Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155298

Коммерциялық банктер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
                                      
АҚША, НЕСИЕ, БАНКТЕР пәнінен
                 Курстық жұмыс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының коммерциялық банктері, оның қызметтері мен операциялары.
                                                                           Орындаған:
                                                                                   
                                                                Тексерген:
                                                                                                  
Астана 2009
                                           Жоспар
Кіріспе......................................................................................................................3
І.  Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
1.1. Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.....................................5
1.2. Коммерциялық банктің басқару және функционалдық құрылымы............7
1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары........................12
ІІ. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның  қызметтері мен операциялары.
2.1. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау...................18
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын    талдау......................................................................................................................21
2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтерін бағалау.........................28
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары....................................................31
3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру....................................................................34
Қорытынды............................................................................................................37
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................38
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
 Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
- 3 -
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,     жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын
жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
     Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,  кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары – біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді орындау керек:
- Коммерциялық банктің мәнін ашу;
- Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
- Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
- Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
- Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
                                                        - 4 -
      І. Коммерциялық банктердің негізі мен құрылымы.
     1.1.Коммерциялық банктер қаржы делдалдары ретінде.
     Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
     «Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған сондықтан «коммерциялық банк» деген атауға ие болды. Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономикалық өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан, да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің іскер деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсету олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
     Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200 – ге жуық әралуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
     Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездей-соқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
     Депозиттік-қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып коммерциялық
банктер қаржы делдары  ролін  орындайды. Банктің бұл  қызметі екі жаққа да
пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде коммерциялық банктер ретінде іскелік операциялар жүргізіп, уақытша бос ақша қаражатын тарту мүмкін емес.
     Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
    
- 5 -
     Банктік несие - ең қолайлы және көптеген жағдайда орны ауыстырылмай қаржылық қызметтердің формасы ретінде ол нақты қарыз алушының қажеттілігін ескереді және олардың қарыз алу жағдайына көндігуіне мүмкіндік береді.
     Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру. Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақша жасауы мен жоюында б.т. Бұл  жерде ақша деп тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің депозиттік және несиелік операцияларының көмегімен олар уақытша бос ақаш қаражаттарын жинақтайды және несие түрінде оларды бере отырып, халық шаруашылығының қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа төлем құралдарын жасайды.
- 6 -
     1.2. Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы.
     Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.
     Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін – Ұлттық  банкінің келесі бір хабарлауымен ашады.
     Банк филиалы – бұл бас банктің берген құқықтары шегіде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.
     Банк өкілдігі – депозит тартудан  басқа бір банктік операцияларды орындайтын және өз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.
     Еншілес банк – жарғылық қордың 50% - нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.
     Қазақстан бұрынғы КСРО – ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұранбанк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі)  республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалыға, Казкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)
     Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы – олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.
     Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық   құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан,
оған облыстық басқармалар бағанса, ал соңғысына аудандағы бөлімшілер бағынышты болып келді.
     Шетелде банк филиалдары заңды тұлға болуға және дербес мекеме ретінде тіркелуге құқылы. Көптеген банктердің филиалдары тұтыну несиесі, лизинг, факторинг, жылжымайтын мүлікті мерзімін ұзартып сатуға  мамандандырылған.
     Қазақстандағы соңғы уақыттарда құрылған барлық коммерциялық банктер филиалсыз, яғни шоғырланған болып келеді.
     Банктің ұйымдастырылуы құрылымы және соған сәйкес операциялары орталықсыздандыру дәрежесі, бірінші кезекте жалпылама түрде анықталады. Сондықтан да банктің бір – екі бөлімшесі болатын болса, онда орталақтан басқаруды жүзеге асыру тиімді. Кез келген жағдайда да барлық жүйені тиімді жедел басқарудың болғаны міндетті, өйткені шешім қабылдау барысында кешігу, бас кеңсе мен бөлімше арасында ақпараттық үзіліссіз болмауға тиіс.
    
- 7 -
     Банктің ұйымдастырылуы құрылымы басты екі әдіспен анықталады – банктің басқарылуы құрылымы және оның функционалдық бөлімшелері мен қызметтерінің құрылымы.
     Басқару органын тағайындаудың мақсаты – банктің негізгі қызметін іске асыру мақсатында, банктің коммерциялық қызметіне тиімді, үнемді және жедел жетекшілік етуді қамтамасыз ету.
     Банктің ұйымдастырылуына, ондағы жетекші мен бағыныштыларының қарым – қатынасына оның барлық қызметі тәуелді.
     Банкті басқарудың құрылымын анықтау, басқару органдарын бөліп қарауды, олардың банк операцияларын жүзеге асырудағы құзіретін, жауапкершілігін және өзара байланысын бекітуді алдын ала қарастырады. Банкті басқарудың жалпы тәсілдері мен құрылымы банктік заңдар арқылы белгіленеді, бірақ, басқару құрылымына қатысты көптеген сұрақтарды коммерциялық банктің дербес түрінде шешуге құқығы бар.
     Коммерциялық банктің басқару құрылымына оның жарғылық қорының қалай құрылуы (біртұтас, пайлық және акционерлік) немесе оның торабының (филиалды немесе филиалсыз) даму дәрежесі тікелей ықпал етеді.
     Қазіргі уақытта коммерциялық банктер көбіне акционерлік қоғам формасында құрылатындақтан да, оларды басқаруға акционерлері қатысады. Ондай формадағы банктің ең жоғарғы басқару органы банк акционерлерінің жалпы жиналысы болып табылады. Ол жарғыны, баланс пен есепті бекітеді, банктік саясаттың бағыты мен мақсатын анықтайды, басқарма мүшелері мен төрағасын сайлайды, банктің ревизиялық комиссия мүшелерін  сайлайды. Яғни банктің стратегиялық міндеттерін шешеді. Акционерлер жиналысы жылына бір рет, жылдық есепті, жылдағы балансты құрғаннан кейін бір айдан кешікпей шақырылады.
     Басқарма (банк кеңесі) – банк иелерінің, оның акционерлерінің өкілетті органы және олардың мүддесін қорғайды. Басқарманың ең басты міндеті жұмсалған капиталға қажетті пайда деңгейімен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, кеңес клиеттерінің мүддесін қорғау туралы да жұмыс жасауға тиіс.
     Жетекші орынға адам таңдау. Осы заманғы банк – күрделі және біршама тәуекел кәсіпорын болғандықтан да, оны білгір, білікті мамандар мен жауапкершілігі бар адамдар басқаруы тиіс.
     Комитет құру. Ірі банктерде шешім қабылдау үшін мынадай комитет құрылады: әкімшілік (ағымдағы сұрақтарды), есеп-қарыздық ( несие беру инвестициялау), ревизиялық (қаржылық жағдайын тексеру).
     Қарыздық және инвестициялық операцияларға бақылау жасау. Басқарма заңды түрде несие мен бағалы қағаздар портфелінің құрылымына банк саясатының бекіткен мақсаттарына сәйкес бақылау жасайды.
     Банк қызметінің мерзімді тексеру. Басқарма мүшелері банктің операцияларына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Өз мәжілістерінде басқарма,    бөлім   жетекшілерінің    есептерін    тыңдайды   және   банк   ісін
 
- 8 -
талқылайды. Басқарма мүшелері өздерінің шешімдері, зияндары, қателіктері, банктер туралы заңда бағынбағандары үшін жауапты.
     Кеңес коммерциялық банктегі акционерлер жиналысының нұсқауына сәйкес тәжірибелік қызметті жүргізетін ең жоғары басқару органы болып табылады. Кеңес (басқарма) тәжірибелік операцияларға жетекшілік жасау және жүзеге асыру үшін банкті басқаратын құрылым құрады. Операцияларды басқару ресурстарды жинақтау қызметтеріне және оларды пайдалану тәсілдеріне бөлінуге негізделген.
     Директорлар кеңесі іс - тәжірибелік операцияларды жүзеге асыру және басшылық ету үшін банкінің басқару құрылымын құрады. Өкілеттік көлемі мен өз бетіндік дәрежесі бойынша басқару құрылымы 3 деңгейден тұрады.
1. жоғарғы менеджерлер;
2. администраторлар;
3. қадағалау және ревизиялық функциялар берілген тұлғалар.
     Жоғарғы менеджерлер - бөлімдер мен службалардың қызметтерін     шоғырландырады, олардың бағдарламаларымен нақты мақсатын айқындайды, кеңес және олардың жұмыстарына бағасын береді. Олар өздерінің басты назарын банк жұмысының нәтижесіне аударды.
