Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154225

Қазақ ғашықтық жырларының орындалу ерекшеліктері

     ӘОЖ 78 (574)                                            Қолжазба құқығында
Бұлтбаева Айзада Зейкеновна  
ҚАЗАҚ ҒАШЫҚТЫҚ ЖЫРЛАРЫНЫҢ
ОРЫНДАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
17.00.02 – Музыка өнері
Өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін
алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2007
 
Жұмыс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының
Музыкатану бөлімінде орындалды

Ғылыми  жетекшісі -                     
 өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Омарова А.Қ.

Ғылыми кеңесшісі - ҚР ҰҒА академигі Қасқабасов С.А.

Ресми оппоненттері - өнертану ғылымдарының докторы, профессор Дюшалиев Қ.Ш.

 өнертану ғылымдарының кандидаты, доцент Айтуарова А.Т.

Жетекші ұйым - Қазақ ұлттық музыка академиясы

Диссертация 2007 жылы  ____________   сағат   __________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитеті М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының өнертану ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі К 53.40.03 Диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесі, 29).
Диссертациямен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық ғылыми кітапханасында танысуға болады.
Автореферат 2007 жылғы  «____» _____________  таратылды.
Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы, өнертану
ғылымдарының кандидаты                                     Труспекова Х.Х.
 
Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы
Диссертациялық зерттеудің өзектілігі. Халық эпосы қазақ баласының рухын көтеріп, санасын түзейтін ғасырлар үні, еліміздің рухани байлығының көне көзі. Халықтың ұлттық мінез ерекшеліктерін, көзқарасын, тарихы мен дүниетанымын, менталитеті мен тілін, мәдениеті мен ой-өрісін суреттей отырып, тарихи шынайылық пен көркемді-моральдік құндылықтың дәлелі болған бұл өнер түрі ғасырлар бойы әр кезеңнің құжаты болып, ұлттың рухани сұраныстарына сай дамып отырған. 
         ХІХ ғасырдың соңынан әдебиеттанушылардың зерттеуіне нысан болған эпос үлгілері әр ғасырда ғылыми еңбектерде елеулі орын алып, өзекті мәселелердің бірі болды. ХХ ғасырдың басынан құндылығы арта түскен және құрамында фольклорлық туындылардың өзегі бар эпикалық ескерткіштер әр саладағы ғалымдарды қызықтыра түсіп, заман талабына сай қолданыста болды.
Өткен ғасырда жыршылық дәстүр жаңа мәдениетке негіз болып, композиторлардың шығармашылығы арқылы профессионалды еуропалық жанрларға ұласты. Соның нәтижесінде эпос мазмұнына құрылған опера, балет, сахналық қойылымдар, симфония, шағын камералы аспапты және вокалды шығармалар пайда болды. Яғни, бұл заманда эпос шығармалары әр қырынан танылып, басқа жанрлардың да құрамында көрініс тапты.
Әр эпостың музыкалық негізі өзінің ұлттық болмысын арттыра түсетіні сөзсіз. Тек мазмұны мен поэтикалық мәтіні емес, эпикалық шығарманың музыкалық өзегі басқа мәдениеттер арасында өзінің ұлттық негізін танытып тұрады. Оған музыкалық мақам құрылымы, әуеннің даму жолдары, әр мақамның ырғақтық, саздық иірімдері және т.б. дәлел болып келеді.
ХІХ ғасырдың соңында баспадан шыға бастаған казақ халқының эпикалық туындылары тек ХХ ғасырдың екінші жартысында музыкасымен жазылып, ғылыми талдауларға ілінді.
Жан-жақты әрі әр қырынан зерделенуді талап ететін эпос пен оның музыкасы ғылыми ортада өзекті мәселелердің біріне айналды. Көп жылдар бойы Қазақстан этномузыкатану ғылымы көршілес мемлекеттердің музыкатану мектептеріне сүйене отырып, көп мәселелерді анықтап, жоспарлап қойды. Дегенмен, эпос мәселелері нақты ғылыми шешімнің болуына мұқтаж. Сонымен, қазақ эпосын тарихи-теориялық (яғни музыкатанушылық) және тәжірибелік тұрғыдан зерттеулердің жетіспеушілігі және музыкатанушы ғалымдар мен фольклортанушылардың әлі күнге дейін ортақ пікірлерге келмеуі сол олқылықтың орнын толтыруға итермеледі.
Жұмыстың мақсаты. «Қыз Жібек» эпосының орындалу ерекшеліктерін бірнеше орындаушылық нұсқаларды салыстыра зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
1. Жалпы қазақ жыры жайлы, оның ішінде «Қыз Жібек» жырына қатысты айтылған ой-пікірлерді саралап, отандас және шет ел музыкатанушылары мен әдебиеттанушы ғалымдардың методикасын жаңа көзқараспен зерделеу;
2. «Қыз Жібек» жырының құрамына кірген фольклорлық жанрлардың орнын және олардың өз қызметін қаншалықты сақтағанын көрсету;
3. Жыршылардың эстетикалық көзқарастарын, орындаушылық ерекшеліктерін және әр автордың шығармашылық әдістемесінің өзгешелігін анықтау;
4. Қазақ эпосының қазіргі эпикалық ортада көрініс табуын ашу және жыршыға қойылатын талаптар мен маңызды шараларды жіктеу.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Нақты эпикалық шығарманың әртүрлі әдісте орындалған нұсқаларын  салыстыра қарастырған өнімді әрі орынды;
2. Романикалық эпосты зерттеудің басты ерекшелігі – бай музыкалық материалдың сұрыпталуында, орындалатын нұсқалардың жан-жақты әрі салыстырмалы түрде зерделенуінде, әртүрлі әдіс, мамандық әдістемелердің бірігуінде және нота материалымен жұмыс жасауда жатыр;
3. Жырдың орындалу мәнері мен әуенмен өрнектелуі «эпикалық ортаны» және сол эпикалық ортаның «модусын» тудырады (И.Земцовский);
4. Поэтикалық мәтін мен музыкалық материалдың жан-жақтылығын анықтау үшін зерттеуші ғалым эпикалық орындаудың этикасын жақсы білуге міндетті;
5. «Қыз Жібек» эпосының жеке орындалған нұсқасында дәйексөз музыкалық материалдың орын алуы сол нұсқаның көркемдік ерекшелігін  арттыра түседі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: М.Өтебаев пен Д.Нығыметжановтың орындауындағы «Қыз Жібек» эпосы және М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ фономұрағатында сақталған қисса «Қыз Жібек» тұңғыш рет нотаға түсіріліп, талданып, ғылыми айналымға енді; қазақ эпосының музыкалық негізі ғылыми тұрғыда алғаш рет мемлекеттік тілде қарастырылды; бірінші рет әр түрлі орындаушылық әдістер салыстырмалы түрде қаралып, эпикалық шығарманың музыкалық әдістерін талдау барысында әр жыршының жеке даралығы анықталды және өзіндік «мені» мен шығармашылық «мені» дәйектелді; музыкатанушы және фольклортанушы ғалымдардың методологиялық әдістемелері тұңғыш рет музыкалық материалда біріктіріліп зерделенді; музыкалық үлгілерді талдауда тұңғыш рет – қазақ релятивті және классикалық еуропалық нотографиялық әдістемелер қатар қолданылды.
Зерттеудің дерек көздері. Диссертациялық жұмыстың материалы ретінде «Қыз Жібек» эпосының әр жылдары күй таспаға жазылған және әртүрлі мәнерде орындалған нұсқалары: М.Өтебаев орындаған «Қыз Жібек» жыры, Д.Нығыметжановтың орындаған нұсқасы, М.Әуезов атындағы ӘӨИ фономұрағатында сақталған «Қисса Қыз Жібек» (№144), Б.Ерзаковичтің монографияларындағы «Қыз Жібек» жырынан нотаға түскен үзінділері алынды. Сонымен қатар, домбыра аспабының ролін анықтау үшін М.Өтебаевтың орындауындағы «Қыз Жібек», «Мұңлық Зарлық» және «Қобыланды батыр» эпостарынан таза аспаптық кіріспе бөлімдері келтірілді.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздері. Зерттеудің теориялық және методологиялық негіздерін еліміздегі және шет елдегі музыкатанушы, әдебиеттанушы, фольклорист ғалымдардың ғылыми еңбектері құрайды. Бұл ретте, әсіресе, Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, Б.Путилов, Р.Гацак, А.Веселовский, В.Жирмунский, Х.Зарифов, Ә.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, С.Садырбаев, Е.Ысмайылов, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, Ш.Ыбыраев, Б.Әзібаева, Т.Қоңыратбай, Қ.Бұзаубағарова және т.б. еңбектері қарастырылды.
Сонымен қатар, эпикалық дәстүр мен мәдениеттің өткені мен бүгінгі күні жайлы этномузыкатану ғылымының негізін қалаған отандас музыкатанушылардың, атап айтқанда, Б.Ерзаковичтің, С.Күзембаеваның, А.Құнанбаеваның, А.Байгаскинаның еңбектері де диссертациялық жұмысқа негіз болды.
«Қыз Жібек» эпосының әртүрлі нұсқаларын нотаға дұрыс түсіру жұмысында Б.Қарақұлов пен И.Қожабековтың еңбектеріне сүйеніп, ғалымдар ұсынған әдістеме қолға алынды. Сонымен қатар, отандас және шет елдердегі музыкатанушы және этномузыкатанушы ғалымдардың еңбектері диссертациялық жұмыс үшін өте маңызды болды.
Зерттеудің нысаны «Қыз Жібек» эпосының аталған нұсқаларындағы музыкалық әрі поэтикалық мәтіні және Б.Ерзаковичтің монографияларында берілген нотаға түскен үлгілер болып табылады. Ашып айтқанда, эпос мазмұнына байланысты таңдаулы және нақты мотивтер, кейіпкерлердің мінездемелерін ашатын музыкалық мәнер әдістері, әр жыршының лирикалық тілі, жеке даралық әдістері, эпикалық дәстүрді сақтау және тарату мақсатында қосқан үлесі.
Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеудің әдістері мен тәсілдері эпос музыкасын зерттеуге байланысты алдымызға қойған мақсат пен міндеттерге байланысты айқындалды. Зерттеуде нақты талдау, сипаттау және салыстырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Диссертацияның негізгі теориялық нәтижелері мен тұжырымдарын музыкатану мен филология салаларында қолдануға болады. Жұмыстың тәжірибелі нәтижелері арнайы жоғары оқу орындары мен колледж қабырғаларында өтетін педагогикалық жұмыстарға көмекші құрал ретінде және арнайы «Қазақ музыка тарихы», «Музыкалық фольклор шығармаларын талдау» дәрістерінде, сонымен қатар, қазақ халқының эпикалық туындыларын орындаушы жыршы-жырауларды дайындайтын арнаулы курс сабақтарында пайдалануға болады.
Жұмыстың сыннан өтуі мен сарапталуы. Диссертациялық жұмыс М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Музыкатану бөлімінің мәжілісінде талқыланып, осы институттың Ғылыми кеңесінде қаралды. Зерттеу тақырыбы мен мәселелеріне байланысты 18 мақала жарық көрді. Оның 5-уі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті бекіткен ғылыми басылымдарда жарияланған. Жұмыстың негізгі нәтижелері мен тұжырымдары 7 халықаралық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференцияларда баяндалды.
Зерттеудің құрылымы. Диссертация кіріспе, екі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс мәтінін сурет, кесте, ноталық үлгілер және қазақ эпикалық дәстүрі жайлы библиографиялық көрсеткіш толықтырады. Қосымша бөлімде «Қыз Жібек» эпосының үш нұсқасынан диссертацияның авторы түсірген ноталық үлгілер берілген.
Диссертацияның  негізгі мазмұны
Диссертацияның кіріспе бөлімінде зерттеуге алынып отырған тақырыптың өзектілігі, мән-жайы, мақсат-міндеттері көрсетіліп, жұмыстың бағыт-бағдары мен ғылыми жаңалығы анықталып, негізгі теориялық және практикалық маңыздылығы белгіленді.
«Эпикалық дәстүрдің музыкатану мен әдебиеттану салаларында зерттелуі» деп аталатын бірінші бөлім үш тараудан тұрады. Тарау көлемінде ашылатын эпос өнерінің әр салада зерттелуіне тоқталмас бұрын, жұмыста олардың ХХ ғасырға дейін жетуінің тарихы баяндалады. ХІХ ғасырда эпос мәтінін жазып алу, баспадан шығару жұмыстары жүргізіле басталып, 30-шы жылдардан кейін аса қызығушылықпен кіріскен ғалымдар эпос мәтіндерін жинақтап, аударып, сонымен қатар, жүйелеу жұмыстарын жүргізді. Эпос туындылары тіпті академиялық баспалардан шығып, оқу бағдарламаларына енгізілді. Ең алғаш экспедициялар жүргізіліп, эпос үлгілері жинақталып, әр тілдерге аударыла бастады. Және сол кездерде эпос орындаушыларының есімдері елге танымал болды. Бірінші тарау «Эпикалық ескерткіштерді музыкалық тұрғыдан зерттеудің тәжірибесі мен тарихы» деп аталып,  мұнда эпикалық дәстүрдің музыкатану ғылымында өз үрдісін тапқаны жайлы баяндалады. Жұмысты жазу, эпикалық туындыларды салыстыру және зерттеу барысында қазақ музыкатану ғылымына қосқан үлесі мол ғалымдардың еңбектеріне аса көңіл бөлініп, олардың методологиялық ұсыныстары ескерілді. Олардың ішінде қазақ халқының эпикалық дәстүрінің музыкасын зерттеудің ірге тасын қалаған Б.Ерзаковичтің, эпикалық шығармалардың ырғақтық негізін қазақ жерінің аймақтарына байланысты зерттеген А.Байгаскинаның, қазақ музыкатану ғылымында эпикалық дәстүрді Қармақшы ауданынан бастап жалпы эпикалық өнердің генезисін, даму жолдарын және т.б. зерттеген А.Құнанбаеваның, эпикалық дәстүр мен фольклордың қазақ театр сахнасында өріс алуы, фольклор мен спектакльдің көркемдік құрылымының заңдылықтары жайлы театртанушы Б.Құндақбайұлы мен С.Кабдиевалардың еңбектері тереңінен қарастырылды. Бүгінгі таңда қазақ операсын зерделеу барысында оның негізін құрайтын эпикалық жыр бірнеше буын музыкатанушылардың жұмыстарында зерттеу нысанына айналды. Атап айтқанда, С.Күзембаева, Т.Жұмалиева және тағы да басқа ғалымдар.
Жалпы қазақ музыкасын нотаға дұрыс түсіру мәселесі бағытында Б.Қарақұлов пен І.Қожабековтердің зерттеулері ескеріліп, ән және жыр жолдарының құрылымын, нақтылай айтқанда жыр ішіндегі импровизацияның негізін құрайтын төрт жолдың сан-алуан өзгеріске ұшырауы жайлы жазған Б.Қарақұловтың әдістемесі диссертацияның екінші тарауында «Қыз Жібек» жырының нұсқаларын талдау барысында әдістемелік құрал ретінде көмек болды [1]. 
Эпикалық дәстүрдің музыкатану ғылымындағы зерттелуін отандас музыкатанушылар еңбектерімен шектелмей орыс, украин, өзбек, әзірбайжан, якут, бурят және тағы да басқа елдердің эпикалық өнерінің зерттелу деңгейін ескерген диссертациялық жұмыста өте маңызды болды. Олардың ішінде орындаушылық дәстүр мәселелері – Ш.Гуллыев, Т.Мамедов, Р.Атаян, В.Шивлянова, Д.Дугарова, А.Решетникова, М.Рахматуллина, Қ.Дюшалиев; эпикалық дәстүрді таратушылар бейнесі жайлы – Т.Мирзаев, Р.С.Абдуллаев; эпостың музыкасының болмысы – В.Дубравин, Е.Васильева, А.Рахаев; эпосты этномузыкатану жағынан жалпылама қарастыру – И.Земцовский, Э.Алексеев, А.Юсфин  еңбектерінде орын алды. Ғалымдар ұсынған материалдар негізінде әр түрлі мәдениеттегі эпостың зерттелу деңгейі көрсетіліп, оларды қазақ эпикалық өнерімен салыстыру барысында ортақ жерлері мен сәйкестіктері анықталды.
Сонымен, қазақ халқының эпикалық дәстүрін зерттегенде ең алдымен эпикалық ескерткіштер бүгінгі таңда музыкатанушы ғалымдардың еңбектерінде қаншалықты әрі қай тұрғыда зерделенгендігін анықтап алып, зерттеу барысында қазақ эпосымен шектелмей, орыс, украин және т.б. түркі тілдес елдердің эпикалық музыкасын қоса қарастырған өнімді екені анықталды.
 «Қазақ эпосының филолог-фольклортанушы ғалымдардың еңбектерінде зерттелуі» деп аталған келесі тарауда өз зерттеулерінде қазақ эпосын әр тұрғыдан қарастырған фольклортанушы ғалымдардың еңбектері баяндалды. Қазақ халқының фольклорын, нақтылай келгенде эпикалық мұрасын зерттеген ғылыми жұмыстардың ішінен Ш.Уалихановтың, Ә.Марғұланның, М.Әуезовтың, В.Радловтың, Ә.Қоңыратбаевтың, З.Ахметовтың, Р.Бердібайдың, С.Садырбаевтың, Е.Ысмайыловтың, О.Нұрмағамбетованың, С.Қасқабасовтың, Е.Тұрсыновтың, Ш.Ыбыраевтың, Б.Әзібаеваның, Т.Қоңыратбайдың, Қ.Бұзаубағарованың методологиялық ұсыныстары «Қыз Жібек» эпосын текстологиялық және мазмұндық жағынан талдау барысында шешуші роль атқарды.
Қазақ эпосын зерттеушілерімен қатар, орыс ғалымдардың классикалық зерттеулері де эпостану жолында біраз бағыт көрсетті. Атап айтқанда, Б.Путиловтың, В.Гацактың, В.Пропптың, А.Веселовскийдің, өзбек эпосын зерттеген В.Жирмунский мен Х.Зарифовтың еңбектері – эпосты орындайтын тұлғаның көзқарасын, болмысын, эпос ішіндегі эпикалық уақыт пен кеңістікті, мәтін ішіндегі ортақ мотивтерді белгілеп ажырату және т.б. мәселелердің басын ашу жолында көп көмек болды. Дегенмен, қазақ халқының эпикалық шығармалары мен дәстүрін әдебиеттанушы ғалымдар музыкасы мен әуенінен бөлек сөз өнері және әдеби жанр ретінде қарастырған. Эпостың мазмұнын талдай отырып, ғалымдар басты кейіпкерлерді фольклорға тән типтендірілген батыр образдары ретінде емес, әдеби шығармалардың кейіпкері тұрғысында зерттеген. Және ғалымдардың еңбектерінде халықтың эстетикасымен байланысты қарастырылған қазақ эпосы тек образдық жүйе, көркемдік тілкесте мәселелерімен байланысты зерттелген. Ал музыка жағы ескерілмей қалған.
Осы тарау бойынша қорыта айтқанда, біріншіден, қазақ эпосының музыкасын зерттеу үшін оның текстологиялық және мазмұндық жағын анықтап алу қажет; екіншіден, қазақ халқының эпикалық жырын зерттеу әдістемелерін анықтау және методология мәселелерін шешу үшін жетекші филолог-фольклортанушылардың еңбектеріне сүйенбеу мүмкін емес; үшіншіден, қазақ эпосының негізі мен табиғатын басқа елдердің мәдениетіндегі эпикалық өнермен салыстыра қарастырған өнімді.
Бірінші бөлімнің «Жыршы тұлғасының бүгінгі таңдағы сипаты» атты соңғы тарауында бүгінгі таңда эпостың көлемді, монументалды біртұтас шығарма бола тұра жан-жақты зерттеліп қана қоймай, бір сәттің өзінде бірнеше деңгейден (дәрежеден) көрінетіні туралы сөз қозғалды: біріншіден, эпос - өзі жанр, өзі ата-бабадан қалған дәстүр, мұра; екіншіден, эпос - өткен күннің тарихын суреттейтін өнер; үшіншіден, басқа жанрларға тематикалық және музыкалық өзек (кинофильм, театралдық қойылымдар, опера және камералы-аспапты шығармалар); төртіншіден, өз бойына қазақ фольклорының басқа жанрларын жинаған, жинақтаушы мозаика; бесіншіден, ғылыми жұмыстар мен ғылыми зерттеулерге нысан.
Халықтың ұлттық мінез ерекшеліктерін, көзқарасын, тарихи өткені мен бүгінгі күнін эпикалық өнерінен танып білуге болады. Сондықтан, жұмыста өнердің нақ осы саласының мақсаттары және өзіндік қызметтері, оның ішінде тәрбиелеу, көңілдендіру, арбау және ақпарат беру және т.б. қарастырылды. Бұл өнердің тарихы бірнеше ғасырға созылып жатқандықтан, көздеген функциялары заман ағымына сай өзгеріп отырады. Оның үстіне әр заман өз эпикалық туындыларын талап етеді.
Эпикалық жыр тек қана тарихи немесе ойдан құрастырылған оқиғаларды әңгімелеп, жырлап қоймайды, оның эмоционалдық, психологиялық жағын көрсетіп, сонымен қатар тәрбие, адамгершілік және өнеге-өсиет, білім беру қызметін атқаратыны сөзсіз.  Жыршы батырдың батырлығын жырлай отырып, жастарды сондай ержүректікке, ел намысын қорғайтын батылдыққа баулиды; ғашықтардың күйзелісі мен қайғысы – шыдамдылыққа, төзімділікке әрі жанқиярлыққа үйретеді; адамдардың әділетсіздігі – шындыққа, әділеттілікке, адамгершілікке шақырады. Тіпті қатыгез заң немесе бүгінгі күнде жат көрінетін қазақтың «әмеңгерлік» салты Жібектің және жалпы қазақ халқының даналығын, көрегендігін байқатып, тыңдаушы қауымды үлкенді сыйлауға, иерархия сатысын бұзбауға үндейді.
Қай заманда болсын жыршының жыршы болуына зәру: атадан әкеге, әкеден балаға тараған тұқым қуалаған дарындылығы, тәлім-тәрбиесі, эпикалық білімі, ортасы мен айналасы, өз қабілеті, табиғи таланты және т.б. Бұлардың барлығы бір-бірімен тығыз байланыста болғанымен, әр жыршыға бұл тізімдегілердің ішінен біреуі басым келеді. Себебі, әр жыршы өзінше бір Индивидуум, жеке Тұлға.
Жыршының жыршы болуына тағы да бір маңызды шара – болашақ жыршыға дұрыс эстетикалық тәлім-тәрбие беру, тәрбиелей отырып білімге байлау.
Әрине, қазақта суырыпсалма өнері болғандықтан, жырлаған сайын мәтін мен мақам-саздың өрнек бояулары өзгеріп отыруы мүмкін. Бірақ мұндай жағдай жас жыршының кемістігіне емес, жаңа орындаушылық болжамның, тіпті жаңа стильдің туғанына дәлел.
