Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154384

Жалдау

17 IAS  Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Жалдау
Бұл нұсқа 2005 жылғы 31 желтоқсанға дейін шығарылған түзетулері енгізілген жаңа IFRS-нан туындайтын түзетулерді қамтиды.

17 IAS  Халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Жалдау
МАҚСАТЫ
1. Осы Стандарттың мақсаты жалдау шарттарына қатысты жалгерлер және жалға берушілердің қолдануы үшін тиісті есеп саясаты мен ақпаратты ашу ережелерін анықтау болып табылады.
ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
2. Осы Стандарт  мыналарды қоспағанда:
(а) пайдалы қазбаларды, мұнайды, табиғи газ және өзге де қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстарына жасалған барлауға немесе пайдалануға жалдау шарттары;
 және
(b) кинофильмдер, бейнежазбалар, пьесалар, қолжазбалар, патенттер мен авторлық құқық сияқты объектілер бойынша лицензиялық келісімдер барлық жалдау түрлерінің есебі үшін қолданылуға тиіс.
Алайда осы Стандарт мыналарды:
(а)  жалгерлердің қарамағындағы және есепке алуда инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген жылжымайтын мүлікті (қараңыз: 40-«Инвестициялық жылжымайтын мүлік» IAS);
(b) жалға берушілердің операциялық жалға беру шарты бойынша инвестициялық  жылжымайтын мүлкін (қараңыз: 40 IAS);
(с)  жалгерлердің қаржылық жалдау шарты бойынша пайдаланылатын активтердің биологиялық объектілерін (қараңыз: 41 «Ауыл шаруашылығы» IAS);
 немесе
(d) жалға берушілер операциялық жалдау шарттары бойынша жалға берген биологиялық активтерді (қараңыз: 41-«Ауыл шаруашылығы» IAS) қоспағанда, бағалау үшін негіз ретінде қолдануға тиым салынады.
3. Осы Стандарт осындай активтерді пайдалану мен қызмет көрсетуге байланысты жалға берушінің маңызды қызметі талап етілуіне қалуына қарамастан активтерді пайдалануына құқық беретін шарттарға қолданылады. Осы Стандарт қызмет көрсетуге келісім-шарттар болып табылатын, шарт бойынша активтерді пайдалануға бір жақтан екінші жаққа пайдалануына бермейтін шарттарға қолданылмайды.
АНЫҚТАМАЛАР
4. Осы Стандартта мынадай терминдер көрсетілген мәндерде пайдаланылады:
Жалдау - жалға беруші жалгерге жалдау ақысына немесе төлемдер тобының орнына келісілген уақыт  ішінде активтерді пайдалану құқығын беретін шарт.
Қаржылық жалдау - актив иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайдаларды елеулі түрде көтеретін шарттар бойынша жалға беру. Қорытындысында құқықтық мәртебе берілуі де, сондай-ақ берілмеуі де мүмкін.
Операциялық жалдау - қаржылық жалдан өзгеше жал.
Мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз жалдау - бұл жалдау шарты бойынша тек мынадай: жағдайларда ғана:
(а)   қандай да бір  ықтималдығы шамалы оқиғаның басталуы жағдайында;
(b) жалға берушінің рұқсатымен;
(с) егер жалгер сол немесе оған барабар активті сол жалға берушімен жалдау туралы жаңа шарт жасайтын болса;
  немесе
(d) жалдауды қабылдаған күні жалгердің төлеген қосымша сомасы оның бұдан әрі  жалғасуына кепіл болған жағдайда, тоқтатылуы мүмкін. 
Жалды қабылдау күні – бұл мынадай күндерден: жалдау шартын жасасу күні немесе жалдаудың негізгі талаптарына қатысты тараптардың міндеттемелерді қабылдау күнінен неғұрлым ертерек жасалатын жалдау. Атап айтқанда мына күнге:
(а) жалдау операциялық немесе қаржылық ретінде жіктелген;
 және
(b) қаржылық жалдау жағдайында жалдау мерзімінің басында танылуға жататын сомалар анықталады.
Жалдау мерзімінің басталу күні жалға алынған активтерді пайдалану мүмкіндігін іске асыру құқығын алған күн болып есептеледі. Бұл – жалдауды бастапқы тану күні (яғни жалдаумен байланысты туындайтын тиісті активтердің,  міндеттемелердің, табыстың немесе шығыстың танылуы).
Жалдау мерзімі - жалгер шартқа сәйкес активті жалдауға алған, қысқартылуға жатпайтын кезең, сондай-ақ, бұл кезеңдер ішінде, егер жалдау мерзімінің басында жалгердің осы құқығын іске асыруға негізді сенімі болса, жалгердің қосымша мынадай ақы төлеумен немесе онсыз активті одан әрі жалдауға құқығы бар кез келген өзге де кезеңдер.
Жалдаудың ең төменгі төлемдері - жалдау мерзімі бойындағы төлемдер, жалға беруші төлейтін және оған өтелетін шартты түрдегі жалдау ақысын, қызмет көрсетулері мен салық төлемдері бойынша сомаларды қоспағанда, олар мына сомалармен бірге жалгерден талап етілуі немесе сұратып алынуы мүмкін:
(а)  жалгер үшін: жалгер немесе жалгермен байланысты тараптың кепілдік берген кез келген сомаларымен;
 не
(b)  жалға беруші үшін: жалға берушіге кепілдік берген кез келген тарату құнымен:
(і)  жалгер;
(іі)  жалгермен байланысты тарап;
 не
(ііі)  осындай кепілдік бойынша қаржыға байланысты міндеттерді орындауға қабілетті, жалгерден  тәуелсіз үшінші тараппен.
Алайда, егер жалгердің осы құқықты іске асыру мүмкін болған кездегі күні, күткендегідей, активті әділ құнынан мейлінше төмен баға бойынша сатып алу құқығы болса, бұл орайда жалдау мерзімі басталғанда бұл құқықты іске асыруға, ал ең төменгі жалдау төлемдері  мерзім ішіндегі төленуге тиісті ең төменгі төлемдерден және осы активті сатып алу құқығын іске асыру үшін қажетті төлемнен тұратынына негізді сенімі болады.
