Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155280

Батыс Қазақстан

Батыс Қазақстан
Батыс Қазақстан аймағы орталық пен оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.
Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.
Үлкен өзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ.
2000 жыл бойы Ұлы Жібек Жолы бүкіл Маңғыстау аймағынан өткен. Қазіргі таңда бұл жол туристердің қызығушылығын туғызуда. Әдемі табиғат көріністері пен Үстірт қорығының әр түрлі жануарлары, Маңғыстау жеріндегі көптеген ерекше тарихи және мәдени ескерткіштер, Каспий жағалауының көркем көріністері туристердің айрықша қызығушылығын туғызатыны сөзсіз.
Ақтөбе Облысы Қазақстанның ең маңызды өнеркәсіп ауданы болып табылады. Оның көлемі шамамен 300 мың шаршы км. Ақтөбе облысы солтүстігінде Ресеймен, оңтүстігінде Өзбекстанмен шекараласады. Бұл аймақ шығыс пен батыста әр жағынан үш облыспен шектеседі. Шығыс жағында – Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстары. Батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары.
Атырау облысы 400 метрлі жыраларға және диаметрі 2 метр болатын аппақ, домаланған тастарға толы. Бұл жерлерді көне заманғы мұхит түбінен қалған әктасты қыраттар құрайды. Каспий және Арал теңіздері осы мұхиттың қалдықтары. Шөлді жазық дала Урал өзенімен (қазақша - Жайық) тоғысады да, кейбір жерлер Флорида саз батпақтарын еске түсіреді. Бұл шынымен де су құстарына жұмақ жер болып табылады. Бұл жерлерде тек ауалық жастықшалы қайықтардың жүруі рұқсат етілген. Аққу, үйрек және қаздар тобы туристердің үстінен ұшып өткенде, олардың көптігі әркімді таң қалдырады.
Қазына түбегі... Осылай адамдар қазақстанның ең бай жерлерінің бірі – Маңғыстауды атайды. Бұл мекен мұнайға, газға, құрылыс материалдарына және минералдарға өте бай. Қазіргі уақытта мәдени мұраларға бай Маңғыстау туризм және демалыс мекені болып есептелінеді.
Археологиялық Ескерткіштер
Өлі Қолтық жағасында, Қызанның солтүстігінде көне қорғандар табылған.
Олар біз заманыздың IV-V ғасырларына жатқызылады. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл ашулар осы жерлерде өмір сүрген Сақ-Массагет дәуіріндегі адамдар жайлы толық ақпарат береді.
Шетпеден 18 км-де орналасқан Ақмыш жері туристерді өз әсемдігімен ғана емес, сонымен қатар көне Қызыл Қала тарихи жерлерімен таң қалдырады. Ақмышсайдан 3 км жүрген соң, сіз Самал мен Сазанбай атты терең шатқалдарға тап боласыз. Келесі әсем жер - Қаңлы Баба Форт-Шевченкодан 30 км жерде орналасқан. Сіз бұл жерде қайнар көздерін, долана ағаштарын, қожақат, қып-қызыл жидек бұталарын, ильм және терек тоғайларын көре аласыз. Көне Қаңлы Баба Мазары мен мешіт осы жерде орналасқан.
Каспий теңізі
Каспий теңізі - Қазақстанның батысын жуып-шаятын дүние жүзіндегі ең үлкен жабық су қоймасы. Теңіздің атауы көне заманда жағалауда қоныс тепкен Каспий тайпасымен байланысты. Ол бұрын Гиркан, Хазар, Хвалын теңізі болып та аталған. Каспий теңізі және оның тайпалары туралы Геродот жазбаларында айтылған. Ресей теңізшілерінің Каспий теңізіне келуі жайлы құжат IX-X ғасырларға жатады. XVIII ғасырдың басында 1-ші Петр Каспий теңізін зерттеуді бастады (Бекович-Черкасский экспедициясы және т.б.). Содан кейін Семенов И.Ф., Иванышев Н.А., Паллас П.С., Гмелин С.Г., Карелин Г.С. және басқалар Каспий теңізін зерттеді.
Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге созылған, ортасы 320 км, жағасының ұзындығы шамамен 7000 км (оның 6000 км Ресей және басқа мемлекеттер территорияларында). Су көлемінің аумағы 371000 шаршы км, теңіз деңгейі мұхит деңгейінен 28,5-ке (1971) төмен. Максималды тереңдігі – 1025 м (оңтүстігінде), Қазақстан жағы терең емес, солтүстік Каспийдің тереңдігі – 15-20 м. Ең үлкен шығанақтары – Комсомолец, Мангышлакский (Маңғыстау), Кендерлі, Қазақ, Қара Боғаз Гол және т.б. 50 аралдың толық ауданы 350 шапшы км. Еділ, Жайық және Ембі өзендері Каспий теңізіне солтүстік жақтан құяды. Теңіз түбі рельефі және гидрологиялық сипаттарына байланысты Каспий теңізі Солтүстік, Орта және Оңтүстік болып бөлінеді.
Каспий теңізінің түбінде мұнай және газ кеніштері бар.
Каспий теңізі көптеген ауа рай зоналарын қиып өтеді: солтүстігінде – континенталды, батысында – бір қалыпты жылы, оңтүстік-батысында – ылғалды субтропикалық, шығысында – құрғақ. Солтүстік ауа температурасының қауырт өзгеруімен және атмосфералық жауын-шашынның аздығымен өзгешеленеді. Қазан айынан бастап сәуір айына дейін солтүстік пен орталықта жел шығыс жақтан соғады, мамыр айынан қыркүйек айына дейін муссонды жел солтүстік батыстан оңтүстікке қарай соғады, орталық шығыста, солтүстік батыста және солтүстікте желдің жылдамдығы 24 м/с-тан асып кетеді. Шілде және тамыз айларындағы орташа температура +24+26’C, ал максималды температура шығысында +44’C-ке дейін жетеді. Қыс айларында температура солтүстіктен батысқа қарай –10’C –12’C болып өзгереді. Шамамен 200 мм атмосфералық жайын-шашын теңізге түседі. Судың орташа булануы жылына 1000 мм. Жазғы уақытта су бетінің орташа температурасы - +24+26’C, оңтүстікте - +29’C. Қыс кезінде судың орташа температурасы - –0,5’C, орталықта - –3’C-тан –7’C-қа дейін, оңтүстікте - –8-10’C. Солтүстікте су беті қараша айынан бастап наурыз айына дейін қатып тұрады, мұздың қалыңдығы – 2 м. Судың орташа тұщылығы - 12,7-12,8%, шығыс жағалауда - 13,2%, Еділ мен Жайық өзендерінің құяр аясында 0,1-0,2%. Теңіз деңгейі кей уақытта 2-2,5 м-ге дейін көтеріліп, 2 м-ге дейін түседі. Маусым кезіндегі жалпы ауытқу – 30 см. Ең төмен су деңгейі VII-XI ғасырларда болғаны белгілі (қазіргі кезден 2-4 м-ге төмен). Су деңгейінің соңғы төмендеуі 1929 және 1057 жылдар аралығында болды. Су деңгейі құрғақ ауа рай, өзен жағасында ірі гидротехникалық және суғару құрылғыларын салу нәтижесінде төмендейді. Каспий теңізіндегі флора мен фауна, салыстырмалы түрде, өте аз. 500-ден астам өсімдіктер, балықтар мен жануарлардың 854 түрі және су құстарының кейбір түрлері бар. Каспий теңізінің маңайында Атырау, Ақтау, Ералиев, Балықшы, Ганюшкино және т.б. сияқты ел көп қоныстанған мекендер бар.

 

 
23.05.2010 23:51