Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155115

Отан согысы азаматтары

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
д Серикбаев атындағы шығыс қазақстан меМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: Ұлы отан соғысындағы қазақстан азаматтарының ерлігі
                                                              Орындаған: Тураров Р. Д.
                                                               Тексерген: Мешимбаева Ф.Ш.
Өскемен, 2005
МАЗМҰНЫ
І.  Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Қазақстанның тыл жұмыстары
2. Мәдениет пен ғылым
3. Қазақстандықтардың майдан мен жау тылындағы жауынгерлік ерлігі
ІІІ. Қорытынды
Кіріспе
 Бүкіл Батыс европаны дерлік жаулап алған фашистік Германия антикеңестік одақ құру жөніндегі белсенді дипломатиялық әрекетін өрістетті. 1940 жылы қыркүйекте Берлинде Германия, Жапония және Италия арасында үш жақты шартқа қол қойылды, жылдың аяғында оған Венгрия, Румыния және Финляндия  қосылды.
      Жаулап  алынған елдердің өнеркәсібі түгелдей Германияның әскери- экономикалық қуатына қосылды. Вермахтың әсери экономикасы бұрын болмаған деңгейге жетті, әсіресе танктер, ұшақтар мен соғыс кемелерін шығару қисапсыз өсті. Гитлер осыларды пайдаланып және тұтқиылдан шабуыл жасау арқылы КСРО-ның негізгі қарудлы күштерін аса қысқа мерзімде күйретеміз, сөйтіп соғысты 1941 жылдың күзіне қарай аяқтаймыз деп есеп құрды.
 КСРО-ға қарсы агрессияның «Барбаросса» деп аталған жоспары соғыс басталмастан бұрын дайындалды. Фашистік Германия басшыларының алдына қойған басты міндеттерінің бірі кеңес мемлекетінің өздерінің басқаруына ыңғайлы болуы үшін бөлшектеу. Бұл үшін Кеңес Одағын «Мәскеу», «Осландия», «Украина» сияқты отар елдерді құруды жоспарлады. Сонымен қатар фашистер кеңестік Азия жерінде «Түркістан», «Еділ-Жайық» деген буржуазиялық қуыршақ мұсылман мемлекеттерін құруды көздеді. Осыдан соң олар Баранцев теңізінен Қара теңізге дейін кеңістікте бір мезгілде шабуылға шықты.
 Кеңес одағының құрамында 2,9 млн адамы бар 170 дивизия Германияға қарсы тұрды. Қызыл Армияның жауынгер техникасының жартысының көбі, әсіресе танк, мотоатқыштар мен ұшқыштар құрамалары қайта құрылып жатқан болатын, оны 1941 жылдың соңы мен 1942 жылы аяқтау жоспарланған. Танкілер мен ұшақтардың жаңа ғана теріле бастаған.
Қазақстанның тыл жұмыстары
 Республика ауыл шаруашылығы жұмысын соғысқа бейімдеп, қайта құру маусымдық жұмыстардың қызған кезінде басталды: оңтүстік аудандарда егін орағы басталып кеткен еді. Әркім күш-жігерін тиімді жұмсап мол өнім алуға тырысты, жұмыс күнін толық пайдалану еңбек ресурстары мен техниканы тиімді пайдалануды қамтамасыз етті.
 Осындай қат – қабат жасампаз еңбек майдан іргесінен эвакуацияланған халықты, өнеркәсіп орындарының жабдықтарын және колхоз – совхоздар мен МТС мал-мүлкін қабылдай және  орналастырумен қабат жүргізілді. 1941-42 жылдары барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Алматының бір өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паравоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар.  Сондай – ақ 26 жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген 3 фабрика негізінде Семей аяқ-киім фабрикасы құрылды.
 Кейбір көшіріліп әкелінген өндіріс объектілері біртектес зауыттармен, цехтармен бірікті, жаңа салалар пайда болды, мұның өзі республика халық шаруашылығына үлкен құрылымдық өзгерістер енгізді. Көшіріліп әкелінген зауыттар 1941 жылы қараша – желтоқсанда дайын өнім бере бастады. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар ұдайы ұлғайтылып, жаңалары салынып жатты. Батыс аудандарда ауылшаруашылығының материалдық ресурстары тез әкетілді. Қазақстанға барлығы 76,5 мың ірі қара, 50,5 мың қой және 5902 жылқы әкелінді.
