Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154256

4-сыныпта Ана тілі пәні бойынша өткізілген сабақтар

Ана тілі
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: ЕР ТАРҒЫН
 
Сабақтың мақсаты:
1. Батырлар жыры туралы оқушыларға жан-жақты түсінік беру.
2. Елін қорғау, Отанын, халқын сүю батырлар жырының басты қасиеттері екендігін оқушыларға ұғындыру.
3. Ер Тарғынның ел намысын ту етіп, елін қорғау үшін қиындыққа төзе біліп, жауын жеңетіндігін түсіндіру.
4. Ой дамыту: әр түрлі стратегиялар арқылы ойлау қабілетін, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Өз Отанын, халқын шын сүйетін патриот етіп тәрбиелеу.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1. Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
2. Білетін ақпараттарын жаңа мәліметтермен толықтыру.
Сабақта күтілетін нәтижелер:
1. Оқушылардың жырды оқу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.
2. Сол сезімін әңгімелеп беруге ынталандыру.
Сабақта қолданылатын стратегиялар:
1. Ой қозғау.
2. Галереяны аралау.
3. Түртіп алу жүйесі.
4. Топпен жұмыс.
Сабақта пайдаланылған көрнекіліктер: ватман, қағаз, маркер, түрлі-түсті батырлардың, Ер Тарғынның суреттері, батырлар жыры туралы көрме, күйтабақ, үнтаспа, карточкалар т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. Ой ашар.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйге берілген ерлік туралы мақал-мәтелдерді жатқа айту, сол мақалдарға арнап сурет салу әңгімелеу тапсырылған. 2, 3 оқушыдан сұралып, қалған оқушылар “Галереяны аралау” стратегиясы бойынша үй жұмысын пысықтайды.
ә) күз туралы суреттер көрсету, әңгімелеу.
Жаңа сабақ: Ер Тарғын жырынан үзінді.
Сабақты бастамас бұрын бір шумақ өлең оқылады.
Ой қозғау: Енді “Ер Тарғын” сөзіне түсінік берейік, жұпта ой толғау. Ер сөзіне түсінік: ойларын тізбектеп жазамын: ер, ерлік, батыр, ер жүрек, жауынан қорықпайды, жалғыз жауға шабады, мықты т.б. Ер Тарғын жыры туралы айтып, суретін көрсетемін, не байқағандарын сұраймын, басқа да қазақ батырлары туралы сұрақ-жауап аламын. Э
Ал, балалар, енді кітаптың (27-бетіндегі) “Ер Тарғын” жырынан үзінді берілген, соны оқып танысамыз. Қалам алып, түртіп алу жүйесі бойынша (+, ?, v, –) жұмыс жүргізіп, сөздік жұмысты жүргізетінімізді ескертемін.
Мәнерлеп оқытамын. Диалог сұраққа жауап аламын.
- Жыр кімнің атынан баяндалған?
- Жырда қанша кейіпкер бар? т.б. сұрақтар қоямын.
Сөздік жұмысын (—) жүргіземін. Түсінбеген сөз, сөз тіркестерін өздерінен сұрақ-жауап алып, күрделі сөздерге түсінік беремін. Рольмен оқытамын. Топта талдау жұмысы, топпен жұмыс стратегиясы бойынша әр үй тобына сұрақтар жазылған карточкалар таратылады. Әр топқа (5 минут) уақыт беріледі.
Топпен жұмыс:
І топтың сұрағы: Жыр қалай басталады? Жыр туралы не білесің?
Жырда қандай батырлар бар?
Оқиға қай заманда болған?
Тарғын кіммен кездесті?
Не үшін кездесті?
Оның сырт бейнесінен нені байқадың?
ІІ топтың сұрағы:  Домбауыл қай елдің батыры?
Ол қандай адам деп ойлайсың?
Саған үнады ма?
Жоқ әлде ұнамады ма?
Неге ұнамады?
ІІІ топтың сұрағы: Жырдан қалмақ батырларының сөзін тап.
Ол Ноғай елінің батырын неге теңейді?
Дұрыс па? Неге?
Келісесің бе?
Келіспейсің бе?
ІV топтың сұрағы: Ер Тарғын қай елдің батыры?
Оның жауабын тауып бер, саған ұнады ма?
Тарғын қандай деп ойлайсың?
Мінездеме бер.
V топтың сұрағы: Тарғын қалай аман қалды?
Оқиға қалай жалғасты?
Екі батырдың шайқасуы туралы не айтар едің?
Кім жеңіске жетті?
Топпен жұмыс талданып болған соң әр топқа уақыт беріліп, қағаз таратылады. Сонан соң ақ ватманға қорытынды ой жазылады.
Сабақты қорыту.
- Біз бүгін не үйрендік?
- Батыр болу, елін қорғауға дайын болу т.б.
Сабақты бағалау: Сабаққа жақсы қатысқан оқушыларға шашу ретінде сыйлықтар таратылып, бағаланады. 
Үй тапсырмасы: Жырдан үзінді беріліп, музыка тыңдату, сыйлық үлестіру, қонақтарға дулығаның суретін тарату. Тілек: “Сіздерді батыр бабаларымыздың рухы қолдап, қорғап жүрсін!”
Ана тілі
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: ТАСБАҚАНЫҢ ШӨБІ
 
