Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155217

Салық мемлекеттің ең басты құралы

                           
                    
                       ЖОСПАР:                   
КІРІСПЕ___________________________________________________2 бет
1 тарау. Салық мемлекеттің ең басты құралы___________________3-7 бет
1.1 Салықтың шығу тарихы және оның мәні_____________________3 бет
1.2 Салықтың түрлері және атқаратын қызметі__________________4-5 бет
1.3 Шет елдердің салық салу механизмі_________________________7 бет
2 тарау. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің құрылуы,
даму мәселелері___________________________________________8-29 бет                                       
2.1 Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі құрылымдары___________8 бет
2.2 Салық Кодексінің ерекшеліктеріне талдау__________________9-14 бет
2.3 Қазақ Республикасындағы салық салудың түрлері___________15-29 бет
2.4 Салық жүйесінің мәселелері_____________________________30
Қорытынды_________________________________________________30 бет
Қолданылған әдебиеттер______________________________________31 бет
      
Кіріспе.
    
     Салық мәселесi мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс.Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде және мерзiмде бюджетке төленетiн қайтарусыз және өтеусiз сипаттағы мiндеттi ақшалай төлемдер.
     Салықтардың экономикалық мәнi олардың өзiнiң функциялары мен мiндеттерiн жүзеге асыру үшiн мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бiр бөлiгi болып табылатындығында.
     Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
      Салықтар мемлекетпен бiрге пайда болды және мемлекеттiң өмiр сүрiп,дамуының негiзi болып табылады.Адамзат дамуыныңбүкiл тарихы бойына салық нысандары мен әдiстерi өзгердi,игерiлдi,мемлекеттiң қажеттiлiктерi мен сұрау салуларына бейiмделдi. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып,олардың дамыған жүйесiнде айтарлықтай өрбiдi.Мемлекет құрылымының өзгеруi,өркендеуi әрқашан салық жүйесiнiң қайта құрылуымен,жаңаруымен қабаттаса жүредi.
-      Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы мен саяси iс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кiрiстерiнiң негiзгi көзi-ұлттық табысты қайта бөлудiң басты қаржылық құралы,мемлекеттiң  және бюджеттiң кiрiстерiн қалыптастырудың шешушi көзi болып табылады.Салықтарда мемлекеттiң экономикалық мазмұны нақты түрде көрiнедi,ал салықтардың әлеуметтiк-экономикалық мәнi,олардың түрлерi мен рөлi қоғамның экономикалық құрлысымен,мемлекеттiң табиғатымен және функцияларымен айқындалады.  
1 Тарау. Салық мемлекеттің ең басты құралы.
1.1 Салықтың шығу тарихы және оның мәні.
   
Салық мәселесі мен салық салудың тамыры ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан құбылыс. Ұйымдық- құқықтық жағынан салықтар- бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар қаржының бастапқы категориясы болып табылады.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттіліктері мен сұрау салуларына бейімделді.
Салықтар тауар- ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрлысы саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізі көзі ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу- әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Жалпы салық салуға ғылыми көзқарас XVII-XIX ғасырларда пайда бола басады. Атап айтқанда, теориялық экономия классикалық мектебінің ағылшындық өкілдері В.Петти (1623-1687ж.ж.) «Салық пен жиынтық трактаты», Д.Рикардо «Салық салу және саяси экономияның басталуы» (1817ж), А. Смит «Халықтар байлығының себептері мен табиғатын зерттеу»-(1776ж.) деген еңбектерін жазды. А.Смит салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын ұсынған. Олар мынаған саяды
1) Салық салық төлеушінің әрқайсысының табысына сәйкес алынуы тиіс (әділеттілік қағидаты)
2) Салықтың мөлшері мен оны төлеу мерзімі алдын ала және дәл анықталуы тиіс (анықтылық қағидаты)
3) Әрбір салық салық төлеуші үшін неғұрлым қолайлы уақытта және әдіспен алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты )
4) Салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты)
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салудағы зорлық – зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттелмеуді енгізді және А. Смитке « салықтар оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
 Салық дегеніміз не? Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз, тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесі. Салық салудың кәсіпорын, тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ. Мемлекттің табыс көзі салық. Салық құрылған және анықталған заңмен белгіленген тәртіп бойынша мемлекет пайдасына алым алу, бұл алым шаруашылық субьект табысының бір бөлігі. Салық салу бұл табысты және қайнар көздерді мемлекеттік құралдарды толықтыру үшін реттеуші құрал. Мемлекет пайда болысы мен тарихи салықта пайда болды. Салық неше ғасыр бойы өмір сүреді, соншама экономикалық теория оптималды салық қағидасын іздеуді алғаш рет А Смит қалыптастырған.Оның көзқарасы негізінде қазіргі уақытта салық салудың екі ірі пікірі пайда болды.Бірінің мәні мынада: салық, салық төлеушіге мемлекет тарапынан көрсетілген қызмет көрсетуімен түскен пайдаға пропорциональды болуы тиіс.
(А.Смит мысалы:жолды кім пайдаланса,сол оның жөндеуі үшін төлеу керек.) Екіншінің мәні:салық табыс мөлшеріне байланысты. Қазіргі заманғы салық жүйесі бірнеше қағиданы қолданады:жалпылай, яғни табыс табатын барлық экономикалық тұлғаларды қамту. Тұрақтылық яғни, уақытында салық мөлшері мен салық түрінің тұрақтылығы. Тең күшейту, яғни салықты салу барлық салық төлеуші үшін бірдей болуы керек. Міндеттеме яғни салықтың мәжбүрлілігі, төлемнен құтқармау, салықты төлеуде және есептеуде тұлғаның дербестігі. Салық салу жүйесі мемлекеттік заң актілерінде негізделеді, мұнда салық элементтері құралады. Бюджет салық сажаты (қазыналық фикалный саясат ) мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе- теңдігін және экономиканың өсуін қамтамсыз ету мақсатында жүргізіледі. Мемлекттің экономикаға әсер етуі салық салу құралдары арқылы жүргізілді.Мемлекттік шығындар мемлекеттік бюджеттің қаржыларын пайдалану нәтижесінде мүмкін болады, ал салық бюджетті қаржы мен қамтамасыз ететін бірден бір құрал. Ынталандырушы бюджет салық саясаты (қазыналы экспансия) бұл саясат қысқа мерзімді кезеңде экономикаға циклдік құлдырауды жою мақсатын қояды. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекет шығындарды.
