Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155425

Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру

ӘОЖ: 378 [37.035:37.013]     Қолжазба құқығында
Иманбетов Аманбек Нұрқасымұлы
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ СТУДЕНТТЕРГЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
13.00.01- Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика
Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Қарағанды, 2007
Жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде орындалған
профессор Арынғазин Қ.М.
 педагогика ғылымдарының кандидаты,
 доцент Рамашов Н.Р. 
 
Ресми оппоненттері:     педагогика ғылымдарының докторы,
     профессор Қожахметова К.Ж.  
 
педагогика ғылымдарының кандидаты
Қалиев Ж.Н.
Жетекші ұйым:  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
 университеті                    
Диссертация 2007 жылғы «__02__»___07_____ сағат  10-00___ Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі БД 14.50.05 біріккен диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.
Мекен-жайы: 100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, бас ғимарат, 1-дәрісхана.
Диссертациямен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28).
Автореферат 2007  ж. «_02___» _______06_______ таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы                                          Мәлібекова М.С.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. «Қазақстан – 2030» Жолдауында Республика Президенті еліміздің ұлттық қауіпсіздігін, тәуелсіздік пен егемендігін танытатын мемлекетіміздің ұзақ уақытты дамуын анықтады. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалудағы көрсеткіш болып қарастырылады.
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, қоғамның саяси және рухани өмірі саласындағы міндеттерді қайта жаңартуға бағытталған идеялық-тәрбие жұмыстары мемлекеттің стратегиялық бағдарымен анықталды. Еліміздің тәуелсіздік алып, егемендікке жетуі қазақ халқының және республикада тұратын басқа да халықтардың ұлттық дүние танымының өсуіне жағдай жасады.
Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында студенттерге этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін назарға алу, жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің және оны қазіргі жағдайда зерттеудің қажеттілігін арттыра түседі.
 Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің студенттермен кездескен сөзінде оларды патриоттыққа тәрбиелеудің қажеттілігін көрсетті. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады.
Соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттерді міндетті түрде қоғамдық пайдалы іс-әрекетке қатысуын қарастырмады, олардың патриоттық тәрбиелеу бағытын дамытуды қиындатты.
Бұл қазіргі кезде тәрбиелік мән беретін көптеген мәселелерді қайта қарауды және студенттерді жалпы Отанның өткендегі ерлік істерін терең сезіммен ұғынуға баулитындай тәрбиенің ерекше тиімді формалары мен әдістерін қарастыруды талап етеді. Әсіресе бүгінде байсалдылық, табандылық, батылдылық, батырлық, қайсарлық, білім ғана емес, әсіресе өнегелік көрсету қажет болып отырған уақытта аса маңызды.
Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі.
Қайта жаңғырған ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі рухани мұрадағы тәлім - тәрбиелік ой  пікірлер, патриоттық сана-сезім, оған деген ғылыми көзқарас.
Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу процесі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.
Қазақстан Республикасының егеменді ел болып ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату, өзекті мәселелердің бірі болуда.
Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік патриотизм» ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриотизмі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыру болып табылады.
Мұның бәрі келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының білім беру жаңа бағдарламасында, қоғамның, бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды.
Идеялық тәрбие жұмыстарының маңызды міндеттерінің бірі-патриоттық тәрбие. Патриотизм-әлемдегі бейбітшілік үшін күреспен, адамзат өміріне қауіп төндіретін термоядролық, экологиялық және террорлық апаттың алдын алумен, халықаралық қатынастарды құрумен және әлемдегі жаңа тәртіптерді бекітумен, өзара түсіністікті негізге алумен, тәуелсіз елдермен және басқа да мемлекеттермен көршілік татуластықпен, іскерлік ынтымақтастықпен тығыз байланыста болумен өлшенеді.
Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.
Тәлім-тәрбие мәселелерін зерттеуде елеулі үлес қосқан қазақстандық ғалымдар Қ.М.Арынғазин, Қ.Ж.Аганина, Ш.Ә.Әбдіраман, Е.З.Батталханов,  А.А.Бейсенбаева, Қ.Бөлеев,  Қ.Б.Жарықбаев, С.Т.Каргин, Ғ.М.Кертаева, С.Қалиев, К.Ж. Қожахметова,  С.А.Ұзақбаева, этномәдениет мәселесі бойынша М.Х. Балтабаев, Ж.Ж. Наурызбай, А.С.Сейдімбек, патриоттық тәрбие бойынша С.К.Нурмукашева, Н.Р.Рамашовтың  еңбектері.
Қ.М. Арынғазин «Мағыналы педагогикаға кіріспе» атты еңбегінде, сыныптық сабақ беріп оқыту жүйесінен, сыныптық сабақ беріп оқыту-тәрбиелеу жүйесіне көшу қажеттілігін, оқыту жолдарын тұтас педагогикалық процестің жаңа үлгісін көрсеткен.
Жаңа тәрбие үлгісіне (парадигмасына) көшу жолындағы оқыту, рухани байлықты, өнегелікті қалыптастыруды Қ.М.Арынғазин, А.А.Бейсенбаева  еңбектерінде қарастырады. Осы процесті одан әрі дамыта отырып, көптеген ғалымдар қазақ халық педагогикасы мұраларының құнды идеяларын тәрбие құралы ретінде және дене тәрбиесі, музыкалық-эстетикалық тәрбиесі арқылы қарастырғандар Р.Қ.Дүйсембінова, Т.Ә.Қышқашбаев, Ы.Оршыбеков, Е.Сағындықов,  т. б.
Ү.К.Санабаев Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерлерінің әскери қызметкерлерінде патриотизмді тәрбиелеудің педагогикалық негіздердін өз ғылыми зерттеу жұмысына арқау етіп алған. 
А.А.Бейсенбаева «Қазақтың ерлік эпосы арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде «патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәні, олардың құрылымдық компонентері мен функцияларын нақтылап, жоғары сынып оқушыларының патриотизмін сыныптан тыс жұмыстарда қазақ ерлік эпосы арқылы қалыптастырудың механизмін жасады.
Р.М.Айтжанова «Жалпы білім беретін мектеп жағдайында этнос субъектісін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» атты еңбегінде жалпы білім беретін мектептің оқушысын этнос субъектісі ретінде қалыптастырудың педагогикалық негіздерін айқындап, мектеп оқушысын этнос субъектісі ретінде қалыптастырудың теориялық моделін жасаған.
Интернацоналдық-патриоттық тәрбие мәселесін зерттеумен республикамызда бірқатар ғалымдары айналысады. Олар мына бағыттарда, атап айтсақ, ұлттық дәстүрлер мен патриоттық тәрбие, әскери-патриоттық, интернацоналдық, адамгершілік, ерлік тәрбиесі проблемаларын қарастырады (С.Ешімханов, Р.С.Елубаева, Е.Жұматаева, С.Т.Иманбаева,  т.б).
 Соңғы жылдары қазақстандық патриотизмге зор мән берілуде. Бұл тұрғыда К.Т.Әбілғазиева, Ғ.Б.Базарғалиев, Д.С.Құсайнова, А.К.Салимолдаева,   еңбектерін атауға болады.
Патриоттық тәрбиенің кейбір мәселелерін қарастырған ғалымдар  С.Ә. Әбдіманапов, Л.А. Шкутина, т.б.
 Дегенмен, жоғарыда айтылған ғалымдардың ғылыми еңбектеріне талдау жасай келе біз зерттеп отырған мәселеің толық зерттелмегені байқалды. Қазіргі жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің этнопедагогикалық негіздері арнайы жеке зерттеу пәні ретінде толық қарастырылмаған деп тұжырымдауға болады.
Жоғары оқу орындарында патриоттық тәрбие беру саласы ғылыми тұрғыда негізделген нұсқауларға мұқтаж. Сонымен бірге жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие практикасын талдау барысында студенттерді патриотизмге тәрбиелеудің тарихи-педагогикалық және этнопедагогикалық тұрғыдан толық зерделенбеуімен бүгінгі күнде студенттерді ел жанды, отанының нағыз патриоттары болып қалыптасуында этнопедагогиканың қағидаларын пайдаланудың қажеттілігі арасында қайшылық туып отыр. Сондықтан студенттердің оқу-тәрбие процесін қазақ этнопедагогикасының негізінде ұйымдастыру арқылы патриотизмге тәрбиелеу біздің зерттеу проблемамызды айқындайды.
Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орнында қазақ этнопедагогикасы негізінде  студенттердің патриоттық тәрбиесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ этнопедагогикасы арқылы студенттердің патриоттық тәрбиесін теориялық тұрғыдан негіздеп, оның әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер жоғары оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің ерекшеліктерін анықтап, патриоттық тәрбие берудің моделі жасап, оқу-тәрбие процесіне енсе, онда студенттерге патриоттық тәрбие берудің тиімділігі артады, өйткені патриоттық тәрбие халықтың педагогикалық тәжірибесінің өзегі.
Зерттеудің міндеттері:
 қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздерін ашу;
 студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерін көрсету, мәнін ашу;
 студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделін жасау;
 қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасап, оның тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие идеялары бүгінгі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбиенің қайнар көзі.
