1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі
Kерей мен Жәнібек хандардан кейін Керейдің ұлы Бұрындык (1473/1474-1511ж) хан болған. Егер Жанiбек пен Керей хандар Казак хандыrынын, ipre тасын қалыптастырып, онын аумаrын ұлrайта бастағандығымен көрінсе, ал Бұрындық ханның аты Сырдария өзенi бойындағы калаларды Әбілқайыр ұрпағынан өздерiне карату жолында болған ұрыстардан көрінген. Алайда ханның ел iшiнде беделi болмағандықтан және қаталдығының нәтижесінде Самарқанға көшiп кеттi. Бұдан кейiн Бұрындықтың кезiнде оның әскери қолбасшысы болған Жанiбек ханның баласы Қасым сұлтанның ел iшiнде беделi күштi болған. Қасым ханның кезiнде хандыктын саяси жағынан болсын, алеуметтiк- экономикалык жағынан болсын дамығандығы белгiлi. Тiптi алыс жакын жаткан елдерге Қасымның аты айгiлi болып, қазақ хандығы куатты, iргелi елге айналған. MiHe сол Қасым 1411 жылы хан болды. Ал тарихшысы М.Х.Дулати Касымнын букiл Дештi Кыпшак даласына билiк жургiзгенiн, оның халкы санының миллионнан астам болғандығын айтады. Жошыдан кейiн бұл жұртта одан ұлы хан болған емес дейді. Хан өз мемлекетінің коғамдык өмiрiнде карама-карсы кайшылыктарды болдырмау үшiн түрлi заң шығарушы заңгер де болған. Онын шығарған заңдары "Касым ханның қасқа жолы" деген атаумен осы күнге дейiн ел аузында айтылып келедi. Бірақ ол жазбаша түрде сакталмаған. Осы заң арқылы ол елді мін шығармай басқарған. Хан өзінің заң жинағымен ел iшiндегi жағдайды бiраз түзеп, хандык өкіметін баскаруды күшейтiп алады. Қазақ хандығының нығаюына және бiр себеп ол Шайбаниліктердің Азияға карай бiржола ауып кетуімен және кетпей қалған ру-тайпалардың барлығы ендi қазақ хандығына өзiнiң жерiмен косылып халкының санының өсуіне, шекарасының кеңеюіне де үлкен үлес косқан. Қасым хан өзінің өмірінің сонгы кезiнде астанасы Сарайшык каласында билiк жүргiзген. Сарайшық сол кездегі ең маңызды қала қатарынан болған. Қасым хан тұсында Казак хандығынын нығаюы және оның күшеюi мемлекеттiң беделiн арттырып. сырткы саясатта айтарлыктай табыстарrа кол жеткiздi. Орта Азия хандарымен. Едiл бойындағы елдермен, Батыс Сiбiр хандығымен, Ресеймен сауда-саттық, жане дипломатиялык байланыстар жасаған.XVI ғасырдың басында қазақ ханы Касым ханның сырткы саясатының басты бағыты Сырдария бойындағы калаларды каратып алу жолындағы күрес болды. Бул күресте Қасым хан Мауереннахр билеушiсi Шайбани хан мен және оның ұрпактарымен токтаусыз күрес жургiздi. Сырдария бойындағы шурайлы жерлер мен калаларда билiк жургiзу үшiн күресін жалғастыра бердi. Өйткенi калалар қазақ хандығының экономикасын көтеруде жанды мәселелердің бiрi болды. Мұхаммед Шайбани хан қаза болғаннан кейiн, хан ұрпақтары арасында хандык билiкке өзара талас басталды. Осы жаrдайды пайдаланған Касым хан шабуылға шыrғып, Сайрамды өзiне қаратты. Осыдан соң Ташкенттi билеп тұрган Шайбани ұрпағы Сүйiнiш қожаға қарсы аттанды. Бірақ Ташкент каласының түбiндегi ұрыс сәтсіз болып, хан кайта оралады. Қасым хан Мұхаммед Хайдардың деректерiнде 1518 жылы қайтыс болган. Алайда, орыс деректерiне қараганда Қасым хан 1521 жылы кыста Сарай каласында қаза болған.Қасым хан тұсында қазақтар өз алдына тәуелсiз, дербес мемлекет есебiнде Орта Азия мен Шығыс Еуропаға белгiлi болды. XVI ғасыр Қазақ хандығының дәуiрлеу кезеңі болды. Жер көлемi ұлғайды. Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы, Сыр бойындағы қалаларды косып алды. Онтустік шығыста Жетiсу жерінің басым бөлiгi Шу, Талас, Қаратал, Iле өзендерінің алкабы қарады. Солтүстік және солтүстiк шығыста Ұлытау мен Балкаш көлiнен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейiн жеттi. Солтүстiк батыста Жайык өзенiнің алабын қамтиды. Miнe Қасым ханның халкының саны да бiр миллионнан асқан. Сонымен қазақ хандығы көркейіп бүкіл әлемге танымал болды.
2.«Мәңгілік ел» идеясының мәні мен маңызын талдаңыз
2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең
дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады. Түркі тарихын, көне түркі мұраларын зерттеуші филология ғылымдарының докторы, профессор Қаржаубай Сартқожаұлының «MANGI EL» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналында: «Мәңгілік ел — түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған атақты Тоныкөк (Тұй-ұқық) негізін қалаған идея...» — екендігін жазған [1, 20-21 бб.]. Елтеріс Құтлық қаған екінші Түрік қағанатын құрғаннан кейін Тоныкөк «Мәңгілік ел» идеясын қолға алды. Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда.«Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар [2, 63 б.]. Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады. Орхон өзенінің бойында Түрік қағанатының Ордабалық деген астанасы болған. Қағанаттың хан ордасы мемлекеттің ішкі ядросы. Оны қорғайтын арнайы полиция(тұрғақ деп аталған) және оған қоса тұрақты әскер (шерік деп аталған) пайдаланылды. Ішкі қорғаныс деп атаған екінші шеңбер белдеуін түрлі тайпалар қорғап тұрды. Үшінші шеңберде он-оқ Түркештер тұрды. Қырғыздар, Кидандар, Татабилер, Таңғыттар, Басмылдар да үшінші шеңбердің қорғаушысы болды. Осы үш шеңбер тұтас империяны қорғап тұрды. Түріктер осы 3 шеңберді орнатып болған соң, «Мәңгілік ел» идеясын нық бекемдейді. Ғұлама ойшыл, сазгер, қобыз жасаушы Қорқыт бабамыздың өлімге қарсы тұрып, мәңгі өмірге ұмтылуы, тек Қорқыттың ғана емес, сол замандағы билеушілердің елдің мәңгі өмір сүруін қалағандығын білдіреді. М. Әуезов Қорқыттың мәңгілік өмір туралы толғаныстарының негізгі философиялық түйініп аша келіп, оның болашақ ұрпақ үшін дүниетанымдық маңызы зор, мәңгілік мұра екенін атап өткен. Қазақ халқы арасында тараған аңыздардан Қорқытты бірде айтулы күй атасы ретінде көрсек, енді біразында ол өлім атаулыға қарсы шара іздеген қамқоршы ретінде көрінеді. Қорқытты мәңгі өмірді іздеген, бақилық болғысы келмеген деген түсінікті, халқына жерұйықты іздеген Асан Қайғымен түсіндіруге болады. Асан Қайғы өз халқы үшін ең қолайлы, ең құнарлы жерді іздегендігі белгілі. Утопиялық көзқарастағы Асан қайғының жерұйықты іздеудегі мақсаты, халқының жайлы жерге қоныстанып, болашақта мәңгі ел болуын қалаған. Көрнекті еуразияшыл ғалым, тарихшы-этнолог Л.Н.Гумилев «От Руси к России» атты еңбегінде: «Еуразия құрлығы үш рет біріктірілді. Алғашында оны Ұлы Түркі қағанатын құрған көне түріктер біріктірді. Түріктерден кейін Шыңғыс хан бастаған монғолдар, кейіннен Ресей өз қолына алды» — дейді.[4, 382 б.] Л.Н.Гумилев еуразия құрлығының бірлігі, мәңгілігі туралы ойын көне түріктерден бастайды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен қалыптасып жатқан Еуразиялық идеясының негізінде Ресейлік емес, түріктік ынтымақтастыққа қол жеткізіп, көне түріктердің мәңгілік ел идеясының өміршеңдігін дәлелдеуіміз керек.«Тұтас түрік елі» идеясынан «біртұтас Түркістан» идеясына дейінгі бабаларымыздың атқарған істері едәуір. Елбасы Түрік бірлігі идеясын тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап көтеруде. Ел азаматтары мен Қазақстан саяси элитасының ұлттық идеология қалыптастыру
жолындағы ойларын Елбасы сараптады. «Біртұтас Түркістан идеясы», «Түркістан конфедерациясы», «Еуразиялық одақ идеясы», «Қазақстандық ұлт идеясы», «Жерұйық», «Атамекен», «Қазақ Елі идеясы» сынды ұғымдар арқылы мемлекет құрушы қазақ халқы мен тарихи тағдыр тоғыстырған ұлттарға ортақ боларлық идея, мемлекеттік мәнге ие боларлық идеология қарастырылды. Мәңгілік Ел идеясы —қазақ ұлтының мақсат-мүддесіне және елімізді ортақ Отан еткен жүз отыздан астам ұлттар мен ұлыстардың ұлттық идеясына негізделген идеология болатынына сенуге болады. Еуроцентристік көзқарас бойыншатүркі тілдес халықтардың ынтымақтастығына деген сын айтушылар көп. Түркі интеграциясын Т. Рысқұлов пен М.К. Ататүрік бастаса, кейін нақты практикалық шараларды қолға алған ҚР тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың шешуші саясаты өз жемісін берді. Н.Ә. Назарбаевтың түрік халықтарының бірлігін нығайтудағы тарихи рөлінің қаншалықты маңызды болғанын аңғаруға болады. Қазақстан Халықаралық «Түрксой» ұйымына қолдау көрсетіп, түрік дүниясының барын бағалап, жоғын түгендеуге жол сілтеді. Халықаралық аренада Қазақстанның беделі нығайған сайын, түрік мемлекеттерінің бірлігі идеясы ашық әрі табанды насихаттала бастады. 3.Қазақстан Республикасының облыстарын карта бойынша көрсетіңіз.
Алматы облысы Талдықорған облысы
Шығыс Қазақстан облысы Солтүстік Қазақстан облысы
Атырау облысы Қарағанды облысы
Ақмола облысы Қостанай облысы
Ақтөбе облысы Қызылорда облысы
Батыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Маңғыстау облысы
Оңтүстік Қазақстан облысы
Павлодар облысы
2 – Билет
1.«Қазақ» этнонимінің зерттелуі.
Қазақ — Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Екі жүз жылдай уақыт бойы зерттеушілер “қазақ” терминінің шығу төркінін түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасауда. Алайда, Қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікір қалыптаса қойған жоқ. Қазақ сөзіне үндес терминдер Қазақстаннан шалғай аймақтардан да кездескен. Ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың (10 ғ-дың орта шені) Кавказдың солт.-батысында жатқан “Казахия елі” деп айтқан мәліметтерін келтіреді (Н.М. Карамзин, А.Вамбери, т.б.). Осының негізінде Қазақ халқы 10 ғ-дан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалды. Бірақ, түпнұсқада (грекше) “з” әрпі емес, “с” әрпі берілген. Демек, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтар айтылатынын дәлелдеді. Қазахия және Қазақ халқы атауына зерттеушілер мұсылман дүниесінің жазба деректемелерін де тартты. Мысалы, араб тарихшысы Әбу-л-Хасан Әли әл-Масудидің “Өсиет және қайта қарау кітабы” деген шығармасында Кубань өз. маңындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этн. қауымы – әл-касакия жазылған. Неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос – касогтардың атауын беретіндігін анықтады. Авторы белгісіз парсы тілді “Худуд әл-алам” деген геогр. еңбекте Қара т. жағалауында орналасқан Касаг қ. туралы (этн. қауым емес) деректер келтірілген. “Повесть временных лет” шығармасында Святослав (965) пен Мстиславтың (1022) касогтармен жүргізген соғыстары туралы мәліметтер бар. Касог термині алғаш 8 ғ-дың аяғы – 9 ғ-дың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғ-лардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын (немесе тайпалар бірлестігін) білдірудің әр алуан түрлері болғаны байқалады. Қазақ этнонимінің касог, касахия (казахия) атауымен байланысы туралы пікір мейлінше декларативтік сипатта, олардың арасындағы тарихи сәйкестік әлі де болса зерттелуі тиіс. 2.Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімдік даму бағдарламалары «Қазақстан – 2030» және «Қазақстан – 2050» стратегияларына салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
1997 жылы ұзақ мерзімді стратегияық даму бағдарламасы “Қазақстан 2030”
1997 жылы қабылданды:
1. Ұлттық қауіпсіздік.
2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
3. Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы,білімі мен әл-ауқаты.
5. Энергетика ресурстары.
6. Инфрақұрылым,әсіресе көлік және байланыс.
7. Негізгі міндеттермен ғана шектелетін кәсіпқой мемлекет.
Қазіргі кезде осы бағдарлама іске асырылды. Н.Назарбаев бұл туралы былай деді:
« Бүгінгі күні мен үшін 2030 Стратегиясының мерзімінен бұрын орындауға қол жеткен параметрлерінің тұтас бір қатарын іске асырудың қорытындыларын шығару үлкен абырой.» осыған байланысты Астанада 2013жылы 14 желтоқсанда
Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты жаңа бағдарлама қабылданды.
Н.НАЗАРБАЕВ «ҚАЗАҚСТАН-2050» СТРАТЕГИЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАСТАПҚЫ САТЫСЫНЫҢ ЖЕТІ БАҒЫТЫН БЕЛГІЛЕП БЕРДІ:
1. ИНФРАҚҰРЫЛЫМНЫҢ ДАМУЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТАБЫСЫ КЕПІЛІ магистральдары желісін ұлғайту
– Алматы шапшаң жүрісті темір жол қатынасын жетілдіру
2. «ЕХРО -2017» - ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗДЫ КАТАЛИЗАТОРЫ есебінен энергиямен толық жабдықтау
компания жоспарын іске асыру 3.Қазақстандағы 1867-1868 жж.реформа бойынша кестені толтырыңыз.
Генерал- губернаторлықтар
Облыстар
Уездер
Орынбор(Орынбор)
Орал және Торғай
Орал-Орал,Атырау,Калмыков,Жем
Торғай-Елек,Қостанай,Торғай,Ырғыз
Батыс Сiбiр(Омбы)
Ақмола және Семей
Ақмола-Көкшетау,Омбы,Петропавл
Семей-Баянауыл,Көкпекті,Зайсан,Павлодар,Өскемен
Түркiстан(Ташкент)
Сырдария және Жетiсу
Сырдария-Қазалы,Перовск,Түркістан, Әулиеата,Шымкент, Ташкент,Ходжент,Жизақ
3 - Билет 1.Орта тас ғасырының ерекшелігі
Мезолит дәуірі (б.з.б. 12-5 мың жылдықтар).
Кейінгі палеолит дәуірінен кейін орта тас дәуірі (грекше «мезос» - орта деген сөзден шыққын) мезолит дәуірі келді. Бұл дәуір тарих ғылымында өте аз зерттелгендіктен, осы дәуірдің ескерткіштері Қазақстан жерінен аз табылған.
Табиғаты. Қазақстанның ауа райы қүрт жылынып, мұздар еріді. Шөбі, өсімдігі мол далалар сиреп кетті. Бірқатар жануарлар (мүйізтұмсықтар, мамонттар) құрып кетті, енді аңшылардың аулайтын көбінесе бизон мен жылқы, жабайы ешкі мен киік, койы, үйрек болды.
Мезолит дәуірінің ең маңызды өнертабысы- садақ пен жебе. Садақ пен жебенің ойлап табылуы өндіргіш күштер дамуында шын мәнінде революция еді. Сайып келгенде бұл ежелгі адамның шаруашылық өміріндегі түбірлі өзгерістерге жеткізді. Садақ пен жебеден басқа осы кезде микролиттер- ұшбұрыш, ромб, трапеция, сегмент тәрізді ұсақ қалақтар пайда болды.
Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру. 2.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірін зерттеген орыс ғалымдары және олардың еңбектеріне талдау жасаңыз.
Қазақ өлкесін зерттеуде баға жетпес үлес қосқан орыс мәдениетінің көрнекті өкілдерінің ішінде В.И. Дальдың алатын орны ерекше. Ол 1833-1841 жылдары Орынбор губернаторы жанындағы ерекше тапсырмалар жөніндегі қызметкер болып істеген кезінде қазақ халқының ауыз әдебиетін, әдет-ғұрпы мен тұрмыс тіршілігін зерттеді.
1833 жылы А.С. Пушкин Орынбор мөн Оралға Е. Пугачев көтерілісі туралы материал жинау үшін арнайы келіп, бұл аймақта қазақ халқының мәдениетімен де танысады. Осы сапарында Пушкин «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының бір нұсқасын жазып алған.
ХІХғасырда Қазақстанды зерттеушілердің ішінде әлемдік деңгейдегі ғалым П.П. Семенов-Тянь-Шаньский (1827-1914) болды. Ол Орталық Тянь-Шаньды зерттеді, Алтай, Жетісу, Орта Азияға саяхат жасады. Оның басшылығымен «Ресей. Біздің Отанымыздың толық географиялық жазбалары» деген көптомдық зерттеулері жарық көрді. Бұл еңбектің «Қырғыз өлкесі» және «Түркістан елкесі» деген екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Мұнда географиялық орта, табиғат, қазба байлық, тарих, қазақтардың тұрмыс-тіршілігі жөнінде ғылыми мәліметтер топтастырылды.
Қазақстанның географиясын, өсімдіктер және жануарлар дүниесін, оның қазба байлығын зерттегендердің келесі бір өкілдері Н.А. Северцев пен И.В. Мушкетов болды. Сондай-ақ қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясының беймәлім сырларын ашуда белгілі шығыстанушы, түркітанушы, этнограф, Петербор академиясының академигі В.В. Радлов (1837-1918) та қомақты үлес қосты. Ол Алтай, Солтүстік Қазақстан, Жетісу қазақтары мен басқа да халықтарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары, фольклоры туралы құнды еңбектер қалдырды. Оның «Түрік тайпаларының халыктық әдебиетінің үлгілерінде» қазақ-тың ертегілері, эпикалық шығармалары мен лирикасы жинақталған.
Қазақ халқының тарихы туралы құнды деректерді ірі шығыстанушы ғалым, археолог, лингвист, академик В.В. Вельяминов-Зерновтың (1830-1904) еңбектерінен ала аламыз. Ол «Қасымдық патшалар мен ханзадалар туралы зерттеу», «Қырғыз-қайсақтар туралы тарихи мәліметтер» және басқа да еңбектерінде Қазақ тарихының өзекті мәселелері талданады. Қазақ өлкесінің тарихын А.И. Добросмыслов, Н.Н. Аристов, М Красовский сынды ғалымдар да зерттеді. Еліміздіңтарихы, этнографиясы, географиясы туралы мәліметтерді саяси жер аударылғандар, патшалық әкімшіліктің қызметкерлері, Бас штабтың офицерлері жинастырды. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы қоғамдық ой мен мәдениетті дамытуда мәдени-ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар маңызды рөп атқарды. Орыс географиялыққоғамыныңбөлімдері Орынборда (1868 ж.), Омбыда (1867 ж.), ал кейінірек Семей бөлімшесі мен Түркістанда (1897 ж.) бөлімі ашылды. Олар жиналған мәліметтер бойынша тарих, этнография, география туралы жинақгар жариялап отырды. Қоғам жүмысына қазақзиялылары да белсене араласты. Мысалы, Орыс географиялық қоғамының Орынбор бөлімінің корреспондент мүшесі Ы. Алтынсарин болды және ол өзінің ғылыми зерттеулерін осы жинақтарда жариялады.
XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда облыстық статистикалық комитеттері қүрылды. Бүл комитеттер статистика, тарих, этнография, мәдениет жайлы мәліметтер жинақтап, әрбір облыс бойынша шолу жасап отырды. Семей облыстық статистикалық комитет жұмысына Абай да қатынасты. Қазақстанды зерттеумен Ресейдің басқа да ғылыми ұйымдары - Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс тарихы мен археологиясының әуесқойлары, жаратылыстану, шығыстану мен антропология әуесқойлары қоғамы т.б. айналысты. Бұл кезеңде Қазақстанда қоғамдық кітапханалар ашыла бастады. 1883 жылы Семейде көпшілікке арналған алғашқы кітапхана ашылды. 3.Кестені толтырыңыз.1917 жылы Қазақстанда болған Жалпықазақ съездері:
Съездер (айы, күні)
Қаралған мәселелер, ұсыныстар
Қаулы, қарарлар.
1917 жылғы 21-26 шілдеде
Мемлекеттік басқару формасын, қазақ областары автономиясын, жер мәселесін, халықтық милиция ұйымдастыру, земство, халыққа білім беру, сот, рухани-діни мәселелерді қарастырды.
«Мемлекеттік басқару формасы» мәселесі бойынша Ресейде демократияшыл федерациялық-парламенттік республика, ал қазақ облыстары ұлттық-аумақтық автономия алуға тиіс деген қарар қабылданды.
1917 жылғы 5-13 желтоқсан
Құрылтайдыдың күн тәртібіне 10 мәселе қойылды:
Сібір автономиясы;
Түркістан автономиясы және Оңтүстік-шығыс Одағы туралы;
Қазақ-қырғыз автономиясы;
Милиция туралы;
Ұлт кеңесі;
Ұлт қазынасы;
Мүфтилік мәселесі;
Халық соты;
Ауылды басқару және
азық-түлік мәселесі.
Қаулыда — қазақ аутономиясы, милиция (жасақ) және Ұлт кеңесі мәселелерін қарауға жеті кісілік комиссия құрылады.
Қазақ зиялылары Алаш автономиясын аяғынан тік тұрғызу үшін және большевиктермен күресу мақсатында ұлттық әскер құру және кеңестерге қарсы әр түрлі саяси күштермен одақтасу ісіне үлкен мән берді. Съез бұл мәселені жан-жақты талқылап, қазақ милициясының әр облыс, уезд орталықтарындағы саны, оларға әскер ғылымын үйрету және қажетті заттармен (қару-жарақ, қаржы, көлік және т.б.) қамтамасыз ету тәртібін анықтап, «26 500 адам тіркелген халықтық милиция құрылуы қажет» деген қаулы қабылдады.
4 - Билет 1. Түргеш қағанаты (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Қытай басқыншыларына қарсы түріктердің өз тәуелсіздіктері жолындағы толастамаған күресі жеңіспен аяқталды. 704 жылы түркеш тайпасының көсемі Үшелік Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіріп, Түркеш мемлекетінің негізін қалады. Түркеш – Батыс Түрік қағанатының сол қанатындағы дулу тайпалық бірлестігінің ішіндегі төртінші тайпа. Қағанаттың негізгі жер аумағы – Жетісу болды. Жалпы қағанат аумағы Орта Азияның оңтүстік –шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Тұрфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. Орталығы- Шу аңғарындағы Суяб қаласы.
