Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155407

Шағын бизнес

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ.

1.1 Шағын бизнестің экономикадағ мәні, ролі

1.2 Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық формалары

1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері..

2. ҚР-ң 2007-2009ж аралығындағы шағын кәсіпкерлікті талдау негіздер

2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері

2.2 ҚР-ң 2007-2009 ж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау

2.3 ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау 3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ.

3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері

3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Сонымен қатар шағын бизнес экономиканы жетілдіруде септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды Шағын кәсіпорын тек белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында ғана емес, сол сияқты кейбір бөлек узелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы” жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі танда еліміздегі шағын бизнесті дамыту жолындағы кедергілер жойылып келетіндігі туралы жаздым. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы –қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі.Осындай кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді. Шағын кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рол атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ

1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы мәні, ролі Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген: “Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”. “Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді. Буржуазиялық саяси экономикада “кәсіпкерлік” түсінігі ХҮІІІ ғасырда пайда болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Несиенің дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХҮІІІ ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады. Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді. К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады. Отызыншы жылдардың өзінде американдық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз, меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынды: 1.Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау. Мұндай компанияда меншік пен басқару бір адамның қол астына шоғырланады. 2. Көпшілік акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға меншік үлесі 51% болады, алайда ірі компанияларда бұл сирек кездесетін жағдай. 3. Бірлесіп бағыну тетігі арқылы бақылау. Көпшілік акцияларға бір корпорация иелік ету пирамида көрінісін алады да, өз кезегінде басқа компаниялар акциясының бақылау пакетіне ие болу, соңғысына да бақылау жасау мүмкін болады, мұндай жайлар бірнеше рет қайталануы ықтимал. 4. Акцияның өз бөлігіне бақылау. Бақылаудың бұл түрін жеке адам немесе азын – аулақ топ корпорацияда өктемдік жүргізетін жеткілікті акция процентіне иелік етеді. 5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бір адамның меншігі көзге ілінгісіз жағдайда орын алады. Мұндай жағдайда менеджмент меншіктегі үлесі аз болса да қысым көрсете алатын күшке айналады. А.Берли мен М.Минз өз қорытындыларында мынаған сүйенеді. Бақылаусыз байлыққа меншік, меншік иелігінсіз байлыққа бақылау жасаумен пара – пар, корпоративті дамудың логикалық нәтижесі болып табылады. Сонымен, меншік пен кәсіпкерлік арасында қатты бағыныштылық болмағанымен кәсіпкерлікті дамытудың шарттары туралы сұрақ туындайды. Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі, субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы керек. Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жай тапсырма бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек. Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұнын өзі экономиканың қажетті рыноктың құрылымын орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан – жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік – экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім –кімге де түсінікті. Олар бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз, қозғаушы күші бәсекесіз олар дами алмайды. Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының нәтижесі. Қазіргі әлемде дәрежесі мен сипаты бойынша әр қилы өндіргіш күштердің, таңғажайып қабысуын байқауға болады. Қоғамдық, жалпы мемлекеттік мақсатқа пайдаланатын өндіргіш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық және жеке дара мақсатта қолданатын өндіргіш күштер де бар. Осыған сәйкес меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары даму алады. Осының негізінде аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектілі нақты экономикалық қатынастар орын алды. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес.

1.2. Шағын кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары.

Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін көрсетеді. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады, сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар: - мемлекеттік кәсіпорын; - серіктестік: толық жауапкершілікпен; аралас жауапкершілікпен; шектеулі жауапкершілікпен; - акционерлік қоғам (ашық типі, жабық типі). Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды статусын бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін, екінші жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл бойы қалыптасу кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін жәй емес. Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам. Қалғандары жалдамалы қызметкерлер. Толық серіктестік – жеке адам және заңды тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұнын мәні мынада: егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса, белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай, зергерлік бұйымдар тағы басқа бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық серіктестіктерді заңды тұлғалар құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет ету жөніндегі келісім осындай серіктестікті құрудың негізгі деп қарауға болады. Мұндай жағдайда серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі болмайды. Аралас серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл мүліктермен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командиттер деп аталады. Оқырмандардың көпшілігіне тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі аттар «Джонсон – Джонсон» және «М.Иванов балалары және КО» тағы басқа. Міне командитті серіктестік деген осылар. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және ел өкілеттік қызмет атқарады. Командиттік серіктестікке салық тұрғысынан қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп жауапкершілікті шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп болмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік алдын ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелерін орындау жауапкершілігі жоқ, тез өз үлестерінің мөлшерінде тәуекелділік жасайды. Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында өзара берік байланыс бар. Осы себептермен ол семьялық кәсіпорындар ұйымдастыруға тырысады. Кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес, қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Алайда біздің кооперативтер ең алдымен өндірістік, қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада өрістеп отыр. Кооперативтік кәсіпкерлік формаға тән жағдай, оның мүшелерінің сол кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер. Көпшілік елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде кооперативтердің салыстырмалы түрде үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген себептері бар, ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді, инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады. Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқылық формадағы мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады. Басқаша айтқанда, мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр. Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік қоғам формасында да құрылуы мүмкін

1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері Дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99 процентке дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 процентке жуығын ондіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі − ғылыми-техникалық прогркстің негізгі бір қозғаушы күшіне айналған. Германияда шағын кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші – істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден – шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорында қаржыландыру мәслесесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады. Елдегі шағын және орты бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден - барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 75 пайызын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлімен анықталады. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде: 1) Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау; 2) технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру. Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады. Германияның федералды үкіметі қаржыландыру шараларды іс жүзінде асырып отыр. Олар – шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты бірнеше рет қайта қаралған – картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство (бізше монополияға қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды. Шағын бизнеске қаржылық қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі - мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілетін болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады. Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар: 1) амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары; 2) пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау; 3) салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер. Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға қолданылып, жаңа жұмыс орнын аушаға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептеп шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 пайызы амортизацияланады, екінші жылы 30 пайызды және үшінші жылы - 20 пайыз. Қаржылық жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер – шағын бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Сондай-ақ өзінің бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын «европалық калпына келтіру бағрламасы» шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді. Қазіргі кезде бизнестің бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары, «Кредитанштальт фюр Видерауфбау» (Майндағы Франкфурт), «Дойче аусглейхсбанк» (Бонн) және «Берлинер индустрибанк» (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиплер тікелей емес, ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар шағын фирмалар федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономикалық аймақтық құрылымын жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді. Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл ішінде 750 млн маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырады. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007-2009 Ж АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ

2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері Көп жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық деп танылатын кәсіпкерлер қызметіндегі тәртіп бұзушылықтардың басым көпшілігін бақылау қадағалау жөнінен көптеген негізгі функциялар берілген мемлекеттік органдардың тексеру жүргізулері арқылы анықталып жатады. Осы орайда: - тексеру, бақылау және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар ,түрлі нормативтік құқықтық нормалар, түрлі нормативтік құқықтық келісімдерде қарастырылған және осы мәселе бойынша бірегей заң актісін қабылдау; -заң актілерінде (Кеден, салық, әкімшілік кодекстері) кейбір мемлекеттік органдардың мәртебесін айқындайтын заңдар және тағы басқа шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін тексеруге ерекше қатынастар көзделмеген, сондықтан мемлекеттік органдар қызметінің көлеміне қарамастан, кәсіпкерлерге бірдей көзқараспен қарау; -тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша рәсімдерді нақты бірыңғай суреттеу әдістерін белгілеуді ұйымдастыру. Түрлі мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі жіктемесін қолданады; -шағын кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынатын айыппұлдарды нақты анықтау. -кәсіпкерлік субьектісі қызметінде төтенше жағдай және тағы басқа туындаған ретте осы обьектіде тексеру. Қазақстан Республикасының « Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда шағын кәсіпкерлік субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік үшін де бірдей етіп белгіленген. Одан қалса айыппұлдардың жоғары қойылымдары шағын кәсіпкерлік субьектілеріне заңға сәйкес айыппұл төлеуді немесе одан азырақ пара беріп құтылып кетуді таңдауға итермелейді. Лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің бастамасының өсуіне кедергі келтіреді. Осылайша негізгі әкімшілік тосқауылдар ауыртпалығы болып табылады. -кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда қолданылмайтын заңға баіынышты келісімдердің саны едәуір; -мемлекеттік органдар уәкілеттік еткен және мемлекеттік функциялар берілген көптеген мемлекеттік кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар жұмыс істеуде; -керексіз статистикалық және салық есебін жүргізу; -кейбір мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкіметтерін қысқартуға дайын еместігі. -көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне олардың қызметін қолдау үшін « жалғыз терезе» қағидаты бойынша тіркеу және қайта тіркеу жағдайлары жасалған. Франциядағы сияқты қазақстанда да тіркеу процесі жиырма төрт сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар он күннің ішінде « бір терезе» қағидаты бойынша тіркеледі, бұл жүйені бизнес қауымдастық та қолдауда. Кәсіпорындар Қазақстанда коммерциялық және коммерциялық емес бастаулардың қосылуы да жұмыс істейді. Мемлекет кәсіпорындары олардың дербестігінің сипатына қарай үш топқа бөлінеді: -бюджеттік; -қоғамдық; -аралас акционерлік қоғамдар. Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорындарға мына кәсіпорындар жатады: -Мемлекеттік шаруашылық жүргізуге құқы бар, толық шаруашылық есепке негізделген қорғаныс зауыттары, дәрі- дәрмек дайындау т.б. -Қазыналық, жедел басқаруға құқы бар, толық емес шаруашылық есепке негізделген. Мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі ұлттық экономиканың барлық және мемлекеттің әлеуетінің дамуына әсер етеді. Мемлекеттік бюджетті айтарлықтай толықтыруға өтпелі экономиканың тұрақсыздығын тұрақтандыруға жол ашатын қызметтің сыртқы экономикалық саласында таралады.

2.2 ҚР- ның 2007- 2009 жж шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау Шағын кәсіпкерлік республика экономикасында, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында үлкен орын алады. Бүгінгі таңда ол айтарлықтай мықты экономикалық және саяси күшке ие. Шағын кәсіпкерлік, нарықты тауарлармен және қызметтермен жабдықтауға, дұрыс бәсекенің өсуіне көмектесе отырып, экономиканың жақсы дамуының индикаторларының бірі болып табылады. Оның кейінгі бірнеше жылдағы динамикасы, бұл сектордың бастапқы кезеңінен даму кезеңіне көшкендігін көрсетіп отыр. Қазақстандағы қызмет ететін шағын бизнес субъектілерінің жалпы саны 2008 жылғы 1 қаңтарына 744,6 мың бірлікке жетті, оның ішінде заңды тұлғалардың (ұйымдардың) үлесіне 16,2%, жеке кәсіпкерлікке – 61,1%, шаруа (фермерлік) қожалықтарға - 22,7% келеді. Олардың шығарған өнімінің жалпы көлемі 2007 жылға, есептік мәліметтер бойынша 2001,7 млрд. тенгені құрады, яғнп ол алдыңғы жылдың мәліметтерімен салыстырғанда 30,7% өсті. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің 2009 жылғы 1 қаңтарының мәліметтері бойынша республикада шағын кәсіпкерліктің 845 737 субъектісі тіркелген, бұл 2007 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15% көп, мұның қызмет ететіні 76% немесе 639 185 бірлігін құрайды. Тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы санынан заңды тұлғалар 172 277 бірлік құрайды, оның қызмет ететіні 114 850 бірлік, жеке – 673 460 бірлік, оның ішінде қызмет ететіні – 524 335 бірлік. Тіркелген жеке кәсіпкерлер саны 476601 бірлікті құрады, оның ішінде қызмет ететіні – 363016 адам. Республикада 190859 бірлік шаруа қожалықтары тіркелген, оның қызмет етеіні – 161 319. Шағын бизнес сферасындағы қызметкерлер саны 1 653 482 адамды құрайды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% көп. Қызмет ететін заңды тұлғалар 553 731 адамды (33%), жеке кәсіпкерлер – 682420 адамды (41%); шаруа қожалықтарындағы қызмет ететіндер – 417 331 адамды (25%) құрады. Сауда саласында жоғары кәсіпкерлік белсенділік байқалып отыр, барлығы 554 630 адам қызмет ететін 342 235 субъект тіркелген. Құрылыста барлығы 118307 адам қызмет ететін 32021 субъект тіркелген, тұтынушыларға қызмет көрсету, жалға алу және жылжымайтын мүлік операциялары бойынша -121354 адам жұмыс істейтін 53367 субъект тіркелген. Өнеркәсіп қызметінде 98272 адам жұмыс істейтін 27499 субъект тіркелген. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімді шығаруы 2008 жылға 1532863903,8 мың тенгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 24,2% көп, оның ішінде құрылыс саласында–259206357,9 (17 %), жеке қолданыстағы заттардың және көлік жөндеу бойынша сауда саласында 387592173,6(25,4 %), өнеркәсіпте – 187368849,5 (12,3 %), кәсіпорындарға қызмет көрсету, жалға алу және жылжымайтын мүлік операциялары бойынша 181134699,2 (11,9%) құрады. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі шағын бизнестің (шағын бизнес және үй шаруашылығының) үлесі 2008 жылы 30,9%-ды құрады. Салық Комитетінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін түсімдер 2008 жылдың бірінші жарты жылдығына 179770373 мың тенгені құрады. Тіркелген заңды тұлғалардың ішінен ең көбі Алматы қаласында – 60879 (35 %), Астана қаласында - 17047 (10 %), Оңтүстік Қазақстан облысында – 15068 (9 %), Шығыс Қазақстан облысында – 10668 (6 %) белгіленген. Шағын бизнес саласындағы ең көп жұмысшылар саны Оңтүстік Қазақстан облысы – 237083 адам немесе шағын бизнестегі жалпы жұмысшылар санының 15 %, Алматы қаласында – 216303 адам (13 %), Алматы облысында - 178874 адам (10 %). Ең аз саны Қызылорда облысында – 40785 адамды (3 %) құрады. 2009 жылға Шығыс Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік 61,3 мыңнан астам қызмет ететін шаруашылық субъектілерімен көрінеді, оның ішінде үлесіне 12,9% келетін кәсіпорындарды (заңды тұлғалар), жеке кәсіпкерлікті (59,6%) және шаруа (фермер) қожалықтарын (27,5%) қоса алғанда. Жалпы облыстағы шағын бизнесте, республиканың шағын кәсіпкерлігінде қызмет ететін жалпы жұмысшылар санының 8,4% немесе 154,2 мың адамға жуық қызмет етеді. Шағын бизнес кәсіпорындары. 2009 жылдың 1 қаңтарына облыста шағын бизнестің 11232 кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылдың осы күнімен салыстырғанда 5,3% көп. Тіркелгендерден 70,3% (7891) кәсіпорын қызмет ететін болып табылған, яғни олар экономикалық қызметті жүзеге асырған немесе жүзеге асыра алған, олардың ішінде 65,6% - белсенді, 4,4% - әлі қызметін бастамаған, жаңа, ал 30,0% - уақытша тұруда болған. Облыстың шағын бизнесінің үлесіне республиканың 6,6% қызмет ететін және 9,3% белсенді кәсіпорындары келген. Қызмет ететін кәсіпорындар саны бойынша облыс, республикада кему шкаласы бойынша Алматы, Астана қалаларынан, Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан кейінгі бесінші орында болды. Белсенді кәсіпорындар саны бойынша Шығыс Қазақстан Алматы (үлес салмағы 25,1%) және Астана (10,5%) қалаларынан кейінгі үшінші орында болды. Аяқталған жылдың кезеңі бойы шағын кәсіпкерліктің қызмет етіп түрған кәсіпорындар саны 3,0%, ал тіркелген кәсіпорындар саны 5,3% өсті. Белсенді, яғни өнімді шығаратын және қызмет көрсететін кәсіпорындар саны талданатын кезеңде 37,3% (1406 бірлікке) өсті [1-сурет]. Сол уақытта облыста тіркелген кәсіпорындардың үштен бір бөлігіне жуығы - 3341 (29,7%) әрекет етпейді, оның ішінде 3,2% ликвидация процесінде, 96,8% хабар жоқ. Қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың көп бөлігі - 3639 (жалпы көлемнен 46,1%) саудаға, көлік жөндеуге, жеке қолдану заттарына бағытталған, 1185 (15,0%) – құрылыспен шұғылданған, 1084 (13,7%) – тұтынушыларға қызмет көрсету, жал және жылжымайтын мүлік операцияларымен, 740 (9,4%) - өңдеу өнеркәсібінде қызмет еткен. Қызмет етіп тұрған кәсіпорындардың өсуі құрылыста (157 кәсіпорынға), сауда саласында (166 кәсіпорынға), тұтынушыларға қызмет көрсету, жал және жылжымайтын мүлік операцияларында (58 кәсіпорынға) байқалды.

2.3 ҚР-да шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін талдау Қазақстанда 1 шілдеде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий аяқталды Еске сала кетейік, 17 ақпанда өткен үкіметтің отырысында Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруге мораторий жарияланды. Үкіметтің қаулысына сәйкес, орталық және жергілікті атқарушы органдар 2009 жылғы 17 ақпан 2009 жылғы 1 шілде аралығында салық төлеушінің өтініші оларды жүргізу үшін негіз болатын салық тексерістерін, ыңғайласпа салық тексерістері мен хронометраждық зерттеулерді, қылмыстық әрекеттердің жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргізілетін тексерістерді, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалы, жер қойнауын пайдалану туралы, ветеринария саласындағы заңнама нормаларын бұзуға бағытталған іс-әрекеттерді болдырмау үшін жүргізілетін тексерістерді, Астана, Алматы қалаларының және облыстық маңызы бар қалалардың маңынан берілген жер мәселелері, қызметкерлерге айлық табыстарын уақтылы және толық төлеу, қызметкерлердің санын немесе штатын қысқарту заңдылығы мәніне, еңбек көші-қоны мәселелері бойынша тексерістерді қоспағанда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тексеруді тоқтатты. Астана. 21 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Есеп комитетінің бағалауынша Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы тиімсіз іске асырылған, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері сан жағынан жақсарғанына қарамастан, Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі жеделдету шараларының 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы өзінің күтілген нәтижелеріне жеткен жоқ. Есеп комитеті бағдарламаның тиімсіз іске асырылуын бағдарламаны іске асыруға жауапты қатысушылардың көптігімен байланыстырады. Сондай-ақ, олардың жұмыстары үйлестіріліп жүргізілмегенін әрі жауаптылық деңгейі төмен болғанын атап өткен жөн. Бағдарламаны Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі әзірлеп, Индустрия және сауда министрлігі іске асырған. Іс жүзінде, оның операторы бюджет қаражатын алушы "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі - Қор) болды. Индустрия және сауда министрлігі тарапынан тиісті ішкі қаржылық бақылаудың болмауына байланысты Қор шағын кәсіпкерлікті қолдаудың орнына іс жүзінде банк жүйесінің ресурстық базасына әрі банк қызметінің тәуекелін төмендететін органға айналды. Сөйтіп, республикалық бюджеттен бағдарламаны іске асыруға деп бөлінген 30 млрд. теңгенің тек 11,6 млрд. теңгесі немесе қаржыландыру көлемінің 40%-ы ғана шағын және орта бизнестің қолына тиген. Осылайша, 6 млрд. теңгеден астам қаржы тиімсіз жұмсалып, республикалық бюджет Қор басшыларының кінәсінен 3,5 млрд. теңгеге зиян шекті. Сонымен қатар, Қор бағдарламаға бөлінген қаражат есебінен екінші деңгейдегі банктердің және түрлі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын сатып алған. Бюджет қаражатын екінші деңгейдегі банктердің депозиттеріне де салып отырған. Осы ретте шағын кредит берудің тиімді жүйесін құру, шағын және орта бизнес субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің кредиттеріне кепілдік беру сияқты іс-шаралар орындалмаған. Есеп комитеті Үкіметке мемлекет пен кәсіпкерлік субъектілері арасындағы өзара қарым-қатынастардың жаңа идеологиясын қалыптастыруды аяқтауды ұсынды. "Даму" шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамтамасыз ету, оның әлеуметтік проблемаларын шешу және еңбекке деген ынталығын дамыту, тұтыну нарығын мол ассортиментті товарлармен және қызмет етумен толтыру. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері Қазақстан азаматтарының кәсіпкерлікпен айналысуына қолайлы құқықтық және экономикалық жағдайлар жасау мақсатымен мынадай шаралар көзделген: - жеке адамның және семьялық кәсіпкерліктерін, шаруашылық қожалықтарының істеріне мемлекет ұйымдарының заңсыз араласпауына кепілдік беретін заңдармен қамтамасыз ету; - шағын бизнес субъекттерін мемлекеттік тіркеудің жеңіл тәртібін енгізу. Бұл тіркеудің мерзімін және ақысын қысқарту, қажетті жоғарғы қорының көлемін азайту, шағын кәсіпкерлер меншігіне мемлекеттік меншікті ақысыз беру; - мемлекеттік бақылау ұйымдарының шағын бизнес субъекттерінен қосымша ақы алуға мүмкіндік беретін қазіргі күші бар заңдылық нормативтер мен жағдайларды жою. Бұған тек заңда бекітілген айыптар, өсімдер және басқа санкциялар жатпайды; - материалдық өнімдер өндірісімен шұғылдалатын шағын бизнес субъекттеріне салық және кеден ақысын төлеуге жеңілдіктер беруді өрістету. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мәселесін реттеу үшін үкіметке жатпайтын құрылымдардың қатысуымен 1997 жылдың маусым айынан бастап шағын кәсіпкерлікті дамытатын Қор ашу жөнінде ұсыныс енгізілуі белгіленген. Қазақстан Республика Үкіметіне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі мен бірге шағын кәсіпкерлік кәсіпорындарына және жеке кәсіпкерлерге ақы алынбайтын мемлекеттік және екінші деңгейдегі банклерде мемлекеттің қатысуымен есеп шот ашуды қамтамасыз ететін шараларды жасауға тапсырма берілді. Осымен қатар екінші деңгейдегі банклерді бірінші кезекте шағын бизнес субъектеріне несие беруін ынталандыратын шаралар жүйелері де жасалуда. Облыстарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен бірге мынадай шаралар жүргізілуде: - мемлекеттік кәсіпорындарында пайдаланылмайтын объекттерді және аландарды түгелдеу; - пайдаланылмайтын өндіріс ғимараттар туралы мәлімет берген кәсіпкерлерге, егерде олар өндіріспен айналысса, ғимараттар жалға немесе сенім хат бойынша - бір жыл мерзімге беріледі. Келешекте объекттер кәсіпкерлердің меншігіне беріледі. Егерде кәсіпкерлер алты айдың ішінде өндірісті іске асыра алмаса, объекттер қайтарып алынып, қайтарылған мүліктер қайтадан жарысқа қойылады; - шағын бизнес орталықтарын және бөлімшелерін салуға арналған жерлер анықталады, ай сайын шағын бизнес субъекттері араларында жерді сату жарыстары жүргізіледі; - жердің құны 5 жыл мерзімге бөліп-бөліп төленеді. Өндіріспен айналысатын шағын кәсіпкерлер субъекттеріне жерге ие болу құжаты ақысыз беріледі; - өндірістік әрекеттер ұйымдастыру үшін шағын бизнес кәсіпорындарының пайдалануына, аяқталмаған мемлекеттік құрылыс объекттері тендер негізінде берілуі қамтамасыз етіледі. Шағын кәсіпкерлікті қаржыландырудың басым бағыттары ішінде оны қорғауға бағытталған заңдардың сақталуын бақылау, шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі жасайтын факторларды анықтау сияқты маңызды шаралар бар. Шағын кәсіпкерліктің ойдағыдай дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі – олардың қызметін қамтамасыз ететін инфрақұрылымының жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерін жалға қою. Қазіргі кезде республикада шағын кәсіпорындардың өміршендігі мен өркендеуін арттыратын бизнес – инкубаторлар, технопарктер мен орталықтар жұмыс істеуде. Алайда, олардың жұмысы әзірге республиканың шағын кәсіпкерлігінің ойдағыдай жұмыс істеуі үшін жеткіліксіз. Сондықтан бағдарламада көптеген кәсіпкерлердің есеп, бизнес – жоспар, маркетинг, қаржылық талдау, құқықтық мәдениет машықтарын әлсіз меңгергендігі ескеріле отырып, бизнес – инкубаторларға, технопарктерге, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастықтарға, мемлекеттік уәкілетті органдарға шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуді күшейту тапсырылған. Шағын кәсіпкерлік саласындағы қаржылық қолдау шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қажетіне сай келетін жабдық шығара алатын компанияларға бағдарлануы тиіс, олардың өндірістік бағыты өнімнің жаңа түрлерін игеруі, техникалық және технологиялық озықтығы ескерілетін болады. 3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды Қазірдің өзінде кәсіпкерлік Қазақстанның бүгінгі экономикасында лайықты орын алды. Шағын кәсіпорындардың соңғы жылдары күрт ұлғаюы жаңа нарықтық құрлымның қалыптаса бастағандығының айғағы.Алайда, заңдық тұлғалардың жалпы санының 55пайызы ғана жұмыс істегенін айтпай кетуге болмайды. Ресми мәліметтерге сүйенсек, 2007 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген 103721 кәсіпорынның тек 78475-і ғана жұмыс жағдайында екен.Оның тек 39907-і қаржы шаруашылық қызметін жүзеге асыруға қабілетті. Яғни әр 100кәсіпорның тек 38-і ғана жұмыс істеуде, ал қалған заңды тұлғалар құрылудың немесе құрып ткетудің алдында. Бұдан мемлекеттің кіріс көзі болып табылады, миллиондаған адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету шағын бизнестің Қазақстандағы жағдайы көңіл қуантарлық емес екені көрініп тұр. Жұмыспен қамтудың салалық құрылысымен қарастырсақ, бизнеспен айналысатын әрбір үшінші адам сауда жүйесінде,, әрбір бесінші өнеркәсіптік өндірісте, әрбір алтыншы құрлыста еңбек етеді. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың жалпы саны жағынан алғанда сауда саласында 36,1 пайызы, өнеркәсіптік өндіріс орындарында 21,2 пайызы істейді, қалғандары түрлі қызмет көрсетумен айналысады. Бұл дерекерден сауда ісі әлі де басым екендігін, салалық құрылымдарда өндіріс көлемі әлі де өзгере қоймағанын көруге болады.Шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ақпаратты талдағанда агроөнеркәсіптік кешендегі шағын кәсіпкерлік қазіргі уақытта еліміздің экономикасына тиісті үлес қоса алмай отырғанын немесе табысн экономиканы сараптағанда мемлекеттің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда шағын бизнес басты құралдардың біріне айналғаны да байқалдаы. Шағын кәсіпкерлік, әсіресе, агроөнеркәсіптік өндіріс саласында мықтап дамуға тиіс. Өткен жылдарды есепке алсақ, ауыл шаруашылық шикізаттың басым бөлігі республикадан тыс жерден тасмалданып, сол жерде өнделіп, дайын өнім жоғарғы бағамен қайта әкелінеді. Мұның үстіне, тасымалдау кезінде өнім бағасы төмендеді, шығынға жол берілді.Бірқатар жаңа өнім алуға болатын қалдықтар өнделген жерлерде қалды.Қазіргі уақытта агроөнеркәсіпке кірісу жүйесінде шағын кәсіпорындардың осы мәселені шешу үшін жақсы мүмкіндіктері бар.«Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені мен ауыл-селоларды дамытудың басты бағыттары туралы » заңда:Агроөнеркәсіптік кешен құрамына шаруа қожалықтары, фермерлік, шарушылықтар, өндірістік және тұтынушылар кооперативтері, ұйымдар,сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін өндіріске тиісті қаржы жұмсайтын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеумен шұғылданады, шикізаттар өндеп, олардан алынған өнімдерді сақтауды және өткізуді қамтамасыз ететін шаруашылық нысандары кіреді,-деп атап көрсетілген. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестік ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпаратттандырудың да лайықты ұйытқысы болып табылады.Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік- экономикалық жағдайын жақсартуға қызымет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұсалмайды. Қазіргі қалыптасқан күрделі жағдайда ауыл шаруашылығындағы шағын бизнестің қарқынды дамуына тұсау болып отырған екі факторды бөліп көрсету керек. Бұл - техникалық мүмкіндіктің әлсіздігі және қаржы ресурстарының тап-шылығы.Екінші бағыт жөнінде айтатын болсақ, ауыл экономикасын қаражаттың сауықтыру тіпті күрделі.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмысты аяқтай келіп ,жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды шығаруға болады. Республикада шағын бизнесті дамыту жолындағы көптеген кедергілер бүгінгі күні жойылып жатқандығы айқын. Алайда, шағын бизнестің дамуына тежеу болатын күрделі проблемалар әлі де баршылық. Бүгінгі негізгі проблемалар: шағын бизнесті қолдау, қорғау жөніндегі заңдық базаның шыңжаулығы; шағын кәсіпкерлікті қолдау және қорғау инфрақұрылымының әлсіздігі; несие беру құжаттарын толтырудың тым қиындығы; білімді кадрлардың жетіспеуі. Ал шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүлікке беріледі. Ал кепілдікке беруге жарайтын мүлік шағын кәсіпорындаодың керектігі несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан шағын кәсіпорындардың керектігі банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек шағын кәсіпорындар кадр даярлау, банктік кредит алу информациялық қызметтерге мұқтаж. Шағын кәсіпорынның артықшылықтары: бәсекелі нарықтық өрісін кеңейтеді; айрықша қажеттіліктерді(пәтерлерді жөндеу, ксерокөшірме, көлік жөндеу, ұсақ сауда т.б.) қанағаттандыру мүмкіншілігі, өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі; жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдеріне тез Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін мынадай міндеттер шешілуге тиіс: ұтымды нарықтық инфрақұрылымды қалыптастырып дамыту; салалық министрліктердің өндірісте, инновацияда және басқа салада шағын бизнесті дамытуға қолдау көрсетуі; несие беру ісіне жеке сектордың араласуы; шағын кәсіпкерлікті қолдау аясындағы нормативтік – құқықтық актілерді жетілдіру Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін. Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер). Алматы: ЮРИСТ, 2005ж.

2. 3. Закон РК от 19 июня 2007 года, №131-1 О государственной поддержке малого предпринимательства.

4. Указ Президента РК. 2005г, №2486 О производственном кооперативе. 5. Аубакиров Ж., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. 2004ж, Алматы. 6. Қабдиев К., Досқалиев С.А. Экономика. 2006ж, Алматы.

7. Әубәкіров Л.Ә., Кәрібаев К., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері. 2005ж, Алматы. 8. Мадяирова Д.М., Қалдыбаева А.Е. Халықаралық экономикалық қатынастар. 2004ж, Алматы.

9. Нұрғалиев Қ.Р. Қазақстан экономикасы. 2007ж, Алматы.

10. Ашонұлы Қ. Шағын кәсіп және нарық.//Қазақ әдебиеті-2005ж. 11. Қинашева Ж. Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын кәсіпкерліктің ролі.//Ақиқат-2002ж.№2.

12. Райханұлы Н. Шағын кәсіпкерлік: Бағдар айқындала түсті.//Ақиқат №7 2006ж. 13. Исабеков Б. Қазақстанда кәсіпкерлікті қалыптастыру жүйесі және оның даму перспективалары.//Қазақстан жоғарғы мектебі-2003ж.

14. Бейсенұлы Б. Бизнестің өз құндылығы бар.//Жас Алаш-2007ж. 15. Шеденов В.Қ., Байжомартов І.С., Жүнісов Б.А., Колягин Б.М. Жалпы экономикалық теория. 2002ж. Алматы-Ақтөбе

16. Бейсенғазиев М.Б. Кәсіпкерлік негіздері. 2006ж, Орал.

17. Ломакин В.К. Мировая экономика. 2004ж, Москва: Финансы.

ҚОСЫМША-А

ҚОСЫМША Б

ҚОСЫМША В

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫ АЗАЙТУ- ұйымдаспаған сауда түрлерін біршама өркениетті түрге айналдыруға, сауданың жалпы қабылданған нормалары мен ережелерін, базар саудасын сауда орталықтарына айналдыру бойынша қызмет көрсету стандарттарын енгізуге жағдай жасау

2.Шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымын дамыту- проблемалық мәселелерді уақытында шешу, әлеуметтік кернеулікті болдырмау, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасында диалог орнату.

3.Шағын кәсіпкерлік субъектілерін нығайту үшін жағдай жасау- проблемалық мәселелерді уақытында шешу, әлеуметтік кернеулікті болдырмау, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпкерлер арасында диалог орнату.

4.Кәсіпкерлік белсенділіктің қарқынды дамуын қамтамасыз ету- кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту инфрақұрылымының дамуының қалдықсыз болуы, маманданбаған кадрларды қайта даярлау, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің несие ресурстарына қол жетімдігін арттыру.

5.Шағын кәсіпкерлік субъектілерін нығайту- несиелеу, лизинг, франчайзинг салаларында қаржы институттарының қызметін пайдалану.

6. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету- шағын кәсіпкерлік есебінен жалпы ішкі өнім көлемін арттыру. 7.Шағын кәсіпкерлікті жетілдіру- шағын кәсіпкерлік есебінен толық жұмысбастылықты қамтамасыз ету. 8.Бәсекені жетілдіру – тауарлар мен қызметтер сапасын арттыру. 9.Шағын кәсіпкерлікті ресми жағынан жетілдіру – мемлекет белгідейтін әлеуметтік шектеулерді азайту

 
08.12.2010 16:39