазақтарды4 бітімге келе қоюы мүмкін емес еді.

XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады, Сайрам қаласын қиратып, егіншілікпен айналысқан ауылдарды күйретті. XVIIІ ғасырдың бас кезінде жоңғар әскерілерінің бір тобы Сарысу өзеніне жетсе, екінші бір бөлігі Орта жүздің шығыс солтүстік аудандарына басып кірді .

Қазақ ханы Тәуке береке – бірлікті барынша күшейтіп, сыртқы жауға батыл күрес жұмсау үшін қажымас қайрат жұмсады. 1710 жылы жауға қарсы қалай төтеп беру мәселесін талқылау үшін

Қарақұм маңында барлық қазақ жүздерінің өкілдері бас қосты. Халықжасақтары құрылды, бұлар жоңғар әскерлерін шығысқа қарай ығыстырды. Бірақ, бұл жеңіс баянды бола алмады. Өйткені бұл кезде жоңғарлар жұм (біріккен), қазақтар бытыраңқы болды. Қазақтың феодал шоншарларының арасындағы алаусыздық пен енжарлық, сыртқы жаудан қорғану үшін жалпы халық күшін жұмылдыруға кедергі болып отырды. Бұл жағдайды пайдаланған жоңғарлар шабуылды қайта бастады. 1716 жылы бұлардың әскерлерінің негізгі бөлігі Іле өзенінен Аягөзге қарай жорық бастады. Нақ осы кезде жоңғарлардың отрядтары Абақанға қарай беттеп, Бие және Катун өзендерінің арасындағы жерді басып алды.

Тауке хан Россия мемлекетімен де тату, достық қарым – қатынас жасауға тырысты.

Алайда, Тәуке хан қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етін құру мақсатын жүзеге асыра алмады, халқының басым копшілігі көшпелі және жартылай көшпілі мал шаруашылығымен айналысқан және патриархалдық-феодалдық қатнас үстем болып отырған елде мұны жүзеге асыру мүнкін емес еді, оған қазақ хандығының сыртқы жағдайы да мүнкіндік бермеді. Сөйтіп, қазақ хандығы бытыраңқылық жағдайда кала берді. Әрине, бул бұрын- сонды Орта Азия өңірде тарих сахнасына шыққан көшпелі хандықтардың бәріне ортақ жағдай еді.

Солай бола турса да, Жәңгірдің баласы Тауке хан (1680-1718 жж.) тұсында қазақ хандығың бірлік-берекесі күшейе түсті. Тауке хан қазақ тарихында «Әз Тауке», «адамзаттың данасы» деп аталды. Ол хан тағына отырған сөң, қазақ хандығында асқынған ішкі феодалдық алауыздық пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қазақ хандығын құруға қажырлы қайрат жұмсаған мемлекет қайраткер деп, толық есептеумізге болады. 3. Қазақстанның 1920 жылдардан бастап болған астаналарын карта бойынша көрсетіңіз және болған жылдарын анықтаңыз.

Қазақстанның алғашқы астанасы (Алаш автономиясының) 1917-1920 жылдары Семей қаласы (ол кезде Алаш-қала) болды.1920 жылдан кейін Қырғыз АКСР-ы астанасы Орынбор қаласы болып бекітілді. 1925 жылы республиканың аты Қазақ АКСР-на өзгертіліп, астана Ақмешіт қаласына ауысып, қала аты бірден Қызылорда болып өзгерді. 1929 жылы астана тағы да өзгеріп, бұл жолы таңдау Алматы қаласына түсті. 1997 жылдың 17 желтоқсанында Астана қаласы Қазақстанның ресми астанасы деп жарияланады. Астана қаласының ел астанасы ретіндегі халықаралық таныстырылымы 1998 жылдың 10 шілдесінде өтті.

27-билет

1. Қазақстан аумағындағы Мустье кезеңіндегі тұрақтар.

Мусьте кезеңіне жататын тұрақтарыға Қаратаудағы Қызылрысбек, осы өңірдегі Арыстанды мекенінен табылған Ш.Уәлиханов атымен аталатын тұрақты, Батыс Қазақстандағы Шақпақата, Орталық ҚазақстандағыАғадыр ауданы жерінен табылған тұрақтарды жатқызуға болады. 2. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылу тарихы мен Мұстафа Шоқайдың қызметін баяндаңыз.

Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясыдеп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды. 3. Әйгілі қазақ палуаны Қажымұқанның спорттағы жетістіктерін сипаттаңыз.

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.

Ең алғаш рет ірі табысқа Қажымұқан Харбин қаласында өткізілген Халықаралық турнирде қол жеткізеді. Мұнда ол бірінші орынға ие болып, өңіріне алтын медаль тақты. Кейбір деректерде бұл турнир 1905 жылы өтті делінеді. Белгілі басты оқиға — Қажымұқан «Жиу-Житсу» бойынша күресіп, турнирде бірде-бір рет жеңілмегені, үлкен алтын медаль жеңіп алғаны.

Харбин сапары Қажымұқанның даңқын аспанға көтереді. Енді оны «Маньчжурия» чемпионы деп атап кетеді, әрі «Мухинура» деген лақап ат беріледі. Қажымұқанның мұнан басқа да бірнеше лақап аттары болған. Солардың ішінде Октябрь революциясына дейін осы «Мухинура» деген лақап аты сақталып келді. Революцияға дейін ол қатысқан чемпионаттарды ұйымдастырушылар, сол замандағы жағымпаз баспасөз өкілдері, біресе «жапон» деп, біресе «маньчжур» деп, мүмкіндігінше «қазақ» екенін айтпауға тырысты. Мәселен, 1909 жылы Қажымұқан атақты эстон балуаны, әлем чемпионы Георг Лурихтың тобында күресіп жүреді. Лурих өз тобының жетекші балуандары жөнінде айта келіп, Қажымұқан туралы: «Шығыс ұлы жапон „Мухинура“ ол сирек кездесетін мықты балуан, күресте қайтпайтын бірбеттігі, далаға тән қайсарлығымен және ызақорлығымен ерекшеленеді» — деп жазған.

1910 жылы Америкаға, Еуропаға орыс балуандарының үлкен бір тобы аттанады. Сөз арасында айта кететін бір жайт, — бұл сапарда Қажымұқанға еріп, әйелі Надежда Николаевна Чепковская да бармақ болған. Бірақ аяғы ауыр болуына байланысты Португалия порты Лиссабонда кемеге көтерілуіне рұқсат етілмейді. Жергілікті тәртіп бойынша, екіқабат әйелдерді мұхит кемелеріне мінгізбейді екен. Қажымұқанның өзі Бәтима деп атап кеткен Чепковская цирк актрисасы болған, әрі ерінің кәсіби күрестегі талай тамаша жеңістерін өз көзімен көрген.

Осы сапарда Америкаға барған балуандар бірнеше шағын топтарға бөлініп, әр жерде күреседі. Оңтүстік Американың ірі-ірі қалаларында күш сынасады. Олардың әсіресе Аргентина астанасы Буэнос-Айреске барған сапары сәтті болады. Қажымұқан бұл сапардан үлкен алтын медальмен оралады. Бірақ Қажымұқанның Америкада күрестің қай түрінен өнер көрсеткенін анықтаудың әзірше сәті түскен жоқ. Оның Американың еркін күрес түрі бойынша сайысқа түсу әбден ықтимал деген пікір бар. Себебі олай деуге негіз бар. Қажымұқан өзін әрқашан да еркін күрестен мықты сезінген де, франсузша күрестің техникасына шорқақтау болыпты.

Қажымұқан Оңтүстік Америкадан 1910 жылдың аяғына таман оралған сияқты. Олай дейтін себебіміз: ол 1910 жылдың желтоқсанында, 1911 жылдың қаңтарында Мәскеуде өткен Халықаралық чем¬пионатқа қатысады. Бұл жолы Қажымұқан Разумовтың, Шнейдердің, Иогансанның, Винтердің, Апполинның жауырындарын қысқа уақытта кілемге тигізген. Осы чемпионатта сол заманда аты дүрілдеп тұрған Циклоппен ұзақ алысады. Айқас 20 минутқа созылып, тең аяқталған. Чемпионаттың жетінші күні Қажымұқан Әлем чемпионы Лурихпен кездеседі. 20 минутқа созылған бұл қиын белдесу еш нәтиже бермей, тең аяқталады. Ертеңіне Лурих қазақ балуанын тағы да кілемге шақырады.

