Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155186

Меншікке салынатын салықтар жер салығы

Меншікке салынатын салықтар: жер салығы
6.1. Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
6.2. ҚР-нда әртүрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері
  6.1. Жер салығына жалпы сипаттама және оның құрылу ерекшеліктері
  
ҚР-ның Жер кодексінің 9 бабына сәйкес Қазақстанда жерді иелену және жерді пайдалануға ақы төленеді; жер үшін ақы жер учаскесінің сапасына, орналасуына және сумен қамтамасыз етуіне байланысты анықталатын жер салығы нысанында алынады.
         Жер салығы – меншікке салынатын салықтардың ішіндегі ең негізгі, ауқымды, маңызы жағынан ерекшесі. Жер салығы жер иеленушілер мен жер пайдаланушылар төлейтін тікелей, оның ішінде нақты салықтардың қатарына жатады. Ол жергілікті бюджеттің бекітілген салықтарының бірі. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде жер салығы көбінесе дербес салық ретінде қарастырылмайды, тек жер құны (баланстық құны) мүлікке салынатын салықтың жалпы сомасына енеді.
         Жер салығы Қазақстанда 1992 жылы 1 қаңтарда енгізілді.
         Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.
         Жер салығы жер учаскесінің орналасқан жері бойынша  төленеді, салық сомасы жергілікті өкімет органдарының құзырында қалады, яғни жер салығының сомасы толығымен жергілікті бюджетке түсіп, жергілікті өкімет органдарының салықты жинауға мүдделілігі арттырылады. Жер салығының негізгі базалық ставкаларын республика үкіметі, ал нақты төлем мөлшерін жергілікті мәслихат өз билігі шеңберінде белгілейді.
Салық салу мақсатында Қазақстанның барлық жерлері, олардың арналған нысанасы мен тиесілілігіне қарай мынадай санаттарға:
1) ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге;
2) елді мекен жерлеріне;
3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлерге;
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріне сауықтыру, қалпына келтіру, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге;
5) орман қорының жерлеріне;
6) су қорының жерлеріне;
7) запастағы жерлерге бөлінеді;
         Жердің мынадай сипаттары:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;
2. Орман қорының жерлері;
3. Су қорының жерлері;
4. Запастағы жерлер салық салуға жатпайды.
Жерге салық салу жердің бонитет балына байланысты.
         Бонитет балы  - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
         Жер салығын есептеуге негіз болып:
1) меншік құқығын, тұрақты жер пайдалану құқығын, өтеусіз уақытына жер пайдалану құқығын куәландыратын құжаттар;
2) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган әр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша берген жерлердің мемлекеттік сандық және сапалық есебінің деректері;
3) жер учаскесін иелену және пайдалану бойынша құқықты іс жүзінде жүзеге асырылуы табылады;
         Жеке меншік және тұрақты пайдалануында немесе бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар жеке және заңды тұлғалар жер салығын төлеушілер болып табылады.
         Жер салығын төлеушілер қатарына жатпайтындар:
- бірыңғай жер салығын төлеушілер;
- мемлекеттік бюдет есебінен ғана қамтылатын ұйымдар;
- уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары;
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, үй маңындағы жер учаскелері, сол сияқты жеке үй (қосалқы) шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысы, о.і. құрылысқа арналған жерлерді қоса, гараж алып жатқан жер учаскелері бойынша – Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ бала кезінен мүгедектің ата-анасының біреуі;
- тұрғын үй қоры, соның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелері, сол сияқты үй жанындағы жер учаскелері бойынша – “Ардақты ана” атағына ие болған, “Алтын алқа” алқасымен наградталған көп балалы аналар;
- діни бірлестіктер;
         Жоғарыдағы аталған салық төлеушілер пайдалануға немесе жалға берілген жер учаскелері бойынша салық төлеуден босатылмайды.
Жер салығының мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижелеріне байланысты болмайды.
         Жер учаскесі салық салу обьектісі болып табылады.
         Жер салығы бойынша салық салу обьектісіне мыналар енбейді:
- Елді мекендердің ортақ пайдалануындағы жер учаскелері;
-  Ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары желісі алып жатқан жер учаскелері;
- ҚР Үкіметінің шешімі бойынша консервацияланған обьектілер орналасқан жер учаскелері.
         Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
6.2. Қазақстанда әр түрлі жер санаттары бойынша жер салығын есептеу ерекшеліктері
6.2.1. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын салық
         Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады.
         Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады:
1.Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Кесте 6.1. Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтар жерлеріне салық ставкасы
Бонитет балы Базалық ставкалары (теңге)
1-10
11-20
21-30
31-40
41-50
51-60
61-70
71-80
81-90
91-100
100-ден жоғары 0,48 – 2,41
2,89 – 4,82
5,31 – 9,65
14,47 – 24,12
28,95 – 38,60
43,42 – 53,07
57,90 – 82,02
86,85 – 110,97
115,80 – 144,75
149,57 – 193,00
202,65

2. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы бозғылт қызыл қоңыр, қоңыр, сұр қоңыр, бозғылт және кәдімгі сұр топырақты, сондай-ақ таулы-далалық, таулы-шалғындық-далалық таулы альпілік және субальпіліктопырақты таулы аймақтардағы жерлерге бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді.
Кесте 6.2. Жартылай шөлейт, шөлейт және тау бөктеріндегі шөлейт аумақтардағы жерлерге салынатын салық ставкасы
Бонитет балы Базалық ставкалары (теңге)
1-10
11-20
21-30
31-40
41-50
51-60
61-70
71-80
81-90
91-100
100-ден жоғары 0,48 – 0,96
1,45 – 4,82
5,31 – 9,65
10,13 – 14,47
14,96 – 19,30
19,78 – 24,12
24,61 – 30,07
30,69 – 36,15
36,71 – 42,17
42,18 – 48,25
50,18

         Мысалы, жалпы көлемі 300 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер «Кеңгір-Агро» ӨК тиесілі. Топырақтың орташа бонитет балы – 10 бал. ӨК жері Талап ауылында орналасқан. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 288 теңгені (300 га х 0,96 теңге\га) құрайды.
         Мұндағы, 300 – жер учаскесінің алаңы, га;
         0,96 – 10 бонитет балы кезінде а\ш мақсатындағы жерге жер салығының базалық ставкасы.
         6.2.2. Елді мекен жерлеріне салынатын салық
         Қалалық жергілікті өкімет органдарының қарауындағы қала мен поселке шегі шеңберінде орналасқан бүкіл жер қалалар мен поселкелердің жеріне жатады.
         Селолық (ауылдық) елді мекендердің жеріне осы мекендерге арналып жерге орналастыру тәртібі бойынша белгіленген шегі шеңберіндегі барлық жерлер жатады.
         Елді мекеннің жерлері салық салу мақсаты үшін екі топқа бөлінген:
1. Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлерді қоспағанда, елді мекен жерлері;
2. Тұрғын үй қоры, о.і. олардың жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлер;
         Елді мекендердің (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары бір шаршы метр алаңға есептеліп мынадай мөлшерде белгіленеді:
Кесте 6.3. Елді мекен жерлеріне салынатын салық ставкалары

Елді мекен түрі Тұрғын үй қоры, о.і. оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерді қоспағанда, елді мекен жерлеріне салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге) Тұрғын үй қоры, о.і. оның іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге салынатын салықтың базалық ставкалары (теңге)
1 2 3
Қалалар:
Алматы 28,95 0,96
Астана 19,30 0,96
Ақтау 9,65 0,58
Ақтөбе 6,75 0,58
Атырау 8,20 0,58
Тараз 9,17 0,58
Қарағанды 9,65 0,58
Қызылорда 8,68 0,58
Көкшетау 5,79 0,58
Қостанай 6,27 0,58
Павлодар 9,65 0,58
Петропавловск 5,79 0,58
Орал 5,79 0,58
Өскемен 9,65 0,58
Шымкент 9,17 0,58
Алматы облысы:
Облыстық маңызы бар қалалар 6,75 0,39
Аудандық маңызы бар қалалар 5,79 0,39
Ақмола облысы
Облыстық маңызы бар қалалар 5,79 0,39
Аудандық маңызы бар қалалар 5,02 0,39
Облыстық маңызы бар қалалар Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың  85 % 0,39
Аудандық маңызы бар қалалар Облыс орталығы үшін белгіленген ставканың  75 % 0,19
Поселкелер 0,96 0,13
Селолар (ауылдар) 0,48 0,09

         Мәселен, Қызылорда қаласында елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 8,68 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 пайызына 6,51 теңгеге (8,68 теңге х 0,75) тең.