     Администраторлар - бөлімше жетекшілері. Олардың басты мақсаты - өздерінің  бөлімшелерінің дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
     Үшінші деңгейдегі қызметкерлерге – қадағалаушылар жатады. Бұл қатардағы жұмысшыларға көмек көрсететін, күрделі және даулы сұрақтарды шешетін, нақты жағдайлар бойынша кеңес беретін, персоналды оқытумен айналысатын шағын маманданған топтар немесе бөлімшелерге басшылық ету тапсырылған неғұрлым мамандандырылған кәсіпқой мамандар.
     Бақылаушы – бухгалтерлік және статистикалық бөлімінің жұмысын басқарады, жұмыстың жаңа тәсілдерін және есептің автоматтандырылуымен айналысады.
     Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттіліктердің бөлінуі тағы сол сияқты факторларға байланысты және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Банк құрылымын ұйымдастырудың ұтымдылығын талдау – жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операциясының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады. Банктік іс тәжірибеде банктік ұйымдастырушылық құрылымының 2 түрі бар: функционалдық және дивизионалдық.
     Функционалдық ұйымдастырушылық құрылымы банк қызметінің жекелей бөліктерге бөлінуі, іс-әрекеттің немесе қызметінің оқшауланған саласының белгілі бір дәрежеде көрсетілуі, олардың жүзеге асырылуы банктердің алдына қойған мақсатына жетуге септігін тигізеді. Мұндай банк қызметтерінің оқшауланған салаларына, әдетте банк операцияларын басқару, маркетинг, бухгалтерлік есеп пен есеп беру және шаруашылық басқару, тағы
- 9 -
басқалар жатқызылады. Бұл функционалдық блоктардың шешетін міндеттерінің көлеміне байланысты шағын бөлімше құрылуы мүмкін.
     Дивизионалдық ұйымдастырушылық құрылымы үнемі өзгеріп отыратын нарық жағдайында, несиелік мекемелердің арасындағы бәсекелестіктің өсуі жағдайында қолданылады. Мұндай құрылымда банк бөлімшелері функционалдық белгілері бойынша бөлінбейді, ал банктердің ұсынатын өнімдерінің түрлеріне сәйкес тұтынушылардың топтары аймақтық белгісі бойынша бөлінеді. Бөлімшелер деген ұғымға әр түрлі құылымдық бірліктер – басқару бөлімдері, қызметтер, секторлар кіреді.
     Банк өзнімінің әр түрлі түрлерін көрсетуге бейімделген құрылымдар да, өз клиенттеріне қызметтің жеке түрлерін үлкен көлемде көрсететін банктер де жиі кездеседі.
     Операциялардың нақты түрін көрсетуге маманданған бөлімшелердің жетекшілері жоғары білікті, осы салада үлкен тәжірибесі бар оның мамандары, оны жоғары бәсекелес қабілетті етеді. Өнімдерінің белгісі бойынша ұйымдастырылған банктер, осыған орай, қызмет көрсетудің сапасы әлемдік стандартқа жеткізуде, сонымен бірге банктің өнімдерінің жаңа түрлерін дамытуда қосымша артықшылықтарға ие.
     Тұтынушылардың әр түрлі топтарына бейімделген құрылым. Мұндай принциптер бойынша құрылған банкткер өзінің басты назарын клиенттердің белгілі бір тобына бөледі, басқаша айтқанда белгілі бір тұтынушылардың сегментіне көңіл бөледі. Ірі банктердің құрылымында: корпарацияларға қызмет көрсету басқармасы, несиелендіру бөлімі, инвестициялық қызмет көрсету, трасталық операция; тиісті бөлімдері бар тұрғындарға қызмет көрсету басқармасы бар.
     Аймақтық ұйымдастырушылық құрылымы. Банктер үлкен географиялық ауданды қамтып іс-әрекет еткен кезде, оның ұйымдастырушылық негізінде іс әрекет ететін бөлімдердің торабы арқылы құруды болжайтын, әр түрлі аумақтарда өз қызметін ұсынатын аймақтың ұйымдастырушылық құрылымы приципі жатуы мүмкін. Мұндай обылыс, аудан шегінде клиенттерге қызмет көрсетуге бағытталған құрылым жергілікті жағдайларға дұрысырақ білуге мүмкіндік береді.
     Қазіргі кезде республикада банк қызметтерінің сан алуан түрін көрсетуге, әртүрлі клиенттер топтарымен жұмыс жасауға, сонымен бірге, аймақтың жергілікті ерекшеліктеріне бейімделген коммерциялық банктердің дивизиондық құрылымы құрылған.
     Банктің жалпы ұйымдастырушылық құрылымында бөлімдердің екі типін бөліп көрсетуге болады: желілік функцияларды орындайтын және штаптық функцияларды орындайтын бөлімдер.
     Желілік бөлімдер тікелей операциондық жұмыспен айналысады: салымдық, несиелік, трасталық, бағалы қағаздарды сату сатып алу және т.б.
     Штабтық бөлімдер – желілік бөлімдерге қызмет көрсетумен айналысады. Яғни, инфрақұрылымдық оның дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Бұл
- 10 -
жоспарлау, кадрлар,заң,статистикалықбөлімдер.Банктің ұйымдастырушылық құрылымын, банк басқармасы және басқару бөлімдері құрайды, олар банк операцияларының жіктелуін есепке алады, сәйкестендіре отыра олардың функционалдық белгісі бойынша қалыптастырады. Коммерциялық банктер шаруашылық есепті ұйымдастыру, пайдалылық, өтімділік қызметтердің сан алуан түрлерін орындауына үлкен көңіл бөледі. Бұл үшін тиісті құрылымдық бөлімшелер құрылады.
     Депозиттік операцияларды басқару банктің меншіктік капиталымен тартылған қаражаттарды есептеу және талдауым айналысады. Ол әдетте депозиттік операция, қор бөлімдерінен  тұрады. Бұның біріншісі салымшылармен шарт жасасумен, депозиттік қаражаттарды есептеу, талдаумен айналысады, екіншісі банктік меншіктік қаражаттарын есептеу және талдаумен айналысады.
     Несиелік басқарма қарыз алушыларды несиелендіру сұрақтарымен айналысады. Ол әдетте тұрғындарды қысқа мерзімді несиелендіру, банкаралық операция және тағы басқа бөлімдерден тұрады.
     Банктің филиалдарын басқару филиалдардың қызметіне жетекшілік етумен, бақылаумен, банк филиалдарына іс-тәжірибелік әдістеменлік көмек көрсетумен айналысады.
     Есеп-кассалық операциялар басқармасы – клиенттнрге шот ашумен, кассалық операцияларды және есеп айырысуды жүргізумен айналысады.
     Валюталық басқарма валютамен операцияларды жүргізуге арналған.
     Статистикалық және талдау бөлімі статистикалық ақпараттарды талдау, жинаумен және клиенттерге ақпараттық – анықтамалық  қызмет көрсетумен айналысады.
- 11 -
      1.3. Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары
     Коммерциялық банктердің екінші дәстүрлі-базалық қызметі-экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады.
     Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассвтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер – несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
     Коммерциялық банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша – қысқа мерзімді(1жыл), орта мерзімді (1-ден 5 жылғам дейін) және ұзақ мерзімді(5 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша – қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты – активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты – негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздыр.
     Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттерліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары коммерциялық банкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
     Лизингтік операциялар. «Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру.
     Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз, немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал – жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық – техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизинг түрлері әр түрлі:
    1. Жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық төзу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал – жабдықтар.
     2.Қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал – жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген.
- 12 –
     Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
     Факторингтік операциялар – клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру. Факторингтің мәні – банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
   Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
 - қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;
 - жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
 - несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру;
     Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
     Регистік құқы бар толық қызмет етудің алдыңғысынан айырмашылығы – факторингтік компания жабдықтауды көрсететін несиелік тәуекелді сақтандырмайды. Бұның мәні компания егер төлем құжаттары төленбесе, оларды жабдықтаушыға қайтарып бере алады.
     Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпаративті  клиенттері үшін әр түрлі  қызметтер орындайды. «Траст» - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады.
     Коммерциялық банктер трасталық операциялармен қасымша табыс алу үшін айналысады. Сол сияқты корпарациялар, фирмалар және олардың ақша қаражаттарын басқару үшін, ірі клиенттермен байланыс орнату үшін айналысады.
     Трасталық қызметтер үшін комиссиондық төлемақыны әрбір операцияға дифференциалды түрде қояды: агенттік қызметтер үшін келісімді түрде, басқаларына заңмен немесе сот шешімімен қойылады.
- 13 -
     Инвестиция дегеніміз – бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу. Тікелей инвестиция – бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал – жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттікғ шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарға жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекеті тәртібі ережелері анықталады және инвестор құқтары қорғалды.