Әділ құн – келісім жасасу барысында  жақсы хабардар, осындай келісімді жасасуға ниет білдірген, бір-бірінен тәуелсіз екі жақтың активті немесе реттелген міндеттемені ауыстыруға болатын сома.
Экономикалық қызметінің мерзімі –  бұл:
(а)  бір немесе одан да көп пайдаланушылардың активті экономикалық пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі;
 не
(b) ұйымның активті пайдалануынан күтетін өндіріс бірліктерінің көлемі немесе осыған ұқсас бірліктер.
Пайдалы қызмет мерзімі – ұйымның активте болатын экономикалық пайда алуды көздейтін жалдау мерзімімен шектелмейтін жалдау мерзімінің басынан қалған, есеп  кезеңі.
Кепілдік берілген жою құны - бұл:
(а)  жалгер үшін: жалгер немесе онымен байланысты тараптың кепілдік берілетін жою құнының бір бөлігі (бұл орайда кепілдік сомасы кез келген жағдайда төленуге тиіс болатын  ең көп сомаға тең);
 және
(b) жалға беруші үшін: кепілдік бойынша қаржы қатынасындағы міндеттемелерді орындауға қабілетті жалгер немесе жалға берушімен байланысы жоқ үшінші тараптың кепілдік беретін жою құнының бір бөлігі.
Кепілдік берілмеген жою құны - жалға алынған активтің жою құнының алуына жалға беруші кепілдік бермеген немесе тек жалдауға берушімен байланысты тарап қана кепілдік берілген бір бөлігі.
Бастапқы тікелей шығындар жалдау шартын дайындауға және жасауға байланысты, мұндай шығынды өндірушілердің немесе дилерлердің атынан жалға берушілер көтерген жағдайды қоспағанда,  қосымша шығындарды білдіреді.
Жалдауға салынатын жалпы инвестициялар:
(а)  жалға беруші қаржылық жалдау кезінде алынатын  ең аз жалдау төлемдерінің,
 және
(b) жалға берушіге тиесілі кез келген кепілдік берілмеген жою құнының жиынтығы.
Жалдауға салынған таза инвестиция жалдау шартында қарастырылған пайыз ставкасы бойынша дисконтталған жалдауға салынған жалпы инвестицияны білдіреді. Алынбаған қаржылай  кіріс – бұл мыналардың:
(а) жалдауға салынған жалпы инвестиция,
  және
(b) жалдауға салынған таза инвестиция арасындағы айырманы білдіреді.
Жалдау туралы шартта түсінілетін пайыз ставкасы – қолданылуы жалдауды қабылдау күнінде (а) ең төмен жалдау төлемдері және (b) кепілдік берілмеген жою құнының жалпы дисконтталған құны (і) жалданған активтің әділ құнына және (іі) жалға берушінің бастапқы тікелей шығындарының сомасына тең болатын жағдайды қамтамасыз ететін дисконт ставкасы.
Заемдық капиталға пайыздың өсу ставкасы – жалгердің бірдей жалдауы бойынша төлеуге міндетті болған пайыз ставкасы, немесе осындайды анықтау мүмкін болмаса, онда жалдауды қабылдау күніне активті сатып алу үшін керекті мөлшерде осындай мерзімге немесе осындай қамтамасыз етілуге алынған заем бойынша жалгер төлеуге міндетті болған ставка.
Шартты жалдау ақысы – белгілі бір сома түрінде белгіленбейтін, бірақ өзгеруі уақыттың өтуімен байланысты емес фактордың болашақ шамасына негізделген жалдау төлемдерінің бір бөлігі (мысалы, сатудың болашақ пайызы, пайдаланудың болашақ  деңгейі, бағалардың болашақ  индексі, пайыздың болашақ нарықтық ставкасы).
5. Жалдау туралы шартқа немесе жалдаудың негізгі талабына қатысты  міндеттемеге ғимарат немесе меншікті жалға алу құнының өзгеруіне, немесе шығын және құнның басқа кейбір бағаларының өзгеруіне, мысалы, жалдауды қабылдау күні және жалдау мерзімінің басталуы арасындағы кезең ішінде жалдауды қаржыландырудағы бағалардың жалпы деңгейі, немесе жалға берушінің шығындары, жалдау төлемдерінің түзетуін қарастыратын ережені қамтуы мүмкін. Мұндай жағдайда осы Стандарттың мақсаты үшін кез келген осындай өзгертулердің салдары жалдауды қабылдау күнінен басталды деп есептеледі.
6.  Жалдауды анықтауға келісілген талаптарды орындағаннан кейін жалдаушыға активті меншігіне алу құқығын беретін ережесі бар активті жалға өткізу шарты кіреді. Бұл шарттар кейде сатып алу құқығы бар жалдау шарты деп аталады.
ЖАЛДАУДЫ ЖІКТЕУ
7. Осы Стандартта қабылданған жалдауды жіктеу жалдауға алған активке меншік құқығына тән тәуекел мен пайданы жалгер мен жалға берушінің қандай дәрежеде мойнына алуына негізделеді. Тәуекелге активтің іркілісі немесе технологиялық жағынан ескіруінен, сондай-ақ өзгеріп тұратын экономикалық жағдайлармен байланысты пайданың ауытқуынан болатын залалдар жатады. Пайда активтің экономикалық қызметінің мерзімі ішіндегі пайдалы жұмыстың және оның құнының артуынан немесе тарату құнынан алынатын пайданың күтілуімен берілуі мүмкін.
8. Жалдау, егер ол иеленумен қатар жүретін айтарлықтай деңгейдегі барлық тәуекелдер мен пайданы көтеретін болса, қаржылық жалдау ретінде жіктеледі. Егер жалдау иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданы айтарлықтай көтеруге әкеліп соқтырмаса,  операциялық ретінде жіктеледі.
