Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155414

Меншікке салынатын салықтар мүлік салығы

Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
1.1. Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
1.2. Мүлік салығын есептеу мен төлеу тәртібі
1.1. Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Мүлік салығы меншікке салынатын салықтар қатарына жатады. Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістермен байланысты едәуір орын алады. Меншікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Салықтардың мөлшерлемелері меншіктің табыстылығы бойынша емес, сыртқы нышандар – меншіктің мөлшері бойынша белгіленетіндіктен фискалдық мақсаттан басқа салықтардың меншікті пайдалаудың тиімділігін көтермелеу мақсаты бар.
Меншікке салынатын салықтар қоғам алдындағы салықтық жауапкершілікті біркелкі етіп бөлуге мүмкіндік береді. Мұның әсіресе жер салығына, мүлікке салынатын салыққа қатысы бар.
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Кейбір елдерде мүлікке салық салу базасын анықтау оны  мынадай санаттарға бөлумен байланысты:
- жылжымайтын (жер және онымен тікелей байланысты құрылыстар);
- дербес жылжымалы (жылжымайтын мүліктен басқа, меншіктің барлық түрлері).
Мүліктің бұл түрі өз кезегінде материалдық және материалдық емес (мүлік құны туралы ақпараттарды құрайтын шоттар, сертификаттар) болып бөлінеді.
Жалпы мүлік салығы жергілікті бюджетке түсетін маңызды кіріс көзі болып табылады. Сондықтан жергілікті салық органдары жоғарыда аталған салық принциптеріне сүйеніп, мүлікке тән белгілер мен құнына байланысты салық салу базасы мен салық ставкасын объективті анықтайды. Салық төлеуге байланысты салық төлеушілердің негізгі міндеті болып салық салу базасын оңтайлы айқындау мен мүлікті дұрыс өлшеу табылады.
Кесте 4.1. Мүлік салығын жіктеу

№ Жіктеу белгілері Қысқаша сипаттама
1 2 3
1 Салық  объектілері бойынша - жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;
- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық;
2 Қолданылу сипатына қарай - жалпы–салық төлеушінің меншігіндегі мүліктің барлық түрлеріне қатысты қолданылады;
- селективтік-мүлік түрлерінің әрбір түрі үшін салық режимін саралауға не салық салу базасынан кейбір меншік түрлерін шығарып тастауға негізделген.
3 Бағалау түрлеріне қарай - негізінде жылжымайтын мүліктен алынуымүмкін күтілетін (ожидаемый) ренталық табыс жататын жататын әдіс;
- мүлікті сатудың болжамды бағасына негізделген әдіс (күрделі не нарықтық);
- салық салу базасы ретінде құрылыс салынғандарын қоса, жер учаскелері алаңы алынатын баламалы(альтернативный)  әдіс.

1.2. Мүлікке салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібі
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салықты есептеу мен төлеудің жалпы тәртібі төмендегіше.
Кесте 4.2. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығын төлеу тәртібі мен ережелері
№ Көрсеткіштер Қысқаша сипаттама
1 2 3
1 Төлеушілері Қазақстан Республикасының аумағында меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық объектісі бар заңды тұлғалар мен меншік құқығында салық салу объектісі бар жеке кәсіпкерлер. ҚР резиденті емес заңды тұлғалар ҚР аумағында орналасқан салық салу объектілері бойынша;
2 Мүлік салығы төлеушілері қатарына  жатпайтындар - ҚР Үкіметі белгілейтін қажеттілік нормативтері шегінде салық салу объектілері бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер;
- салық салу Салық кодексінің 283-бабында белгіленген салық режимінің екінші үлгісі бойынша жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар;
- мемлекеттік мекемелер;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- діни бірлестіктер.
3 Салық объектісі Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер
4 Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.

5 Салық ставкалары 1. Заңды тұлғалар үшін салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5% ;
2. Жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісінің орташа жылдық  құнына  0,5%;
3. Коммерциялық емес ұйымдар, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар, негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау болып табылатын ұйымдар, ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік суқоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар, шаруа қожалықтары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші-заңды тұлғалардың жерлерін суаруға пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,1%. Бұл заңды тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша 1%;
Жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнының 0,5%;
6 Салық төлеу мерзімі Салық кезеңіндегі 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді.