Сабақтың мақсаты: Оқушылар мәтіннің мағынасын талдай отырып, тасбақа туралы жалпы білімін кеңейтетін болады.
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ.
Сабақтың дамытушылық мақсаты:
1. Ойлауға үйрету, өз пікірін айтуға үйрету.
2. Өз байқаулары бойынша өзіндік ізденістерге жетелеу арқылы білім беру.
3. Әр түрлі стратегиялар арқылы ашық қарым-қатынасқа үйрету, бала бойындағы қабілеттерді ашу.
4. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін шыңдау.
Сабақта қолданылатын әдістер: ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, топпен жұмыс, 5 жолды өлең стратегиялары.
Міндеттер:
1. Мазмұнына байланысты: мәтінді толық талдай отырып, тасбақа туралы алған білімін өз өмірінде қолдана алатын болады.
2. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, мәтінді т.б. қосымша материалдарды зерттеп талқылап, тасбақа жайлы алған білімін өз бетімен ұйымдастырып, талдау жасай алатын болады.
3. Топпен жұмыс: кішігірім топтарда жұмыс жасай отырып, қорытынды жасайды.
Көрнекіліктер: Автор потреті, тасбақаның суреті, қосымша мәтін (теңіз тасбақасы), ватман, кесте картасы.
Бағалау: Бақылау, салыстыру кестесі.
Барысы: Ұйымдастыру (жаңаша топқа бөлу).
Үй тапсырмасы: Үйге берген Т.Молдағалиевтің “Гүлдер” атты өлеңін мәнерлеп оқу, өзі қалаған гүлдің суретін салу, ол туралы әңгіме немесе өлең жазу. “Гүлтәж” жасаудан жарыс.
Жаңа сабақ: “Тасбақаның шөбі”.
І. Қызығушылықты ояту.
Ой қозғау стратегиясы: Тасбақа жайлы не білесіңдер немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Серіктесіңізбен сол жайлы пікір бөлісіп, талқылап, пікірлесіңіз. Серіктесіңіз не білетінін сұрап, ортаға салыңыз. Шағын топтарда талдап, орталарыңыздан лидерге сөз беріңіз.
Мағынаны ажырату сатысы: INSERT стратегиясы бойынша жұмыс жасау жолын ескерте отырып, мәтінді оқу барысында қарындашпен белгі қоюларын ескертемін.
V – білемін
+ - жаңа білім
— - білмедім, түсініксіз
? – таң қалдым, зерттеймін.
Сыныпта v, – екі белгімен жұмыс жүргізіледі де, +, ? белгісі бойынша үйге кесте толтыру тапсырылады.
Топпен жұмыс: карточкалар таратылады.
І топ. Оқиға қай мезгілде болған? Неге мәтін “Тасбақаның шөбі” деп аталады деп ойлайсыз? Әңгімедегі кейіпкер туралы не айтар едіңіз?
ІІ топ. Сурет бойынша әңгімелеп бер... Өзің тасбақаны көрдің бе? Егер көрсең қайда көрдің?
ІІІ топ. Өткен сабақтардан т.б. қосымша әдебиеттерден көрген-білгенің бойынша, мысалы, теңіз тасбақасы мен мәтіндегі тасбақаны салыстырып көр, айырмашылығын атап бер…
ІҮ топ. Әңгімеден халықтың қандай ырымдарын байқадың? Мәтінге басқаша қалай ат қояр едің? Өзің қандай жан-жануар, аң-құстарды білесің? Оларға байланысты қандай ырымдарды білесің?
Ү топ. Тасбақа жөнінде қандай ырымдарды былесің? Өз білетініңді әңгімелеп көр. Ол қандай шөптермен т.б. заттармен қоректенеді екен?

Ой толғаныс сатысы: Әр топ басшысы және т.б. оқушылармен тек сұрақтар бойынша талдау жүргізіледі. Енді тасбақа туралы 5 жылды өлең жазамыз. Оқушылар өздерінің авторлық дәптерлеріне өз өлеңдерін жазады.
1. Не? – Тасбақа.
2. Қандай? – Үлкен, қоңыр, шегір көзді.
3. Не істейді? – Тарбаңдайды, бұғады, тұқшаңдайды.
4. Жусандағы тасбақа.
5. Ол – бақыт арқалаған тасбақа т.б. өлеңдерін жазады.
1. Шағын топтарда жазған өлеңдерін талдау, әр топтан ортаға бір оқушыға сөз беремін.
2. Жалпы қорытынды ойды тақтаға ватманға жазамын.
Сабақты қорыту: Тасбақа жайлы не білгендері туралы т.б. әр оқушыдан жеке сұрап өтемін.
Бағалау.
Үй тапсырмасы: “Еркін жазу” стратегиясы бойынша әңгіме жазу тапсырылады.

 

 
15.10.2010 10:27