9. Жалға беруші мен жалгер арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалдаушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әр түрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалдаушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.
10.  Жалдауды қаржылық ретінде немесе операциялық ретінде жіктеу керек пе деген сұраққа  шарттың нысанына емес, мәміленің мазмұнына байланысты болады деп жауап беріледі(*). Төменде  жеке немесе бірге алынған жағдайлардың әдетте жалдауды қаржылық ретінде жіктеуге себепші болатын мысалдар келтірілген:
(а)  жалдау мерзімінің соңында активті иелену құқығы жалдаушыға көшеді;
(b) жалдаушының жалдау мерзімінің басында осы құқықты іске асыру күні  әділ құннан айтарлықтай төмен бағаға осы активті сатып алуға құқығы бар, ал жалдауды қабылдаған күні бұл құқықтың жүзеге асырылатыны туралы негізделген сенім бар;
(c) егер меншік құқығы мүлдем берілмейтін болса да, жалдау мерзімі активтің экономикалық қызмет көрсету мерзімінің елеулі бөлігін құрайды;
(d) жалдау қабылданған күнгі жалдау төлемдерінің ең төменгі дисконттық құны ең кем дегенде жалға алынған активтің барлық әділ құнының елеулі үлесін құрайды;
  және
(e) жалға алынған активтердің тек жалгер ғана оларды елеулі түрдегі түрлендірусіз пайдалана алатын арнаулы сипаты бар.
11. Жеке немесе құрамдас түрінде қаржылық жалдау ретінде жалдауды жіктеуге себепші бола алатын жағдайлардың индикаторлары мыналар болып табылады:
(а)  жалгер жалдауды тоқтатқан жағдайда, мұнымен байланысты барлық залалдар жалдаушыға жүктеледі;
(b)  таратылған сома  әділ құнның ауытқуынан келетін пайда немесе залалдар жалдаушыға тиесілі (мысалы, жалдау мерзімінің соңында сатудан алынатын түсімдердің үлкен бөлігіне тең жалдау ақысынан жеңілдік нысанында);
 және
(с)  жалдаушыға нарықтық деңгейден айтарлықтай төмен жалдау ақысына жалдауды екінші кезеңге ұзартуға мүмкіндік беріледі.
12. 10-11-параграфтардағы мысалдар және индикаторлар жағдайлардың бәрінде даусыз сипатқа ие болмайды. Егер басқа белгілері негізге ала отырып, осы жалдаумен қатар жүретін барлық тәуекелдерді және пайданы елеулі ауыстыруға әкеліп соқтырмайтыны анық болса, ол операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Мысалы, егер жалдау мерзімінің соңында активті көлемі осы уақыттағы активтің әділ құнына тең болатын белгіленбеген төлемге айырбасталса, немесе шартты жалдау ақысы туралы сөз болып отырғанда, жалдаушы осындай барлық тәуекелдер және пайданың елеулі бөлігін өзіне алмаған жағдайда, бұл орын алуы мүмкін.
13. Жалдауды жіктеу жалдауды қабылдаған кезде жасалады. Егер жалдаушы және жалға беруші уақытқа тәуелсіз жалдауды жаңартуды қоспағанда, 7-12-параграфтардың критейрийлеріне сәйкес жалдауды басқа жіктеуге әкеліп соқтыратындай түрде  жалдау шартын өзгертуге келіссе және өзгертілген шарттар жалдау қабылданғаннан кейін қолданысқа енгізілсе,  онда қайта қаралған шарт оның қолданылу мерзімі бойына жаңа шарт ретінде қаралады. Алайда бағалаудағы өзгерістер (мысалы, қызметтің экономикалық мерзімін немесе жалданған мүліктің жою құнын бағалауды өзгерту) немесе жағдайдың өзгеруі (мысалы, жалгердің шартты орындамауы) есепке алу мақсаттары үшін жалдауды қайта жіктеуге әкеліп соқтырмайды.
14.  Жер учаскелерін және үйлерді жалдау  басқа да активтерді жалдау түріндегі  сияқты операциялық немесе қаржылық ретінде жіктеледі. Алайда, әдетте, жер учаскелері үшін белгілі бір қызмет мерзіміне тән, егер жалдау мерзімінің аяғында  меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе,  иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі бөлігін ол өзіне қабылдамайды, және мұндай жағдайда жерді жалдау операциялық жалдау ретінде жіктеледі. Есепке алғанда операциялық ретінде көрсетілетін активтерді иеленуге немесе жалдау құқығында активтерді сатып алуға кіріскен кезде жүргізілетін төлемдер берілген пайданың түсу графигіне сәйкес жалдау мерзімі бойына амортизацияланатын аванстық жалдау төлемдерін білдіреді.
15. Жер учаскелерін және үйлерді жалдау кезінде  учаскелер мен үйлер  жеке элементтер ретінде қаралады, мұның өзі  жалдауды жіктеу ұғымынан туындаған. Егер осы екі элементке де меншік құқығы жалдау мерзімі аяқталғаннан кейін жалдаушыға көшсе, онда жер де, үй де бір немесе осы екі элементті иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлестерін осы жалдау көтермейтіні туралы куәландыратын басқа белгілері болған жағдайларды қоспағанда, жасалған шарттардың санына қарамастан, қаржылық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.  Жердің экономикалық қызмет мерзімі белгісіз болып табылса, онда бұл элемент, дұрысында, 14-параграфта бұл жөнінде айтылғандай, егер жалдау мерзімінің аяғында оған  меншік құқығын жалдаушыға беру көзделмесе ғана,  операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі.  Басқа жалдау элементі, үй – 7-13-параграфтарға сәйкес қаржылық немесе операциялық жалдау объектісі ретінде жіктеледі. 
