Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15515

Қазақстанда орыс-қазақ мектептері жүйесінің пайда болуы мен дамуы

Қазақстанда орыс-қазақ мектептері жүйесінің пайда
болуы мен дамуы. Н.И.Ильминскийдің педагогикалық
жүйесі.
 Қарастырып отырған к езеңде қазақ жері Ресейге толық қосылып болғандығын білеміз. Патша өкіметінің отарлау саясатының жағымсыз жақтарымен қатар оның прогрессивтік мәні орасан зор болды. Қазақстанның Ресейге қосылуы қазақ халқының мәдениетінің дамуына орыс мәдениетінің прогрессивтік ықпалының күшеюіне көмектесті. ХІХ ғасырдың орта кезінде Ресейдің өзінде ерекше әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің болғандығы белгілі.
 ХІХ ғасырдың 60-жылдары Ресей тарихында сословиелік крепостниктік тәрбие жүйесіне қарсы бағытталған педагогикалық ой-пікірінің жетістіктері кезеңі болып табылады. 60-жылдардағы қоғамдық-педагогикалық қозғалыс Ресейді мекендеген орыс емес басқа халықтардың педагогикалық ой-пікіріне ерекше ықпал етті.
 Қазақстанда ХІХ ғасырдың екінші жартысында әртүрлі типтегі орыс-қазақ мектептері ашылды. Орынбор орыс-қазақ мектебі қазақ балаларына арналып, 22 тамызда 1850 жылы салтанатты түрде ашылды. Мектепке 50 бала қабылдады. Ерекше атап өту керек, сол кездегі оқу орындарына тән мектепте белгілі тәртіп орнатылды, атап айтқанда: оқу жылының ұзақтығы белгіленді, оқу мерзімі 7 жыл, мектепке оқушыларды қабылдау (әрбір 2 жылда), жазғы демалыс уақыты (15 маусымнан 15 тамызға дейін); сабақтартардың кестесі және тәрбиеленушілердің демалысы енгізілді, емтихандардың ережелері жаслады.
 Орынбордағы қазақ мектебінің одан әрі жұмысына сонымен қатар жалпы алғанда Қазақстанда орыс білімін таратуда патша өкіметінің әкімшілігінде ресми басқару орындарында істейтін көрнекті орыс ғалымдары ерекше әсер етті.
 М.В.Ладыженскийден кейін Орынбор шекара комиссиясының төрағасы орнын белгілі шығыстанушы, шығыс тілдерін жетік білетін маман Василий Васильевич Григорьев (1816-1881) тағайындалды бұл жұмыста ол 1854 жылдан 1859 жылға дейін істеді.
 Орынборда В.В.Григорьев әкімшілік қызметпен қатар ғылыми жұмыспен айналысты, ол Орынбор өлкесі қазақтарының тарихи және мәдениетін зерттеді. Орынбор шекара комиссиясының төрағасы лауазымында жұмыс істей жүріп, Қазақстан отарлау саясатын жүргізуде қазақтардың тұрмысымен салтының және қоғамдық қатынастарының ерекшеліктерін ескере отырып, жүргізу қажет деп есептеді. Орынбор мектебі кең байтақ қазақ даласы үшін тіптен бала саны аз оқу орны болды. Өзінің өмір сүрген 19 жылының ішінде бар болғаны 48 адам бітіген екен.
 Бірақ қазақ балалары үшін ашылған бұл мектеп жабылып қалды. Елдегі қоғамдық-педагогикалық қозғалыстан сескенген халыққа білім беру министрлігі барлық типтегі мектептерді бірыңғай мемлекеттік мектеп жүйесіне бағындырды.
 Ақмола, Семей облыстары қазақтарының балалары үшін Омбы қаласында орыс мектебі ашылды. Мектептің құрылымы мен ішкі мазмұны Орынбор мектебіндей болды. Мектеп негізінен төменгі басқару аппараты үшін қазақтардың арасынан кадрлар даярлау мақсатын қойды.
 Омбы мектебі оқушылардың аздығына қарамастан, Ақмола, Семей облыстарының қазақтарының арасында орыс білімін таратуда жағымды роль атқарды.
 1865 жылы 1 қыркүйекте Троицк қаласында бастауыш мектебінің салтанатты ашылуы болды. Сонымен, Қазақстанда бастауыш орыс-қазақ мектебін ұйымдастыруда алғашқы қадам жасалды. Торғай қаласында Ыбырай Алтынсариннің ұйымдастырған орыс-қазақ бастауыш мектебінің жұмысын ерекше атауға болады. Бұл мектеп 1864 жылы қаңтарда ашылды, бұл оқиға жас мұғалімнің өмірінде ерекше із қалдырды.
 Алтынсарин 1864 жылы 10 наурызда Н.И.Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы қаңтардың 8 күні менің көптен күткен арманым іске асып, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді, бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуда қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім»1.
-----------------------------------------------------------------------
1Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары. Алматы, 1955, 273-бет.
