Кіріспе
Салық - бүгінгі күннің өте өзекті мәселесі. Еліміздің
экономиксының өркендеп , халық тұрмысының жақсару негізінен салық үлкен роль атқарады.
Салық кодексін дайындап - жасаушылар халықтың салық мәдениеті мен кәсіборын басшыларының кәсіби деңгейін көтеріп, салық Кодексін өмірге тиімді түрде енгізіп, жүзеге асуын қадағаламайды.
Жаңа салық есептемесінің тәсілі бұрыңғы жүйеден әлде қандай тиімді. Ол салық саласы қызметкерлеріне нақты, дәл есеп жүргүзуге мүмкіндік берсе, салық төлеушінң салықшымен тікелей байланыс орнатуына жол ашады. Тиімділігі – жолай бұрмаланбай электронды құралдар арқылы тура есепке алынады.
Сондықтанда салық төлеу барысында әр түрлі келеңсіз жағдайларға ( тамыр – танысқа арқа сүйеу, салық көлемін жасырып қалу т.б.) жол берілмейді.
Салықтар шаруашылық жүргізуші субьектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту және оны тұрақтандыру барысында экономикалық тетік ретінде пайданылады.
Салық қоғам өміріндегі орның айрықша екенін өз жұмысымызда сөз етпекпіз.
I бөлім. Салық оның түрлері және түсінігі.
1.1. Салық туралы жалпы түсінік.
Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды).
Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің ( бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.
Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.
Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.
Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік
(жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б.).
Табыс көзі - есебін салық төленетін табыс.
Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т.б.).
Тұрақты прапорционалдық прогрессивтік салық ставкалары болды. Тұрақты ставкалар табыстар көлемінің мөлшеріне байланысыты емес, салым бірлігіне абсалюттік сомада белгіленеді.
Прапорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелінуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.
Прогресивтік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланыты прогресивттік салықтың орташа ставкас өсіп отырады. Салық салуда прогресивттік ставкасы бойынша салық төлеуші табысының үлкен үлесін төлейді. Прогресивтік салықтардың зардабының үлкен табысы бар адамдар тартады.
Регрессивтік - табыстың өсіп отыруына сәйкес. Регрессивтік салықтардың үлкен табыстары барларға пайданы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.
Салық салу - бұл табысты және қайнар көздері мемлекеттік құралдарды толтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысымен тарихи салық та пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық салу қағидасын іздеуді алғаш рет Адам Смит қалыптастырған.
Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:
Жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды дамыту;
Тұрақтылық, яғни уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы;
Тең күштеу, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек;
Міндеттеме, яғни салықтың мәжбүрлігі төлеммен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестілігі;
Әлеуметтік-әділеттілік, яғни салық мөлшері және салық жеңілдігін құру, бұл аз табысты кәсіпорынға, халыққа аяушылық ықпал жасау;
Салық жүйесі мемлекеттің заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады.
Бұған кіретіндер:
1. Салық тұлғасы немесе салық төлеуші, яғни салық төлеу міндетін артырған тұлға, ол заңды және жеке тұлға бола алады.
2. Салық нысан, яғни табыс және мүлік, осылардың салық есептеу ( жалақы, табыс, бағалы қағаз, қозғалмайтын мүлік).
Салық көзі – бұл қоғамның таза табысты нысандарының тәуелдігін байланысыз салық салу.
Салық мөлшері - салықтың маңызды элементті, бұл элемент салым бірлігіне байланысты салық шамасын анықтайды.
1.2. Салық түрлері.
Төлем жасау, қабілетіне байланысты салықтар тікелесі және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салықтар төлем қабілеттігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:
Азаматтарға салынатын табыс салығы және корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;
Мүлік салығы осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке) әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік жарнамалар деп аталатындар) салынатын салықтар пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар;.
Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстем жасалып алынады ( мысалы акциздар). Бұлар жарым - жартылай немесе толық тауар қызметтер бағасына адарылады.