         Мысалы, «Қазақзергер» АҚ Қызылордадағы бөлімшесінің меншік құқығында Қызылорда қаласында алаңы 47 м2  дүкен тиесілі. Бұл жағдайда жер салығының сомасы 408 теңгені (47 м2 x 8,68) құрайды, мұндағы, 47 – жер учаскесінің көлемі, м2;
         8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2.
         Аудандық маңызы бар қалада, мысалы, Арал қаласында заңды тұлғалардың 5500 м2 жерге офисі орналасқан. Жоғарыда салық ставкасында облыс орталығы үшін белгіленген ставканың 75 % деп берілген, яғни 8,68 х 75 %= 6,51 теңге, сонда салық сомасы.
         5500 м2 х 6,51 теңге=35805 теңге мөлшерінде төленеді. Заңды тұлға бұл соманы тең үлеспен 4 рет бөліп төлейді, сонда тоқсанына 8951,3 теңгеден төлеп отырады.
         Қызылорда қаласында тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерге жер салығының ставкасы 1 шаршы метрге 0,96 теңгені құрайды, басқа да аудандық маңызы бар қалалар – Арал және Қазалыға – салық ставкасы -0,19 теңге.
         Мысалы, Қызылорда қаласы тұрғынының 500 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры, оның іргесіндегі ғимараттар алып жатыр. Осы жерге салық төмендегіше есептеледі:
         500 шаршы метр * 0,58 тң=290 теңге салық төленеді.
         Ал егер тұрғын үй ауылда орналасқан болса, онда 1000 шаршы метр жерін тұрғын үй қоры мен іргесіндегі ғимараттар алып жатқан жерлерге салық:
         1000 шаршы метр * 0,09=90 теңге мөлшерінде салық салынады.
        6.2.3.  Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық
         Базалық салық ставкалары елді мекендерден тыс орналасқан өнеркәсіп жерлеріне 1 гектарға есептеліп, бонитет балына бара-бар мынадай мөлшерде белгіленеді:
Кесте 6.4. Өнеркәсіп жерлеріне салынатын салық ставкалары
Бонитет балы Базалық ставкалары (теңге)
0
1-10
11-20
21-30
31-40
41-50
51-60
61-70
71-80
81-90
91-100
100-ден жоғары 48,25
91,67 – 482,50
530,75 – 1084,66
1138,70 – 1592,25
1646,29 – 2074,75
2126,86 – 2582,34
2634,45 – 3136,25
3188,36 – 3715,25
3769,29 – 4319,34
4371,45 – 4921,50
4975,54 – 5693,50
5790,00

         Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясының материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасының қоймалары Жезқазған қаласы шегінен тыс өнеркәсіп жерлерінде орналасқан. Қоймалардың жалпы көлемі 8,1 га құрайды. Топырақтың орташа бонитет балы 10 балға тең.
         Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы (8,1 га * 482,5 теңге\га), мұндағы 8,1 – жер учаскесінің көлемі, га.
         482,5 – 10 бонитет балына тең елді мекен жерінен тыс орналасқан өнекәсіп жерлеріне жер салығының базалық ставкасы, теңге\га.
         Егер осы қоймалар елді мекен жерлері шегінде орналасқан болса, онда салық төмендегіше есептеледі:
         ((8,1 га * 10000) * 8,2 теңге\м2), мұндағы, 10000 – га-дан м2-ге көшу үшін ауыстыру коэффициенті;
         8,2 – Жезқазған қаласына елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2.
         6.2.4. Автотұрақтар, автомобильге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне салынатын салық
         Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.
         Елді мекендердің автотұрақтар мен автомобильге май құю станциялары орналасқан жерлеріне базалық ставкалар салықты есептеу кезінде қолданылатын елді мекенді жергілікті өкілді орган белгілейді.
         Жергілікті өкілді органның шешімі бойынша салық ставкасы кемітілуі мүмкін, бірақ ол елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалардан кем болмауға тиіс.
         Жергілікті атқарушы орган белгіленген сауда орындары тікелей орналасқан елді мекеннің базарлар аумағында бөлінген жерлеріне елді мекен жерлеріне белгіленген базалық ставкалар бойынша 10 есе ұлғайтылған салық салынуы тиіс.
         Базарларға қызмет көрсету өңірлері алып жатқан өзге де базар аумағына жоғарыдағы тәртіп бойынша салық салынады.
         Мысалы, «Тұлпар» ӨК-нің иелігінде жалпы көлемі 160 м2 автотұрақ бар. Автотұрақ Қызылорда қаласында орналасқан.