16. Бұл жер учаскелерін және үйді жалдауды жіктеу және есепке алу мақсатында қажет болған жағдайда ең аз жалдау төлемдері (кез келген біржолғы аванстық төлемдерді қоса алғанда)  жалдауды қабылдаған кезде жер учаскелері мен үйлердің арасында жерді жалдау элементінде және үйді жалдау элементінде мүдделердің әділ құнының мәндеріне теңбе-тең  қатысты бөлінеді. Егер жалдау төлемдері осы элементтердің арасында сенімді бөлінуі мүмкін болмаса, онда барлық жалдау осы екі элемент те операциялық жалдауды білдіретіні айқын болған және, тиісінше, барлық осы жалдау операциялық ретінде жіктелетін жағдайдан басқа уақытта қаржылық ретінде жіктеледі.
17. 20-параграфқа сәйкес бастапқыда жерді жалдау элементі ретінде танылатын сома жерді және үйді жалдауға қатысты елеусіз болған кезде, жалдауды жіктеу тұрғысынан қарағанда, жер және үй бір тұтас  болып есептелуі және  үй – 7-13-параграфтарға сәйкес қаржылық немесе операциялық жалдау объектісі ретінде жіктелуі мүмкін. Мұндай жағдайда үйдің экономикалық қызмет мерзімі барлық жалданатын активтің экономикалық қызмет мерзіміне теңестіріледі.
18. Жалдаушының жерге, сол сияқты үйге мүдделері 40 IAS сәйкес инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелсе, онда жерді жалдау элементінің және үйлерді жалдау элементінің жеке бағасы талап етілмейді, және әділ құн бойынша есеп моделі пайдаланылады. Егер керісінше жағдайда осы элементтердің біреуін немесе екеуін анық жіктеу мүмкін болмаған жағдайда ғана осындай бағалау үшін жан-жақты есептеу талап етіледі.
19. 40 IAS Халықаралық стандартына сәйкес жалдаушы операциялық жалдауда өзінің меншіктік мүддесін инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктей алады. Егер ол осыны дәл осылай жіктесе, онда бұл меншіктік мүдде есепте қаржылық жалдау сияқты көрсетіледі, бұдан басқа қабылданған активке сәйкес әділ құн бойынша есеп моделі қолданылады. Қандай да бір оқиға жалдаушының меншіктік мүддесі инвестициялық жылжымайтын мүлік ретінде жіктелетіндей деңгейге дейін сипатын өзгертсе де жалдаушы мұндай жалдауды әлі де қаржылық жалдау ретінде есептеуі керек. Бұл, мысалы, егер жалдаушы :
(а) оның әділ құнының пайдалану тәсілі өзгерген күнге тең болатын әрі қарай меншік иесі иеленетін меншіктер санатына өтетін жалға алынған меншікті иеленсе;
  не
(b)  осы мүддені иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер және пайданың қомақты бөлігін байланысты емес үшінші тарапқа ауыстыратын қосалқы жалдауды білдіреді. Осындай қосалқы жалдау үшінші тараппен, ол тараптың мұны операциялық жалдау түрінде қабылдай алатынына қарамастан, жалдаушының есебінде қаржылық жалдау түрінде көрсетіледі.
ЖАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ЖАЛДАУ
Қаржылық жалдау
Бастапқы тану
20.  Жалдау мерзімінің басында жалдаушылар қаржылық жалдауды активтер және өздерінің баланстарындағы жалға алынған меншіктің әділ құнына тең сомадағы міндеттемелер ретінде қабылдаулары тиіс, немесе – бұл сомалар аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконтты құнынан төмен болса, әрбіреуінің шамасы қабылданған жалдауда анықталады. Аз мөлшердегі жалдау төлемдерінің дисконттық құнын есептегенде дисконттаудың мөлшері, егер олар анықталуға берілсе, жалдауға салынған пайыз ставкасы болып табылады, бұлай болмаған жағдайда жалдаушының әрбір заемдық капиталға пайыздың өсім ставкасы пайдаланылуы тиіс. Жалдаушының кез келген бастапқы тікелей шығындары актив танылған сомаға қосылады.
21. Операциялар және басқа да жағдайлар, жай ғана заң нысаны бойынша емес,  олардың мазмұны мен қаржылай нақтылығына сәйкес есептелуге және тапсырылуы тиіс. Жалдаудың заң нысанындағы шарт бойынша жалдаушы жалдаған активке өзіндік құнының заңдық құқығын қабылдамауына  болса да, қаржылық жалдау болған жағдайда шарттың мазмұны және қаржылық нақтылығы экономикалық қызметі мерзімнің үлкен бөлігі аралығында жалданған активті пайдаланудан жалдаушы активті қабылдау күнгі активтің әділ құны және тиісті қаржылық есептеудің экономикалық пайдасына ие болады.
22.  Егер жалдаудың мұндай операциялары жалдаушының балансында көрсетілмесе, қаржылық арақатынасты бұза отырып, экономикалық ресурстар және ұйымның міндеттеме деңгейі төмендейді. Осылайша, жалдаушының бухгалтерлік балансындағы қаржылық жалдау актив ретінде де, болашақ жалдау төлемдерінің міндеттемесі ретінде де қабылдануы тиіс. Болашақ жалдау төлемдеріне қатысты мерзімнің басында актив және міндеттеме, актив танылған сомаға қосылатын жалдаушының кез келген бастапқы тікелей шығынын есептемегенде, баланста бірдей сома болып қабылданады.
23. Жалдау активтерінен шығарылып тасталған сома ретінде міндеттемелерді жалдау активі бойынша қаржы есебінде көрсетпеген жөн. Егер бухгалтерлік баланста міндеттемелерді көрсету үшін қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді міндеттемелердің арасында айырмашылықты көрсетсе, онда осындай айырмашылық жалдау бойынша міндеттемелер үшін жасалу керек.