707 жылы Үшеліктің қайтыс болуымен билік басына оның мұрагері Сақал (Саға) келді. Егер Үшелік билік басына келгенде жүз қырық мың әскері болса, Сақал тұсында оның саны үш жүз мың адамға жетеді. Сақал билігі тұсында ішкі талас–тартыс күшейді. 710 жылы ағасы Сақалдың берген жер үлесіне көңілі толмаған Чжен (Жану) өкпелеп, Шығыс Түрікке қашып барып шағымданды. Ағасына қарсы көмек сұрады. Шығыс Түрік қағаны Қапаған жиырма мың атты әскерді батысқа аттандырды. Әскер басына кіші ұлы Инелді, оған кеңесші басшы етіп Тоныкөкті тағайындады. Сақал қолға түсті. 711 жылы Қапаған қаған сатқын Чженге «Сен өзіңнің туған ағаңмен отаса алмағанда, маған қайтіп опа қыласың?», - деп екі ағайынды өлтіріледі.
Түркештердің қалған әскерін әскери қолбасшы Сұлық бастап Сырдария арқылы оңтүстікке жылжиды. 712-713 жылдары Елтеріс қаған балалары Білге мен Күлтегін және Тоныкөк бастаған Шығыс Түрік әскері өз жеңістерін әрі жалғастыру мақсатында Сұлықтың соңынан ерді. Шығыс Түрік әскерінің ары қарай жылжуын оңтүстіктен Орта Азияға жылжып келе жатқан арабтар тоқтатты. 714 жылы Шығыс Түрік әскері кейін шегінуге мәжбүр болды. Сұлық та өз әскерімен Жетісуға қайтты.
Сұлық- қара түркеш өкілі. 717 жылы Сұлық өзін қаған деп жариялап, Түркеш мемлекетін қалпына келтірді. Қағанат орталығын Талас (Тараз) қаласына көшіреді. Ол ең алдымен Шығыстағы қауіпті сейілтуге тырысты. Ол мұнда өзінің үш қауіпті жауымен некеге отырды. Ашын руының қызына үйленіп, өз билігін заңдастырды. Өз ұлын Шығыс Түрік қағаны Білге қағанның қызына үйлендірді. Тибет патшасының қызын әйелдікке алды. «Көне Таңнама» Сұлықтың ерекше құрметке ие болғандығын мәлімдейді: «Сүлік әділ, ұқыпты адам еді, әр жолғы соғыс олжаларын қолбасылар мен жауынгерлерге, жамағатқа тұтас таратып, қол астындағы қауымның ықыласына бөленді. Жұрттың бәрі оған аянбай қызмет етті».
717 жылы түркеш билеушісі Қытаймен достық байланыс орнатты. Егер Түркеш билеушісіне батыстан төнген араб қауіпіне қарсы одақтас қажет болса, Тан империясы өзіне ерікті одақтастарды жақындата отырып, солардың көмегімен Тибетті талқандап, шығыстан әскер қозғамай-ақ, арабтарды қууды көздеді. Осы оқиғаға байланысты болса керек кейбір араб құжаттарында Сұлық «Қытай императорының туысқаны» ретінде көрсетіледі. Осы уақыттан бастап Түркештер арабтармен белсенді күреске көшті. Ендігі басты жау батыстан төнген қауіп- арабтар еді. Түркеш көсемі Самарқанд, Бұқара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалаларды арабтардан босатады. 737 жылы қарлұқтармен бірлесіп Тоқарстандағы арабтарды талқандайды. Сұлық қаған шайқастарға өзі қатынасып, онда үнемі жеңіске жетіп отыруынан болса керек, ол «Сүзеген» деген лақап атқа ие болды.
Арабтар да түркештерді өз жағына тартуға тырысты. Халиф Хишам Сұлыққа өз өкілін жіберіп мұсылман дінін қабылдауды ұсынды. Елшілерді Сұлық қаған салтанатты түрде қарсы алып, сый–сияпат көрсетті. Олардың Ислам діні туралы айтқан мәліметтерін жақсылап тыңдап, ұғынысқан қаған, келген елшілер тобын ренжітпей, риза етіп қайтарады. Қаған мұсылмандықты қабылдау туралы ұсынысқа сыпайы түрде былай деп жауап береді (атқа мінген, қолында қылыш, найзалы, сауытты жауынгерлерін көрсете тұрып): “Мыналардың ешқайсысы да етікші, не тігінші, не емші емес! Жауынгерлік олардың күнкөріс кәсібі. Ендеше, олар мұсылман болып, Исламның шарттарын орындаса қайтіп күн көретұғын болмақ». Осылайша Сұлық бұл ұсыныстан бас тартады.
737 жылы Сұлық өз шатырында қастандықпен өлтіріледі. Сұлықтың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның билігі бір-екі жылға ғана созылды.
Сұлықтан кейін сары және қара түркештер арасында жағдай шиеленісіп, Түркеш қағанаты әлсіреп, ішкі бірлігінен айырылды. Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан) әскерлерін Жетісуға аттандырып, 748жылы Суябты басып алады.
751 жылы шілде айында Таласқа жақын Атлах қаласы түбінде арабтар мен Тан әскері кездесті. Бұл шайқас тарихта «Талас шайқасы» деген атпен қалды. Атлах қаласы туралы араб тарихшысы әл-Макдиси «Атлах үлкен қала, көлемі жағынан орталық қалаға жақын, айналасы биік дуалмен қоршалған. Бау-бақшасы көп, жүзім мол өседі...», - деп жазады.
Түркеш мемлекетінде билік мұрагерлік жүйеге негізделді. Билік әкеден балаға немесе ағадан ініге мұрагерлік жолмен қалып отырды.
Түркеш тайпалары қолайлы географиялық орналасуы, табиғи климат жағдайларына байланысты отырықшы, қала мәдениеті дамыған, көп салалы шаруашылықпен шұғылданды. Мал шаруашылығының жартылай көшпелі түрі, егіншілік, қолөнер, саудамен айналысты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында Тараз қаласынан «Түргеш қағанының теңгесі» немесе «түріктің көк ханының теңгесі» деген соғды жазуымен жазылған теңгелер табылған.
756 жылы түркештер тәуелсіздігінен біржола айырылып, Жетісудағы билік қарлұқтар қолына өтті. 2 «Қазақ» және «Айқап» басылымдарындағы көтерілген мәселелер және олардың қоғамдық-саяси қызметтеріне талдау жасаңыз
ХХғ. басындағы «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде көтерілген мәселелер оқу-ағарту мен білім идеяларын бұғара арасына насихаттау және халықтың мұқтажыдығына бағытталды.
Қазақтардың рухани өмірі тарихына 1911 жыл тұңғыш ұлттық бейресми мерзімді басылымдар шыққан жыл ретінде енді. Сол жылдың қаңтарынан бастап қазақ тіліндегі бірінші журнал “Айқап” , шықты. «Айқап» журналы қазақ қоғамдық өміріндегі тұңғыш ықпалды журнал еді, сонымен қоса қазақ тілінде ұлттық рухты көтерген алғашқы журнал болды. «Айқап» осындай тонаушылық саясатының барынша белең алған тұсында жарық көрді. Сондықтан да бұл мәселелерді кеңінен жайды. Отырықшылық өмірге көшу, поселка, қала салу, егіншілікпен айналысу жөнінде пайдалы ұсыныстар жасап, кеңестер берді. Журналдың 1911 жылғы екінші санында жарияланған «Қазақ халқының
мұқтаждығы» деген бас мақалада әуелі қолға алатын мәселе жер мәселесі екеніне назар аударып, отырықшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысу қажеттігін насихаттады. Айқап» қазақ байларының озбырлығын, еңбекшілердің үстем тапқа, самодержавиеге наразылығын, ашу-ызасын білдіретін материалдарда жарияланды.
ХХ ғасырдың бас кезәндегә қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғаларының бірі С.Торайғыров «Айқап» журналында өзінің негізінен әлеуметтік теңсіздік тақырыбынна арналған алғашқы өлеңдері мен әңгімелерін жариялады.
А.Байтұрсынов 1913-1918 жылдар аралығында Орынборда қазақ тілінде шығып тұрған жалғыз «Қазақ» газетінің редакторы болды. Газетке халық ағарту, әдебиет пен тілтану мәселелерін көтерген көптеген мақалаларын жариялады. 3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
Адамдар өз білімдерін – пиктография (тасқа түсірілген хат-суреттер) арқылы хабарлаған. Әрбір ұғымның өзіндік шартты таңбасы болған. Мысалы, шұбар атты салу арқылы малдың індет ауруынан қырылғанын білдірген.
5 – Билет
1.Неолит дәуірі және оның ерекшеліктері
Қазақстанда табылған неолиттік ескерткіштер негізгі белгілері жағынан бір-біріне ұқсас.Арал өңірінен:найзаның тас ұштары,жалпақ пышақтар, екі жүзді де өңделген жебе ұштары табылды.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Балқаштың солтүстігінде шақпақ тастан жасалған ұсақ құралдар: тілікшелер, жаңқалар, нуклеустар және жебе ұштары көп кездеседі.Орталық Қазақстанда Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылған. Жезқазған өңірінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен шығару, жерлеу орындары табылды. Жерлеу орындарының үстіне тас үйген. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамды басын солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл-неолит дәуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеге деген сенімі болғандығының куәсі. Қазақстаннан неолит кезеңінің шамамен 600 (800) ескертіші белгілі. Олардың көбінің мәдени қабаты жоқ, бұлар адамдардың уақытша тұрақтары.Негізгі белгілері бойынша неолит ескерткіштері бір-біріне өте ұқсас және бір мәдени-тарихи топқа жатады. Дегенмен, табылған құралдардың, керамикалық ыдыстардың түрлеріне, олардың жасалу техникасының кейбір ерекшеліктеріне, шаруашылықты жүргізу сипатына қарай Қазақстанның неолиттік мәдениетін ғалымдар бірнеше аймақтық топтарға бөліп көрсетеді.Олар: Солтүстік-батыс Қазақстандағы неолиттік мәдениеттің ерекшелігі- пластикалық тас өндірісінің басым болуы және ыдысты әшекейлеуде геометриялық өрнектер көбірек болды. Арал, Шығыс және Оңтүстік-шығыс Қазақстанның ерекшелігі - әр түрлі құралдардың көп табылуы, геометриялық өрнектер кездеспейтіндігі, керамика- Оңтүстік-Орал (Ресей) және Андронов мәдениетіне ұқсас келеді.
Балқаштың солтүстігі мен Бетпақдала аймағының ерекшелігі-онда кремнийден жасаған ұсақ құралдар көп кездеседі, геометриялық формадағы құралдар өте аз, керамика мүлдем жоқ. Орталық Қазақстанның солтүстік аймақтар тобының ерекшелігі – тұрақтары мен кремний құралдар солтүстік Қазақстан аймағына ұқсас, кескіш құралдар өте аз, шаруашылықтың негізгі түрі-аңшылық. Жезқазған өңірінің ерекшелігі- 150 тұрақ, көне қорымдар мен обалар табылды.
Шығыс-Қазақстан аймақтық тобының ерекшелігі- қоныстар құралдарға өте бай, олар көбіне еңбек құралдары және құрамалы құралдар. Керамикалық бұйымдар мен қырғыштар оймышты өрнектермен көмкерілген. 2.І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті. Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды. Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста
мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті. Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды. Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін. Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті. Қазақстан Экономиканы соғысқа бейімдеп қайта құру. ІІд.ж.соғыс. Соғыстың басталуына байланысты ел экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу басталды. Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді (милитарландырылды). Бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаржы мейлінше қысқартылды. Көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығара бастады. Өскемен қорғасын – мырыш комбинаты, Қарағанды көмір шахталары сияқты соғысқа қажетті өнімдер шығаратын өнеркісіп құрылыстарын салып аяқтады. Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 1.1941жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 2. 1942 жылдың күзінде өнеркәсіп орындары, кәсіпорындар, негізінен, Москва, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. Көшіріліп әкелінген 54 завод пен фабрика тамақ өнеркәсібі халық комиссариатының қарамағында болды. Жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелінді. Республикада аяқ киім саласының қуаты 12 есе, былғары саласының қуаты 10 есе өсті. Москва қаласы және Москва облысынан көшірілген кәсіпорындар: Москва авициация жасау заводы, Урюпа етконсерв заводы, Дзержинский атындағы электротехника заводы, Москва рентген заводы, № 3 Александр радио заводы, С. Орджоникидзе атындағы механика заводы т. б. Жалпы Қазақстанда Москва қаласы мен облысынан көшірілген 40 завод орналастырылды. Украинадан Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар: Харьков электротехника заводы, Подольск механика заводы, Запорожье ферроқорытпа заводы, Днепропетровск вагон жасау заводы т. б. Украина ККС – інен Қазақстанға 70 өнеркәсіп орны мен жабдығы әкелінді. Қазақ КСР – не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс істеді. Өнеркісіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200– ге жуық шахтер, 2000– дай құрылысшы келді. Майдан өңірлерінен келген инженер– техниктер саны 700 – дай болды. Қазақстан КСРО – ның негізгі әскери - өнеркәсіп базасына айналды. 1942 жылы Одақта өндірілген қорғасынның 85 % - ын, көмірден 18 % -ын, молибденнің 60 % - ын, оқтанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 1942 жылы 21 тамызда кеншілер еңбегіне үдемі – кесімді ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді. 1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды көмір алабында көмір өндіруді арттыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» қаулысы шықты. Облыстың және ауданның еңбеккерлері Қарағанды шахталарын қамқорлыққа алу жөнінде патриоттық қозғалыс бастады. Шахтерлерді азық – түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 5 есе көбейді. 1943 жылы забойлар желісі көбейіп, жер астында екінші Қарағанды пайда болды. Мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Атырау мұнай өңдеу заводын, Каспий – Орск мұнай құбырын салу үшін қуатты құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Ембіге Әзірбайжаннан 400 маман мен жұмысшылар келді.
3.Кестені толтырыңыз. ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында құрылған қоғамдық ұйымдар мен партиялар:
Экологиялық
Саяси
Азаматтық
Невада-Семей
Азат
Қазақстанның болашағы үшін, Қазақстан-2030 үшін, Ақ жол, Қазақстанның демократиялық таңдауы қоғамдық бірлестігі, Отан
Азат: 1990ж-1 шілде
Поколение: 1997 ж-24 қараша
Лад: 1993 ж-мамыр
Азамат: 1986 ж-желтоқсан
Ауыл
6 – Билет
1.Атлах шайқасы және оның тарихи маңызы
751 жылы қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Таразға жақын жерде Атлах маңында арабтар мен қытайлар арасында шайқас болды.Ол бес күнге созылды.Атлах шайқасының үлкен маңызы; қытай әскерлері Жетісу жерін тастап кетуге мәжбүр болды.Соғыста қытай әскері талқандалды. Қытай империясының Орталық Азияға ықпалы әлсіреді. 2.Қазақстандағы1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс пен 1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісін салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз. Қазақстан мен Орта Азиядағы азаттық қозғалысын XIX ғасырдың аяғындағы - XX ғасырдың басындағы көп ұлтты Россия тарихының бүкіл барысы әзірлеген болатын. Мұның өзі патша өкіметі дағдарысының нәтижесі еді. Көтерілістің сипаты. Көтеріліс отаршылдыққа қарсы сипатта болды. Қазақстандағы көтеріліс патша әкімшілігі үшін де, сондай-ақ жергілікті үстем феодалдар тобы үшін де күтпеген жерден басталды.
Көтерілістің негізгі себептері: 1. Жердің тартып алынуы (қоныстандыру саясаты); 2. Салықтар мен алымдардың көбеюі; 3. Еңбекшілерді үстем феодал-байлар тобының қанауының күшеюі; 4. Ұлттық араздықтың өршітілуі; 5. Соғысқа байланысты бұқара жағдайының күрт нашарлауы; 6. Орыстандыру саясаты. 1916 жылғы 25 маусымдағы патша үкіметінің «Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлығы халықтың шыдамын тауысып, оларды отарлау езгісі мен ортағасырлық қанауға қарсы көтерілуіне түрткі болды. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. М. Дулатұлы айтқандай: " жұрт сеңдей соғылды, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылды". 1916 жылғы 23 тамызда генерал - губернатор А. Куропаткиннің құпия бұйрығымен қара жұмысқа шақырудан босатылғандар: болыстық, ауылдық басқармалардың лауазымды адамдары; жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі полициялық шенділер; имамдар, молдалар мен мүдәрістер; ұсақ несие мекемелеріндегі жоғары лауазымды жергілікті бұратаналар; дворян және ата – бабасынан бастап, сондай –ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті ұлт өкілдері. Майдан жұмысына қазақ жастарын алу туралы жарлық қазақ халқының зор наразылығын тудырды. Елде болыстық басқармаларды талқандау, ауыл старшындарын, қатыгез, жағымсыз байларды өлтіру, ірі феодалдардың иеліктеріне шабуыл жасау, жер сату жөніндегі құжаттарды, алым салық қағаздарын жою, патша әскерімен қақтығыс сияқты ашу-ыза әрекеттері кең орын алды. Сойыл, кетпен, шалғы, орақ, мылтық, қылышпен қаруланған ел адамдары байлардың ауылдарын өртеп, малдарын айдап әкетуі жиілей тусті. Өлкені талан-таражға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді(негізінен, азықты)теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды. 1929-1931 ж.ж Шаруалар көтерілісінің себебі неде? Себебі: Ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс укладының қиратылуына, орташалар мен кедейлерді кулактар ретінде жоюға қарсылық. Сипаты: Шаруалар бұқарасының ниеті стихиялы бой көрсетулерден көрініс берді. Қозғаушы күші: Шаруалар бұқарасы Қарсылық түрі: ● қалалар мен құрылыстарға кету; ● басқа аймақтарға, тіпті шетелге көшіп кету; ● ұжымшар қозғалысының белсенділерін, партия, кеңес, комсомол қызметкерлерін, сот орындаушыларын өлтіру; ● өзін - өзі қорғайтын қарулы отрядтар құру; ● ашық көтеріліске шығу түрлерінде жасалды; 4. Орталықтары: ● Семей округі халық наразылығының ірі ошағына айналды. 1930 жылдың ақпан айынан мамыр айына дейін – Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонаиха, Қатонқарағай аудандарын қамтыған күшті толқулар өтті. ● Торғай шаруаларының Батпаққара көтерілісі Қазақ өлкелік комитеті тарапынан “бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі” деп бағаланды. ● Қарақұм ауданына Орталық, Батыс, Оңтүстік Қазақстаннан көтерілісшілер ағылып жатты. Бұл көтерілісті Орынбордағы 8 - дивизия басып тастады.
● Созақ ауданындағы көтеріліс табанды әрі шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді. Көтерілісшілер аудан орталығын басып алып, аудан басшыларын өлтірді. Нәтижесі ● Ұжымдастыру жылдары республика аумағында 372 жаппай толқулар мен көтерілістер орын алды. ● Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады. ● Маңғыстау, Жылқосын, Ойыл, Табын аудандарының шаруалары Қазақстан жерін тастап, Түрікменстан, Қарақалпақстан аумағына, ал бір бөлігі Иран мен Ауғанстанға көшіп кетуге мәжбүр болды. ● Алматы округінің көптеген аудандарының бүлік шығарған ауылдары Қытай жеріне ауып кетті. ● 1931 жылы көктемде Қарқаралы округінің Абыралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліс жасаған шаруалар түгелге дерлік қырып тасталды. Ұқсастығы: стихиялы бой көрсетулерден көрініс беруі, Кеңес өкіметі 1916 жылғы ұлт азаттық қозғалысын басып жаныштау үшін далаға жазалау экспедициясын жіберген патша өкіметінің тәжірибесін қайталады.
3.Жаңа тас кезеңіндегі «Ежелгі адамдардың тұрақтары» бойынша кестені толтырыңыз:
Тұрақтар
Орналасқан жері
Ерекшеліктері
Усть-Нарым
Шығыс Қазақстан
Бұл ескерткіш жаңа тас ғасырының ерте кезеңіне, яғни
б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады. Шығыс Қазақстан
аймағынан табылған қоныстар құрал-сайманға өте
бай болып келеді. Мұнда құрамалы құралдар жасау
үшін пайдаланылған, құралдың ұшы қызметін атқарған
өткір ұсақ сынатастар көп табылды. Бұл
аймақты мекендеушілер егіншілік, балық аулау
және терімшілікпен айналысқан.
Пеньки
Солтүстік Қазақстан
Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы
маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ
пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек
кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың
негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық
аулау, терімшілік болды.
Сексеуіл
Қызылорда облысы
Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған.
Табылған жануарлардың қалдықтарын зерттей
келе, ғалымдар олардың басым көпшілігі қой мен
сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың
қаңқалары екенін дәлелдеді. Сексеуіл
тұрағының тұрғындары мал өсірумен және
аңшылықпен айналысқан.
Зеленая Балка
Орталық Қазақстан
үй малының сүйектері табылған. Бұл - олардың мал шаруашылығымен айналыса бастағанының белгісі.
Қарағанды
7 – Билет
1.Рулық қауымның шығуы
Ерте палеолитте адамдар ұжымы - тобыр. Орта тас-аналық рулық қауымның бастапқы түрі қалыптаса бастады.
Кейінгі палеолитте адамдар тобыры бірте-бірте туысқандардың ұжымына –рулық қауымға айналды.
Рулық қауым «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Палеолиттің соңында рулық қауым толық қалыптасты 2.Ақпан және Қазан төңкерістерінің нәтижесін салыстырыңыз және бұл оқиғалардың Қазақстанға әсерін талдаңыз.
Ақпан революциясының Қазақстанға әсері. 1917 жылғы 25-27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлатылды. Билікке қос өкімет келді: ресми үкімет – Уақытша үкімет және ресми емес үкімет-Жұмысшы, шаруа, солдат депутаттарының Кеңесі («Петроград кеңесі»). Петроградтағы оқиғалар туралы хабарды Қазақстан халқы, ұлттық-демократиялық қозғалыстың басшылары қуанышпен қарсы алды. Қазақтар патша билігінің құлатылуын құптап, оны өздерінің ғасырлар бойы жүргізген күресінің нәтижесі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысында алға тартқан мақсаттарының қанағаттандырылуы деп таныды.Майдан штабы жанындағы Қырғыз бөлімінің басшысы Ә.Бөкейханов Минскіден былай деп сәлем жолдады: "Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды. Жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтардың бірігуі керек. Жаңа тәртіпті нығайту үшін — басқа халықтармен туысқандық байланыстарды күшейту қажет. Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен еділдік жолында күресіңдер!.." Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократияның, бостандық пен теңдіктің орнатылуына байланысты ұлттық автономия құратын, жалпыұлттық мәселелерді шешетін сәт туды деп санады. Қазақ зиялыларының басым көпшілігі осындай көзқараста болды.1917 жылғы наурыз, сәуір айларыңда әр жерде жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды. Жекелеген қалаларда (Оралда, Верныйда, Ақмолада, Семейде, Әулиеатада) қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды. Кеңестермен бірге Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Бүкіл елдегі сияқты, Қазақстанда да қос өкімет орнады.Ресейде капитализм дамуының кенже қалып, соның салдарынан буржуазияның қуатты экономикалық және саяси күш болып қалыптаспағанын ескерген Уақытша үкімет реформашыл жолмен капитализмді дамытуға бет алу қажет деп санады. Алайда, буржуазия мен помещиктердің саяси және экономикалық мүдделерін білдірген Уақытша үкімет Ресейді қайта өрлетудің нысаналы бағдарламасын ұсына алмады. Ол империялық ұлт саясатын қайта қарауға қадам жасады. 1917 жылғы 20 наурызда ол Ресей азаматтарының белгілі бір дін ұстануына немесе ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеуді жойды. Уақытша үкіметтің бұл шешімі осынау ұлан-ғайыр өңірде ұлттық келісім орнатуға бағытталған еді. Уақытша үкімет”бұратана жұмысшы жасақтарын”Отанына қайтару туралы шешім қабылдады. 1917 жылғы Ақпан революциясы патша өкіметінің геноцид саясатын тежеді,ұлт саясаты саласында өзінің жалпы азаматтық мұраттарды-бостандықты,халықтардың теңдігін қолдайтынын мәлімдеді.Сөйте тұра,ол шет аймақтардың халқына ұлттық-аймақтық өзін-өзі билеу құқығын беруден тартынды,отаршылдық басқару органдарын жоймады.Ол аймақтарда ұлтаралық қатынастарды реттеу жөнінде жалтақ қадамдар ғана жасап,орын алып келген шиеленісті сол арқылы ғана бәсеңдетуді көздеді.