 Соғыс жағдайына сай жұмыс істей отырып, металлургтер 1941 жылы шілдеде айлық тапсырмаларын асыра орындады, мұнайшылар отын шығару және бұрғылау жөнінде қосымша бригадалар құрды. Майданға сапалы ұрыс техникасы, оқ - дәрі мен азық – түлік қана емес, сонымен бірге киім - кешек жабдықта қажет еді. 1941 жылдың екінші жартысында Қазақстанның тігіншілері әскерлерге 116 мыңға жуық шинель, 329 мың гимнастерка, 322,5 мың жазғы шалбар, 160,6 мың жылы сырт киім тікті, 170 мың жүн пима және т.б. өнім шығарды.
 Темір жол көлігінің ролі мен маңызы арта түсті. 1941-1942 жылдары бір миллионға жуық адам, аса зор көлемдегі өнеркәсіп жабдықтары тасылды. Ол майданға қажеттінің бәрін жеткізіп қана қоймай, қорғаныс зауыттарына керек стратегиялық шикізатты да барған сайын көп көлемде жеткізіп отырды. Пойыздардың жүрісі айрықша әскери графикке көшірілді. Темір жол салу құрылысы соғыс кезінде де тоқтамады. Жамбыл облысы колхозшыларының күшімен фосфор рудалары өндірілетін жерге дейін 134,3 км жол төселді. Қазақстандықтардың майданға көмегі әсіресе 1942-1943 жылдары күшейе түсті. Жүзден астам қорғаныс өнеркәсіп орындарының іске қосылуы Қазақстанның әскери өнеркәсіп потенциялын көтерді. 1943 жылғы қаңтарда республика қара металлургиясының тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауытының құрылысы мерзімінен бұрын аяқталды, химкомбинат целитра, бор және фосфор қышқылын, сода, әскери өнеркәсіпке қажетті басқа да химиялық өнімдер өндіруді өрістетті.
 1943 жылы Петропавл жылу электр станциясы іске қосылды. Кішкене және  Үлкен Алматы өзендерінде бірнеше шағын су электр станциялары шапшаңдата салына бастады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі де өнім шығаруды еселеп арттыра түскен. Жұмыс істеп тұрған қуаттарды ұлғайту мен қатар жаңадан көптеген тоқыма және тамақ кәсіпорындары салынды.
 Жаңа мұнай кәсіпшіліктері: Қошқар, Комсомольск, Тентексор, Жолдыбай қуаттарын еселеп арттырды. Соғыс жылдары Ембіде 430 жаңа скважина іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 247,2 мың тонна жоғары сапалы мұнай берді. Өнеркәсіптің жоғары қарқынмен дамуының нәтижесінде соғыс жылдарында республикада халық шаруашылығындағы өнеркәсіптің жалып өнімінің үлес салмағы 1940 жылғы 60% 1945 жылы 66% дейін өсті. Ал, жұмысшылардың саны 1,5 еседен астам көбейді.
 Тыл еңбеккерлері жаралылар мен жауынгерлер отбасыларына қамқорлық көрсетіп отырды. Госпитальдарды, жараланған жауынгерлерді қамқорлыққа алу кезінде басталған бүкілхалықтық қозғалыс, мұндай бірауыздылық дүние жүзілік соғыстар тарихында бұрын-соңды болмаған. 1941 жылы желтоқсанның өзінде – ақ қазақстанда 32100 төсегі бар 72 эвакуациялық госпиталь жұмыс істеді. Жараланған жауынгерлерді қоғамдық негізде аудандық әскери комиссариаттар жанында құрылған әйелдер кеңестері күнделікті қамқорлығына алып отырды.