1.2 Салықтың түрлері және атқаратын қызметі.
 
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
- Фискалды немесе жұмылдыру қызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- Бөлу қызметі, мелекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізеді;
- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арсындағы пропорцияны реттейді;
- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
- Шектеу қызметі, мемлект салық саясаты арқылы кейбір өндіріс түлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;
- Бақылау- есептеу қызметі, мұнда кәсіпоры мен тұрғындар топтарының қаржы көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады;
Салықтар және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқталуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді. Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осынысы мен салықтардың мемлекет, сондай- ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аудандарынан айырмашылығы болады; 
Бұған әлеуметтік сақтандыруға аударылатын қатаң мақсатты аударымдар, соның ішінде бюджеттен тыс қорларға төленетін жарналар мен аударымдар жатады, олар белгілі бір, ұзақ мерзімді көлемде өнімнің, жұмыстың және қызметтер көрсетудің өзіндік құнынан, табыстан, еңбек ақы төлеу қорынан, амортизациядан және басқа көздерден есептелінеді.
Салықтардың әлеуметтік- эконмикалық мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда толық ашыла түседі. Жалпы қаржы категориясы тұрғысынан салықтар қосалқы категория болып табылатындығын еске ұстанған жөн, сондықтан қаржыға қатысты салықтардың функцияларын қаржының бөлгіштік функциясының құрамдас қосалқы функциясы ретінде қарастырған жөн.
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық  функция- барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік – мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюы мен байланыта пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланады. Бұл реттеуіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді. Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субьектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функциясының іс- әрекетінің ауқымы жалпы ішкі өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады; Ол ұлттық табыстың мемлекеттендіру дәрежесін көрсетеді. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің күрделі үлгілері болуы мүмкін.
1.3 Шет елдердің салық салу механизмі.
    Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша былайша жіктеледі:
Салық салу обьектілері бойынша;
Салықты алатын және салықтан жиналған сомға билік жасайтын органға қарай; 
Пайдалану тәртібі бойынша;
Обьектінің экономикалық белгісі бойынша;
  Қазақстан Республикасында экономиканы модернизациялау және реформалаудың қазіргі жағдайында шетел инвестициясы мен озық технологиясын тарту қажеттілігі туындап отыр. Осы орайда көптеген шетел компаниялары Қазақстан рыногына келмес бұрын біздің салық салу механизмімізге зерттеу жүргізеді. Себебі олар екі жақты салық қыспағына ұшыраудан қауыптенеді. Шет елдердің салық салу механизмі барынша дамыған және кез келген өркентті елдерде салық төлеуден жалтару мемлекетік маңызы бар қылмыс болып есептеледі.
Шет елдерде Қазақстанға қарағанда салық салу режимі өте қарқынды дамыған. Қазақстан енді дамып келе жатқан мемлекет деп айтуға болады.
Менің ойымша Қазақстан болашақта шет елдермен теңеседі, Салық  жүйесі болады.
2 Тарау. Қазақстан Республикасында салық жүйесінің құрылуы,
даму мәселелері.
2.1 Қазақстандағы салық жүйесінің негізгі құрылымдары.
“Салық  ”  ұғымымен   “ салық жүйесі” ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оны құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық қызметі органдарының жиынтығы әдетте мемлекетің салық жүйесін құрайды. 1991 жылға дейін, яғни КСРО ыдырағанға дейін елде көбінесе эконмиканы басқарудың әміршіл- әкімшіл жүйесіне, бағаларға қатаң мемлекеттік реттеуге сәйкес келетін салық жүйесі қызмет етті. Бюджеттің басты кіріс көздерінің бірі болған айналым салығы тіркелген бөлшек сауда және көтерме сатып алу бағаларын қолдануға және мемлекеттік реттеп отыруға бағытталған болатын. Қазақстан егемендікке ие болғаннан кейін 1991- 1995 жылдары қабылдаған бір қатар заңдарға сәйкес Респудликада жаңа салық жүйесі қалыптасты.
1991 жылғы желтоқсанның 25- інен бастап біздің елімізде тұңғыш салық жүйесі жұмыс істей бастады. Ол “Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы” заңға негізделді. Бұл заң салық жүйесін құрудың қағидаттарын, салықтар мен алымдардың түрлерін, олардың түсу тәртібін белгілеген алғашқы құжат еді.Осы заңға сәйкес Қазақстанда 1992 жылғы қаңтардың 1- інен бастап 13 жалпы мемлекетік салық, 18 жергілікті салықтар мен алымдар егізілді. Қазақстан Республикасының Үкіметі 1995 жылдың басында салық реформасының ұзақ мерзімді тұжырымдамасын қабылдап, онда еліміздің салық жүйесі мен салық заңнамасын бірте- бірте халықаралық салық салу қағидаттарына сәйкестендіру көзделді. Осыған байланысты “Салық және бюдетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” 1995 жылғы сәуірдің 24- інде Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы шықты. Енді бұрынғы 42 түрлі салықтар мен алымдар едәуір қысқартылып, олардың саны 11 болып белгіленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 сәуірдің  24- індегі заң күші бар жарлығы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы шілденің 16- дағы № 440- 1 заңына сәйкес заң мәртебесін алды. Осы уақыт аралықтарында Президент жарлықтарымен және Қазақстан Республикасының заңдарымен бұл заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Салық жүйесі өзінің құрамына мемлекетік салық службасының – Қаржы министрлігін, облыстардағы, аудандардағы, қалалардағы аудандардың салық комитеттерін қамтиды. Салық службасы органдары салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық жәнедер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай – ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жаңа “Cалық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы” кодексі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы № 209 -11 заңымен қабылданды.