Жыраулық, жыршылық өнер – біздің ұлттық мәдениетіміздің құнды діңгегі. Сондықтан ХХІ ғасырда бұл өнер жолын көпшіліктің қолдауы - мұрамызды жоғалтып алмау жолындағы үлкен ерлік. Бүгінгі таңдағы буындары қатпаған жастар осы өнер түріне әр түрлі жолдармен келеді. Айтылып кеткендермен қатар, жоғары оқу орындарында да жыршылық өнерге бейімделіп білім алу мүмкіндігі бар. Мысалы, «Сыр елі, жыр елі» дейтіндей, Сыр бойында жыршылық мектептерінің дәстүрі үзілмеген [2]. Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлектері елге танымал, әйгілі «жырау» атақтарына ие болып жатыр. Бірақ, әрине, атам замандағы «жырау» атағы мен қазіргі заманда жоғары оқу орнында дәріс алған жас «жыраулар» екі бөлек екендігі даусыз.
Эпостың мәтіні бірнеше жүзден бірнеше мың жолға дейін созылатындығы белгілі. Әрине, жыр жаттаудың қалыптасқан өзіндік құпиясы бар. Бүгінгі таңдағы жыршылардың айтуы бойынша, нақты бір шумақты бірнеше рет қайталап айтса не тыңдаса, тәжірибелі жыршы сол шумақтың нақты бір өзегін табады. Өзегін тапқаннан кейін мақам-саз да, мәтін де бұдан былай сол шумақтың тірегі болып, орындағанда жеңілдік әкеледі.
Қазақ мәдениетіндегі эпикалық формаларды салт дәстүрден бастап көлемді біртұтас «монументалды» стильге, яғни эпостың өзіне дейін айқындап, диссертациялық жұмыста «эпос» және «эпикалық» деген сөздерге аса көңіл бөлінді.
Қазақ музыка мәдениетінде көлемді көркем шығарма ретіндегі эпос жанры және эпос айналасындағы эпикалық сипаты бар жанрлар (эпостанушы Алма Құнанбаева соңғыларды «орбитальные жанры вокруг эпоса» деп белгілеген [3]) орын алады. Мұндай жанрларға «терме», «толғау», «гөй-гөй» «нақыл сөз» және т.с.с. жанрлар жатады. А.Құнанбаеваның айтқанына арқа сүйеп, бұл жанрларды нақты эпос жанрымен салыстырсақ, эпос деп мәтіні өзгермейтін (кішкентай өзгерістер кездесе береді), драматургиялық құрылымы (бастама түйіні – завязка, шарықтау шегі – кульминация және шешімдері – развязка) бар көркем шығарманы айтады. Көптеген эпостардың («Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қобыланды батыр», «Алпамыс» және т.б.) бүгінгі күнге жетуі де өзгермейтін мәтін мен сюжеттік жолдарының орын алып, драматургиялық құрылымы бар театралдық қойылымдарға жақындығынан танылады. Әрине бұл заманға жеткенше олар талай уақыт өңдеуінен өтіп, қайта-қайта жанданып отырды. Мысалы, «Қобыланды батыр» эпикалық жырының 26 варианты, «Қыз Жібек» жырының 2 варианты бар. Диссертацияда эпикалық жыр мен эпостың айналасындағы жанрлардың айырмашылықтарына біраз түсініктеме берілді.
Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын»,  Е.Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ.Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады.
Әр жыршының орындаушылық ерекшеліктері мен спецификалық әдістері жыршыны өзі орындаған жырдың әуенінің «авторы» атандырады. Себебі, олардың көбісі поэтикалық мәтінге сүйеніп музыкалық мақамдарын өздері шығарады. Сондықтан, нақты бір жыр нұсқасының музыкалық негізін талдау барысында әр жыршының тек өзіне тән әдістемесі байқалады. Жирмунский В.М. мен Х.Т.Зарифовтардың «Узбекский народный героический эпос» атты еңбегінде [4] «В лице народного певца ... совмещаются творец (или... соавтор) поэтического произведения и его творческий исполнитель» деп келтірілген. Демек, әр орындаушы нақты бір шығармаға өз үлесін қосып (орындау барысында жыр көлемін кішірейтіп, не үлкейтіп), бір жырды көп жылдар бойы орындап, нақты сол нұсқаның авторы деген «атаққа» ие болады.
Кезінде Б.Н.Путилов «Героический эпос выражает сознание и идеалы эпической среды» [5] деп айтқандай, эпос – қазақ халқының ой, сана, білім және идеалының шоғыры, нақты халықтың, бір ортаның ой-арманының синтезі. Сондықтан эпикалық шығарманы орындау барысында жыршы ол күй-жағдайды ескеріп қана қоймай, бар жан-тәнімен беріліп орындайды. Себебі, жыршының эстетикалық көзқарасы өз халқының философиясын,  эстетикасын, этикасын, мәдениетін, тіпті халықтың жалпы имандылығын және өнегелілігін көрсетеді.
Әр эпикалық шығарманың ішінде өзінің эпикалық уақыты, өзінің эпикалық кеңістігі болады. Орындаушы-жыршы шығарманың мазмұнын баяндап отырып, өзі де сол құпиялы, тіпті сиқырлы эпос әлеміне кіріп, артынан тыңдармандарды ала жүреді. Тыңдаушы эпосты тыңдап отырып жыр ішіндегі желдің көтерілісін сезініп, аттың шабысын естіп, тіпті кейіпкерге болысқандай айғай салып, кейде аяныш сезімдерін білдіреді. Қазақ халқының эпикалық жырындағы дәріптелген кейіпкерлер, әсіреленген сценалар (гипербола), қалыптасқан эпитеттер және тағы да басқалары жай ғана жыршының шығармашылық әдіс-амалдарының нәтижесі емес. Бұл –  жыршы мен жыр ортасынан шыққан эпос тілі. Бұл тіл арқылы жыршы мен тыңдаушы, екеуіне де ортақ кең дүниеге бір көзқараспен қарап, бірдей ойлап, айналаны бірдей эстетикалық жағынан қабылдау барысында өздеріне ортақ, керек және түсінікті шындықты көреді. Ол көрініс ойдан, қиялдан шығарылған емес, орындаушы мен тыңдаушының ізгі, идеалды, кемшіліксіз шындығынан туған көрініс. Демек, эпикалық ортаға ортақ эпикалық тіл, эпикалық кілт болуы тиіс. Сонда, ғасырлар бойы эпикалық жырдың музыкалық және көркемді поэтикалық мәтіні өзгеріп отырғанымен (себебі фольклордың өзі бір орында тұрмайтын құбылыс), эпикалық негізі (оның ішінде музыкалық негізі де) сол қалпында қалады.
Сонымен, бірінші бөлімді қорытындылай келе, келесі іс-әрекеттерді ұмытпау қажет екендігіне көзіміз жетті: Біріншіден, әдебиеттанушы және фольклортанушы ғалымдардың терминологиясы тек қазақ эпосы емес жалпы әлем эпосын зерттеу жолындағы музыкатану ғылымын «дағдарыстан» құтқарып, жаңа бағыт көрсетеді; Екіншіден, эпос – өнердің синкретті түрі болғандықтан, ол өз бойына сөз өнерін, музыкалы орындаушылық өнерді, сахналық шеберлік пен дарындылықты, аудиторияны баурап алу кәсіптілігін, білім және этикет өнерін меңгеруді қамтиды. Сондықтан, эпос өнерін қарастыратын болғандықтан, жанрдың тұтастығын қалыптастырушы салаларды да қарау тұра келеді. Себебі, аталғандардың біреуі болса да назардан тыс қалса, біздің ұғымымыздағы  эпостың бейнесі жай ғана жартылай емес, тіпті қате болуы да мүмкін. Эпосты жанр және тарихи шындықтың фольклордағы сәулесі ретінде музыкатанушы ғалым үшін поэтикалық мәтін мен фольклортанушылардың еңбектерінің көмегі орасан зор екендігін ұмытпай, қазақ эпикалық шығармасын талдау, зерттеу барысында міндетті түрде эпикалық дәуірді, халықтың этникалық өзіндік сана-сезімін, ой-өрісін ескеріп отыру қажет.
««Қыз Жібек» жыры» атты екінші бөлім төрт тараудан тұрады. Бұл бөлімде нақты «Қыз Жібек» эпикалық жыры зерттеу нысанына айналған. Бірінші тарау «Жырдың музыкалық және фольклортанушылық аспектіде зерттелуі» деп аталып, эпос синкретті жанр ретінде соңғы жылдары біршама мамандардың назарын аударғаны жайлы баяндалады. Әр жылдары зерттеген Ш.Уәлиханов, М.Әуезов, А.Қоңыратбаев, Р.Бердібай, С.Қасқабасов, О.Нұрмағамбетова, М.Есмағанбетов, М.Тұрышев, Б.Ерзакович және т.б. ғалымдардың еңбектері «Қыз Жібек» туындысының зерттелу тарихын құрайды. Мәселен, М.Әуезов эпос ішіндегі көріністерге, әр кейіпкердің бейнесіне, әртүрлі сезім күйлерін суреттейтін монолог, диалог және салт өлең түрлеріне жеке-жеке тоқталып, тереңінен зерттеп, эпостың мазмұнындағы бір қарағанда көзге түсе қоймайтын, бірақ сюжеттің даму жолдарын күрт өзгертетін сәттердің басын ашады. Басқа да мәселелермен қатар, Р.Бердібайдың (ертеректе М.Әуезовтың) еңбектерінде «әмеңгерлік» туралы жазылғанда, оны «Жібек пен Сансызбайдың міндеті емес, Жібектің өз елінің, жерінің болашағын ойлаған ақылды әйел образының көрегелілігі, даналығы» - деп тұжырымдайды. С.Қасқабасовтың әр жылдары жазылған көптеген еңбектерінде «Қыз Жібек» жыры екі бөлімнен тұратын «контаминацияланған» шығарма деп беріледі. Сонымен қатар, жырды зерделеген ғалымдардың еңбектерімен салыстырғанда, тек С.Қасқабасовтың зерттеуінде жыр ішіндегі Төлеген мен Сансызбайдың көмекшілері – Қаршыға мен Шеге деген екі ақынға көңіл бөледі.
Қорытындылай айтқанда, «Қыз Жібек» жыры бүгінгі таңда да ғылыми зерттеулердің нысаны болып, өзектілігін жоғалтпай келеді. Оның үстіне фольклортанушылардың еңбектерінде ғана емес, музыкатанушы ғалымдардың зерттеулерінде елеулі орын алады.
 «Эпостағы әуен мен сөздің үйлесімі» деп аталған екінші тарауда  эпостық ескерткіштердің топтамасы мен жыр ішіндегі сюжетті-композициялық элементтердің ерекшеліктері анықталды. «Қыз Жібек» жырын талдау барысында жырдың құрылымы, басты кейіпкерлердің негізгі музыкалық мінездемелері (М.Өтебаев орындаған нұсқасы негізінде), қазақ халқының фольклорлық жанрларының эпос ішіндегі қайталанған түрлері айқындалды. Мәселен, «қоштасу» (Төлегеннің анасымен және бауыры Сансызбаймен қоштасуы), «жоқтау» (Жібектің Төлегенді жоқтауы және Сансызбайдың ағасын жоқтауы); «толғау» (кейіпкердің ішкі жан дүниесін суреттейтін Төлегеннің өмірімен қоштасқан кезіндегі монологы); «айтыс» (Бекежан мен Жібектің айтысы), «естірту» (Бекежанның Жібекке Төлегеннің қазасын естіртуі) және «жұбату» (Шегенің Сансызбайды жұбатуы) сияқты фольклорлық жанрлардың қайталануы музыка және поэтикалық мәтін жағынан алынып, «мінездемелік-мотив», «эпостық формула», теңеу, метафора, гипербола, эпитет, литота сияқты сапалық белгілер жеке-жеке талданды. Сонымен қатар, музыка мен мәтін арасындағы «синхрондық» сәйкестік, ырғақтық иірімділік, әуендік басымдылық, буындық негіз (7-8 немесе 11-буынды өлең құрылымы) және т.б. қарастырылды. Келтірілген мысалдарға дәлел ретінде көрнекілік үшін М.Өтебаев орындаған «Қыз Жібек» нұсқасынан бірнеше музыкалық мақам нотаға түсіріліп, музыкалық талдау мен кесте берілді.
Музыка әуеніндегі көркемдеу мәнер-әдістерін талдау үстінде, музыкалық сазы, тональдік қарым-қатынасы, әуеннің қозғалысы, ритмикалық әрі дыбыстық құрылымы қарастырылды.
Славян және түркітілдес халықтардың эпикалық жырларында кездесетін әуенсіз айтылатын таза прозалық «Әлқисса» бөліміне де көңіл бөлінді. «Әлқисса» бөлімінде автордың, яғни, жыршының эпос мазмұнын баяндайтын сөзі ғана емес, әр кейіпкердің ой-толғаныстарымен қатар диалогтар да кездесе береді.
Осы тарау бойынша қазақ жырының музыкалық болмысын талдау барысында міндетті түрде сюжетті-композициялық ерекшеліктерге, эпос ішіндегі фольклорлық жанрлардың қайталануына, жырдағы поэзия тіліне, сонымен қатар, музыка мен поэтикалық мәтін арасындағы сәйкестікке, ырғақтық иірілімдерге тоқталу қажет деген тұжырымдар айқындалды. Ал олар өз алдына: эпос ішіндегі фольклорлық жанрлардың қайталанулары жыр заңдылығына байланысты өзгеріске ұшырайды, бірақ, дегенмен, өзінің көздеген мақсаты мен міндеттерінен алыстамайды; музыка мен поэтикалық мәтін арасындағы сәйкестік кейде қазақ тілінің силлабикалық құрылымына бағынса, кейде, музыка заңдылықтарына байланысты ырғақтық өлшем мен жыршының орындау мәнеріне иланады деген тұжырымдарға әкелді.
 «Қыз Жібек» жырының орындалу ерекшеліктері» атты үшінші тарауда М.Өтебаев және Д.Нығыметжановтың орындауларындағы «Қыз Жібек» туындысы мен М.Әуезов атындағы ӘӨИ фономұрағатында сақталған белгісіз жыршы жырлаған «Қисса Қыз Жібек» нұсқасы нотаға түсіріліп, сонымен қатар, ертеде Б.Ерзакович зерттеген нұсқалар нысанға алынды.
Б.Ерзаковичтің еңбектеріндегі орындаушылар туралы материал қарастырылып, диссертацияда Б.Ерзаковичтің зерттемелерінде жоқ қосымша мәліметтер берілді: Рахмет Мәзқожаевтың жыршылық өнерімен қатар сатиралы және айтыскер-ақын екендігі, Шәкір Әбенов «Қыз Жібек» жырын «Қорамжан» күйімен бастағандығы және т.б. баяндалды [6].
Б.Ерзакович нотаға түсірген үлгілерге қосымша талдау жасалып, біраз нәтижелермен қатар қателіктер де көрінді. Олар қазақ тілінің силлабикалық құрылымы мен поэтикалық мәтінінің тирадалық құрылымдарының ескерілмегендігі, тіл білмегендіктен үзінділердің дұрыс жерден басталмауы, зерттеулерде орындаушылар туралы, олардың орындаушылық ерекшеліктері туралы толық мәлімет берілмеуі және т.с.с. Дегенмен, көптеген кемшіліктеріне қарамастан, музыкатану ғылымында қазақ эпикалық өнері туралы тұңғыш еңбектің жарыққа шығуы қазақ музыкатану ғылымының алға басып, бір жүйеге келуінің белгісі.
 «Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Қалқаман-Мамыр», «Қыз Жібек» және тағы да басқа жыр-дастандарды орындайтын Дүйсенғазы Нығыметжанов жыршы ретінде көпке танымал.
Жыршы орындаған «Қыз Жібек» нұсқасы 1,5 сағатқа созылады. Толық эпикалық жырды орындау барысында жыршы бірнеше мақам қолданады. Олардың барлығы бір кілтте орындалып, ырғақтық бөлшектену, кеңею және орындарының ауысуымен түрлендіріліп, жалпы аталған әдістер жырдың толық материалының беделділігін, қадір-қасиетін кемітпей, жинақтаулық, тұйықтылық және қорытылғандықты білдіреді. Бұл нұсқа кейде жыршының әуенін тура унисонда қайталайтын, кейде мақамдар арасындағы байланыстырушы буын болып келетін домбыраның сүйемелдеуімен орындалады.
«Қыз Жібек» жырының Д.Нығыметжанов орындаған нұсқасы нотаға түсіріліп, жырдың басынан аяғына дейін бірнеше рет қайталанып кездесетін, бірақ бір-бірінен бөлек сегіз музыкалық үлгі талданды. Жыршы 7 буынды өлең жолдарында арнайы үш мақамды қолданса (I, IV, VI), 11 буынды өлең жолдарында басқа үш (II, III, V) мақамды келтіреді. 7 буынды жыр жолдарының І мақамын автор жырдың «кіріспесінде», ІV мақамын – Төлегеннің Жібек көшін іздеуінде, VI мақамды – бірінші бөлімнің соңында, кейін Жібектің Төлегенді кім өлтіргенін білген кезде және дыбыс ырғағы мен ритмикасын өзгертіп, Сансызбайды суреттеу, әкесімен қоштасу, тіпті Жібек пен Сансызбайдың танысу көріністерінде қолданады. Ал 11 буынды мақамдардың ІІ-сін – Төлеген жігіттерден келіп жөн сұрағанда, ІІІ-сін – Төлегеннің Қаршығаға келіп танысуында, V-сін – Бекежанның Жібекке айтқан өлеңінде келтіреді. 7 буынды мақамдарға қайта оралсақ, бірінші мақам жырды айту барысында бірнеше рет кездеседі.  Ең алғаш a b c d келбетінде сирек кездесуіне қарамастан, жолдарының орындары алмасып, кейде I, II немесе III жолдар түсіп қалады. Сонымен, нәтижесінде келесі біріккен топтар құрылады: 1)аII:c...:ІІd;  2) II:c… :IId;  3) aвc  cd; 4) II:a...:IId; 5) вc1II:с... :ІId;. Басқа төртінші мақам – Төлеген Жібек көшін іздеген көріністе орын алады. Бұл мақам дыбыс ырғағы (интонация) мен стилистика жағынан термеге жақын келеді. Термеге жақындығы репетициялық қайталану, тар ауқымдық, 7-8 буынды өлең және тездетілген (үзіліссіз, тоқтамай алқынып айтады) жылдамдық арқылы байқалады.
Келесі VI мақам ең алғаш эпостың бірінші бөлімінің соңында, кейін Жібектің Төлегенді кім өлтіргенін білген кезде және дыбыс ырғағы мен ритмикасының өзгеруіне қарамастан, Сансызбайды суреттеу, әкесімен қоштасу, тіпті Жібек пен Сансызбайдың танысу көріністерінде кездеседі. Бұл мақам ақсақ, синкопалы ырғағымен көзге түседі (дыбыс екпіні 7 буынды жолдың бірінші емес төртінші бөлшегіне келеді). Мұндай екпін мақамға жылау немесе өкініш интонациясын береді. Біздің ойымызша, бұл, жыршының тыңдаушы қауымға әсерін күшейтетін арнайы психологиялық әдісі. Сол сияқты 11 буынды мақамдар да жыр мәтінінде сан-алуан түрде көрініс алады.
Жоғарыда айтылғандай, бір мақам бірнеше көріністің музыкалық негізі болады. Демек, бір музыкалық мақам диалог, автордың сөзі, тіпті жеке кейіпкердің монологында да қолданыла береді. Бір мақамның әр түрлі кейіпкер, басқа мінезді әрі бөлек көріністерде қолданылуы – жыршының еуропаның музыкалық тілін, музыкалық жүйесін қолданбайтынының дәлелі деп түсінеміз. Яғни, Бекежан мен Жібек, Қаршыға мен Қорен, «Төлегеннің алты қазбен қоштасуы» немесе «Қорен ханның ең алғаш келуі» деген қарама-қарсы кейіпкерлер мен көріністердің бір мақамда құрылуы, жыршының лейтмотивтік жүйені қабылдамағанының нәтижесі. Сонымен қатар, жыршы шумақ пен поэтикалық мәтіннің көлеміне қарай мақамның көлемін де үлкейтеді. Кеңейту әдісі ретінде орындаушы мақамның бір жолын бірнеше рет репетициялық қайталау арқылы береді.
Осы нұсқаның музыкалық негізін талдау барысында жыршының келесі орындаушылық ерекшеліктері байқалды: жырдың мәтіні мен жарыққа шыққан «Қыз Жібек» жыры кітабындағы мәтіннің көп жері сәйкес келеді, бірақ ерекшеліктері де бар; кітаптағы сөздердің орнына синонимдер жиі қолданылады, олар кейде орындары ауысып келеді, тіпті кейде поэтикалық мәтін жолшыбай қысқартылып отырады; музыкалық мақамның соңы мен поэтикалық мәтіннің соңы жиі келіспей қалады (асинхронность); бір мақамның соңында жыршылар әдетте таза домбыраның әуенімен қайталап жіберсе, Д.Нығыметжанов оның орнына келесі мақамның басын түртіп қояды. Демек, орындауы динамикалы, қозғалысы басым болып келеді; бір музыкалы мақам келесі көріністе қайталанады, бірақ аздаған өзгешелігі орын алады; поэтикалық мәтін арасында таза аспапта орындалатын жолдар кездеседі; үшінші және төртінші жолдар бірнеше рет қайталанады; қайталану барысында әуен бірінші емес, үшінші немесе төртінші жолдан басталады; кейде жолдар ығысып, әуен кері қарай дамиды.