Қазан революциясының Қазақстанға әсері. 1917 жылғы 24-25 қазан Ресейде қазан социалистік революциясы болып, Уақытша үкімет биліктен кетіп, билікке Кеңес үкіметі келді.Бейбітшілік, жер, бостандық, ұлттың өзін-өзі билеуі сияқты жалпы адамзаттық мұраттарды көтеруі, большевиктердің билікке жетуіне мүмкіндік берді. Жер мен бітім туралы тарихи декреттердің қабылдануы, млн-даған адамдардың арманы мен тілегіне сай
келген Кеңес өкіметінің ұлт саясаты туралы бағдарламасының жариялануы революцияның бүкіл ел келемінде тез арада жеңіске жетуіне ықпал етті. Большевиктердің "Ресей мен Шығыстың барлық еңбекші мұсылмандарына" деген үндеуде былай деп көрсетілді: "Ендігі жерде Сіздердің діни сенімдеріңіз, Сіздердің әдет-ғұрыптарыңыз, ұлттық және мәдени мекемелеріңіз ерікті және оларға қол сұғылмайтын болады. Өздеріңіздің өмірлеріңізді өз еріктеріңізбен, ешбір бөгетсіз құра беріңіздер. Бұлай етуге Сіздердің толық құқықтарыңыз бар".
Большевиктердің алғашқы шаралары. Қазақстанда Кеңес өкіметінің жеңуіне байланысты бұрынғы буржуазиялық- помещиктік мемлекеттік аппаратты қирату және жаңа өкімет органдарын құру басталды . Уақытша үкіметтің жергілікті органдары, қоныстандыру басқармалары, облыстық земство басқармалары, болыстық және ауылдық старшындар институты, билер соты таратылды. Жер-жерде контрреволюциялық газеттер шығаруға тыйым салынды. Ауылдық, қыстақтық шаруа кеңестері, Халық шаруашылығы кеңестері, аудандық жер-су комитеттері құрылды. Жазға салым барлық қазақ болыстарында шаруа кеңестері жұмыс істеді.Кеңестердің атқару комитеттері жанынан денсаулық сақтау, әділет, қаржы, ағарту, жер және өнеркәсіп бөлімдері ұйымдастырылды. Кеңес өкіметі Қазақстанда ірі өнеркәсіпті, банктерді және тасымал ісін тез арада мемлекет қарамағына алды. 1918 жылдың көктемінде Екібастұз, Қарағанды, Риддер кеніштерін, Ембі кәсіпшіліктерін, Спасск мыс балқыту зауытын, теміржолдарды, ертіс пен Арал кемешілігін, балық, тұз кәсіпшіліктерін, банктер мен қазынашыларды, Зингер компаниясының кәсіпорындарын, былғары зауыттарын, диірмендерді, баспаханаларды мемлекет қарамағына алу туралы декреттер шығарылды. Кәсіпорындарда 8 сағаттық, шахталар мен кеніштерде 6 сағаттық жұмыс күні енгізілді. 1918жылғы наурыз, сәуірде Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық І съезі болды. Съезд Қызыл Армия бөлімдерін құру және жергілікті өкімет органдары туралы шешім қабылданды. Жер және азық мәселелері қаралды. Қазақ депутаттары Кеңестерінің Ақмола уездік съезі 1918жылғы наурызда (С.Сейфуллин, А.Асылбеков және басқалар) Алашорда автономиясын теріске шығарған қарар қабылдады. Торғай облыстық Кеңестер съезінің қаулысымен Алашорданың орынборда шығарылып тұрған орталық органы – «Қазақ» газеті жабылды.Большевитердің партиясы мен Кеңес үкіметі Қазақ АКСР-ін құруға әзірлікке кірісті. Бұл үшін Ұлт істері жөніндегі халық комиссариаты жанынан Қазақ бөлімі құрылып, Құрылтай съезін шақыруға дайындала бастаған болатын. Алайда Қазақ АКСР-ін құру жөніндегі жұмыстар интервенция және азамат соғысының басталуына байланысты тоқтап қалды. 3.Дамыған орта ғасырлардағы (Х-ХІІІғ. басы) Қазақстан аумағындағы мемлекеттер және олардың орналасқан аймақтарын картадан тауып белгілеңіз.
Найман тайпалар одағы VIII ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыз деген атаумен пайда болған. Сегіз-оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерлерді алып жатқан. Кейінірек наймандар да сол араны жайлаған. Наймандардың батыс жағында Ертіс бойын мекендеген қаңлылар мен қыпшақтар, солтүстігінде Енисей қырғыздары, шығысында Шығыс Моңғолияда көшіп-қонып жүрген керейлер, ал оңтүстік жағында Орталық Азияның басқа да көптеген тайпалары мекендеген. Осы тайпалармен және ұйғырлармен көрші ретінде қарым-қатынас жасап тұрған.
Керей тайпаларының екі ордасы болған, солтүстік ордасы Орхон өзені бойындағы Қатынбалық қаласында, ал оңтүстік ордасы Хуанхе өзені бұрылысының теріскейінде тұрған.
VIII ғ. аяғынан – ХІ ғ. басына дейін. Бұл кезде қыпшақтар Алтай және Ертістен Орал таулары және Еділ бойына дейін қоныс тепті. Қыпшақ тайпалық одағының құрамына Мұғалжар жеріндегі кумандар және қимақ тайпалары кіреді.
ХІ-ХII ғғ. Қазақстан аумағында тұрған қыпшақтар екі қанатқа бөлінді.
Бірінші қанаты - оң қанат Торғай даласын, Жем, Жайық, Еділ өзендерінің бойын, сондай-ақ Маңғыстау түбегін мекендеді, оны елбөрі руынан шыққан хандар басқарды. Ал, ордасы - Сарайшық қаласы болды. Торғай өңірінде жоғарғы ханның ордасы болса керек.
Екінші қанат - сол қанат Орталық және Шығыс Қазақстанды, Сырдариядан Ертіс пен Есілге дейінгі аралықтағы жерлерді қамтиды. Орталығы Сығанақ қаласы болды, оның ханы ұран тайпасынан шыққан. Оң қанат екіншісінен күштірек болған. Әскери ұйымдар мен әскери әкімшілік басқару жүйесіне айрықша маңыз берілген, өйткені ол көшпелі өмірге мейлінше сай, мейлінше қолайлы болған.
8 – Билет
1.Қола дәуірінің ерекшелігі
Қола дәуірі адамзат тарихында ерекше орын алды. Өндіріске металл құралдарының енуі еңбек өнімділігін арттырды. Шаруашылықтың жаңа түрлеріінң пайда болуына себеп болды. Еділ бойы, Орал өңірі, Қазақстан және алтай аймағын мекендеген тайпаларында өндірістік қатынастар дамып, мал шаруашылығы жедел дами бастады. 2.«Алаш» және «Түркістан» автономияларының саяси бағыттарының айырмашылықтарын анықтаңыз. Екі автономияның құрылу себептері, мәні қандай?
Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды.Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті.
Құрылу себептері мен мәні: Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- Уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді.Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казақ әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы
өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті.Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынборда қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды.Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүліншіліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды.Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты.Қазақ зиялыларының тағы бір өзін-өзі билеу жолындағы қадамы –Түркістан автономиясы болды. 1917 жылы 22-қарашада өз жұмысын аяқтаған Ташкентте Түркістан өлкелік кеңестер съезі Түркістанда кеңестік билік орнағанын ресми түрде жария ете отырып, оның құрамына жергілікті ұлттың бірде-бір өкілін енгізбеді. Бұл, кеңес өкіметінің Түркістан халқының өзін-өзі билеу құқын мойындамау деген сөз еді. Саяси жағдайдың мұндай бағыт алуына байланысты М.Шоқай бастаған Түркістан өлкелік мұсылмандар кеңесі нақты әрекетке көшіп, 1917 жылы 26-қарашада ІV Төтенше мұсылмандар съезі жұмысын бастап, 28-қараша –Түркістан автономиясын жариялады. Түркістан Уақытша кеңесі құрылды, құрамына 54 адам енді, Уақытша кеңес 12 мүшеден тұратын Уақытша үкімет құрды. Бұл өкіметтер жергілікті халықтың мүддесін көздейтін, жаңа кеңестік билікке балама есебінде дүниеге келген саяси құрылымдар еді.
Саяси бағыттарының айырмашылықтары: Алаш автономиясы – өзінің сипаты жағынан Ресей құрамындағы аумақтық-ұлттық автономия. Алаш автономиясының төрағасы Ә.Бөкейханов қазақ халқының өз алдына бөлініп, жеке ұлттық мемлекет ретінде дамуын қалаған.Түркістан автономиясы болса – өзінің сипаты бойынша Ресей құрамындағы аумақтық-федерациялық автономия. Түркістан автономиясының ұйымдастырушысы және басты идеологы Мұстафа Шоқай бүкіл Түркістанды бір автономиялық республикаға біріктіріп, оны демократиялық Ресейдің құрамына енгізу идеясын қозғады. Яғни, ол- тұтас Түркістан идеясын ұсынды. Орта Азиядағы қазақ, қырғыз, өзбек, т.б. халықтардың бір мемлекеттің туы астында жиналғанын қалады. Алаш қозғалысы мен Түркішілдік қозғалыс Қазақстан мен Түркістан өлкесінде ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Бұл қозғалыстардың алдына қойған мақсаты- қазақ халқын және Орта Азиядағы тілі, діні бір халықтарды отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды.
3. Кестені толтырыңыз.
ХІХ ғ. атақты күйшілер
Шығармалары
Туған жері
Құрманғазы Сағырбайұлы
(1806-1879)
«Адай», «Балбырауын», «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Түрмеден қашқан», «Ертең кетем», «Кісен ашқан», «Қайран шешем»
Бөкей Ордасының Жиделі деген жерінде
Дәулеткерей Шығайұлы (1820-1887)
«Жігер», «Бұлбұл», «Қоңыр», «Тартыс», «Желдірме»
Бөкей хандығының аумағындағы Қарамола деген жерде
Тәттімбет Қазанғапұлы (1815-1862)
«Саржайлау», «Былқылдақ», «Сылқылдақ», «Сарыөзен», «Бес төре», «Қосбасар»
Қарқаралы өлкесінде
Ықылас Дүкенұлы
(1843-1916)
«Жарыс патша», «Бес төре», «Жезкиік», «Кертолғау», «Аққу», «Жалғызаяқ», «Қорқыт сарыны», «Ерден», «Қазан»
Қарағанды облысының аумағында
Қазанғап Тілепбергенұлы (1854-1921)
«Ноғайлы басқыны», «Окоп», «Жұртта қалған»
Арал теңізі маңында
9 - Билет
1.Энеолит заманының өндірістегі және қоғамдық өмірдегі жетістіктері
Адамзат баласының металдан жасалган құралдарды игере бастауы б.з.б.3000 жылдары басталады. Мыс-тас дәуірінде мыстан жасалған құралдар өндіріске енгізілді.
Еңбек құралдарының жетілдірілуі. Мыс жеңіл әрі қалаған пішінге келтіруге ыңғайлы болды. Адамдар мыстан қанжар, балта, әйелдердің сәнді бұйымдарын және т.б. заттар жасады. Ол үшін саз балшықтан немесе жұмсақ тастан қажетті қалып жасап, оған балқыған мысты құйды. Ертедегі зергерлер әйелдердің әсем заттарын мыстан құйып әзірледі. Одан жасалған әшекейлер сәндігімен ерекшеленді. Сонымен қатар мыстан ыдыстар жасады. Мыстан жасалған ыдыстардың бүйірі шығыңқы, мойны ашық келіп, сыртына тұтастай өрнектер салынған және ирек сызықтармен әшекейленген. Шеберлер еңбек құралдарын мыстан дайындай бастады. Алайда мыс жұмсақ болғандықтан, одан жасалған еңбек құралы тез тозды және ауыр жұмыстарға (жер қазу) жарамады. Дегенмен, оның еңбек өнімділігін арттырудағы маңызы зор еді.
Қоғамдық еңбек бөлінісі. Мыс-тас дәуірі қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру орнай бастады. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бастапқы кезде бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін. Еңбек құралдарының жетілуі барысында мыс-тас дәуірінде еңбек бөлінісі толық орнықты. Енді, бірте-бірте тек қана мал немесе егіншілікпен айналысатын тайпалар қауымы қалыптасты. Бұл бөлініс шаруашылықтың дамуына ерекше әсер етті. Адамзат даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Тесені мыстан, ағаштан жасалған соқаның алмастыруы егіншіліктің маңызын күшейтіп, еңбек өнімділігі арта түсті. Қоғамдық еңбек бөлінісі, металл өндірісі және мал шаруашылығы маңызының арта түсуі ер адамдардың қоғамдағы рөлін жоғарылатты. Өндірісте әйел рөлінің төмендеуі отбасында еркектердің билік жүргізуіне алып келді. Рулық қауымның негізін көбінесе патриахалдық отбасылар құрайтын болды, онда ер адамдардың үстемдігі қалыптасты. 2.«Әскери коммунизм» саясаты мен Голощекиннің «Кіші Қазан» саясатын салыстырыңыз.
«Әскери коммунизм» саясатының көрінісі-азық-түлік салғырты болды.Азық-түлік салғырты, дүние-мүлікті тәркілеу, кулактармен күрес салдары, осы кездегі табиғи апаттар, тиімсіз экономикалық саясат, әкімшілдіктің өрістеуі ауыл шаруашылығын аса ауыр жағдайға әкеп соқтырды. «Әскери коммунизм» саясатының ауыр салдары- Қазақстандағы 1920 жылғы жаппай аштық болды.1921-23 жылғы табаби,ат әсерінен болған аштық болды.
Қазақстандағы оппозицияны іс жүзінде ығыстырған Голощекин «Кіші Қазан» идеясын өмірге енгізе бастады.Қазақ халқы жағдаының өте ауырлай түскені, адамдардың аштық пен жұқпалы аурулардан қырыла бастады. 1933 жылғы қолдан жасалған аштық басталды.
3. Түрік қағанатының орналасқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
Түрік қағанаты Алтайдан Каспий теңізіне дейін
10 – Билет
1.Ұлы Жібек жолының Қазақстан тарихындағы алатын орны мен рөлі
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим қаласымен аяқталады.
Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік-шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар- Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
1. Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.
2. Екінші бағыт: Испиджаб–Шымкент –Отырар – Түркістан – Сауран – Сығанақ –Баршынкент. Баршынкенттен жол екіге бөлінеді, біріншісі –Хорезмге бағытталды, екіншісі – Жанкент –Арал теңізінің солтүстігі- Каспий теңізінің солтүстік-шығысы арқылы батысқа бет алды.
Отырар – керуен жолдары торабында орналасқан қала. Отырардан шыққан бір жол – Шауғарға, екіншісі – Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан жол –Сырдың бойымен жоғары өрлеп –Сүткент арқылы Шашқа, екнішісі төмен қарай – Жент қаласына жеткен.
Ұлы Жібек жолының ортағасырлық қалалардың дамуына әсері:
Қазақстан аумағындағы қала мәдениеті дамуының екінші кезеңі (ІХ-ХІІІ.ғ.)қала өмірінің ең қарқынды өркендеуімен сипатталады. Бұл ретте жаңа дін –ислам мен Ұлы Жібек жолының бойымен жүрген сауда-саттық басты рөл атқарды. Ұлы жібек жолының бойындағы
қалалар қазақ халқының құрамына кірген түрік тілдес ру-тайпалардың отырықшы ел болуына, тұрақты мекен-жай салып, қоныстануына зор пайдасын тигізді.
2.Қазақстандағы социалистік индустрияландыру саясатының мазмұны, нәтижелері мен салдарын ашып көрсетіңіз.
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады. 1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның XIV съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру» деген анықтама берді. Әңгіме ауыр және жеңіл өнеркәсіптің тиімді арақатынасы, қала мен деревняда қол жұмысын ығыстыру туралы болды. Капиталистік қоршаудың болуы және социализмді жеке алынған бір мемлекетте ғана кұру бағдары тәрізді дәлелдер шешуші маңызға иеленді. Мұндай жағдайларда партия ішіндегі демократияның шеңбері тарылып, «әскери коммунизм» кезіңдегі әдеттер мен бұйрықтық тәсілдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкімшілік тетіктеріне артықшылық берілді. Тарихтағы ең алғашкы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономика, тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмірге енді. ЖЭС қағидалары өнеркәсіп саласында жеткілікті деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының артта қалуымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Елеулі әлеуметтік-экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдық жерде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлі де өз күшін жоймады. 1926 жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан калпына келтіру ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу дамыды. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсіптік кұрылыс жүргізуге болатын пайдалы қазбалардың кең орындары далалы аймақта, шөл аудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді: жаңа темір және автожолдар, жұмысшы кенттерін, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнар кездерін іздеу т. б. жұмыс ауқымын атқаруды талап етті. Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді.
3.Сурет бойынша оқиғаны баяндаңыз және қай кезең екенін анықтаңыз?
Бұл суреттен біз қола дәуірі екенін аңғарамыз. Үй айналасында мал жайылып жүр, демек жануарлар қолға үйретілген. Үйлері сабаннан тұрғызылған. Ағаш астау бірден көзге түседі. Және адамдардан тамақ пісіріп жатқан әйелді,балалы әйелді және бақташыны көре аламыз. Табиғат күз мезгілі екенін байқауға болады.
11 - Билет
1.Қола дәуіріндегі Андрон мәдениеті
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ. яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы –Нұра кезеңі; ә)кейінгісі –Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті алғашқы ескерткіші Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының маңындағы Андроново селосынан табылған, сондықтан осы селоның атымен аталады.
Андронов мәдениетіндегі жерлеу орындары: а) Нұра кезеңінің жерлеу орындары кішігірім қазандай жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Қоршау пішімі әртүрлі-дөңгелек, тік төртбұрышты, шаршы түрінде кездеседі. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты, тас сандықты –циста деп атайды.
ә)Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төрт бұрышты қоршаулар болып келеді. Қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған, тас сандықтар-циста жоқ. Кейде жер қабір, кейде ағаш рама түрінде де кездеседі. Бұл кезеңде қос қабір(бір қоршау ішіне) немесе көп адамды бір зиратқа жерлеу кездеседі.
Андронов мәдениетіндегі адамды жерлеу ғұрпы: а) Нұра кезеңінде көбінесе адамның сүйегін жартылай өртеп қойған, кейбір зираттарда адамды өртемей қою ғұрпы да кездеседі.ә) Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеу ғұрпы сирек кездеседі.