24. Бастапқы тікелей шығындар көп жағдайларда жалдау келісімдерін жасау және орындау сияқты ерекше жалдау қызметімен байланысты туындайды. Қаржылық жалдаумен байланысты жалдаушы жүзеге асыратын қызметімен тікелей байланысты ретінде анықталған шығындар жалдау активінің құнына кіреді.
Кейінгі бағалау
25. Ең аз жалдау төлемдері қаржы төлемдері және төленбеген міндеттеменің азаюы арасында тіркеліп жазылуы тиіс. Қаржы төлемдері жалдау мерзімі ішінде кезеңдер бойынша, міндеттеменің қалдық сальдосына пайыздың тұрақты мезгіл-мезгіл ставкасы шығарылатындай мөлшерде міндетті түрде бөлінуі тиіс.  Шартты жалдау төлемі олардың пайда болу кезеңдерінде шығыстар ретінде міндетті түрде есептелуі тиіс.
26. Тәжірибеде жалдаушы жалдау мерзімі ішінде қаржы төлемдерін кезеңдерге бөлу барысында есептеулерді оңайлату үшін қандай да бір аппроксимация нысанын қолдануға құқығы бар.
27. Қаржылық жалдау амортизацияланатын активтер үшін амортизациялық шығыстарды және әрбір есеп кезеңі үшін қаржы шығыстарын тудырады. Амортизациялық саясат  амортизациялық жалдау активтері үшін міндетті түрде меншіктегі амортизациялық активке қатысты қолданылуға сәйкес болу керек, амортизацияның танылатын сомасы міндетті түрде 16-«Негізгі құралдар» IAS және 38-«Материалдық емес активтер» IAS Халықаралық стандарттарына сәйкес есептелуі тиіс. Егер жалдаушының жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығына ие болуы негізделген сенімі болмаса, онда актив міндетті түрде  жалдау немесе пайдалы қызметтің ең қысқа екі кезеңінен  толықтай амортизациялануы керек.
28. Жалдаушының меншігіндегі амортизацияланатын активтерге қатысты қабылдаған амортизациялық саясатқа сәйкес жалдау активінің амортизацияланатын сомасы пайдалануға ұсынылатын мерзім ішінде әрбір есептеу кезеңіне бөлінеді. Жалдаушы жалдау мерзімінің аяғында меншік құқығын алатынына негізді сенімділігі болған кезде болжамды пайдалану кезеңі активтердің пайдалы қызмет кезеңі болып табылады; басқаша жағдайда актив екі мерзімнің: жалдау және оның пайдалы қызметінің ең қысқасына амортизацияланады.
29. Кезең ішінде амортизация және қаржы шығыстарына жұмсалған шығыс сомасы кезең ішінде төленуге тиіс жалдау төлемдерінің сомасына сирек теңеледі; сонымен жалдау төлемдерін шығыс ретіндегі төлемге есептеу дұрыс емес. Оған сәйкес жалдау мерзімі басталғаннан кейін шамасы жағынан актив және оған қосымша міндеттеме тең болатыны екіталай.
30. Жалдау активінің құнысыздағанын анықтау үшін ұйым 36-«Активтердің құнсыздануы» IAS  Халықаралық стандартын қолданады.
31. 7-«Қаржы құралдары – ашып көрсету» IFRS Халықаралық стандарттың талаптарын орындауымен қатар жалдаушылар қаржылық жалдау үшін мынадай:
(а) активтердің әрбір класына – есеп күніне таза баланстық құн.
(b) есеп күніне болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасы және олардың дисконтталған құнын салыстырып тексеру. Бұдан басқа, ұйым есеп күніне болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасы және олардың дисконтталған құнын мынадай:
(і) бір жылдан кеш емес;
(іі) бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кеш емес;
(ііі) бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін ашуы тиіс.
(с) есеп кезеңінде шығыс ретінде танылған шартты жалдау төлемін.
(d) күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын.
(е)  жалдаушының келісілген жалдаудың айтарлықтай шарттырының жалпы сипаты мынадай:
(і) шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;
(іі) жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы;
 және
(ііі) жалдау шартында белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауға  қатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ оған шектеу қоймай ақпаратты ашу керек.
32. Бұдан басқа, 16 IAS, 36 IAS, 38 IAS, 40 IAS және 41 IAS Халықаралық стандарттарына сәйкес ақпаратты ашуға тиісті талаптарды қаржы объектілері болып табылатын активтерге қатысты жалдаушылар орындауы тиіс.
Операциялық жалдау
33. Операциялық жалдаудағы жалдау төлемдері жалдау мерзімінің ішінде,  басқа жүйелі негізді пайдаланушының пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, біркелкі бөлінген шығыс ретінде көрінуі тиіс.
34. Операциялық жалдауда жалдау төлемдері (қызмет көрсетуді сақтандыруға кеткен шығындарды қоспағанда), басқа жүйелі негізді қолданушы пайда алатын уақытша кестесін неғұрлым айқын көрсететін жағдайлардан басқа, бұл төлемдер осы негізде жүзеге асырылмаса да, біркелкі бөлінген шығыстар ретінде көрінеді.
35. Жалдаушылар 7 IFRS Халықаралық стандартының талаптарын орындаумен қатар операциялық жалдауға сәйкес мынадай:
(а) операциялық жалдаудың күшін жоймайтын шарттары бойынша болашақ төменгі жалдау төлемдерінің жалпы сомасын мынадай:
(і) бір жылдан кеш емес;
(іі) бір жылдан кейін, бірақ бес жылдан кеш емес;
(ііі) бес жылдан кейінгі кезеңдер үшін.
