Үстірт (Маңқыстау)
Тұран ойпатының батыс бөлігін құрылымдық – денудациялық Үстірт алып жатыр. Үстірт Арал теңізімен Каспий маңы ойысы мен тік беткейлі кемерлер арқылы шектеледі. Оның беткі қабатын қалындағы бірнеше оңдаған метрге жететін қалын әктас қабатты бостау жыныстар бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарып тұрады құрымдылық денудациялық үстірттін беті біршама тегіс әрі әлсіз көлбеу болып келеді. Сирек жағдайда солтүстік – батыста бағытталған ірі жолдармен терең ағынсыз ойыстармен күрделенген жондардың беті тегіс. Абсолют биіктігі 22 метрден (солтістік жон) 314 метрге дейін (мұзбел) артады жондардын аралығындағы ойыстардын табанының абсалют биіктігі 63 метрден (барса келмес ойысы) 100 метрге дейінгі аралықты ауытқиды. Үстіртін беті астау тәрізді кристалды ойыстарда күрделендіріледі.
Мұндай ойыстардың көбінің табанында құмды-сазды делювиальды-элюальды материальдар жинақталады. Шайылған топырақтарда қалың шөптесін өсімдіктер өседі. Солтүстік батыс бөлігіндегі Солтүстік Үстіртіне қарай тілімденген. Иіннің біліктік бөлігін Қос бұлақ, Асыман сай, Сам және Қаратөлей сяқты сорлы ойыстар алып жатыр. Тегіс беткейлі қалдық дөңдер ойыстарға қарай еңіс болып келеді еріген қар, жаңбыр суларының әрекетінен терең тілімделген эрозиялық жыралар жүйесі қалыптасуы Үстірттің бедерінің толқынды болып келуіне әсер етті, Сам, Асамтай ойыстарының табаны жел әрекетінен өнделгендіктен жартылай бекіген аласа құм жалдары түзілген су өткізетін әктастардың қалың қабаты үстірттің барлық бөлігінде жер бедерінің Карсталы пішіндерінің дамуына әсер етті. Мысалы Өтебай қонысуында терендігі 120 ұзындығы 190 метірге дейін жететін карстылы үнгір табылған. Қарны жарық ойысында гипсті карстлар табылған. Үстірт көршілес жатқан жазықтармен тік беткейлі кемер жасал шектеседі. Солтүстігінде шағырай Үстіртімен шектесетін бөлігінде кемерлердің биіктігі 50 метрден Солтүстік- батысы, батысымен шығысында 200 метрге дейін жетсе, қарны жарық ойысында кетерлердін биіктігі 370 метрге дейін жетеді. Келердің биіктігі артқан сайын көлденен қимасы күрделене беруімен ерекшеленеді.
Үстірттің қазіргі жер бедерінің қалыптасуы төменгі плиоценде басталады. Жер бедері әр түрлі жыныстардың қабатасып шөгуінен түзілген қабатты жазықтардың қатарына жатады плиеценде солтүстік, оңтүстік үстірт және оңтүстік Маңғыстау иіні арқылы Ақшағыл, Абшерон алқаптарының шығанақтары енеді. Үстірттің орынына көлдік ойыс пайдаболып онда бос таужыныстары шөге бастады. Көл түбінде шөккен матерялдар көршілес жатқан көтеріңкі жерлерден жинақталды. Климаттын аритенуіне байланысты бұл жердегі төрттік дәуірдін шөгінділері өте жұқа. Үстіртте жер бедерінің қарастылы пішіндерінің кең таралуы приоценмен төрттік дәуірлердін белгілі бір кезенініңде ариттік климаттын ылғалды плювиальды климатпен алмасып отырғаның көрсетеді. Бірақ тау жыныстарының тасымалдануы көбінесе жел эрозиясының әсерінен жүрген.