2.2 Салық Кодексінің ерекшіліктеріне талдау.
  Қазақстан Республикасының салық кодексін қолданысқа енгізу туралы заңдарды: 2002 жылдың 15 қаңтардағы № 279- 11, 21 наурыздағы № 310- 11, 2002 ж 23 қарашадағы № 358- 11, 2003 ж 29 қарашадағы № 500- 11 заңдарымен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мен беріліп отыр. 2004 ж 28 желтоқсандағы № 24- 111 заңдары мен енгізілген және толықтырулар мен беріліп отыр.
Қазақстан Республикасының салық кодексі салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай- ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелері орындауға байланысты қатынастарды реттейді. Салық міндеттемесі: Салық төлеушінің салық заңдарына сәйкес мемлекет алдында туындаған міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған сәйкес салық төлеуші салық органына тіркеу есебіне тұруға, салық салу обьектілері мен салық салуға тікелей байланысты обьектілерді айқындауға, салық есептілігін жасуға, оны белгілеген мерзімде табыс етуге, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуге міндетті. Мемлект салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемелерін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал олар орындалмаған немесе тиісінше орындалған жағдайда оларды қамтамсыз ету жөніндегі тәсілдерді және осы Кодексте көзделген тәртіппен мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқылы.
Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілер. Мүлік пен іс- әрекеттер салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрлі боцынша салық салу обьектісі мен салық салуға байланысты обьект осы кодекстің ерекше бөліміне сәйкес айқындалады.
Салық базасы дегеніміз салық обьектісі мен салық салуға байланысты обьектінің құн, физикалық немесе өзге дн сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлеидер сомасы айқындалады: Табысқа салынатын салық. Бұған корпорациялық табыс салығы мен жеке табыс салығы жатады;
Тауарларға салынатвн салықтар. Олар қосылған құнға салынатын салықтарды, кеден баждарын қамтиды;
Капиталға салынатын салық. Оған жер салығы, мүлікке салынатын салық және басқалары жатады;
Салық ставкасы. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында ставкасының мынадай түрлерін ажыратады:
Тұрақты салық мөлшерлемесі. Олар табыс көзіне қарамастан салық салу бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді. Үйлесімді салық мөлшерлемесі. Бұл жағдайда прогрессивтік салық мөлшерлемесі табыстың артуына қарай өсіп отырады. Нәтижесінде салық төлеуші салықтың үлкен абсолюттік сомасын ғана емес, сонымен бірге оның үлесін де төлейді. Прогрессивті мөлшерлемелер ең алды мен табысы көп тұлғаларға ауыртпалық түсіреді.
Регрессивті салық мөлшерлемесі. Олар табыстың өсуіне қарай төмендейді, және табысы көп тұлғаларға тиімді болып келеді, ал табысы аз адамдарға ауыртпалық түседі. Салық кезеңі. Салық кодексінің ерекше бөліміне сәйкес жекелеген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі деп түсінеді, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке салық пұл субьектінің бір обьектіден төлейтін салық сомасы. Салық жеңілдіктері-заңнамаға сәйкес төлеушілерді салықтан толық немесет төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі ішінара босату. Салық жеңілдіктеріне мыналар жатады: Салық салынбайтын минимум салық салудан босатылатын салық обьектісінің ең аз бөлігі. Табыстың есептелген сомасынан шегерілетін шегерімдер ( асыраудағы жандарға, мүгедектерге- халықтан табыс салығы бойынша; күрделі қаржыларға, әлеуметік обьектілерді ұстауға, табиғат қорғау шараларына жұмсалатын шығындардың сомасына- пайдаға салынатын салық бойынша және т.т.) салық салынатын табыстың құрамына кіріктірілмейтін сома (мысалы, босату кезіндегі ұйғарымды жәрдем ақы, халықтан алынатын табыс салығы бойынша өтемақы төлемдерінің сомасы ) ; Салық салудың жеке субьектілері мен төлеушілердің санаттары үшін салық мөлшерлемесін төмендету. Салық жеңілдіктеріне сонымен бірге төлеу мерзімін ұзарту және салық бойынша бересіні есептеп шығаруда жатады. Жеңілдік кезеңі-салықтар бойынша заңмен белгіленген жеңілдіктердің іс- әрекет ететін уақыты. Салық төлеушілер мен салық органдарының құқықтары мен міндеттіліктері – билік пен басқару органдарының заңнамасымен реттеледі. Салықтық бақылау – салық службасы органдарының салық заңнамасының орындалуын, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналарының толық және уақтылы аударылуын бақылау. Салықтық бақылау мынадай нысандарда жүзеге асырылады:
- салық төлеушілерді тіркеу есебі;
- салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді есепке алу;
- бюджетке түсетін түсімдерді есепке алу;
- қосылған құнға салынатын салықты төлеушілері есепке алу;
- салық тексерістері;
- камералдық бақылау;
- салық төлеушілердің қаржы шаруашылық қызметінің моноторингі;
- фискалдық жады бар бақылау- касса машиналарын қолдану ережелері;
- акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік постыларды бекіту;
- мемлекет меншігіне айналдырылған мүлікті есепке алу, бағалау және
- сату тәртібін сақтауды тексеру;
- уәкілітті органдарға бақылау жасау.
 Салық құпиясын салық төлеуші және оның қаржы – шаруашылық қызметі туралы салық службасы органдары алған кез келген мәліметтер құрайды.
Салық заңнамасын бұзған салық төлеушілерге олардың жасырған сомасын,
төмендеткен табыстарын төлеттіріп алу, бұзу ауыртпалығына қарай үлестік немесе еселенген көлемде айып пұлдар, бюджетке төленетін төлемдер мерзімін өткізіп алғаны үшін өсімдер түрінде санкциялар қолданылады. Салық міндеттемесін орындау, егер салық кодексінде өзгеше белгіленбесе, салық төлеуші салық міндеттемесі орындауды дербес жүзеге асырады.Салық төлеуші салық міндеттмемсін орындау үшін мынадай іс - әрекеттер жасайды:
- салық органына тіркеу есбінде тұрады;
- салық салу обьектілермен салық салуға байланысты обьектілердің есебін жүргізеді.
