Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155206

Қазақстан тариxы 7 сынып (сұрақ-жауап)

Қазақстан тариxы  7 сынып

1. Қазақстанда ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекет. Түрік қағанаты.

2. «Түрік» этнонимі қытай жылнамаларында кездесе бастаған жыл. 542 жыл.

3. Бумын қаған осы оқиғадан кейін ел-хан атағын алып Түрік қағаны болады. Жужан қағанын жеңгеннен кейін.

4. Бумын ел басқарған кезең. Түрік кезеңі.

5. Қытай жылнамалары бойынша «түрік» сөзі: «теле» сөзінен шыққан.

6.Түрік қағанаты халқының айналысқан шаруашылығы. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы.

7. Түрік қағанатының Батыс және Шығыс Түрік қағанаты болып бөлінген уақыты. 603 жыл.

8. Батыс Түрік қағанатының жазғы ордасы. Мыңбұлақ.

9. Батыс Түрік қағанатының астанасы. Суяб.

10. Батыстағы елдерді жаулап алуды ойлаған Батыс Түрік қағаны. Тон Қаған.

11. Батыс Түрік қағанатының билеушісі Тон қаған: Орта Азиядағы басқару жүйесін қайта құрды.

12. Салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға берген атақ. Селиф.

13. Батыс Түрік қағанатындағы қаған руынан шыққан ақсүйектерге берілген лауазымдар. Ябғу, шад, елтебер.

14. Батыс Түрік қағанатында сот істерін атқарды. Бұрықтар мен тархандар.

15. Батыс Түрік қағанатындағы «қара бұдундар»: Қарапайым халық.

16. Батыс Түрік қағанатындағы «тат» сөзінің мағынасы. Құл.

17. Түргеш қағанатының өмір сүрген уақыты. 704-756 жылдар.

18. Түргеш қағанатының негізін салды: Үшлік қаған.

19. Түргеш қағанатының Кіші ордасы. Күнгіт.

20. Түргеш қағанатының Кіші ордасы Күнгіт орналасты: Іле бойында.

21. Түргеш қағанаты бөлінді: 20 әкімшілік аймаққа.

22. Арабтар ашық майданға түсуден, соғысудан сескенген Түргеш қағаны. Сұлу.

23. Ылғи да жеңіске жетуіне байланысты Сұлу қағанға берген арабтардың атауы. Сүзеген.

24. 751 жылы Атлах маңындағы түргештер мен қытайлар арасындағы шайқастың нәтижесі. Қытайлар Жетісудан біржола кетті.

25. Түргеш қағанаты құлады: 756 жылы.

26. Түргеш қағанатын құлатып билікті қолдарына алды: Қарлұқтар.

27. Соғдылардың Түркістан мен Жетісуға қоныс аударуы саудаға байланысты екенін айтты. В.В.Бартольд.

28. Қарлұқ қағанаты өмір сүрді: 756-940 жылдар.

29. VIІ ғасырдың басындағы қытайдың «Таньшу» хроникасында көрсетілетін қарлұқтардың құрамындағы тайпалар: Бұлақ, жікіл, ташлық.

30. ІХ ғасырда қарлұқтар өздерінің шығысындағы аталған мемлекеттен жеңіліс табады: Ұйғыр қағанатынан.

31. «Қарлұқтар тұрған аймақ... халық неғұрлым жиі қоныстанған және ең бай жерлер» деп айтылады: «Худуд әл-алам».

32. Қарлұқтар еліндегі қалалардың саны: 25 қала.

33. Қарлұқтар елінде 25 қала мен қоныс болғаны жайында айтылады: «Худуд әл-алам»

34. Оғыз мемлекетінің өмір сүрген уақыты. ІХ ғасырдың соңы – ХІ ғасырдың басы.

35. Оғыз мемлекетінің астанасы. Янгикент.

36. Оғыздардың құрамындағы тайпалар саны. 24.

37. Оғыздардың құрамында 24 тайпаның бар екені жайында дерек қалдырған. Махмуд Қашғари.

38. Оғыздарда жабғудың мұрагерлері. Инал.

39. Оғыздарда иналдың тәрбиешісі: Атабек.

40. Оғыз қоғамында маңызды роль атқарған әскер басының лауазымы. Сюбашы.

41. Оғыз мемлекетінде жабғудың кеңесшілері. Күл-еркіндер.

42. 965 жылы (Х ғасыр) оғыздар одақ құрған мемлекет. Киев Русі. (Хазарларға қарсы)

43. Оғыз мемлекетінің қайтадан күшейген кезі. Шахмәліктің кезі.

44. Әл-Бирунидің айтуынша оғыздар көшіп жүрді: Ұлытау баурайында.

45. Түркістан аймағында оғыздардың елтірі беретін қойларды көп өсіргенін айтқан ғалым. Ибн Хаукаль.

46. Оғыздар мен қимақтар туралы «Ондағы шеберлер темірден ғажайып әдемі бұйымдар жасайды» деп айтты. Әл-Идриси.

47. VII ғасырдың басында қимақтар мекендеген өлке. Монғолияның солтүстік-батысы.

48. Қимақтардың ішіндегі ең атақты тайпа. Қыпшақтар.

49. Қимақтардың екінші астанасы Карантия қаласы орналасқан жер. Алакөл көлінің жағасы.

50. Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне шабуыл жасады. Қарахан мемлекеті.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (kaz-tarih7.zip)Қазақстан тариxы 7 сынып20 Kb
 
10.09.2016 21:12