Жанама салқтардың негізгі түрлері:
Үстеме құнға салынған салы акциздер ( тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар).
Мұрагерлік салық.
Жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын келісімдерге салынатын салық және басқалар.
Дамыған елдердегі салық салу тәжірбиесіне сүйенсек салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізінен табыс салығы адамдардың және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогресивтік салық салу және үстем құнға салынатын салық құрайды.
Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс деп және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.
Индивдуалдық табыс салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын салым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады. Бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалынады. Түпкі есеп салықтың бір түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдің салық жүйелерінің орталық ұқсастықтары болады, сонымен бірге салық жүйелерінің көбіне серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне түседі деп есептелетіндіктен табыс салығы серіктестікке, оның мүшелеріне салынады.
Соңғы жылдары табыс салығының ставкасының төменде тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогресивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.
Заңды тұлғаларға табыс салығы - корпарациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық.
Көп елдерде бұл тікелей прогресивтік салық болып табылады. Осы салық копарация (фирма) заңды тұлға болса ғана алынады.
Копаративтік салық фирмалардың салық төлемдерінің басым көбін құрайды.Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндарды алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивидент түрінде акционерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елдер әр түрлі жүреді.Алынған дивиденттер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады. Бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша акционерлердің табысына айналған бөлінетін пайда деп оған жеке табыс салығы салынады.
Салықтың дамыған елдерінің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі қосылған құнға салынатын салық Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн салық төлеушілеріне олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыларға жылжып отыратын тауарлардың бағасына қосады.
Қосымша құн салығы тауарлармен қызметтер сататын фирмаларға салынатын тауар құнының 5%-дан 38% көлемінде салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.
Дамыған елдердің салық жүйесі салықтарды және кәсіпкерлікті қолда ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады, олардың маңыздысына инвистициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады.
Мән жағынан инвистициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвистициялық салық немесе салық енгізуді талап етеді.
Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.
Жеңілдетілген амортизацияның мәніне келсек, ол мынада. Негізгі капиталдың нарықты тозуынан елеулі артық масштабқа амортизация жасауға үкімет рұқсат береді.
Мән жағынан қарағанда бұл кәсәпкерлерге берлген салық салынатын пайданың сомасын азайтады. Негізгі капиталдың айналымын жеделдетеді.
Қазақстанда салық республикалық және жергілікті деп екі топқа бөлінеді:
Республикалық - бұл міндетті. Төлем сомасы тең үлесі республикалық бюджетке және салық төлеуші қала немесе аудан бюджетіне түседі.
Жергілікті - салықтың мөлшері жергілікті үкіметтің шешімінен анықталады.
1.3. Лаффер қисығы.
Салық реттеудің селективтік тарамдарымен қатар, мемлекет салық механизмін шаруашылық конъюктурасына жалпылама ықпал ету үшін кең қолданылады. Мысал ретінде 80-і жылдардың басында өкіметке Р.Рейганның әкімшілігі келісімінен кейін жалпы экономикалық конъюктураны ынталандыру мақсатымен салықтарды елеулі төлемдену үшін жүзеге асырған ірі масштабты шараларды атап өтуге болады. Американдық экономист Лаффердің есептеулері осы бағдарламаның теориялық негізін құраған Лаффердің дәлелдеуі бойынша салықтың төмендеуінің нәтижесінде экономикалық өсу және мемлекет табыстарының өсуі орын алады (Лаффердің қисық сызығы). Корпорациялардың табыстарына салық статистикаларының тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады. Ғылыми технткалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді төмендетеді. Осының нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Профессор Лаффер бастаған Американдық экономистердің теориясы дәлелі бойынша табыс салығы ставкасы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың өскерлік белсенділігі күрт төмендейді.
Сызба түрінде осы жағдай мына түрде көрініс табады.