Ыдыс жасау ерекшеліктері: Андронов мәдениетінің Нұра кезеңі қыш ыдыстарының иіні дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас, Атасу кезеңі ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген. 2.Қазақ хандығының құрылуына байланысты жазылған ортағасырлық деректерді талдаңыз
Қазақ хандығы туралы бізге жеткен нақты жазба деректердің бірі Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегі. Жалпы бұл еңбек Моғолстан хандығы тарихына арналған. Алайда сол кездегі саяси жағдайға байланысты Қазақ хандығы туралы да көп мәлімет келтірілген. Абулғазы, Қадырғали Жалайыри өз еңбектерінде Қазақ хандығы, оның билеушілері туралы мәліметтер қалдырды. Сонымен қатар Қазақ хандығы кезеңіне байланысты шығыс деректерінің маңызы зор. Қазақ хандығы — шаруашылықтың дамуы, өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде ерте заманнан бері Орта Азияның ұлан-байтақ өңірін мекендеген көшпенді тайпалардың бірыңғай этникалық топ — қазақ халқының негізінде бірігуі арқылы XY-ғасырдың орта шенінде құрылды. Қазақ хандығының құрылуына 1457-жылдан кейін Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілхайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап шығыс Дешті-Қыпшақтан батыс Жетісу жеріндегі Шу мен Талас өңіріне қоныс аударуы мұрындық болды. Ол кезде Жетісуді билеген Моғолстан ханы Есенбұға (1434—1462-жылдары билік еткен) қоныс аударған қазақтарды Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін қарсы алып, қоныс берді. Осы оқиға жөнінде тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати «Тарих-и-Рашиди» атты еңбегінде былай дейді: «Ол кезде Дешті Қыпшақты Әбілхайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарға күн көрсетпеді. Нәтижесінде Жәнібек хан мен Керей Моғолстанға көшіп барды. Есенбұға хан оларды құшақ жая қарсы алып, Моғолстанның батыс шегіндегі Шу мен Қозыбас аймақтарын берді. Олар барып орналасқан соң, Әбілхайыр хан дүние салды да, өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды. Ірі-ірі шиеленістер басталды. Оның үлкен бөлігі Керей хан, Жәнібек ханға көшіп кетті. Сөйтіп, олардың маңына жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Оларды өзбектер - «қазақтар» деп атады. Қазақ сұлтандары 870 жылдары (1465—1466) билей бастады...». Алғашында Қазақ хандығының территориясы батыс Жетісу жері, Шу өзені мен Талас өзенінің алабы еді. Ежелден осы алапты мекендеген тайпалар Дешті- Қыпшақтан қоныс аударған қазақ тайпаларымен етене араласып кетті. Әбілхайыр хандығындағы аласапыран соғыс салдарынан күйзелген қазақ тайпалары бұл араға келіп ес жинап, етек жауып, экономикалық тұрмысы түзеле бастады. Мұны көрген Дешті-Қыпшақ қөшпенділері Әбілхайыр хан қол астынан шығып, бөгеуін бұзған судай ағылып, Қазақ хандығына қеліп жатты. Алайда жаңадан құрылған Қазақ хандығының экономикалық негізі әлсіз еді және бірсыпыра қазақ тайпалары Әбілхайыр хандығының, Моғолстанның, Ноғай Ордасының және Батыс Сібір хандығының қол астында төрт хандыққа бөлшектеніп отырған болатын. Ал Әбілхайыр хан болса өзіне қарсы шығып, Жетісуға қоныс аударған қазақтардың өз алдына хандық құрып отырғандығына және оған көптеген тайпалардың ағылып барып жатқанына азуын басып, қылышын қайрап отырды. Жаңа кұрылған Қазақ хандығы құрамына, яғни батыс Жетісу өңіріне он шақты жыл айналасында екі жүз мыңдай саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Сонымен қатар көшпелі елдің отырықшы-егіншілігі көркейген аудандармен, әсіресе қолөнері мен саудасы дамыған экономикалық орталық - Сырдария жағалауыңдағы қалалармен сауда-саттық қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасау маңызды мәселеге айналды. Бұл қарым-қатынастьң оңалуына тек көшпелі ел ғана емес отырықшы аймақтардағы халықтар да мүдделі болды. Осы жоғарыдағы жағдайлардың талабына сай, Қазақ хандығының алдында үлкен тарихи міндеттер тұрды. 1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті-Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру (бұл тәртіп Әбілхайыр хандығындағы аласапыран кезінде бұзылған еді). 2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолы үстіне орнаған Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т. б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі
Сырдария бойындағы бай қалалар бұдан бұрынғы мемлекеттік бірлестіктердің — Ақ Орданың, Әбілхайыр хандығының саяси-әкімшілік және сауда-экономикалық орталықтары еді. Сырдария бойындағы қалаларды өзінің экономикалық және әскери тірегіне айналдыру Дешті-Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген. Сондықтан бұл қалалардың саяси-экономикалық және соғыс-стратегиялық маңызы зор еді. 3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру. Сырдария бойындағы қалалар мен Дешті-Қыпшақ даласы үшін күресте Қазақ хандығының басты бәсекелесі және ата жауы Әбілхайыр хан болды. Қазақ хандығы Әбілхайырға қарсы күресу үшін ең алдымен Моғолстан мемлекетімен тату көршілік, одақтық байланыс орнатты. Бұл одақ жоңғар тайшысы Амасанжының Моғолстанға және Әбілхайыр ханның Қазақ хандығына қарсы шабуылдарынан біріге отырып қорғануға мүмкіндік берді. 1468-жылы қыста Әбілхайыр хан Қазақ хандығын қиратпақ болып, Жетісуға жорыққа аттанды, бірақ сапары сәтсіз болып, осы жорық кезінде қаза тапты. Әбілхайыр хан өлгеннен соң өзбек ұлысының шаңырағы шайқалды, ішкі шиеленістер күшейді. Әбілхайырдың қаза болуы Қазақ хандығының нығаюына және оның көлемінің кеңеюіне үлкен жағдай тудырды. Өзбек ұлысының үлкен бөлігі Керей мен Жәнібек ханға көшіп кетті. Қазақ хандары Әбілхайыр ханның мұрагерлеріне қарсы күресте олардың ішкі-сыртқы қайшылықтарын толық пайдаланды. Әбілхайыр ханмен билікке таласып келген Жошы ұрпақтары - Ахмет хан мен Махмұд хан, батыс Сібірдің билеушісі Ибақ хан және Ноғай мырзалармен одақтаса отырып күрес жүргізді. Әбілхайыр ханның мұрагері Шайх Хайдар осы күресте қаза тапты. Әбілхайыр ханның мұрагерлерімен күресте Қазақ хандары Әбілхайыр хан 40 жыл билеген Шығыс Дешті - Қыпшақ даласын және ондағы көшпелі тайпаларды бірте-бірте өзіне қосып алды. XY-ғасырдың 70-жылдарында қазақтар Сырдария бойымен оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған тұс-тұсынан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты. Алайда Сырдария жағасындағы қалалар үшін Әбілхайырдың немересі Мұхаммед Шайбани ханмен күрес отыз жылдан астам уақытқа созылды. Сонымен қатар бұл қалаларды Түркістан аймағын билеген Әмір Темір әулетінен шыққан Әмір Мұхаммед Мәзит Тархан мен Моғолстан ханы Жүніс хан да қолдарына түсіруге дәмелі болды. Сыр бойы калалары үшін Қазақ хандары өте қажырлы қайрат жұмсады. Әбілхайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани Түркістан аймағына келіп, Мұхаммед Мәзит Тарханды паналады. Мұхаммед Мәзит Тархан Мұхаммед Шайбаниды қолдап, Қазақ хандығына қарсы аттандырмақ болды. Бірақ Мұхаммед Шайбани оның бұл үмітін ақтамады, керісінше оның қолынан Түркістан аймағын тартып алды. 1470 жылы қыста Қазақ ханы Керей қол бастап Түркістанға шабуыл жасады. Қазақ ханы Әз Жәнібектің үлкен баласы Махмұд сұлтан Созақ қаласын бағындырды, екінші баласы Еренжі Сауранды иемденді. Сауран түбінде қазақтардан соққы жеген Мұхаммед Шайбани Бұхараға қашты. Сөйтіп, Сырдария жағасындағы — Созақ және Сауран қалалары Қазақ хандығының құрамына кірді. 3. Кестені толтырыңыз:
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Қазақстан
Ішкі саясат
Сыртқы саясат
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Республиканың саяси басшылығы өз азаматтарының құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге айрықша назар аударды. Кеше ғана 30—тамызда қабылданғанына 16 жыл болған еліміздің Конституциясында адамды тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсіліне, діни көзқарасына байланысты ешқандай кемсітуге болмайтындағы анық айтылған.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы Қазақстанның сыртқы саясатындағы жүргізілген жоспарлы да мақсатты қызметінің нәтижесінде еліміз бүкіл әлемге бейбітшілікті қолдаушы, оны іс жүзінде дәлелдеуші мемлекет ретінде айқындалды. Қазақ Елі егемендіктің алғашқы бірнеше жылдарында дүниежүзінің барлық құрлықтарындағы беделді мемлекеттерімен көпсалалы
Елімізде Президент қызметінің енгізіліуі қоғамдық—саяси өмірде терең саяси реформалар жүргізуге мүмкіндік берді. Қазақстанда бір партиялық жүйенің орнына көппартиялық жүйе қалыптаса бастады. 1996 жылдың 30—қаңтарынан бастап екі палаталы парламент жұмыс жасап келеді. Бұқаралық ақпарат құралдарына еркіндік берілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Қазақстан Республикасының азаматтары экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. 1993 жылы 15—қарашада Ұлттық валюта—теңге айналымға шықты. Осы күнде теңгеміз тұрақты, сенімді қаржы бірлігі болды. Жаңа Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықтың жаңа тиімді тұрмысын қалыптастыру жолындағы күрделі экономикалық реформаларды өте сәтті жүзеге асыра алды. Мұндай орасан зор өзгеріс оңайшылықпен келген жоқ еді. Жетпіс жылдан астам қалыптасқан сананы, дүниетанымды өзгерту міндеті де оңайға соқпады. Меншікке қатысты көзқарастың өзгеруіне өмірдің өзі түрткі болғандықтан, жаппай жекешелендіру экономикалық қайта құру жолындағы алғашқы батыл қадам болды. Сыртқы сауданы одан әрі ырықтандыруға және елді дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне енгізуге бағытталған сыртқы экономикалық қызмет реформасы табысты жүргізілді. Банк жүйесі батыл түрде реформаланды, халықтың банкке деген сенімі арты және жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары тұрақты түрде өсті.
байланыс орнатты. Солардың ішінде АҚШ, Қытаймен арадағы қатынас іскерлік, өзара түсіністік, теңдік талаптары негізінде қалыптастырылды. Осылармен бірге Қазақстан Республикасы әлемдегі беделді экономикалық жиындарға, кездесулерге қатыса отыра, өзінің құнды ұсыныстарын жария етумен айғақтанды. Әлем Қазақстанды экономикасы нарық қатынастарына нық қадам жасаған, саяси-әлеуметтік дамуы тұрақты ел ретінде бағалай бастады. Қазақ Елі басшысының сындарлы сыртқы саясаты оны әлемге өзіндік дүнижүзі халықтары мүддесі жолындағы маңызды бастамалар мен ұсыныстар жасаушы және оны іске асырушы дәйекті мемлекет қайраткері ретінде таныды.
12 - Билет 1.Беғазы-Дәндібай мәдениеті және оның ерекшеліктері
Қола дәуірінде Қазақстан жерінде бірінен соң бірі жалғасып келетін екі мәдениет болған. Оның көнесі –Андронов мәдениеті (б.з.б.ХVІІІ-ХІІғғ.). Ал б.з.б. ХІІ-VІІІғғ.,яғни соңғы қола дәуірінде Беғазы-Дәндібай мәдениеті қалыптасты. Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы – Орталық Қазақстан. Ә.Х.Марғұланның кезеңдеуі бойынша Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті: Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің жерлеу орындары: үйлердің, жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау, тас қалау өнерінің жетілгендігімен ерекшеленеді.
Қабырғаларына екі қатар болып қаланған тастар бір-бірімен иленген балшық арқылы байланыстырылып, ішкі, сыртқы жақтарына тастың тегіс бетін қаратып қалаған.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің адамды жерлеу ғұрпы: үлкен патриархалды отбасыларға арналған, көп адам жерленген зираттардың орнына бір-ақ адам жерленген үлкен жерлеу құрылыстары кездеседі. Бұл - осы кезеңдегі ру, тайпа көсемдерінің, беделді бай адамдардың зираты.
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ыдыс жасау ерекшеліктері:ернеуі тік, бүйірі шар тәріздес болып томпайып келген, түбі тегіс. Құмыра өрнектері –тарақ жүзді, үзік сызықты үш бұрышты, ұштаған таяқшамен салынған және батырып салынған таға сияқты, моншақ, түйін өрнектер кездеседі. 2.Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
Бүкіл Одақтағы сияқты, Қазақстанның ауыл шаруашылығы да халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажетін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы айқын сезіле бастады. 1946-1950 жылдары егістік жердің әр гектарынан алынған өнім орта есеппен 5-6 ц ғана болды. Дағдарыстан шығу үшін өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту, атап айтқанда, нарық қатынастарына көшу керек болатын. Бірақ, ол кезде мұндай әңгіме қозғау мүмкін емес еді. Билік басындағылар мәселені экстенсивті жолмен — кең ауқымда тың жерлерді игеру әдісімен шешуге кірісті.
Тың игеруге жаппай кірісу.1953 жылдың соныңда тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты.Жарамды жерлері мол Орал мен Сібір мен қатар Қазақстан да аталып жүрді."Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді" деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан Ж.Шаяхметов түсіріліп, оның орнына П.К.Пономаренко сайланды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды.Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн г-ға арттыру,ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық,соның ішінде 800-900 млн тауарлы астық алу көзделді.
Тың игерудің нәтижелері.Тың игеру республиканың солтүстік өңіріндегі 6 облысында - Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,Торғай облыстарында жүргізілді.1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалды. КСРО-да жоспарланған 13 млн га орнына, 19 млн га жер жыртылды, оның ішінде Қазақстанда 8,5 млн га тың жер жыртылды. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн га орнына 9,4 млн га жер жыртылды. Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке 1956 жылы ғана жетті. Бұл жылы республика 16 млн т астық жинады. Мұны коммунистік даңғазалықпен 1 млрд пұт деп ауыз толтыра айтып жүрді. 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн га дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1956-1958 жылдары республикада тағы да 4,8 млн га тың жер игеріліп, eгic аумағы 28,6 млн га-ға дейін есті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн га еді. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшеп өндіру де ұлғайтылды. Қазақстанда 1954-1960 жылдары 25,5 млн га тың және тыңайған жерлер игерілді.
Тың игерудің алғашқы табыстары. Тың игеру кезінде еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. Тың көтеру экономиканың өзге салаларының дамуына да оңды ықпал етті. 1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды. Тұрғын үй құрылысы кең көлемде жүргізілді. Ондаған мың шақырым жол төселді. Қазақстанға өзге республикалардан адамдармен қоса қыруар техника келді. Егіншілік мәдениеті, қала салу, экономиканы өркендету тәжірибесі кеңейді.
Тың игерудің салдары.Астық өндіру бұрынғыдай экстенсивті әдістермен жүргізіле берді. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан мол аумақтар жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қарашірік қабаты (гумус) желге ұшты.Млн-даған гектар жерді жырту, елді мекендер салу, мал жайылымдарын және жемшөп дайындайтын алқаптардың ауқымын тарылтты. Инфрақұрылымдар жүйесіне мыңдаған гектар жарамды жер бөлінді. Осылайша, дәстүрлі мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Бұл жағдай, тиісінше ет, сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Біраз жылдан кейін-ақ астык өндіру қарқыны төмендеп, тыңның берері азая бастады. Алтыншы бесжылдық (1956-1960 жж.) жоспардың орындалмауын көрер көзге жасыру үшін жарияланған жетіжылдық (1959-1965 жж.) жоспардың өзі орындалмады. Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70%-ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15%-ға ғана артты.Ауыл шаруашылығының өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қарқыны мен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету ісі айтарлықтай артта қалды. Бұл жағдай тың игерген облыстардың бәріне тән еді. Тың игерудің алғашқы 2 жылында республикаға барлыға 640 мың адам келді.Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылығының механизаторлары еді.
Демографияға тигізген кері әсері. Тың игеру желеуімен 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам қоныс аударды. Олардың басым көпшілігі славян тектілер еді. Бұлардың бәрі тек ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылған жоқ, көпшілігі өнеркәсіп, құрылыс, тасымал мен байланыс салаларына орналастырылды.Жұмысшы кадрлардың жетіспеуін сылтау ете отырып, әкімшіл-әміршілік басқару жүйесі шеттен келгендерді Қазақстанның қалаларына тежеусіз орналастыра бастады. Нәтижесінде қала халқының үлесі 1939 жылы 28% болса, 1959 жылы 44%-ға дейін артты. Республикадағы демографиялық ахуал мүлдем өзгеріп кетті. 1939 жылмен салыстырғанда, республика тұрғындарының саны сырттан келгендер есебінен 3 млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9 млн 295 мың адамға жетті. Аталған мерзім ішінде Одақ халқы 9,5%-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8% болды. 1959 жылғы халық санағы бойынша, республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінін саны 2 млн 787 мың, яғни Қазақстанды мекендеген барлық тұрғындардың не бары 29%-ын ғана құрап, оз жерінде ұлттық азшылық жағдайына түсті. Қазақтардың қалаға қоныс аудару үрдісі де жасанды түрде баяулатылды.Демографиялық ахуалдың орыс тілді тұрғындардың пайдасына қарай өзгеруі қазак тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға түсірді. Қазақша тілдік орта тарылды. Қазақша аудандык, облыстық газеттер жабыла бастады, газеттердің, кітаптардың таралымы азайды. Ақпараттьщ өзге түрлерінде де жағдай осыған ұқсас болды. Қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Қоғамдық орындарда, экономикалық айналыста, іс жүргізуде орыс тілінің үстемдігі арта берді.
Мал шаруашылығының жайы. 1950 жылдары мал шаруашылығының жағдайы ауыр болды. Оның басты себебі, әкімшіл-әміршілік баскару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттерінен болатын. Мал шаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы өте төмен деңгейде қала берді. Соғыс жылдарындағы қиындық, тың игеруге байланысты жайылым мен шабындықтың тарылуы бұл саланың дамуына тежеу болды.
3.Алтын Орда мемлекетінің территориясын карта бойынша белгілеңіз.
қазіргі Ресей, Украина, Молдова, Қазақстан және Кавказдың жерінде орналасқан
13 - Билет 1.Қарлұқ қағанаты ( территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде Қ. қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді.
Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған. Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған.
Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды. 2.М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
Міржақып Дулатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы – 1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы), Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ педагогикалық училищесін бітірген (1902 жылы). 1902-1911 жылдары Торғайда, Қызылжарда мұғалім, 1911-1918 жылдары «Айқап» журналында , « Қазақ » газетінде қызметкер, 1917-1918 жылдары «Алаш» партиясын, Алаш автономиясын, Алашорда үкіметін құрушылардың бірі болып, Қазақ мемлекетін құру ісіне белсене атсалысты. 1920-1928 жылдары « Ақжол » газетінде ( Ташкент қаласында ) редактор, Семейде сот қызметкері, Орынбор қазақ ағарту институтында оқытушы, Қазақ мемлекет баспасында саяси редактор, «Еңбекші қазақ» газетінде жауапты хатшының көмекшісі. 1928 жылы желтоқсанда репрессияға ұшырып, 1935 жылы айдауда жүріп қайтыс болды. 1988 жылы 4 қарашада ақталды.
Міржақып әдебиет пен мәдениетте жаңа демократиялық бағыттың кеңінен орын алып, дамуына зор үлес қосты. Бұл идея «Оян, қазақ! » атты өлеңдер жинағында (1909 жылы) қуатты ұран болып естілді. «Бақытсыз Жамал» атты тұңғыш романы (1910 жылы) , «Азамат» (1913 жылы), «Терме» (1915 жылы) тағы басқа жинақтары, «Бүркіттің иесі» поэмасы (1917 жылы), «Балқия» пьесасы (1922 жылы), «Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов» (1914 жылы), «Ахмет Байтұрсынов» (1922 жылы) атты мақалалар, сондай-ақ әдебиет, мәдениет, тарих, этнография мәселелері жөнінде жүздеген мақалалар мен зерттеулер жазған. А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың шығармаларынан кейбір туындыларын қазақ тіліне аударған. Міржақып Дулатов – библографиялық көрсеткіштің ( 1-2 бөлімі, 1926 жылы) , «Есеп құралы» (1921 жылы, кейін 8 рет басылды) мен «Оқу құралы» атты оқулықтардың авторы. 3.Әбілқайыр хандығының (Көшпелі өзбек мемлекеті) жер аумағын картадан белгілеңіз
Әбілқайыр хандығының территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдарияның төменгі жағы мен Арал өңірінен солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ұлан байтақ жерді алып жатты. Астанасы – алғашқыда Тура, 1431 жылдан Орда-Базар, 1446 жылдан Сығанақ.
14 – Билет
1.Сақтардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сақтар (сақалар) — б.з.б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан аумағын мекен еткен ежелгі тайпа. Олар қуатты тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийлер, сарматтардан тұрған. Б. з. б. I мыңжылдықта Солтүстік Үндістанды, Ауғанстанды, Орта Азияны және Қазақстанның оңтүстігін қамтитын кең-байтақ аумақта жинақтап алғанда «сақ» деп аталатын көптеген тайпалар мекендеген. Геродот (б. з. б. V ғ.) және баска антик тарихшылары оларды Азия скифтері деп атаған. Тарихың атасы Геродот сақтар туралы: "Киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас. Олар егін екпейді, үй малдары мен өзеннен аулайтын балықтарды азық етеді. Сүт ішеді." деп жазған Сақтардың көпшілігі көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан. Сақтар екі, төрт, алты доңғалақты арбаларға екі, үш жұп өгіз немесе ат, түйе жегіп, көшіп қонған. Ер азаматтар ат үстінде, ал әйелдер мен балалар және қарт адамдар кйізбен жабылған ат арбада отырған. Сақтар аңшылыққа және соғысқа арнап арбалар да жасаған. Олар екі доңғалақты және доңғалақтары құрылысының әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Соғыс арбаларына көбіне аттар жегілген. Ал жүк арбаларын қос ат немесе түйе сүйрейтін. Сақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болып, жылқы, қой, түйе, сиыр өсірген. Олар бұл малдардың етімен, сүтімен тамақтанып, терісі мен жүнін күнделікті тұрмыста пайдаланған. Табынның негізі жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге бейімделген, төзімді жылқы болған. Сақ ақсүйектері неғұрлым тұрқы биік ат ұстап, оларды соғыс жорықтарына пайдаланған. Киіз басу, арқан есу және жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Сақатср құйрықты және биязы қойларды көп өсірген. Мал шаруашылығымен бірге сақтар егіншілікпен айналысты. Археологтар қазіргі Қызылорда облысындағы Шірік-Рабат қалашығының жанындағы малшылар қоныстарының маңынан сурау каналдарының іздерін тапқан. Сақтар қарабидай, арпа, тары өсірген. Қосымша кәсіп ретінде балық аулай білген.
2.Жәңгір Бөкейұлының қазақ тарихындағы алатын орны мен рөліне баға беріңіз.
Бөкейұлы Жәңгір хан (1801—1845) — Кіші жүздің Әбілқайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей ордасының соңғы ханы, Әбілқайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Оның шын аты Жиһангер. Әкесі Бөкей Еділ мен Жайық арасындағы елін әуелі сұлтандық дәрежеде басқарады да, кейін орыстың қазақ хандықтарын бөлшектеп, әлсірете беру саясатына орай 1812 жылы хан атағын алады. Бірақ ол хандықтың қызығын көп көре алмай, 1815 жылы қайтыс болады. Хан тағы мұрагерлік жолмен Бөкейдің артында қалған үш баласының үлкені сыртта Астрахань губернотары Андреевскийдің үйінде оқып жүруіне байланысты, ол ер жетіп, оң солын жете танығанша билікті Бөкейдің інісі Шығай сұлтан қолға алады.
Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленіп, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйреніп келген жас жігіт 1823 жылдан бастап билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін, патша өкіметінің саясатын бұлжытпай орындап, Батыс Қазақстанда жүзеге асырушы қуыршақ ханның бірі болады. шкі Орданың іргесі бекіп, ішкі әлеуметтік — шаруашылық жағдайы қалыптасып, нығайған тұсы 1823 — 1845 жылдары Жәңгір хан басқарған кезең болатын. Көзі ашық, көкірегі ояу, орыс, татар, араб, парсы тілдерін жетік меңгерген Жәңгір Ресей үкіметінің көптеген наградаларымен марапатталып, алтын тәжбен безендірілген I дәрежелі Әулие Анна орденінің кавалері атанып, генерал — майор шеніне дейін көтерілген тұңғыш қазақ ханы. Жәңгір билік еткен кезде Еділ, Жайық өзендері мен Каспий теңізінің жағалауындағы жерлерді қазақ шаруаларының пайдалануына тиым салынады. Олардың бұл өңірлерге мал жаюға, балық аулауға қақылары болмайды. Бұған салықтың көбеюі мен бөлісінде шаруалар үлесінің кемуі келіп қосылды да, осының бәрі жиылып келіп, Бөкей ордасында Исатай Тайманов пен Махамбет Өтемісұлы бастаған шаруалар көтерілісінің тууына әкеп соғады.
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Жәңгір хан бойында жақсылығы мен жамандығы жарыса өріліп, атқарған ісінен орайына қарай осының екеуі де көрініс беріп тұратын күрделі тұлға. Жақсысын көріп, асқақтатып, аспанға шығармай, жаманын көріп, жатқа санап, жарға итермей, адамгершілікті биік парасаттылықпен тарихи бағасын берер кез енді келді деп білеміз. Қалайда Жәңгір ханның халқымыздың тарихында өзіндік орны бар екені ешқандай дау тудырмаса керек.
