Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154417

Туады ерлер ел үшін шығарма

″Туады ерлер, ел үшін″

Өлмейді ісі мәңгілік,

Өшпейді абзал есімдер.

Ұрпаққа жетіп мәңгілік

Кетпейді естен асыл ер,-

деп ақ жалын ақын Жұбан Молдағалиев жырлаған.

„Ерлік – елге мұра, ұрпаққа - үлгі” бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы – біз үшін үлгі, шежіре, тағдыры – тарих деп есептеймін.

„Ел ерімен еңселі”, „Елім” деп еңіреп туған ерлердің  есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат, халық мұндай қаһарман ұлдарын жыр аңызға айналдырып, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамай, жан жүрегінде сақтайды. Бүкіл бір елдің қасиетін өз бойына дарыта алған, туған ұлтын шексіз сүйіп, терең қадір тұтқан халқымыздың қаһарман ұлы – Бауыржан Момышұлы.

Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай,

Ішсем суы татиды шекер, балдай

Қызғалдақ, қалың егіс, көк жоңышқа

Сенен артық жер, шіркін, өтер қандай, –

деп өзі жырлағандай Бауыржан Момышұлы   1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Мыңбұлақ ауылында дүниеге келген.

Кейін „Ұшқан ұя” атты кітабында баяндағандай, Бауыржан атаның әкесі Момыш пен көкесі Момынқұлдың тәрбиесінен көп өнеге алған.

„Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің”,- деп, дана халқымыз айтқандай, оның бойындағы адамгершілік – асыл қасиет, алдымен анасының ақ сүтінен дарыса, екіншіден, өскен ортасының тәрбиесінен дарыды деп ойлаймын.

Қаршадайынан-ақ  жігерлігі, қайтпас қайсарлығы, бойында бір жұмбақ күштің жасырынып, жанартаудай өз кезегін күтіп жатқандығы аңғарылады.

Жеті жылдық білім алған Бауыржан ата алғаш еңбек жолын мұғалімдіктен бастайды, кейін қаржы саласында екі жылдай жұмыс істейді.

1932 – 56 жылға дейін үзбей әскери қызметте болған Бауыржан атаның жолы - өзінше бір ерлік дастан. Ол Ұлы Отан Соғысының жан беріп, жан алысқан қиян-кескі майданында-ақ асқан ер жүректілігімен, әділетсіздікке қаны қас, қиындыққа қайыспас қайсарлығымен, соғыс тактикасын жете меңгергені, дарынды қолбасшылығымен аңызға айналып, қаншама өнер туындыларының басты кейіпкеріне айналды.

Бауыржан ата туралы қаншама көркем шығармалар дүниеге келді. Олар Александр Бектің „Арпалыс”, Әзімхан Нұршайықовтың „Ақиқат пен аңыз”, келіні Зейнеп Ахметованың „Шуақты күндер”, ұлы БауыржанМомышұлының „Жанымның жарық жұлдызы” және тағы басқа шығармалар еді.

Тумасынан асқан дарынды Баукең 1956 жылы ең алғаш қаруын қаламға айырбастап, бірыңғай жазушылықпен айналысады. Оның қарымды қаламынан туған „Ұшқан ұя”, „Артымызда Москва” , „Майдандағы кездесулер”, „Куба әскері”, „Жон арқа”, „Өмір өшкен жоқ” атты түрлі шығармалар әдебиетімізге қосылған ерлік рухқа толы, елеулі де мол мұра болды.

Ер елімен еңселі. Б. Момышұлының үлкен әдебиетке келуінен де оның отаншылдығын, өз қаруластарына деген сүйіспеншілігін көреміз.

„... Менің көп достарым, майдандастарым опат болды. Егер солар белгісіз күйде қала берсе, онда оның өзі тірі қалғандардың арына, бәрінен бұрын өз басымның ар-намысына шек келтірген болар еді”,- дейтін Баукең.

Ол өз шығармаларында өзінің адамгершілігін, азаматтық тұлғасын бар мүмкіндігінше беруге ұмтылды. Момышұлы шығармаларында да сол Момышұлы күйінде көріне білді. (Бауыржан атаның Ұлы Отан Соғысының 20 жылдығына арнап сөйлеген өзінің үн таспасы).