     Коммерциялық банктердің инвестициялық қызметінің мақсаты -  қаражаттардың сақталуын қамтамасыз ету, диверсификацияны, табысты және өтімділікті қамтамасыз ету.
     Бағалы қағаздар – бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер).
     Қордық бағалы қағаздар, әдетте эмиссияның массалық сипатымен ерекшеленеді, олар өте көп мөлшерде эмиссияланады және акционерлік, немесе облигациялық қорда белгілі бір үлеске ие екенін растайды.
     Олар негізгі және көмекші болып бөлінеді. Негізгі қорлық бағалы қағаздар негізгі мүліктік құқық немесе талапқа негізделген (акция, облигация), ал көмекші бағалы қағаздар қосымша құқтар мен талаптарды білдіреді(купондар, талондар).
     Мәлімдеуші бағалы қағаздар – бұл мәлімдеуші чектер, акциялар, облигациялар, салымдық анықтамалары, қоймалық  анықтамалар және т.б. Оларды сату және иесінің құқтарын растауы үшін тек мәлімдеу керек.
     Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде – департамент немесе басқарма басқарма, орташалары мен кішілерінде – инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен, немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомостволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
     Бағалы қағаздар нарығы – бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму самтысында.
     Коммерциялық банктер пайда табу үшін басқа эмитентердің бағалы қағаздармен сауда – саттық операцияларды жүргізеді. Берілген опрерациялар
- 14 -
бірнеше қызметтерді атқара алады: олар өтімділігі жоғары табысты активтерді қалыптастыру құралы бола алады. Бұл операциялардың басқаша тағайындалуы – алыпсатарлық табыс алу. Бағалы қағаздар нарығының бағалық коньюнктурасы алыпсатарлық операциялар үшін қолайлы болып келеді. Банктер коммиссиондық төлем ақы үшін бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздарды сақтайды, олардың есебін жүргізеді және бағалы қағаздармен басқа да депозиттік қызметтерді көрсетеді.
     Кеңес беру қызметі. Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне банктік мекеменің ерекшеліктеріне байланысты, экономика және қаржы, инвестициялау, несиелеу, есеп айырысу, есеп жүргізу және есеп беруге байланысты кеңес беру  қызметін көрсетеді. Бұл қызмет көрсетулер   банктер 
тарапынан  пайда табу мақсатында ғана емес, сондай-ақ клиенттерге банк ісінің қырларын білу үшін, жаңа қызмет түрлеріне қатысты толық түсіндірмелер беру арқылы жаңа клиенттерді тартуға да байланысты көрсетіледі.
     Ақпараттық қызмет көрсету. Қазіргі кездегі телекоммуникациялар, компьютерлік байланыстарды игере отырып, банктер жеткілікті түрде коммерциялық немесе коммерциялық емес ақпараттарды да иеленеді. Сонымен қатар, банктер клиенттерге әр түрлі  қызметтер көрсете отырып, олардан түрлі мәліметтер алады. Ақпарат алудың басты көзі басқа банктермен және ірі ақпараттық агенттіктермен өзара ақпараттар алысу болып табылады.
     Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды.
     Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер коммерциялық банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
     Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің кленттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының барлығын түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды   салымдарға   тарту   және    оларды    пайда  табу  мақсатында
орналастару  жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Осылардың негізінде   коммерциялық  банктердің  несиелік  ресурстарының негізгі бөлігі
- 15 -
құалады. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
     Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшырармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді. Кейбір мемлекеттерде пайыздарды есептеуге заңды тәртіппен тыйым салынған.
     Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады. Мерзімді салымдар меншік меншікті салымдар және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді. Меншікті мерзімді салымдар шот иелеріне алдын ала белгіленген күні қайтарылады, ал осы күнге дейін банк оларды өз қалауын бойынша иемденеді. Егер шот иесі белгіленген күні соманы кері алмаса, онда оны сол күннен кейін ағымдағы шот секілді пайдаланады, сондай ақ ол өз ақшаларын кез-келген келесі күндерде кері ала алады.
     Депозиттердің үшінші түрі – жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек.   Депозиттердің   басқа   түрлеріне   қарағанда   жоғары    пайыздардың
төлеудің жинақ салымдары құнтты демеу және салымшылардың жинақтарын банктерде сақтауды ынталандыру үшін пайдаланады. Халық пен коммерциялық емес ұйымдар кәдімгі жинақ салымдарын қолданалды.
     Коммерциялық банктер негізінен өз  клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
     «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы» Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- 16 -
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизинтік операцияларды жүзеге асыру.
     Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау.

- 17 -
     II. Коммерциялық банктердің оның ішіндегі «ТұранӘлемБанк» АҚ – ның қызметтері мен операциялары.
     2.1. «ТұранӘлемБанк»  АҚ-ның экономикалық жағдайын талдау.
     “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелендіру бағдарламалары – бұл сіздің проблемаларыңызды шешудің ыңғайлы жолы және халықтың тұтыну тауарларын несиеге алу, әртүрлі қызметтердің ақысын төлеу, тұрғын үй, автокөлік және – өзге де құралдарды сатып алу үшін қажетті соманы оперативті түрде беру. Бұл үшін банкке көп құжат өткізудің қажеті жоқ, берілген құжаттар мұқият қаралған соң әрбір клиенттің өтініші бойынша шешім қабылданады. “ТұранӘлем” банкінің тұтынушылық несиелері – бұл ұзақ уақыт бойы ақша жинамай-ақ, өзіңіздің қалаған затыңызға жылдам қол жеткізуге мүмкіндік беретін қолайлы ұсыныс.
Қызмет көрсетудің артықшылықтары:
1. Қаржыландыру құнының төмендігі. Банк кешенді несиелендірудің әртүрлі схемаларын пайдалана отырып, клиенттердің пайыздық шығындарын тиімді жасауға ықпал етеді.
2. Пайыздық мөлшерлемелерді төмендету мүмкіндігі. Несие операциялары бойынша мөлшерлемелер рынок жағдайындағы өзгерістерге сәйкес белгіленеді және түзетіледі, сондай-ақ банк пен клиенттер арасындағы ынтымақтастықтың берік орнауына қарай төмендетілуі мүмкін.
3. Несиелендіру мерзімін ұзарту мүмкіндігі. Несие желілері аясында жобаларды қаржыландыру тек төмен пайыздық мөлшерлемелерді қолдануға ғана емес, сондай-ақ несиелендіру мерзімін 3 жылдан 5 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
4. Несие алуға берілген өтініштер жедел түрде қаралады. Банк қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін бар күшін салады, осының нәтижесінде жобаны сараптау жұмыстары тез арада жүзеге асырылады.
5. Аймақтарды қаржыландыру. Біздің банкіміздің қызметтерін Республиканың барлық облыс орталықтарында пайдалануға болады. Банктің бүкіл Қазақстан бойынша тармақталған аймақтық филиалдары мен есеп айырысу-кассалық бөлімдері (ЕКБ), сондай-ақ шет елдерде де бірқатар өкілдіктері бар.
ТӘБ несиелендірудің келесі түрлерін ұсынады:
Тұран Әлем банкі өз уақыты мен жайлылықты бағалайтын клиенттеріне арналған Любимая"несие желісі" жаңа бағдарламасын ұсынады. Бұл несие желісін аша отырып, бір жолғы несиелеуге қарағанда көптеген артықшылықтарды пайдалана аласыз.
- 18 -
ТұранӘлем банкінің “Любимая” несие желісі – бұл Сіздің тұрмыс жағдайыңызды әп-сәтте жақсартудың ең дұрыс шешімі. Бір сөзбен айтқанда, әдемі өмір сүргіңіз келсе, ТұранӘлем банкі ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланып көріңіз. Ақшаңызды айқын болашақ пен ауқатты өмір үшін жұмсаңыз. Осы орайда ТұранӘлем банкі Сізге қолдау көрсетеді, өйткені Банк үшін ең басты құндылық – бұл оның клиенттері!
"ТұранӘлем" банкі көп жылдар бойы жеке тұлғаларға арналған депозиттер рыногында алдыңғы қатарда келеді. Қаржы - қаражаттарыңызды орналастыру мерзімінің өзіңізге тиімді түрін таңдай алу мүмкіндігі Нақты таңдалған уақытта қаржыңыздың қозғалысын жоспарлауға көмек береді. "ТұранӘлем" банкі Қазақстан Республикасы аумағында есеп айырысу-кассалық бөлімшелердің кең желісіне ие, бұл бөлімшелердің кез келгенінде депозит рәсімдеуге болады. Сондықтан, депозит рәсімдеу үшін үйіңізден алысқа   ұзаудың   қажеті   жоқ.  ТӘБ   филиалдық   желісінің   тағы   да   бір
ерекшелігі - кез келген жақын жерде орналасқан есеп айырысу-кассалық бөлімшесінде (нақты бір ЕКБ-де ғана емес) депозитт ашуға да, жабуға да болады.
Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.
 Банк шығындарының жалпы көлеміндегі үлкен үлесті (37%) процентік шығындар иеленіп отыр. Бұл шығындар несиелік мекемелердің және клиенттердің банк міндеттемелеріндегі қаражаттар үлесінің ұлғаюымен себепші болып отыр. Проценттік табыстардың проценттік шығындардан 1,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюы банктің жемісті жұмысын растап отыр.Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың пайдаға ықпалы өте зор. Сыйақыны алумен байланысты таза табыстың көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 57,6% -ке өсті. Банктің проценттік емес табыстарының құрамында үлесі жоғары көрсеткіштер: қызмет көрсеткені үшін төлем, төлемдерді аудару, комиссиондық жинақтар және қаржы операциялардан табыс. Бұл операциялардың құрамына бағалы қағаздарды, асыл металдарды және шетел валютасын сатып алу-сату бойынша табыстар кіреді.
Банктің клиенттермен өзара қатынастарының келешекте дамуы барлық клиент сегментін мұқият зерттеуін талап етеді. Осы мақсатта банк мамандары қаржы нарығының тұтынушылық талғамдарын және даму тенденцияларын күрделі зерттеуін жүргізу шараларын қолданады. Осы зерттеулердің нәтижелері банктің ұзақмерзімді клиенттік саясатының негізін құрамақ. Оның ішіндегі маңызды принциптерінің бірі «банк-клиентке» қатысты  серіктестік  жағдайларын  және  өзара  тиімділікті  құру
- 19 -
 болып табылады. Бұндай қатынастарды құрудың инструменттеріне тарифтік саясатты жетілдіру және де сатуды ынталандыру және қолдау бағдарламаларын құру және іске асыру кіретін болады; осы шаралардың кешені банктің клиенттік менеджерлерінің құрамын күшейтуге, олардың білімдерін және мотивация деңгейін жоғарлатуға бағытталған.2007 жылғы 01 сәуірдегі жағдай бойынша ТұранӘлем банкінің активтері жыл басынан бері 18,5 пайызға өсіп, 19,4 млрд. долларды құрады, нәтижесінде активтер бойынша ТӘБ-нің нарықтағы үлесі 24,6 пайызды құрады. Негізгі көрсеткіштер 2007 жылдың 1-тоқсанының соңында активтердегі үлесі 66,5 пайызды құраған банктің несиелік портфелінің өсуімен байланысты. 1- тоқсанның соңында шағын, орта бизнес және бөлшек саудаға берілген несиелер барлық несие портфелінің шамамен 40 пайызын құрады.
2007 жылғы 01 сәуірде таза пайда 103 млн. долларды құрады, бұл өткен жылдың осы мерзіміндегі көрсеткіштен 1,9 есеге өскенін көрсетеді және пайданың 65 пайызынан тұрады, сыйақы мен комиссия бойынша – 15%, сондай-ақ қазынашылықтың саудалық мәмілесі бойынша -20%-ды құрайды. ROAA 2,17%б, ROE 24% және сost to income 27,6%-ды құрайды.
1-тоқсанда депозиттер көлемі 23,1%-ға өсті. Депозиттер қорландыруды 26,4 пайыз активтермен қамтамасыз етті. 2007 жылдың 1 тоқсанының соңында міндеттемедегі жеке тұлғалар депозиттерінің үлесі 21,1 %-ды , заңды тұлғалар депозиттерінің үлесі 15,5 %-ды құрады. Осылайша ТӘБ депозиттік қорының өсу қарқыны ЕДБ депозиттік қорының өсу қарқынынан 3 пайызға асып түсті.
Халықаралық нарықтардан капитал тарту әлі де болса банк қорының өсуінің негізгі көзі болып табылады. Банк жыл басында жария етілген халықаралық нарықтардан қаржы тарту жоспарын әрі қарай жалғастырады. Аталған жоспарға сәйкес банк жалпы сомасы 2 млрд. долларды құрайтын еурооблигациялар шығару және синдикатталған несиелер арқылы ашық түрде  қаржы   тартпақ   ниетте. 
- 20 -
2.2. «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның активті және пассивті операцияларын талдау.
2005 жылдың 1 наурызына қарай банктік сектордың жиынтық есептік меншікті капиталы 1 айда 606 млрд. теңгеге немесе 1,9%-ке ұлғайып, 361,3 млрд теңгені құрды. Банктердің жиынтық активтері 164,1 млрд. теңгеге дейін жетті. Капитал адекваттылығының көрсеткіштері есеп беру кезеңіне К1 – 0,093; К2 – 0,158 құрған болатын (01.02.05 күніндегі жағдай бойынша: К1 – 0,097; К2 – 0,162).
Банктердің ссудалық портфелі (банкаралық заемдарды ескере отырып) 1 айда 56,5 млрд. теңгеге өсіп (3,1%), 1869,4 млрд. теңгеге дейін жетті. 2005  жылдың 1 наурыздағы жағдай бойынша банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелердің үлесі 57,9%, күдікті – 38,8%, сенімсіз – 3,3% құрады. 2005 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша стандартты несиелердің үлесі 56,2%, күдікті – 40,9%, сенімсіз – 2,9% құраған болатын.
Заңды және жеке тұлғалардан тартылған салымдардың жалпы сомасы (банктер мен халықаралық қаржы ұйымдарынан басқа) 8,4%-ке ұлғайып, 4713,6 млрд. теңгені құрады. Соның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 80,5%-ке ұлғайып, 1253,9 млрд. теңгені құрады, жеке тұлғалардың салымдары 3,0%-ке өсіп, 459,7 млрд. теңгені құрады.
Екінші деңгейдегі банктер табыстарының жалпы сомасы 2005 жылдың 1 наурызына өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 25,8%-ке ұлғайып, 60,9 млрд. теңгені құрады. Шығындар сомасы өткен жылдағы тура сол кезеңімен салыстырғанда 31,7%-ке өсіп, 55,2 млрд. теңгені құрады. Банктердің бөлінбеген таза табыстары 5,7 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдағы тура сол кезеңіндегі көрсеткіштен 12,3%-ке төмен болып тұр.
Есеп беру кезеңінде 14 банк мәжбүрлі тарату процесінде орын алып отыр.
     Жалпы   банк    жүйесіндегі     депозиттер    өсімінің    тенденциясын  1 – 2 қосымшалардан  байқауға  болады. 
  Ал енді «ТұранӘлемБанктің» шаруашылық қызметінің көрсеткіштеріне сипаттама берейік.
"ТұранӘлемБанкі" АҚ қызметінің басты бағыттарының бірі заңды тұлғаларды қаржыландыру (несиелендіру) болып табылады. Біз өз қаражаттарымызбен, сондай-ақ шетелдік несие желілерін тартумен қысқа мерзімді қаржыландыруды, орта және ұзақ мерзімді қаржыландыруды жүзеге асырамыз. Қандай да бір жобаны уақтылы қаржыландыру оның іске асуына себеп болады, ал егер қаражат қарастырылмаған жағдайда тамаша жобалар тек қағаз бетінде ғана қалып қояды.
 «ТұранӘлемБанк» соңғы жылдары қарқынды даму үстінде. Валюта балансы 2005 жылы 58 млрд. теңгеден 2006 жылы 95,4 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл жағдай банкті көптеген көрсеткіштер бойынша Қазақстанның банктік қызметтер нарығында 4-ші позициямен қамтамасыз етіп отыр.
- 21 -
Коммерциялық ссудалардың өсім қарқыны баяулады (2005ж. – 59,7%, 2006ж. – 63,4%), бірақ баланс валютасындағы олардың үлесі салыстырмалы түрде қалып отыр және орналастыру құралдырының арасында жоғары үлес салмаққа ие болып отыр.
Халықаралық қаржы институттарымен ынтымақтастықтың шеңберінде банктердің және қаржы мекемелерінің алдындағы міндеттемелерінің құрамында – 92,0 млн. АҚШ доллар сомада 2 синдицирленген займ (2005 жылдың маусымында және қазан айында 1 жыл мерзімге тиімді жағдайларда алынған).
2005 жылдың басында банк 2007 жылда өтеу мерзімімен субординирленген облигацияларды, 2006 жылдың желтоқсанында 5 жыл айналым мерзімімен ішкі теңгелік облигацияларды шығарған болатын. Бұл банкке өзінің пассивтерінің құрамында клиенттерді несиелеудің көзі болып табылатын ұзақ мерзімді қаражаттардың үлесін ұлғайтуға мүмкіндік берді.
