Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155154

Отбасындағы қарым – қатынас және мәдениетінің ғылыми-теориялық негіздері

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі. Қай заманда да, қай елде болса да отбасының адамзат ұрпағына тигізетін ықпалы мен әсерін өмірдегі басқа ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды.Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты, қызық дәурені осы отбасында өтеді. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап, ата-ана өздерінің негізгі борыштарын-тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.Алайда, қазіргі кездегі елдегі әкономикалық әлеуметтік жағдайлардыңқиындығы, жұмыссыздық, материалдық-рухани қажеттіліктердің тапшылығы осының бәрі отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты күрделендіріп отыр. Бала тәрбиесінің негізі — бұл оның отбасы. Осы шағын әлеуметтік топ — бала үшін өмір мектебі. Отбасындағы ата-ана — баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Баланың болашағы, білімі, мәдениеті отбасындағы ата-ананың сіңірген еңбегіне, тәлім-тәрбиесіне байланысты. Сондықтан, әрбір ата-ана өзінің баласын білімді, мәдениетті, жан-жақты етіп тәрбиелеуге міндетті.

Қазіргі заманда отбасының құрылымы өзгеріп, оның мүшелер саны азайып, бала саны да кеми түсті. Қоғамдағы әлеуметтік, мәдени экономикалық жаңғырулар, әр түрлі сипаттағы әлемдік деңгейдегі ақпарат алмасу, отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынас сипатына да өз әсерін тигізіп отыр.   Қазіргі аналардың көпшілігі жұмыс жасайтын болғандықтан бала уақытының көбін пассивті тәрбиешілермен өткізеді.  Бала тәрбиесі қалалық отбасына тән болып отырған келесі ерекшеліктерімен шартталған: балалардың көбісі күннен күнге ұлғайып отырған айырылысулардың нәтижесінде әкесіз немесе анасыз өседі; теледидар, жеке бөлме т.с.с. өркениеттің жетістіктері балалар мен олардың ата-аналарының арасындағы қарым-қатынас процесін қиындатады.

Қарым-қатынастың адамзат өмірінде аса маңызды роль атқарады. Қарым-қатынас нәтижесінде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамитындығы әр жеке тұлғаның қалыптасуында жетекші факторлардың бірі болады. Қарым-қатынас барысында өзара пікір алмасу, сезім әлеміне бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу арқылы адамдар арасында сенімді кең ауқымды эмоциялар арқылы екі немесе бірнеше психологиялық жүйе не бірнеше рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар арасында келісім, өзара түсіністік, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдісі іске асады (А.В. Мудрик, А.В. Запорожец, Қ. Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева, С.М. Жақыпов, М. Мұқанов ). Отбасылық  қатынастың ерекшеліктерін А.И.Захаров, А.С.Спиваковская, А.Я.Варга, Э.Г.Эйдемиллер, Ю.Гиппенрейтер, М.Буянов, З.Матейчик, Г.Хаментаускас, А.Фром, Р.Снайдер, т.б. ғалымдар зерттеген .

Қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мәселесімен де бірқатар ғалымдар айналысқан, атап айтсақ, ресей ғалымдары Урунтаева Г.А., Афонькина Ю.А., Петерина С.В., Лисина М.И. және т.б. қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың жолдарын ұсынса, қазақ педагог-ғалымдары Шериазданова Қ.Т., Ауталипова Ү.И., Елеусізова С.М., Оразбекова К.К. және т.б. қарым-қатынас мәселелерін сөз етеді. Десек те, қазақ отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты, оның өзіндік ерекшеліктерін қарастырған еңбектердің өте аздығы анықталды. Сонымен, балалардың қарым-қатынас мәдениетін бүгінгі өмір талабына сай, ұлттық сипатта қалыптастыруды жүзеге асырудың қажеттілігі мен оны отбасы тәрбиесі жағдайында ғылыми-әдістемелік бағыттарының жеткіліксіздігі аралығында қарама-қайшылықтар байқалады.

Зерттеу мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас және мәдениетін  ғылыми теориялық және практикалық тұрғыда негіздеу.

Зерттеу нысаны: Отбасындағы қарым - қатынас процесі мен қарым – қатынас мәдениеті.

Зерттеу пәні: Отбасындағы қарым - қатынастың бала дамуына психологиялық әсері және отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру процесі.

Зерттеу болжамы:Егер отбасылық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктері, оның бала дамуына әсері ғылыми теориялық және әдістемелік тұрғыда негізделсе, онда үйлесімді тұлға қалыптастыруға болады, сонымен қатар отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға болады, егер:

- отбасы тәрбиесі жағдайында қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделсе;

- қарым-қатынас мәдениетінің өлшемдері мен көрсеткіштері нақты айқындалса;

- ата-аналарды отбасы тәрбиесі жағдайында балалардың қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру мазмұны мен әдістемесімен қамтамасыз етілсе;

-отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін

қалыптастыруды жетілдіру үшін мектеп тарапынан бірлескен әрекеттер жүйелі ұйымдастырылса.

Зерттеу міндеттері:

Отбасында  тұлғааралық қарым-қатынасты қабылдаудың психологиялық  ерекшеліктері туралы  ғылыми - теориялық әдебиеттерге талдау.

2.     Отбасындағы қарым-қатынастың бала дамуына психологиялық әсері туралы  ғылыми әдебиеттерді зерттеу.

3.     «Қарым-қатынас мәдениеті» ұғымының мәнін ашу.

4.     Отбасы тәрбиесі жағдайында балаларда қарым-қатынас мәдениетін

қалыптастырудың әдістемесін ұсыну.

Зерттеу көздері: Философиялық, психологиялық, педагогикалық бағытта жазылған еңбектер, ғылыми-зерттеулер қорытындысы бойынша жарияланған мақалалар, адам тәрбиесі мен мәдениетін қалыптастыруға қатысты жазылған тұжырымдамалар және т.б.

Зерттеу әдістері: «Отбасылық қобалжуды анықтау», «ата-ана мен бала  өзара қатынасы» сауалнамалары, социограмма, эмоционалды қатынасты анықтау, қажеттілік базасын  анықтау нәтижесі, жеке тұлғаның қақтығысын анықтау тесттері, психологиялық тренингтер.Зерттеу барысында сұрақ-жауап,тест,сұхбат,философиялық, психологиялық т.б. әдістердегі қарым-қатынас мәдениетінеқатысты мәліметтерге жүйелі теориялық талдау жасау, салыстыру, өңдеу, жүйелеу, әксперимент әдістері пайдаланылды.

 
15.10.2015 13:12