Зерттеудің әдіснамалық-теориялық негіздері: ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектерімен ой-пікірлері, этнопедагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесінің теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеудің негізгі көздері: әр дәуірде өмір сүрген ойшыл-ғұламалардың тәлім-тәрбиелі мұралары, Қазақстан Республикасының Конституциясы,  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы орта және жоғары білім беру тұжырымдамалары; Қазақстан Республикасының  білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы; «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы», Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында тәрбие берудің кешенді бағдарламасы (2000); оқу және тәрбие процесінің бағдарламалары; психологтар мен педагог ғалымдардың, жазушылардың, соғыс ардагерлерінің оқу және тәрбиеге арналған еңбектері.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-педагогикалық,  әдебиеттерге талдау жасау; белгіленген міндеттерді шешу және ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану; жоғарғы оқу орындарында студенттердің оқу-тәрбие процесін бақылау; студенттермен пікір талас, әңгіме жүргізу, сауалнама алу; модельдеу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестілігін, тиімділігін тәжрибелік-педагогикалық зерттеу жұмысы арқылы тексеру; алынған нәтижелерді сұрыптау әдістері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
 қазақ этнопедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері ашылды;
 "қазақстандық патриотизм" мен "ұлттық патриотизм"  ерекшеліктері айқындалды жәні анықтамалары нақтыланды;
 жоғары оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің моделі құрылды;
 қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің әдістемесі жасалды.
Зерттеу жұмысының практикалық мәнділігі:
Жоғарғы оқу орны студенттерін патриотизмге тәрбиелеуде жинақталған тарихи - педагогикалық материалдарын орта арнаулы оқу орындарының оқу тәрбие ісінде, қоғамдық мекемелердің тәрбие практикасында пайдалануға болатындығында.
Студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалды. Олар мына бағытта пайдаланылады:
- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты курсты оқытудағы тәрбиелік іс–шаралар жүйесі жасалынды (қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату, аударыспақ, т.б. жарыстары);
- «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» атты типтік бағдарлама жасалып оқу-тәрбие процесінде пайдаланылды;
- «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасы жасалып, енгізілді;
- «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты оқытушылармен семинар бағдарламасы жасалып, жүзеге асырылды.
Зерттеудің негізгі кезеңдері: бірінші кезеңде (2000-2002 жж.) тақырып анықталды, зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері, әдістері жазылып, тұжырымдалды. Тақырып бойынша теориялық - педагогикалық негіз зерттелді, патриоттық тәрбие материалдары бойынша деректер жинақталды.
Екінші кезеңде (2002-2005 жж.) жиналған теориялық және деректі материалдарға жүйелі ғылыми талдау беріліп сұрыпталды.
Үшінші кезеңде (2005-2007 жж.) жиналған материалдар теориялық тұрғыда қорытындыланды. Патриоттық тәрбиеге байланысты педагогикалық құнды ой -пікірлер сараланып жүйеге келтірілді, оның ішінен патриоттық тәрбиеге қажетті мәселелерді іріктеп, зерттеуміздің негізгі желісіне зерттеу барысында жинақталған ғылыми материалдарды тұжырымдап зерттеу нәтижелерін мақұлдаудан өткізілді. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс бойынша алынған нәтижелер талданып, қорытындылар жасап, зерттеу тұжырымдамалары анықталды. Іріктелген материалдар ғылыми зерттеу жұмысы болып жинақталды.
Зерттеудің базалары:
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемелекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт факультетінде, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және дене тәрбиелеу мәдениеті факультетінде өткізілді.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
 қазақ этнодедагогикасын студенттердің патриоттық тәрбиесінде пайдаланудың теориялық негіздері;
 студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм ерекшеліктері мен ұлттық патриотизм ерекшеліктері;
 студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің теориялық моделі;
 тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының әдістемесімен нәтижелері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі.
Жұмыс нәтижелері халықаралық, республикалық, аймақтық ғылыми-практикалық конференцияларда көрсетілді (Қарағанды-2002-2006; Астана-2005; Павлодар-2005) және ғылыми басылымдарда (Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2003, №4, 2004, №4, 2006, №4; Қазақстан мектебі, 2005, №5-6; Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы, 2006, №2; Павлодар мемлекеттік университетінің хабаршысы, 2006, №2) жарияланды. «Әскери патриоттық тәрбие негіздері» типтік бағдарлама, «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру» атты  әдістемелік нұсқау әзірленді.
Диссертация құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі, зерттеудің ғылыми аппараты, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, негізгі көздері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі, практикалық мәнділігі, негізгі кезеңдері, зерттеу базалары, қорғауға ұсынылған қағидалар, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, зерттеу болжамы, зерттеу әдістері мен зерттеудің негізгі кезеңдері берілді.
«Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие берудің ғылыми-теориялық негіздері» атты бірінші тарауда студенттерге патриоттық тәрбие берудегі қазақ этнопедагогикасының бағыт-бағдары ашылды, сонымен қатар «қазақстандық патриотизм» мен «ұлттық патриотизм» ерекшеліктері қарастырылды қазақ этнопедагогикасындағы патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісі жасалып сипаталды.
«Жоғарғы оқу орындары студенттеріне қазақ этнопедагогикасы  негізінде патриоттық тәрбие беру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс мазмұны мен нәтижелері» атты екінші тарауда жоғарғы оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді ұйымдастырудың мүмкіншіліктері және де студенттерді оқу-үрдісінде тәрбиелеудің жолдары қарастырылып «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курстың мазмұны беріліп, патриоттық тәрбиенің іс-тәжірибедегі тиімділігі көрсетіліп жолдары анықталады.
Қорытындыда болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері мен тұжырымдары қорытындыланып, әдістемелік ұсыныстар берілді және қарастырып отырған мәселенің келешекте зерделенетін бағыттары айқындалды.
  Негізгі бөлім
Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі процесс. Әр ұрпақ өзінің бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғанынан, өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында патриоттық тәрбие және әскери патриоттық туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында біз патриоттық тәрбие беруді қазақ этнопедагогикасының негізінде қарастыруды тиімді деп есесптейміз. Өйткені жалпы тәрбиелеу процесі тек қана батыс европа мен американдық үлгіні қабылдап бара жатқанға ұқсайды.
Ал Қазақстан әрі батыс, әрі шығыс елі, ерекше ортада тұрған көп ұлтты мемлекет. Оның өзіне тән ұлттық, қоғамдық еркешеліктері бар. Сондықтан халықтық педагогика негізінде студенттердің бойына патриоттық сезімді қалыптастыратын болсақ, Қазақстаннның даму жолында өзінің сара жолы бар.
Ғылыми зерттеулерді оқып-зерделеп талдағанда және педагогикалық тәлім-тәрбиені ұйымдастырғанда студенттерге патриоттық тәрбие беру ғылыми теориясы өз алдына дербес проблема ретінде анықталғанын және ол үнемі зерттеп отыруды қажет ететіндігін көруге мүмкіндік берді.
Қазақы дүниетаным, ақыл-ой, тағылымдық ұлағат ғасырлар бойы шыңдалып қалыптасты. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой - пікірлердің дамуын, халқымыздың шынайы ұлттық тұлғасы болған ақын - жазушы, ғалым және қоғам қайраткерлерінің үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде пайдалану да қарастырып келеді.
Қазақ этнопедагогикасындағы білім өз мәні жағынан студенттердің ішкі дүниесін, оның рухани – адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағыттала алуы мүмкін және солай бағытталуы тиіс.  Қазақ этнопедагогикасының бұл арада ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді.
Біз жұмысымызда егемендікпен қоса келген «Қазақстандық патриотизм», «Ұлттық патриотизм» ұғымдарымен байланысты «Қазақстандық патриотизм ерекшеліктері» мен «Ұлттық патриотизм ерекшеліктерін» анықтап жоғарғы оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен бағыттарын қадағаладық.
Ұлттық және жалпы қазақстандық намысты ояту мәселесіне келгенде қазіргі қоғамда демократиялық өзгерістерге орай жаңаша патриоттық мазмұн,  студенттердің рухани азығына айналып отыр.
 Студенттер бойында патриоттық сананы қалыптастыру  тек қана жиын өткізумен шектеліп қалмауы тиіс. Бұл бағытта атқарылатын жұмыс аға буындарының ең өзектісі, ең маңыздысы болып белгіленуі қажет.
Қазақстанда патриоттық тәрбиенің біртұтас жүйесі жасалып, әсіресе қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы рөлі шынайы бағалануы тиіс.
Осы ретте біздің ұсынып отырған еліміздің барлық жоғарғы оқу орындарында «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру негіздері» атты факультативтік курс жүргізілсе деп ойлаймыз. Осындай шараларды қолға алмасақ қазақстандық патриотизмнің қозғаушы күші болып табылатын заңдар өзінен өзі жүзеге аспайды.
Сондықтанда үкімет тарапынан арнайы бағдарламалар қабылдануы тиіс. Олар мерзімді баспасөздерде толығымен жарияланып, сол қабылданған бағдарламалардың жүзеге асуы қалай деген мәселе басылым беттерінен көрініс табуы керек. Қазақстандық патриотизм қалыптастырудағы оң шешім болар еді.
     Біздің көзқарасымызша мұндай позиция «шынайы патриотизм» түсінігі мәнін ашып көрсеткендей болуы керек. Бұл жерде ненің, дұрыс ненің бұрыс екенін бүкіл әлемдегі достықта емес, одан жоғары қарау позициясы анық байқалады. Жоғарыдағы айтылғанды ескере отырып, мынаны атап өткіміз келеді: зерттеуімізде біз ұлы державалық патриотизм идеясын үгіттеушілердің позицияларын мақұлдаймыз.
Қазақстандық патриотизмді еліміздің әрбір азаматтарының санасына сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Біздің зерттеуіміздің негізінде жалпы халықтық патриотизм, халықтық модернизация процесінде белсенді араласуы секілді интегративті қазақстандық патриотизм көрінеді (сурет 1).