         Бюджетке төленуі тиіс салық сомасы 13888 теңгені ((160 м2 x 8,68) х10) құрайды, мұндағы, 160 -  жер учаскесінің көлемі, м2.
         8,68 – елді мекен жерлері үшін, тұрғын үй қоры, олардың іргесіндегі құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жерлерді қоспағанда, жер салығының базалық ставкасы, теңге\м2;
         10 – Салық кодексінің 337 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына сәйкес жер салығының ставкасын өсіру саны.
         Мал сату жөніндегі базарларға жер салығы елді мекен жерлеріне белгіленген ставкалар бойынша салық салынады.       
         6.2.5. Жеке тұлғалардың жер учаскелеріне салық салу ерекшеліктері
         Жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шарушылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге, базалық салық ставкалары мынадай мөлшерде белгіленеді:
- көлемі 0,50 гектарға дейін қоса алғанда – 0,01 гектар үшін 20 теңге;
- көлемі 0,50 гектардан асатын алаңға – 0,01 гектар үшін 100теңге.
         Мысалы, жеке тұлғаға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден саяжай құрылысын жүргізу үшін 1 гектардан жер беріледі. Жеке тұлғалардың жерлері көбінесе сотықпен есептелгендіктен 1 гектарды сотыққа, яғни 100 сотық деп аламыз. Сонда жеке тұлғаның 50 сотыққа дейінгі жерінің әр бір сотығына 20 теңгеден, 50 сотықтан асқанына - әр 1 сотығына 100 теңгеден есептеу қажет. Сонда 1 га не 100 сотық жерге жер салығы төмендегіше есептелінеді:
         50 сотық * 20 теңге=1000 теңге
         50 сотық * 100 теңге=6000 теңге
         сонымен жеке тұлға 100 сотық жеріне 6000  теңге жер салығын төлеуге тиіс.
         Мысалы, жеке тұлғаның «Арай» ӨК-інде бағбандық жүргізуге арналған 0,12 га жер учаскесі бар.
         Бюджетке төленуге жататын жер салығының сомасы 240 теңге (0,12 га * 20 теңге)\0,01 га),
         Мұндағы,
         0,12 га – жер учаскеснің алаңы;
         20 – жеке тұлғаларға өзіндік (қосалқы) үй шаруашылығын, бағбандық және саяжай құрылысын жүргізу үшін қора-қопсы салынған жерді қоса алғанда, берілген ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге базалық салық ставкасы;
         Елді мекендердің тұрғын үйге қызмет көрсетуге арналған және тұрғын үй қоры, о.і. ондағы құрылыстар мен ғимараттар орналаспаған жерлеріне жататын жер учаскесінің бір бөлігі үй іргесіндегі жер учкскесі деп есептелінеді.
         Үй іргесіндегі жер учаскелеріне мынадай базалық салық ставкалары бойынша салық салынуға тиіс:
1) Астана, Алматы қалалары немесе облыстық маңызы бар қалалар үшін:
- көлемі 1000 шаршы метрге дейін қоса алғандөқа – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
- көлемі 1000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 6,00 теңге.
         Жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша 5000 шаршы метрден асатын жер учаскелеріне салық ставкалары 1 шаршы метр үшін 1,00 теңгеден 0,20 теңгеге дейін төмендетілуі мүмкін.
         Мысалы, қала тұрғыны 1200 шаршы метр үй іргесіндегі жер учаскесіне жер салығын төмендегіше есептеп төлейді:
         1000*0,20 теңге =200 теңге
         200*6 теңге =1200 теңге
         Сонымен, 1200 шаршы метр үй іргесіндегі жерге азамат 1 жылға 1400 теңге жер салығын төлейді.
2) Басқа елді мекендер үшін:
- көлемі 5000 шаршы метрге дейін қоса алғандөқа – 1 шаршы метр үшін 0,20 теңге;
- көлемі 5000 шаршы метрден асатын алаңға – 1 шаршы метр үшін 1,00 теңге.
         Ал басқа елді мекендегі жеке тұлғалар үй іргесіндегі жерлеріне бұдан біршама төмен салық төлейді, яғни аудандық маңызы бар қала, мысалы, Қазалы қаласының тұрғынының 7000 шаршы метр үй іргесіндегі жері болатын болса, салық төмендегідей есептеледі:
         5000*0,20=1000 теңге
         200*6 теңге=1200 теңге
         Барлығы: 1000+2000=3000 теңге салық төлейді.
