Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

15449

Салық салу түсінігі

Кіріспе. 
Мемлекеттік билік барлық уақытта өз құрамын құрайтын құралдарға мұқтаж болды, алайда оны өзіне тарту тәсілдері халық дамуының деңгейіне және жағдайына байланысты ауысып отыр.
 Бірақ, салықтың нағыз дамуының қайна көзі – еркін қалалар, яғни алғашқы буржуаздық мемлекеттер болды. Дәл сол уақытта салық жүйесінің негізгі пішімі қалыптаса бастады, ол: халыққа қажетті жеке меншік принципіне шек қою түріндегі салық, салықтың өзеріктілігі, ақша түріндегі салық және салықты төлеу үшін мүлікті тартып алуға тиым салынуы, жиналған құралдарға немесе қорларды бөлудегі мемлекеттік бақылау.
 Қаржының екі негізгі бернесі де (функциясы) осы еркін қалаларда қалыптасты:
1. Мемлекеттік билікті, оның барлық  құрамдас атрибуттарымен: басқару аппаратымен, сот, полиция, әскер және тағы басқа жүйелерімен қамтамасыз ету;
2. жалпы мемлекеттік шаруашылық қажеттіліктерді қаржыландыру (коммуналдық шаруашылық, жолдар, байланыс құралдары, одан кейін энергетика, орталық банк, білім, денсаулық сақтандыру жүйесі және тағы басқалары).
Жаңа стратегияның даму барысында әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикада оларға үшінші берне қосылды – табысты орнықтыру, міндетті салымдардың арқасында пайда болған бернелерінің құрылуы және кәсіпорын жүйесінің күштілігі әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырумен көрінеді.
Осылайша, қазіргі кездегі салық жүйесі – ол демократиялық қоғамның өнімі, әлеуметтік нарықтық экономикада құрылған. Бұдан салықты қолданудың негізгі принципі айқындалады – қоғамның дамуына және оның мүдделерін көрсетеді, бірақ қоғамға және оның экономикалық дамуына кедергі болмауы тиіс. Дегенмен, тура осындай әдістеме Тәуелсіз Қазақстанның орнау жотасында осы жылдары өзінің 15 жылдығын тойлап отыр.
Тоталитарлық экономиканы өзгертуге үлкен жұмыстар жасалынған, және қысқа мерзім ішінде қоғамның тез дамуына берік негіз құралған. Өз баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.А.Назарбаев Астанада 2001 жылдың желтоқсан айының 16 жұлдызында Қазақстанның 10 жылдық тәуелсіздігіне арналған мерекелік жиынында айтқандай: «Мемлекет дүниежүзілік нарыққа сай стандарттар алды, соныі арқасында экономиканың мүлде басқа бағытқа ауысуына өз үлесін қосты».
Қазақстан тәуелсіздігінің бірінші жылында-ақ, 1991 жылы, салыққа байланысты жаңа Заң қабылдады. 1995 жылы көп жағдайда нарықтық экономика сұранысының дамуына жауап беретін жаңа Заң қабылданды – Салық Кодексі. Бұл заңды Қазақстан экономикасының өсуіне соңғы 3 жылда елеулі үлес қосты деп белгілеуге болады, себебі ол объективті экономика заідарында құрылды, әлемдік экономика ғылымдарының классиктерімен осы тұжырымдаулар дәлелденген, мысалы Адам Смит.
А.Смитпен шығарылған шарттар мен тезистер салық салудағы сұрақтарында, өзінің күшін қазіргі уақыттағы мемлекеттік политикада ең маңызды, сұрақтарды туғызып отыр. Сайлау қарсаңындағы саяси партия бағдарламаларында және ереуіл қозғалыстарында салық реформалары елеулі орын алып отыр. Қазіргі кездегі Қазақстанда салық – мемлекеттік билік пен қоғам арасындағы негізгі қарама-қайшылық болып табылады. Осы қарама-қайшылықтарды шешуге, едәуір дәрежеде 2002 жылы қаңтардың 1 жұлдызында өз күшіне енген жаңа Салық туралы Заң кқмектеседі.
Дүниежүзілік және меншікті еліктеуге тұрарлық тәжірибе салық проблемаларын шешуге, оны ұйымдастыруға және жүргізуге теңдестіру салық саясаты, экономиканы өрістетуге және қоғамның дәулеттігін жоғарылатуға мүмкіндік туғызады. Сол себепті, оны зерттеу айрықша қызық және Қазақстан Республикасындағы осы күнгі саясат пен экономикалық ахуалды зерттеуде өте құнды болып табылады.
                                                                 Салық салу түсінігі.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 24.04.1995 жылғы Жарлығына сәйкес (01.01.1998 жылы алғашқы және 01.01.2007 жылы соңғы өзгерістері мен толықтыруларын ескергенде) жалпы мемлекеттік салықтарға жататындар:
1) Заңды және жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы;
2) ҚҚС (қосымша құн салығы);
3) Акциздер;
4) Эмиссияны тіркегені үшін Орталық банктің алымы.
Жергілікті салықтар мен алымдарға жататындар:
1) Жер салығы;
2) Заңды және жеке тұлғалардың мүліктеріне салынатын салық;
3) Көлік құралдарына салынатын салық;
4) Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларды тіркегені үшін алым;
5) Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін алым;
6) Аукциондық сатудан алынатын алым.
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден-бір заңды құжаты болып табылады. Салық кодексі салықтардың толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) қаражаттарды айтамыз.
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасының заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл құқық тек қана Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы.