Теория бағытынан салық салу және табыстар шкаласын дәлелдеп, оны жасау мүмкіндігі ешталай екендігі ақақат.
Бұл мәселе ұлттық психологиялық мәдени факторлар аз әсер етпейді. Мысалы, американдардың айтуы бойынша, Швецарияға табысқа салық салу шкаласының мөлшерінде (72%) АҚШ-та бір адамды жұмыс істемеген болар еді.
1.4. Салықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Экономикалық іс шаралардың барысына ықпал ету, мемлекеттік қажеттілік тұрғысынан реттеп отыруды мемлекет салық жеңілдіктері арқылы жүзеге асыруды. Оның тікелей сипаты жартылай немесе толықтай салықтан босату. Мұндай жүйе біздің елімізде де бар.
Кіріс пен таза пайданы экономикалық жаңа бір саясатына немесе бүтін өндіріс түрінің дамуына жұмсау инвистиция тарту сияқты мақсаттарда салықтың кей түрінен бүтіндей босату қолданылады. Іскерлік табыстың белгілі бір түлеріне жеңілдетілген салық жүйесін пайдалану - экономиканы мемлекеттік реттеуде сараланып қолданылатын және өте ыңғайлы әдіс. Мысалы: мерзімді амортизацияны жеңілдетілген немесе дифференциялды салық мөлшері салық төлеу мерзімін созу немесе кейінге қалдыру салықтардан еркін резервтік, инвистициялық әрі басқадай қорлар құру және нақты салық жеңілдікері мен преференциялар сияқты түрлі экономикалық және салық тегершіліктері жетерлік. Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде салық төлеу мерзімін созу немеск кейінге қаодыру, салықтардың еркін резервтік, инвистициялық әрі басқадай қорлар құру және нақты салық жеңілдікері мен преференциялар сияқты түрлі экономикалық және салық тегершіліктері жетерлік. Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңінде салық жеңілдіктері жаппай іскерлікті буырқандырып экономиканың басым салаларына ірі инвистициялар әкелуге себебін тигізеді. Алайда, қазір отандық экономика өзінің өрлеу белесіне көтеруге бастағанда мұндай салық жеңілдктерінің сақталып қалуы мемлекетпен инвистициялар арасындағы мүдделік қарым – қатынасқа өз салықпен тигізеді.
Нәтижесінде бюджетке өндіріс көлемінің ұлғаюына қатысты салықтар бюджетке түсетін түсімдер елеусіз, салық салмағының коэффициенті әсерсіз қалуда. Кейінгі кезде салық жеңілдікьерінен салық - кеңістігінде елеулі қарама қайшылықтар туып, салықтың әмір жүргізуіне кесірін тигізуде.
Ең бастысы өндіріс саласына қарамай салық төлеушілердің барлығы заң алдында тең деген талапқа салықтың жеңілдікті реттеу қайшы келіп экономиканың түрлі салаларындағы кәсіпорындарды алалауда,
Нақты салаға салық жеңілдігін орнату тәжірибе көрсетіп отырғандай қамқорлық пен қолдаудың керемет бір тиімді әдісі кездессе, тиімді деуге келмейді. Жеңілдік беріліп отырған кәсіпорындар мен жеке тұлғалар, ( жеңілдік беріліп отырған) жеңілдік жүмейтін экономикалық қызмет салық әмірін пәрменді қолдануда қиыншылық тудырады. Оның үстіне салық төлнеден бұлтарту үшін арсыз пайдаланатындар да аз емес. Преференция түріне жататын салық каникулының ұлттық қорды қолдануда берекесіздік тудырып, түбірде кірістің жоғалуына соқтықтыратынын халықаралық тәжірбие көрсетіп отыр.