Жәңгір хан қайтыс болғаннан кейін Бөкей ордасындағы хан өкіметі жойылып, басқару жүйесі қайта құрылды. 3.Кестені толтырыңыз.1917 жылы құрылған саяси партиялар
«Алаш» партиясы
«Үш жүз» партиясы
Басшылары
Ә.Бөкейханов
Құрамына кірді: А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов
М.Айтпенов
Құрамына кірді: К.Тоғысов, Ы.Қабенов
Саяси қызметі
Ұлттық қозғалыстың жетекшілері ұлт-азаттық қозғалысын конституциялық монархия үшін күрес және либералды реформалар ағысына түсіруге тырысты. Олар патша өкіметін, әсіресе оның аграрлық саясатын сынады.
Қ.Тоғысовтың келуімен партия солға бұрылыс жасады. «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді.
Қазан революциясына көзқарасы
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысында прогресшіл рөл
Алаштың «контрреволюциялық»
атқарды
партиясын сынады.
15 - Билет 1.Шығыс Қазақстандағы сақ дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Берел қорымы – сақ дәуірінен сақталған тарихи ескерткіш.Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданында Бұқтырма өзенінің оң жағалауында Берел ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 – 8 км жерде орналасқан. Қорым солтүстігінде Берел және Бұқтырма өзендерінің қосылған жерімен, оңтүстігінде Қансу өзенімен, ал батысы мен шығысында таулармен шектелген Бұқтырма өзенінің оң жағасындағы алаңда орналасқан. Қорымдағы ең ерте обалар б.з.б. 4-3 ғасырларда үйілген (2400-2300 жылдары бұрын), ал кейінгілері көне түркілер дәуірімен мерзімделеді - б.з. 7-8 ғасырларда (1200-1300 жылдары бұрын). Алғаш 1865 жылы В.В.Радлов, 1959 жылы С.С.Сорокин зерттеді. 1998 жылы Халықаралық қазақ-француз экспедиция (жетекшісі З.Самашев) қорымның жаңа жобасын болжап, бірнеше қорғанды зерттеді. Қорым 3 қорғандар тобынан тұрады. Берел қорымында 1997 жылдан қазіргі кезге дейін 20 ескерткіш зерттелді, солардың ішінде №4, 9, 10, 11 обаларынан тоң басқан қабірлер аршылды.
Шілікті патша қорғандары - Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында, әсіресе, Тарбағатай мен Маңырақ тауларының арасында, Зайсан ауданының жерінде алып патша корғандары кездеседі. Оның ең көп шоғырланған жерін Шілікті ескерткіштері деп атайды. Шілікті қорымында барлығы 51 оба бар, оның бәрі де алып немесе орташа қорғандар. Бұл — жүздеген жылдар бойы кісі жерленген, тайпалар мен ру көсемдерінің үлкен зираты. Обаны қазу жұмыстары оның құрылымын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 2. Ә. Марғұланның ғылыми-шығармашылық еңбектеріне баға беріңіз
Әлкей Хақанұлы Марғұлан (11 мамыр 1904, Павлодар облысы Баянауыл ауданы – 12 қаңтар 1985, Алматы қаласы) – әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Ұлттық археология мектебiнiң негiзiн қалаушы. Марғұлан КСРО ғылым академиясының академигі А.Е.Ферсман мен профессор С.И.Руденконың басшылығымен ұйымдастырылған Қазақстан және Алтай археология және этнография экспедицияларының (1926–27) жұмысына қатысты. Экспедиция кезiнде Ә.Н.Бөкейхановпен тығыз қарым-қатынас орнатып, бiрлесiп қызмет жасады. Әлкей 1928 жылдан қазақ халқына қатысты әдеби, мұрағаттық материалдар жинақтаумен шұғылданды. 1929 ж. Абай шығармалары туралы дипломдық жұмыс қорғап‚ орыс география қоғамы архивiндегi Абай қолжазбалары туралы нақты тарихи деректер негiзiнде ғылыми дәйектi тұжырымдар жасады. Марғұлан Сырдария, Шу, Талас өзендерi бойында және Отырар, Сауран, Сығанақ қалалары орнында қазба жұмыстарын жүргiзiп, соның негiзiнде «Көне қазақ жерiнiң қалалары мен құрылыс өнерiнiң тарихы» аталатын монографиясын (1950) жариялады. Кемел Ақышев, М.Қадырбаев, М.Оразбаевтармен бiрге Орталық Қазақстанда жүргiзген археология қазба жұмыстарының қорытындысы саналатын «Орталық Қазақстанның ежелгi мәдениетi» (Древняя литература Центрального Казахстана, 1966) атты ғылыми-зертханалық еңбегiн жазып‚ кiтаптың редакциясын басқарды. Марғұлан «Қазақ халқының көне замандағы ақындық өнерiнiң шеберлерi» атты еңбегiнде (1959) қазақ халқының эпикалық жыр дәстүрiн дамытқан ақындарға, шебер орындаушыларға, сал-серiлерге тоқталып, олардың сөз өнерiндегi орнын айқындады. Еңбектегi ғылыми тұжырымдар танымдық тереңдiгiмен ерекшеленедi, онда көне ойшылдардан бастап Жанақ, Шөже, Арыстанбай, Марабай, Сүйiнбай, Жамбыл, Нұрпейiс, Иса секiлдi ақындар шығармашылығы талданады.
3. Ноғай Ордасының жер аумағын картадан белгілеп, маңызын түсіндіріңіз.
Ноғай ордасы , Маңғыт ұлысы – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік. Негізгі аумағы
Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солт.-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік.-батыста Қазанға дейін, оңтүстік.-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.
16 - Билет
1. Әмір Темір мен Шыңғысхан. Екі тұлғаның тарихта алатын орны.
Әмір Темір— атақты Монғол және түрік тектес халықтарының билеушісі, Темір әулеті империясының негіздеушісі. 1370 жылы Мәуереннахрды басып алып, 1405 жылға дейін 35 жыл билік құрған, 27 мемлекетті қол астына бағындырған «әлем жаулаушысы». Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп бір аяғы жаншылады. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып ақсақ болып қалған. Әмір Темірдің (Темуридтер) империясының негізін қалаған Барлас руынан шыққан, Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. 14 ғасырдың 70-жылдары оның қолбасшылық дарыны толық ашылып, атақ-даңқы жер жүзіне тарады. Осман империясы мен Орталық Азия аймағында ол Ақсақ Темір, ирандықтарға Тимурленг, еуропалықтарға Тамерлан есімімен белгілі болды.Әмір Темірдің әскерлерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм мемлекеті (1372 — 88), Шығыс Түркістан (1376), Герат (1381), Хорасан (1381), Қандағар (1383), Сұлтания (Оңтүстік Әзірбайжан, 1384), Тәбріз (1384), Иран және Ауғанстан толық бағындырылды. Бірнеше дүркін жойқын жорықтан соң Алтын Орданы күйретті. Әмір Темір 1370 — 90 жылдары Тоқтамыс хан мен Едіге әмірдің арасындағы алауыздықты шебер пайдалана отырып, Дешті Қыпшақ, Ақ Орда мен Моғолстанға 10-нан астам жойқын соғыс жорығын жасады. Әмір Темірдің Алтын Орданы талқандауы Ресейдің тәуелсіздік алуына оң жағдай жасады. 90-жылдары Әзірбайжан, Дағыстан, Гүржістан (Грузия), Ирак Әмір Темір мемлекетінінің құрамына енді. 1398 жылы Үндістан басып алынды. Сирия мен Ливан (Палестина) мәмлүктері бағындырылды. Алдыңғы Азияның басқа мемлекеттері де Әмір Темірдің билігін мойындады. 1402 жылы жазда Әмір Темір Анкара шайқасында Осман империясының негізгі әскери күшін талқандап, түрік сұлтаны Илдырым Баязидті (Баязид) тұтқындады. Әмір Темірдің
үздіксіз соғыстарының нәтижесінде алып империя — Темір мемлекеті құрылды. Оның жалпы аумағы 14 млн км²-ге жетті.
Шыңғыс хан (моңғ. Чингис хаан), шын аты – Темүжін (моңғ. Тэмүжин) — Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей баһадүрдің отбасында туған. Монғол империясының шаңырағын алғаш көтерген Шыңғысхан ( бала кезіндегі аты Темүжін) 1155 жылы (кейбір деректерде 1162 жыл) Моңғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде Есугей батырдың отбасында туған. Темүжін 9 жасқа толған кезінде әкесі татарлар қолынан қаза табады. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183—1204 жж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын — Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян ханға дейін — талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді.
Мемлекеттің бастыбасты заңы "Жасақ" (Яса) деп аталды. Бұл екі бөлімнен тұрған. Бірінші бөлім Шыңғызханның өзі айтқан нақыл сөздері мен ел басқарудағы кейбір басты мәселелер жөніндегі шешімдерден тұрды. Екінші бөлім әскери, азаматтық істерді орындаудағы жалпы заңдар және оларды орындамағандарды жазалаудың түрлі ережелерінен құралды.
"Жасақ" бойынша үкімет билігінің жоғарғы органы құрылтай болды. Ол жылына бір рет, 1207-11 жж. Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды.
1211 ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Бейжінді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерлерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылы Гауин Жалаири басқарды.
Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерлерінің бір тобы 1218-19 жж. Жетісуды, 1219-21 ж. Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. 1200 жылы Тұғырыл хан мен Темучин тайшуыттарға қарсы бірлескен жорыққа шықты. 1202 жылы Темучин татарларға қарсы жорыққа аттанды. Ол жорық алдында шайқас кезіндегі түскен олжаны иемденуге тыйым салып, оларды тек шайқастан соң бөлісу керектігі жайлы бұйрық берді. Басып алынған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарына үлестіріп берді. Жошыға Ертістен Орал тауына, одан оңтүстікке қарай Каспий теңізі мен Арал төңірегіне дейінгі жерлер, Орта Азиядағы иеліктерінен Солтүстік Хорезм мен Сырдария аймағы, Шағатайға Мауераннахр, Жетісу, Қашқария, Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Төле әкесінің ұлысы Моңғолияны мұраға алды. 2. Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастықта алатын орны мен қызметіне талдау жасаңыз
Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету. Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық
жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді. Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді. Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды. Сондай-ақ, аймақтық және халықаралық көкейкесті проблемалар төңірегінде жан-жақты пікір алмасылды. Екі жақты деңгейдегі, ТМД, ЕурАзЭқ, ШЫҰ шеңберлеріндегі ынтымақтастық қарым-қатынастар аймақтағы елдер қауіпсіздігінің, интеграциялануының басты кепілі болып табылатыны атап көрсетілді. 3.Сурет бойынша оқиғаны сипаттаңыз.
Алғашқы адамдар тобыры — адамдардың тас дәуіріндегі тіршілік үшін бірлесіп күресу қажеттілігінен туған алғашқы тобы. Археологияда төменгі және орта палеолит дәуірін, антропологияда архантроптар — питекантроп, синантроп, атлантроп, Гейдельберг адамдарының өмір сүрген кезеңін қамтиды. Б.з.б. 1,9 млн — 36 мың жыл аралығында үңгірлерде өмір сүрген, отты пайдалана білген. Тастан, ағаштан, сүйектен құралдар,
қарулар жасаған. Табиғатқа толық тәуелді болған Алғашқы адамдар тобырына ұжымдасу адамдарға қорғануды, шабуыл жасауды, аң аулауды, жиын-терін жүргізуді, ұрпақ жалғастыруды үйретті. Рудан бұрынғы бұл әлеуметтік құрылымның өзгешелігі — қоғамдық қатынастар қалыптаспаған, әлсіз болды, қауым-үй шаруашылығы болмады, туысқандық қатынас тым қарапайым сипат алды. Сонымен қатар бұл құрылымға неке байланыстарының біршама реттелгендігі тән. Алғашқы адамдар тобырының мекендері Қазақстанда Сарыарқадан, Батыс және Оңтүстік Қазақстаннан, Жетісудан, Балқаштың солтүстік өңірінен табылды. Адамдар даму барысында еңбек құралдарын үнемі жетілдіріп отырды. Адамның жасағаны, тапқаны бәрі еңбек өнімі деп аталады. Тесені тас тісті ағаш соқа алмастырды, нәтижесінде еңбек өнімділігі арта түсті. Сол кезеңдерде металдың кейбір түрлері: алтын, күміс, мыс табиғатта дайын күйінде кездесті. Ең бірінші қолданылған металл - мыс. Бұдан 5 мың жыл бұрын адамдар мыс өңдеуді үйренді. Олардың мысты кездейсоқ ашуы да мүмкін. Өйткені мыс отқа таспен бірге жиі түсті. Адамдар өздері "тас" деп ойлаған заттың отқа балқығанын, суыған кезде өз пішінін өзгертіп, жаңа пішін алатынын аңғарған. Адамзат үшін зор маңызға ие болған жаңалық осылай ашылған. Сөйтіп, тас, пен мыстан жасалған еңбек құралы қатар қолданылған энеолит кезеңі басталды.
17 – Билет
1.Сақтардың мәдени мұралары
Бесшатыр — көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. 1957, 1959 — 1961 жылдары Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі
К. Ақышев) зерттеді. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м.
Бесшатыр обасынан
·семсер,
·қола ұшты жебелер,
·темір пышақтар,
·шаш түйрегіштер,
·ақық моншақтар табылды.
Бұл заттар б.з.б 5-4 ғасырға жатады.
Есік обасы (б.з.б. 5 — 4 ғ.ғ) — сақ дәуірінен сақталған ескерткіш.
Алматыоблысы, Еңбекшіқазақауданының орт. Есікқаласының маңында, Есік өз-нің жағалауында орналасқан. 1969 — 1970 ж. Жетісу археолог экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев, мүшелері Б.Нұрмұханбетов,
А.Г. Максимовалар) зерттеген. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді.
Мұның ішінде ең көрнектісі — үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ Оның диаметірі 60 метр, биіктігі 6 метр) оба бар. 2.М. Шоқайдың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
Түркістан халықтарының XX ғасырда жүріп өткен жолы мен тарихи тәжірибесін қорыту ісінде Мұстафа Шоқай мұрасының ала- тын орны ерекше. Сондай-ақ бұл қайраткердің өмірі мен қызметін Түркістандағы жеке бір халықтың мүддесімен ғана байланысты қарау мүмкін емес. Мәселен, М. Шоқай өзінің туған елі қазақ халқының тәуелсіздігін Түркістанда көне замандардан бері тұрып келе жатқан туыс өзбек, қырғыз, түрікмен және басқа
халықтардың тәуелсіздігінен бөліп алып қараған емес. М. Шоқай үшін Түркістан халықтарының тұтастығы мен Түркістан халықтарының еркіндігі бірінсіз бірі жоқ егіз ұғымдар. М. Шоқай Түркістанда XIX ғасырда әкімшілік басқару жүйесі ретінде орныққан орыс билігіне сын көзбен қарады. Ол өзінің «Ақ- қызыл» аталатын мақаласында «...патшалық Ресейдің жарты ғасырлық үстемдігі кезінде Түркістанға ешқандай бір жаңартқыш сипаттағы рухани ағым енген жоқ. Тіпті заман талабы тұрғысынан қарағанда атамекеніміз кері кетті» /3, 152 б./, – деп жазды. Саяси өмірде бүкіл жергілікті билік отаршыл әкімшіліктің қолына ауысты. Ресей империализмі мұнда біржола орналасу әрекетіне көшті, яғни ішкі ресейлік губерниялардан қоныс аударып келген орыс және басқа европалықтардан біртіндеп сандық тұрғыдан Түркістан халқының басым бөлігін құрып орыс билігінің жергілікті тірегіне айналуға тиіс болды. Ал түркістандықтар әлемдік өркениеттен тыс қалған «түземдіктер» есебінде өзінің «қарабайыр» өмір салтынан, тіршілігінен бас тартып, орыстану жолына түсуі керек еді. Бүкіл ақпа- раттық құралдарды қолына шоғырландырған метрополия еуро- палық қауымдастықтың көз алдында Түркістанның жергілікті жұрты жөнінде жаңа техника мен технологияны, қоғамдық қатынастар мен мәдениетті қабылдауға құлықсыз, оған қарсы «түземдіктердің» бейнесін жасап, ал өзін тіптен мұнда, яғни Түркістанға еуропалық өркениетпен өмір салтын әкеліп енгізуші етіп көрсетуге тырысты. Ежелгі замандардан әлемдік орталықтармен тікелей байланыста болып келген Түркістан енді басқа батыс және шығыс елдерімен тек Ресей арқылы ғана қатынаса алатын еді. Енді ғана өнеркәсіптік даму жолына түскен Ресей болса Түркістанды тек арзан шикізат көзі және өзі өндірген тауарларды өткізетін рынок деп білді. Міне, осындай жағдайда Түркістан 1917 жылғы төңкерістерге жетті. Патшалық биліктің құлауы, оның артын ала 1917 жылдың соңында орнаған кеңестік билік, оның отаршылдық мазмұндағы 28 алғашқы аяқ алысы «бүтін Түркістан» идеясының осы тарихи ке- зеңдегі көрінісіне тән мынадай ерекшеліктерін атап айтқан жөн. XX ғасырдың басы жеке түркі халықтарының өздерінің дер- бес ұлттық мемлекетін құруға ұмтылушылығымен сипатталады. Мұндай тенденция, мәселен, қазақ, татар, башқұрт жэне басқа халықтардың зиялыларының саяси қызметінен анық байқалды. «Алашорда» мен «Еркін Башқортостан» соның көрінісі болатын. Жеке түркі халықтарының дербес мемлекеттікке ұмтылуы олар- дың бірнеше ғасырлық жетілуінің нәтижесі болатын, сондықтан да табиғи құбылыс есебінде қабылдануға толық құқылы. Дегенмен бұл жағдай «бүтін Түркістан» идеясының жаңа сапа- да қайта жаңғыруына кедергі бола алған жоқ. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бұл идея, біріншіден, түркі зиялыларының екі буынының (патшалық билік тұсында қалыптасқан және кеңестік билікке тартылған зиялылардың) бірдей қызметіне арқау болса, екіншіден, сол бұрынғыдай кең географиялық ауқымда көрініп, яғни батысын- да Еділ мен Жайықтан бастап, шығысында қазақ даласы мен қырғыз Алатауы аралығындағы түркі жұрттарын түгел қамтыды. XX ғасырдың басындағы жалпытүркілік азаттық идеясының күш алуына татар (қырымдық және қазандық) және башқұрт халықта- рының зиялылары біраз еңбек етті. Бұл табиғи құбылыс болатын. Өйткені орыстық отарлық езгінің ең алдымен басынан өткерген, сон- дықтан да онымен күрестің бағасын терең ұғынған және осы жолда біраз тәжірибе жинаған да осы халықтар еді. Исмаил Гаспирин-скийдің «Тәржіман», Фатих Каримовтың «Уақыт» газеттері, татар зиялылары ұйымдастырған баспаханалар, олар бастап берген жаңа әдістік оқыту жүйесі белгілі дәрежеде жалпытүркілік азаттық идеясының қайта жаң- ғыруына қызмет жасады. Зеки Велиди Тоған өзінің естеліктерінде 1905-1907 жылдары белгілі ақсүйек сұлтан ұрпақтары Галиасқар Сыртланов пен Сәлімгерей Жантөриннің ресейлік түркілердің «территориялық автономия» құқы үшін күресіне қолдау жасап, со- лардың көмегімен Габдрашид-Қазый Ибрагимовтың «Автономия» деген кітапша бастырып шығарғандығын айтады /13/. Осы сияқты әрекеттерге кейіннен бүкіл ресейлік түркі зиялыларының арасында үлкен беделге ие болған федералистер қозғалысына ұласты. Дегенмен, XX ғасырдың бас кезіндегі ресейлік түркілік азаттық қозғалыстың болмысы бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда анағұр- лым күрделене түскендігін
мойындау керек. Басқаша айтқанда, ол көзқарастық тұрғыдан тек бір бағытқа бет бұрған қолдаушылардан тұрмайтын. Империя көлемін түгелдей қамтыған түрлі саяси ағымдар түркі халықтарының азаттық қозғалысына да өз ықпалын тигізуге ты- рысты. Олардың арасында кадеттер партиясы, социал-демократтар, 29 дін үшін қозғалыс және басқалары бар еді. Осы тарихи кезеңдегі азаттық үшін күрес тәжірибесін таразылаған Мұстафа Шоқай оның мынадай үш кемшілігін көлденең тартады. Олар: біріншіден, түркі елі зиялыларының орыс революцияшыл демократтарына сеніп, оған арқа сүйеу арқылы бостандық алудан үміттенуі; екіншіден, ендігі бір топтағылардың «саяси табысқа дұға арқылы жететініне» сенгендігі; үшіншіден, бұларға қосымша қозғалыс басшыларында са- яси кемелдіктің жетіспегендігі, жалпы қозғалыстың басын біріктірер ортақ бағдарламаның болмауы, өзара түсінісе алмаушылықтың етек алуы еді. 3.ХІІІ –ХV ғғ. жер иелену түрлерінің мағынасын кестеге толтырыңыз.
Жер иелену түрлері
Мағынасы
Інжу
Шыңғысхан өулетінен шыққан билеушілерге бөлініп берілген жер үлесі.
Вакфтық жерлер
Дін ірі жер иеленушілер, басыларға, діни мекемелерге, көшпелі әскербасылар өсиет етіп қалдырған жерлер. Вакфтық жерлерден салық алынбаған.
Сойырғал, иқта
әскери немесе мемлекеттік басқару ісінде ханға адал қызмет істегендерге берілген жерлер. Иқта - билеушілердің өздерінің туысқандары мен жақындарына сыйлаған жер үлестері, феодалдық жер сыйлықтары. Мұндай жерлер ірі, орташа және ұсақ болып бөлінген
Шаруалардың мүліктік жерлері
отырықшылық аудандардағы жерлер
18 - Билет
1.Сақтардың тәуелсіздігі үшін күресі
Б.з.б. 530 жылы Кир бастаған парсы әскері Сырдарияға дейін келіп, сақтармен соғысты. Томирис патшайымның баласы Спаргапис парсылардың қолына түсіп, қаза табады.
Геродот өз жазбаларында сақтардың парсылармен соғысы туралы баяндайды:
“Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі.”
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң, парсылар сақтарға қайта шабуылдады. Бұл жорықты Дарий патша басқарған. “Мен әскеріммен сақ жеріне жорыққа шықтым” - деген Дарийдің сөздері Бехистун жазбаларында жазылған.
Б.з.б. 519 жылы Дарий бастаған парсылар сақ жеріне шабуылдады. Cақтардың көсемі Скунха жеңіліп, парсы әскері Сырдариядан өтеді.
Грек тарихшысы Полиэн: “Шырақ есімді сақ денесін өзі жаралап, парсыларға қашып барып, өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген етіп көрсетеді. Парсы әскерлерін алдап, шөлге апарып қырады” - деп жазған.
Дарий көп әскерінен айырылып, Персияға қайтуға мәжбүр болды. Шырақтың ерлігі арқасында сақтар өз тәуелсіздігін сақтап қалды.