 
1-сурет. Жылдар бойынша активтер өсімінің динамикасы (мың. тг.)
 Клиенттерге ұсынылған ссуда бойынша сыйақы 2006 жылда банк табыстарының негізгі бабы болып табылады. Есеп беру жылында банктің осы қызметінен түскен табыстардың сомасы 2005 жылмен салыстырғанда 49,4 %-ке ұлғайды. Процетті алумен байланысты емес табыстар банктің бүкіл табыстарының 14%-н құрады. 2006 жылы банк табыстарының жалпы көлемінде 18%-ті құрай отырып, комиссиондық табыстар 37,9%-ке өсті және де бұл клиенттік базаның өсу динамикасын көрсетіп тұр.
2003 жылы ЕБРР Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде Келісімге қол қойды  және одан әрі  Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алды.
   Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.
- 22 -
Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:
• Банктік қызметтерді кеңейту.
Сондай-ақ, банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративтік клиенттік базасын кеңейте және несие (ссуда) қоржынының сапасын жақсарта бермек.
• Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту.
Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек.
Талдау банк қызметін толық бағалау үшін жасалынады. Талдаудың материалдары  банктің дамуында артықшылықтар мен кемшіліктерді, жоғалтуларды, пайдаланбаған резервтерді, жоспарлауда кемшіліктерді табуға  көмектеседі. Банктің жарғылық қызметі   ортақ ақша өлшеуіште  көрсетіледі және негізгі және айналымдағы құралдар, тартылған құралдар, банктің жарғылық қызметті орындағанда   пайда болатын процестер және қаржылық нәтижелер болып табылады.
Өзіндік және тартылған құралдар  банктік құралдардың ресерстарына  жатады.  Жарғылық капитал -  банк құрылған кезде  салынған акционерлердің құралдары  немесе құрылтайшылардың  жаңа салымдары,  ол жаңа құрылтайшыларды  алғанда және акцияларды шығарғанда көбею мүмкін. «ТұранӘлемБанк»  АҚ-ның жарғылық капиталы 1.01.2007ж-117,498,432 мың теңгеге тең.  Резервтік қор шығыстарды, шығындарды, күтілмеген  төлемдерді және  есептелмеген   төлемдерді  жабу үшін  құрылады. «ТұранӘлемБанк» АҚ-да резервтік қордың мөлшері 1.07.2007ж. 2,634,384 мың теңге. Арнайы қор  - тозу түрінде  банк шығыстарға  қосылған бұрын  алынған негізгі қорларға және құндылығы аз  және тез тозатын құралдарға   қалпына келтірілген шығындардың соммалары. Банк қызметінің  қаржылық нәтижелері  пайда мен шығындардың  құрамын бақылауға  мүмкіндік береді және  де пайдаға немесе шығындар  құрамына бірден  қатысатын шығыстар мен табыстарды  бақылауға мүмкіндік береді.
Банктің экономикалық  қызметі өте кең, сондықтан  банктің қызметін  басқару стратегиясын  біз активтер мен пасситерді  басқару стратегиясы   ретінде қарастырамыз.  Активтерді басқару  - өзіндік  құралдарды таратудың жолдары және  тәртібі,  яғни ақшаға, инвестицияларға, ссудаларға және басқа  активтерге реттеу.  Құралдарды тарату  кезінде банк алдында өтімділік  және пайдалылық  арасында дау - жанжалдарды шешу міндеті тұрады.  Бұл мәселені шешу үшін активтерді  басқарудың 3 әдісі бар:
-   Құралдардың жалпы қордың әдісі
- Активтерді тарату  және құралдарды конверсиялау
- Ғылыми басқару;
- 23 -
     Пассивтерді басқару кең мағынада салымшылардың және басқа несие алушылардың құралдарын пайдаланумен байланысты және банк үшін құралдардың қайнар көздердің сәйкес қиыстыруын  анықтаумен байланысты  қызмет болып табылады, ал тар мағынада – баланстың өтімділігін ұстауына, нарықта несиелік ресурстардың мобилизациясын ұстауына  бағытталған қызмет. Пассивтерді  басқару кезінде банктер тартылған құралдардың шығыстарын  азайтатын қайнар көздерін пайдалануға  ұмтылу қажет,  өйткені бұл банкте   пайданы және капиталды  өсіру үшін көп жаңа құралдарды пайдалануға  мүмкіндік береді.  Сонымен қатар банкте жоғары табысты активтерді  ұстау үшін  құралдардың қалаулы тұрақтылық деңгейін  қамтамасыз ете алатын  депозиттер, зайымдық құралдар және  капитал  өлшемдердің  арасында банк  оңтайлы қатынасты  таңдау қажет.
Несиелік ресурстар нарығында  Ұлттық Банк Өкіметке  және екінші деңгейлі банктермен   берілетін несиелерге  шектер орнатады,  бұл арқылы  коммерциялық банктердің пассивтердің қалыптасуына ықпал етеді.
Макроэкономикалық деңгейде  қазір бар  маңызды мәселелер  банктің тұрақты жағдайына  кедергі жасап отыр. Бірақ біздің банктердің көптеген  мәселелері тек қана  экономикалық жағдайдың қиын  болу себебінен  болмайды: олардың  пайда  болуының  негізгі  себебі – банктік  стратегияны  және  тактиканы  жүзеге асыруға  байланысты басқаруда маңызды  қате есептеу.
Сонымен, нарықтық жағдайда  банкті тиімді басқару үшін   әр түрлі жоспарлы аналитикалық  жұмыстың маңызды көлемін  жасау қажет.
Талдау қадамдардың ең маңыздысы  өтімділікті талдау болып табылады. Баланстың өтімділігін талдаудың тәжірибелік мақсаты – бұл  ақша-қаражаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін  қажет өтімділік құралдарға қажеттіліктерді алдын ала анықтау.
Енді «ТұранӘлемБанк» АҚ-ның балансын талдауға көшейік. Басқа банктерде сияқты, баланстың өтімділігін талдау коэфиценттер  әдісімен жасалынады. Ағымды өтімділіктің коэфиценті: 
Кө=__АӨ_ 
           М
Кө=_224981______= 0,9                                     1.04.2004 жылға
 1663574000
 1.07.2005 жылға
Кө=___320047000______= 0,32
     166357400
- 24 -
   
2-сурет. Клиенттер санының динамикасы
 «ТұранӘлемБанк» АҚ-да ағымды өтімділікте өтімділі активтердің және  міндеттемелердің өсуі  ықпал етті. Негізгі кезеңмен салыстырғанда  өтімділі  активтер  2,6 –ға  өсті,  ал міндеттемелер – 1,02-ге  өсті, нәтижеснде ағымдық өтімділік  1,68 –ге өсті. Өтімділік деңгейіне  кассада ақша құралдардың тез өсуі ықпал етті.  «ТұранӘлемБанк» банкте  1.07.2005 жылда 4 % ақша құралдар болып табылады, ал  басқа активтер және бағалы қағаздар, 96% банкке  табыс әкеледі.  Сонымен, берілген құралымды оңтайлы деп  айтуға болмайды.
Банктік жағдайды  толық бағалау  үшін  лезде өтімділік коэфиценті пайдаланылады.
Каө= __Аө_    
           Об. М
Каө =__224981+258448+497005____=____980434_____=0,5     
 1669209+0287761 1956970
Каө =____220047+661015+772768____= ___1653930___=  0,84
 1663574+0+289989 1953563
Осы жердегі мағына мынандай  болып отыр:  бұндай міндеттемелер бір кезде  пайда болса,  онда банк клиенттермен  есептесе ала ма. «ТұранӘлемБанк»  1.01.2004  жылда  0,5   коэфицнеті болды, яғни егер клиент бір күнде  өзінің барлық құралдарын тартып алатын болса,  онда банк өзінің клиенттіердің  50%-мен есептесе алмайды, ал  1.01.2005 жылда 0,84-84% - мен  пайызымен есептесе алмайды. Бірақ тәжірибеде ондай бола алмайды,  егер банк толығымен банкрот болса ғана.
Бұл ұзақмерзімді коэфицент жоғары еместігін көрсетеді, яғни  банк займшыларға  ұзақмерзімді несиелерді  аз береді.
 Бұл  Қазақстан экономикасының кризистік  жағдаймен шартталған;  мемлекетте әлі тұрақты қаржылық жағдайы бар сенімді займшылар  жоқ.