         6.2.6. Салық ставкаларын түзету
         Жергілікті өкілді органдар ҚР жер заңдарына сәйкес жүргізілетін жерлерді өңірлерге бөлу жобалары негізінде жер салығының ставкаларын белгіленген жер салығының базалық ставкаларынан 50%-тен аспайтындай етіп төмендетуге немесе жоғарылатуға құқығы бар.
         Мынадай төлеушілер салықты есептеген кезде тиісті ставкаларға 0,1 коэффициенті қолданады:
1) Балалардың сауықтыру мекемелері, мемлекеттік табиғи қорықтар (биосфералық қорықтарды  қоса алғанда), мемлекеттік табиғи резерваттар, мемлекеттік ұлттық табиғат парктері, мемлекеттік зоологиялық парктер, мемлекеттік ботаникалық парктер, мемлекеттік дендрологиялық парктер;
2) Коммерциялық емес ұйымдар;
3) Қызметінің негізгі түрі ормандардың өртке қарсы құрылғысы, өртке қарсы, орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күрес, табиғи биологиялық ресурстарды ұдайы молайту, және ормандардың экологиялық әлеуетін арттыру жөніндегі жұмыстарды орындау болып табылатын мемлекеттік кәсіпорындар;
4) Балықты ұдайы молайту мақсатындағы мемлекеттік кәсіпорындар;
5) әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдар;
6) психоневрологиялық және туберкулез мекемелері жанындағы емдеу -өндірістік кәсіпорындары;
Осы жер салығын төлеушілер жер учаскесін не оның бір бөлігін жалға, өзге де негіздерде пайдалануға беру не коммерциялық мақсаттарда пайдалану кезінде салықты 0,1 коэфицентті қолданбай, жалпы белгіленген тәртіппен есептейді.
6.2.7. Жер салығын есептеу мен төлеу тәртібі   
Жер салығын есептеу әрбір жер учаскесі бойынша жеке салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы жүргізіледі. Жер салығы салық төлеушіге жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдан бастап есептеледі.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.
Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді. Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.
Жыл ішінде жер салығын есептеу мен төлеу бойынша міндеттемелер туындаған кезде салық төлеушілер салық міндеттемелері туындаған күннен бастап 30 күн ішінде салық органдарына табыс етуге тиіс.
Жеке тұлғалар төлеуге жататын жер салығын есептеуді салық органдары тиісті салық ставкалары мен салық базасын негізге ала отырып, 1 тамыздан кешіктірмей жүргізіледі.
Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.
Жер салығын есептеу мен төлеу үшін салық кезеңі болып күнтізбелік жыл табылады.
Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Салық төлеуші салық кезеңінде декларация табыс ету мерзімі басталғаннан кейін 10 күн мерзімнен кешіктірмей біржолата есеп айырысуды жүргізіп, жер салығын төлейді.
ТҮЙІН
Жер салығы – бұл жерді пайдалануға ақы төлеу нысаны. Оның мақсаты – экономикалық әдістермен жерді ұтымды пайдалануды қамтамсыз ету және жерді сақтау, құнарлылығын арттыру, аумақтардың әлеуметтік-мәдени дамуы үшін қажетті шараларды жүзеге асыру үшін бюджетке түсетін табыстарды құрау.
Жер салығының ерекшелігі сол, салық мөлшері жер иеленушілер мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметінің нәтижесіне байланысты болмайды.
Жерге салық салу бонитет балына жүзеге асырылады.
Бонитет балы  - топырақтың табиғи құнарлылығы мен сапасын бағалау, ол жер учаскесінің орналасқан жеріне, сумен қамтамасыз етілуіне, кірме жолдарға қолайлығына байланысты.
Жер салығын белгілеу мен алу үшін негіз болып жер учаскесіне меншік, иелену немесе пайдалану құқығын куәландыратын құжат табылады.
Жер салығы салық салынатын жер учаскесінің алаңына және жер салығының бекітілген ставкаларына сәйкес есептеледі.
Жер салығының ставкалары жергілікті мемлекеттік билік органдарымен түрлі құндылықтардағы аумақтар бойынша сараланатын Салық кодексімен белгіленген орташа ставкаларға сәйкес бекітіледі.
Заңды тұлғалар жер салығы сомаларын салық базасына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес есептейді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша салық олардың осы жер учаскесіндегі үлесіне сәйкес есептеледі.