Сурет 1 – Қазақстандық патриотизмнің мәні
Жалпы патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау.
Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады дей келе Қазақстанның патриоты қандай болу керек екенін белгілесек, онда оның ерекшеліктері мынада:
1. Қазақстанда 130 – дан астам ұлт өкілдері тұрады. Көп ұлтты мемлекет. Барлығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ерекше құрметпен қарайды, шын ниетімен қадірлейді. Қазақстан азаматының Конститутциялық құқығын сақтайды. Әрбір ұлттың Қазақстанды ортақ үйіміз деп санай білуі.
2. Қазақстанда тұратын  барлық халықтар ұлтына қарамай Отанды қорғауға дайын болуы. Қазақстан халықтары ассамблеясында қабылданған барлық шешімдердің іске асуына өз септігін тигізуі.
3. Бұл әрбір азаматтың тек өзінің конституциялық борышын өтеуі ғана емес, сонымен бірге оның жеке басының қалыптасуы және тәрбиелеу мектебінің қалыптасуына ықпал етуі.
4. Қазақстан халықтарын ұлы державалық патриоттық сезімге ұмтылғызу мақсатында қазақстандық ғажайыпқа сендіру, оны мақтаныш еткізу.
5. Қазақстан Республикасының азаматының Отанын қорғауға деген оң көзқарасын қалыптастырып, Қазақстан Республикасының қарулы күштерінің әскер қатарында болатынына ұлттық патриоттық мақтаныш сезімін тудыру.
6. Қазақстан Республиканың әскери доктринасына сай Қазақстан халқының мүддесін көздеуде патриоттық сезімдерін ояту.
Әрбір халықтың тарихи өмірінде қол жеткізген ең құнды дүниелері – рухани және адами қасиеттер, құлықтылық (моральдық нормалар) үлгілері бар. Сондықтан да әрбір жаңа ұрпақ үшін мәнді тәрбие-ұлттық тұрғыдағы тәрбие үлгісі болып табылады. ¤йткені, мұнда тәрбиенің негізін замандар бойы қалыптасып келген асыл рухани құндылықтар және биік ізеттілік пен құлықтылық тұрғысындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жататын, адамның адамдық қасиетін нығайтып әрі асылдандыра түсетін, халықтың даналық өмір–салтынан туындап отыратын бұлжымас ережелер мен қағидалар құрайды. Ұлттық тәрбие – адам өмірінің алтын арқауы. Ұлттық тәрбие жалпы –адамзаттық рухани құндылықтарды жоққа шығармайды, қайта солармен үндесіп жатады. Бұлар бір-бірін байытып, құнарландырып отырады. ¦лттық тәрбиеден тереңдеп нәр алған адам – рухани бай адам. Ондай адам жалпы адамзаттық тұрғыдан мәдени және рухани құндылықтарды бойына тезірек сіңіреді, сөйтіп, толық әрі кәміл адам дәрежесіне тезірек жетеді. ¦лттық менталитет – тұнып тұрған рухани қазына. Халықтың тілі мен мәдениеті болсын, салт-дәстүрі мен наным-сенімі болсын – мұның бәрі де әрбір халық үшін асыл да қымбатты рухани дүниелер. Әсіресе, наным-сенімнің әрбір халықтың өмірінде алатын орны өзгеше.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлес қосқан қазақтың көптеген зиялы оқымыстылары жеке басқа табынудың құрбаны болды, қудалауға түсті. Мұның өзі ұлт мәдениетінің өсуін үлкен тежелуге әкеліп соқтырды. Халық педагогикасы жөнінде ғылыми-зерттеулер жүргізуге шек қойылды. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу, өмірге енгізу санадағы ескінің сарқыншағы деп бағаланды. Халықтық дәстүрлер өзінің қоғамдық мәнін жойып, отбасылық мәнге ғана ие болды. Оның өзі бертін келе, мектеп, жоғарғы оқу орындарының тәрбие жұмыстарының негіздеріне кірді. Тәрбиелік жұмыстар коммунистік идеологияға негізделіп, оқу-тәрбие жұмыстары негізінен орыс тілінде жүргізілуіне байланысты қазақ тілі біртіндеп өмірден шеттеле бастады.
Оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар орыс тілінің аудармасы негізінде пайдаланылып, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді. Студенттерге жан-жақты тәрбие беруде үлкен жауапкершілікті мойындарына алған студент жастар ұйымдары негізінен коммунистік тәрбие принциптеріне сүйенді. Жоғарғы оқу орындары оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, әдістемелік нұсқаулар ұлттық тәлім-тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспады. Ұлттық тәрбиедегі ұрпақ сабақтастығы сақталмады. Осыған орай кейбір мәселелердің басын ашып алмай тұрып патриоттық тәрбиені дұрыс жолға қою мүмкін емес екені анық. Республикамыз бір саяси құрылымнан екіншісіне ауысып, басқару жүйесі жаңа сападағы қарым-қатынасқа бет бұрған өтпелі кезеңде қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру жұмыстары дағдарысқа ұшырағаны белгілі. Бұндай жағдайда заман ағымына қарата пайда болған тың ұғымдарды айқындап, оларға анықтама беру қажеттігі туындады. ¦ғымдар, түсініктер, ереже, қағидалар арқылы студенттер санасында білім қалыптасып, ол өз кезегінде оның іс-әрекетіне бағыт береді. Біздің пайымдауымызша, патриотизмге тәрбиелеуде сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм».
Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлттарды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмтылып қалған дәстүрлердің жаңғаруы ұлттық патриотизмін күшейте түсіру. Жоғарғы оқу орындарында студенттерге қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру ісінің маңызы зор екенін біз өз зерттеулерімізден көріп жүрміз. Өйткені егеменді ел болған соң сол елдің елдік белгісі ұлттық патриотизм тәрбиесі айқын көрінуге тиіс.
Ұлттық қасиеттерімізді ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Студенттерге ұлттық патриоттық тәрбие беру жоғарғы оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Этнопедагогика – ұлттық тәрбие негізі деп білеміз.  Ал ұлттық тәрбие ғаламдағы құндылықтарды бойына сіңіріп, өз құндылықтарын арттыра береді. Бірақ ол өндіріс және экономика сияқты «ғаламдастыруға» келмейді, өркениеттілік пен дамып, қалыптасады. Қазақ этнопедагогикасы - өркениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген ғылым. Сондықтан студенттер ұлттық патриотизммен сусындасын десек, қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің тарихын жүйелі талдап, зерттеп, жоғарғы оқу орындарында патриот студенттер тәрбиелеуде енгізілуі керек. Ұлттық патриоттық білім беру құралдары болып саналады: ұлттық тіл, ұлттық-әдеп ғұрыптар мен салт-дәстүрлер, ауызекі халық шығармашылығы, ұлттық тарих, ұлттық сәндік-қолданбалы өнер, ұлттық ойындар, тағы басқалар, ұлттық патриотизм ерекшеліктерін айқындайтын маңызды мәні (сурет 2).