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының фономұрағатында сақталған «Қисса Қыз Жібек» те диссертациялық жұмыстың нысанына айналды. Бұл нұсқаның музыкалық негізі мен орындаушылық ерекшеліктерінен Жетісу өңіріне жататыны байқалады. Қисса көбінесе әңгімеленіп отырып айтылады, сондықтан прозалық «Әлқиссасы» өлең мәтінімен салыстырғанда жалпы жырдың шамамен 70 пайызын құрайды. Басқа нұсқаларда «Әлқисса» ең көбі 15-20 жолдан тұрып, орындаушыға шамалы уақытқа демін алатындай бәсеңдеу деп көрінсе, осы нұсқада «Әңгімелеуге» көп назар аударылады. Негізгі көңіл бөлініп музыкалық әуенге салынып орындалатын жолдар осы нұсқада тек көркемдеу үшін және басты кейіпкерлердің мінез-құлқын тереңірек жеткізу үшін айтылады. Және де, негізгі сюжеттің басын құрайтын мотивтер де әуенмен келтіріледі. Олар,  Төлегеннің Қособада Бекежанды кездестіруі, екеуінің шайқасы; Төлегеннің алты қазбен қоштасуы; Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңі; Жібектің Бекежанға айтқан қарғысы; Жібектің зары; Шеге мен Сансызбайдың Жібекті іздеп табуы; Жібектің Шегеге айтқан жауабы. Сонымен қатар, жыршының орындау әдісі әр кейіпкердің мінез-құлқын толық жеткізеді. Мысалы, Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңінде әні көтеріңкі көңілмен орындалып, өзінің істеген жаман ісін Жібекке мақтанышпен айтып отырғандай естіледі, ал Жібектің әні Бекежанның әніне қарама-қарсы келеді. Дәл осы нұсқадағы «Жібектің әні» басқа жыршылардың орындауымен салыстырсақ ең қайғылы әрі мұңды болып келеді. Синкопалы, әрі әлсіз буынға келетін ырғақ, әннің басынан аяғына дейін сақталып, Жібектің қасіретті күйін жеткізеді. Кейіпкердің мұндай күйін әннің жоғары қарай төмендетілген үшінші сатыға қарай өрбуі күшейте түседі. Ал әрі қарай қайта қайтып натуралды VII саты арқылы өтіп, басқа V сатыдағы минорлы сазға ауытқуы Жібектің басқа ешбір шарасының жоқтығын сездіреді. Ал келесі музыкалық мысал – «Жібектің Бекежанға айтқан қарғысы» жалпы жырдың (нақты осы нұсқаның) шарықтау шегі десе болады. Осы үзіндіде Жібектің бейнесі күрт өзгеріп, басқа тұрғыдан көрінеді. Үзіндінің музыкалық әуені де басқа үлгілерден ерекше көрінеді. Себебі, Жібектің музыкалық мінездемесі әрі қарай дамып, интонация жағынан да, поэтика жағынан да жаңа болып келеді. Демек, Бекежанға айтылған қарғысында, синкопалы, қайғылы-қасіретті күйді суреттейтін ырғақ жойылып, Жібек тұрақты, салмақты әйел бейнесінде көрінеді. Егерде бұл көрініске дейін Жібек нәзік, қорғанышы жоқ жас қыз болып бейнеленсе, енді ол өмірдің зардабын шеккен, арамдық пен зомбылықты көрген үлкен жастағы әйел кейіпінде суреттеледі. Театр сахналарындағы қойылымдарда осы көріністің өзгеруі де тегін емес. Мәселен, жыр жолында Жібек «аузынан» шығатын қарғыс спектакльде жеңгесіне жүктелген. Ал Жібек болса бастапқы, алғашқы бейнесінен айырылмай, сол қалпы жас және нәзік жанды ару болып қала береді. Сондықтан болар, тағдырының сынағына шыдамаған Жібек сахналық қойылымдарда өз өмірін қиюға барады.
Осы нұсқаның тағы да бір ерекшелігі – аспаптық сүйемелдеусіз орындалуы. Әрине, домбыра тілін жақсы білетін жыршыға домбыра көмек әкелсе, оның құлағын бұрап көрмеген адамға керісінше қиындық туғызуы да мүмкін. Сондықтан, осы «Қисса Қыз Жібек» нұсқасының домбырасыз айтылуы да жасы үлкен жыршыға өзінше бір ыңғайлы әдіс деп қарастырылады.
«Қисса Қыз Жібекті» басқа нұсқалармен салыстыратын болсақ, мұнда сюжеттік өзгерістер де көп орын алған. Жырдың мазмұнында бір-екі сөзбен айтылып кеткен көріністер нақты осы нұсқада басқа жағдайлармен қоса, толық суреттеледі және эпос мәтінінде жоқ көріністер де бұл нұсқада орын алады.
Сонымен 1950-1960 жылдардағы фольклорлық экспедиция жұмыстарының нәтижесінде бүгінгі күнге естелік болып жеткен «Қисса Қыз Жібек» Әдебиет және өнер институтының фономұрағатындағы деректердің бірі. Бұл нұсқа сонау заманнан келе жатқан, әрі өз өзектілігін жоғалтпаған құнды фактологиялық дерекнама қатарында тұрған құнды шығарма.
Тұжырымдай келе, «Қисса Қыз Жібекті» орындаған жыршының ерекшеліктеріне: аспаптық сүйемелдеусіз және фольклорлық орындауы, прозалық мәтіннің басымдылығы, мазмұнының басқа нұсқаларға қарағанда кең әрі еркін болуы, әуендік интонация жағына келгенде – қазақ фольклорындағы ғұрыптық музыкаға тән әуен құрылымының заңдылықтарын қолдануы және т.б. жатады.
 «Қыз Жібек» жырының М.Өтебаев орындаған нұсқасындағы музыкалық материалдың байлығы мен орындалу деңгейінің жоғары болуы орындаушы автордың кәсіби жыршы екенін көрсетіп,  музыкалық мәтінінен кәсіптілік пен жоспарлық, нақтылық пен еуропа музыка тіліндегі жаттығушылық байқалады.
Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген әртисі М.Өтебаевтың театр актері, қазақ фольклорын жетік білетін дарынды жезтаңдай әнші, ғажап күйші және жыршы, қазақтың халық және кәсіби сал-серілерінің әндерін орындаушы болуы «Қыз Жібек» жырының дәл осы нұсқасының музыкалық негізін құрауында өз ықпалын тигізді. Сонымен қатар, ҰХК оқуын оқып, сол жерден алған тәрбиесі де болашақ актер әрі дарынды жыршының мінезінде белгілі із қалдырды [7].
М.Өтебаев өзі орындаған «Қыз Жібек» жырының нақты нұсқасының музыкалық негізін құраған «авторы» болып табылады. Себебі, драматург-жыршы жыр ішіне әр кейіпкерге арнайы ән қосып, жырдың мазмұнын кейіпкерлердің бейнесі мен мінезіне сай келтіреді. Осы нұсқаның құндылығы – жыр ішінде қазақ халқының фольклоры, тұрмыс-салтына байланысты әндері мен күй өнері көрініс алады.
М.Өтебаевтың авторлық әдістемесі, орындаушылық шеберлігі мен актерлік сезімталдығы тыңдаушы қауымға «Қыз Жібек» жырының музыкалық үйлесімдігі мен көркемдік сұлулығын паш етеді.
М.Өтебаев орындаған нұсқа нотаға толық түсіріліп, жұмыста мазмұны мен мотивтерге сай бірнеше әуен үзінділері келтірілді. Олар: «Кіріспе»,  «Төлегеннің шешесінің сөзі», «Төлегеннің Қыз Жібек көшін іздеуі», «Қыз Жібектің құрметі», «Қыз Жібектің түсі», «Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңі» және «Қыз Жібектің Бекежанға айтқан қарғысы».
М.Өтебаев орындаған «Қыз Жібек» нұсқасын талдау барысында музыкалық негізі мен орындау тәсілдерінен кәсіби әндерге жақындығы байқалады. Біріншіден, әр талдауға алынған жеке кейіпкердің әуені құрылым жағынан шумақ пен қайырмаға келеді. Көбіне ол 11 буынды, сонымен қатар, шумақты сөйлем-сөйлемге бөлсек, кей мақамдар өлеңге жақын келіп, бір сөйлемі қайталанып отырады. Екіншіден, тек М.Өтебаевтың нұсқасында кіріспе бөлімінде АӘФ ең алғаш көрсетіліп, кейін басқа көріністерде жиі қолданылып отырады. Жеке кейіпкердің атынан айтылатын әуен АӘФ басталып, сюжетіне сай, мысалы Төлегеннің өзін-өзі таныстыруы (ғалымдар – «Автопортретность», «лапидарность», «концертность» деп бағалайды) кезінде, қарама-қарсы бағыттағы айналым немесе қайыру жолдарымен секірісті толықтыру жиі кездеседі. Үшіншісі – пентатоникалық негіз. Ол Шығыс Қазақстан жеріндегі фольклорлық әндеріне тән құбылыс. Ол да М.Өтебаев орындаған «Қыз Жібек» жырының нұсқасында жиі кездеседі. Төртіншісі, жырдың басынан аяғына дейін кездесіп, өзгеріссіз қайталанып отыратын төменгі тоникадағы каданстық айналым. Олар «мелодиялық блок» немесе «қайырма жолдары» деп жұмыста бірнеше рет аталып кетті. Және соңғысы, сөз басының үстемділігі. Әрине, кәсіби ақын, сал-серілердің шығармаларында сөз басы үстемді болса, жыр жолдарының поэтикалық негізі мақамның құрылымы мен жалпы эмоционалды сипаттамасында соншалықты шешуші рөл атқарады. Сөз басы мен поэтикалық негіздің үстемділігі әуен-саздың көлеміне, ырғағына және музыкамен баяндалуына ықпалын тигізеді. Бұл айтылып кеткендердің барлығы М.Өтебаев орындаған «Қыз Жібек» жыры нұсқасының сал-серілер шығармашылығына жақындығын көрсетеді. Ал ол жақындық Мұхтар Өтебаевтың кәсіби ақын, әртіс әрі жыршы мамандықтарының өкілі ретінде жоғарғы деңгейде екендігіне дәлел.
Жұмыста талдауға түскен үлгілердің ішінен «Жібектің әні» мен «Төлегеннің толғауын» ерекше айтуға болады.
Жалпы «Қыз Жібек» жырында Жібектің бейнесін суреттейтін 16 көрініс орын алады. Солардың ішінен бір музыкалық мақам басқа қайталанбай, тек Жібектің ғана мінез-құлқы мен көңіл-жайын жеткізеді. Бұл мақамның негізін «Балапан қаз» деген халық әнінен алынған деп айтуға болады. Келесі мысал – өлім аузында жатқан Төлегеннің алты қазбен қоштасқан кезінде айтқан толғауы. Бұл толғаудың да құнды жері – М.Өтебаевтың толғаудың музыкалық негізі ретінде қазақ халқының «Ақсақ құлан» күйін қолдануы. Сол сәттегі Төлегеннің ауыр халін, күйін тематика және музыкалық материалы жағынан «жоқтауға» келетін аталған күймен суреттеуі жыршының көрегейлігі мен тапқырлығының нәтижесі. Және де бұл күйдің өзі де мазмұны бойынша «естірту» болып келіп (Жошы ханға баласының өлімін естірту), сол көңіл-күйге жақын шығарма.
Жыр ішінде музыкалық материалы жағынан тағы да жарқын әрі бай көрініс – «Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңі мен Жібектің қайырған жауабы». Мұнда екі жастың қарым-қатынасы анық көрінеді. Айтысты бастаған Бекежанның музыкалық мінездемесі жырда ең алғаш беріліп, жыршы бұл кейіпкердің зұлым да жағымсыз мінездемесін жеткізу үшін екінші сатысы төмендетілген минор сазын қолданады (түркімен интонациясы). Кейінірек бұл интонация Сырлыбай ауылына қалмақтар келгенде Қорен ханның партиясынан естіледі. М.Өтебаев бұл әдісті тек Бекежан мен Қорен ханда қолданып, екі жағымсыз кейіпкерлердің бейнелерін бір-біріне жақындатып қояды. Яғни, тек екеуінің лейттемасы десе болады. Бекежан жай ғана естіртіп қоймай, өзінің батырлығын айтып, мергендігіне мақтанады. Шебер жыршы Бекежанның өлеңін «Ей, Жібек!» деп бастап, өркөкірек мінезін, мақтаншақтығы мен менмендігін өзінше бір жеке интонация, тар ауқым, төмендетілген ІІ сатыдағы репетициялық қайталау, дамусыз речитативті мінездегі әуен және тағы да басқа әдістер арқылы жеткізеді. Төлегеннің өлімін естірте отырып, Бекежан Жібекке жаны ашығандығын көрсеткеннің орнына өз сөздеріне қосымша көңіл бөлсін дегендей соңғы шумақтың басында өтірік жөтеліп қояды. Ал ІІ мен ІV жолдағы бесінші буынды Бекежанның дауысын қаттырақ шығарып әндетіп емес «айғайлап» жеткізуі кейіпкердің бейнесіне жағымсыз мінезін суреттейтін қосымша бояу тағы да қосады.
Жібектің әуені Бекежанның әуеніне қарама-қарсы келеді. Бұл әуен қара өлеңге жақын, сондықтан әр шумағы төрт жолдан а в с в1 тұрады. Кең ауқым, шумақты-қайырмалы құрылым және байсалды ырғақ Жібекті мәртебелі, шыдамды, салмақты әрі сабырлы қылып бейнелейді. Жыршы екі кейіпкерді екі әуен арқылы суреттеп, бір-біріне жат, бірлеспейтін қарама-қарсы бейнелер екендігін дәлелдей түседі.
Тұжырымдай келе, М.Өтебаев сахна әртісі болғандықтан кейбір сал-серілерге, ақындарға сай орындаушылық әдістері, ашып айтқанда шешендік декламация, жігерлік көпшілік алдындағы концерттік бейнесі мен сезім толқынының тасуын ашық көрсетеді. Дарынды жыршы түрлі әдіс қолданып, әр кейіпкердің мінез-құлқын, эмоционалдық толғаныстарын, өкініші мен ренжішін, күйзелісі мен өксігін, тіпті Жібек бейнесінің шарықтау шегін де поэтикалық дайын мәтін арқылы емес, музыка тілімен білгірлікпен жеткізеді.
Жұмыстың соңғы тарауында қазақ музыкасында орны бөлек, ал нысанға алынып отырған «Қыз Жібек» жырының орындалуында аса бір қызмет атқаратын аспаптың, яғни, домбыраның сүйемелдік рөлі қарастырылды.
Халқы сүйіп тыңдайтын жырдың аспаптық сүйемелін орындау барысында, бір кейіпкердің бейнесін суреттеген кезде, немесе өтіп жатқан көріністің мағынасын тереңірек жеткізу мақсатымен жыршы аспаптық сүйемелді орынды қолданады. Тыңдаушы қауым болса жай ғана тыңдап қоймай, жыршыны демеп, рухын көтеріп, жалпылай айтқанда, жырлау барысында орындаушыға ат салысып отырады. Сондықтан тыңдаушылардың назарына, көңіліне, ықыласы және қабылдауына байланысты жыршы жыр жолдары мен аспаптық сүймелдің көлемін кеңейтіп, кішірейтіп, қосып немесе мүлдем алып тастап отырады.
Мұхтар Өтебаевтың орындауындағы «Қыз Жібек» жырындағы домбыра сүйемелі кейде нақты кейіпкердің мінез-құлқын, аттың шабысын суреттеп, поэтикалық мәтін мен мақам-сазда айтылған ойды толықтыра түседі. Бұл жыршының домбыра аспабының қыр-сырларына қолын жеткізгендегісінің нәтижесі. Жыршының орындауындағы «Қыз Жібек» эпосының аспаптық сүйемеліне назар аударсақ, ол, біріншіден, жырлау барысында вокалдық партияны қосарласып қайталап, тек ырғағын шағын ғана ұсақтап, жыршыға көмек беріп сүйемелдеу қызметін атқарады. Бір тирада, кейде тіпті бір музыкалық жолдың соңында домбыра партиясында ұсақ ырғақты интервал орналасады. Ол – жыршы партиясындағы «ферматоға» берілген уақытты толықтырады. Екіншіден, әр мақамның соңында келетін каденциялық материал және екі мақам арасындағы байланыстырушы бөлімдер жеке аспапта орындалады. Жырдың «Әлқиссасынан» кейін жыршының мақамына кіріспе рөлін атқарып бірнеше такт таза аспаптық жолдар кетеді. Жалпы эпикалық туындының таза аспаптық тұсы осы жолдар ғана. «Қыз Жібек» жырының М.Өтебаев орындаған нұсқасында ең көлемді әрі дербесті аспаптық эпизод жырдың кіріспе бөлімінен байқалады. Аталған жыршы репертуарынан «Қыз Жібек», «Мұңлық-Зарлық» және «Қобыланды батыр» жырларының таза аспапты кіріспе бөлдімдерін нота бетіне түсіріп, талдауға салғанда, бірінші екі жырдың аспапты кіріспелері «тезисті», қысқартылып алынған (конспективный) «төкпе» күйінің композициясының жоспары екені анықталды. Себебі, мұнда «бас буын», «негізгі буын» және жорамалдап алсақ, «саға» бөлімшелері экспозиция түрінде көрсетіліп берілген. Мұхтар Өтебаевтың орындауындағы «Қыз Жібек» жырындағы домбыра сүйемелі кейде нақты кейіпкердің мінез-құлқын, аттың шабысын суреттеп, поэтикалық мәтін мен мақам-сазда айтылған ойды толықтыра түседі.
«Қыз Жібек» жырының басқа орындаушылық нұсқалары мен М.Өтебаев орындаған үш жырдың домбыра партияларын салыстыра келе, М.Өтебаев жырларындағы домбыра тек сүйемел аспап емес, басқа да маңызды қызметтерді атқаратыны байқалады. Кей жерлерде домбыра аспабы басты, жүргізуші роль атқарып, жауапты сәттерге ие болады. Домбыра тіпті жыршының айта алмаған, сөзбен жеткізе қоймаған ойларын жеткізіп, көмекші екінші дауыс сияқты жүреді. Сонымен қатар, М.Өтебаевтың әртістік дарындылығы мен тәжірибелілігінің арқасында көптеген орындаушылық әдістер мен қағыстар, регистрлік аймақтар (регистровые зоны) мен ырғақтық үйлесімдер кеңінен қолданылады. «Төлегеннің алты қазбен қоштасқан» жерінде М.Өтебаев қазақтың халық күйі «Ақсақ құланды» музыкалық негіз тұтып «теріс қағыс» арқылы басты кейіпкердің ауыр халін суреттейді. Жыршының бұл күйді және басқа да қазақ фольклорынан алынған музыкалық материалды жырда қолдануы өз репертуарына, өз «туындыларына» деген сүйіспеншілігі мен жауапкершілігінің және жыршылық шеберлігінің бағасы.
Қорыта айтқанда, аспаптық сүйемел музыкалық әуенді қосымша әшекейлеу, әуеннің соңын қайыру, сөздердің соңына қосымша буындарды қосу, тек қана күй тудыратын ырғақты қолдану және сол сияқты басқа да әдістерге мүмкіндік береді. Демек, жыршы домбыра арқылы келесі шумаққа дайындалғанша, үзілістерді, кідірістерді толықтырады; музыкалық, саздық кездейсоқ ауытқу болмауының алдын алады; дәл сол шумақта айтылатын көріністі суреттегенде өз мүмкіндігін кеңейтеді; нақты бір шумақтың немесе жалпы жырдың көлемін өзгерте алады.
Жалпы осы тараудың нәтижелерін тұжырымдау барысында бірнеше түйін қалыптасты. Ашып айтқанда, «Қыз Жібек» жыры бүгінгі таңда әдебиеттанушылардың ғана емес музыкатанушы ғалымдардың да зерттеулерінде орын алады; музыка мен поэтикалық мәтін арасындағы сәйкестік бір жағынан қазақ тілінің силлабикалық құрылымына бағынса, екінші жағынан музыка заңдылықтарына байланысты ырғақтық өлшем мен жыршының орындау мәнеріне иланады. Және де эпос ішіндегі фольклорлық жанрлардың қайталанулары жыр заңдылығына байланысты өзгеріске ұшырауына қарамастан өзінің көздеген мақсаты мен міндеттерінен алыстамайды. «Қыз Жібек» жырын орындаған әр жыршының тек өзіне тән ерекшеліктері мен орындаушылық әдіс-тәсілдері болады, сонымен қатар, аспаптық сүйемелдеудің рөлі жырлау барысында орындаушы мен тыңдаушыға өз әсерін тигізіп, жырдың музыкалық болмысын кеңейте түседі.
Қорытынды бөлімде диссертацияның негізгі нәтижелері тұжырымдалды. Қазақ эпосы өткен заманнан келе жатқан өте құнды рухани мұра. Ол қазақ баласының рухын көтеріп, санасын түзейтін ғасырлар үні, еліміздің рухани байлығының көне көзі. Эпикалық туынды өз бойына өнердің бірнеше түрін қамтығандықтан, оны әр саладағы ғалымдар өз кәсібіне байланысты жанжақты зерттейді. Қазақ эпосының болмысын жетік түсіну үшін тек отандас ғалымдардың еңбектерімен шектелмей, басқа да шет елдердің эпикалық өнерін меңгеріп, ғылыми еңбектерін салыстырмалы әрі типологиялық жағынан қарастырған дұрыс. «Қыз Жібек» жырының нақты нұсқалары, ашып айтқанда, М.Өтебаев, Д.Нығыметжанов және орындаушысы белгісіз «Қисса Қыз Жібек» тұңғыш рет нотаға түсіріліп, талданып, ғылыми айналымға енді. «Қыз Жібек» эпосының бірнеше нұсқасын қатар қарастыру өнімді болғандықтан, нұсқалар салыстыра зерттеліп, шығарманың поэтикалық мәтін айырмашылығы, әр жыршының эстетикалық көзқарасы мен жеке дара жыршылық ерекшеліктері анықталды. Осы тұрғыдан алынғанда нәтиже – қазақ эпосын зерттеудің ерекшелігі – музыкалық материалдың сұрыпталуында, орындалатын нұсқалардың жан-жақты әрі салыстырмалы түрде зерделенуінде, әртүрлі әдіс, мамандық әдістемелердің бірігуінде және қағаз бетіне түсіп, нота материалымен жұмыс жасауда жатыр. Демек, жырдың орындалу мәнері мен әуенмен өрнектелуі «эпикалық ортаны» және сол эпикалық ортаның «модусын» тудырады (И.Земцовский). Қорыта айтқанда, қазақ халқының рухани мұрасы – эпикалық жырды және эпикалық дәстүрді тереңінен зерттеу, эпостың музыкасы мен орындалу ерекшеліктерін қоса қарастырып, әр жыршының жеке даралығын ескеру және әуені мен сазын қатар зерделеу – жалпы эпостың негізгі болмысын ашып, жырдың тілін, мәнін, көркемдік идеясы мен мағынасын түсінуге көмек береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Каракулов Б. О музыкальной форме казахской тирады // Вестник Министерства Науки Академии Наук РК. – Алматы, 1997. – С. 29-32.
Кәрібаева Ж. «Сыр бойындағы жыр мектептері» // «Жырау» журналы, 2005. – Б. 54-55.
Кунанбаева А. Эволюция эпического искусства казахов в современности // Традиции музыкальных культур народов Ближнего, Среднего Востока и современность. ІІ музыковедческий международный симпозиум. – М.: Сов. композитор, 1987. – С. 46-50.
Жирмунский В., Зарифов Х. «Узбекский народный героический эпос». – М.: Гослитиздат, 1947. – 517 с.
Путилов Б. Героический эпос и действительность. – М.: Наука, 1988. –  С. 17.
Бекхожина Т. Даламның назды саздары. – Алматы: Өнер, 1996. – 208 б.
Сығай Ә. Сахна саңлақтары. – Алматы, 1998. – Б. 256-263.
 
Диссертация тақырыбы бойынша
жарияланған еңбектер
Жанровые дубли в эпическом памятнике (на примере эпоса “Кыз Жибек” в исполнении Мухтара Утебаева) // Валихановские чтения-6. Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию Независимости РК. Том 1. – Кокшетау, 2001. – С.337-339.
О музыкальных особенностях казахского эпоса // Приоритеты развития культуры и искусства Казахстана на современном этапе (сборник материалов Международной научно-практической конференции, посвященной 10-летию Независимости РК. – Алматы, 2001. – С.159-163.
Об изучении казахского эпоса // Известия Министерства Образования и Науки Республики Казахстан, Национальной Академии Наук Республики Казахстан. Серия филологическая.  – Алматы: Ғылым, 2001. – № 4. – С.69-72.
О проблемах и перспективах изучения казахского эпоса // Валихановские чтения-7. Материалы международной научно-практической конференции. – Кокшетау, 2002. – С. 92-94.
О состоянии изученности музыкально-эпических традиций // Казахская музыкальная культура в контексте мирового художественного процесса. – Алматы: Ғылым, 2002. – С.182-202.
Об исполнительской версии эпоса “Кыз Жибек” М.Утебаева // Исполнительское творчество: история и проблемы развития на современном этапе. Материалы международной научно-практической конференции. – Алматы: КНК им. Курмангазы, 2002. – С. 129-132.
М.О.Ауэзов и музыка: к проблеме изучения казахского эпоса // Ұлы тұлға ұлағаты. Ауэзовские чтения. Материалы международной конференции для молодых ученых. – Алматы, 2002. – С. 109-113.
“Авторское” в исполнении эпоса // Вестник КазНУ. Серия филологическая. – Алматы, 2003. – № 8 (70). – С. 82-84.
Казахский эпос в трудах музыковедов-исследователей // Известия Министерства Образования и Науки Республики Казахстан, Национальной Академии Наук Республики Казахстан. Серия филологическая.  – Алматы: Ғылым, 2003. – № 5. – С.93-100. 
К вопросу о музыкальном воплощении казахского эпоса // Поиск. –  Алматы, 2004. – № 3. – С. 127-130.
Об исполнительской версии эпоса «Кыз Жибек» Дуйсенгазы Ныгыметжанова // Актуальные проблемы музыкальной науки и музыкального образования. Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 60-летию КНК им. Курмангазы. (Алматы, 8-9 декабря 2004 г.). –  Алматы: КНК им. Курмангазы, 2005. – С. 192-196.    
О приоритетах в изучении музыки казахского эпоса // Международная школа молодых фольклористов. Тезисы. – Санкт-Петербург, 2003. – С. 8.
О становлении эпического певца на современном этапе // Вестник КазНУ. Серия филологическая. – Алматы, 2005. – № 6 (88). – С.136-140.
Қазақ халқының рухани мәдениетіндегі эпикалық жыр // Керуен. Ғылыми және әдеби-көркем журнал. – Алматы,  2006. – №3 (04). – Б. 118-134.         
 