Тұран жазығынын батысында Каспий теңізімен Үстіртің аралығында құрылымдық денудациялық Манғыстау Үстірті орналасқан. Үстірт эрозиялық – тектоникалық Ақтау, Қаратау сияқты аласа таулармен күрделенген. Бозащы үстірті шығу тегі жағынан Каспий маңы ойпатына жақын. Манғыстау үстіртінде Түпқараған Үстірті, оңтүстік Маңғыстау; Кендірлік, Шығыс Маңғыстау үстірті, Ақтау, Қаратау таулары. Красноводск үстірті ерекше ерекшеленеді. Морфологиялық құрылымы неоген төртік дәуірлерде тектоникалық қарқындылықтың әр түрлі болуына байланысты болады. Манғыстау үстіртінің 80% алып жатқан оңтүстік бөлігі екі сатылы денудациялық Үстірт болып табылады. Оның бетінің қалыңдығы 5-10 метрден 40-50 метрге дейін жететін қалың ұлы тастыәк тасты қабат борпылдақ жыныстарды бұзылудан сақтайтын қалқан қызметін атқарады. Басқа Үстірттерден Манғыстауды ерекшелендіретін белгілерінің бірі Маңғыстаудың біліктік құрылымдарына бағыттас субендік бағытта созылып жатқан екі ірі тектоникалық депрессиялардын болуы. Солтістік Маңғыстау антиклинориін бойлай қаралаңдыбас, қорғаной, Асар, өзен, түнқарақшы ойыстары шоғырланса оңтістік Маңғыстау иінінің жекелеген анти клинорин бойлай ұзындығы 85, ені 10-20 шақырымға жететін абсолют белгісі – 132 метрде жатқан Қарақия, - 57 метрге жететін Қауынды, ойыстары орналасқан. Қарақия өлі теңізбен египетмаңындағы Каттар депресияларынан кейінгі ең тередерінің бірі Ойыстардың барлығы тұйық болғанына қарамастан Каспий теңізіне қарай ашық болып келеді. Ойыстар төртік дәуірдегі трансгресия кезінде суға толған. Ойыстардың шегінде хвалын трангерсиясынын аккумулятивті және абразиялы жазықтары қалыптасқан.Біршама иілген табанында жербедерінің мұсінді пішіндері сорлар алып жатыр. Манғыстау үстіртінің казіргі жер бедерінің қалыптасуына тектоникалық агенттермен қашар аритті климатта әсер етуде. Неотектоникалық қозғалыстар денудациясының қарқынды жүруіне әсер етсе аритті климат сорлы дефлеция үрдісін күшейтті.
Маңғыстаудын кәаіргі жер бедерінің қалыптасуы ерте плиоценнің соңынан басталды.
Тұран плитасының неотектоникалық қозғалыстын әсерінен көтерілуінің нәтежиесінде Маңғыстау тұғырлы жазыққа айналды. Таулы бөліктерінің қазіргі бедерінің қалыптасуы плиоценнің соңындағы жеклеген денудациялық үрдістердін әсерінен жүрді, бұл кезенге дейін Маңғыстаумен үстіртін келерлері түзілген. Ерте төрттік дәуірде оңтүстік Маңғыстаудың ірі тұйық ағынсыз ойыстары пайда болып, оңда көлдік режим сақталды. Уақыт өте келе көл түбіне шөккен шөгінді тау жыныстары жел әрекетінен оңделді. Төрттік дәуірдін соңындағы екі хвалын трангрссиясынын әсерінен бүкіл Каспий жағалауында жер бедерінің екі аккумулятивтік және абразиялық пішіндерін қалыптастырды.22 метр абсалют биіктіктің белгісінде жаңа Каспи теңіз абразиялы жағалауы бойлай созылып жатыр. Маңғыстау Үстіртінде аридті континентті климат жағдайы жоғарғы плиоценнен бастап сақталғандықтан содан бері ежелгі өзен торларының іздері жоқ болғанымен Ақтау, Қаратау, тауларының беткейлері мен Қарақя Өзен, Қарныжарық оиыстарында уақытша ағынсулардың әсерінен түзілген ескі арналармен жайылма үсті текшелерінің іздері байқалады.