 
Сурет 4.1. Мүлік салығы салынбайтын объектілер
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептеледі. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүліксалығы бойынша ағымдағы төлемдерді тқлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басында бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгеленген салық салу объектілерінің қалдық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен белгеленен мерзімде төленеді, бұ, бұл ретте салық салу объектілерін сатып аалған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады.
Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді.
Мүлік салығы бойынша ағымдағы төлемдер сомаларының есебі есепті салық кезеңінің 15 ақпанынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Мүлік салығы бойынша декларация есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы
Меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер қатарына мыналар жатпайды:
1. Мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер мерзімді қызметтен өту кезеңінде;
2. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 1000 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ері, «Халық қаһарманы» атағын алған, үш дәрежелі Даңқ орденімен және «Отан» орденімен наградталған адамдар, «Ардақты ана» атағын алған, «Алтын алқа» алқасымен наградталған көп балалы аналар, жеке тұратын зейнеткерлер.
3. Меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнынан тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмүлік салығынан да белгіленген 1500 айлық есептік көрсеткіш шегінде - Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестірілген адамдар, I және II топтағы мүгедектер.
Осы аталған тұлғалар пайдалануға не жалға берілген салық салу объектілері бойынша салықты жоғарыда аталған тәртіппен есептеп, төлейді. Басқаша айтқанда, бұл аталған салық төлеушілер санатына жеңілдетілген құқық берілген, яғни өзі таңдаған бір объектіге мүлік салығынан жеңілдік беріледі.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:
- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.
Әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жылжымайтын мүлікті тіркеу және бағалау орталығы белгілейтін салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін салық базасы болып табылады.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы салық салу объектісінің құнына байланысты келесі ставкалар бойынша есептеледі.
Кесте 4.3. Жеке тұлғалардың мүлік салығының ставкалары

Салық ставкалары Есептеу тәртібі
1 млн теңгеге дейін қоса алғанда салық салу объектілері құнының 0,05%;
1 млн теңгеден жоғары- 2 млн теңгеге дейін қоса алғанда 500 теңге + 1 млн теңгеден асатын сомадан 0,08%;
2 млн теңгеден жоғары- 3 млн теңгеге дейін қоса алғанда 1300 теңге + 2 млн теңгеден асатын сомадан 0,1%;
3 млн теңгеден жоғары- 4 млн теңгеге дейін қоса алғанда 2300 теңге + 3 млн теңгеден асатын сомадан 0,15%;
4 млн теңгеден жоғары- 5 млн теңгеге дейін қоса алғанда 3800 теңге + 4 млн теңгеден асатын сомадан 0,2%;
5 млн теңгеден жоғары- 6 млн теңгеге дейін қоса алғанда 5800 теңге + 5 млн теңгеден асатын сомадан 0,25%;
6 млн теңгеден жоғары- 7 млн теңгеге дейін қоса алғанда 8300 теңге + 6 млн теңгеден асатын сомадан 0,3%;
7 млн теңгеден жоғары- 8 млн теңгеге дейін қоса алғанда 11300 теңге + 7 млн теңгеден асатын сомадан 0,35%;
8 млн теңгеден жоғары- 9 млн теңгеге дейін қоса алғанда 14800 теңге + 8 млн теңгеден асатын сомадан 0,4%;
9 млн теңгеден жоғары- 10 млн теңгеге дейін қоса алғанда 18800 теңге + 9 млн теңгеден асатын сомадан 0,45%;
10 млн теңгеден жоғары 23300 теңге + 10 млн теңгеден асатын сомадан 0,5%.
Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда, салық базасы әр объект бойынша жеке есептеледі.
Сонымен, жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне салық жылжымайтын мүлік құны мен белгіленген ставкалар негізінде салық органдарымен анықталады.
Мысалы, егер жеке тұлғаның меншік құқығында:
1) құны 1500 мың теңге тұратын пәтер болса, онда мүлік салығының сомасы 1750 теңгені құрайды (500 тг.+ / (1500 тг. – 1000 тг.) х 0,08%);
2) құны 500 мың теңге тұратын гараж болса, салық сомасы 500 тг.(500 мың тг.+0,1%) құрайды;
3) құны 70 мың теңге тұратын саяжай болса, салық сомасы 70 тг. (70 мың тг. + 0,1%) құрайды.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықты есептеу мен төлеу тәртібін төмендегі кестеден көруге болады.
Кесте 4.4. Жеке тұлғалармен мүлік салығын төлеу тәртібі