Парсы патшасы Кирмен келіссөз жүргізуден бас тартқан Томирис (б.з.б. 570-520 ж.ж.) парсылармен соғысады. “Әйел болса да, жау шапқыншылығынан қорыққан жоқ. Томирис көп әскермен Кирге қарсы аттанып, 200 мың парсыны жойып жібереді” - деп жазды Помпей Трог.
Б.з.б. IV ғасырда Александр Македонский (Ескендір Зұлқарнайын) бастаған гректер Орта Азияға басып кіріп, Сырдарияға аттанды. Ежелгі грек тарихшысы Арриан А.Македонскийдің Сырдариядан жүзіп өтіп, сақтармен соғысқанын жазған.
Сақ батыры Cпитамен 3 жыл бойы партизан соғысын жүргізіп, грек гарнизоны орналасқан Маракананы (Самарқан) қоршауға алды. Сақтар А.Македонскийдің ірі әскери бөлімін қоршауға алып, түгел қырып салды. “Скифтер мен Спитаменнің атты әскері оларды қоршауға алды да, садақпен атып, түгел қырып салды” - деп жазады Арриан. Кейбір деректерде осы соғыста Александрға сақ сарбазының жебесі тиіп, санынан жараланды деп көрсетеді. Cақтар гректердің Шығысқа жүретін жолын бөгеп тастады.
Б.з.б. 490 жылы Марафон шайқасында сақтар парсылардың құрамында болып, гректерге қарсы соғысты. Сақтар парсылармен бірігіп, Египеттегі және Грекиядағы соғыстарға қатысқан. 2. Қазақстандағы экологиялық проблемалар және оның негізгі себептерін талдаңыз.
Табиғи пайдалы қазбалардың аса мол қорлары бар, бірақ табиғат қорғаудың құқықтық базасы жоқ, қндірістің төменгі мәдениетінің жағдайында Қазақстан аумағы ғылым мн техника жетістіктері тегеурінінің алдында қорғансыз болып шықты. Экономиканың дамуы, жаңа кен орындарын игеру, жаңа елді мекендер салу табиғи ресурстарды көп мөлшерде қажет етті. Ұзақ уақыт бойы республикадағы табиғи байлық сарқылмайтындай көрініп, ол экстенсивті жолменигерілді. Тек 80-жылдардың екінші жартысында ғана Қазақстанның экологиялық жағдайын сауықтыру мен оның табиғи байлықтарын тиімді пайдалануға бетбұрыс жасалды. Алайда Қазақстандағы табиғатты қорғаудың іс-тәжірбиесі өте қанағаттанғысыз жағдайда еді. Жауапсыз шаруашылық қызметтің нәтижесінде топырақ эрозиясы республикадағы 5 млн гектардан аста жыртылатын жерді қамтыды.
Республикада химикаттар мен тыңайтқыштарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде су қоймаларының ластану оқиғалары да кең орын алды. Су мен ауаның ластануы адам денсаулығы үшін қте қауіпті, экологиялық тепе-теңдікті бұзатын, ең көп тараған проблемаға айналды. Республикада Семей полигонымен қатар аумағы жағынан кем түспейтін басқа да сынақ алаңдары салынды. Капустин Яр, Азғыр, Сарышаған полигондарында бірнеше мәрте жер асты ядролық жарылыстары жасалынды. Бұл сынақтар аймақтың экологиялық жағдайын одан әрі асқындырды.
Арал теңізінің тартылуына байланысты Арал апаты қалыптасты. Аралмен бір мезгілде табиғи ресурстарды дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде Балқаш проблемасы да қалыптасты. Балқаш алабын тиімсіз пайдаланудан 1970-1985 жылдары көлге құятын өзендер суыны көлемі азайып кетті. Металлургия кәсіпорындары өндіріс қалдықтарының әсерінен көлде ауыр металдар мен күкірт оксидтерінің мөлшері артты. 3. Қыпшақ мемлекетінің алып жатқан аумағын карта бойынша көрсетіңіз.
Қимақ қағанатының жері XI ғасырда жаңа құрылған Қыпшақ хандығының қолына толығымен көшеді. Ол жерлер шығыста Алтай мен Ертістен басталып, батысында Еділ мен Оңтүстік Оралға дейінгі, солтүстігінде Құланды даласынан оңтүстігінде Балқаш көлі мен Жоңғар Алатауына дейінгі кең-байтақ аймақты алып жатты
19 - Билет 1.Аттила мен Бейбарыс сұлтанның өміріндегі ұқсастықтар және екі тұлғаның тарихта алатын орнын талдаңыз
Ғұн көсемі Аттила мен сұлтан Бейбарыстың өміріндегі ұқсастықтар олардың түркілік тегі, қазақ даласымен байланысы және шет жерде билікке келулері мен ержүрек жауынгер, дарынды қолбасшы, қаһарлы ел билеушілер ретінде тарих бетінен өз орындарын алуы болып табылады.
Аттила(Еділ) (400-453жж.) - ғұн билеушісі. Батыс ғұн ұлысы- ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті. Батыс ғұн ұлысының негізі ІІ ғасырда Каспий теңізінің жағалауында, қазіргі қазақ жерінде қаланды. Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпалардың басын біріктіріп, әскери соғыс қуаты күшті мемлекетке айналды. Ғұндар патшасы Аттила Еуропада Ғұн мемлекетін құрып, елді кеңейту мақсатында Рим империясына қарсы күресті. Оған Днестрден Римге дейінгі, Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі жерлер бағынды. Еділ патшаның кезінде Ғұн империясы өз дамуының жоғарғы сатысына жетті. 451 жылы Галлиядағы Каталаун даласында Аттила жауынгерлері римдіктердің, франктердің т.б.біріккен күштерімен шайқасты. Ғұндардың тарихтағы рөлі Еуропаны римдіктерден азат етіп, құлиеленушілік құрылысты құлатып, жаңа дәуірдің – орта ғасыр дәуірінің басталуына жол ашты. Еуропа халықтарының қалыптасуына ықпал етті.
Сұлтан Бейбарыс (1225-1277жж.)- Қыпшақ жерінде туған, әкесі-Жамақ, анасы-Әйек. Жас кезінде 800 динарға қыпшақ даласынан Египетке құлдыққа сатылған. 1260 жылы Египеттің төртінші сұлтаны ретінде билік басына келіп, 1277жылға дейін 17 жыл билік
құрған. 1262 жылы Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым-қатынас орнату үшін өз елшісін жіберіп, екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнаған.Египет сұлтандары бүкіл араб әлемін монғол шапқыншылығы мен кресшілер жорықтарынан аман алып қалды. 2.Тұрар Рысқұловтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
Тұрар Рысқұлов (26 желтоқсан 1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысы – 10 ақпан 1938, Мәскеу) – мемлекет қайраткері. Оның әкесі Рысқұл Жылқыайдарұлы XIX ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен (қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысыТүлкібас ауданы) Верный уезіне қоныс аударып келген болатын. Жаңа қонысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың жалғыз ұлы Тұрарға зияны тиер деп қауіптенген ол оны өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» аталған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі 10 жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов – «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідегі орыс-түземдік бастауыш мектепте оқиды. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1-дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы қазан айында бау-бақша өсіруші мамандығы бойынша бітіріп шығады. Рысқұлов 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына оқуға қабылданады. 1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанды. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды, бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады. 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды. 1918 жылы сәуірде Әулиеата уездік кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланып, өз күш-жігерін ашаршылыққа ұшыраған халықты төніп тұрған ажал тырнағынан арашалап қалуға, орыстар мен қазақтардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге жұмсады.1918 жылы Рысқұлов Түркістан автономиялы Республикасының Денсаулық сақтау халық комиссары, 1920 жылы Түркістан Орталық атқару комитетінің төрағасы болып сайланды. Атқару комитетінің төрағасы ретінде Түркістан Республиканың Конституциясына сай берілген құқықтарын пайдалана отырып орыс шаруаларының қарусыздандырылуына, олардың экономикалық жағдайының жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен теңестірілуіне, орыс шаруалары мен казактардың көшпелі халықтардан тартып алған жерлерін иелеріне кері қайтаруларына қол жеткізді. Ол Түркістан Республиканың саяси-мемлекеттік егемендігі жолында табанды күрес жүргізді. Республиканы түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиіс дербестік құқықтарына ие болуға бар күш-жігерін жұмсады. 1924 жылы жазда Коминтерн атқару комитетінің Моңғолиядағы өкілетті өкілі болып тағайындалды. Ол онда Моңғол Халық Республикасының аяғынан нық тұрған мемлекеттік ретінде қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Моңғолия астанасының атын Улан-Батор (Қызылбатыр) деп қоюды ұсынған Рысқұлов болатын. 1926 жылы наурызда Рысқұлов Қазақстанға жіберіліп, Қазақ өлкелік БК(б)П комитетінің Баспа бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды. Осы жылы 19 сәуірде Рысқұлов Қазақ өлкелік БКП (б) комитеті қаулысымен «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы болып бекітілді. Көп ұзамай 31 мамырда Бүкілодақтық орталық атқару комитетінің қаулысымен Ресей Федерациясы Халық комиссарлары кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді. Бұл қызметіне қоса Рысқұлов Түрксіб темір жолын салуда үкімет комиссиясының төрағасы болып, оны 5 жылда аяқтау орнына 3 жылда пайдалануға берілуін ұйымдастырды. Маманданған қазақ жұмысшыларын қалыптастыруға, қазақ жастарын Ресей және шет ел
оқу орындарында көптеп оқытуға көп көңіл бөлді. Қазақ өлкелік БК(б)П к-тін басқарған Ф.И. Голощекиннің «Қазақстанда кіші Қазан» төңкерісін жасау идеясына ашық қарсы шықты. Кеңестік ұжымдастыру саясатының зардаптарын жою, Қазақстандағы ашаршылықтың апатынан халықты құтқару жайында И.В. Сталинге нақты ұсыныстар жасады. Бірақ И.В. Сталин Рысқұловтан гөрі Ф.И. Голощекинге сенім артатындығын танытты. Рысқұлов қолынан келгенше ашаршылық тауқыметіне ұшырағандарға жәрдем көрсетуге талпынды. 1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынды. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болды. 3. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға көшіріліп әкелінген кәсіпорындар орналасқан қалаларды карта бойынша көрсетіңіз.
Қазақ КСР-не әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар: Алматы, Қарағанды, Шымкент, Петропавл, Семей, Ақтөбе, Орал қалаларында орналастырылды.
20 - Билет 1.Үйсіндер тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
Үйсіндер туралы ежелгі қытай жазбаларында б.з.б. 2 ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты»болып бейнеленеді. Табиғаты былай суреттелген: «Жерлері тегіс ,шөптесін, жаңбырлы әрі суық келеді. Тауларында қылқан жапырақты ағаш көп өседі». Қытай тарихшысы Сыма Цянь үйсіндердің шығу тегі туралы мынадай мәлімет жазып қалдырған: «Үйсіндердің басшысын гуньмо деп атайды. Оның әкесі сюннудың батыс шекарларындағы шағын патшалықты билеген. Сюнну оның әкесіне шабуыл жасаған кезде гуньмо туған, әкесі оны далаға тастап кеткен. Тұмсығымен ет тістеген қарғалар оның үстінде айналып ұшып жүрді, ал қасқырлар оны емізген. Шаньюй (сюннулардың билеушісі) бұған таңғалып, мұны ғажайып нәрсе санап, оны тәрбиелеп өсірді».Олар өзімен көрші жатқан Қытай сияқты ірі елдермен тең құқықты дәрежеде саяси және сауда қарым-қатынасын жасаған. Б.з.б.138 жылы ғұндарға қарсы одақ жасау жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі әрі саяхатшы Чжань Цянь: «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты » деп жазады. Деректерден үйсіндердің көршілерімен қарым-қатынасы туралы да білуге болады: «Алғашқыда олар ғұндарға тәуелді болғанымен, кейін күшейген соң олардың қол астында болуды қаламады. Сөйтіп шығысында ғұндармен, батысында қаңлымен, олңтүстігінде әртүрлі тұрақты иеліктермен араласып тұрды». Деректерде «Үйсіндердің үлкен гуньмосы Чигу қаласында тұрады, халқы 630 мың адам, әскері 188 800 жауынгерден құралған » деп жазылған.Үйсіндер мемлекеттік дәрежеде өмір сүрген тайпалар. «Усунго», «Синго» көшпелі мемлекет деген ұғымдарды білдірген. Үйсіндер басшысын «гуньмо» (күнби) деп атаған. Гуньмолардың жасағы отыз мың атты әскерден тұрған. Оған «бек»деп
аталған жеке тайпа көсемдері мен ұсақ рубасылары бағынды.Үйсін қоғамы біркелкі болмаған. Тайпа мен ру басшылары, байлар, жауынгерлер мен абыздар және қатардағы қарапайым бұқара халық малшылармен егіншілерден тұрды.Мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданған үйсіндер қоғамында әлеуметтік және мүліктік жіктелу орнығып ,теңсіздік қалыптасты. Мал жеке меншікке қарады. Байлар өз жылқыларын өзге жылқылардан айыру үшін, әр отбасы өз табынына ерекшелік белгі – ентаңба басып, ен салған. Әскери қолбасшылар, ірі байлар алтыннан, қоладан жасалған таңба ұстаған, дәрежесі төмендердің тастан, сазбалшықтан жасалған таңбалары болған. Бай үйсіндер 4-5 мың жылқыдан иемденді. Кейбір ауқатты бай үйсіндер құл еңбегін де пайдаланған. Құлдар негізінен соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдардан құралды. Құлдардың еңбегі көбінесе үй шаруашылығында пайдаланылды.Дәулетті адамдардың киімдері көбіне жібектен, не басқадай қымбат матадан тігілді. Ал қарапайым адамдар арзанқол матадан не қой терісінен тігілген киімдер киді. Үйсіндерде жеке меншік малға ғана емес, жер-суға да қараған. Байлар: «менің жайылымыма ешкім мал жаймасын» деп жеріне басқаны жолатпайтын. Жеке меншіктің шыққанын, мүлік теңсіздігінің пайда болғанын үйсіндерді жерлеген зираттардан да білуге болады. Мәселен, үлкен обалар бай адамдар жерленген. Олардың қасына қажетті деген бағалы қару-жарақтары мен ыдыстары қойылған. Ал қатардағы малшылар мен егіншілердің зираттары мүлде қарапайым болған. Қабірге өлген адамның тұтынған заттары салынған. 2.ХХ ғ. 20-30 жж. Кеңес өкіметінің мәдениет пен ғылым саласындағы жетістіктері мен қайшылықтарына талдау жасаңыз.
Мәдени революцияның жүзеге асырылуы социалистік қоғам құру туралы лениндік жоспардың бір тармағы болатын. Мәдение революция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтып, жаңа мәдениет түрін жасау және жаңа адамды тәрбиелеуге әсер етуге тиісті болды. Мәдени революция коммунистік партия белгілеген міндеттерге сәйкес білім беру, ғылым мен мәдениет мекемелерінің қызметін түбірімен өзгерту дегенді білдіреді. Бұл кезеңде Қазақстан мәдениеті кеңес елінің орталық аудандарынан айтарлықтай артта қалған-ды. Халықтың басым көпшілігінің бастауыш білімі де жоқ, яғни сауатсыз еді. Соған байланысты Қазақстандағы мәдени революция басты екі міндетті шешуге тиісті болды: біріншіден, мәдени артта қалушылықты жою, екіншіден, білім беру, ғылыми және мәдени мекемелердің жаңа кеңестік жүйесін қалыптастыру.
Мәдениет саласындағы жұмысқа басшылық жасау және бақылау жүргізуді партияның ОК хатшылығы жүзеге асырып отырды, ал жергілікті жерлерде бұл істі партия комитеттері мен ұялары, олардың насихат және үгіт жүргізу коллегиялары атқарды. 1920 жылы тамызда партияның ОК-де үгіт-насихат бөлімі құрылды. Осы жылы 6 қарашада РКФСР Ағарту халкомы жанынан Бас саяси-ағарту комитеті іске қосылды. Бұл екі партиялық және мемлекеттік орган мәдени революцияға күнделікті практикалық басшылықты жүзеге асыра бастады. Кеңес өкіметінің алғашқы онжылдығында партияның ОК-де мәдениетке байланысты әр түрлі мәселелер туралы мәжілістер өткізілді.
3.Ақ Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Билеушілер
Жүргізген саясаты
Ерзен хан
Ерзен ханның тұсында Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастады. Ақ Ордада қалалық мәдениеті дами түседі. Отырар, Сауран, Баршыкент қалаларында мешіт, медреселер салынды.
Мүбәрак
Мүбәрак 1327-1328 жылдары өз атынан таққа отырды. Бұған Алтын Орда хандары қарсы болып, тәуелді етуге тырысты. Алтын Орданың хан Өзбектен жеңіліс тапқан Мүбәрак жеңіліске ұшырап қырғыздар мен Алтайға қарай кетуге мәжбүр болады.
Ұрыс
Алтын Ордадан мұлдем оқшауланды. 1368-1369 жылдары өз атынан Сығанақ қаласында теңге соқытырады. 1374-1375 жылдары Еділ бойына
жорық жасап, қажы-Тарханды алып, Кама бұлғарларын бағындырады.
Барақ
Сырдария бойындағы қалаларды қайтару үшін әрекеттер жасайды. Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, көптеген қалаларды өзіне қайтарады.
21– Билет
1. Қаңлылар тарихы (қоғамдық құрылысы, шаруашылығы мен тұрмысы)
Қытайдың «Цянь Ханшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы, басқа да маңызды мәселелері туралы айтылған.«Жу патшасының тарихы» деген шығарманың «Қаңлы» бөлімінде былай делінген: «Қаңлы елінің алтын, күміс, асыл заттар, хош иісті майлар, кілемдер, қымбат аң терілері шығады. Көп елдермен сауда жасасқан едәуір қалалары да болған». Бірқатар тарихшы ғалымдар Қаңлы мемлекетінде жазу болған дейді. Оған дәлел ретінде Қытайдан барған елшілердің Қаңлы ханының сарайында жазылған Заң жарғыларын көргенін келтіреді. Өкінішке қарай, ол жарғылар сақталмаған. Бірақ соңғы жылдары археологтар қыш тақталарға жазылған қаңлы жазуларын табуда.Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Ежелгі Қытай хроникасы олардың екі астанасы- жазғы және қысқы астанасы болғанын жазады.Ежелгі Иранның бағзы заманда жазылған «Авеста» деп аталатын қасиетті кітабында «Вэсаканың ержүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылыпты. «Кангүй» , «канха» сөздері қазақтың Ұлы жүз тайпалық бірлестіктерінің бірі Қаңлы атауына ұқсас. Үнді халқының эпосы «Махабхарата» қолжазбаларының мәліметтерінде де қаңлы атауы аталады. «Қаңлы» сөзі «қарулы, жақсы, жайсаң ұлықтар» мағынасын білдіреді. Қаңлылардың саяси тарихы жөнінде жазба материалдары аз. Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылардың Қытаймен соғысқан ғұндарға көмектескенін ғалымдар анықтап отыр.Қаңлылар б.з.б. ІІІ- б.з.-дың V ғасыры аралығында өмір сүрген.Қазақстанның оңтүстігінде егіншілікке қолайлы жерлерде ертедегі тұрғындар отырықшы тіршілік еткен. Табиғат жағдайының қолайлылығына байланысты мұнан екі мың жыл бұрын қаңлыларда егін, мал, қолөнер, аңшылық, сауда-саттық сияқты кәсіптер жақсы дамыды.
Шаруашылығы мен тұрмысы: Қалалардың айналасын, өзендердің жағаларын мекен еткен қаңлылар егіншілікпен айналысты. Арал өңірінде, Ташкент алқабында отырықшылық дамып, ежелгі қоныстар мен қалалар қалыптаса бастады. Сырдария аңғарларындағы егіншіліктің басым бөлігі тары, арпа, бидай сияқты дәнді дақылдар болды. Сонымен бірге қауын, қарбыз секілді бақша дақылдары, алма, жүзім, өрік сияқты жемістер өсірілді. Суды Сырдарияның салаларынан, әсіресе Қуаңдария мен Жаңадариядан алды. Егіншіліктің кең қанат жаюы арықтардың, дамбылардың, су қоймасы мен тоғандардың пайда болуына алып келді. Тары, бидай, арпа, күріш, бұршақтан бай өнім жинаған. Сырдария Арыс Бадам өзендерінің орталық өңірлерінде мақта өсіруменде айналысқан.Егіс алқаптарын суландыру үшін, көптеген су қоймалары мен тоғандар салды. Шыршық өзенінің оң жағалауында ұзындығы 20 шақырым келетін Зах тоғанын қазды. Ал сол жағалауынан Ханарық арығы тартылды.Тәлімі егіншілік түрі басым болған. Жиған асықтарын іші күйдірілген ұраларда, сондай-ақ жерге көмілген үлкен қыш ыдыстарда сақтады.Қаңлылардың маңызды шаруашылығының бірі мал өсіру болған. Олар жылқы, қой, сиыр, ешкі, сияқты үй малдарын өсірді. Малдарын жаздық жайылымдарға шығарған. Жайлауы Орталық Қазақстан далаларына дейін жеткен. Қыс кезіндегі қыстаулар үшін ең алдымен өзен маңындағы жерлерді таңдады, өйткені оның жағасындағы қалың қамыс пен бұталар мал мен адамды дауылдан, қардан, бораннан сақтады, малға азық болды.Қаңлылар қаз, үйрек, бірқазан сияқты құстарды аулаумен де шұғылданған. Олар балық аулауды да кәсіп еткен. Балықты сүңгімен түйреп, басқа да әртүрлі құралдармен аулаған.Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, игерілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған. Қолөнершілер жасаған бұйымдарын мал шаруашылығы өнімдеріне және астыққа айрбастады. Бұл ішкі сауданың дамуына және көрші
тайпалармен қарым-қатынастың қалыптасуына ықпал етті.Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған. Әсіресе Қауыншы мәдениетінде темір өңдеі мен балқыту айтарлықтай дамыды.Металл өндірісінің орталығы Шаш-Илақ аймағындағы қалалар мен қоныстар болды. Ежелгі Құлата қаласының орынан табылған қазба бұйымдары бұл жерде металл өңдеудің ірі орталығы болғандығын аңғартады. Бұл орталық кезінде 50 гектардай жерді алып жатқан. Қаңлылар мемлекеті географиялық жағынан қолайлы орналасқанын айттық. Оның аумағы арқылы Ұлы Жібек жолы өтті. Зерттеушілер қаңлылар жерінен б.з. –дың ІІІ –ІV ғасырларында соғылған салмағы әртүрлі 1300 дей теңге тапты. Мұндай теңгелердің көбісі Сырдария аймағында кездескен. 2. Смағұл Сәдуақасовтың қоғамдық-саяси қызметіне баға беріңіз.