Сурет 2 – Ұлттық патриотизмнің мәні
Кез келген ғылым–зерттеу жұмысы дайын тұрған, болмаса бір нәрсені қосып, алып тастаудан туындайтын зат емес. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесін алдын ала жобалау, яғни зерттеу жұмысымыздың орындалу барысындағы әдіс-тәсілдерді іске асыру үшін нәтижелі, практикалық пайдасын болжамдаймыз.
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттердің бойында қалыптасқан патриоттық мінез бен іс-әрекеттің құрылымдық үлгісін, оның компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін, құрылымдық жүйе ретінде қарастырып әзірледік (кесте 1).
К.Ж.Қожахметова, Ш.Таубаева, Ш.Джанзакова еңбектеріндегі этникалық тәрбие нәтижесінде жетілген адам теориясына негіздеп өз үлгімізді жасап қарастырдық.
Біз зерттеу жұмысымызда жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқымен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі ретінде оқыту-тәрбиелеу аясында бөліп қарастырып отырмыз.
Бұл істердің жүзеге асуы студенттердің оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Қазақстан жағдайындағы патриоттық тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, студенттердің дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі жіктемесін мақсатты түрде таңдап, олардың үздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, көп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.
Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп алса, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады.
Кесте 1 – Қазақ этнопедагокасы негізінде студенттердің патриоттығын қалыптастыру үлгісі

Компоненттер Өлшемдер Көрсеткіштер
Мотивациялық Отан қорғауға оң көзқарастың болуы Отан қорғауға моралдық психологиялық дайындық-тарынының болуы және оған оң көзқарас таныту,
Отан қорғауға деген сезім қалыптастыруда әскери-патриоттық тәрбиенің маңызын сезіну;
Отан қорғауға саналы дұрыс қарым-қатынас жасау;
Отан қорғауға деген  патриоттық тәрбие берудің қажеттігін түсіндіру;
Отан тағдырына алаңдаушылық білдіру, халқының рухани құндылығын сақтау, тарихына қызығушылық білдіру
Когнитивтік Патриоттық сана-сезімнің  болуы патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен түсінігі;
патриоттық тәрбие беру процесінде қолданылатын халық өнері, салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындардың маңызын білу;
патриоттық тәрбие беру мүмкіншіліктерін сезініп танып-білу;
толеранттық, патриоттық сана-сезімнің болуы мен ұлттық қарым-қатынас пен мәдениетті игеріп білу;
Мінез-құлықтық Патриоттық тәрбиенің іс-әрекеттегі көрінісі патриоттық тәрбие беруде ұлттық ойындардың маңызын түсініп білу білігі;
спорттық бағыттағы әскери патриоттық ойындардың қажеттігін түсініп білу білігі;
патриоттық тәрбие бердегі кездесулер, тренинг, диспуттардың мәнін анықтап бағалай білу білігі;
патриоттық тәрбие берудегі ұлттық спорттық жарыстардың ерекшелігін бағалай білу білігі