Кіріс министірлігінің аймақтық огандарының деректері бойынша мемлекеттің бюджеттің жалпы түсімінің 48 пайызына, немесе ішкі жаппай өнімнің 9,9 пайызына пара-пар салық жеңілдіктері мен проференциялар 1999 жылы 188,9 миллиард теңге тұрған. Оның 66,2 пайыздың қошақты бөлігі ішкі тауарлар өндірісінің қосымша құн салығына жасалған жеңілдік. Ал осы жасалған жеңілдіктің 42,9 пайызы
(салық өндірістік ставкасымен алынатын) экспортталатын тауарлар түріне 42,4 пайызы айналымға жеңілдік үлей 22,7 пайыз.
2000 жылдың алғашқы жартысында мемлекет кірісінің 48,1 пайызы немесе жаппай ішкі өнімнің 11,8 пайыз көлемінде 124,7 милиард теңге тұратындай жеңілдік берілген. Үлес салмағы бойынша ең көбі 74,8 пайызы ішкі тауарлар өнімнің қосымша құн салығына жасалған жеңілдік.
Экспорттар тауарлардың қосымша құн салығын ( нөлдік ставкасы) 1999 жылғы 31 пайыздың көсеткіші 2000 жылдың алты айының ішінде өткен жылына қарағанда 43,8 пайызға өскен байқалады. Жеке құрылыс жүргізу және техникалық жабдықтарға деген шығындарды бір маусымдық шығындар есебінде «салықтар және бюджетке басқадай міндеттік төлемдер туралы» заңының 2010 бабына сәйкес жеңілдіктерге жатқызу осы жақын күндерге дейін күнінде болады. Айтылып отырған жеңілдік те салық тлеушілердің теңсіздігін туғызады. Мемлекеттік кірім министірлігінің деректеріне сүйенсек технологиялық жабдықтар бойынша берілген жеңілдіктер 40,8 миллиард теңге шығын әкелген. 2000 жылдың қаңтарынан бұл бап өзгертілді.
Салықтар заңының 138 бабына сәйкес өндіріс үшін жер ең басты қажеттілігі болып табылатын ауыл еңбеккерлеріне патент негізіндегі салықтың қарапайым бір түрлі қолданулуда.
Патенттің құны мен бюджетке төленуі керек салықтардың айырмашылығы 80 пайыз екен.
Салық комитеттрі жер басты өндіріс көзі болып табылытын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер мен заңды тұлғаларға 1999 жылы 1335 потент берілді. Жаңағы 80 пайызға келген салықтың және басқа төлемдер бойынша 1769,8 миллион теңге көлемінде алым түссе, оның ішінде қосымша құн салынған 223,5 миллион теңге жиналған. Бұл жеңілдетуге кеткен салықтың 12,6 пайызы. Ал төленген салық 113,5 миллион теңге. Оның 143 миллионы ауыл шаруашылығына жасалған жеңілдіктер.
Тікелей «инвистицияны» мемлекеттің қолдау туралы заңына сәйкес ҚР Инвистиция жөніндегі агенттігіне өкілетті орган ретінде салық пен төлемдердң кейбір түрінен босату арқылы инвистициялармен келісімдерді бекіту құқығы берілген. МНМ ақпараттар негізіне сүйенсек 1997 жылдан 2000 жылдың бірінші жартысына дейін 124 кәсіпорынға 1,9 миллиард теңге жеңілдік жасалған. Салымдар салық ауыртпалығының жартысынан астамынан босатылуы кәсіпорындардың қаржылық жағдайын жақсартып жіберген түрі көрінбейді. Жаңадан кәсіпорындардың ішіндегі 25 жеңілдікті 1998 жылдан бері пайдаланып келеді. Олардың қаржылай жағдайына қарап көрсеңіз 11 ғана халі жақсы. Ал қалғандарының 1998 жылға қарағанда 1999 жылы 51,1 миллион орнына 349,0 миллион теңге шығынға батуы еш сын көтермейтін айғақтар.