Мәдениет пен ғылым дамуы жағдайы
 Ғылымның кейбір бағыттары шапшаң қарқынмен дами бастьады. 1942 жылы ҚСРО – ға Қазақ филиалы жанынан аспирантура ұйымдастырылды, соғыс жылдары онда 237 адам оқыды, 63 докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Ғылым және ғылыми техникалық қызметкерлердің саны 1940 жылығы 152 – ден 1945 жылдың аяғында 864-ке жетті.
 Қазақ интеллигенциясы кадрлардың өсуінде, ғылым мен мәдениеттің дамуында жоғары мектеп пен техникалық орта оқк орындары ерекше зор роль атқарды. Соғыс жылдары жаңа жоғары оқу орындары – Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, дене тәрбиесі институттары, Алматы консерваториясы, педагогикалық қыздар институттары ашылды. Студенттердің саны 1941 жылғы 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін көбейді.
 Қазақ әдебиеті Қазақстанның жазушылары мен ақындары өздерінің  патриоттық борыштарын  лайықты орындады, олардың 90-ға жуығы майдандарда және жау тылында жаумен шайқасты. Қазақ кеңес әдебиеті басқа халықтардың әдебиетімен тығыз байланыста дамыды: Қазақстанға Мәскеуден, Ленинградтан, Киевтен және  елдің басқа да ірі қалаларынан 100-ге жуық жазушы мен ақын келді. Олардың ішінде А.Толстой, Зощенко, Маршак та бар еді.
Қазақстандықтардың майдан мен жау тылындағы жауынгерлік ерлігі
 Қаһарман қамал – Брестің қорғаушылары алғашқы ұрыстарда теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Олардың ішінде қазақстандықтар да болды: қатардағы жауынгер А.Мүсірепов, саяси жетекші В.Лобанов, кіші сержант Қ.Иманқұлов, зеңбңрекші, пулемет ші Ғ.Жұматов, Ш.Шолтарев және басқалар. Қазақстаныдқтар барлық майдандар мен бағыттарда ерен ерлік көрсетті. 15 қарашада гитлершілер Мәскеуге «шешуші» шабуылға шықты. Жау астананың солтүстік-батыс беткейіндегі негізігі соққысын 316 – дивизия мен оның көршілері қазанның 25-нен бері қорғаныс шебінде тұрған төңіректен бастады. Ержүрек панфиловшылар Дубосеково разъезі түбінде теңдесі жоқ ерлік көрсетті. Саяси жетекші В.Клочковтың жолдастарына қарап айтқан: «Ресей кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ. Артымызда Мәскеу!» деген сөзі тарихта қалды. Жауынгер – панфиловшылар ауыр шығынға ұшыраса да жаудың қаптаған танкілерін ілгері жылжытпады. Қазақстандық жауынгерлердің ерен ерлігі бүкіл кеңес солдаттарына ерліктің, Отан үшін шыбын жанын құрбан етудің өнегесі болды.
 Мәскеу түбіндегі қиян-кескі ұрыстарда батальон командирі аға лейтенант Бауыржан Момышұлының жеке басының ерлігі мен командирлік шеберлігі айқын көрінді. Волокаламск тас жолындағы ұрыстан кейін көп ұзамай ол полк командирі болып тағайындалды. 1943 жылы 33 жастағы полковник Бауыржан Қазақстанда жасақталған 8-гвардиялық дивизияны басқарды. Қатаң идеологиялық тәртіп кезінде атақты жауынгердің қаһармандық ерлігі өз дәрежесінде бағаланбады, тек 1990 жылы қайтыс болғаннан кейін жұртшылықтың көп жылғы талабы орындалып, Б.Момышұлына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
 Генерал Гаулюс батыс және Дон майдандарының басқа бөлімдерінде де көптеген қазақстандықтар шайқасты. Маңғыстау ауданының бұрынғы колхозшысы автоматшы Ы.Ш.Сүйінбаев жалғыз өзі қалғанына қарамастан жау істен шығарған «КВ» танкісінің үстіне  шығып алып, асып – саспай ұрысты одан жалғастырады, ондаған гитлершілерді жайратты. Дұшпан қорғанысын бұзып өту кезіндегі ерлігі үшін ол Ленин орденімен наградталды.