Смағұл Сәдуақасов (1900-1933) — кеңестік мемлекет, саяси, мәдениет қайраткер. Бұрынғы Көкшетау облысы, Ленин ауданы, Жарқын ауылында туған.1918-1920 жылдары «Центросибирь» кооперативтер бірлестігінде қызмет етеді.1920 жылы Орынборда Қазақстандағы алғашқы жастар ұйымының хатшысы болып сайланады.Сол жылы жаңа құрылған Қазақ Автономиялы республикасының үкімет басшылығына қызметке алынады. 1925-1926 жылдары «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») газетінің жауапты шығарушысы, әрі «Қызыл Қазақстан» («Ақиқат») журналының редакторы, 1925-1927 жылдары Қазақ АССР Халық ағарту комиссары, 1927-1928 жылдары Ташкенттегі қазақ педагогика институтының ректоры қызметтерін атқарды.1928-1932 жылдары Мәскеу көлік инженерлері институтын оқып бітірген соң Мәскеу-Донбасс темір жол құрылысында инженер-құрылысшы болып еңбек етті.Мемлекеттік, қоғамдық қызметпен қоса әдеби-ғылыми шығармашылықпен айналысып, сол кезде шығып тұрған қазақ, орыс тілдеріндегі көптеген газет-журналдарда саясат, шаруашылық, ел ісі, мәде¬ниет, әдебиет, өнер, тарих мәселелерін сөз еткен мақалалары жарияланды.Көркем әңгімелері де жарық көрді. Оның «Жастармен әңгіме» (Орынбор, 1925 жылы), «Ұлт театры туралы» (Қызылорда, 1926 жылы), «Қазақстандағы халық ағарту мәселелері» (Қызылорда, 1927 жылы) деген үлкенді-кішілі кітаптары жарық көрді. Сондай-ақ Қазақстандағы ұл-азаттық көтеріліс пен Қазан төңкерісінен кейінгі ел өмірін арқау еткен «Сәрсенбек» атты романы да бар. «Салмақбай, Сағындық» (1923 ж.), «Күміс қоңырау» (1927 жылы) повестері қазақ әдебиетіндегі проза жанрын дамытуға қосылған үлес болып табылады.С. Сәдуақасов «Еңбекшіл қазақ» («Егемен Қазақстан») басылымды екі рет (1921 жылы қаңтар — 1921 жылы ақпан және 1925 жылы қаңтар — 1926 жылы сәуір) басқарған кісілердің бірі.Смағұл Сәдуақасовтың бүкіл қайраткерлік, азаматтық болмысы жарқырай танылған кезең 1925-1927 жылдар еді. Бұл кезде ол республика халық ағарту комиссары, әрі өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі болды. Бұл кезең сонымен бірге Ф.И.Голощекиннің Қазақстан өлкелік партия комитетін басқару кезімен дәлме дәл келеді. 3. Суретте көрсетілген түркі жазба әдебиетінің ескерткіштері қалай аталады және оларға сипаттама беріңіз.
Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы.
Білге Қаған Ескерткіші - Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” қатарына жататын ескерткіш . Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге Қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцев тауып (1889 ж), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов пен Дания ғалымы В.Томсен анықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге Қаған Ескерткішін
А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіште Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баһадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемлекеттегі . ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. 80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Ескерткіштің тілі “таза” сақталған, кірме сөздер өте аз дерлік. Сол себептен түркі этностарының тілдік табиғатын, тарихи, әдеби, этнографиялық, т.б. сыр-қырын анықтай зерттеу үшін қайталанбас дара мұра.
22 – Билет
1.Ғұндар мен монғолдардың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілерді анықтаңыз
Ғұндар бірлестігіне шыққан тегі әртүрлі тайпалар мен этникалық-саяси құрылымдар кірген. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылы: сол, орталық, оң қанат болып үшке бөлінген. Ғұндардың жоғарғы билеушісі «тәңірқұт» лауазымын иеленген. Оны қытай деректерінде «шаньюй» деп атаған. Мемлекеттің шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «түменбасы» деп аталатын бекзадалар болған. Ғұндар 24 руға бөлінген, оларды осы бекзадалар биледі. Ер азаматтардың барлығы өз руының жасағына тіркеліп отырған. Олар әскери жаттығулармен шұғылданып, қару-жарақ, жебелі садақ, қылыш пен найза алып жүруге тиіс болған. Ғұндар соғыс кезінде қорған бұзғыш машинаны , тас атқыш техниканы қолданды. Сонымен бірге арбалардың үстіне мықты бекітілген жылжымалы шағын қалқа қамалдары болған. Олардың үстіне садақшалар тұрып, дұшпанға оқ жаудырған.
Монғол мемлекетін Шыңғысқан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болды. Ол империяны 95 түмен әкімшілік билікке бөлді.
Әрбір түменде 10 мыңнан адам болды. Түмендер аймаққа бөлінді. Әрбір мыңдық он жүздіктен , жүздіктер ондықтардан тұрды. Басқару жйесі ондықтардан басталды. Әскери басқару жағынан Монғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа бөлінді. Бұл ғұндардың мемлекетіндегі әскери жүйесіне ұқсайды. 1211-1215 жылдар аралығында Қытай жерін басып алып, олардың тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсіреді. 2. 1960 жылдардың ортасындағы экономикалық реформалар және олардың нәтижесіз аяқталуының себептерін талдаңыз.
1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап, қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ КСР Конституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлоза-кағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді. 3. Моғолстан билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.
Билеушілер
Жүргізген саясаты
Тоғлық Темір
Мемлекеттің негізін қалаушы. Астанасын Алмалық етті. Мауараннахрды жаулап алды. Қазағанның көзін құртты.
Ілияс Қожа
Әмір Темір мен Хұсайнның бірлескен күшінен жапа шекті. Мауараннахрды Әмір Темір басып алды.
Поладшы
Мауараннахр мен Моғолстан біржола бөлінді. Жалпы дулаттардың билігі артты. Моғолстан тәуелсіз мемлекетке айналды.
23 – Билет
1.Сарматтардың шаруашылығы мен тұрмысы.
Сарматтардың өмірінде көшпелі мал шаруашылығының маңызы ерекше болған. Олар негізінен, күй талғамайтын, үнемі дерлік орын ауытырып жүруге қабілетті және өсімтал жылқы мен қой ұстаған. Жылқы өсіру көшпелілерді көшіп қонатын күш көлікпен қамтамасыз етті.Сарматтарда тұрқы қысқа жыл бойы өрісте жайылып, тебіндеуге үйренген жылқы түрі өсірілген. Соны мен қатар алыс жорықтарға мінетін қазанаттарда болатын. Оған тек ақсүйектердің, әскербасылардың қолы жеткен.Қойдың еті, сүті және оларды өңдеу өнімдері көшпелілердің тамақ мәзірін қалыптастырды.Ал терісі, жүні, қылы, ішінара сүйегі тұрмысқа кең пайдаланылды, үйдегі қол өнерге шикі зат болды.Малдың бір бөлігін түйемен сиыр түлігі құраған, олар күш көлігі болды, сондай-ақ олардан етпен жүн
алынды.Көшелілердің қыстаулары негізінен Оңтүстік үстірт пен Маңғыстауда ал жайлауы солтүстік аудандарда Оңтүстік Жайық өңірімен Солтүстік Қазақстанда болған. Жазғы күзгі кезеңде жайылымдардың шөбін жетілдіру мақсатымен жақын маңайға көшіп отыру да міндетті болған.Сарматтар өмірінде аңшылық үлкен рөл атқарды.Аңшылық қосымша кәсіп-қызықтау, сейіл құру қызметінде атқарады. Олар киік, қарақұйрық, қоян, түлкі, әртүрлі құстар аулады. Оларды садақпен атты, ит қосып, ұраға жығып ұстады.Сарматтардың оңтүстік шығыс және солтүстік бөлігіндегілердің негізгі шаруашылығы көшпелі мал шаруашылығы болған. Бұл аймақтан сармат заманына қатысты әлдебір суландыру құрылыстарының іздері табылмаған. Арал-Каспий теңіздері аралығы тұрғындарының егіншілікпен айналысқанын дәлелдейтінде еш дерек жоқ.Еділ-Жайық бойын, Дон өзені манын мекендеген сарматтардың көп бөлігінің шаруалығында мал шылықпен қатар егіншілікте маңызды орын алды. Олар көшпелі тұрмыспен бірге жартылай көшпелі, тіпті отырықшы жұрттарды қалыптаса бастады. Бұл өңірдегі сарматтардың тұрақты мекендері де болған. Ондағылар жер өңдеп, егін егіп, қол өнер кәсібімен айналысқан. 2.Түркілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесін жан-жақты талдаңыз.
Көне түркілердің көрші елдермен мәдени және экономикалық тығыз байланыста болғаны тарихтан белгілі. Ол туралы Альфред Вебер: «Орта Азиядан шыққан көшпелі халықтар Қытай, Үнді және Батыс елдеріне баса көктеп еніп (жылқымен) жоғарыдағы үш атырапқа да ықпал етті. Ат үстіндегі көшпелі халықтар дүниенің кеңдігін таныды. Қиын-қыстау тіршілікпен қауіп-қатерлі мол жорықтар арқылы дүниенің жалғандығын түсінді. Ол үстем нәсіл ретінде дүниеге ерлік пен трагедиялық сананы орнықтырып, оны эпос түрінде паш етті...» дейді. Көне түркі тайпалары мен Солтүстік Үндістан тайпаларының арасындағы мәдени байланыстарды Пакистанның Қарақорым аймағынан табылған жартастағы суреттерден байқауға болады. 3.ХІХ ғ. 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күрестер болған аумақтарды карта бойынша белгілеңіз және маңызын түсіндіріңіз.
Орал мен Торғай облысындағы көтерілістің шығуына 1867-1868 жж. реформа себеп болды. Орал мен Торғайдағы көтеріліс 1868 ж.желтоқсан айынан 1869 ж.қазан аралығында болды. 1869 жылы 6 мамырда көтерлісшілер 20000 қолмен Жамансай көлі маңында фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасады. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерлісшілер феодалдық топтарға 40 астам шабуыл жасады, оған 3 мың көтерлісшілер қатысты. Оралдағы көтерілісті басуға полковник Рукин мен Веревкин бастаған жазалаушы әскер қатысты.
24 - Билет 1.Түркілердің материалдық және рухани мәдениетінің ерекшеліктері (VІ-XII ғғ.).
Көне түркі дәуірінің мәдени, әдеби ескерткіштерін сөз етуден бұрын беретін келе қазақ халқын құраған тайпалық бірлестіктерінің тұрмыс- тіршілігі, әлеуметтік өмірі жайында бірер сөз айта кеткен дұрыс. Өйткені “Өз өміріндегі қоғамдық өндірісте адамдар өздерінің дегендеріне қарамайтын, белгілі бір, қажетті қатынастарда - өндірістік қатынастарда болады, бұл қатынастар олардың материалдық өндіргіш күштері дамуының белгілі бір сатысына сай келеді. Осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылымы, реалдық базисі болып табылады, осыған келіп заңдық және саяси қондырма орнайды және бұған қоғамдық сананың белгілі бір формалары сай келеді. Материалдық өмірдің өндіріс әдісі жалпы өмірдегі әлеуметтік, саяси және рухани процестерді туғызады. Адамдардың санасы олардың болмысын бейленейді, қайта керісінше, олардың болмасы олардың санасын билейді.ордасы Орхон өзенінің (Монғолия) жоғарғы сағасында болды. Бумынның інісі қаған ҮІ ғасырдың орта кезінде Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін күйрете жеңді. Түрік қағанатының территориясы бұрынғыдан да ұлғайып, әскери қуаты арта түсті. Сөйтіп, “халықтардың ұлы қоныс аударуы” Қазақстанның, Орта және Алдыңғы Азияның, сондай-ақ Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақстан территориясында жергілікті тұрғындардың антропологиялық типіне монғол типтес элементтердің жайылуының алғашқы күшті толқындарының бірі және өлкенің бүкіл территориясында түркі тілдерінің кеңінен таралуы ғұндардың қысымымен болған шығыс тайпаларының миграциясымен байланысты болса керек. Орта Азия мен Қазақстан территориясында бірте-бірте патриархалды –феодалдық қатынастар қалыптасып, ежелгі феодалдық мемлекеттер құрыла бастады. Орталық Азиядағы көптеген тайпалық одақтардан бірігіп пайда болған осындай ежелгі феодалдық мемлекеттердің бірі. Түрік қағандығы (552-745 жылдар) еді. Бұл қағандыққа енген тайпалар алғашында Алтай мен Жетісудың бір бөлігін мекендеді. “Түрік” деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. “Түрік” этнонимі алғашқы кезде белгілі бір адамның ата-тегі шонжар топтағы немесе әскери ақсүйектерден шыққанын білдірген. Кейінірек бұл сөздің семантикасы бірте-бірте ұлғайып, билік жүргізуші, үстемдік етуші, яғни “патша” шыққан тайпаның символы болған. Бертін келе сол билік етуші тайпаға бағынышты болып қалған тайпаларды да көршілері түріктер деп атап кеткен. Батыс түрік қағандығы яки қағанаты – Түрік қағандығының негізінде 603 жылы құрылған ертедегі феодалдық мемлекет. Бұл қағанаттың территориясы Жетісу мен Шығыс Түркістанды, Тянь-Шаньның батыс беткейі мен Орта Азияны алып жатты. Қағанаттың орталығы Шу өзені алқабындағы Суяб қаласы еді. Қағанаттың бірінші басшысы – қаған, жоғарғы әміршісі әрі әскер басы болды. Батыс түрік қағанатының негізін қалаған Бумын қағанның інісі Істемі–қаған болды. Түріктер 558 жылы аварларды Батысқа ығыстырып, Еділ мен Жайық бойын өзіне қаратып алды. Білге қаған мен оның інісі Күлтегін осы ұлан-ғайыр қағанаттың тәуелсіздігін тан империясынан қорғау үшін күрескен. Кезінде Батыс түрік қағандығын құраған түрлі тайпалар кейіннен қазақ халқының құрамына еніп кеткені мәлім.Батыс Түрік қағанаты ыдырай бастаған кезде олардан қимақтар мен қыпшақтар оқшауланып бөлініп шықты. Қыпшақтар – ерте кезден-ақ Орталық Азияны мекен еткен көне тайпалардың бірі екені мәлім. Қыпшақ қоғамы – ертедегі феодалдық мемлекет бірлестігі ретінде өмірге келген. Олар Ертіс өзенінен бастап сонау Дунайға дейінгі ұлан-ғайыр кең алқапты мекен етті. Қазіргі қазақтардың арғы аталарының бірі саналатын қыпшақтарды Европада- қумандар, ал Ресейде - половецтер деп атаған. Сонымен ҮІ-ҮІІ ғасырларда көшпелі және жартылай көшпелі өмір сүрген қаңылылар, қарлұқтар, шігілдер, тухшлер, яғмалар, оғыздар, қимақтар, қыпшақтар, т.б. тайпалар бертін келе түркі тілдес халықтардың этникалық құрамына негіз болып қаланды. 2.Ж. Ташеновтың қоғамдық саяси өміріне баға беріңіз.
1934 – 1939 жылдары Бейнетқор ауданы атқару комитетінің хатшысы, аудан жер бөлімінің меңгерушісі
1939 – 1943 жылдары Ақмола облысы жер бөлімі бастығының орынбасары 1944 – 1947 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы партия комитеті хатшысының орынбасары, мал шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі 1947 – 1948 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы атқару комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы (1948 – 1952) 1952 – 1955 жылдары Ақтөбе облысы партия комитетінің 1-хатшысы 1955 –19 60 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі төралқасының төрағасы 1960 – 1961 жылдары Қазақ КСР-і Министрлер Кеңесінің төрағасы 1961-1975 жылдары Шымкент облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары Өмірінің соңғы кезеңінде «Қаракөл» ғылыми-зерттеу институтында, Оңтүстік Қазақстан облыстық талдау-есептеу орталығында қызмет атқарған. 3.«Қалмақ қырылған», «Аңырақай» шайқастары болған өңірлерді карта бойынша белгілеңіз және болған жылдарын анықтаңыз
Қалмақ қырылған» шайқасы- 1726 жылы Ұлытау өңіріндегі Бұланты және Білеуті өзендері аралығында . "Қара сиыр" деген жерде қазақ жасақтарының жоңғар басқыншыларымен болған шайқасы.
"Аңырақай шайқасы"- 1730 жылдың көктемінде Балқаш көлінің оңтүстігінде, Аңырақай түбінде (калмақтардың аңырауы, боздауы), Әбілқайырдың басшылығымен үш жүздің ортақ әскері қалмақтарға күйрете соққы берді.
25 - Билет
1.Алғашқы адамдардың діни көзқарастарының қалыптасуы
Діннің пайда болып даму жолында біршама себептер бар.
Біріншіден, дін мифологиялық санага қараганда, адамның абстрактылық ойлау қабілетінің анағұрлым биік дәрежеде дамуын талап етеді (о дүние, мәңгілік, шексіздік, эсемдік, ізгілік жэне т.б. ұғымдардың пайда болуы).
Екіншіден, адамның реалдық Дүниедегі, эсіресе қогам өміріндегі себептік-салдарлық, қажеттік жэне кездейсоқтық т.с.с. байланыстар мен қатынастарды сезініп, соларды
түсінуге болады. Бірақ олардың мәнін дұрыс түсіне алмаганнан кейін, адамдар табиғаттагы заңдылықтарды неше түрлі қүдіретті күштерге теңеп, соларға табыну арқылы оларды адамга керек багытта өзгертуге ықпал жасауға болатынына сенді.Үшіншіден, адамның әлеуметтік өмірдегі зардап шегуі, езілуі, зорлық-зомбылықтың жақсылық пен ізгілікке қараганда басымдылығы оның көкейінде бұл Дүниедегі өзінің өміріне қанағаттанбай, әрдайым шынайы құндылықтарды армандап, оның әлемін о Дүниемен теңеуге әкеліп соқты.Төртіншіден, адамның өз өмірінің уақытшалығы, әрдайым оның өлместікке деген қиялын оятып, оның мәңгілік, кемеліне келген бақытты Дүние болуы керек деген ойын тугызды.
Басқа қоғамдағы сан алуан қүбылыстар сияқты дін де тарихи өзгерістерге түсіп, өзінің әртүрлі багыттарын тудырды. Бүгінгі таңда жер бетінде үш негізгі дүниежүзілік діндер бар. Христиан дініндегі негізгі идея — эсхатология (eschatos — соңғы, грек сөзі, logos — ілім) тарихтың, Дүниенің соңында Мессияның (құтқарушы) екінші келуі, тірі жэне өлген адамдарды таразыға салып, біреулерін тозаққа, екіншілерін мәңгі жүмаққа аттандыру.
2.Қазақ зиялылыларының ұлттық өкімет құру жолындағы іс-әрекеттері және «Алаш» қозғалысының тарихи мәнін талдаңыз.
Қазақ халқы ұлт-азаттық күресінің асқар шыңы – ХХ ғасыр басындағы Алаш қозғалысы болды. Бұл қозғалыстың басында қазақ зиялылары тұрды. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен 1917 жылғы Ресейде басталған революция қазақ зиялыларының өз халқының құқықтарын қорғау жолындағы қызметін жандандыра түсті. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себеші болған жағдай- уақытша үкіметтің басқа шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық-зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ еліндегі асқынған жер мәселесі шешілмеді, казак әскері, қарулы солдаттар мен қоныстанушылардың панасыз жергілікті қазақ халқының үстінен жүргізген озбырлығы өрши түсті. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттық мемлекекеттілік туралы мәселе талқылауға түсті. Осы мәселені қамтыған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5-желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Нәтижесінде, «Алаш» автономиясы дүниеге келіп, елді бүліншіліктен қорғау мақсатымен Алашорда аталған Ұлт Кеңесі құрылды. Оған 25 адам мүше болды. Төрағасы-Ә.Бөкейханов. Бүлінушліктен қорғау үшін бірден милиция құруға шешім қабылданды. Одан өзге ұлт қазынасын құру, оқу-ағарту жүйесін қалыптастыру т.б. шаралар арқылы ұлттық мемлекеттің шаңырағын көтеруге тырысты. Алаш қозғалысы Қазақстанда ХІХ ғ. соңы мен ХХғ. бас кезіндегі қоғамдық-саяси жағдай және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш қозғалысының алдына қойған мақсаты- қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, тәуелсіз мемлекет құру мен қазақ қоғамының дүниежүзілік мәдени қауымдастыққа енуін қамтамасыз ету, өркениетті елдер қатарын қосу болды. 3.1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс және шайқас болған негізгі аудандарды карта бойынша белгілеңіз
Жетісу облысы Жаркент уезі көтерілісшілерінің Асы жайлауында, Қарқараның таулы алабында, Самсы, Кастек, Нарынқол, Шарын, Жалаңаш, Құрам елді мекендері аудандарында, Лепсі уезінің Садыр-Матай болысында және басқа жерлерде патша жазалаушыларымен ірі қақтығыстар болады. Осындай жағдайда Верный уезінде Б.Әшекеев Жетісудың бытыраңқы көтерілісшілер топтарын біріктіру үшін шаралар қолданып, 1916 жылғы 13 тамызда Ошақты деген жерде әр түрлі болыстар өкілдерінің съезін шақырады. Съезде тыл жұмыстарына адамдар алу туралы жарлық шығарған үкімет орындарына қарулы қарсылық көрсетуге дейін барып, бағынбауға шешім шығарды. Өз жақтастарымен Үшқоңыр тауындағы Ошақты сайына орнығып алған Б.Әшекеев қарулы қарсылыққа дайындала бастады, сонымен бірге көтерілісшілердің қатарын жаңа күштермен толықтыру жөнінде шаралар қолданды. Алайда, бұл әрекеттер айтарлықтай
жетістіктер бермей Б.Әшекеев басшылығымен орын алған Жетісудағы ұлт-азаттық көтеріліс-басылып-жаншылады.
Көтерілістің ірі ошақтарының бірі - Торғай өңірі болды. Көтерілісшілер саны 50 мыңға жетеді. Бұл кезде Торғай уезі негізінен қыпшақ және арғын рулары шоғырланған 13 болыстан тұратын. Көтерілістің бастапқы кезеңінде толқулар қыпшақтар мекендеген Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарытоғай, Қарақопа болыстарын, сондай-ақ негізінен арғындар мекендеген Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, екінші Наурызым болыстарын қамтыды.
Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында Татырда, Ақшығанақта, Доғал-Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Шайқас 1917 жылғы ақпанның екінші жартысына, яғни ақпан революциясына дейін созылды.
26 - Билет
1. Қазақ хандығындағы билердің рөлі мен атқарған қызметіне жан- жақты баға беріңіз.