(b) күшін жоймайтын қосалқы жалдау шарты бойынша есеп күніне алынуы күтілетін қосалқы жалдау бойынша болашақ төменгі төлемдерінің жалпы сомасын;
(с) шартты жалдау төлемдері және қосалқы жалдау бойынша төлемдерінің, сома, төлемдерінің төменгі жалдау төлемдері үшін сомалардың жеке ұсынысымен кезең ішінде шығыс ретінде танылған жалдау және қосалқы жалдау бойынша төлемдер;
(d) жалдаушының келісілген жалдаудың елеулі шарттарының жалпы сипаты мынадай:
(і) шартты жалдау төлемі анықталатын негізді;
(іі) жаңару опциондарының болуы және талаптары немесе құбылмалы бағалардың сатып алынуы;
және
(ііі) жалдау шартымен белгіленген, соның ішінде дивидендтерге, қосымша қарыз және әрі қарайғы жалдауға  қатысты шектеулер туралы ақпаратты қоса алып, бірақ онымен шектелмей,  ақпаратты ашу керек.
ЖАЛҒА БЕРУШІНІҢ ҚАРЖЫ ЕСЕПТІЛІГІНДЕГІ ЖАЛДАУ
Қаржылық жалдау
Бастапқы тану
36. Жалдаушылар қаржылық жалдауда, өздерінің бухгалтерлік баланстағы активтерін қабылдауы тиіс және оларды жалдауға таза инвестициялық сомаға тең дебиторлық қарыз сияқты ұсынуы тиіс.
37. Қаржылық жалдау кезінде  иеленумен қатар жүретін барлық тәуекелдер мен пайданың елеулі үлесін жалдаушы береді, осылайша алынуға тиісті жалдау төлемдері бойынша берешекті жалдаушы негізгі борыш сомасын қайтару және жалдаушының инвестициялары мен қызметі үшін өтемақы және сыйақыға арналған қаржылық табыс ретінде көрсетеді.
38. Бастапқы тікелей шығындар көбінесе жалға берушілерге жатқызылады, оның ішінде өсім сипатындағы және жалдау келісімдерін дайындау мен жасауға тікелей қатысты комиссиялық, заңды және ішкі шығындар. Оларға сату және маркетинг жөніндегі бөлімшелердің шығындары сияқты жалпы үстеме шығындар да жатқызылады. Өндіруші немесе дилер ретінде жалға берушілерге байланысты емес қаржылық жалдау кезінде бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешекті бастапқы бағалауға кіргізіледі және жалдау мерзімі ішінде танылатын табыс сомасын азайтады. Жалдау шартында көрсетілген пайыз ставкасы бастапқы тікелей шығындар қаржылық жалдау бойынша дебиторлық берешекке өзінен-өзі кіретіні айқындалған; оларды бөлек енгізу қажеттілігі жоқ. Жалға берушілер өндіруші немесе дилер ретінде жалдау келісімдерін дайындау мен жасауға тікелей қатысты көтеретін шығындар бастапқы тікелей шығындар анықтамасынан алынып тасталады. Нәтижесінде олар жалға берілетін таза инвестициялардан алынып тасталады және қаржылық жалдау кезінде, дұрысында, жалдау мерзімінің басталуымен сәйкес келетін  сатудан түскен пайданы тану кезінде шығыс ретінде танылады.
Кейінгі бағалау
39. Қаржылық табысты тану жалға берушінің қаржылық жалдауда өтелмеген таза инвестицияға тұрақты кезеңдік норманы көрсететін графикке негізделуге тиіс.
40.  Жалға беруші жалдау мерзімі ішіндегі қаржылық кірісті жүйелі және тиімді негізде бөлуге тырысады. Табысты мұндай бөлу әдетте жалға берушінің қаржылық жалдауға таза төленбеген инвестицияларға пайданың тұрақты кезеңдік нормасын көрсететін схеманы негізге алады. Қызмет көрсетуге жұмсалған шығынды қоспағанда, есептік кезеңге жатқызылған жалдау төлемдері борыштың жалпы сомасы сияқты алынбаған қаржылық табысты азайту үшін жалдауға жалпы инвестициялардан шегеріледі.
41. Жалға берушілердің жалдауға жалпы инвестициялар есептеу кезінде пайдаланылатын кепілдік берілмеген  қалдық құнының есептік мәні тұрақты тексеріліп тұруға тиіс. Егер есептік кепілдік берілмеген жою құны азайтылса, жалдау мерзімі ішіндегі табысты бөлу қайта қаралады және есептелген соманың кез келген азаюы есепте дереу көрсетіледі.
41А. Қаржылық жалдың мәні болып табылатын және 5 IRFS Халықаралық стандартына сәйкес сатуға арналған ретінде жіктелген (немесе сатуға арналған ретінде жіктелген шығу тобына енгізілген) актив аталған Стандартта көзделген тәртіпке сәйкес есепке алуға жатады.
42. Жалға берушілер өндіруші немесе дилер ретінде кезең ішіндегі сатудан түскен пайда мен залалдарды ұйым тікелей сатуға қатысты жүргізетін саясатқа сәйкес тануға тиіс. Егер жасанды жолмен төмендетілген пайыздық ставкалар жарияланса, сатудан түскен пайда міндетті түрде нарықтық пайыздық ставкалар есептеу жағдайында қолданылатын шамамен шектелуге тиіс. Жалға берушілер шартты дайындау және жасауға байланысты өндіруші немесе дилер ретінде шеккен шығындар сатудан түскен пайданы тану сәтіндегі шығыс ретінде танылуы тиіс.
43. Өндірушілер немесе дилерлер жиі ретте клиенттерге активті сатып алу мен жалдау арасындағы таңдауды ұсынады. Жалдаушы ретінде қатысатын өндірушінің немесе дилердің активін қаржылай жалға беру табыстың екі түрінің:
(а)  қолданылатын көтерме немесе сауда жеңілдіктерін көрсететін қалыпты сауда бағасы бойынша жалға өткізілген активті тікелей сатудан түсетін барабар пайдаға немесе залалға барабар пайда немесе залалдың;
 және
(b)  жалдау мерзімі ішінде қаржылай табыстың пайда болуына әкеп соқтырады.