Сонымен, жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысы қазіргі білім жүйесінің қажетті компоненті болып табылады. Тәрбиенің күрделі процесінің маңызды бір қыры студенттердің патриоттылыққа бағдарланған тұлғасын тәрбиелеу болуы тиіс. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу тек қоғам мен мемлекеттің сұраныстарына ғана емес, әрбір студенттің дара тұлғалық дамуына бағытталған педагогика ғылымының қазіргі бағыттарына да сәйкес келуі қажет. Өйткені отанға сүйіспеншілік адамның өзін тұлға ретінде сезінуіне, өз елін мақтан тұтуына, өзін онымен байланысты сезінуіне мүмкіндік береді, ал бұл болса, оның өмірде өзіне сенімді болуына, рухани және адамгершілік құндылықтарының артуына септігін тигізеді. Студенттердің бойында патриотизмнің белсенді немесе баяу дамуы жеке тұлғаның қажеттіліктеріне, мүдделеріне, мотивтеріне байланысты.
Жоғары оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беруде «патриот студент» тұлғасын қалыптастыруда, Д.С. Құсайынова, Ж.Н. Қалиев, С.Т. Иманбаеваның, еңбектеріндегі идеяларды негіз еттік. Модель құрамын анықтауды, біз студенттердің патриоттық деңгейін бағалап, сараптау туралы мәселені шешу және оны қалыптастырудың эксперимент жүйесін жасауда қарастырдық. Студенттердің патриотизмін қалыптастыру тетіктері күрделі, қайшылығы мол және ол патриотизмнің барлық құрамды бөліктерін қамтиды: мотивациялық, когнитивтік және мінез-құлықтық.  Біз өзіміздің зерттеуімізде жоғарғы айтылған үш негізгі компоненттер бойынша қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттердің патриоттылығының қалыптасатындығын айқындаймыз (сурет 3).       

Сурет 3 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі
Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі моделдеу әдістерінің арасынан біздің зерттеуімізге тиімді жеке тұлғаның патриоттық сезімін қалыптастыруда оқу-тәрбие берудің ықпалын ескере отырып әзірленді.
Мотивациялық компонент педагогикалық қызметке жауапкершілік қарым-қатынас жасаумен және Отанды қорғауға деген құлшынысымен, Отан алдындағы әскери қызыметтің маңызын түсінумен, өздігімен білімін жетілдіруге ұмтылуымен анықталады.
Мотиавциялық компонентіне сонымен қатар өздігімен білім алу, қызығушылық, қажеттілік, түсіну қабілеті жатады.
Когнитивтік компонент – немесе танып білу компоненті студенттердің патриоттық тәрбиенің міндеттерін шешу үшін қажетті теориялық білімдерін игеру.
Мінез-құлық компоненті патриоттық тәрбиедегі іс-шаралардың мәнін түсініп, бағалай білуі. Студенттерді патриоттылыққа тәрбиелеудегі ұлттық ойындардың ерекшелігін бағалай біліп, өзіндік мінез қалыптастыруы.
Сөйтіп, біздің зерттеуіміздің көзқарасы тұрғысынан алғанда, студенттерді қазақ этнопедагогикасы негізде патриоттық тәрбие беру сапасын анықтайтын өлшемдердің жиынтығы, біріншіден тәрбиелеудің мотивациялық ком-понентімен байланысты болып, патриоттық тәрбие қызметін жүзеге асыруға ұмтылысымен және оның тиімділігіне талпынумен, студенттердің патриот-тылығының жалпы деңгейін көтеруге және жоғары нәтижелерге қол жеткізуге құштарлығымен сипатталады. Екіншіден, зерттеліп отырған тәрбиенің когнитивтік компоненті патриоттық тәрбиені танып білу туралы теориялық, әдістемелік, білімдерінің кешенді жиынтығы, қаралып отырған процестің мүмкіндігі ретінде қарастырылады. Үшіншіден, мінез-құлық компоненті студенттердің тәлім-тәрбиелік қызыметі барысында жүзеге асырылатын халықтық мінез-құлық, менталитет арқылы патриоттық тәрбие беру процесінің практикалық іскерлігі мен дағдыларын меңгеруде көрініс табады.
Дегенмен, жоғарғы оқу орны студенттерін қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру үшін біз ұсынып отырған патриот студент тұлғасын қалыптастыру моделі соңғы нәтиже болып табылмайды, сондықтан, басқа негіздерде басқа модельдердің жасалуы мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз. Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру моделі қандай да бір нәтижеге қол жеткізуді көздейді. Осыған байланысты патриоттық тәрбие берудің деңгейін анықтаймыз.
Біз сүйеніп отырған моделіміз қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру. Біз елестету формасына қарай патриот студент идеалын көреміз. Дәлірек айтатын болсақ, моделдеу бір нысанда келесі нысанның сипатын елестететін ғылыми зерттеу әдісі.
Студенттерге қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру негізінен, тәрбиенің кез-келген түрін, теориялық білімінің жоғары деңгейі ұлттық құндылықтар арқылы патриоттық тәрбиенің құрылымдық бөліктерін қарастырып әдістемесін жүзеге асырып, меңгеру, нақты педагогикалық міндеттерді шеше білу, студенттердің педагогикалық міндеттерді іскерлікпен жүзеге асыру және жетілдіруден құралады.
Зерттеуді одан әрі жалғастыру үшін «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» деген түсініктің мәнін анықтап алуымыз керек. Бұл түсінікті бір мағынада пайдалануды мазмұнды белгілі бір шеңберде нақтылауды қамтамасыз етеді. Сөйтіп, одан арғы жұмысқа теориялық негіз қалауға мүмкіндік жасайды. Сонымен, біздің көзқарасымызша, жоғары оқу орындарында қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие беру дегеніміз – студенттердің аталған мәселеге тұрақты қызығушылығының болуы, тұлғалық және кәсіби қабілеттерінің жетілуі, патриоттық тәрбие мен қазақ этнопедагогикасы туралы теориялық білімдерінің болуы және оларды жүзеге асыру іскерлігі мен дағдыларының қалыптасуы, педагогикалық принциптерді басшылыққа ала отырып, оқу-құралдарын, әр алуан әдістер мен формаларды пайдалануы. Бұны біз өзіміз зерттеу нысаны етіп алған, жоғарғы оқу орындары студенттеріне патриоттық тәрбие беру процесіндегі патриот-студент моделі негізінде анықтадық.
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруге болатынын біздің көп жылғы іс-тәжірибеміз дәлел бола алады. Сонымен қатар біз қазақ этнопедагогикасы мәселесімен айналысып жүрген ғалымдардың теориялық-әдіснамалық еңбектеріне сүйенеміз. Бұл студенттерге патриоттық тәрбие берудің мазмұны мен әдістемесін жасауға мүмкіндік береді.
Бұл көкейкесті мәселенің шешімі «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты курс бағдарламасы арқылы жүзеге асырылды (кесте2).
Кесте 2 – «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курстың жоспары

Тақырыптар аттары Дәріс Семи-нар СӨЖ
Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің мақсаты және міндеттері 2         
Қазақ ағартушылары шығармаларындағы патриоттық тәрбие беру мәселелері 2 4        
Қазақ хандары мен билерінің патриоттық қасиеттері және олардың бүгінгі күндегі маңызы 2 4 4
Қазіргі халық шығармашылығының патриоттық тәрбиедегі көрінісі 2 4 4
Ұлттық жауынгерлік дәстүрлер арқылы патриоттық тәрбие беру мазмұны  2          
Қазақ этнопедагогикасы арқылы патриоттық тәрбие беру жолдары 2  4
Барлығы 12 12 12