Белгіленген уақытта Лурих тағы да жеңіске жете алмайды. Әккі Лурих қулыққа көшеді, ақыры ақшаға сатылған төрешілер Лурих жеңді деп хабарлайды. Күресті тамашалауға жиналған көпшілік бұл шешімге келіспейтіндіктерін білдіріп, үлкен шу шығарады. Жарысты ұйымдастырушылар кілемді тастай қашады. Төрешілердің Қажымұқанға қарсы ойлап тапқаны — ол «жарыс ережесін бұзды» деген сылтау.

28-билет 1. Ортағасырлық Қазақстандағы бейнелеу және мүсін өнері.

Қазақ бейнелеу өнері — көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қазақ Бейнелеу Өнерінің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтың қолөнері болып табылады. Мүсін – кеңістікте жан-жақты

бейнеленген, сомдалан көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді. Мүсіннің графика мен кескіндемеден айырмашылығы пішіннің барлық көлемін анық көрсетеді. Ең алғаш адамның, аңның мүсіндерін алғашқы қауымдық қоғамда шеберлер балшықтан илеп, ағаштан жонып, тастан қашап немесе аңның сүйектерінен жасаған. Ол кездегі мүсіндер өзіндік ерекшеліктері бар заттың бейнесіне ұқсас болады. Өйткені ол кездегі адамдардың тәжірибелері, сайман –құралдары, керекті заттары – мәрмәр тас, гипс, балауыз, темір қорытындысы т.б. заттар болған жоқ. 2. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу барысындағы жетістіктер мен қиыншылықтарын сипаттаңыз

Нарықтық экономиканың кідіріссіз дамуын жеделдету үшін заңды базаны әзірлеу жұмыстары үздіксіз жүргізілді.Қазақстан Республикасының 1993 жылғы бірінші Конституциясы бойынша жеке меншік ресмилендірілді. Бұдан кейін жеке бизнесті дамытуға құқықтық негіз жасалды. Бұл кезеңдегі өндірістің құлдырау себептерін былайша түсіндіруге болады:

• технология мен басқа да құрал-жабдықтардың моральдық және физикалық тұрғыдан ескіруі;

• бағаның ырықтандырылуына байланысты энергия көздеріндегі шығынның көбейіп, өнімнің қымбаттауы;

• KCPO ыдырағаннан кейін іргелес республикалармен арадағы экономикалық байланыстардың үзілуі;

• жеке мүмкіншіліктің жетіспеуі;

• заемдік айналым арқылы тығырықтан шығудың қиындығы. 3. «Үйсіндердің қоғамдық құрылымы»- кестені толтырыңыз.

29-билет 1. Көшпелілердің «аң стилиндегі» өнері.

Б.з.б 8 ғасырдан бастап Еуразия далалы аймақтар өңірінде аңдарды бейнелеу - аңдық стиль пайда болды. Оның негізгі тақырыбы - аңдарды және аңыздағы ғажайыптарды бейнелеу. "Аң стилі" өнері сәндік сипатта қолданылды. Әр түрлі бейнелермен қола қазандар, құрбандық заттары, қару-

жарақтар, ат әбзелдері мен киімдер әшекейленді. "Аң стилі" өнері дәстүрмен сақтар Алдыңғы Азия мен Иранға жасаған жорықтарында танысты. Осы жерлерден сақтарға "өммір ағашы" дейтін

арыстан бейнесі тарады. Бұл ұғым жергілікті жануарлар мен аң-құстардың, жылқы, қой, түйе, бұғы, ақбөкен, барыс, жолбарыс, бүркіт, қасқыр, қоян бейнелеріне ауысты. 2. Қ.А.Йасауидің түркі әлемінде алатын орны мен рөлі.