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации Бултбаевой Айзады Зейкеновны на тему «Исполнительские особенности казахского романического эпоса», представленной на соискание ученой степени кандидата искусствоведения по специальности 17.00.02 – Музыкальное искусство
Диссертация посвящена исследованию особенностей музыкального воплощения казахского романического эпоса на примере «Кыз Жибек». Впервые предпринятое сравнительно-сопоставительное изучение нескольких исполнительских версий, нотированных диссертантом, было связано с решением следующих задач: соотнести методологические разработки ученых разных поколений и специальностей по эпическому жанру в целом и конкретно «Кыз Жибек»; выявить музыкальные особенности казахского эпоса в связи с обрядовым фольклором; исследовать эстетические воззрения и исполнительские особенности сказителей-жырши (раскрыв специфику творческого метода «автора»); изучить современные условия бытования и распространения живой эпической традиции, установив степень ее сохранности.
В ряду основных положений, выносимых на защиту:
Изучение различных версий отдельного эпического полотна продуктивно и целесообразно;
Специфика изучения романического эпоса определяется необходимостью максимального охвата музыкального материала, многостороннего сопоставления исполнительских версий, скоординированного сочетания различных подходов, методов (в том числе смежных специальностей), опоры на нотные расшифровки;
Специфика музыки эпоса заключается в форме музицирования и стиле интонирования, что «естественно влечет за собой эпическую среду и модус эпической среды» (И.Земцовский);
В определении многоплановости музыкального материала и поэтического текста значима этика эпического исполнения;
Наличие в эпосе «Кыз Жибек» музыкальных цитат привносит в его содержание дополнительные смысловые оттенки.
Во введении обоснована актуальность исследования, определены основная цель и задачи, объект, научная новизна, теоретическая и практическая значимость работы, основные положения, выносимые на защиту, и аспекты апробации диссертационного материала.
В первой главе, состоящей из трех параграфов, показана степень изученности эпической традиции в разных эпических культурах. Для достижения ее основной цели – определения наиболее эффективных методов и принципов изучения казахского эпоса – привлечены труды ведущих ученых (как музыковедов, так и филологов-фольклористов), где по сути разрешались проблемы методологии, понимаемой как совокупность приемов исследования, применяемых в той или иной отрасли науки.
В теоретической разработке представлены: условия и этапы становления эпического певца как в прошлом, так и в настоящем, характеристики эстетического мировоззрения, понятия «эпической среды» и «эпического языка», а также проблема индивидуальности жырши в конкретном эпическом произведении.
Во второй главе в опоре на труды отечественных фольклористов (и филологов, и музыковедов) предпринята попытка соотнести текстовой материал «Кыз Жибек» разных версий – Мухтара Утебаева, Дюйсенгазы Ныгыметжанова и сохранившейся в фондах ИЛИ имени М.Ауэзова (диск № 144). Музыкальная канва и поэтический текст каждой версии эпического источника детально проанализированы на основе нотных расшифровок, выполненных диссертантом; в отдельном параграфе раскрыта роль инструментального сопровождения.
В заключении сформулированы выводы и результаты исследования, показаны особенности возрождения эпической традиции казахского этноса в новых жанрах и ее функции, определены основные направления в научном изучении эпоса на современном этапе.
SUMMARY
Of the abstract of Dissertation of Bultbayeva Aizada Zeikenovna on the theme «Musical embodiment of Kazakh romantic epos», presented for scientific degree of Candidate of Art History, specialty 17.00.02 - Musical art
Dissertation is devoted to the research of special features of musical embodiment of Kazakh romantic epos based on the example of «Kyz Zhibek». For the first time the undertaken comparative study of several performance versions, noted by the author of Dissertation was connected with the solution of the following issues: correlation of methodological developments of the researchers of different generations and specialties on epic genre in general and particularly «Kyz Zhibek»; revealing of musical features of Kazakh epos in connection with ceremonial folklore; investigation of aesthetic views and musical-performing features of story tellers-jirshi (revealing specific features of creative method of the "author"); investigation of modern conditions of existence and dissemination of live musical epic tradition, having determined the level of its conservation.
Main issues being defended include the following:
1.  Study of  various musical versions of a certain  epic material is  productive and expedient;
2.  Peculiarity of investigation of romantic epos is determined  by the necessity of maximal scope of musical material, multilateral comparison of the performance versions, coordinated combination of various approaches, methods (including adjacent specialties), reference to musical decoding;
3.  Specific features of the epos music include the form of playing music and intonation style, that «is naturally followed by epic environment and modus of epic environment» (I.Zemtsovsky);
4.  In definition of diversity of musical material and poetic text, the ethics of epic performance is significant;
5.  Presence of musical citations in the epos «Kyz Zhibek» introduces additional semantic meanings to its content.
The introduction includes justification of the importance of the research, main aim and objective have been determined, scientific novelty, theoretical and practical importance of the work, main issues presented for defense  and the aspects of approbation of Dissertation material.
In the first chapter consisting of three paragraphs, the degree of investigation of epic tradition in different epic cultures is shown. For achievement of its basic purpose – definition of the most effective methods and principles of studying of Kazakh epos – the  works of the leading scientific (both musicologists and philologists-specialists in folklore) were used, that highlight the issues of methodology that is understood as a set of research tools, used in a certain branch of a science.
Theoretical development includes: conditions and stages of development of the epic singer both in the past, and in the present period, characteristics of the aesthetic outlook, concept of «the epic environment» and «epic language» and also the matter of individuality of jirshi within concrete epic work.
Second chapter based on the works of domestic folklore studies specialists  (both philologists and musicologists) includes an attempt to correlate the text material of «Kyz Zhibek» of different versions - Mukhtar Utebayev’s, Duisengazi Nigimetjanov’s and kept at Foundations of M.Auezov Institute of literature and art ( disk № 144). Musical outline and poetic text of each version of the epic source have been analyzed in details on the basis of musical decoding executed by the author of Dissertation; in separate paragraph the role of instrumental accompaniment has been revealed.
The final part includes conclusions and results of the research, special features of revival of epic tradition of Kazakh ethnos have been shown in new genres its function, basic directions in scientific study of the epos at the present period have been determined.
Кәрібаева Ж. «Сыр бойындағы жыр мектептері» атты мақаласында Сыр өңірінде қалыптасқан эпикалық мектептер туралы баяндайды.
2 2003 жылы Мәскеуде шыққан «Козы-Корпеш и Баян сулу. Кыз-Жибек: Казахский романический эпос» (М.: Вост.лит., 2003. – 439 с.) атты кітаптағы М.Ғұмарова мен Н.Смирнованың «Описание вариантов эпоса «Қыз Жібек» атты мақаласында «Қыз Жібек» жырының 16 варианты бар екендігі айтылады.
Әдебиеттанушы  филолог ғалымдар бұл жырда 4 айтысты атайды. Бірақ музыкалық әуендерді талдау жұмысының үстінде жалғыз «Бекежан мен Жібек» екеуінің айтысын «Жалғыз айтыс» деп тұжырымға келдік.
Рақмет Мәзқожаев орындаған үзінділер «Песенная культура казахского народа», «Музыкальное наследие казахского народа» және «Қыз Жібек» атты монографияда жеке мақала ретінде орын алды. Әбіш Оспановтың орындауындағы үзінді «1000 песен казахского народа», Шәкір Әбеновтен жазылып алынған үлгілер жоғарыда аталған «Музыкальное наследие казахского народа»,  «Қыз Жібек» және «Казахский музыкальный фольклор» деген жинақтарда, Мырзабек Дүйсеновтың орындауындағы «Қыз Жібек» жырынан алынған үзінділер «Казахский музыкальный фольклор», «Музыкальное наследие казахского народа» деген жұмыстарда жарық көрді.
Жыршы Семей облысының Ақсуат ауданында 1944 жылы дүниеге келген. Малшы жан-ұясынан шыққан Д.Нығыметжанов орта мектеп бітіріп, 20 жасқа келгенде көз жанарынан айырылып, I топтағы мүгедек болады. Тағдырының қиыншылықтарына қарамастан, Д.Нығыметжанов бүгінгі күнде Соқырлар қоғамындағы арнайы клубтың директорының орынбасары болып қызмет істей жүріп, кішкентай балалар үйірмесін басқаруда. Д.Нығыметжанов бала кезінен жақын жерде тұратын ақын, жыршы, термешілерді тыңдап жүрген екен. Олар – Жақышұлы Сүлеймен, Ақынсалық Өскенбаев, және кейін өзінің ұстазы болған Қайырбайдың Мұсасы. Жыршының өзінің айтуы бойынша осы үшеуі Д.Нығыметжановтың жыршы болуына себеп болды. Бала кезінің өзінде жыршы мәтінді алып, келесі күні таңертең толық эпикалық шығарманы жатқа айтып береді екен.
Д.Нығыметжанов он төрт айтысқа қатысып, солардың  он екісінің жеңімпазы атанып, әр түрлі сыйлық пен жүлдеге ие болған. Бүгінгі таңда жыршы үш оқушы дайындауда. Олар –  көркем сөз шебері Айгүл Шыңыраубаева, жыршы Асылбек Бидахметов, ақын-айтыскер Жадыра Бидахметова. Жыршының өзінің айтуы бойынша, оның негізгі мамандығы – ұйымдастырушы-режиссер. Ал эпикалық туындыларды орындау  – Д.Нығыметжановтың жүрегіне жақын кәсібі.
Мұхтардың әкесі Өтебай ән айтып, күй тартып ел ішіне танымал болған. Бірақ негізгі кәсібі – Жібек жолы бойында түйемен жүріп, саудамен айналысу. Сондай сапарларында әкесі Өтебай кішкентай Мұхтарды өзімен алып жүрген. Өнерді жақсы көрген бала (3-4 жаста) күндердің күні қырғыздың комузшысын тыңдап, соңынан еріп кете берген. Жоғалған баланы әкесі тек екі күннен кейін қырғыз саудагерлерінің арасынан тапқан. Мұхтардың мұндай құштарлығын көрген Өтебай баласына өз қолымен кішкентай домбыра жасап береді. Ең алғаш қолына алған музыкалық аспабынан Мұхтар ешқашан айырылмаған. Әкесі өмірден өткен соң, анасы М.Өтебаевты ҰХК оқуына түсіріп, оқуын үздік бітірген бала бір жыл өз кәсібі бойынша жұмыс істеген. Бірақ халық алдына көп шығып, ән айтып, күй тартып той-думандарда барша қауымның назарын өзіне тіккен М.Өтебаевқа екі кәсіптің біреуін таңдауға тура келді. Әрине сахна мен қанына сіңген әншілік өнерден бас тарта алмады. Ә.Сығайдың кітабында «Кішкентайынан өнерге бейім, денесі ширақ, қағылез де пысық Мұқтардың ашық-жарқын, жайдары жақсы мінезі бойына біткен ағыл-тегіл табиғи дарынымен әдемі жымдасып, өнер атты сиқырлы да кінәмшіл әлемге біржола      ӘОЖ 78 (574)                                            Қолжазба құқығында