Қазақстан Республикасы әскери доктринасы мен әскери құрылыс тұжырымдамасында «елжандылық тұрғыда тәрбие беруді жақсартуға бағытталған кешенді бағдарлама әзірлеу қажет» деген ұсынысын негізге алып, халқымыздың ерлік және жауынгерлікке байланысты бай мұрасын зерделей отырып «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты курс бағдарламасының мазмұнын қарастырайық.
Курс бағдарламасын жасау барысында қоғамның саяси-әлеуметтік, қазіргі саяси-әскери өзгерістер, мемлекеттің әскери-қорғаныс доктринасының мақсаты мен міндеттері, егемен еліміздің бейбітшілігі мен тұтастығын қорғаудағы әскери іс-әрекеттерге қойылатын талаптар ескерілді. «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру негіздері» атты курс бағдарламасының мақсаты студенттерге ұштасқан ұлттық дәстүрлер, ата салтқа, туған өлке, жерге, тілге, Отанға деген сүйіспеншілігін, Отан алдындағы әскери міндетін атқаруға психологиялық, моральдық дайындықтарын қалыптастыру.
Біздің айқындаған өлшемдеріміз қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруді жүзеге асыру деңгейлерін көрсетуге негіз болды. Тұтас педагогикалық процесс барысында студенттерге патриоттық тәрбиенің негізі туралы мағлұматтардың болуы-ол патриоттық тәрбиенің қалыптасу деңгейі болып есептелінеді.
Патриоттық тәрбиенің деңгейлері негізгі өлшемдер мен көрсеткіштер арқылы сандау, саналық сипаттамалардың жағдайын және олардың өзара бір-бірімен қатынасынын көрсетумен айқындалады.
Осының бәрін ескере отырып, жоғарыда ұсынған студенттерге берілетін патриоттық тәрбиеге байланысты айқындалған өлшемдер мен көрсеткіштердің ара қатынасын жоғары, орта, төмен деңгейлермен белгіледік.
Осы мәселеге байланысты жеке-жеке талдап, қарастырдық.
1. Төменгі деңгейі: Отанының алға басуына, Қазақстандық патриотизмнің маңызын түсінуге және Қазақстан халқының тарихи тағдырын, саяси рәміздеріне құрметтеп қарауға білім деңгейі жеткіліксіз, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығы жоқ, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіртуге құлшыныс танытпайды, қазақ халқының ұлттық құндылықтарын жалғастырушы екеніне сенім білдірмейді.
2. Орта деңгейі: жоғары дәрежеде азаматтық жауапкершілік, қарапайымдылық, мейірімділік көрсеткенімен, бұл деңгейдегі студенттер қазақстандағы халықтардың салт-дәстүріне мән бермейді, қазақстандағы халықтардың тағдырына өзінің мүмкіндіктерінің таяздығынан, белсенділік көрсете алмайды, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығы тұрақсыз, қазақ этнопедагогикасында студенттерге патриоттық тәрбие берудің мән мағынасының бар екенін ескермейді.
3. Жоғары деңгейі: Отан тағдырына алаңдаушылық білдіріп Отанының алға басуына жұмыс жасап қазақстандық патриотизмнің маңызын түсініп білімін арттырады, қазақ халқының ұлттық ойындарына деген тұрақты қызығушылығы бар, қазақ халқының ұлттық құндылықтарына қызығушылғын білдіріп, оның болашақ ұрпақты патриоттылыққа тәрбиелеуде мән мағынасының бар екенін түсініп өмірде қолдана алады.
     Осылардың барлығы студенттердің патриоттық тәрбиедегі даму деңгейлерімен, әр түрлі өмірдегі әлеуметтік жағдайларда дұрыс адамгершілікті мінез - құлық көрсетіп, нақтылы қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызады.
 Тәжірибиелік-педагогикалық жұмыс Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекетттік университетінің дене шынықтыру мәдениеті және спорт факультетінде, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және спорт факультетінде, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының дене мәдениеті және спорт факультетінде және І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің Жаратылыстану және дене тәрбиелеу мәдениеті факультетінде 2005-2007 оқу жылдарында жүзеге асырылды.
Экспериментке 231 студент қатысты. Оның 119 эксперименттік, 112-бақылау тобына кіреді. Анықтаушы эксперимент барысында сауалнама көмегімен үш компонент бойынша (мотивациялық, когнитивтік, мінез-құлықтық) студенттердің бойында қалыптасқан патриоттық тәрбиенің деңгейін анықтадық.
Сауалнама жауаптарын сараптау, бізге студенттердің қазақстандық патриотизмнің мәні, жалпы патриотизм, патриотизм туралы субьективті көзқарастары мен білімдері туралы хабардар етті. Студенттердің қазақстандық патриотизм туралы білім деңгейлері қанағаттанарлық болғанымен қазақ этнопедагогикасы негізіндегі патриоттық тәрбие жайындағы білім деңгейлерінің төмендігі байқалды. 
Анықталған жағдайды негізге ала отырып біз студенттердің патриоттық білімін тереңдету мақсатында, қалыптасушы тәжірибе алдында біз эксперементалды және бақылау топтарының студенттерінің алдында патриоттық тәрбиенің қалыптасу деңгейлері бойынша жүргіздік.
Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриоттық тәрбие компоненттерін анықтадық (сурет 4).
  
Сурет 4  – Студенттердің патриоттылығын анықтайтын компоненттер көрсеткіштері (анықтауыш эксперимент)
Эксперименттік топ студенттерімен біздің зерттеу болжауымыздың мүмкіндіктерін айқындайтын арнайы сабақтар мен аудиториядан тыс жұмыстар жүргізілсе, ал бақылау топтарында патриоттық тәрбиенің қалыптасуының мәнін анықтауға арналған сабақтар өтілді. Тәжрибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері эксперименталды топ студенттерде патриотизмнің қалыптасу деңгейін әр–уақытта жоғарылатуға мүмкіндік беретіні біз қолданған әдістемелер өзінің жоғары нәтижелігін көрсетті. Студенттердің қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие қалыптастырудың деңгейлері анықталды (сурет 5). Кестеде Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриотизм идеясы компонентері қалыптасу деңгейлері (эксперименттің соңында) болашақ мамандарда патриотизмнің қалыптасуы деңгейі эксперименталды топпен бақылау топттары арасында көп айырмашылық бар. Эксперименттің басы (сурет 6, кесте 5) мен соңында (сурет 7, кесте 6) алынған бақылау кесінділерінің нәтижелері тәжірибелік жұмыстың елеулі өзгеріс әкелгенін көрсетті.
 
Сурет 5 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттер бойында қалыптасқан патриотизм компоненттерінің даму көрсеткіші
Кесте 5 – Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерде патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері (анықтауыш эксперимент)

                             деңгейлер              топтар жоғары орташа төмен
Эксперименттік топ
 8,33% 29,17% 62,5%
Бақылау тобы
 14,55% 30,91% 54,54

     
Сурет 6 - Қазақ этнопедагогикасы негізінде студенттерде патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері (анықтауыш эксперимент)
Кесте 6 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбиені қалыптастырушы эксперимент нәтижелері

                                      деңгейлер
топтар жоғары орташа төмен
Эксперименттік топ 42,5% 32,5% 25%
Бақылау тобы 15,45% 40% 44,55%

    
Сурет 7 – Қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбиені қалыптастыру нәтижелері
 