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды. Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған. Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан
кейінгі үшінші орынға қояды. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз. Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды. Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді. 2. С.Датұлы мен К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістерге салыстырмалы талдау жасаңыз
Ұқсастығы:Сырым Датұлы мен Кенесары Қасымұлы бастаған топтың алдында өмірлік екі мәселені шешу міндеті тұрды:1) ыдырап бара жатқан дәстүрлі қазақ мемлекеттілігін құтқару 2) жер мәселесін шешу. Олар өз күш-жігерлері мен өмірін осы екі мәселені шешуге жұмсады.Екі көтерілістің де басшылары халық тарапынан қолдау тапты. С.Датұлын Кіші жүздегі қазақ руларының барлығы дерлік қолдады. 1786 жылға қарай ол өз маңайына 7 мыңдай көтерілісшілерді жинақтады. Кенесарыны үш жүздің халқы дерлік қолдады, ол қазақ даласындағы көтерілісшілердің ішінде ең көп әскер (20 мың) жинай алды. Екі көтерілісте де отаршылдыққа қарсы күрес аясына саяси бағыттары өзара үйлеспейтін әр түрлі әлеуметтік топтар (сұлтандар, батырлар, билер, ру басылары,қарапайым халық т.б.) тартылды. Алайда Сырым мен Кенесары олардың барлығының мүддесін бір арнаға – отаршылдық жүйеге қарсы тоғыстыра білді.Сырым отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісіне(1773-1775жж.) белсене қатысу арқылы жинады десек, Кенесары туған ағасы Саржан Қасымұлы мен әкесі Қасым Абылайұлы бастаған көтеріліске (1825-1836жж.) қатыса жүріп күрес сабағын алды.Сырым Датұлы - дәстүрлі билік жүйесі Хандық Кеңестің (1797ж. Кіші жүзде көтерілісшілерді «тыныштандыру» үшін енді жаңа хан сайланбайтын болды. Кіші жүзді басқару Хандық Кеңеске берілді) қайта орнауына қол жеткізіп, осы арқылы мемлекеттіліктің соңғы нышандарын сақтап қалды. Кенесары Қасымұлы – Қазақ хандығын құрып, мемлекеттілікті қалпына келтірді. Екі көтерілістің жеңілуіне әсер еткен ортақ жайттар болды. С.Датұлы екі жақты күрес жүргізсе (патша үкіметі мен Нұралы хан мен оның төңірегіндегілерге қарсы), К.Қасымұлы патша үкіметі мен Қоқан хандығына қарсы күресті және өзін қолдамаған қырғыздар жеріне басып кірді.Жеке тұлғалық қасиеттерімен ерекше көзге түсті. Сырым батыр, шешен, ақын ретінде танымал болса, Кенесары да батыр, қолбасшы, хан, мемлекет қайраткері ретінде ел есінде қалды.Екеуі де өзге елдің жерінде қаза тапты. Сырым -1802 жылы Хиуа хандығында белгісіз жағдайда көз жұмса, Кенесары -1847 жылы қырғыз жерінде қайғылы жағдайда қаза тапты.Екі көтеріліс те тұтастай алғанда, кейбір қайшылықтарына қарамастан ұлттық сананың өсуіне септігін тигізді. Тәуелсіздікті мұрат етті.
Ерекшелігі: С. Датұлы бастаған көтеріліс қазақ даласындағы ең алғашқы, ең ұзақ (14 жылға созылды) және ХVІІІ ғасырдағы жалғыз көтеріліс болса, К.Қасымұлы көтерілісі
қазақ жеріндегі ХІХ ғасырдағы ең ірі көтеріліс болды.С. Датұлы көтерілісі барысында патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті жою әрекетін (1786-1791жж. О.Игельстром реформасы) жасаса, К.Қасымұлы көтерілісіне дейін патша үкіметі Орта, Кіші жүзде хандық билікті жойып үлгерген еді(1822, 1824жж. реформа), сондықтан, Кенесары хандық билік жойылып кеткеннен кейін, мемлекеттілікті қайта қалпына келтіру әрекетін жасады және сол мақсатына уақытша болса да жете алды.
Айырмашылығы:Сырым Датұлы Кіші жүз, байбақты руының басшысы болса, Кенесары хан ұрпағы, Абылай ханның немересі еді. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің құрамы көп ұлтты болды. Оған қазақ, орыс, өзбек, қырғыз, поляк т.б. халықтар қатысты.Сырым Датұлы көтерілісіне негізінен қазақ халқы қатысты.Сырым отаршылдыққа қарсы көтерілістің алғашқы бастаушысы болды, ол көтерілістің әр кезеңінде өз мақсатын өзгертіп отырды (Орынбор губернаторымен уақытша келісімге келуі, заңды билеуші ханды тақтан тайдыруы, өз бетімен күресті тоқтатуы – осының барлығы қозғалыстың шешуші сәттерінде оның қайшылыққа толы ұстанымда болғанын аңғартады).Кенесары күрес тактикасын өзгертіп отырғанымен,көтерілістің басынан аяғына дейін өз мақсатынан айнымады, аяғына дейін күресті, сол мақсат жолында өз өмірін құрбан етті. 3. Қазақстанда ядролық сынақтар жүргізілген аумақтарды карта бойынша көрсетіңіз және оның зардаптарын талдаңыз.
Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр, Сарышоған.
1966-1979 жж. аралығында Азғыр атом полигонында 10 алаңда 17 ядролық жарылыс жүргізілді. Жарылыстар нәтижесінде жалпы көлемі 1,2 млн.м болатын 9 жер асты жолағы және диаметрі 600 метр бір жасанды көл пайда болды. Бірінші жарылыс 300 тұрғыны бар Азғыр кентінен 1,5 км жерде 165 метр тереңдікте жүргізілді. Жарылыс
ұңғымасынан 20 күн бойы қосынды радиоактивтілігі 190 мың Ku болатын газ шықты. Келесі жарылыстар кезінде газ шығарындысы 11 айға дейін жалғасты. Полигон 80-жылдардың өзінде де жабық болатын. Алайда Азғыр полигоны аймағындағы радиациялық ахуал тұрақты емес, ластануы жеткілікті биік.
Капустин Яр ракеталық-ғарыштық полигон Ресейде Астрахан облысында орналасқан және Батыс Қазақстан мен Атырау облыстарына жазғы сынақ полигоны түрінде енеді, бұл 3 млн.га астам жерді алып жатыр. Атмосферада 11 ядролық жарылыс жүргізілді, 24000 зенитті-басқарылатын ракета іске қосылды және жарылды, 177 қару үлгісі сыналды. Әрқайсысының массасы 50 тонна болатын СС-20 типтес 619 ракета жер үсті жою барысында атмосфераға улылығы жоғары шамамен 30 мың тонна заттар шығарылған.
Қызылқоға, Қаратөбе, Тайпақ. Орда және Жаңақала аудандарының тұрғындары және табиғат кешені бірнеше жылдар бойы Азғыр және Тайсойған полигондарының қиылысқан әсерлеріне ұшырады (жер үсті ядролық жарылыстар әсері және алыстығы орташа лақтырылатын ракеталардың гептил шлейфтері). Сағыз өзенінде және Миялы кентіндегі құдық суларының ауыр металдармен ластануы ШРК асып кетеді: таллий бойынша – мың рет, кадмий – 20 есе, қорғасын – 10 есе, мыс – 10-15 есе артық, фтор – 1,5-4 есе артық.
Никель, қалайы, мырыш, кобальт, күміс, қорғасынның өсімдіктердегі құрамы сындарлы деңгейден асып кетеді.
27 - Билет
1. Ежелгі ғұндар. Орналасуы мен саяси тарихы
ұндар, хундар – ежелгі дәуірдегі тайпалар одағы, түркі халықтарының арғы тегі. Біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта қалыптасқан. Бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Моңғолияда, Байкал өңірінде қоныстанып, Қытай жылнамаларында «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген. Біздің заманымыздан бұрынғы 3 ғасырдың соңына қарай ғұндар өздерінің мемлекетін құрды. 24 руға бөлінді. Жоғары билеушісі «тәңірқұт» қытай деректерінде «шаньюй» деп аталды. Жылқының асыл тұқымдарын өсіріп, ат баптауды жетік меңгерген ғұндардың ішінде отырықшы тұрмыс кешіп, егіншілікпен шұғылданғандары да болған. Кен қазып, металл қорытқан. Қолөнері мен бейнелеу өнері жоғары деңгейде болған. Көк тәңіріне табынып, дәстүрлі құқық жүйесін қалыптастырды. Ғұндар (грекше Hunnoі, латынша Chunnі, Hunnі) әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Ғұндардың жауынгерлік құдыретінен сескенген қытайлықтар Ұлы Қытай қорғанын салдырды. Біздің заманымыздан бұрынғы 209 жылдан ғұндарды Модэ (Мөде) басқарды. Модэ билік еткен алғашқы жылдардың өзінде-ақ Қытайдың шекаралық аудандарына жорықтар жасап, оған күйрете соққы берді. Қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұндардың қол астына көшті. Біздің заманымыздан бұрынғы 177 жылға қарай Тынық мұхиттан Каспий теңізіне дейінгі жерлерді өздеріне қаратты. Біздің заманымыздан бұрынғы 1 ғасырдың орта шеніне қарай ғұндар мемлекеті толассыз қанды соғыстан, орталыққа бағынғысы келмеген күштердің әсерінен әлсірей бастады. Біздің заманымыздан бұрынғы 56 ж. ғұндар Хуханье бастаған оңтүстік және Чжичжи (Шөже) басшылық еткен солтүстік топтарға бөлінді. Оңтүстік ғұндар Ордос өңірінде қоныстанып қалды да, солтүстік ғұндар өз тайпаластарының қысымымен Саян және Байкал өңіріне ығысты. Солтүстік ғұндардың бір бөлігі 5 ғасырда Оңтүстік Қазақстан мен Орталық Азияда өз мемлекетін құрып, Ауғанстан мен Иранды, Үндістанның біраз бөлігін жаулап алды. Хань империясының бодандығындағы оңтүстік ғұндар 304 ж. Лю-хан атты өз мемлекетін құрды. Оңтүстік ғұндар 4 ғасырдың соңына қарай қайта күшейді. 5 ғасырдың бас кезінде олардың әйгілі қолбасшысы Хэлян Баба Ся патшалығын, ал Мэн Сун көсем Бэй Лян патшалығын құрды. Ордос пен Наньшан (қазіргі Қытай Халық Республикасының Ганьсу провинциясы) өңірінде құрылған осы екі мемлекет 439 ж. табғаштардың (тоба) шабуылы нәтижесінде қирады. Солтүстік ғұндардың Еділ – Жайықтағы үлкен бөлігі 4 ғасырдың 2-жартысында Қара теңіз жағалауын, Днестрге дейінгі өлкені бағындырды. Сарматтарды тізе бүктірген соң,
аландармен күрес жүргізді. 375 ж. остгот, герул, генид тайпаларын бағындырып, Еуропада өз империясын құрды. Ғұндардың Батысқа жорығы «Халықтардың ұлы қоныс аударуына» түрткі болды.
2. 1986 жылы «Желтоқсан оқиғасының» негізгі себептері мен нәтижелерін талдаңыз.
Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы болып өтті. Күн тәртібінде бір ғана ұйымдастыру мәселесі қойылды. Пленум бр-жоғы 18 минутқа созылды. Осындай қысқа мерзім ішінде аса мағызды мәселелердің бірі –республиканы ширек ғасырдай басқарған саяси қайраткерді ауыстыру мәселесі шешілді.Д.А.Қонаевтың орнына бұған дейін республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс, КОКП-ның Ульяновск обкомының бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбин тағайындалды.
1986 жылы 17 желтоқсанда таңертең Алматыда жаппай толқу басталды., кейінірек ол басқа қалаларға да таралды. Оның басталуына жылдар бойы қордаланған себептер де әсер етті.
Желтоқсан қозғалысы-ұлт-азаттық тарихында ерекше орын алды. Бұл ұлттық рухтың жаңғыру, қайта түле кезеңінің басы болды.Ұлт-азаттық қозғалыс жаңа сатыға көтерілді. Ол бүкіл халықтың рухани өміріне ісер етіп, ұлттық сананы өсірді, ұлттық рухты жандандырды. 3.ХІІІ ғ. Қазақстан аумағында құрылған ұлыстар мен олардың құрамына кірген өңірлерді кесте бойынша толтырыңыз.
Жошы ұлысы
Шығысты Ертіс өзенінен батысы Еуропа жеріне дейінгі аумақ, қазақ жерінен Шығыс Дешті Қыпшақ, Арал, Сырдың төменгі ағысы, Жетісудың солтүстік-шығысы қарады
Шағатай ұлысы
Оңтүстік және Оңтүстік –шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері қарады.
Үгедей ұлысы
Батыс Монғолия мен Алтай, Тарбағатай, Ертістің жоғары ағысы бойындағы жерлер қарады
28 – Билет
1.Көшпелілердің әлемдік өркениетке қосқан үлесі
Қaзaқ хaлқының дәстүрлi мәдeниeтiнiң дiңгeгi, ұлттың тaрихи өзiндiк сaнaсының өзeгi – көшпeндiлiк құбылысы. Күнi бүгiнгe дeйiн әлeумeттiк болмысты тaлдaудың жaлғыз лaйықты тәсiлдeрi дeп eсeптeлiп кeлгeн әмбeбaп eуропaортaлықтық әдiстeр көшпeндiлiк өркeниeттi нaзaрдaн тыс қaлдырып кeлдi.Көшпeлi хaлықтaрдың мәдeниeтi отырықшы eлдeрдiң мәдeниeтiн жaлғaстырушы, Шығыс пeн Бaтысты түйiстiрушi рөлдi aтқaрды.
Ұлыстар
Көшпeлi қоғaмның нeгiзгi өмiр сүру сaлты динaмикaдa болғaндықтaн, олaрдың бaсқa мәдeниeттeрдeн оқшaулaнып қaлмaуынa, үнeмi жeтiлуiнe дe әсeрi тиiп отырды. Бeлгiлi мәдeниeттaнушы Мұрaт Әуeзов aйтқaндaй: «Әлeм мәдeниeтiнiң кaртинaсы көшпeлiлeрдiң эстeтикaлық жәнe этникaлық тәжiрибeсiн eскeрмeй толық жәнe нeгiзiнeн дұрыс болa aлмaйды».Eкi ғaсырғa жуық уaқыт iшiндe Рeсeй импeриясының құрaмындa қaзaқтың дәстүрлi мәдeниeтi отaршылдық сaясaт пeн бaтыстық экспaнсияның әсeрiнeн eлeулi трaнформaциялық процeстeрдi бaсынaн өткерді.Сонымeн қaтaр, aдaмзaт тaрихындaғы eң ұзaқ бaзистiк өмiр сaлтын, eң ұзaқ формaцияны Eурaзия көшпeлiлeрi бaстaн кeшiргeн. Бұл рeттe Ә. Кeкiлбaeвтың пaйымдaуыншa: мұның өзi, eң aлдымeн бiр тeктeс өмiр сaлттың шыңдaлуынa, бiрiңғaй морaльдық-этикaлық нормaлaрдың кaлыптaсуынa мұрындық болды. Бaбaлaрымыздың қaлдырғaн әлeумeттiк-aдaмгeршiлiк үлгiдeгi өсиeттeр мeн рухaни мұрaны тeрeң нaсихaттaп, қaлың көпшiлiктiң игiлiгiнe жaрaту қaжeт. Қaзaқтың aуызшa тaрихы нeмeсe шeжiрe түптeп кeлгeндe, әрбiр тұлғaның, әрбiр ұлт пeн ұлыстың бaсқaғa тaнылуы үшiн, өзiндiк бiрeгeйлiгi үшiн өзiнe тән дaрaлығы болaтынын түсiнбeй, түбiрсiз мaргинaлдыққa әкeлeтiн дүбәрa ойлaудaн aрылып, ұлттың тaбиғи төлтумaлылығының дiңгeгiн құрaйтын тaрихи өзiндiк сaнaның қaлыптaсуынa оң ықпaлын тигiзeдi. 2.М.О.Әуезовтың өмірі мен қызметі және оның шығармаларының әлемдік әдебиетте алатын орнына талдау жасаңыз
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі (1946), филология ғылымдарының докторы, профессор (1946), Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1957). Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Бөрілі деген жерде 1897 жылы 28 қыркүйекте туған. Мұхтардың атасы Әуез ескіше сауаты бар, араб, парсы, ортазиялық түркі әдебиетімен таныс болған. Мұхтар бала кезінде атасының үйретуімен арабша хат таниды. Мұхтардың әкесі Омархан да, атасы Әуез де Абай аулымен іргелес отыратын, құдалы, дос-жар адамдар еді. 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.
Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.
Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5-13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Жүсіпбек Аймауытовпен бірлесіп, Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 – 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924-1925 жылы Семейдегі
мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. 3.Кестені толтырыңыз.
Ортағасырлық мемлекеттер
Иеленген жер аумақтары
Ноғай Ордасы
Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты
Көшпелі өзбек мемлекеті
Орталық және Солтүстік Қазақстан
Моғолстан
Орталық Азия
Ақ Орда
Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты
29 - Билет
1.XIX ғасырдағы қазақ халқының музыка өнері
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әр түрлі еңбек үрдістері мен тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын. Бұл кезеңде қазақтарда айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған. Олар өз руының атақты адамдары — батырлары мен билерін, балуандарын мадақтап, дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің сөзін бірі іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түс- кен. Айтыс ақындары өздерінің білімін, ақыл-парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар күшін жұмсайтын. XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы
толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби поэзия қалыптаса бастады. 2.С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өміріне баға беріңіз.
Санжар Асфендияров — XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілі. Ол 1912 жылы Ресейдің ең ірі ғылыми және мәдени орталығы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын алтын алқамен үздік бітірді.Патша заманында Ресейде білім алған энциклопедист-ғалым, Кеңестік Ресей мен Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік қайраткері, шебер ұйымдастырушы, талантты азамат Санжар Асфендияров — қазақ елінің болашағы үшін қайраты мен күш-жігерін аямаған тарихи тұлға Гүлсім Асфендиярова (Аспандиярова) 1913 жылдан Ташкент қаласындағы әйелдер босанатын үйдің бас дәрігері болды. 1920 жылы Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен жергілікті халықтардан шыққан әйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырды, әрі сол мектептің меңгерушісі және оқытушысы болды. 1924 жылы бұл мектеп Ю.Ахунбабаев атындағы медициналық техникумға қосылды. Гүлсім Сейітжапарқызы өмірінің соңына дейін осы техникумда дәріс берді. Ол оқытқан шәкірттерінің арасынан кейін Орта Азия мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары өсіп шықты.Сонымен, Санжар Асфендияров ауқымды ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыспен айналыса жүріп, өзінің ғылыми ізденістерін жүргізуге мүмкіндік тауып отырған. Көптеген жылдарға созылған ғылыми-зерттеу жұмысының заңды нәтижесі ретінде ғалымның еңбектері көпшілікке таңымал болған ғылыми еңбектері өмірге келіп, артынан өзінің бай ғылыми мұрасын қалдырған болатын. 3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және олардың бойында орналасқан ортағасырлық қалаларды белгілеңіз.
Отырар,Құлан,Саудакент,Сайрам(Испиджап),Сарайджук(Сарайшық)
30 - Билет
1.Қарқаралы петициясы және оның тарихи маңызы.
ХХғ. басында отарлық жағдайда тұрған өзге де ұлттар (үнді, қытай т.б.) отарлаушы империяның күшті құрылымына қарсы тұра алу үшін –«күш қолданбай қарсыласу», «өзін-өзі күшейту», бейбіт шеру, байкот жариялау сияқты әдістер қолдана бастады. Халықты қырғынға ұшырататын көтеріліс түріндегі қарулы әдіс өзін-өзі ақтамады. Ұлттық мүмкіндіктерді ортақ мақсаттарға жұмылдыра алатын, жаңа күрес тәсілдерін тиімді
пайдалана алатын әлеуметтік күш- ұлт зиялылары еді. Олар ХХғ. басында жаңа күрес әдістерін –ұлттық құндылықтарды қорғау тұрғысынан халық ағарту ісін алға тартып, газет-журнал, кітап басып шығаруды қолға алды. ХХғ. басынан (1902ж.)бейбіт күрес әдістері ретінде, талап-тілектерді жазбаша түрде талап ету – петиция әдісі қолданыла бастады. 1905 жылы Семей облысы, Қарқаралы уезіндегі Қоянды жәрмеңкесінде атақты «Қарқаралы петициясы» дүниеге келді. Оны Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақпаев сияқты зиялылар ұйымдастырды. Оған 14,5 мың адам қол қойды 2.Қазақстандықтардың фашистік агрессорларға қарсы майдандағы ерліктерін талдаңыз
ҚАБЫЛОВ ТӨЛЕН:шайқасына Дон, Қырым, Украина, Белорусь, Литва жерлерін азат ету ұрыстарына қатысқан.«Қызыл Жұлдыз», 3-дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.
НҰРКЕН ӘБДІРОВ: Өшпес ерлік жасап, Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандықтардың бірі – әскери ұшқыш Нұркен Әбдіров.Алғашқы әуе шайқасына 23 қазанда қатысып екі айға жетер-жетпес уақыт ішінде 16 рет әскери әуе жорығына араласты жаудың 12 танкісін 28автомашинасын және т.б.техникаларын 50-ге тарта солдаты мен офицерін жойды,Нұркен Әбдіровке әскери міндетін атқару кезінде көрсеткен мұндай өшпес ерлігі үшін 1943 жылы 31 наурызда Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
СҰЛТАН БАЙМАҒАМБЕТОВ:Өзі де 4 рет жараланған. 1943 жылы 25 шілде күні болған шайқаста жау дзотын кеудесімен жауып тұншықтырып,ерлікпен қаза тапты.1944 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі.Төралқасының шешімімен Сұлтан Баймағамбетовке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
ТАЛҒАТ БИГЕДИНОВ: 1943 жылдың ақпанынан майданға жіберіліп, сол жылғы 7 наурызда «Ил-2» шабуылшы ұшағымен жаудың «Мессершмит-109» жойғыш ұшағын атып түсірді. Бұл ерлігі бұрын-соңды кездеспеген оқиға ретінде әлемдік авиация тарихына енді. Соғыс кезінде ол 305 рет жауынгерлік тапсырмамен ұшып шығып, жаудың жүздеген танктерін, зеңбіректері мен солдаттарын жойды. Әуе шайқастарында фашистердің 7 ұшағын атып түсірді. Соғыстан кейін әскери-әуе күштерінде қызмет істеді.
ТӨЛЕГЕН ТОҚТАРОВ: Ұлы Отан соғысы жылдарында Төлеген Тоқтаров 8-ші гвардиялық атқыштар дивизиясы қатарында болды. 1942 жылы 9 ақпанда Бородино үшін болған ұрыста асқан ерлікпен қаза тапты.
ӘЛИЯ МОЛДАҒҰЛОВА: 1943 жылдың тамызынан 2-ші Прибалтика майданында 26-шы атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, асқан мергендігімен көзге түседі. Ефрейтор Молдағұлова Новосокольники темір жол бекетінің маңында болған ұрыста жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза табады.
МӘНШҮК МӘМЕТОВА: 1942 жылы тамызда Қызыл Әскер қатарына алынып, 21-ші атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты. Аға сержант, пулеметші Мәншүк Мәметова ұрыстарда өзінің асқан мергендігімен және табанды ба тылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәметова ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен генерал-майор И.В. Панфиловтың басшылығымен Алматыда жасақталған 316-шы атқыштар (8-гвар-
диялық) дивизиясы құрамында майданға аттанады. Батальон, полк командирі болады. Соғыстың соңғы жылдарында осы гвардиялық дивизияны басқарады. 1950 жылы Кеңес Әскері Бас штабының жанындағы Жоғары әскери академияны бітіріп, әскери академияда сабақ береді және тұрақты әскери қызмет атқарады.