№ Салық салу объектілері Есептеу тәртібі
1 Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектісі үшін олардың осы мүліктегі үлесіне барабар (пропорционалды)
2 Бірнеше салық салу объектілері бойынша салық төлеуші бір жеке тұлға болған жағдайда әрбір салық салуобъектісі бойынша бөлек есептеледі
3 Жаңадан салынған (құрылған) салық салу объектілері бойынша  Салық олардың салынған жылыан кейінгі салық жылынан бастап есептеледі
4 Салық салу объектісі жойылған, қираған, бұзылған кезде Осы фактілерді растайтын құжаттар болған жағдайда салық сомасы қайта есептеледі
5 Салық кезеңі ішінде салық төлеушінің салық төлеуден босатылу құқығы туындаған кезде Осы құқық туындаған айдан бастап салық сомасын қайта есептейді
6 Салық кезеңі ішінде салық салу объектілеріне меншік құқықтары ауысқан (берілген) жағдайда Мүлікке меншік құқықтарын жүзеге асырудың нақты кезеңі үшін есептеледі
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.
Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс. Уақытылы төленбеген салық сомасына салық төлеу күнін қоса, өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгелеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 2,5 еселенген мөлшерінде өсімақы (өсімпұл) алынады. Мысалы, ҰБ белгелеген қайта қаржыландыру ставкасы 16% делік. Бұл жағдайда алынатын өсімақы мөлшері 0,6% (2,5x16%):365 күн) құрайды. Егер 3500 теңге мөлшеріндегі салық  1 қазанда төленбей, 16 қазанда төленген жағдайда, өсімақы сомасы 315 теңгені (3500 тг. x  0,6%) x 15 күн) құрайды.
ТҮЙІН
Мүлікке салынатын салық тікелей нақты салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес, төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады. Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Негізгі құралдар (соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер) мен материалдық емес активтер заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін салық базасы болып табылады. Салық салу объектілерінің орташа жылдық қалдық құны ағымдағы салық кезеңінің әр айының бірінші күні мен есепті кезеңнен кейінгі кезең айының бірінші күніндегі салық салу объектілерінің қалдық құнын қосу кезінде алынған соманың он үштен бірі ретінде алынады.
Жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі және кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын мынадай объектілер:
- ҚР аумағындағы тұрғын үй-жайлар, саяжай құрылыстары, гараждар және өзге де құрылыстар, ғимараттар, үй-жайлар;
- ҚР аумағындағы аяқталмаған құрылыс объектілері-қоныстану (пайдалану) кезінен бастап жеке тұлғалардың мүлкіне салық салу объектісі болып табылады.
Жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметке пайдаланылмайтын мүлкіне жылжымайтын мүлікті бағалау және тіркеу органдарымен анықталатын құнына қарай сараланған (дифференциалды) ставкалар бойынша салық салынады.
Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық кезеңінің 1 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде тиісті салық ставкасын салық базасына қолдану арқылы салық төлеушінің тұрғылықты жеріне қарамастан салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша салық органдары жүргізеді.
Егер салық кезеңінің ұзақтығы он екі айдан аз болса, төлеуге жататын мүлік салығы анықталған салық сомасын он екіге бөлу және салық кезеңінде меншік құқығын жүзеге асыру айларының санына көбейту жолымен есептеледі.
Сонымен қатар салық органдары ағымдағы жылдың 1 тамызынан кешіктірмей бюджетке төленуге тиіс салық сомасы туралы төлем хабарламасын (извещения) жіберуге тиіс. Жеке тұлғалар салықты ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуге тиіс.
Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар
 Тест сұрақтары
1. Төменде аталған заңды тұлғалардың қайсысы мүлік салығын 0,1% ставка
бойынша есептейді:
а) Коммерциялық емес ұйымдар;
б) ҚР Ұлттық Банкі;
с) тек қана мемлекеттік бюджеттен қаржыландыратын ұйымдар;
д) меншігіндегі ғимараттың бір бөлігін кәсіпкерлік қызмет үшін жалға беретін мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын балабақша;
е) діни бірлестіктер.
2. Жеке кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салығы бойынша салық базасы болып:
а) мүліктің қалдық құны;
б) салық салу объектісінің бағалау құны;
с) негізгі құралдар мен материалды емес активтердің баланстық құны;
д) салық салу объектісінің орташа жылдық қалдық құны;
е) мүліктің орташа жылдық баланстық құны.
3. Бірыңғай жер салығын төлеушілер мүлік салығын төлеушілер болып табылады ма:
а) Иә, мүлік салығын төлеушілер болып табылады;
б) Мүлік салығын төлеушілер болып табылмайды;
с) Мүлікті тұтыну шегінде мүлік салығынан босатылады;
д) Шаруашылықты қолданылатын мүліктің норматив шегінде мүлік салығынан босатылады;
е) Ауылшаруашылығы тауарларын өндіру, сақтау және өңдеу процесіне қолданылатын мүлікті тұтыну нормативтері шегінде мүлік салығынан босатылады.
4. Мүлік салығы бойынша салық салу объектісі болып табылмайтын объектлер:
а) материалды емес активтер;
б) жер және көлік құралдары;
с) материалды емес активтер және негізгі құралдар;
д) қозғалмайтын мүліктер;
е) негізгі құралдар.
Есептер
№1
Жеке кәсіпкердің иелігінде бағалау құны – 1 200 мың теңге тұратын дүкені бар. Мүлік салығының сомасын анықтаңыз?
№2
Жекешелендірілген пәтер 1.600.000 теңгеге бағаланған және II топтағы мүгедектің атына рәсәмделген. Мүлік салығының сомасын есептеңіз?
№3
«Әділет» ЖШС 25 мамырда 60 мың теңге мөлшерінде мүлік салығын төледі. Мерзімі өткен салық төлеміне өсімақы есептеңіз?
№14
Көп балалы ананың иелігінде келесі жылжымайтын мүліктер бар:
1. Бағалау құны – 8 680 000 тг тұратын коттедж;
2. Бағалау құны – 4 560 000 тг тұратын үй жалға берілген;
Салық есепті жылдың 2 қарашасында төлеген болса, қанша мөлшерде салық есептелінді?

 

 
24.05.2010 03:08