Анықтаушы эксперимент нәтижелері бойынша студенттердің патриотизм деңгейі экспериментальдық топта 8,33 пайыз болса, бақылау тобында 14,55 пайызды құрады. Бұл көрсеткіш эксперимент соңында экспериментік топта 42,5 пайыз, бақылау тобында 15,45 пайызды көрсетті. Эксперимент басында орташа деңгейі эксперименттік топта 29,17 пайыз болса, соңында 32,5 пайыз. Бақылау тобында эксперимент басында 30,91 пайыз, соңында 40пайыз. Төменгі деңгей бойынша эксперимент басында эксперименттік топта 62,5 пайызды құраса, эксперимент соңында 25 пайызды құрады.
Бақылау тобында эксперимент басында төменгі деңгейі 54,54 пайызды құраса, соңында 44,55 пайызды құрады. Сонымен педагогикалық тәжрибие көрсеткендей жоғарғы оқу орындарында болашақ мамандарға патриоттық тәрбие беруде тұтас педагогикалық процестің жұмыстық гипотезасы расталды.
Зерттеу барысында теориялық тұрғыда негізделіп іс-тәжірибеде алынған нәтижелер төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:
- қазақ этнопедагогикасы негізінде патриоттық тәрбие берудің деңгейі теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырылып, студент тұлғасында патриоттық қасиеттерді дамытуға бағытталған патриоттық тәрбиенің бағыт-бағдары анықтады;
- студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм ерекшеліктерінің мәнін ашуға мүмкіндік туғызды.
- қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық үлгісінің негізделуі осы тәрбие процесінде патриот студент тұлғасының қалыптасуына  нақты жағдай туғызады;
- студенттерге қазақ этнопедагогикасының негізінде патриоттық тәрбие беруде ұлттық құндылықтарды қолдану студенттердің патриоттығын қалыптастырудың тиімділігін арттырды;
- біз ұсынып отырған қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру моделі, студенттерге патриоттық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасы негіздерімен шектелмей, қазақ халқының дана тұлғаларының мұрасын танып білуге, қастерлеуге жол аша отырып толыққанды патриот студент тұлғасын қалыптастыруға негіз болды.
Жоғарыда келтірілген теориялық қағидалар мен іс-тәжірибе жұмысының нәтижелерін пайдалануға төмендегідей ұсыныстар беруге негіз болды:
- жоғары оқу орындарында студенттерге патриоттық тәрбие беруде, қазақ этнопедагогикасының материалдарын қолдануда «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» атты арнайы курс бағдарламасын пайдалануға болады;
- Республикамыздың жоғары оқу орындары студенттерінің патриоттылығын арттыру үшін газет журналдар шығарылып, теле хабарлар ашылып тұрақты беріліп тұрса тиімді болады;
- студенттерге патриоттық тәрбие берудің негізінде қазақ халқының ұлттық ойындары ғылыми тұрғыда зерттеліп, қазақ этнопедагогикасына байланысты зерттеу жұмыстары ұйымдастырылып, басқарылып үйлестіріліп отырса педагогика ғылымына қосылған үлес болар еді.
Біз зерттеу жұмысында алға қойған мақсатты орындадық, бірақ бұл диссертацияда қазақ этнопедагогикасына байланысты барлық мәселелерді толық қамтыдық деп айта алмаймыз. Өйткені қазақ этнопедагогикасының негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беруде төмендегідей бағыттарда зерттеулер жүргізу болашақ ғалымдардың еншісінде дегіміз келеді. Мысалы, студенттерді кәсіби даярлауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие беру жолдары; студенттердің патриоттық-саяси көзқарасын қалыптастыруда қазақ этнопедагогикасын негізге алу; бастапқы әскери дайындық мамандығына дайындауда қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің тиімділігін арттыру сияқты тағы басқа мәселелерге арналған ғылыми-педагогикалық зерттеулерді жүргізуге болады. Бұл ғылыми жұмыстарды зерттеушілермен бірлесе отырып, жүзеге асырсақ қазақ этнопедагогика ғылымына қосылған сүбелі үлес болар еді.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен нәтижелері төмендегі еңбектерде көрініс тапты:
1  Әскери ойындардың ұлттық ойындардан ерекшелігі және патриоттық тәрбиедегі алатын орны мен маңызы //Адам денсаулығының және қоршаған ортаның қалыптасуының актуалды мәселелері: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы. - Қарағанды, 2002. - Б.110-112. (Ж.Жолымбетовпен авторлық бірлестікте).
2  Жастар өміріндегі патриоттық тәрбиенің орны //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы.  -2003. - №4 (32) - Б.212-215.
3  Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6. - Б.3-5.
4  Қазақ этнопедагогика құндылықтарын патриоттық тәрбиеге қолдану. //Экологияның өзекті мәселелері: ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.2. - Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.234-235.
5 Жаңа қоғамдағы студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Экологияның өзекті мәселелері: ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. Т.2. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.235-237.
6 Салт-дәстүрлермен ұлттық ойындар негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру //Академик Е.А.Бөкетов – ғалым, педагог, ойшыл: Халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Қарағанды, 2005. - Б.57-59.
7 Жастардың бүгінгі таңда қылмысқа баруы және олардың алдын алу шаралары //Жастардың және қазіргі заманның өзекті мәселелері: ІІ аймақтық жас зерттеушілерінің ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. -Қарағанды, 2003. -Б.250-252. (Б.Нұрлановпен авторлық бірлестікте).
8 Жеке сайыс және оқыту әдістемесі. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. - Қарағанды: ҚарМУ, 2003. - Б.12. (Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).
9 Саптық дайындық. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.12. (Н.Р.Рамашов, А.Ж.Күлейменовпен авторлық бірлестікте).
10 Кәсіптік-педагогикалық іс-тәжірибе. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. – Қарағанды: ҚарМУ, 2004. - Б.20. (А.Ж.Күлейменов, Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).
11 Жаттығу практикасы. Пән бойынша типтік оқу бағдарламасы. Қарағанды, ҚарМУ. 2004. -Б.15. (А.Ж.Күлейменов, Ж.Бөжигпен авторлық бірлестікте).
12 Спорттық күрес әдістемесінде патриоттық тәрбие: Әдістемелік нұсқау. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.33.
13 Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу мәселелері //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2004. - №4(36). - Б.160-163. (Ж.Ш.Балкеновпен авторлық бірлестікте).
14 Студенттерге ұлттық ерлік негізінде патриоттық тәрбие беру формалары мен әдістері //Жас ғалымдар, студенттер және оқушылардың республикалық ғылыми-конференция материалдары. Т.15. Жас ғалымдар. - Павлодар, 2005. -Б.144-147.
15 Қазақ мемлекетінің идеологиясында жастарға патриоттық тәрбие беру //Білім саласындағы инновациялық технологиялар. Қазіргі кездегі дамуы және келешегі: Республикалық ғылыми-методикалық конференция материалдары. - Қарағанды,  2005.  - Б.226-229.
16 Қазіргі қоғамда халықтық педагогика негізінде студенттерге патриоттық тәрбие беру мәселелері. //Жалпы және кәсіби педагогиканың өзекті мәселелері: Е.А.Бөкетовтың 80 жылдығына арналған халықаралық ғыылми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды: ҚарМУ, 2005. - Б.68-70. (Н.Р.Рамашовпен авторлық бірлестікте).
17 Жаңа қоғамда студенттерге патриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы. //Гуманитарное образование в условиях модернизации казахстанского общества: опыт и перспектива: Материалы республиканского научного практического конференции. - Астана, 2005. - Б.53-55.
18 Оқу-тәрбие үрдісінде студенттерге патриоттық тәрбие беру //Моделирование профессиональной деятелности в условиях информационной инфраструктуры: Сборник научных трудов. - Караганда, 2005. - С.228-231.
19 Студенттердің бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыру мәселелері //Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесінің даму жағдайы және перспективалары: Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. - Қарағанды, 2006. - Б.184-186. (Е.Ж.Қожамжаровпен авторлық бірлестікте).  
20 Студенттерге Отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру: Әдістемелік нұсқау.  – Қарағанды: ҚарМУ, 2006. - Б.26.
21 Студенттерге халқымыздың ерлік дәстүрлері негізінде патриоттық тәрбие беру //Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. - №2. - 2006. -Б.179-183.
22 Патриот студенттер тәрбиелеу-уақыт талабы //Павлодар мемлекеттік университеті хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №2. - Б.107-115. (Н.Р.Рамашовпен авторлық бірлестікте).
23 Қазақ этнопедагогикасында студенттерге патриоттық тәрбие берудің кейбір мәселелері  //Қарағанды мемлекеттік университетінің хабаршысы. Педагогика сериясы. - 2006. - №4. - Б.166-170. (Қ.М.Арынғазинмен авторлық бірлестікте).
 