Тұран жазығының оңтүстік қарақұм оңтүстік-батыс бөлігін қарақұм алып жатыр Қарақұм түрік тілінде қара түсті құм немесе құмды жер мағынасын білдіреді. Жер бедерінің ерекшелігіне сай екі үлкен бөлікке бөлінеді. Солтүстік шағын бөлігін Зангуз қарақұмы немесе Зангуз үстірті бійіктігі 60-80 метірге жететін тік беткеилі кемер арқылы сорлы унгуза оиысына ұласады. Ол тектоникалық қозғалысынын әсерінен өзгеріске ұшырап шөлдік континенті климат жағдайында өнделген ежелгі құрғап қалған өзен арнасы болып саналады Өзен аңғарынын барлық морфологиялық елементтері жақсы сақталған Амудариянын Каспийге құйған ескі арнасы Узбой қарақұмнын солтүстік батыс шеті арқылы өтеді.
Унгуздың оңтістігіндегі орталық, оңтүстік шығыс және оңтүстік қарақұм орналасқан зангуз қарақұмына қарағанда аласа болғандықтан орталық Қарақұмды - ойпатты Қарақұм деп атайды. Оның оңтүстігімен оңтүстік шығысы біртіндеп көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік шығыс қарақұм зангуз қарақұмына қарағанда теңіз деңгейінен биік. Екеуінде беті тегіс әрі біртіндеп батысқа қарай аласарады. Оңтүстік- шығыс қарақұмында ежелгі өзен арнасы кемф узбойы бар. Оның көп бөлігін қазір қарақұм каналы алып жатыр. Зангуз үстіртінің беткі қабатын плеоценде мен плеоценде аққан плео Амудариянын құмды және құмды – сазды шөгінділері жауп жатыр. Зангуз үстіртінің кемерімен копетдагтың шығысынын аралығымен батысқа қарай төрттік дәуірде аққан оның алювиальды шөгінділері орталық және оңтүстік-шығыс Қарақұмының бетін жауып жатыр. Қарақұмның оңтүстік бөлігінің беткі қабаты Теджен, Мургаб өзендерінің сағасында шөккен алювиальды шөгінділерден тұрады. Еңбасым бөлігін қарақұм шөлі жел әрекетінен тұзілген құм жолдары алып жатыр. Ол оңтүстігінде аласа белесті – белді сусымалы құмдарда ұласады.
Олардың аралығындағы кеңістікте тегіс сазды тақырлар кездеседі. Құмның басым бөлігі өсімдіктермен бекіген. Сусымалы құлаш құм жолдары барқандардын негізгі бөлігі оңтүстік шығыс Қарақұмда таралған.
Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр.
Маңғыстау таулы үстірті және Тауқыр Тұран эпигерциндік платформасының шеткі аймағының қатпарлы негіздерінің көтерілуі нәтижесінде түзілген Мезокайназойдың жабын қабаты болып табылады. Қатпарлы негіздің тау жыныстары Маңғыстау таулы үстіртінің орталық бөлігі Қаратау мен оның оңтүстік шығысындағы Тауқыр жүйесіне кіретін Қызылқияда жер бетіне шығып жатыр. таулы үстірті ядросы жоғарғы пермь, тряс, юра дәуірлерінің тау жыныстарынан тұратын антиклинальды қатпарлы құрылым болып табылады.
Қатпарлану аймағында көтерілулер мен төмен түсулер қатар жүруіне байланысты герцин көтерілуінің нәтижесінде түзілген Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушық таулары қатар жатыр. Олардың аралықтарын синклинорилер бөліп жатыр. Батыс Қаратаудың солтүстігі мен оңтүстігінде антиклинальдың қанаттарында түзілген бор дәуірінің жыныстарынан тұратын моноклинальды солтүстік және оңтүстік Ақтау жоталары орналасқан. Маңғыстау тауларының ең биік нүктесі Бесшоқы. Оның абсалюттік биіктігі 556 мерт.
Қаратау мен Ақтаудың аралықтарын бөліп жатқан тауаралық аңғарлар төменгі бордың саздары мен құм тастары жер бетіне шығып жатыр. Олар диаметрі 2 кей жерлерде 3 метрге дейін жететін шарлы құралымдар түзеді. Құмтастардың үгіліп, құрамындағы құмның бөлінуі нәтижесінде конкрециялар жер бетіне шығып үрленген шар тәрізді құрылымдар түзді.