Мұхтардың әкесі Өтебай ән айтып, күй тартып ел ішіне танымал болған. Бірақ негізгі кәсібі – Жібек жолы бойында түйемен жүріп, саудамен айналысу. Сондай сапарларында әкесі Өтебай кішкентай Мұхтарды өзімен алып жүрген. Өнерді жақсы көрген бала (3-4 жаста) күндердің күні қырғыздың комузшысын тыңдап, соңынан еріп кете берген. Жоғалған баланы әкесі тек екі күннен кейін қырғыз саудагерлерінің арасынан тапқан. Мұхтардың мұндай құштарлығын көрген Өтебай баласына өз қолымен кішкентай домбыра жасап береді. Ең алғаш қолына алған музыкалық аспабынан Мұхтар ешқашан айырылмаған. Әкесі өмірден өткен соң, анасы М.Өтебаевты ҰХК оқуына түсіріп, оқуын үздік бітірген бала бір жыл өз кәсібі бойынша жұмыс істеген. Бірақ халық алдына көп шығып, ән айтып, күй тартып той-думандарда барша қауымның назарын өзіне тіккен М.Өтебаевқа екі кәсіптің біреуін таңдауға тура келді. Әрине сахна мен қанына сіңген әншілік өнерден бас тарта алмады. Ә.Сығайдың кітабында «Кішкентайынан өнерге бейім, денесі ширақ, қағылез де пысық Мұқтардың ашық-жарқын, жайдары жақсы мінезі бойына біткен ағыл-тегіл табиғи дарынымен әдемі жымдасып, өнер атты сиқырлы да кінәмшіл әлемге біржола бет қойған-ды» делінген [7]. Кейінгі жылдары Жетісай қаласындағы драмалық театр мен Алматы қаласындағы Жасөспірімдер театрының жетекші әртісі болған М.Өтебаев өз халқының өнерін жоғары бағалап, мұрасын жоғалтпай, келесі ұрпаққа қалдыруға тырысты. Осындай еңбегінің нәтижесінде, М.Өтебаевтың орындауында кейінгі жылдары күйтабаққа жазылған «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Мұңлық-Зарлық» эпостары ел арасына кеңінен танылып, биік белестерден көріне берді. М.Өтебаевтың орындаушылық репертуарына Жаяу Мұсаның «Ақ сиса», «Баян ауыл», «Хаулау», Біржанның – «Айтбай», «Телқоңыр», «Қанапия» әндері кірді. Дарынды әнші тек қазақтың ғана емес, қарақалпақ, өзбек және қырғыз әндерін де нәшіне келтіріп орындай білген. Кейін машықтанған бұл өнері «Қыз Жібек» жырының музыкалық әндерін ойластырғанда өз әсерін тигізді (Бекежанның мақамын қарастырғанда түркімен интонациясы кездеседі). Сонымен қатар, актерлік шеберліктің арқасында «Еңлік Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қарагөз» спектакльдерінде бас рөлдерді ойнап, гастрольдік сапарында Ресей сахналарында көрермен қауымды қуантқан.