Резюме
Иманбетов Аманбек Нуркасимович
Патриотическое воспитание студентов на основе казахской этнопедагогики
13.00.01 – Общая педагогика, история педагогики и образования, этнопедагогика
Актуальность исследования. В Послании «Казахстан - 2030» Президент страны Н.А.Назарбаев обозначил основные направления устойчивого развития страны.
Одна из основных задач системы образования – воспитание гражданина, патриота своей страны. Поэтому «казахстанский патриотизм», «национальный патриотизм» являются показателем воспитанности студентов. Необходимость воспитания патриотизма у студентов высших учебных заведений с учетом этнических особенностей народа, на примерах подвигов народных героев подчеркивает актуальность проблемы исследования.
В условиях формирования новой государственности эта проблема требует переосмысления целей и задач, содержания, форм и методов патриотического воспитания. Поэтому не случайно в «Государственной программе развития образования в Республике Казахстан на 2005-2010 годы» воспитание казахстанского патриотизма определено как одна из приоритетных задач всей системы образования.
Вопросы воспитания казахстанского патриотизма рассмотрены в работах многих ученых. Однако, недостачная разработанность проблемы воспитания патриотизма на основе казахской этнопедагогики требует соответствующих научных исследований.
Объект исследования: патриотическое воспитание студентов высших учебных заведений.
Предмет исследования: патриотическое воспитания студентов на основе казахской этнопедагогики в вузах.
Цель исследования: теоретическое обоснование патриотического  воспитания студентов на основе казахской этнопедагогики и разработка ее методики.
Методы исследования: анализ исторической, психолого-педагогической литературы по проблеме исследования; наблюдение за учебно-воспитательным процессом подготовки специалистов; анкетирование, беседы, дискуссия со студентами; моделирование; педагогический эксперимент; математические и статистические методы обработки полученных результатов.
Научная новизна и теоретическая значимость исследования:
 раскрыты теоретические основы использования казахской этнопедагогики в патриотическом воспитании студентов высших учебных заведений;
 определены особенности «казахстанского патриотизма» и «национального патриотизма» и уточнены их определения;
 разработана теоретическая модель патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики;
 разработана методика патриотического воспитания студентов высших учебных заведений на основе казахской этнопедагогики.
Практическая значимость исследования состоит в разработке и внедрении:
 спецкурса «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері»;
 типовой программы «Әскери патриоттық тәрбие берудің негіздері»;
 программы семинара для преподавателей «Студенттерге отаншылдық негізде патриоттық тәрбие беру»;
- при изучении спецкурса «Қазақ этнопедагогикасында патриоттық тәрбие берудің негіздері» разработаны система мероприятий (соревнования по «қазақша күрес», «тоғызқұмалақ», «садақ ату», «аударыспақ», и т.д.).
Область применения: полученные научные результаты могут быть использованы в педагогическом процессе вузов.
Дальнейшая теоретическая и практическая разработка исследуемой проблемы может быть продолжена в рассмотрении путей патриотического воспитания в професиональной подготовке студентов на основе казахской этнопедагогики, формирования политических взглядов студентов средствами казахской этнопедагогики, использования средств казахской этнопедагогики в патриотическом воспитании будущих специалистов начальной военной подготовки.
 
Summary
Imanbetov Amanbek Nurkasimovich
Training students in patriotic upbringing on the basis of Kazakh ethnopedagogics
13.00.01 – General pedagogics, history of pedagogics and education, ethnopedagogics
Actuality of research theme is that the President of our Republic N.A.Nazarbaev marked in strategy «Kazakhstan – 2030» the principal directions for stable development of country.
One of the main problems in the system of education – upbringing of citizen, patriot of his country. And so «kazakhstani-patriotism», «national- patriotism» is significant breeding of students. Necessity upbringing students’ patriotism in high educational institutions to take into consideration ethnic peculiarities of people, to cite as an example peoples epic of heroism stress the actuality of research problem.
On condition that forming new State system this problem demands to understand aims and tasks, contents, forms and methods of patriotic upbringing. That’s why not by chance «State program for developing education in Republic Kazakhstan – 2005-2010» upbringing kazakhstani patriotism determinate as one of priority tasks of all system of education.
The question of upbringing kazakhstani patriotism discussed in the works of many   scientists. However, inadequacy elaborations of the problem in patriotic upbringing on the basis of Kazakh ethnopedagogics demands in accordance with scientific research.
The objective of the investigation: is the students’ patriotic upbringing at high educations.
The subject of investigation is: content of the students’ patriotic upbringing at high educations on the basis of Kazakh ethnopedagogics.
The purpose of the investigation: theoretical basis and practical elaboration of students’ patriotic upbringing on the heritage of Kazakh ethnopedagogics. 
Methods of reasearch:Historical analysis,psychology-pedagogics literature by the problem;using methods of research to solve tasks and checking hypothesis; observation for training-educational  process preparation for specialists; conducting special course and its analysis;modelling; checking accordance with the objective of the investigation of the methodical system  and its efficacious in the process of experimental work; mathematical and statistical methods of treatment obtained results.
Scientific novelty and theoretical importance of the investigation:
characterized degree of research the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogics;
defined upbringing possibilities of patriotic upbringing, exposured peculiarities of kazakhstani patriotism and national patriotism and elaborated their definition;
worked out theoretical model and the ways for realizing the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogis;
effectiveness the students’ patriotic upbringing at high educational institutions on the basis of Kazakh ethnopedagogics was proved with the results of experimental work;
Practical importance of the investigation is that developed by the author and applicated in the institution of higher educational process:
special course «On the basis of Kazakh ethnopedagogics patriotic upbringing»;
standard program «On the basis of military patriotic upbringing»;
seminar for teachers «On the basis of patriotism the students’patriotic upbringing»;
Тhe results of research can be used at teaching process of high pedagogics institutions.
During studying «On the basis of Kazakh ethnopedagogics patriotic upbringing» organized and conducted competition by«Kazakh’s wrestling», «Togyzkumalak», «sadak atu», «audaryspak» and so on.
The results of research can be used at teaching pedagogical process of high institutions.
Further theoretical and practical working out of research problem can be offered in discussing the ways of patriotic upbringing vocational training students on the basis of Kazakh ethnopedagogics, forming political points with the aids of Kazakh ethnopedagogics, using aids of Kazakh ethnopedagogics in patriotic upbringing future specialists of elementary patriotic training.

 

 
15.10.2010 11:05