Мүлік  салығын төлеушілер Салық салынатын объектісі Салық мөлшерлемесі Салық кезеңі
Заңды тұлға – резиденттерінің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)

Заңды-тұлға резидент еместердің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) Салық салынатын объектісі: негізгі құралдар (үй-пәтер қорларын қоса алғанда) және материалдық емес активтер болып саналатындар жатады.Заңды және жеке кәсіпкерлердің балансында тұрған объектілердің бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша анықталған орташа жылдық қалдық құны. Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 0,1% алынады; коммерциялық емес ұйымдардан, әлеуметтік сферадан, кітапхана саласымен байланысты қызметтерден; мемлекеттік ғылыми кадрлерді аттестациялаудан;су қоймаларымен шұғылданатын заңды тұлғалардан; мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын ұйымдардан. 

Календарлық жыл
Жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі салық салынатын объектілері Салық салынатын объектісіне, кәсіпкерлердің меншігіндегі және меншігіндегі емес мүліктері жатады:
-үй-пәтер қорлары, сая жайы, гаражы, т.б.
-аяқталмаған құрылыс объектілері.
Жеке тұлға үшін, әр жылдың басына анықталған объектінің құны салық салынатын объектісі болып табылады. Салық салынатын объектінің жылдық орташа құнынан 1% мөлшерінде алынады. 
Жеке тұлғалардың меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы)  Салық мөлшерлемесін, салық салынатын объектісінің құнына қарап, Салық Кодексі белгілейді. 
Әрбір салық төлеуші салықты өздігінше есептейді, бірақ ол кезде салық базасына тиесілі салық мөлшерлемесін пайдаланады. Салықты бюджетке төлеу сол объектілердің тұрған жерлері бойынша жасалынады.
Салық ставкалары жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын  салық, салық салу объектілерінің құнына қарай, мынадай ставкалар бойынша есептеледі:
 
