Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154429

Қазақ тілі, Қазақстан тарихы, математика, физика, химия, биология, география и т.п. (1061)

1. Термин сөздерді көрсетіңіз.

A) Отарба, ұрын бару.

B) Диалект, садақ.

C) Сауыт, айбалта.

D) Эвфемизм, дисфемизм.

E) Адырна, найза.

2. Буын талғайтын дыбыстар қатарын белгілеңіз.

A) А, Ы.

B) О, Ы.

C) У, І.

D) О, Ө.

E) Е, И.

3. Жіңішке буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Мұғалім.

B) Ауылдас.

C) Қаздар.

D) Етікші.

E) Батырлық.

4. Есім сөзден жасалған туынды зат есімді табыңыз.

A) Тарамыс.

B) Басқыш.

C) Адамдық.

D) Күрек.

E) Батпақ.

5. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

A) Бесінші сынып.

B) Он төрт.

C) Миллионыншы.

D) Отыз орындық.

E) Үш бала.

6. Қарсылықты жалғаулықты шылауларды анықтаңыз.

A) өйткені, себебі, неге десең.

B) алайда, әйтпесе, бірақ.

C) және, әрі, пен.

D) егер, онда, да, де.

E) сондықтан, сол себепті.

7. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Бал арасы.

B) Мұражайға саяхат.

C) Оқыған соң ұғу.

D) Бас киім.

E) Әр уақытта.

8. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

A) Бір топ елік жайылып жүр

B) Бізбен бірге жүресің бе

C) Уһ, шаршап қалыппын ғой

D) Тіліңді тарт

E) Бұл кісілер қай жердікі

9. Стиль түрін ажыратыңыз.

Тіл – тіліп түсер наркескен, сөз – өткір жебе тау тескен.

A) Ғылыми.

B) Публицистикалық.

C) Көркем әдебиет.

D) Ауызекі.

E) Ресми.

10. Синонимдік қатарды белгілеңіз.

A) Он, екі, бес.

B) Ынтымақ, бірлік, араздық.

C) Барлық, барша, түгел, күллі.

D) Әдебиет, ұстаз, оқушы.

E) Бау-бақша, орман, саябақ.

11. Антонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Көз көрім жер, алыс.

B) Саулық, тереңдік.

C) Алыс, шалғай.

D) Дулыға, сәукеле.

E) Бару, оқу.

12. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар жалғанған сөздер қатарын табыңыз.

A) Белдік, ұшқыш.

B) Ілмек, жауын.

C) Туысқан, әжетай.

D) Асқардікі, жауынгер.

E) Айлакер, оқулық.

13. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Су тегі, қалам ақы.

B) Жан күйер, қызыл ала.

C) Сая жай, мал басы.

D) Ас қабақ, қасқа бас.

E) Ер Тарғын, бет ашар.

14. Есім сөзден жұрнақ арқылы жасалып тұрған туынды сөзді көрсетіңіз.

A) Үлкен.

B) Шолақтау.

C) Шашпа.

D) Денелі.

E) Төзім.

15. “Еш” сөзінің қай сөзбен бірге жазылатынын белгілеңіз.

A) Еш(нәрсе).

B) Еш(уақытта).

C) Еш(болу).

D) Еш(қашан).

E) Еш(адам).

16. Қате жазылған үстеуді белгілеңіз.

A) Таң ертең.

B) Әрі.

C) Лажсыздан.

D) Мүлдем.

E) Енді.

17. Есімдіктен болып тұрған бастауышты табыңыз.

A) Алты – жұп сан.

B) Әжем – дана адам.

C) Ол – әкем.

D) Ертең кел.

E) Ештен кеш жақсы.

18. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Мен әуелде айдың туғанын байқамай қалдым.

A) Атаулы.

B) Толымды.

C) Сабақтас.

D) Салалас.

E) Толымсыз.

19.  Қаратпа сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) Жоқ, дұрыс емес.

B) О не дегенің?

C) Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім.

D) Қош болыңдар, амандықпен кездесейік.

E) Тыңда, елім, әнімді.

20. Бірыңғай күрделі сөздер қатарын табыңыз.

A) Күздігүні, дала.

B) ҚазТАГ, балалық.

C) Жолсерік, той-томалақ.

D) Фотосурет, қалам.

E) Жалғау, Әліби.

21. Ауыспалы өткен шақты білдіріп тұрған етістіктер қатарын көрсетіңіз.

A) Келді, алмады, хабарласты.

B) Келіппін, алмаппын, хабарласыпсыз.

C) Келді, алатын, хабарласыпты.

D) Келген еді, алған еді, хабарласқан еді.

E) Келетінмін, алатынмын, хабарласатын.

22.  "Жарқыл" деген туынды зат есім қай сөз табынан жасалғанын белгілеңіз.

A) Одағай.

B) Шылау.

C) Еліктеу.

D) Үстеу.

E) Етістік.

23. Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Соңғы тұжырымы осы болғанмен, оны балаларға айтудың да, айтпаудың да орайын таппады.

B) Әңгімені бастау үшін Сержанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.

C) Мен ағама хат жаздым.

D) Кенжебек бүгін шахтадан әбден шаршап шыққандықтан, астан кейін жатып демалды.

E) Енді он минут кешіккенде, атқа да мініп үлгермейді екенбіз.

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A) “Бұл өмірімнің  бір ұмытылмас шағы”, деді Алма.

B) “Бұл өмірімнің  - бір ұмытылмас шағы”- деді Алма.

C) “Бұл – өмірімнің  бір ұмытылмас шағы”,- деді Алма.

D) “ Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”: деді Алма.

E) - Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы, деді Алма.

25. Тыныс белгісі қойылмаған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Тек не бұйырсаң да, тезінен бұйырғайсың.

B) Ол тіпті көшелі кісі боп қапты.

C) Дегенмен, мен жаңылмаппын.

D) Ал ол өзінің келешегіне күлімсірей қарайды.

E) Бұл шынында да Нартай біле бермейтін жаңалық еді.

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІНЕН СЫНАҚ АЯҚТАЛДЫ

 
16.01.2015 16:58