- Салық салу обьектілері мен салық салуға байланысты обьектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төлнуге тиісті салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын есептейді.
- Салық есептілігін жасайды және оны белгіленген тәртіппен тиісті мерзімде салық органдарына табыс етеді.
- Салық заңдарына белгіленген тәртіппен және мерзімде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелген сомаларын, сондай- ақ салық міндеттемесі орындалмаған жағдайларда салық өсім пұлдары мен айыппұлдарын төлейді. Салық төлеуші салық міндеттемесін кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімінен бұрын орындауға құқылы.
Салық міндеттемесін орындау мерзімдері салық кодексімен белгіленеді.
Бұл ретте, кодексте белгіленген мерзімнің өтуі оның басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңды іс -әрекеттен кейін келесі күні басталады. Мерзімде кодексте белгіленген кезең аяқталған күннің соңында бітеді. Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзім келесі жұмыс күннің соңында аяқталады. Салық органдары салық бақылауы нәтижелері бойынша салықтар, бюджетке төлнентін басқа да міндетті төлемдер, өсім пұлдар мен айып пұлдардың есептелген сомалары туралы, сондай-ақ ҚР салық заңдарын бұзушылықтары жою туралы хабарлама жіберген жағдайда, салық міндеттемесі салық төлеушіге хабарлама тапсырылған күннен кейінгі он жұмыс күн ішінде орындалуға тиіс. Салық берешегін өтеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
- есептелген өсіпұлдар;
- есептелген айыппұлдар;
- бересі сомасы.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамсыз ету тәсілдері:
- салық төлеушінің белгілеген мерзімде салық міндеттмесін орындау;
- төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсім пұл есептеу;
- банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін;
Салық тексеруі актісі бойынша хабарламаға шағым жасау жағдайларын қоспағанда, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолдануға құқылы. Мәжбүлеп өндіріп алу шараларын қолдану салық қызметі органдарының салық  міндеттемесін орындау туралы салық төлеушіге жіберілген хабарламасы негізінде жүргізіледі. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу төмендегідей тәртіппен жүргізіледі:
- банк шоттарындағы ақшасының есебінен;
- қлома- қол ақша төлету есебінен;
- дебиторларының шоттарынан;
- билік ету шектелген мүлкін өткізу есебінен;
- жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару арқылы.
Салық міндеттемесін тоқтатудың негіздері, жеке тұлғаның салық міндеттемесі:
- қайтыс болғанда;
- оны қайтыс болды деп жариялау турплы сот шешімі күшіне негенде тоқтатылады.   
Заңды тұлғаның салық міндеттемесі:
- толық таратылғаннан кейін;
қосылу, бірігу, бөліну және қайта құрылу жолымен толық қайта ұйымдастырылғаннан кейін тоқтатылады.
2.3 Қазақстан Республикасындағы салық салудың түрлері.
Қазақстан Республикасында салық кодексінде белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер қолданылады. Салықтарды салу обьектісі бойынша, олар тара және жанама салықтар болып бөлінеді.
Тура салықтар салық төлеушінің кірісі мен мүлкінен тікелей төленген салықтар. Олар өз кезегінде нақты және жеке салықтарға жіктеледі. Нақты салықтар салық төлеушілердің мүлкінің кейбір түрлеріне(үй, жер, кәсіп, ақшалай капитал және т.с.с.) салынады. Жеке тура салықтар бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардан айырмашылығы жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де оның қаржы жағдайын да ескереді. Жанама салықтар- баға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салық төлеушінің кірістерімен мүлкіне тікелей байланысты емес салықтар. Жанама салықтарға қосылған құнға салынатын салық, акциздер жатады. Жанама салықтарға сондай – ақ сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер де (кеден баждары түріндегі, экпортқа және импотқа салынатын салық түріндегі кеден кірістері, ішкі рынокте сатылатын тауарлар бағасы мен олардың фактуралық құнының айырмасы) жатады. Жанама салықтар мемлекеттің фискалдық мүдделерін білдіреді.Оларды саналы қолдану баға белгілеудің процессіне жағымды ықпал жасауы және тұтынудың құрылымына әсер етуі мүмкін. Жанама салықтар салудың мәні салықтың тауар бағасына (немесе қызметтің тарифіне) қосылатындығында, кірілетіндігінде. Бұл жағдайда салықты тауардың қызметтің нақты тұтынушысы төлейді, алайда тұтынушы мен мемлекет арасында тікелей байланыс болмайды. Салықты алатын және оған билік жасайтын органға қарай орталық және жергілікті салықтарды ажыратады. Пайдалану тәртібіне қарай барлық салықтар жалпы және мақсатты(арнаулы) болып бөлінеді. Жалпы салықтар тиісті деңгейлердегі бюджттерде шоғындырылады және жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қаржыландыруға пайдалынылады. Мақсатты салықтардың нысаналы арналымы болады және әдеттегідей түрлі қорлардың қаржы базасын құруға арналады. Обьектінің экономикалық белгілері бойынша табысқа салынатын салықтар болып ажыратылады. Табысқа салынатын салықтар төлеушінің салық салынатын кез келген обьектіден алған табыстарынан алынады. Тұтынуға салынатын салықтар –бұл тауарлар мен қызметтер көрсетуі тұтыну кезінде төленетін шығынға салынатын салықтар. Салық салу обьектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастырлық, салық төлеушінің мағлұмдамасы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патеттік негізде.
Кадастырлық әдіс. Бұл жағдайда салықты есептеу мен алу, салық салу обьектілерінің нақты табыстылығын есепке алмай табыстық (жер салығы, мүлік салығы) нормасын көрсете отырып, олардың тізімдемесі негізінде жүзеге асырылады. Мағлұмдамада салық төлеушілер табыстың көлемін, қажетті жеңілдіктерді, шегерімдерді көрсетеді және салық сомасын есептеп төлейді. Олар салықтардың түрлері бойынша салық мағлұмдамасын есепті салық  кезеңіне сәйкес тапсырып отырады. Мәселен, корпороциялық табыс салығын, жеке табыс салығын, көлік құралдарына салынатын салықты және жер салығын төлеушілер салық органына олар бойынша мағлұмдаманы есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31- ші наурызына дейін береді. Жеке табыс салығы бойынша мағлұмдаманы мынадай салық төлеушілер:
- Төлем көзінен салық салынбайтын табыстары барлар;
- Тұрғын үй салу мен осындай құрылыс материалдарын сатып алуды қоспағанда жылында 2000 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сомасы бір жолғы ірі сатып алуды іске асырғандар;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерден табыстар алатын жеке тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктеріндегі шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар;
- Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамалық актілеріне сәйкес мағлұмдама беру жөнінде міндеттеме жүктелген адамдар;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, судьялар табыс етеді. Салық төлеушіден салық мағлұмдамасын табыс етудің белгіленген мерзіміне дейін жазбаша өтініш алған жағдайда уәкілетті мемлекеттік орган салық мағлұмдамасын табыс ету мерзімін екі айдан аспайтын мерзімге ұзарту салық төлеу мерзімін ұзартпайды. Үшінші әдіс бойынша салық төлеуші жұмыс істейтін ұйымның, мекеменің бухгалтериясы одан салықты табыс алынған жерде есептеп, ұстайды.
Төртінші әдіспен салық кәсіпкерлік қызметтің сан алуан түрлеріне берілетін патент негізінде төленеді. Патент-арнаулы салық режимін қолдану құқығын куәландыратын және салық сомасының бюджетке төленгендігін растайтын құжат. Салық есебінің екі әдісі қолданылады:
1) кассалық;
2) есептеу әдісі;
Кассалық әдіске сәйкес табыстар мен шегерімдер жұмысты орындау, қызмет көрсету, мүлікті жөнелту мен кірістеу және ол бойынша жасалынған ақы төлеу мезетінен бастап есепке алынады.
Есептеу әдісі бойынша табыстар мен шегерімдер ақы төлеудің уақытына қарамастан жұмысты орындау, қызмет көрсету, тауарларды өткізу және кіріске алу мақсаты мен тиеп жіберу мезетінен бастап еске алынады. Бұл әдіс салық службалары үшін қолайлы.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі салықтардың, алымдардың және баждардың түрлерін, салық қатынастарын реттейтін құқықтық нормаларды және салық службасының органдарын қамтиды.
Қазақстан Республикасындағы салықтардың, салық сипатындағы алымдардың тізбесі мыналарды қамтиы:
1. Салықтар:
1. Корпорациялық табыс салығы.
2. Жеке табыс салығы.
3. Қосылған құнға салынатын салық.
4. Акциздер.
5. Жер қойнауынан пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
6. Әлеуметтік салық.
7. Жер салығы.
8. Көлік құралдарына салынатын салық.
9. Мүлікке салынатын салық
2. Алымдар.
1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым.
2. Жеке кәсіпкерлерді мемлеттік тіркегені үшін алынатын алым.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олар мен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.
5. Мемлекеттік көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.
7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.
8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.
9. Автокөлік құралдарын Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.
10. Аукциондардан алынатын алым.
11. Елтаңбалық алым.
12. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.
13. Теледидар және радио хабарларын тарату ұйымдарында радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.
3. Төлемақылар.
1. Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
2. Жер бетіндегі су көздерінің ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.
4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.
5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.
6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.
7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.
8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.
9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемақы.
4. Мемлекеттік баж.
5. Кеден төлемдері:
1. Кеден бажы.
2. Кеден алымдары.
3. Төлемақы.
4. Алымдар.
Салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы «Бюджет жүйесі туралы» Заң мен тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тәртіппен тиісті бюджеттердің кірісіне түседі.
«Салық» және «салық алу» ұғымдарын ажырата білген жөн: бірінші жағдайда – бұл экономикалық және қаржы категориясы, екіншісі – экономикалық – құқықтық механизмді пайдалана отырып салық төлемдерін өндіріп алу (есептеу және алу) процесі.
Шетел валютасымен жасалатын операция салық салу мақсатында операция жасалған күнгі валюта айырбастаудың рыноктық бағамы қолданыла отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы тенгемен қайта есептеледі. Салық мақсаттары үшін тауар материалдық қорлар есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі ережелерге сәйкес жүргізіледі. Салық есептілігі дегеніміз салық төлеуші, салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпатараты бар құжаттама. Салық есептілігіне осы тармақта көрсетілген құжаттар, сондай-ақ, олардың қосымшалары мен қосымша нысандары кіреді.
- Резидент емес жеке тұлғаға салынатын жеке табыс салығының болжанған сомасы туралы өтініш;
- Арнаулы салық режимдерін қолдануға патент алуға өтініштер;
- Қосылған құн салғын бюджеттен қайтарып алуға өтініштер;
- Шот-фактуралар тізімі;
- Электрондық мониторингке жататын, салық төлеушілер табыс ететін құжаттама.
Салық есептілігі – салық төлеушінің, салық агентінің белгіленген тәртіпке сәйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші және электронды құжаты. Онда салық объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ, салық міндеттемелерін есептеу мен салықұ және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мәліметтер болуға тиіс.
Салық декларациясы мен есеп – қисабында көрсетілуге тиісті белгілі бір деректер болмағана жағдайда, оған уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тиісті қосымшалар табыс етілмейді.
Салық есептілігіне салық төлеуші, салық агенті не олардың өкілдері салық кодексіне сәйкес уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша дербес жасайды.
Салық алуды ұйымдастыру.
Салық алуды ұйымдастыру салық қатынастары нысандарынан элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты аттарын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін қамтитын салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқауы қолданылады.
Қазақстан Республикасы қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді .
Негізгі салық элементтеріне мыналар жатады: салық субъектісі, салық салынушысы объектісі ,салық базасы , салық салудың өлшемі, салық мөлшерлемесі үлес ( квота ) салықпұл, салық жеңілдіктері, салық төлеудің мерзімі мен тәртібі, салық төлеушілер менсалық органдарының міндеттіліктері мен құқықтары, салықтарды төлеуді бақылау, салық заңнамасын бүзған үшін санкциялар және басқалары. Салық субьектісі немесе салық төлеуші. Ол салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға алайда нарық механизмі салық ауыртпалығы басқа тұлғаға салық салынушыға аударылуы мүмкін.
Салық салынушылар нақты салық ауыртпалығы түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
Жанама салықтар- бағаға немесе тарифке үстеме түрінде белгіленген салықтар, олар салық төлеушінің табыстарына немесе мүлкіне тікелей байланысты емес.Жанама салықтар мемлекеттің фискалды мүдделерін білдіреді. Оларды саналы пайдалану баға белгілеу процесіне оңтайлы ықпал жасауы және тұтыну құрылымына әсер етуі мүмкін.
Бұдан басқа, салық төлеушілер үшін табыстарға тура салық салудың өсуінен гөрі олардың шығытарына салық салудың өсуі жақсырақ. Сонымен бірге тұтынуға салынатын салықтар болып табылатын акциздерді, сатудан алынатын салықты, қосылған құнға салынатын салықты пайдаланудың көбірек артықшылығы болады, өйткені: олардан жалтарыну қиынырақ; олармен экономикалық бұзушылық аз байланысты;
Олар еңбекке деген ынталандырмаларды аз қысқартады; тапшылықтың жоқтығы жайында, ауыстырушы тауарға да тапшылықтың жоқтығын қоса олар тұтынушыға таңдау құқығын сақтап қалады; салықтардың жасырымдылығын қамтамсыз етеді және т.с.с.
Алайда тұтынуға салынатын салық өсуінің кемшіліктері де бар, бұл кемшіліктерге олардың инфляциялық және регрссивтік сипатын жатқызуға болады.
Бірақ бұл салықтардың оң нәтижесі олардың теріс әсерін жауып кетеді. Егер баға өсетін болса, сонымен бірге бюджет шығыстары да өсетін болса, онда бұл салықтардан түсетін түсімдер бағаның өсуімен көбейетін болады. Бұл әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға қаражаттар алуға мүмкіндік береді. Бюджет жүйесіне инфляцияға қарсы автоматты механизм кіріктірелетін болды.
Жанама салықтардың ішінднгі ең маңыздысы 1992 жылы енгізілген қосылғанқұнға салынатын салық-ҚҚС болып табылады. Салық төлеуші мелекетке оны төлеу нәтижесінде шеккен шығысының орнын бағаны көтеру жолымен толықтырады және салық төлеуді сатып алушыға аударады. Салыұ салу обьектісі материалдық шығындарсыз өндірілген өнім болып саналатын қосылған құн болып табылады:
Қосылған өнімге кешенді шығыстар, мысалы, жарнамаға жұмсалатын және басқа бірқатар шығындар қамтылуы мүмкін.
Демек бұл салықтың ерекшелігі-оның салық салынатын обьектісі сатудан түскен бүкіл түсім ақша емес тек салық салынатын импортты қамтитын қосылған құн болып табылатындығында, ҚҚС дүние жүзінің 40 тан астам елдерінде, соның ішінде Европа экономикалық одағының 17 елінде пайданыланылады. Бұл салықтың артықшылығы мынада: біріншіден, ол жаңа құн жасалынған орын бойынша салық төлеушілердің үлкен тобынан алынады; екіншіден, төлеушілер үшін де есептеудің салыстырмалы қарапайымдылығымен ерекшеленеді және үшіншіден, бағалардың өзгеруіне, төлеушінің қаржылық ахуалына, инфляция деңгейіне қарамастан мемлекет бюджетінің кірістерін қалыптастырудың сенімді және тұрақты базасын қамтамасыз етеді. ҚҚС қазіргі кезде Қазақстан Республикасының бюджет кірістерінің аса маңызды көздерінің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Салық кодексі бойынша қосылған құнға салынатын салықтар деп тауарларды өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған, оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай- ақ ҚР аумағындағы тауарлар импорты кезідегі аударымдарды айтады. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті ҚҚС сатылған тауарлар(жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауарлар үшін төленуге тиісті ҚҚС сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғыда салық бойынша есепке алу механизмі көрініс табады. Заңнамаға сәйкес салық салынатын айналым және салық салынатын импорт ҚҚС- тың салық салу обьектілері болып есептеледі. ҚҚС- ты төлеушінің тауарларды өткізу бойынша жасаған айналымы салық салынатын айналым болып табылады, оған салық кодексіне сәйкес қосылған құн салығынан босатылған және өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылмайтын айналым қосылмайды. Салық салынатын айналым мөлшері, оған қосылған құн салығын қоспай, мәміле жасаған тараптар қолданатын бағалар мен тарифтерді негізге ала отырып, өткізілетін тауарлар құны негізінде анықталады. Өткізілген тауарлардың құны қандай бір өзгеріске түскен жағдайда салық салынатын айналым мөлшері тиісті түрде түзетіледі. ҚР кеден заңнамасына сәйкес мағлұмдамалануға тиісті, Қазақстан аумағына әкелінетін немесе әкелінген тауарлар қосылған құн салығынан босатылғандарын қоспағанда салық салынатын импорт болып табылады. Салық салынатын импорт мөлшеріне кеден заңнамасына сәйкес белгіленетін импортталатын тауардың кедендік құны, сондай – ақ қосылған құнға салынатын салықты қоспағанда, ҚР тауарлар импорты кезіндегі салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомалары қосылады.
Жанама салықтар арасындағы фискалдық маңызы жағынан екінші кеден төлемдері - әкелім, әкетілім, сондай – ақ транзит тауарларынан, заттары мен қызмет көрсетуден, өндіріліп алынатын баждар мен алымдар болып табылады.
Жанама салықтардың үшінші тобына акциздер кіреді. Бюджет кірістеріндегі салықтың түсімдерінде олар үш процентті құрайды.
Акциздер – баға қосылатын және сатып алушылар төлейтін тауарларға салынатын салық. Акциздерді өзінің айрықшалықты ерекшеліктеріне қарай монополды түрде жоғары бағалары мен тұрақты сұранымы болатын тауаларды өндірушілер төлейді. Акциздер көрсетілетін қызметтерге де салынуы мүмкін, бұл орайда салық сомасы тарифке кіріктіріледі.
Акциздер әмбебаптық және жеке – дара акциздер болып бөлінеді.Әмбебаптық акциздер тауарлар мен қызметтердің құнына пайызбен жалпы айналымнан өндіріледі; оларға сатудан алынатын, айналымдардан алынатын салықтарды жатқызуға болады. Жеке – дара акциздер айтарлықтай көп болуы мүмкін. Мәселен, акциздер Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген жеке оның аумағына импортталатын мына тауарларға, акцизделетін тауарлар мен қызмет түрлеріне салынады: спирттің барлық түрлері, алкоголь өнімі, темекі бұйымдары, құрамында темекі бар басқа өнімдер, бекіре мен қызыл балық уылдырығы, алтыннан, платинадан немесе күмістен жасалған зергерлік бұйымдар, бензин(авиациялық бнзинді қоспағанда), дизель отыны, жеңіл автомобильдер(арнайы мүгедектерге арналған, қол мен басқарылатын автомобильдерден басқасы), атыс және газ қарулары(мелекеттік билік органдарының қажеттіліктері үшін алынғандарынан басқалары), шикі мұнай(газ конденсатын қоса), ойын бизнесі, лотереяны ұйымдастыру және өткізу.
 Акциз мөлшерлемесін Үкімет бекітеді және тауар құнына пайызбен(адвалорлық) және заттық нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада (тұрлаулы) белгіленеді. Қазақстан Республикасы аумағында өткізілетін алкоголь өнімі мен темекі бұйымдары акциздерді жинаудың толықтылығын қамтамсыз ету және оның аумағында жасырын әкелу, өндіру және өткізуді болдырмау мақсатында міндетті түрде таңбалауға жатады.
Корпороциялық табыс салығы бюджет түсімдерінде едәуір орын алады.
Бұл салықты Ұлттық банк пен мемлекетік мекемелерді қоспағанда Қазақстан Республикасы резидент заңды тұлғалары, сондай – ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезидент заңды тұлғалар төлейді. Арнаулы салық режимін қолданушы заңды тұлғалар – шағын бизнестің субьектілері, шаруа қожалықтары, заңды тұлға – ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері корпороциялық табыс салығын төлейді.
Корпороциялы табыс салығын салу механизмі заңды тұлғалар салықты есептеу, төлеу тәртібін, алу шарттарын, жеңілдіктер мен санкцияларды, төлеу уақытын айқындайды.
Жеке табыс салығы бұл төлем бойынша қаражаттардың түсімі барлық салық төлемдерінің 9 пайызын алады. Салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушілер болып есептеледі. Салық салу обьектісі төлем көзінен салық салынатын табыстар және төлем көзінен салынбайтын табыстар болып табылады.
Салық мөлшерлемесі баспалдақты үдеме бойынша табыстың мөлшеріне қарай 5 пайыздан 30 пайызға дейін белгіленген.
Дивиденттер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға 10 поцент. Мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Төлем көзіне салық салынатын табыстарға мыналар жатады:
- қызметкердің табысы;
- бір жолғы төлемдерден алынған табыс;
- жинақтаушы зейнет ақы қорларынан берілетін зейнет ақы төлемдері;
- дивиденттер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс;
- стипендиялар;
- жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс;
Салық агенттері жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалуды төлем көзінен салық салынатын табыс төленетін күннен кешіктірмей жүргізеді. Олар салық төлеушілердің туған жері бойынша есепті айдың табысын төлеудің соңғы күнінен кейінгі бес жұмыс күн ішінде жүзеге асырады. Салық төлеушінің төлем көзінен салық салынбайтын табыстарына мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің салық салынатын табысы, адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы және өзге де табыстар жатады.
Жер қойнауынан пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.
Қазақстан Республикасының салық жүйесінде табиғи ресурстарды, пайдалы қазбаларды, жер қойнауынан пайдалануға байланысты бір қатар төлемдер бар, оларды шартты түрде салықтық сипаты бар табиғи ресурстар үшін төленетін төлемдер ретінде бір топқа біріктіруге болады.Олар үстеме пайдаға салынатын салық, жер қойнауынан пайдаланушвлардың арнаулы төлемдері, су үшін төленетін төлем, орманды пайдаланғаны үшін төленетін төлем және басқалары жатады.
Жер қойнауынан пайдаланушылардың салықтары мен төлемдері мыналарды қамтиды:
1)Үстеме пайдаға салынатын салық;
2) Жер қойнауынан пайдаланушылардың арнаулы төлемдері;
3) бонустар;
4) қол қойылатын;
5) коммерциялық табу;
6) роялти;
7) өнімді бөлу бойынша Қазақстан Республикасының үлесі.
Әлеуметтік салық – мемлекетте алынатын салықтардың бірі.Ол бұрын қолданылып келген зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, міндетті медициналық сақтандыру, халықты жұмыспен қамту қорларына аударылатын сақтық жарналары аударымдарының орнына енгізілген.Аударымдардың жиынтық мөлшерлемесі еңбекке ақы төлеу қорының 28 пайызы мөлшерінде белгіленеді, ал төленетін жарналардың сомасы өндіріс шығындарына жатқызылады.
Қазаақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, сондай – ақ Қазақстанда қызметін тұрақты мекемелер арқылы жүргізетін бейрезиденттер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, адвокаттар салық төлеушілер болып табылады.
Меншікке салынатын салықтар нарықтық экономика жағдайында мемлекет иелігінен алу үшін және жекешелендіру процесінің дамуына қарай меншік қатынастарындағы нақтылы өзгерістар мен байланысты едәуір орын алады.Меншікке салынатын салықтарға жер салығы, мүлікке салынатын салық, көлік құралдарына салынатын салық жатады.Мешікке салынатын салықтар негізінен жергілікті бюджеттерге есептеледі.