1. 1 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда Салық салу объектілері құнының 0,05 проценті;
2. 1 000 000 теңгеден жоғары -2 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 500 теңге + 1 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 проценті;
3. 2 000 000 теңгеден жоғары – 3 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 1 300 теңге + 2 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,1 проценті;
4. 3 000 000 теңгеден жоғары – 4 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 2 300 теңге + 3 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,15 проценті;
5. 4 000 000 теңгеден жоғары – 5 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 3 800 теңге + 4 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,2 проценті;
6. 5 000 000 теңгеден жоғары – 6 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 5 800 теңге + 5 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,25 проценті;
7. 6 000 000 теңгеден жоғары – 7 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 8 300 теңге + 6 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,3 проценті;
8. 7 000 000 теңгеден жоғары – 8 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 11 300 теңге + 7 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,35 проценті;
9. 8 000 000 теңгеден жоғары – 9 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда  14 800 теңге + 8 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,4 проценті;
10. 9 000 000 теңгеден жоғары – 10 000 000 теңгеге дейін қоса алғанда 18 800 теңге + 9 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,45 проценті;
11. 10 000 000 теңгеден жоғары 23 300 теңге + 10 000 000 теңгеден асатын сомадан 0,5 проценті;
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар (оның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған объектілер( мен материалдық емес активтер салық объектісі болып табылады.
Мыналар салық салу объектісі болып табылмайды:
• Салық Кодексінің 326 және 327 баптарына сәйкес жер салығын салу объектісі болып табылатын жер;
• Салық Кодексінің 346 бабына сәйкес көлік құралдарына салық салу объектісі болып табылатын көлік құралдары;
• Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша консервацияда тұрған негізгі құралдар;
• Жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттік автомобиль жолдары мен оларға салынған жол құрылыстары: бұрылу белдеуі, жолдардың конструкциялық элементтері, көпірлер, өткерме жолдар, тоннельдер, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға арналған құрылыстар мен құрылғылар, су өткізгіш құрылыстар, және тағы басқалары.
• Салық Кодексінің 138-140 баптарында белгіленген тәртіппен инвестициялық жоба шеңберінде пайдалануға жаңадан енгізілетін негізгі құралдар.
• Аяқталмаған құрылыс объектілері, сондай-ақ орнатылмаған жабдықтар мен негізгі құралдардың құрамдас бөліктері.
Заңды тұлғалар салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 1% (пайыз) ставка бойынша мүлік салығын есептейді. Жеке кәсіпкерлер мүлік салығын салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 пайыз ставкасы бойынша мүлік салығын есептейді:
• Діни бірлестіктерді қоспағанда, Салық Кодексінің 120 бабында белгіленеген заңды тұлғалар.
• Негізгі қызмет түрі кітапханалық қызмет көрсету саласындағы жұмыстарды орындау, яғни, қызмет көрсету болып табылатын ұйымдар.
• Ғылыми кадрларды мемлекеттік аттестаттау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындар.
• Мемлекеттік меншікке жататын және мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыландырылатын су қоймаларының, су тораптарының және табиғат қорғау мақсатындағы басқа да су шаруашылығы құрылыстарының объектілері бойынша заңды тұлғалар.
• Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер – заңды тұлғалардың және шаруа қожалықтарының жерін суару үшін пайдаланылатын су мелиорациялық құрылыс объектілері бойынша заңды тұлғалар.
Оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық салу объектілерінің орташа жылдық құнына 0,5 пайыз ставка бойынша есептейді.
Салық төлеушілер салықты есептеуді салық базасына тиісті салық ставкаларын қолдану арқылы дербес жүргізеді.
Ортақ үлестік меншіктегі салық салу объектілері бойынша мүлік салығы әрбір салық төлеушінің мүлік құнындағы оның үлесіне барабар есептелінеді. Салық төлеушілер салық кезеңі ішінде мүлік салығы бойынша, ағымдағы төлемдерді төлеуге міндетті, олар салық кезеңінің басындағы бухгалтерлік есеп деректері бойынша белгіленген салық салу объектілерінің баланстық құнына тиісті салық ставкасын қолдану арқылы анықталады.
Бюджетке салық төлеу салық салу объектілерінің орналасқан жері бойынша жүргізіледі. Салықтың ағымдағы төлемдерінің сомаларын салық төлеуші салық кезеңіндегі 20 ақпаннан, 20 мамырдан, 20 тамыздан және 20 қарашадан кешіктірмей тең үлестермен енгізеді. Салық төлеушінің құрылу күнінен (салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға беру күнінен) кейінгі кезекте мерзім Салық Кодексінің 351 бабы 4-тармағында аталған жаңадан құрылған салық төлеушілер мен заңды тұлғалар бойынша ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Ағымдағы төлемдерді төлеудің соңғы мерзімінен кейін салық салу объектілерін пайдалануға немесе жалға берген кезінде салық сомасын ағымдағы салық кезеңі үшін осы баптың 8-тармағында көзделген мерзімдерде төлейді.
Салық кезеңі ішінде сатып алынған салық салу объектілері бойынша мүлік салығының ағымдағы төлемдері салық салу объектісін сатып алу кезіндегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталады. Ағымдағы төлемдер сомасы тең үлестермен салық салу объектілерін сатып алған күннен кейінгі кезекті мерзім ағымдағы төлемдерді төлеудің бірінші мерзімі болып табылады. Салық кезеңі ішінде шығып қалған салық салу объектілері бойынша ағымдағы төлемдер шығып қалған салық салу объектілерінің шығып қалған кездегі салық базасына салық ставкасын қолдану арқылы анықталатын салық сомасына азайтылады. Азайтылуға тиіс салық сомасы салық төлеудің қалған мерзімдеріне тең үлестермен бөлінеді. Салық төлеуші салық кезеңі ішінде декларацияны табыс ету мерзімі басталғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей мерзімде түпкілікті есеп айырысуды жүргізеді және мүлік салығын төлейді.

