Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154492

Сөйлем мүшесі

СӨЙЛЕМ МҮШЕСІ

Сөйлем мүшесі. Сөйлемде сөздер бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі мағынаны, ұғымды білдіріп, ой білдіруге себін тигізіп тұрады.

 

Мысалы, Айша да томсарып отыр (С. Сейфуллин) деген сөйлемде 4 сөз қолданылған, бірақ оның бәрі бірдей сөйлем мүшесі бола алмайды, бұндағы да деген сөз жеке тұрып мағына білдіре алмайтындықтан, ол сөйлем мүшесі бола алмайды, ол тек Айша деген сөзге күшейтпелі мағына үстеп тұр. Ал қалған үш сөздің әрқайсысы мағына білдіре алады, сөйлемде бір-бірімен граммати-калық байланысқа түскен: Айша отыр және томсарып отыр. Осы ізбен бұларға сұрақ та қоюға болады Кім (Айша) отыр? Айша не істеп отыр (отыр)? қалай (томсарып) отыр?

Сөйтіп, сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөзді және сөз тізбегін сөйлем мүшесі дейді. Сөйлем мүшесі болу үшін, ең алдымен, бір сұраққа жауап бере алатын толық мағыналы сөз я сөз тізбегі болу керек екен, екіншіден, ол сөйлемде қолданылуы керек, сөйлемнен тыс сөйлем мүшесі болмайды, үшіншіден, сөйлемдегі сөздер грамматикалық байланысқа түсуі қажет. Мысалы: Тыңда, дала, Жамбылды (Ж.) дегенде дала сөзі толық мағыналы сөз (сұрақ коюға болады) және сөйлем ішінде қолданылғанмен, сөйлем мүшесі бола алмайды, өйткені ол сөйлемде басқа сөздермен байланыска түсіп тұрган жоқ — оқшау (қаратпа) сөз.

 

Сөйлем мүшесі құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінеді. бір ғана сөзден болған мүше дара мүше де, екі және одан да көп сөзден болған мүше күрделі мүше деп аталады. Мысалы: Айғайлап жер мен көктен жәрдем сұрағандай болды (С. Сейфуллин) дегенде, қайтті? деген бір сұраққа жауап беріп, жәрдем сұрағандай болды деген үш сөз бір күрделі мүше (баян-дауыш) болып тұр, ал айғайлап (қалай жәрдем сұрағандай болды?), жерден және көктен {неден жәрдем сұрагандай болды?) деген сөздер әрқайсысы жеке-жеке дара сөйлем мүшесі болып тұр.

 

Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш болып беске бөлінеді. Бұлардың ішінен сөйлем құрай алу қасиетіне байланысты бастауыш пен баяндауышты тұрлаулы мүше дейді, өйткені бұл екі тұрлаулы мүшесіз сөйлем құралмайды, ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауышсыздар сөйлем бола береді, бұлар сөйлемде айтылған ойды толықтыра, кеңейте түседі, сондықтан оларды тұрлаусыз мүшелер дейді. Мысалы: Қара қазан бұрқ-бұрқ қайнап жатыр (Мұст.) деген сөйлемді қазан қайнап жатыр деп құрсақ та, ол белгілі бір ойды білдіріп, сөйлем болып қала береді. Ал оңдағы қара, бұрқ-бұрқ деген сөздер өз алдына жеке сөйлем бола алмайды, сөйлемдегі басқа мүшелерді толықтыра түседі: қазанның түсі, қайнап жатудың амалы.

 
14.10.2015 12:17