Қарағанды шахтерінің баласы, тас ұшқыны Н. Әбдіров 16 рет жауынгерлік ұшу сапарында жаудың 16 танкін, 28 автомашинасы мен 18 көлік тобын, 3 взвод және елудей басқыншыны жойды. Оған қаза болғаннан кейін Кеңес Одағының  Батыры атағы берілді.
Шымкент облысының Алғабас ауданындағы «Көктөбе» колхозының бұрынғы бригадирі, миналетші Қ. Спатаев жаудың бір взводтай жаяу әскерін жойды. Жалғыз өзі қалған оны жаудың танкісі  таптап кетпек болғанда соңғы мынаны құшақтап жау танксінің шынтыр табанының астына жата қалды. Осылайша жаудың ілгері жылжуын бөгеді. Оған да ерлікпен қаза болғанын кейін  Кеңес  Одағының   Батыры   атағы   берілді.
Курск  иініндегі жеңістен кейін Кеңес Армиясының кең өріс алған жалпы шабуылының аса маңызды бір бөлігі – Днепр өзенінен өту еді. Украйнаның  ұлы өзеніндегі ерлігі үшін 123 қазақстандық  жауынгерге Кеңес Одағының батыры атағы берілді. Олардың арасында атқыштар І. Ибрагимов, Қ. Ырысбеков, Литвинов және т.б. бар еді.
Чапаев атындағы ірі партизан құрамасындағы жасақтардың біреуінің командирі болған Қасым Қайеновтың бір өзі жаудың 30 солдаты мн офицерін жойған. Белгілі қазақ ақыны Жұмағалы саин Украин партизандарының қатарында жүріп, капитан Хайрутдиновтың жасағында жауынгер саяси жетекшілік қызметін атқарды. 425 – полктың партизаны Ғ. Қ. Омаров взвод командирінен полк штабы бастығының көмекшісіне дейін өсті.
Үздік ерлік көрсетіп Кеңес Одағының батыры атағын алған жауынгерлердің арасында қазақтың ержүрек мерген қызы Әлия Молдағұолова да бар, ол 80-ге жуық гитлерін о дүниеге аттандырды.
Беларусия мен Батыс Украинаны азат ету жолындағы ұрыстарда көрсеткен ерлігі үшін 30 – ға жуық қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды.
Қорытынды
Сонымен, Фашистік Германия мен милитаристік Жапонияны жеңуде Қазақстанның ұлдары мен қыздарының қосқан үлесі аз болмады. Берлинге оңтүстігінен шабуыл жасаған 1 – Украина майданының 5 – гвардиялық армиясы дивизияларының ішінде 118 – мелитополь атқыштар дивизиясы болды. 10 күн бойы Берлин көшелерінде ұрыстар жүргізілді, 30 сәуірде Реихстаты алу үшін жанталаса шайқас басталды.
Соғыс жылдары шайқасып жатқан армия қатарына 1196/64 қазақстандық қосылды, өнеркәсіпте жұмыс істеге тағы да 670 мың адам мобилизацияланды, яғни республикалық әрбір төртінші тұрғыны жауды жеңуге ат салысты. Кеңес адамдары өздерінің қайсар өжеттігі және ерлігімен бүкіл әлемді таң қалдырды.
500 – ден астам қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, олардың 101 – і қазақ.
Жеңіс қымбатқа түсті, оған жету жолында сол кезде Кеңес Одағы құрған көп ұлтты халықтың 27 млн. ұл – қыздары құрбан болды.
Кеңес халқының соғыста бүкіл дүниежүзілік – тарихи жеңіске жетуінде кеңестік патриотизм, өз Отанына деген сүйіспеншілік, халықтар достығы маңызды рөл атқарды.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Көкебаева Г. Қ, Салпынов Ж. Н. «Қазіргі заман 1917 - 1945», Алматы: «Жазушы» - 2004
2. Көкіш Рысбайұлы «Қазақстан Рспубликасының тарихы», Алматы: «Рауан» - 2002

 

 
03.03.2011 10:02