Осы берілгендерге  сүйене отырып, мынандай қорытынды жасауға болады: банк қарыз алудың сыртқы  қайнар  көздерді    пайдаланбайды. Оның
ұлттық банк алдында  қарыз үлесі төмен.  Өйткені банкте өзінің ресурстары көп, көп артық активтер бар. Сонымен қатар оның өзінің активті операцияларды, әсіресе жоғары табысты, кеңейту үшін  көп мүмкіндіктер
- 25 -
бар. Ол активтерді одан да көп  диверсификациялау және үлкен табыстарды әкелетін  клиенттерге белсенді қызмет көрсетулерді кеңейту қажет.
Осыны қорытындылай келсек коммерциялық банктердің өтімділіктің талдаудың  маңызды қызметтерін анықтауға болады.
 «ТұранӘлемБанк» АҚ  Ұлттық Банкке өзінің  қызметі туралы анықталған  түрде кварталдық  және жылдық есеп беруге  міндетті:
- жаңа жылдың бірінші күніне жылдық баланс;
АҚ «ТұранӘлемБанк» резервтік қор – 6999.
-   тәуекелді имитирлеу,  бір займшыға  тәуекелдің максималды  өлшемі,  ол несие бойынша  банк міндеттемелердің соммалардың банк капиталына қатынасы. Оның максималды  мағынасы  0,5-тен  1-ге дейін.
К=___2453193____=0,38
 79422596
1. Жеке баланстық есеплердің құрамын анықтау:
- Кварталдық баланс
- Валюталық  операциялар бойынша есеп
Шығарылған есептеулер бойынша  «ТұарнӘлемБанк» АҚ өтімділі болғаны  көрініп тұр,  яғни төлемқабылетті, сәйкесінше  банктің тартылған құралдар   клиенттер алдында ұзақ мерзімді  міндеттерді орындай алады.  Тиімді перспективамен  негізгі өтімділіктің  коэфиценті бойынша банк қызметі сипатталады, бұл экономикасының нақты секторында  несиелендіру бойынша  банкті активизациялау  мүмкіндігі туралы  күәландырады.  Өтімділіктіің  берілген көрсеткіштері  оған халыққа қымет көрсетулерді  және операциялардың түрлерін  кеңейтуге мүмкіндік береді.
Өзіндік  құралдарды талдаған  кезде  статистикада  ғана  емес  динамикада   да   оларды   талдау   керек,   бұл   баланс   қызметті      олардың
қызметінің масштабтарын  кеңейту  сияқты  сипттауға мүмкіндік  береді,  және де   басқа  банктерде  өсу қарқынмен  салыстырып, өзіндік құралдардың  өсу қарқынымен  бағалауға  мүмкіндік  беріледі. Көрсеткіштерді  есептеу өте маңызды, «ТұранӘлемБанк»  АҚ-ның жарғылық  капиталдың  динамикасы туралы берілгендерді  көрсетейік.
 
3-Сурет. Жарғылық капиталдың динамикасы
- 26 -
 У-жарғылық капиталдың өлшемі (мың теңге)
Х-жылдар (кезеңдер)
 
Берілгендерді  талдау капиталдың жылдан  жылға өсіп  келетінін  көрсетіп тұрады. Осы банкте жарғылық капиталдың  өсу тенденциясы барлық  тұрақты   банктерге   тән.  Банк  сенімділікке   және  тұрақтылыққа  жету  мақсатында  табысты активті операцияларды  көбейту мумкіндігін  алу үшін капиталды көбейтуге  ұмтылады. Сәйкесінше  банк  табысты капиталсалымдар  үшін ресурстық  базаны  кеңейтуге  ұмтылады.

- 27 -
2.3. «БанкТуранӘлем» банкінің банктік қызметтердің әлсіз және күшті жақтарын бағалау
Қазақстан экономикасының нақты секторының дамуымен және тұрақтылығымен байланысты банк тауарлар мен қызметтерді несиелеу           сферасын айтарлықтай кеңейтті. Банктің тұтынушылық несиелеу процесі жылжымайтын мүлікті, автокөлікті, оқуды, емдеуді, салтанатты өткізуді, күрделі жұмысты, демалысты несиелеу бағдарламасымен көрсетілген.
Жеке тұлғаларды несиелеудің жалпы жағдайлары. Несие Қазақстан Республикасының резиденттері мен бейрезиденттеріне беріледі:
- әйелдерге 21 ден 56 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 58 жасқа толғанға дейін іске асатын болса;
- еркектерге 21 ден 61 жасқа дейін, егер Несие келісімшарты бойынша несиенің қайтарылуы Борышқордың 63 жасқа толғанға дейін іске асатын болса.
Жеке тұлғаларға несиенің берілуі несиенің қайтарылуына және ол бойынша сыйақыны төлеуге жеткілікті тұрақты табыс көзі – жалақы, зейнетақы (отбасы мүшелерінің табыстарын қосқанда), кәсіпкерлік қызметтен табыс болған жағдайда ғана жүргізіледі. Несиенің сомасы борышқорлардың (созаемщик) айлық табысына, сатып алынатын мүлік құнына және қамтамасыз етілетін кепілдігіне байланысты. Созаемщик ретінде борышқордың жұбайы және жақын туысқандары, (ұлы, қызы, шешесі, әкесі, туған ағалары және әпкелері) бола алады. Созаемщик барлық міндеттемелерді атқарады және банктік қарыз келісімшарты бойынша борышқордың барлық құқықтарына ие. Несиелеудің параметрлері, алғашқы жарнаның төменгі мөлшері, борышқорлар үшін талап етілетін құжаттар тізімі Банктің Директорлар Кеңесімен немесе нақты несиелеу бағдарламасы бойынша Банктің басқа өкілетті органымен бекітіледі.
Алғашқы жарна сомасы:
- Клиент өзінің ағымдық шотына келешекте алу және сатушыға беру үшін енгізеді;
- Валюталық заңнамаға сәйкес Банк Борышқордың ағымдық шотынан
Сатушының банктік шотына аударады;
- Борышқор қолма-қол ақшамен Сатушыға береді, бұл кезде борышқор алғашқы жарна сомасын бергенін растайтын құжатты Банкке береді. Бұл құжат несиелеу бағдарламасымен анықталады.
Несиелеу объектісінің құнының 100%-к көлемде несиені ұсыну қарастырылған, егер келесідей шарттар орындалса:
- алғашқы жарна банкке кепілдікке берілген қамтамасыз етумен ауыстырылса, бірақ ұсынылатын қамтамасыз етудің кепілдік құны алғашқы жарнаның төменгі мөлшерінен төмен болмау керек;
- қамтамасыз ету кепілдігіне ұсынылатын кепілдік құн үш айлық негізгі борыш пен сыйақыны жабу керек.
- 28 -
Борышқордың төлем қабілеттігін бағалау. Борышқордың төлем қабілеттілігінің бағасы соңғы 6 айға  орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған және анықтамада көрсетілген мәліметтердің борышқордың табысын растайтын басқа да құжаттар және тапсырыс берушінің анкетасы негізінде есептеледі. Борышқордың төлемқабілеттілігін есептеу кезінде оның табысынан анықтамада және анкетада көрсетілген барлық міндетті төлемдер алынады (табыс салығы, жарналар, алименттер, зиянның компенсациясы, зейнетақы аударымдары, қарызға алынған тауарлар құнын өтеуге төлемдер, әрекет ететін несиелер бойынша жарналар, коммуналдық қызметтер және т.б.).
Жоғарыдағы жағдай жиынтық табысты есептеу кезінде отбасы мүшелерінің табыстарына да қатысты. Таза табыс салығын, міндетті зейнетақы аударымдарды, жарналарды, алименттерді, зиян компенсацияларын алып тастағанда соңғы 6 айға орта айлық жалақы туралы жұмыс орнынан алынған анықтамада  көрсетілген  мәліметтерге   сүйене  отырып  анықталады. Отбасыны
асырауға кететін шығындар Тапсырыс берушінің анкетасында клиенттің көрсеткен мәліметтерден анықталады (коммуналдық қызметтер, тамақ, емдеу, көлік шығындары, несиелер бойынша жарналар, білім және т.б. шығындар). Егер орта айлық жалақы туралы анықтамада көрсетілген жалақы борышқордың анкетасында көрсетілген нақты табыстан төмен болса, онда Несиелік қызметкер борышқордың алатын нақты табысының шындығын тексеру үшін борышқордың жұмыс орнына барады. Борышқордың жұмыс орнында Несиелік қызметкер кәсіпорынның басшыларымен (директор, бас бухгалтер) кездесіп, ауызша растама алу керек, бас бухгалтердің берген мәліметтерімен, еңбек төлемі бойынша ведомостьпен салыстырып, жобаны қаржыландыру туралы Ұсынысты көрсету керек.