44.  Жалға беруші ретінде қатысатын өндіруші мен дилердің қаржылай жалдау мерзімінің басындағы есепте көрініс табатын сатудан түскен табысы нарықтық пайыздық ставканы қолдана отырып есептелген жалға берушіге тиесілі активтің әділ құнының және ең төменгі жалдау төлемдерінің келтірілген құнының ең аз деңгейі болып табылады. Қаржылық жалдау мерзімі басында танылатын сату құны, егер осы құн кепілдік берілмеген тарату құнының келтірілген құны шегерімінен тыс жалға берілген мүлікті нақты құнынан өзгеше болған жағдайда, нақты құнынан немесе баланс құны болып табылады. Сатудан түскен табыс пен сату құны арасындағы айырма ұйым тікелей сатуға қатысты қолданатын саясатқа сәйкес танылатын сатудан алынған пайда болып табылады.
45.  Жалға беруші рөліндегі өндіруші мен дилер кейде клиентті тарту мақсатында жасанды түрде төмендетілген пайыздық ставканы жариялайды. Мұндай мөлшерді қолдану операциядан түскен жиынтық табыстың артық бөлігі сату уақытында танылады. Егер жасанды түрде төмендетілген пайыздық ставка жарияланатын болса, онда сатудан түскен пайда нарықтық пайыз ставкасын қолдану жағдайында алынатын шамамен шектелуі керек.
46.  Жалға беруші рөлінде өндіруші немесе дилер қаржылай жалдау шартын дайындау және жасаумен байланысты кеткен шығындар, өндіруші немесе дилердің негізінен сауда кірісін алуға қатысты бағытталғандықтан, жалдау мерзімінің басындағы шығыстар ретінде танылады.
47.  Жалға берушілер 7 IFRS Халықаралық стандарты талаптарын орындаумен қатар қосымша ретінде қаржылық жалдауға қатысты қолданылатын мынадай ақпаратты ашуға тиіс:
(а) баланс күнгі жалпы жалға салынған инвестициялар ортақ жалпы сомасы мен ең төменгі жалдау төлемдері бойынша дебиторлық берешектің келтірілген құны арасындағы салыстыруды. Сонымен бірге, кәсіпорын баланс күнгі жалпы жалдауға салынған жалпы инвестицияларды және ең төменгі жалдау төлемдері бойынша келтірілген құнын мына кезеңдердің әрқайсысы үшін:
(і)  бір жылдан кешіктірмей;
(іі)  бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кешіктірмей;
(ііі)  бес жылдан кейін ашуға тиіс.
(b)  алынбаған қаржы  табысы;
(с) жалға берушінің пайдасына жиналып отырған кепілдігі жоқ жою құнын;
(d) төменгі жалдау төлемдері бойынша өтелмейтін қарызды жабуға арналған жинақталған бағалау резерві;
(е) есеп мерзімі ішіндегі кіріс ретінде танылған шартты жалдау ақысы;
(f) жалға берушімен жасасқан жалдаудың негізгі шарттарының жалпы сипаты.
48.  Бұдан басқа, өсу индикаторы ретінде жиі ретте сондай-ақ есеп кезеңінің ішінде тоқтатылған жалдау шарттарының тиісті сомасына кемітілген, есеп кезеңінің ішінде жасалған жаңа келісім-шарттар бойынша алынбаған табысты шегере отырып, жалпы инвестициялардың сомаларын ашу да пайдалы.
Операциялық жалдау
49.  Жалға берушілер нақты активтер сипатына сәйкес операциялық жалдауға берілген активтерді өздерінің бухгалтерлік балансында ұсынуға тиіс.
50.  Операциялық жалдаудан түскен табыс, өзге жүйелі түрде бөлудің пайдаланушының жалдауға өткізілген активтен алынатын пайданың азаюы уақытша кестесін жақсы беруін қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жал мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде табыстар құрамында танылуға тиіс.
51.  Шығындар, оның ішінде жалдау табысын алу кезінде шеккен амортизациялық шығыстар құрамына кіреді. Жалдау табысы (сақтандыру мен қызмет көрсетулер сияқты қызметтер үшін түсім қаражаттарын қоспағанда), тіпті егер төлемдер, өзге жүйелі түрде бөлу активін өткізуден пайда алудың азаюының уақытша кестесін беруді қамтамасыз ету жағдайларын қоспағанда, жалдау мерзімі ішінде тікелей бағыт негізінде шығыстар құрамында танылады.
52.  Операциялық жалдау шарттарын дайындау және жасаумен байланысты жалға берушілердің бастапқы тікелей шығындары жалданған активтің баланстық құнына қосылуы тиіс және жалдау табысы сияқты осындай негізде  жалдау мерзімі ішіндегі шығыстар ретінде танылуы тиіс. 
53. Амортизацияланатын жалға берілген активтер үшін амортизациялық саясат осыған ұқсас активтерге қатысты қолданылатын қарапайым амортизация саясатына сәйкес болуы керек, ал амортизация сомасы 16 IAS  және 38 IAS Халықаралық стандарттарға сәйкес есептелуге тиіс.
54.  Ұйым жалға алынған активтің құнсыздануын анықтау үшін 36 IAS қолданады.
55.  Жалға беруші рөлінде қатысатын өндіруші немесе дилер операциялық жалдау шартын жасау кезінде сатудан түсетін пайданы танымайды, өйткені ол сатудың баламасы болып табылмайды.
56.  7 IFRS Халықаралық стандарттардың талаптарын орындаумен бірге жалға берушілер операциялық жалға қатысты мынадай хабарламаны:
(а)  мерзімінен бұрын тоқтату құқығынсыз операциялық жалдау шарты бойынша болашақ ең төменгі жалдау төлемдері жиынтығында және мына кезеңдердің әрқайсысы үшін жеке-жеке:
(і)  бір жылдан кеш емес;
(іі)  бір жылдан астам, бірақ бес жылдан кеш емес;
(ііі)  бес жылдан кейін ашуға тиіс.