1999 жылы осы кәсіпорындардың арасында 10303 жұмыс орны ашылса, оның 63 пайызы «Тексуна Кеншлз МНК» ( 4878 жұмыс орны) үлестеріне тисе, қалғаны 147 кәсіпорын еншісінде, яғни 3822 жұмыс орны оларың әрқайсысына 26 жұмыс орны айналған.Бір жұмыс орны бюджет есебінен қаржыланып отырған деп батыл тұжырым жасауға болады. Бәсекелестігі жақсы жаппай қойылған секторлар мен кәсіпорындар араларында жеңілдіктер өндірісшілерді ялауды сияқты көрінері сөзсіз.
Өндірі технологисы ескірген немесе өнімге кетер шығының ақталуы қиын ұн, нан, кеспе, кодитерлік бұйымдар өндіруге сүт өнімдері мен балмұздақ шығанушы кәсіпорындарға - ұялы телефон байланыстарын орнатушы екі компанияға шарап өнімдерін өндіруге орай жеті жобаға сыра өндіріске қатысты алты жобаға не үшін «қамқорлық» қажет екенін білмейді.
Бұндағы шығар қортындыға келсек, жеңілдіктер мен префенцияларды пайдаланушы кәсіпорын инвистициялар қарқынсыз және тиімсіз жұмыс істеуде – бұл бір жеңілдіктер жұмыс орнына қарай берілмейді - екі жеңілдік берілген инвестор кәсіпорындар экономиканың салаларындағы бәсекелестік шарттарына кесірін тигізуде – үш қазіргі айтылып жүрген пікірлерге тоқталсақ: жаңа салық кодексін енгізу жайында ұсынылып жатқан бұрынғы жеңілдік тәртібін инвистициялық салық преференциясы ретінде қолданған жөн.
Инвистициялық салықтың преференциясы, сол құжат жобасында айтылғандау салық төлеушілер өз ықтиярымен жылдық кіріс көлеміне қарай үй құрылыстарын пайдалануға дайындап беру немесе өндірісті ұлғайтар мақсаттағы құрылыс - монтаж жұмыстарын жүргізу керек.
Осыған орай кәсіпорындарды жекешелендірудің бастапқы келісім шарттардың талабына сай жұмыс жасаушылармен арадағы қарым –қатынасты, біртіндеп салық міндеттерінің жалпыға бірдей тәуелді қалпына түсіру керек. Ал қосымша инвистиция әкелге шетнлдік пен отандық инвистицияларға тепе-тең жағдай туғызған жөн.
II бөлім. Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі.
2.1. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелер.
Мемлекеттің қандай да болмасын салық жүйесі негізінен екі қызметті атқарады.
Біріншісі – фискалды қызмет болса, екіншісі реттеуші қызмет. Фискалды қызмет ешкімді де алаңдата ой»майды, себебі кез келген мемелекеттің өмір сүруі үшін қаражаттың қажеттілігі өте маңызды нәрсе. Реттеуші қызмет әркімнің мейлін мелекеттің немесе кәсіпкердің болсын, аса қызықтыратын мәселесі болып табылады. Бәрімізге белгілі таразының екі жағы бар, біріншісі мемлекеттің қажеттілігінен туындаса, ал екіншісі еркін кәсіпкерлікті ұстағандардың мүдделерінен шығады.
Қазақстандағы салықтардың атқаратын реттеуші қызметіне кеңінен тоқталсақ, оның оншалықты өз атына сәйкес келе бермейтінің жақтарын байқауға болады. Негізінен салықтардың реттеушілік ролі мынандай шарттарға жауап беру қажет: мемлекеттің бюджетіне түсетін кіріс мөлшерінің белгілі бір деңгейінде ұстап отыру және кәсіпорындар мен жеке тұлғалар салынатын салықтардың ауыртпалығын реттестіру.
Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында болашақтағы мелекетіміздің негізгі байлық көзі шикізатты, соның ішінде ең біріншіден мұнайды экспорттау болып табылады. Екнші жағынан, салық салынатын базаның кемуінен экспорттаушы емес экономиканың басқа саласындағы қызмет атқарып отырған кәсіпорындарға жүктелетін салық ауыртпалығы арта түсуде. Аталған кемшіліктерді жою үшін, ең алдымен салық заңына жаңадан өзгертулер қажет.Салық төлеушілер үшін салық жүйесінің ең болмағанда үш-бес жылға дейін тұрақты болып дамуды аса маңызды шарт болып табылады. Ал артық табыс мөлшері қазіргі салық заңында кәсіпорындарың ішкі пайда нормаларына сәйкес үстеме пайда салығы арқылы алынып отыр. Бұл аталған салықтың кемшілігі мынада: біріншіден, ішкі пайда нормасын анықтау кезінде оның мөлшеріне әр түрлі себептер мен субъективті жағдайлар әсер етуі мүмкін, екіншіден, пайда нормасын қайта-қайта қарастырып отыру қажет, өйткені шикізаттың әлемдік бағасы күн сайын өзгерістерге ұшырау мүмкін. Сонымен шикізатты экспорттаушыларға қолданылып келген үстеме пайдаға салынатын салықты алып тастап бір ғана прогресситі табыс салығын қолданған дұрыс болар еді.
Қазіргі таңда кәсіпорындарда қызмет атқаратын жеке тұлғалардың жалақыларына әр түрлі: табыс салығы және әлеуметтік салық салынады. Мәселені заңды тұлғалар жалақыны төлейтін жайын қарайтын болсақ, онда жалақы үлестіру барысында кәсіпорындардың қосымша қаржыға шығындалуын байқаймыз. Жалақы қоры неғұрлым көбейген сайын кәсіпорындар әлеуметтік салықты соғұрлым көп төлейді. Қазақстан салық жүйесінде орын алып отырған әлеуметтік салық компания қожайындарының өз қызметткерлерінің жалақы мөлшерін көбейтуін ынталандыру тұрмақ, керісінше бұл салықтан қалай құтылуды ойлап, бастарын қатыруға итеріп отыр. Тек әлеуметтік ставкасының жоғарлығында ғана болған жоқ, сонымен қатар бұл салық салынатын базада да болып тұрады.
Қазақстанның жалақы алушы азаматтары әлеуметтік салықтың ауыртпалығынан құтылғанымен, жалақы төлеуші компанияларға үлкен ауыртпалық жүктеліп отыр. Себебі жылдың жалпы жалаұқы қоры орташа есеппен алғанда компаниялар пайдасының 40-70 пайызын құрайды, ал осы уақытқа дейін әлеуметтік салық ставкасы 26 пайызды құраған болса, кәсіпорындар
Компания қызметкелері Төленетін жалақы мөлшері (теңге) 45 000-нан астам мөлшер
1. қызметкер
2. қызметкер
3. қызметкер
4. қызметкер
5. қызметкер
6. қызметкер 50 000
40 000
60 000
20 000
10 000
30 000 5000
15 000
55 000
Барлығы 300 000 75 000
Таблицадағы көрсетілгендегі компанияның тек үш қызметкері ғана 45 000 тг артық жалақы алады, ал жалақы қоры бойынша компания
75 000 тг әлеуметтік салық төлемейді. Әлеуметтік салықтың салынатын жалақы қоры мөлшерін азайту қажет. Қазіргі таңда республика Президентінің басшылығымен әлеуметтік салық бойынша аталған өзгерістердің нәтижесінде мемлекетке компанияларға, әсіресе еліміздің азаматтарына келер пайда айтарлықтай болар еді.
Осындай объективті және субъективті жақтарды ескере отырып, келесі ұсыныстарды қозғауға болады.
Біріншісі, жеке тұлғаларға қолданылатын шегерімнің мөлшерін өзгерту және оның тек табысы төмендгілерге ғана қолдан, екіншіден, табыс салынған ең төменгі жалақы алушыларды босату. Сондықтан жеке тұлғалардың табыс салығына қолданылатын шегерімнің мөлшеріне кемдеген де ең төменгі жалақы мөлшеріне теңестіру қажет.