Менің ғылыми жұмысымның тақырыбы „Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы Абай дәстүрі” деген тақырып болғандықтан, мен батыр атаның шығармаларындағы мәселелердің ұлы Абаймен үндестігіне тоқталамын.

Сондықтан Бауыржан атаның көтерген мәселелерін ұлы Абаймен үндестігін табу үшін көп іздендім.

Сонда екі ғұламаның шығармаларындағы басты-басты мына мәселелерге, атап айтқанда, биік адамгершілік, рухани тазалық, шындық пен ар-намыс, ел бірлігі, отаншылдық, достық, жолдастық, өнер-білім, ерлік тақырыптарындағы үндестікке тоқталдым.

Ұлы Абай шығармаларында шындықты былай суреттейді:

„Шындық – мансапқорлыққа, екі жүзді жәдігөйлікке, тоғышарлыққа қарсы әділеттің алмас қылышы”. Бұл туралы ұлы Абай „Шыннан артық құдай жоқ”дей отырып, өзінің „Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат” деген  өлеңінде ол тіршілікте көзі көрген, халық тәжірибесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды шынайы адамгершілікке шақырады.

Ал Бауыржан ата өзінің шығармаларын бастан аяқ тек тамаша бір

қасиетке - „шындық” атты ұлы сөзге тіреді деп ойлаймын.

„Біздің нақты болмысымыз – шындық. Шындықты суреттеп жазу кемістік емес, керісінше, дұрыс түсіндіре алмаушылық кемістігі”.

„Шындық бас шабатын айбалта, бұл өтіріктің тамырын шабатын айбалта. Кім өтірік айтатын болса, оны мен емес, тарих жазалайды”.

Шындықтың қасиеті жайында ата-бабадан қалған киелі сөз, қисапсыз ойлар баршылық. Соның бірі Төле би бабамыз: „Жіп түйінсіз байланбайды, сөз шындықсыз байланбайды”,- деген. „Шындықты айтсан рас, маймылға да құлақ ас”. „Алысар болсаң шыныңды айт, қауысар болсаң, сырыңды айт”,- деген екен Төле би бабамыз.

Абай: „Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, содан сақтанбақ керек: әуелі – надандық, екіншісі – еріншектік, үшіншісі - намыссыздық”.

Надандық – білім –ғылымның жоқтығы, дүниеде еш нәрсені оларсыз біліп болмайды.

Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.

Намыссыздық – күллі адамзаттың ең қас жауы. Ол ұятсыздық, жігерсіздік.

“Ар ұялар іс қылмас”,-дейді ұлы Абай, сондықтан ұлы данышпан болашақ ұрпаққа қай істі істесенде ар-ожданның таразысына сал, ақылмен істеген істің жеңісі де, жемісі де болады.

Қазақтың ең ірі, ең қасиетті сөзі - намыс. Батыр атаның „Байлық мұрат емес, жоқтық ұят емес, намысың үшін өлсең бопты” дейтіні де сондықтан деп ойлаймын. Ол „Ұшқан ұя” кітабында „Намыс – азаматтың алтын түбі” деген.

Бойы бұлғаң,

Сөзі жылмаң

Кімді көрсем,  мен сонан

Бетті бастым,

Қатты састым,

Тұра қаштым жалмажан, -

деп, Абай осы туындысында намыссыздықты, көрсеқызарлықты шегіне шығып сынаған.

Намыс – азаматтың алтын түбі. Әке-шешесін сыйлаған балада ғана намыс болады. Оларды ұялтпайтын, сүйегіне таңба түсірмейтін, өлсем өлейін, бірақ ата-анамды, ағайын-жұртымды жерге қаратпайын дейді. Ер жігіттің елі – ата-анасы, Отаны - өз үйі деп Бауыржан атамыз айтқан.

Ұлы Абай: „Қазақтың біріне-бірі қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғындығынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не? ”- деп сұрақ қоя отырып, өз елінің, өз қандастарының күншілдігініне,  бірін-бірінің жетістігін көре алмаушылығынына мынадай философиялық ой ойлайды: „Әрбір мақтаншақ қорқақ, ақылсыз, надан келеді; әрбір ақылсыз, надан арсыз келеді;  әрбір арсыз, жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады”.