(b)  есеп кезеңіндегі табыстың ретінде танылған жалпы шартты түрдегі жалдау ақысын;
(c) жалға берушінің жасаған жалдау шарттарының елеулі келісімдерінің жалпы сипаттамасын ашуға тиіс.
57.  Сонымен бірге, 16 IAS, 36 IAS, 38 IAS, 40 IAS және 41 IAS Халықаралық стандарттардағы ақпаратты ашуға қатысты талаптар операциялық жалдау шарттары бойынша берілетін активтерге қолданылатын жалдаушылар үшін міндетті.
КЕРІ ЖАЛДАУМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН САТУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ
58. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы сатушының оны кейіннен кері жалдауға ала отырып активті сатуын білдіреді. Жалдау төлемдері мен сату бағасы әдетте өзара байланысты болады, өйткені олар кешенді түрде талқыланады. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларының тәртібі жалдаудың түріне байланысты болады.
59. Егер кері жалдаумен жүргізілетін сату операциясы қаржылық жалдауға әкеп соқтыратын болса, онда сатудан алынатын пайданың баланс құнынан кез келген артуы сатушы-жалдаушының қаржы есептілігінде табыс ретінде дереу көрінісін табуға тиіс. Мұның орнына, бұл арту кейінге қалдырылуға тиіс және жалдау мерзімі ішінде амортизациялауға жатады.
60. Егер кері жалдау қаржылық жалдау болса, мұндай операция жалға берушінің жалдаушыға қаржы қаражаттарын беру тәсілі болып табылады, бұл жағдайда актив қамтамасыз ету рөлін атқарады. Осы себеп бойынша сатудан алынған түсімінің табыстың баланс құнынан артық сомасы деп есептеу дұрыс болмайды. Оның мұндай артуының мерзімі кейінге қалдырылуға және жалдау мерзімінің ішінде амортизациялауға жатқызылады.
61. Егер кері жалдаумен жүргізілген сату операциясы операциялық жалдауға әкеп соқтыратын және шын мәнінде операция әділ құн бойынша жүзеге асырылатын болса, онда туындайтын кез келген пайда немесе залал дереу танылуға тиіс. Егер сату бағасы әділ құннан төмен болса, онда кез келген пайда немесе залал, осы залалға нарықтық бағадан төмен баға бойынша болашақ жалдау төлемдерімен өтем оның жасалатын жағдайларды қоспағанда, мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану көзделетін кезең ішінде жалдау төлемдеріне тепе-тең амортизациялануға тиіс. Егер сату бағасы әділ құнынан жоғары болса, онда бұл артық баға мерзімі кейінге қалдырылуға және активті пайдалану көзделетін кезең ішінде амортизациялануға тиіс.
62. Егер кері жалдау операциялық жалдау, сондай-ақ жалдау төлемдері мен сату бағасы әділ құнды негізге ала отырып белгіленетін болса, онда сатудың қалыпты операциясы орын алады, кез келген пайда мен залал дереу танылады.
63. Операциялық жалдау кезінде, егер оның кері жалдаумен жүргізілетін активті сату операциясын жүзеге асыру кезінде активтің әділ құны оның баланс құнынан төмен болса, онда баланс құны мен әділ құны арасындағы айырмаға тең залал дереу танылуға тиіс.
64. Қаржылық жалдау үшін, құнсыздану болатын жағдайларын қоспағанда, мұндай түзету талап етілмейді, мұндай жағдайларда баланс құны активтердің құнсыздануына қатысты 36 IAS сәйкес өтелетін сомаға дейін кемітіледі.
65. Хабарламаны ашуға қойылатын талаптарды жалдаушылар мен жалға берушілер кері жалдаумен жүргізілетін сату операцияларына бірдей дәрежеде қолданылады. Жалдау шарттарының елеулі келісімдерінің талап етілетін сипаттамасы шарттың, немесе кері жалдаумен жүргізілетін сату шарттарының бірегей немесе әдеттен тыс ережелерін ашуға жеткізеді.
66. Кері жалдаумен жүргізілетін сату операциялары 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартта белгіленген хабарламаны ашу белгілерін әрекетке келтіруі мүмкін.
ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
67.  68-параграфқа сәйкес осы Стандарттың ретроспективті қолданылуы құпталады, бірақ талап етілмейді. Егер Стандарт ретроспективті қолданылмайтын болса, онда бұрынғы кез келген қаржылық жалдау сальдосын жалға беруші тиісінше анықтауы керек және оның бұдан былайғы есебі осы Стандарттың ережелеріне сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
68. Бұрын 17 IAS (1997 ж. редакцияда) пайдаланған ұйым осы Стандартты жалдаудың барлық шарттарына қатысты ретроспективті негізде, не, егер 17 IAS (1997 ж. редакцияда) бұл Стандарттың барлық жалдау шарттарына қатысты келісілген онымен уақытынан бастапқы қолданылуы ретроспективті түрде пайдаланылмаса, енгізіп отырған өзгертулер қолданылуы тиіс.
КҮШІНЕ ЕНУ КҮНІ
69.  Осы Стандарты 2005 жылдың 1 қаңтарынан басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық кезеңдерді  ұйым пайдалануы тиіс. Осы Стандартты мерзімінен бұрын пайдаланған жағдайда  қолдау көрсетіледі. Егер осы Стандартты ұйым 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін қолданса, бұл фактіні ашып көрсетуі тиіс.
IAS 17 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТТЫҢ КҮШІН ЖОЮ (1997 Ж. РЕДАКЦИЯДА)
70. Осы Стандарт 17-«Жалдау» IAS Халықаралық стандарттың орнына пайдаланылады (1997 ж. редакцияда).
___________
 Қазақстанда мемлекеттік тілдегі ХҚЕС-ын тарату құқығы ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорымен жасалған шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне тиесілі. ХҚЕС-на авторлық құқық ХҚЕС жөніндегі Комитет Қорына тиесілі.

 
24.05.2010 03:02