 Мәселен, Ішкі Бөкей Ордасында мектеп жүйесі ұзақ мерзім Астрахань губерниясы училищелерінің директоры қарамағында болып келді, онда мектептердің негізгі түрлері екі жылдық орыс-қазақ және біржылдық үкіметтік, сонымен қатар старшин мектептері болды.
 Торғай және Орал облыстарында (Орынбор губерниясына кірді) мектептердің негізгі түрлері екі жылдық уездік біржылдық болыстық орыс-қазақ және ауыл мектептері ашылды. Сырдария және Жетісу облыстарында (Түркістан генерал-губернаторының құрамына кірді) орыс-түзем мектептері жұмыс істеді.
 Сонымен, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында ашылған жаңа типті орыс-қазақ мектептері патша өкіметінің пікірінше, отарлау саясатын жүргізу мақсатына сәйкес келетін бірден-бір оқу орны болатынды.
 «Бірақ орыс-қазақ мектебі, - деп жазды Т.Тәжібаев ,- үстем таптың үмітін ақтай алмады, сондықтан да көп қолдау таба алмады. Патша өкіметінің мақсаты орыс-қазақ және орыс-түзем мектептері арқылы өздерінің отарлау саясатын іс-жүзіне асыратын үстем тап өкілдерін даярлау мақсаты орындалмады. Бұл мектепті бітірушілердің көбі орысша өз сауаттарын ашып, патша өкіметінің отарлау саясатымен жақын таныса отырып, езілген бұқара халықтың мүддесін қорғау үшін күресті, ал кейбіреулері алдыңғы қатарлы қазақ интеллигенциясының қатарын толтырады».2
Н.И.Ильминскийдің педагогикалық жүйесі.
(1822-1891)
 Пенза губерниясының діни қызметкердің баласы, Н.И.Ильминский Қазан діни академиясында білім алды және онда оқытушылық жұмысқа қалдырылды. Араб тілінен білім жетілдіру және ислам дінін оқып-үйрену үшін 1851-1854 жылдары Сирия, Полестина және Мысырда болды. Н.И.Ильминский миссионерлік қызметіне даярлану үшін ол татар және араб тілдерін жете меңгерді. 1858 жылы Қазан діни академиясынан Орынбор Шекара комиссиясына жұмысқа ауысты, онда1861 жылдың аяғына дейін жұмыс істеді, ал 1861 жылы Қазан университетінің түрік-татар кафедрасының профессоры. 1872 жылдан 1891 жылға дейін Қазанның орыс-басқа ұлттар семинариясының директоры қызметін атқарды.
 Н.И.Ильминский 1858 жылдан 1861 жылдардың арасында Орынборда Шекара комиссиясында тілмаш қызметін атқарып жүргенде, қазақтың тілін, салт-дәстүрін, өмірін зерттеп, ауыз әдебиеті материалдарын жинайды, ол «Қазақ тілін үйренуге арналған материалдар» атты (Қазан, 1861 жылы) сөздігі жарық көрді. Бұл қазақ мектептерінде оқу құралы ретінде пайдаланылды. Н.И.Ильминский «Өздігінен орыс тілін үйренуші қазақтарға көмекші оқу құралын жасады». (Қазан, 1874ж).
---------------------------------------------------------------------
2 Тәжібаев Т.Т. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы ағарту ісімен мектептер.
Казгосизд ат, Алматы, 1962, 33-бет.
  Н.И.Ильминскийдің қызметі патша өкіметінің шығыстағы отарлау саясатымен тығыз байланысты болды. ХІХ ғ.60-жылдардан бастап, патша өкіметі орыстандыру саясатын күшейте отырып, бұл істе миниссионерлерді кеңінен пайдаланды.
 «Миссионер» деп патша өкіметінің орыс емес ұлттардың арасында орыстандыру саясатын іске асырумен айналысатын адамдарды айтады. Орыс емес ұлттарда патша өкіметінің саясатына, дініне, тіліне құлшылық етуге тәрбиеледі. Ол өзінің миссионерлік қызметінің негізінде шығыс халықтары үшін ерекше педагогикалық жүйесін жасады.
 Өзінің көзқарасы жағынан Н.И.Ильминский патша өкіметінің орыстандыру саясатына шын берілегн, ал ол өз қызметінің мақсаты – «орыс емес ұлттарды орыстандыру және шын мәнінде оларды діни және тілі жағынан орыс халқымен біріктіру». Бірақ Н.И.Ильминскийдің орыс емес ұлттардың арасында, оның ішінде қазақ халқының арасында халық ағарту ісінің көптеген мәселелерін талдаудағы мұрасын жоққа шығару дұрыс болмаған болар еді. Сонымен қатар Н.И.Ильминскийдің мектеп жүйесі оның реакциялық көзқарасына қарамастан объективтік тұрғыдан орыс емес халықтардың арасында білім беруді кеңінен таратуға көмектескенін ешуақытта да ұмытуға болмайды. Н.И.Ильминскийдің «Өздігінен орыс тілін үйренуші қазақтарға көмекші оқу құралы» қазақ тіліндегі бірінші оқу құралы болды. Оны құрастырғанда Н.И.Ильминский орыс тіліне оқытуда қазақ тілі орыс тілімен салыстыру қағидасын ұстанды. Бұл оқу құралына Ы.Алтынсарин өте жоғары баға берді.

 

 
15.10.2010 11:07