2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша төлем карточкаларын шығаруға рұқсат беретін уәкілетті органның арнайы лицензиясы 20 екінші деңгейлі банктерге берілген болса, олардың ішінен 18 банк нақтылы түрде төлем карточкаларын шығаруды жүзеге асыруда. «ТұранӘлемБанкі» халықаралық жүйе карточкаларын - VISA International, Europay International шығаруда.
2006 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша қазақстандық банктердің шығарған төлем карточкаларының саны 2,16 млн. дана құрап, бұл карточкалардың ұстаушыларының саны - 2,11 млн. адам болған (2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіштер сәйкесінше 21,2% және 20,7% артқан. Төлем карточкаларының ішінде неғұрлым көп тарағаны халықаралық жүйе карточкалары болып келеді.Олардың өзіндік үлесі 86,9%, ал жергілікті жүйе карточкаларының өзіндік үлесі - 13,1%. 2005 жылдың 1-ші тамызында бұл арақатынас 81,4% және 18,6% құраған болатын.
2006 жылдың шілдесінде қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын қолдану арқылы сомасы 49,2 млрд теңге құрайтын 3,1 млн.-ға тең транзакциялар жасалып, бұл корсеткіштердің мәні 2003 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 41,1% және 29,8%-ға артқан.
- 29 -
Бұл ретте, қолма-қол ақша алуға байланысты трансакциялардың саны 3,0 млн. трансакцияны құрап, бұл трансакциялардың сомасы 47,4 млрд. теңге болса, ал қолма-қол ақшасыз төлемдер сомасы 1 822,6 млн.теңге болатын 154,1 мың трансакцияны құрады. Бұл көрсеткіштердің проценттік арақатынасы келесідей түрде қалыптасқан:  95,1% және 4,9%, 96,3% және 3,7% сәйкесінше.
Төлем жүйесі қызметінің толықтығы әр түрлі типтердегі және арналымдардағы төлем карталарының бар болуымен анықталады. АТФБанк картаны ұстаушыларға мынадай қызметтер ұсынады: теңгеде және шетел валютада қолма-қол ақшаларды қабылдау және беру; басқа банктерден түскен қаражаттарды карт шоттарға қосу; несиелік лимитті, AIG ASSIST компаниясының халықаралық сақтандыру полисін, «АТФ Полис», «Интертич» компанияларының локальды сақтандыру полистерін ұсыну. Тұтас алғанда, карталық бизнес – банктің клиенттерімен өзара қарым-қатынастарды ары қарай дамытып тереңдету үшін басымды бағыт болып табылады.
2006 жыл ішінде карталардың мынадай мөлшері шығарылған:
 Visa төлем жүйесі – 9417
 Altyn төлем жүйесі – 1921
 American Express карточкасы – 9
    2006 жылда көлемі 878 млн. теңгені құраған сауда және сервис кәсіпорындарында 31807 транзакция жасалған. Есеп беру кезеңінде коммерсанттар қызметтерінен түскен комиссиондық табыс 34,1 млн. теңгені құрап, 2005 жылмен салыстырғанда 46,7%-ке ұлғайды. Қазіргі уақытта әрекет етіп жүрген коммерсанттардың жалпы көлемі республика бойынша 157.
2006 жылда 10 банкомат cалынған болатын, олардың 2 банкоматы Астана қ. филиалында, 2 банкомат Өскемен қ. филиалында, 1 банкомат Атырау қ. филиалында, 5 банкомат Алматы қаласында орнатылған. Сонымен, 2005 жылдың аяғына банк 13 банкоматқа ие болды.
2006 жылы Интернет желісінде есеп-айырысуларды жүргізу үшін 78 Viza Virtuon картасы шығарылған болатын. 2005 жыл ішінде банктің төлем карталарын ұстаушыларға әлемге әйгілі AIG компаниясының 297 халықаралық сақтандыру полистеріберілді.
American Express Cоmpany ұйымымен келісімі бойынша банк жол чектерін АҚШ долларында және еврода консигнация шартымен алып отырады.               
- 30 -
     III.  Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдары.
     3.1. Ресурстарды тартудың жаңарту жолдары
     Азаматтардың тұрғын үй проблемаларын шешу және Астана мен Алматы қалаларында жылжымайтын мүлік рыногын жандандыру үшін “Самұрық – Қазына” қоры арқылы ипотекалық кредит берудің және тұрғын үй секторын дамытудың арнайы бағдарламасы іске қосылатын болады. Осы бағдарламаны қаржыландыруға Қор Ұлттық қордың және жинақтаушы зейнетақы қорларының қарыз қаражатын тарту есбінен қалыптастырылатын 5 млрд. АҚШ доллары (600 млрлд. теңге ) мөлшерінде сома беретін болады. Осы бағдарламаның қаражаты есебінен екінші деңгейдегі банктер арқылы Алматы және Астана қалаларында құрылыс аяқталмаған тұрғын үй кешендерін аяқтауға қарыздар беру қамтамасыз етілетін болады.
     Екінші деңгейдегі банктер мен тұрғын үйді әділ бағасы бойынша сатуға дайын құрылыс салушы компаниялар осы бағдарламаға қатысушылар болады.
     Жылжымайтын мүлік рыногындағы ахуалды  тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның негізгі параметрлері:
1) “Самұрық – Қазына ” қоры екінші деңгейдегі банктерде жеңілдікті ставка бойынша 15 жылға бірқатар несиелік желілер ашатын болады. Өз кезегінде екінші деңгейдегі банктер қарыз алушылардың әр түрлі топтарына ипотекалық кредиттерді мерзімінен бұрын өтеу құқығымен 10.5%- 12.5% - бен  15 жыл мерзімге дейін беретін болады.
2) Қаражаттың бір бөлігі жаңа қарыз алушылар үшін түпкілікті ставканың 10.5 % деңгейінде болуын және 2009 жыл бойы іске асырылуын көздейтін жаңа ипотекалық бағдарламаға жіберілетін болады. Осы бағдарлама халыққа ипотека бойынша жеңілдікті ставкалармен және тұрғын үйдің қолжетімді бағасы бойынша тұрғын үй алуға мүмкіндік береді. Екінші деңгейдегі банктер құрылыс аяқталмаған нысандардан пәтерлер сатып алуға ипотекалық қарыздар беру жолымен қарыз алушы  құрылыс компаниялармен ахуалды түзертуге және кредиттік портфельдің сапасын елеулі дәрежеде жақсартуға мүмкіндік алады.
3) Екінші деңгейдегі банктер бұған дейінгі кезеңдерде алаңы 120 шаршы метрден аспайтын тұрғын үй алуға ипотекалық қарыз алған және осы ипотекалық қарызға қызмет көрсету бойынша өз міндеттемелерін адал орындаған, қарыз алушының, ипотекалық қарыз алуды қамтамассыз ететін тұрғын үйді қоспағанда, басқа тұрғын үйі болмаған жағдайда кредит желісінің бір бөлігін қарыз алушылар үшін ипотекалық қарыз бойынша пайыздық ставкаларды 10.5% - 12.5-ға дейін төмендетуге бағыттайтын болады.
4) Өз кезегінде мемлекет ұлттық компаниялардың және мемлекет қатысатын   акционерлік  қоғамдардың  атынан  Астана   және Алматы
- 31 -
         қалаларының рыногынан әділ бағамен жаға тұрғын үйлер сатып алатын            
         болады.
     Үкімет, сондай ақ тұрғын үйге  қолжетімділікті қамтамассыз ету бойынша шаралар қабылдайтын болады. Бұл үшін қолданыстағы тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
     Әкімдіктерге жеке құрылыс салушылардан пәтерлерді құрылыс аяқталған және дайындығы жоғары дәрежедегі нысандардан белгіленген  баға бойынша сатып алу құығы берілетін болады. Бұл тұрғын үй бағдарламасын іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.
     Азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұлғайту мақсатында арендалық тұрғын үй құрылысына 15 млрд. теңге жіберілетін болады. Бұл қосымша  265  мың шаршы метр арендалық тұрғын үйді пайдалануға беруге мүмкіндік береді.
     Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде салынған барлық обектілер тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі арқылы сатылатын болады. Бұл халықтың басым санаттарына жылдық дан аспайтын пайыздық ставка бойынша алдын ала тұрғын үй қарыздарын ұсынуға және тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы салымның жинақталуына байланысты қиындықтарды болдырмауға мүмкіндік береді.
     Үлескерлердің құқықтарын қорғауды арттыру мақсатында Үкімет үлестік құрылыс мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізетін болады.