бет қойған-ды» делінген [7]. Кейінгі жылдары Жетісай қаласындағы драмалық театр мен Алматы қаласындағы Жасөспірімдер театрының жетекші әртісі болған М.Өтебаев өз халқының өнерін жоғары бағалап, мұрасын жоғалтпай, келесі ұрпаққа қалдыруға тырысты. Осындай еңбегінің нәтижесінде, М.Өтебаевтың орындауында кейінгі жылдары күйтабаққа жазылған «Қыз Жібек», «Қобыланды батыр», «Мұңлық-Зарлық» эпостары ел арасына кеңінен танылып, биік белестерден көріне берді. М.Өтебаевтың орындаушылық репертуарына Жаяу Мұсаның «Ақ сиса», «Баян ауыл», «Хаулау», Біржанның – «Айтбай», «Телқоңыр», «Қанапия» әндері кірді. Дарынды әнші тек қазақтың ғана емес, қарақалпақ, өзбек және қырғыз әндерін де нәшіне келтіріп орындай білген. Кейін машықтанған бұл өнері «Қыз Жібек» жырының музыкалық әндерін ойластырғанда өз әсерін тигізді (Бекежанның мақамын қарастырғанда түркімен интонациясы кездеседі). Сонымен қатар, актерлік шеберліктің арқасында «Еңлік Кебек», «Қарақыпшақ Қобыланды», «Қарагөз» спектакльдерінде бас рөлдерді ойнап, гастрольдік сапарында Ресей сахналарында көрермен қауымды қуантқан.

15.10.2010 10:17