Заңды тұлғалар салық кезеңі ішінде жер салығы бойынша ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге міндетті. Ағымдағы төлемдерді ағымдағы жылдың 20 ақпанынан, 20 мамырынан, 20 тамызынан және 20 қарашасынан кешіктірілмейтін мерзімдерде төленуге тиіс.
Жер салығын төлеушілер осы салық бойынша декларацияны есеп берілетін жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей салық салу объектілері орналасқан жерлері бойынша салық органдарына табыс етеді.
Жеке тұлғалар бюджетке жер салығын ағымдағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлейді.
Өзіндік жұмыс үшін сұрақтар мен тапсырмалар
 Тест сұрақтары
1.  Жер салығын төлемейтіндерге кімдер жатады:
а) кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар
б) жер салығын төлеушілер
с) діни бірлестіктер
д) резидент-заңды тұлғалар
е) кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын жеке тұлғалар
2.  Жердің қандай санаттары салық салуға жатады:
а) орман қорының жерлері
б) ерекше қорғалатын жерлер
с) су қорының жерлері
д) запастағы жерлер;
е) елді мекенді жерлер
3.  Жерге салық салу қағидалары:
а) жер салығының мөлшері шаруашылық қызметтің нәтижелеріне байланысты
б) жер салығының негізі болып жер учаскесінің нарықтық құны табылады
с) жер салығының негізі болып жер учаскесінің бағалау құны табылады
д) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнана және сумен қамтылуына байланысты
е) жер салығының мөлшері қаржылық нәтижелерге байланысты
4. Жергілікті өкілетті органдарының келесі құқықтары бар:
а) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке төмендетуге
б) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке жоғарлатуға
с) жер салығының базалық ставкаларын 10%-ке төмендетуге немесе жоғарлатуға
д) жер салығының базалық ставкаларын 20%-ке төмендетуге
е) жер салығының базалық ставкаларын 50%-ке төмендетуге немесе жоғарлатуға
5.  ҚР салық заңдарына байланысты жер салығының мөлшерін анықтау:
а) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелді
б) жер учаскесінің сапасына байланысты және шаруашылық қызметінің нәтижесіне тәуелсіз
с) жер учаскесінің орналасқан орнына және сумен қамытылуына байланысты
д) жер учаскесінің бағалану құнына байланысты
е) жер салығының мөлшері жер учаскесінің сапасына, орналасқан орнына және сумен қамтылуына байланысты және шаруашылық қызметтің нәтижесіне тәуелсіз
7. Жер салығынан босатылатындар:
а) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, табиғатты ерекше қорғау жерлері
б) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген , орман қорының жерлері
с) ауыл шаруашылығы мақсатына берілген, су қорының жерлері
д) елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жерлері
е) су қорының жерлерінің құрылыстар, ғимараттар және тағы да басқа объектлер орналасқан жерлері
Есептер
№1
Тасбөгет қыстағы тұрғының 20 сотық жері бар, оның 800 ш.м. тұрғын үй мен жанындағы құрылыстар алып жатыр. 2007 жылға жер салығын есептеңіз?
№2
Ауыл тұрғынының 0,97 га жер учаскесінің 1450 ш.м. тұрғын үй мен маңындағы құрылыстар алып жатыр. Ауыл тұрғынының жер учаскесіне жер салығын есептеңіз?
№3
«Сәбит» ӨК иелігінде жалпы көлемі 190 ш.м. автотұрақ бар. Автотұрақ Қазалы қаласында орналасқан. Осы автотұрақ алып жатқан жерге жер салығын есептеңіз?
№4
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ Қызылорда облысы филиалының меншік құқығында 4000 ш.м. жер учаскесі бар. Жергілікті мәслихат салық мөлшерін 20% көтеруді ұйғарды. Жер салығын есептеңіз?
№5
Тараз қаласы шегінде орналасқан әуежай алып жатқан жер көлемі 200 га. Жергілікті мәслихат салық ставкасын 25%-ке төмендету қарастырылған. Жер салығын есептеңіз?
№6
Кәсіпорынның  пайдалануында жалпы көлемі 400,0 га жер бар, оның 200,0 га - өнеркәсіп, көлік, баіланыс, қорғаныс және басқа ауыл шаруашылығына арналмаған жерлер, бонитет балы 18, 200,0 га – ауыл шаруашылығына арналған жерлер, бонитет балы – 29 (жартылай шөлейт).
Кәсіпорынның пайдалауындағы барлық жерге жер салығының мөлшерін анықтаңыз?

 

 
24.05.2010 03:07