Ал орташа жәе жоғары деңгейдегі мөлшерде жалақы алатындар үшін қолданыатын шегерімді қысқарту қажет.
Қорыта айтқанда, жоғарыда аталған ұсыныстарды жүзеге асыру қиынға соқпайды, ал олардан түсетін экономикалық тиімділік айтарлықтай болары анық.
2.2. Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер.
Салық кодексінің нормативтік базасының негізгі бөлігі декларация жүйесі болып табылады.
Біз қазір ілгері қадам баса отырып, нұсқаулықтар декларацияны толтыру ерекшелеріне көштік. Бұрын нұсқаулықтар «салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңның нормаларының мән-мазмұнын ашып көсетерін нормативтік құқықтық актілер болып табылатындағы. Бірақ шындығын осы салықтық нұсқаулар көбіне заң нормаларының мазммұнын дәл ашпай салық төлеушілер көптеген қиындықтар туғызатын. Сондықтан мұндай нұсқаулықтардан бас тартуға тура келеді.
Декларацияларды ережесі халақаралық тәжірибесіне сүйене отырып. Жасалғандықтан болашаққа салық кодексін қолдау барысында қиын жағдайлар болмауы тиіс.
Жүргізісімен жұмыстардың нәтижесінде декларациялар біріздендіріп кодтталған біртұтас жүйеге айналады.
Салық есептеменің жаңа нысанының қолданысқа енуінен көптеген салық төлеушілер олардың ішінде шағын бизнестің ауыл шаруашылығы секторының субъектілері дәлел бола алады.
Әлеуметтік саладағы ұйымдар салық клдексіне сәйкес салықық есептеменің ең қарапайым нысанын тапсырады.
Салық кодексінің қолданысқа енуіне сәйкес салықтын қарым қатынастардың тәртібі айтарлықтай жақсаруға тиіс. Бұрынғы салық заңының қолданлу аясында 1995 жылдан бергі жинақталған әдіс, тәжірибе сақталады. Ең бастысы салықтың есептеме жүйесі кәсіпорындардағы бухгалтерлік есептемелерді жүргізу тәртібін және салықтың есептемелерді толтыру тәртібін түбегейлі түрде өзгерту тиіс. Салық есептемелерінің электронды нысандары салынған компакдискілер әзірленіп, барлық қоғамдық ұйымдарға таратылып беріледі.
Салық төлешілер өздерінің қоғамдық ұйымдарына хабарласып сөздеріне қажетті кез-келген декларацияның нысаны электронды түрде алуға болады.
Мұнымен бірге халық шаруашылығының жекеленген салалары үшін салық кодексін оқып үйренуді жеңілдетуге бағытталған бірнеше жинақ әзірленеді.
Декларацияның жаңа жүйесінің қолданысқа енуінен:
1. Бухгалтерлік есептеме жүргізудің және салық есептеме жасаудың электрондық мәдениеті айтарлықтай жақсарады.
2. Салық төлеушілер мен салық органдары телекоммуникация жүйесінің дамуына өз үлестерін қосады. Декларациялардың электронды жүйесі салық кодексіне енгізілген. Алайда бұл ретте салық төлеушілер үшін де салық органдарының қызметі үшін де үлкен әзірлік қажет.
Декларациялардың өңделіп жасауды оны қолданудың басты мақсаттарының бірі болмақ.
Электронды түрде өңдеудің принципті жаңа жүйесін жасау.
Декларацияларда экономикалық қызметтің жалпы жіктеуші (ЭҚЖЖ) бойынша қызметін пайызға шаққандағ,ы негізгі үш түрі көрсетілуі керек. Мысал келтірсек: егер бір кәсіпорын металл өнімдерін және химиялық өнімдер, мәшине жасауға өндіріп болса, онда оның қызметінің негізгі осы үш түрі пайыздық қатынаста көсетіледі.