Өйткені, Қожа Ахмет дәуірінен кейінгі 800 жыл халық жадындағы көптеген мәліметтерді шайып кетті. Ал, жазба деректер болса, жоққа тән. Тек, “Диуани Хикмет” қана көңілге медеу. Соңғы

Гуньмо - басшысы

Тайпа көсемдері мен әскербасылар - бек

Малшылар

Егіншілер

жылдардағы ізденістер нәтижесінде Қожа Ахмет Йасауидің “Диуани Хикметтен” өзге де шығармалары болғандығы белгілі болып отыр. Мысалы, Шайх Хұдайдад ибн Ташмұхаммед азизан ал-Бұхари жазған “Бустан ал-Мухиббин”1 атты шығармада Қожа Ахмет Йасауидің “Фатава-и танбих” атты шығармасы болғандығы туралы дерек бар. Одан басқа “Мират ал-қулуб”, “Рисала” сияқты шығармалар да Қожа Ахмет Йасауидің қаламынан шыққандығы анықталып отыр. Бірақ, бұл шығармалардың ішінде “Мират ал-қулуб” Қожа Ахмет Йасауидің белді шәкірті Мұхаммед Данышманд Зарнуқи тарапынан жазылғандығы туралы айтылатын деректер барлығын да ескеруіміз керек. Әрине, бұл шығармаларда негізінен сопылық туралы, ұстаз бен шәкірт ара қатынасы тағы басқа сопылыққа қатысты мәселелер айтылады да, тарихи мәліметтер жоққа тән.

3. Қимақтардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

30-билет 1. ХVІ – ХVІІ ғғ.қазақ халқының қолөнері.

Қазақ ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды салаларының бірі - қолөнері, оның ішінде ою өрнек болып табылады. Ою өрнектер әсемдікпен, сәнділіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге халықтың арман- ойының, тілек мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда ою өрнектің мазмұндылық ерекшеліктері сан алуан. Бүгінгі ұрпақ өзінің ұлттық сезімдерін, өнерін жоғалтпауы қажет. Өнер адамға жақсы әсер ететін және оны тәрбиелейтін нәзік дүние.Оның құндылығы орасан зор. Сонау жазу-сызу шыға қоймаған ерте заманда адам өз ойын тасқа , сүйекке, ағашқа ойып, қашап түсіріп отырған. Қазіргі қолөнер саласындағы «сүйек ою өнері», «ағаш ою өнері» деген сөздер сол ерте заманда қалыптасқан ұғымдар. Қолөнердің сала-саласында кең қолданылып келген, өнердің өте көне әрі күрделі түрі- ою-өрнек өнері. Қазақтың қол тума сәндік өнерінің барлық түрлеріне де оюлар мен өрнектер алғашқы элемент ретінде қолданылады. Ою мен өрнек қолөнер бұйымдарының тұтынушылық және эстетикалық мәнін аша түседі. Сондықтан да қолөнер заттарының әр қайсысындағы оюлау мен өрнектеуге, әшекейлеуге жіті зер сала білу керек. Бір

Қимақтардың жер үшін соғыстары

Х ғасыр басында тоғызғұндардың шекаралық қаласы – Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алды.

Енисей бойындағы қырғыздарға да шабуыл жасаған

Сыр бойындағы оғыздармен

Х ғ-дың екінші жартысында Қарахандармен соғыс

кезде тасқа, ағашқа , сүйекке түсірілген ою-таңбалар келе-келе киізге, алаша, кілем тағы басқа

заттарға салынатын болған.

2. Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.

Қазақстан барлығы 5 жазғы және 6 қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Алғашқы 4 жазғы

Олимпиадаға қарағанда 2012 жылғы Лондонда өткен кезекті Олимпиадада қазақ спортшылары

сәтті өнер көрсетті деуге болады. Лондонда Қазақстан 7 алтын 1 күміс, 5 қола медаль алып,

медаль саны бойынша жалпы есепте 204 ел арасында 12-ші орынды иеленді.[1] Қазақстанның

ұлттық Олимпиада комитеті 1990 жылы құрылып, 1993 жылы Халықаралық Олимпиада

комитетіне мүше болды. Қазақстан Олимпиада ойындарында барлығы 59 медальға ие болды:

олардың 52-сі жазғы және 7 қысқы Олимпиада кезінде. Қазақстан 2018 жылғы XXIII қысқы

Олимпиада ойындарын өткізу үшін ұсыныс берген болатын, алайда жеңіс Кореяның Пиоңчаң

қаласына бұйырды.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (qaz-tarihi-2-var.zip)Қазақстан тарихы (Вариант 2)163 Kb
 
27.04.2018 21:47