Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15486

Интернет

Интернет
Жоспар
1. Кіріспе
2. тарихи деректер мен
статистикалық мәліметтер
3. Тұрақты қосылып тұратын байланыс
4. Интернетке қатынас құру
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18 000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де  INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі «ханшалардан» күнделікті «күңіңізге» айналып барады. Оның күрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионга жуық адам жүмыс істеп жатыр.   INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ІSОС  президентінің жақында INTERNET  желісін пайдаланушылар саны бір милиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мүнда таңқанарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті  INTERNET бізге «даналық көзі» болып көрінсе де, оньң өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.

Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министірлігінің АPRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бүзылғанмен сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты   жағдайына келе алатыны айқындалды.
Дегенмен  INTERNET тек желі ғана емес, ол – желілердін желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET –тің бір ерекшелігі оның қүрамындағы көптеген компьютерлер нақты ВВS тәрізді жүмыс істейді (шындығында,  INTERNET компьютерлерінің көпшілігі ВВS  сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мүрсат алады). – INTERNET ке қосылу дегеніміз – басқа жерлерде тұрған 1000-даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз.

Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана 
каталогтарындагы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т. Б. Цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.
INTERNET информация магистральна өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады. Ол үшін  INTERNET-тегі жүйенің номірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысын, өзіңізге қажетті материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNET желісінің сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінін иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық қабіл құнын — кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің косылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET –ті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы, сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалангпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік.

Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп, күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді).

Әлде әртүрлі заттар жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

INTERNET –тің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мөліметтер келіп түсіп жатады.
INTERNET –пен байланысқан провайдер компаниясы деп аталатын мекемелер әрбір компьютерді INTERNET –ке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше түрі бар, олар:
- қосылып тұратын тікелей байланыстар (кіру жолдары);
- тұрақты қосыльш тұрмайтын байланыстар (кіру жолдары);
-  почталық байланыстар.
Бүл атаулар әзірге түсініксіз шығар, енді олардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Тұракты косылып тұратын байланыс – мұнда жеке компьютер тікелей ТСР/ІР1 желісіне қосылған түрінде болады, бұл INTERNET –тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс ерекшеленген   немесе тұрақты тікелей байланыс деп аталады.
Ерекшеленген немесе тұрақты тура байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде бағдарлауыш орнатып, бағдарлауыш INTERNET – ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютері қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен Іntеrnеt арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шалу қажет емес, ауқымды желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне Іntеrnеt арқылы мәлімет жібере (алады) береді.

Қосылып тұратын тура байланыс көбінесе SLIP, СSLIP немесе РРР деп аталады. Ал Хrеmote деп аталатын байланыс түрі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР  секілді, бірақ телефон каналын түрақты пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында түр.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP  (арзан болғандықтан) қолданылып келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен косылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.

Почталық байланыс. Іntеrnеt – пен қосыла алатын бірнеше почталық байланыс түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып келген компьютерлер бірден Іntеrnеt – пен почталық байланысқа кіре алады. Олар өз почтасын Іntеrnеt –ке беріп, одан да бірден хат-хабар ала береді. Сотри8егүе жүйесінде почта адресі алдына  Іntеrnеt деп жазып қойылады. Бұл ортада әртүрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін LISTSERV жүйесін пайдаланған абзал. Осы секілді почталық байланыстар желілік көмей   деп аталады, олар  Іntеrnеt желісімен шектеулі тәсілдер арқылы байланысады.

Почталық қатынастың қолмен терілетін терминалдық байланыс түріндегі тағы бір түрі бар, бірақ ол тек почта жүйесімен ғана қосыла алады. Тағы да UUCP деген почталық байланыс түрі бар, онда байланыс тек осы мақсат үшін жүмыс істейтін программа арқылы орнатылады .
Іntеrnеt –пен қатынас құру.

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.
Мұндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады. Практикада FТР не ftr термині жиі үшырасады.
Каталогга немесе почталық хабарда «файлды алу үшін компьютерге й.р жеткізу» деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді.

ҒТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер ҒТР-сервер деп аталады. 
Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рүхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бүл тәсіл анонимдік ftр деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Кебінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын  және/немесе паролін  білу қажет болалы.
ҒТР-серверінің мәліметтерімен қатынас қүру үшін әркім стандартты кіру сүқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтамал:
ореn ftр.геlсоm.sи nаmеіd раsswогоl — FТР-серверге кірердегі сүраныс тізбегі, мүндағы:
ореn   ҒТР-сервермен қатынас құру сұранысы;
ftr.геlсоm.гu – ҒТР-серверінің қажетті информациямен  толықтырылған аты;
nоmеіd — пайдаланушының кіру аты немесе аnоnіmоиs;
раsswогd — сұраушы адамның паролі немесе оның почталы (Е-mаіІ) адресі;
Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, ҒТР-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
oреn
һеlр — сервер командалары бойынша анықтама беру;
guit — сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру қүқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
cd каталог_аты — каталогты ауыстыру;
cd.. — жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайту;
get  файл_аты — ҒТР-серверден файл алу;
Ьіпагу – екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, сот, аrj, rar, tar, zір және т. Б.)
dir — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
ҒТР-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын НеlР командасы арқылы алуға болады.
FТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.
Cd pub/ — барлық ҒТР- серверін пайдаланушыларға ашық РUB каталогын (директориын) пайдалану;
dir — сол каталог файлдар тізімін беру;
get 0index.txt — ҒТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;
bіпагу —  екілік файлдарды өндеуге өту;
get far 140b. Zip — ҒТР-серверден екілік файл алу;
guit – ҒТР-серверден ажырау (байланысты үзу).
Осы мысалдан командалық интерфейстің колайсыз екеИнтернет

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Балапанов Е. Информатикадан 30 сабақ. Алматы 2000
2. Интернет әлемі. Ш. Қ. Дидар 2004 № 3 б 3
3. Интернет желісінің құрылымы. Дидар. 2000 №2 б 6
4. Интернет туралы біз не білеміз? Дидар 2000 14.11 б 4
5. Шөкіш А. Интернет. Алтын орда. 2001. № 5 б 12

 
24.05.2010 00:34