Салықтық есептеме жүйісі мен теріс пиғылды салық төлеушілердің қызметіне бақылау қою елімізде тең бәсекелестіктің өркендеуіне жол ашады.
Қорытынды
Қортындыға келгенде қазіргі кезде экономика тұрақталды. Ең алдымен ол негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақталуымен, ішкі жалпы өнімнің өзімен тұрақтанады.
Қорыта айтқанд салық ел экономикасының өсуіне үлкен ықпал келтіреді:
Салықтың жүктемелі төмендету біздің реформаны жүзеге асыруда қолданылады. Бұл кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдай жасауға көмектеседі. Әйтседе осындай жағдайда да бюджет біраз қаржы жоғалтады. Содықтан оның онын табу үшін салық салу базасын кеңейту арқылы, көлеңкелі бизнес айналымының бір бөлігі таза эклнлмикаға тарту шешімін табатын мәселелердің бірі.
Теориялық бөлімде - салықтардың экономикалық мәні мен маңыздылығын сипаттама бере отырып онда салық түсінігіне, салық түрлеріне және салықтың атқаратын қызметіне, салықтың элементтеріне және Лаффер қисық сызығына сипаттама бердім. Ал аналитикалық бөлімінде – ҚР салық салу жүйесіне сипаттама бере отырып ҚР-ң салық қызметінің құрылымына, оның ерекшеліктеріне және оның қажеттіліктеріне, «ҚР салық жүйесі туралы» заңдардың қабылдануына және ондағы әртүрлі өзгерістер мен толықтыруларға тоқталдым. Салық коексі ол экономикалық қана емес мәні бар ірі құжатта болып саналады. Кодекс қабылданғаннан кейін Үкімет оны жүзеге асырудың арнайы құжаттарын дайындап үлкен жұмыстар атқарып жатыр. Осылайша мен өзімнің курстық жұмысымды қорыта айтқым келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. 1.Әкімбеков С. Экономика теория негіздері.
2. 2.Әубакиров А. Экономикалық теория (оқу құралы), Алматы, Қазақ универсиеті. 1999ж.
3. 3.Кәкімжанов З. // Салық кодексіндегі соңғы өзгерістер, «Егемен Қазақстан» 2002 жылы, 22 қаңтар.
4. Қалманбетова Г. Салық жеңілдіктері: Артықшылықтары мен кемшіліктері, // Егемен қазақстан 2001 жыл, 27 наурыз.
5. Мүсілімов Ж. Салық қортындыларн электронды пошта арқылы жіберуге болады. // Жас алаш – 2002 жыл, 7 наурыз.
6. Асхат Е. Салықтың жеңілдетілуі-реформаныңжарқын жетістігі // Егемен қазақстан, 2001ж, 30 маусым.
7. Шайынғазы С. Салық саласын әлі де жетілдіру қажет // Егемен қазақстан,2001ж,155 мамыр.
8. Салық саясаты дұрыс жүргізілсе, тұрмыс тұрылмайды. // Астана ақшамы.
9. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. (Салық кодексі) // Егемен қазақстан, 2001ж, 20 маусым.
10. ҚР кодексі: Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы. // Бухгалтер бюлетені, 2001 ж, 29 шілде, №27,1-139б.
11. Байдусенов А.Д. Қазақстан салық жүйесіндегі кейбір мәселелері: салық жүйесі // Қаржы – қаражат, 2001ж №4, 32-36б.
Жоспар
Кіріспе
I бөлім. Салық оның түрлері және түсінігі
1.1. Салық туралы жалпы түсінік
1.2. Салық түрлері
1.3. Лаффер қисығы
1.4. Салықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
II бөлім. Қазақстан Республикасының салық жүйесі
2.1. Қазақстанның салық жүйесіндегі кейбір мәселелер
2.2. Салық кодексінің соңғы өзгерістері
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі