Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154379

Бағаның құрылысы

 Мазмұны: 
1. Баға құралуының теориялық аспектілері.
2. Баға түсінігі және мағынасы.
3. Нарықтық экономикады бағаның құралуы факторлары.
4. Бағаның жіктелуі (класификациясы)
5. Баға құралу үрдісіндегі мақсаттар.
Қазіргі кезде экономкалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады.
• Баға теориясы;
• Баға жүйесі;
• Баға саясаты;
Баға құрылу тәсілдері:
• Индуктивті;
• Дедуктивті;
• Диалектикалық
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде қолданылуы болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын. Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек.Оның ішінде қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шағындық баға теориясы. Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты. 
 Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.Құн екі жақты сипатталады:
• Сандық;
• Сапалық;
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
 Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда болады. Оған жататындар:
• Сұраныс    және ұсыныс қатынасы /бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі/;
•  Әлеуметтік факторлар /бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін мемлекеттің араласуы/;
• Мода және тауар болашағы факторлары, /көбіне бұл жайлар монополиялық өндіріспен сәйкестенеді/;
• Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары /кейбір ұлттардың тағамдық ерекшеліктеріне байланысты/.
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін беделдік жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
 Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге болады. Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни, ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
• Есептік өлшемдік;
• Қайтаүлестіру;
• Ынталандыру;
• Баланыстық / теңестіру;
• Өндірісті орналастыру.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі, оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны  бір кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей сипаттауға болады: Яғни оның  өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының, аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде  қолданылады. Мысалы: қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның  бұл функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық сипаттағы алымдар, мемлекет халқының  әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады. Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес. Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
Экономикадағы баға жүйесі
Экономикадағы іс-әрекет жасаушы барлық бағалар бір-бірімен байланысты және өз-ара жеке жүйе құрады. Бұл жүйе көптеген нарықтық фактордың әсерінен әр уақыт қозғалыста болады. Баға жүйесі жеке өзара байланысты баға блоктарынан құрылады. Барлық бағалардың байланыс негізін, қан тамырлары қызметіне ұқсас байланыстық принципі құрады, бір жүйедегі баға қозғалысы басқа да барлық жүйеге автоматты түрде өзгертулер енгізіледі.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
• Көтерме сауда бағасы;
• Сатып алу бағасы;
• Бөлшек сауда бағасы;
• Жүк көлік қызмет көрсету тарифі;
Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді, кәсіпорындардың көтерме сауда /босату/ бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады: темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.
 Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын, бұл –базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын – энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер енгізетіндігі айқын.
 Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:
• Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
• Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық қызметінің байлаыстылығы.
Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен анықталады.
 Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б. арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.
 Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.
А. Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:
 Көтерме сауда бағасы –кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.
 Бөлшек сауда бағасы-сауда –саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып өткізуі үшін қолданылады.
 Сатып алу бағасы- ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
 Сметалық құн – құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу үшін баға.
 Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері – бөлшек сауда бағаларының негізгілерінің бірі.
Б. Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке байланысты:
 Еркін нарықтағы баға- нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
 Реттелуші баға- арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен тарифтерге байланысты қойылады.
 Париттетік баға – бағаның бұл түрі АҚШ –да мемлекеттік органдар, ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.
В. Бағаның қойылу әдісі бойынша:
 Қатаң (тұрақты) баға  - келісім шарттарда қолданылады және оның аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
 Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
 Қозғалмалы баға – келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
 Сырғымалы баға  - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен анықталады.
Г. Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша:
 Тұрақты
 Маусымдық
 Баспалдақты.
Д. Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша:
 Анықтамалық
 Прейскуранттық
 Есеп айырысу бағасы
Е. Нарық түрлеріне байланысты:
 Аукциондық
 Биржалық котировка –биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі ұқсас тауарлардың бағалары
 Сауда бағасы – мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі. Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.
Ж. Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:
 Трансферттік баға- бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу кезінде қолданылатын баға.
З. Жеткізіп беру және сату жайлаы бойынша:
 Баға нетто –сатып алу-сату орнындағы баға.
 Баға брутто – сатып алу – сату жайларын есепке ала отырып анықталады. (Франко) – бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың енгендігін көрсетеді.
Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін негізгі мақсаттар төмендегідей:
 Сатып өткізуді қамтамасыз ету;
 Пайданы максималдау;
 Нарықты ұстап тұру.
Бірінші мақсат – нарықта ұқсас тауар өндірушілер көп жағдайда, қатаң бәсекелестікте іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда қажет;
 Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
 Фирма, бір тауарға шығындарды төмендету жолымен,
Пайданың жалпы көлемін жоғарлату және сату көлемін максималдауға бағыт алуға талпынуы;
 Тұтынушылар нарығының кең көлемде болуы.
Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз ету –ену бағасы арқылы жүргізіледі.
Екінші мақсатқа  - оның бірнеше вариантары бар:
 Фирманың бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі пайдаға жетуіне талпынуы (сол кезеңде фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты жоғары, дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт алуы)
  Пайданың орташа нормасы негізінде бірқалыпты түсімді бекіту. Бұл, өз өнімдеріне ұзақ уақыттық бірқалыпты және өзгеріске ұшырамайтын сұранымы бар, өндірісі қалыптастырылған алдыңғы қатарлы фирмалар үшін қолданылады.
  Күрделі жұмсалымның өсуіне байланысты бағаның өсуі, яғни, жаңашылдық енгізу сипатында болуы мүмкін. Бұл жоғары немесе өсіп келе жатқан сұранымға ие өнімдер өндірісін кеңейтуді іс-жүзіне саырушы фирмаларға тән.
Баға, бәсекелестік жағдайында ғана жоғары іс-әрекетке ие бола алады.  Бәсекелестіктің жоғарғы деңгейде болуы бірде-бір кәсіпорынның баға құралуы үрдісін өз қолында ұстауына мүмкіндік бермейді, бағаны нарық анықтайды, яғни сұраным мен ұсыныс әсерлерінен баға деңгейі анықталады. Бәсекелестік, өндірушілерге тауардың , өнімнің өзіндік құнын бақылап отыруды талап етеді.
 
Пайдаланылған әдебиет тізімі:
1. Бегалиев, Дидар.     Баға, қайда барасың?: [Нарық пен
                     халық]// Нұр Астана.- 2005.- 30 маусым-7 шілде.- 1 б.
2. Қасен, С.Д., Әсіл, Б.Ґ.     Бағалар және баға ќұралуы
                     [Мәтін]: Оќу құралы / ЌР білім және ғылым м-трлігі  С.
                     Сейфуллин атын. Қазқќ аграрлыќ ун-ті.- Астана: [Б.ж.],
                     2002.- 143 б.
3. Міржақыпова, Седеп Тоќтамұратқызы.     Банктегі
                     бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оќулық.- Алматы: Экономика,
                     2004.- 710 б.
4. Молдағалиева, Р. Ш.     Бағалауыштық етістіктердің
                     коннотациялыќ сипаты /гендерлік көзқарас/ [Мәтін]: [Тіл
                     мен әдебиетті оќыту әдістемесі.Методика преподавания
                     языка]// ЌазГУ-нің хабаршысы. Филология сериясы.Вестник
                     КазНУ. серия Филологическая.- 2005.- № 7.- 191-195 б.
                     Сатыбалдыұлы, Сейтжан.     Маркетинг - нарықтану
                     Мәтін]: оқу құралы.- Алматы: Білім, 2002.- 288 б.:
                     суретті
5. Табиғи монополиялар туралы [Мәтін]: Қазақстан
                     Республикасының Заңы.- Алматы: Юрист, 2002.- 11 б.
6. Тілемісов С.     Баға-басты көрсеткіш.- Алматы:
                     Қазақстан, 1989.- 64бет
7. Шаекина, Жанаит Михаилқызы ж.б.     Маркетинг негіздері
                     [Мәтін] / Шаекина, Жанаит Михаилқызы, Нәбиева, Ербоз
                     Нәбиұлы, Базарова, Сәулегүл Құрманбайқызы.- Астана:
                     Парасат әлемі, 2003.- 244 б.
8. Шайынғазы, Сейфолла.     Коммуналдыќ ќызмет құнымен
                     ќоса нан бағасы да өседі [Мәтін]: [Мәселенің мәнісі]//
                     Егемен Қазақстан.- 2006.- 17 ақпан.- 6 б.
9. Шамгонов, А. Ш.     Негізгі құралдар және материалдық
                     Бўйымдардың себі [Мәтін] оқу құралы.- Орал: [Б.ж.],
                     1997.- 56 б.

 
01.03.2011 15:50