Жер салығы 1994 жылы енгізілді.Жер салығын төлеу барлық жер иелері, жер пайдаланушылар, соның жалгерлер мен жер иелері үшін міндетті болады.Жеке меншік құқығындағы,тұрақты жер пайдалану құқығындағы және бастапқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығындағы салық салу обьектілері бар заңды және жеке тұлғалар жер салығын төлеушілер, жер учаскесі(жер үлесі) салық салу обьектісі болып табылады.Жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесі заңмен белгіленеді. Жер салығын анықтау үшін жер учаскесінің алаңы салық базасы болып табылады.
Мүлікке салынатын салық тура нақтылы салыққа жатады, оның мөлшері мүліктің табыстылығына емес,төлеушілер мүлкінің құнына байланысты болады.Салық мүлік иелеріне оны тиімді иеленуге түрткі болады.
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін негізгі құралдар(соның ішінде тұрғын үй қорының құрамында тұрған обьектілер)мен материалдық емес активтер салық салу обьектісі болып табылады.
Көлік құралдарына салынатын салықты меншік құқығында салық салу обьектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе орлымды басқару құқығында салық обьектілері бар заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімдері төлеушілері болып табылады.
Уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрған көлік құралдары, тіркемеледі қоспағанда салық обьектілері болып табылады.Жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар, мамандандырылған медициналық көлік құралдары салық салу обьектілері болып есептелмейді. Салық мөлшерлемелері көлік құралдары двигателінің көлеміне қуатына немесе жүк көтергіштігіне қарай айлық есептік көрсеткіштерге белгіленген және көлік құралдарының түлері бойынша сараланған.
Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары шағын бизнестің субьектілер, шаруа қожалықтары, заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін белгіленетін және салықтардың жекелеген түрлерін есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.
Жеке кәсіпкерлерге арналған арнаулы салық режимі патент негізінде ресімделеді. Патент негізіндегі арнаулы салық режимі мынадай шарттарға сай келетін:1)жалдамалы қызметкерлердің еңбегін пайдаланбайтын; 2)жеке кәсіпкерлік нысанындағы қыметті жүзеге асыратын; 3)жыл ішіндегі табысы 1,5 миллион теңгеденаспайтын жеке кәсіпкерлер қолданады.
Шаруа қожалықтарына арналған арнаулы салық режимі бырыңғай жер салығын төлеу негізінде жүзеге асырылады, бұл салық ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, ұсату және өткізу бойынша қызметтен алынатын жеке табыс салығын,ҚҚС,жер салығын, көлік құралдарына және мүлікке салынатын салықты қамтиды.
Алымдар,баждар және төлемдер деп әдетте заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік органдардың оларға көрсететін қызметтері үшін төленетін міндетті төлемдерін айтады.Міндетті төлемдердің арасында мемлекеттік баж ерекше орын алады.Мемлекетік баж – бұған уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс – қимылдар жасағаны үшін немесе құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.
Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде және оның аумағында атқарылған іс - әекеттері үшін консулдық алымдар алынады.
Кеден ісін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының кеден заңымен белгіленген кедендік төлемдер алынады.
2.4 Салық жүйесінің мәселелері.
Салық төлеуден жалтарыну – салық төлемдерін толық немесе ішінара төлемеу мақсаты  салық төлеушінің салық обьектісін әдейі жасыруы және азайтуы.
Салық төлеуден жалтарудың себептері әртүрлі болуы мүмкін:
1)Шаруашылықты қалыпты жүргізуге мүмкіндік бермейтін елеулі салық ауыртпалығы, салықтардың көптілігі.
2)Салық заңнмасының күрделілігі, нұсқаулықтар мен ережелердің қағидалары мен нормаларын түоліше түсіндіретін толықтырулардың, өзгертулердің, түзетулердің көптігі.
3)Салық службасын ұйымдастырудағы кемшіліктер: қызметкерлердің төмен біліктілігі мен біліксіздігі, тексерулер кезіндегі қызметкерлердің адалдыққа жатпайтын іс- қылықтары.
4)Салық сомаларын баю немесе көлеңкелі бизнестегі инвестициялау мақсаты мен субьектілердің оларды төлемеуге қасақана, әдейі ұмтылуы және т.т
    
Қорытынды.
Қорыта келгенде Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі барынша жетілдірілген еліміздің экономикалық дамуының қазіргі кезеңіне толыққанды қызмет атқарады деп айтуға болады. Қолданыстағы салық кодексі қабылданғаннан бергі уақытта еліміздің эконмикалық ахуалы жыл санап өркендеп келеді. Осыған орай біздің салық заңдарымызға толықтырулар мен өзгертулер дер кезінде және әлемдік экономика жаңалықтарын ескере отырып жасалуда.
Қазіргі уақытта біздің еліміз әлемнің өркениетті елдері мен эконмикалық, іскерлік қатынастарды дамытып, ел экономикасын көтеру мақсатында шетел ивестициясын көптеп тартып отырғанда салық жүйеміздің әлемдік стандарттарға сай болуы басты шарттардың бірі болып табылады.
Біздің елімізге келіп жұмыс істегісі келетін шетелдік компаниялар инвестиция құяр алдында біздің салық жүйемізді зерттейді. Егер біздің салық жүйеміздегі жеңілдіктер мен салық ауыртпалығы ұнаған жағдайда ғана олар шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасы алдағы жылдардан бастап Бүкіл әлемдік Сауда ұйымына мүше болуды көздеп отыр, сондықтан біздің Салық заңдарымыз әлемнің өркениетті елдері мен экономикалық әріптестік тұрғысында өмір сүруімізге толық мүмкіндік береді деп ойлаймын.
               
Қолданылған әдебиетер:
1. Қаржы кітабы. Ілиясов. К, Құлымбетов. С.
2. “Жалпы экономикалық теория” Шеденов.Г.А
3. “Бухгалтерлік бюллетень” №5, 11, 15, 19
4. “Экономикалық теория” Боранбаев С Т

 

 
15.10.2010 12:35