Маңғыстау тауларының сыртында абсалют биіктігі 150-175 метрден аспайтын терең әрі тұйық сорлы ойыстар түзетін әктасты үстірттер алып жатыр. Онда дүние жүзіндегі терең ойыстардың бірі Қарақия (- 132м) орналасқан. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде Жетібай, Өзен кен орындарында мұнай мен газ табылған. Маңғыстау тауларының солтүстігі біртіндеп бозащы мойпатты түбегіне ұласады. Онда да мұнай мен газдың мол қоры бар.
Маңғыстау таулыүстірті солтүстік шөл зонасына жатады. Оның біршама бөлігін сазды, сортаң, тасты және құмды шөлдер алып жатыр. Түбектің солтүстік бөлігін жусанды сазды шөлдер алып жатыр. Өсімдік жамылғысында жусанның солтүстік Тұран түрлері мен сортаң шөптер, бұйырғын мен бпялыштар басым болып келеді. Оңтүстік бөлігінде сазды шөлдермен үйлесіп отыратын сортаң шөлдер басым. Олардың аралығында өсімдіктер жамылғысы жоқ Қарақия, Қауынды қырлы жарық ойстары бар. Негізгі өсімдіктері сортаң тұзды топырақта өсуге бейімделген сары сазан, сортаң шөп. Маңғыстау тауларының басым бөлігін тасты субстратта қалыптасқан тасты шөлдер алшып жатыр. Онда биіктік белдеуліліктің заңдылықтары да байқалады. Біршама биік бөлігі Бесшоқы маңында шөлдер біртіндеп шөлейтке ұласады. Тауқыр жүйесі өзінің құрылысы жағынан Маңғыстау тауларына ұқсас. Онда антиклинальды ірге тасының негізі ортапалеозойдың, пери мен триастың тау жыныстарынан тұратын қатпарлы құрылым болып табылады. Маңғыстау тауынан айырмашылығы қатпарлы солтүстік шығыс тармағы палеоген мен неогеннің сазды жыныстарынан құралған.
Маңғыстаудың аласа таулы шөлі
Маңғыстау түбегі Каспий теңізінің шығыс жағасының аумақты тұмсығы болып табылады. Орталық бөлігі – Маңғыстау – бір ғана антиклинальды қатпарлықтан құралған шағын таулы үстірт; оның шығыстан солтүстік – батысқа қарай созылып жатқан оң қанаты қосымша қатпарлықпен күрделене түскен. Таулы қырат жоталардың жай ғана жүйесінен тұрады: орталығында Қаратау жотасы созылып жатыр, ал Қаратауды бойлап солтүстіктен және оңтүстіктен Ақтаудың Солтүстік және Оңтүстік жоталары созылып жатыр.
Қаратау жотасының үсті ені 3-9км, кей жерлерінде қалдық шоқылары сақталған, толқындалып жатқан үстірт тәрізді болып келеді. Үстірт толып жатқан тік, кейде шаншылған тік беткейлі жыра – сайлармен тілімделген. Қаратаудың оңтүстік беткейіне параллель оңтүстік Ақтау – батыс пен солтүстікке қарай шұғыл бұрылыс жасайтын енсіз жота созылып жатыр; оны жыра – сайлар тіке кесіп өтеді.
Солтүстік Ақтау Қаратаудан солтүстікке қарай созылып жатыр; Оңтүстік Ақтау сияқты мүның да кейбір жерлерін жыралар тіке кесіп өтеді. Жотаның үсті жон тәрізді, беткейлері тік; солтүстік беткейі жайпақтау келеді, оңтүстігіне қарағанда көбітек тілімделген. Оңтүстік беткейі тым тік, ұсақ жыралар ғана кесіп өтеді, ал солтүстік беткейі терең жыралар жал – жал етіп бөліп тастаған. Солтүстік Ақтаудың беткейлерінде желдің әсерінен пайда болған неше түрлі қызық пішіндер – бағаналар, үңгірлер мен қуыстар жиі кездеседі.
Маңғыстау түбегінің рельефі жыныстардың геологиялық құрылысы және петрографиялық құрамымен тығыз байланысты. Маңғыстау антиклиналының ядросында тік қатпарларға жиналған триастын шөгінділері жатыр. Осылардан орталық жота – Қаратау құрылған. Антиклинальдың қанаттары юра және бор жыныстарынан түзілген, онда да юра құмтасты – сазды жыныстар, ал бор қатты, тығыз ізбес тастар түрінде болған. Бор жасындағы ізбес тастар антиклинальдың қанаттарына ойысып, жоталар – Оңтүстік және Солтүстік Ақтауды құрады, ал оңай бұзылғыш құмтасты – сазды юра шөгінділері рельефтің ойыс формаларын – Ақтау мен Қаратау жоталары арасындағы «аңғарларды» құрайды.
Маңғыстауда құрылымы өте нашар, көбінесе түйіршігі ірі, сұр топырақ дамыған. Өсімдік жамылғысында жусан басым, рельефтің ояңдарында сораңдар кездеседі. Маңғыстаудан солтүстікке қарай каспийлік төрттік шөгінділерінен құралған Бозашы түбегінің кең, аласа және тегіс алқабы орналасқан. Түбектің беті қыраңды, сәл толқындалған, солтүстікке қарай біртіндеп аласаратын жазық болып келеді.
Үстірттің шөлді жотасы
Маңғыстаудың түбегі мен Қарабұғаз шығанағынан шығысқа қарай ауданы 200000 км²-ге жуық кең байтақ Үстірт үстірті созылып жатыр. Үстірт барлық жағы дерлік кемерлермен – шыңқылармен бөлінген, ал шығыс жары көп жерінде Арал теңізінің батыс жар қабағын құрайды. Жонның біркелкі жер беті кей тұста ендік немесе меридиан бағытында созылып жатқан толқынды көтерілулермен бұзылады. Бұл жалпақ көтерілімдер арасында ояңдар орналасқан. Мысалы, үстірттің солтүстігінде ендік бойымен Солтүстік Үстірт қырқасы солтүстік шыңқыны бойлай созылып жатыр. Оның абсолюттік биіктігі 200-210м-ге жетеді. Оңтүстікке қарай бұл қырқа жазаңдалып аласарады. Қырқаның өркештері ояң учаскелермен салыстырғанда 25-40м биік болады. Қырқалардың оңтүстігінде Солтүстік Үстірт иіні орналасқан, ол солтүстік қырқаны орталық Үстірт көтерілімінен бөліп тұрады. Осы қазаншұңқырдың бойында Қосбұлақ, Асмантай, Матай, Сам және басқа да сорлар тізбегі бар.
Биіктігі 240 м-ге жететін әжептәуір қырқа Арал теңізінің батыс жағалауын бойлай созылып жатыр. Арал теңізінің оңтүстік – батысына қарай кең ойыс орналасқан, Барсакелместің соры сонда.
Үстірт үстіртінің солтүстік шыңқысы Қайдақ сорынан басталып, оңтүстікке қарайй терең, көбінесе ұзын жыралармен тілімделген ирелеңді тік кемер жасап созылады. Кей жерлерде Үстірттен оқшау үстірттер бөліп шығады. Шығыста шыңқы Шеген өзенінің сағасына қарай созылып барады да, Үлкен Борсық құмдарына жетпей жоғалып кетеді.
Үстірт құрылымы – тектоникасы жағынан көне теңіздер мен көлдер басып жатқан ойыстармен қоршалған үштік таған тау болып есептеледі. Тік жыраларды – шыңқыларды – кей жерлерде үстірттің ежелгі жағалары деп те қарауға болады. Үстірттің шығыс шетінде террасалар табылды. Үстірттің кеңістігі тым құрғақ, жауын – шашынның жылдық мөлшері 100мм-ден аздап қана артады. Үстірттің топырағы солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгереді. Солтүстік, қыратты бөлігіне шөлейттің белгілері тән және көбінесе карбонатты қоңыр топырақпен жабылған. Оңтүстікке таман созылып жатқан «сор» алабының топырағы кеуек, жетілмеген, оны ішінара әр түрлі сұрғылт топыраққа ауысатын топырақ болып жатыр. Орталық және оңтүстік аудандар – сортаңдау гипсті қиыршық тастылау сұрғылт топырақ басқан шөл. Үстірт үстіртінде сораңқы және жусанды шөл тараған, онда жартылай бұта өсімдіктер көп те, бұта және ағаш өсімдіктері – қара сеуілдер өте аз. Микрорельеф өсімдіктердің таралуына тікелей әсер етеді.