Бауыржан ата күншілдік, біреудің жетістігін көре алмаушылық сияқты теріс әрекеттерді жек көреді. Соған дәлел, генерал-майор Чернюгов Бауыржанға,

Панфиловшылдығы, оның дәстүрін сақтағыштығы үшін сөгіс беріп, сол күншілдікке қарсы, қаймықпастан: „Панфиловтың аты ешқашан да өшпейді, оның дәстүрі Кеңес Армиясының рухында мәңгі өмір сүретін болады”,- деп жауап берген екен.

Батыр атаның күншілдікті, намысты, ерлікті сынау арқылы да өзгелердің және басқалардың биік мұратын көрсетеді.

Абай өзінің лирикалық өлеңдерінде „Адам баласы бірін-бірі сүйе білсін, бірінен-бірі жаулық іздемей, достық іздесін” деген пікірді аңсайды. „Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат” деген өлеңінде:

Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,

Жетпесе, біріңдікін-бірін жеткіз!

Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен

Қиянатшыл болмақты естен кеткіз,-

деп татулық, достық мәселесіне айрықша тоқталған, достықтың түбі – татулық деп түйіндеген  есептеймін.

Ал қаһарман батыр Бауыржан Момышұлы атамыз:

Достық дегеніміз - өзара ақталған сенімнің түтіні.(Жаман дос басында күн шалса, қашып құтыла алмайсың, басыңда бұлт шалса іздеп таба алмайсың)”,-деген.

Ұлы Абай қалың еліне, жұртына, халқына жан жүрегімен езіле қарап,

оның болашағына үңіледі. Сол елін, жұртын жүдетіп отырған керағар сұм заманның кемшілік қайшылықтарын өткір және әзіл сынайды. Оның әсіресе „Қалың елім қазағым, қайран жұртым” атты өлеңінде сол қалың қазағаның халіне қиналған ақынның тұлғасын танимын.

Бас-басына би болған өңкей қиқым,

Мінеки бұзған жоқ па елдің сиқын?,-

деген өлең жолынан  елін, қайран жұртын сүйген ақынның үлкен жүрегі жатқан жоқ па?

Ұлы Абай өзінің шығармашылығында елін жүдетіп отырған “алтыбақан алауыздықты” қатты сынады. Халқының болашағын ойлаған ұлы ғұлама, елін бірлікке шақырды.

Абай адамгершілік туралы: „Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті – ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек”, - деп адам бойындағы ұлы қасиеттерді достықпен, мейіріммен, құдыретті еңбекпен байланыстырып, ақыл-ойдың  жемісі деп көрсетеді.

Ал Бауыржан ата „Адамгершілік – ар тазалығы” дейді. Адам адамға дос болу үшін мейірім, шыншылдық, тату достық, таза жүрек керек дейді.

„Талаптының тоқпағы жерге қада қағады”, „Адамгершілігі жоғары адамның алдында жат қалықтар жасауға ешкімнің батылы бармайды. Себебі, оның мысы болады”, „Жан жүрегі таза, рухы биік адамды ешкім басына алмайды”.

Ұлы Абай сөз өнеріне терең талап қойды. Ол өз шығармасында мынандай деген пікірді айтады:

Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс, жұмыр келсін айналасы,- деп әдебиеттің, тілдің адамзат өмірінде алатын орны туралы айтса, Бауыржан Момышұлы атамыз да тіл туралы былай дейді: „Ежелден, атам заманнан тілдің, мәдениет әдебиеті өсіп, өніп от басындағы үй тіршілігінен бастап, қоғам, халық, ел-жұрттың, жалпы мәдениеттің арнаулы құралы – ғылымның атаулы санасы екені даусыз. Тілсізді – айуан дейді. Тілі кедей елді мәдениетсіз, анайы, надан халық деп санайды.

Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан – тіл байлығы елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми-әдебиетін білдіреді”.

Абай еңбек және еңбек адамы туралы: „Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық” десе, Бауыржан атамыз: „Өмір сүргің келсе, сүріне еңбек ет”, „Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық”, „Арпалысып алған абырой өмірдің ең шырын рахаты”,- дейді.