Қорытынды.
Салық жүйесі – бұл мемлекеттің құрылуындағы басты элемент, оның өмірлік іс-әрекетімен қамтамасыз ету салық жүйесінің рөлі демократиялық қоғамда нарықтық қатынастардың дамуында қатты өседі.
Қазақстан өзіндік меншік құқығын одан нарық қатынасы туындайтын конституциялық шешімді мойындады. Қазақстанда нарық қатынастары қоғам өміріне тығыз кірді және жылдан жылға өзінің аяқталған түрін тауып отыр. Сол себепті, аз уақыт арасында, не бары өзінің тәуелсіз өміріндегі 10 жыл ішінде Қазақстан үшінші рет салық салу туралы Заңды қабылдап отыр, оның құрамын үнемі жетілдіріп, экономика шарттарының ұдайы өзгеріп отыруындағы икемдеуіне байланысты Заң баптарын ауыстырып отыр.
Әрине, Салық Кодексін мүлде жақсы деп айтуға болмайды, алайда  1995 жылғы Кодекспен немесе Салық Заңнамасымен салыстырғанда бір қадам алға шықтық, басқа мемлекеттерге үлгі болып отырмыз деуге болады. Салықтың кейбір баптары ретке келтірілген, мұндай мысалға салық тәртібіндегі потент негіздерімен жұмысты қарастырсақ болады. Егер бұрын кәсіпкерлік қызметке потентті сатып алып, жұмысқа 10 жұмыскерге дейін қабылдаса, іс-жүзіндегі әрекеті шағын кәсіпорын тәртібінде болса, бірақ, анағұрлым аз салық төлеп отырған. Ал қазіргі кезде потентпен жұмыс істегенде жұмысшыларды жалдауға тиым салынған, әрине сөзсіз әділетті себепші болуға және кәсіпкерден толық салықты жинап алуға мүмкіндік туғызады. Осы алдыңғы Заңға қарағанда кемшіліктерін жояды.
Дүние жүзінде жалпыға бірдей мәселе салықты кем төлеу негіз болып отыр, бұл мемлекет дамуында әрине жалпы қоғамға да жағымсыз әсер етеді. Кейбір бағалауларға қарағанда, дүние жүзінде орташа салық салудан 25% дейін салық ұсталып отыр, ал Қазақстанда 45% дейін. Әрине, әр мемлекет өз билігінде салық бөлімшелеріне ие, олар салық түсімінің толықтай жиналауына жұмыс істеуді.
Әртүрлі мемлекеттерде егестік жағдайы белгілі, мысалы, салық салудан әйгілі адамдардың кірістерін жасыруына байланысты ұсталынған. Бұған атақты итальян теноры Л.Паваротти және атақты Голливуд киноактері Д.Траволта, Америка Құрама Штат алдында 600000 доллардан жоғары сомасында бересілі болып тұр. Дегенмен, бір ғана тыңшылық (сыск) органдарының қызметі салық жинау жұмысында жеткіліксіз.
Салық салу проблемаларын шешуге және салықтарды жинауға кешендік әдістеме қажет.
Менің ойымша, алдымен, әбден салық заңнамасындағы баптардың дұрыстығын реттеу қажет, соның арқасында жоғары дәрежеде қандай-да бір кірісті салық жүйесі  алдында салықты жасырудың қажеті болмайды. Ол үшін салық салу және салық мәселесін терең ғылыми зерттеу керек, салық түсімінің талдауы, Қазақстанда және өзге де мемлекеттерде жоғары деңгейде болуы тиіс. Менің ойымша, біз үшін аса ғибратты, Америка Құрама Штатының  тәжірибесінің зерттелуі үлгі болып отыр, өткен 100 жылдықтың 80 жылдарында салық реформаларының жүргізілуі, соның нәтижесінде Америка Құрама Штат  экономикасы 10 жыл аралығында елеулі жоғары темптерімен нығая берді, сонымен бірге Америка Құрама Штаттарының жалпы ішкі өнім көлемі дүние жүзіндегі ең жоғары деп есептелінеді. Сондай-ақ, қоғамның салық төлеуі тек қана парыз емес ал, әр адамның борышы екенін маңыздана білгеніміз қажет. Расында да, салықты төлеп біз, мемлекетті қаржыландырамыз, ал ол бізге ыңғайлы өмір сүру үшін жағдайлар жасайды, мысалға тысқы шекараны қорғау, бұқаралық қылмыспен күрес және бізге моральдық, адамгершіліктік, өте білімді және тағы басқа адам болуға мүмкіндік береді.
Информатика саласында жаңа технологиялардың дамуы күмәнсіз салық аймағында мемлекет қызметінің жақсаруына үлесін қосады.
Көлік құралына салық салу практикалық тәжірибесі бар, парк транспортының толық тізімдемесі бар және онда максималды салық жиналуы көрінеді. Бұл оның үлкен көлемді мүмкіндіктерін субъект пен объектті толық ақпараттандыру салық салудағы мемлекеттік жабдық моделінің толық кемшіліксіздік жолында екендігін аңғартып тұр.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (ҰбҰ-Ұ¬TЛTЫ ҰҰTГҰҰҰҰTБҰ¬.zip)Салық салу түсінігі.17 Kb
 
23.10.2009 16:39