Бауыржан ата өз шығармаларында білімді ел ең қуатты ел болатындығы туралы айтқан. Ол өз шығармасында қанат болып қалған мына сөзге мән берейікші: “Ақыл айтар мезгілді мың жасаған шалдай бол” ,- дейді батыр атамыз. Демек білімді адам ол көпті көрген, мың жасаған шалдай болады. Ол: “Қоғамды өзгертіп дамытатын жастардың қолында”,- десе, Абай: “Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез”,- дей отырып, “Мал жұтайды, білім жұтамайды” деген.

Ұла Абай:

“Құлақтан кіріп бойды алар,

Тәтті ән мен әсем күй.

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй”,- деп өзінің “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы” өлеңінде өнерді терең толғаған. Қазақтың ән өнеріне, жалпы тіршілігінде алатын орны туралы “Өнер адамның рухани азығы, ол халықтың бүгіні мен келешегі оның арманы мен қиялы жалпы болмысы, қай тілде айтсада аударусыз түсінікті, кім-кімнің жүрегіне жетіп жатады”,- дейді. Сондықтан Абайды біз ұлы компазитор деп те танимыз.

Ал Бауыржан Момышұлы өнер саласында қазақтың киелі аспабы домбыра туралы былай дейді:Екі ішектің, бірін қатты, бірін сәл жай бұра

Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра.

Бауыржан Момышұлы: “Домбыра деген қазақтың қасиетті дүниесі. Өздерің тарта алмасаңдар да, қадірлей білесіңдер. Баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңдіру осындайдан бастау алады. Домбыраның сырлы сарына ауыздан балғын бала, уызына жарымаған көтерем қозыдай болады”,- дейді.

„Домбыраны қастерлей білмеген қазақтың баласы туған халқының жанын білмейді, ал халықтың жанын түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да бола алмайды, жеміс те бермейді”,-деп Бауыржан атамыз қазақтың ән өнерін, музыка өнерін адам өмірінен алатын орнын, нағыз Абайша суреттеп берген деп түсінемін.

Менің ғылыми жұмысымның негізгі мақсатында айтайын деген ойым, екі ұлы тұлғаның, қоғам қайраткерінің халқым деп қалтқысыз қызмет еткен, елім деп емірене сүйген бабаларымның шығармашалығында іздену болды.

Өзімнің азды-көпті ой толғаныстарымменен, ізденімпаздығымды хәл-қадірімше ашқандаймын.

Шын мәнінде өз тұғырында, әлі зерттелу биіктігінде көріне қоймаған Бауыржантану ғылымына ең алғаш бой ұрған және соны әрі қарай жалғастырушылардың бірі боламын деген ойдамын.

Бауыржан атаның өмірі мен әдебиетке қосқан үлесін және қазақ поэзиясының асқаралы шыңы, ойшылы, данышпаны Абаймен үндестігін қабілетім жеткенше аша отарып, мен де Бауыржан атаға жүрек жарды өлеңімді арнағым келіп отыр:

Ақыл, сөзді көңілге түйіп алғаймын,

Көк жүзінде қыран болып самғаймын.

Ұлы жолын Бауыржандай атаның

Жаңа ғасыр ұланы болып жалғаймын.

Тербейд мені бейбітшілік жыр әні,

Қалықтасын халқымның ән-ұраны.

Батыр ата атындағы мектепте

Өсіп келед Бауыржаншыл қыраны.

Ата сөзін әрқашанда құп алам,

Оттай лаулап жанатұғын мен болам.

Егеменде, тәуелсіз Қазақстанымның

Лаулап жанған Бауыржаншыл қыз болам!,-

деп өзімнің пәк жүрегімнен жарып шыққан жыр жолдарымды арнай отырып, екі ғұлама, ойшылдың ақыл-парасатқа толы қалдырған мұраларынан отансүйгіштікті, елжандылықтышығармаларынан нәр, үлгі ала отырып, XXІ ғасырдың иегерлері, біздер, Бауыржаншыл ұрпақ болып өсеміз.

Екі ғұламадай елімізді, жерімізді шексіз беріле сүйіп, туған халқымызға адал еңбек етеміз.

Елбасымыздың Жолдауында көрсетілгендей, дамыған елу мемлекеттің қатарына енуге барлық білім парасатымыз бен дарынымызды бағыттап, аямай тер төгеміз.

Себебі, біз еліміздің ертеңіміз!

 
29.10.2015 20:12