     Экономиканы отандық қаржы институттары тарапынан қаржыландырудың қысқаруы жағдайында шағын және орта бизнеске көмек көрсету жалғасатын болады. Мемлекеттік қолдау олардың салалық тиістілігіне қарамастан, шағын және орта бизнестің барлық субъектілеріне көрсетілетін болады.
     Біріншіден, осы мақсаттарға “Самұрық - Қазына ” қоры 2009 жылы қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд теңге) бөледі. Бөлінетін қаражат шеңберінде 70% ағымдағы жобаларды қайта қаржыландыруға және 30% жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады.
     Екінші деңгейдегі банктер шағын және орта бизнеске кредит беру бойынша барлық бағдарламалардың операторлары болады. “Самұрық- Қазына ” қоры бөлетін қаражат шеңберінде бір жобаны қаржыландыруға арналған лимит 3-тен 5 млн. АҚШ. долларына дейін өседі.
     Үкімет “Самұрық-Қазына” қорымен бірлесіп шағын және орта бизнес үшін сыйақы ставкасын дағдарысқа дейінгі деңгейге дейін(14%-дан аспайтын) тұрақтандыру бойынша шара қабылдайды, сондай-ақ тиімді ставканы тағайындай отырып, шағын және орта бизнесті қолдау бойынша қабылданған барлық бағдарламалар қайта қаралатын болады.
     “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры шағын және орта бизнеске берілетін кредиттерге кепілдік беру тетігін енгізетін болады.
     Екіншіден,”Самұрық-Қазына”қоры ауылдық жерде шағын кредит берудің, оның ішінде ауылдық кәсіпкерлерге кредит берудің бағдарламасын әзірлейді.
- 32 -
     Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету мақсатында олардың “Мемлекеттік сатып алу туралы” жаңа заңның қолданылуы шеңберінде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың мемлекеттік тапсырыстарына қол жеткізуіне жағдай жасалады.
     Жер қойнауын пайдаланумен және сервистік компаниялармен қазақстандық қатысуды ұлғайту бойынша жұмыс күшейтілетін болады.
     Төртіншіден, Үкімет кәсіпкерлікті дамыту үшін әкімшілік кедергілерді төмендету және рұқсат беру.
     Агроөнеркәсіптік кешенді дамуға ерекше назар аударылатын болды.Агроөнеркәсіп секторын экономиканы тұрақтандыру мен сауықтыру бағыттарының бірі ретінде белгілеуге мүмкіндік беретін негізгі факторлар мыналар:
1. Агроөнеркәсіптік кешен жұмыспен халықтың жалпы санының ын  шоғырландырады. Сондықтан ол халықты жұмыспен қамту деңгейін қолдауға бағытталған шаралардың орталық буыны б.т.
2. Ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс жағымсыз экономикалық үрдістің әсеріне неғұрлым азырақ ұшырайды.
3. Агроөнеркәсіптік кешен елдің азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешеді.
      Республикалық бюджеттен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінетін шығыстар 2009-2011 жылдары шамамен 350 млрд. теңгені құрайды. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға “Қаз Агро” холдингінен қосымша 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге ) көлемінде қаражат бөлінеді. Жобалар әлеуметтік - кәсіпкерлік корпарациялармен бірлесіп іске асырылатын болады.
     Инвестициялар, ең алдымен, астық секторы, ет және сүт өнімдерін қайта өндеу және жеміс - көкеніс дақылдарын өндеу сияқты қолданыстағы секторларды қолдануға және жаңа экспортқа бағдарланған секторларды дамытуға бағытталатын болалды. Дамыған экспорттық инфрақұрылымдарды бар жылыжай шаруашылықтарының, көкеніс қоймаларының, құс фабрикаларының, тауарлы – сүт фермаларының, бордақылау алаңдары мен қасапханалар желілері құрылатын болады. Қазіргі заманғы ет өндеу кешендерін ұйымдастару, тамшылатып суару технологияларын қолданып жеміс - көкеніс дақылдарын өндіруді және биязы жүнді терең өндеуді дамыту, Қазақстан астығы экспортының инфрақұрылымын дамыту, аграрлық техникалық маркеттерді құру және дамыту, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру жөніндегі жобалар іске асырылатын болады.
- 33 -
     3.2. Қаржы секторын тұрақтандыру
     Отандық банк жүйесін қолдау қажеттілігі оның елдің экономикалық жүйесіндегі маңызды рөлінің болуымен түсіндіріледі. Тәуелсіздік жылдарында отандық банктер отандық экономикалық жүйенің ажырамас бөлігіне айналған, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін және оның нарық жағдайында дамуын ынталандыратын жетілдірілген қаржы жүйесін қалыптастырды.
     Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.
     Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.
     Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.
     Қаржы секторын тұрақтандыру үшін мынадай шаралар қабылданатын болады:
     Біріншіден, ол қарапайым және ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу, сондай-ақ реттелген қарыздар беру арқылы төрт жүйе құраушы банктердің қосымша капиталдандыру. Бұл ретте банктерге мұндай мемлекеттік қолдау көрсетудің басты шарттарының бірі капиталды банк акционерлерінің өздерінің ұлғайтуы болып табылады.
     Қазіргі таңда банктер берген қарыздардың 35.6%-ы құны айтарлықтай төмендеген жылжымайтын  мүліктермен және жермен қамтамасыз етілген. Бұл банктер активтерінің сапасын төмендетеді. Осыңан байланысты банк секторына шығындардың едәуір көлемі әлеуетті түрде жинақталуда. Банк секторын сауықтыру үшін Қаржы қадағалау агеттігі банктер құрған провизияларға қойылатын талаптарды арттырады. Бұл банктердің өз шығындарын мойындауына және оларды жасақталған провизиялар есебінен шығынға жазуына септігін тигізеді. Бірақ, банктердің провизияларды құруы үшін қосымша капитал қажет.
     Банктерді қосымша капиталдандырудың жалпы сомасы кемінде 4 млрд. АҚШ долларын (480 млрд. теңге) құрайды, олардың ішінде:
- 34 -
     1 млрд. АҚШ доллары (120млрд. теңге) төрт жүйе банктердің (Қазақстанның Халық банкінің, Қазкоммерцбанктің, Альянс банк пен ТӘБ - нің) қарапайым акцияларын сатып алу түрінде берілетін болады.
     3 млрд. АҚШ доллары (385 млрд. теңге) реттелген борыш түрінде және дауыс беру құқығын бермейтін ерекше артықшылығы бар акцияларды сатып алу арқылы берілетін болады.
     Берілген қаражатты банктер резервтердің барабар деңгейін қалыптастыруға және ел ішінде қарыз алушыларға кредиттер беруге жіберуі тиіс.
     Мемлекет банктер капиталындағы бақылау пакетін сатып алмайды. Құны 2008 жылғы 24 қарашада, яғни банк ұсыныс жасаған күнге дейін Лондон және Қазақстан қор биржаларында акцияларға баға белгілеуге байланысты белгілі болатын банктердің дауыс беруші акцияларының 25%-ына дейін “Самұрық – Қазына ” қорының меншігіне түседі.
     Мемлекет капиталданған банктердің ұзақ мерзімді қатысушысы болып қалмайды. Әлемдік қаржы дағдарысы бәсеңдеген және халықаралық капитал рыноктарына жол ашылған жағдайда “ Самұрық – Қазына ” қоры нарық қағидаттары бойынша акцияларды сату бағасы сатып алу бағасынан төмен болмауы керек. Банктердің акционерлері 5 жыл ішінде акциялардың мемлекеттік пакетін қайта сатып алатын құқыққа ие болады.“Самұрық – Қазына ” қоры банктердің сыртқы борыштарын қайта құрылымдау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Банктер жеткілікті өтімділікке ие, ал қайта құрылымдау сыртқы қорландырудың шектеулі қолжетімділігіне байланысты қаржыландыру қаупін азайту тиіс.
     Екіншіден, Стресті активтер қоры құрылды. Оның қызметі қазақстандық банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға бағытталатын болады. Банктердің сенімсіз активтерін сатып алу және кейіннен оларды басқару осы мақсатты іске асырудың негізгі тетігі болады. Макроэкономикалық, нарықтық және басқа да факторлар әсерінен елеулі тәуекелдерге ұшырайтын активтер, банктердің жылжымайтын мүлік және жер кепілдігімен қарыздар баруі осындай активтер ретінде қарастырылады.
     Банктерден мұндай қарыздарды сатып алу банктердің балансын өтімділігі аз активтерден тазартуға және банктерді өз шығындарын мойындауға мәжбүрлейді. Активтерді сатып алу Стресті активтер қоры айқындайтын дисконтты немесе тәуеклдерді бөлудің басқа нысанын баланстық құны бойынша жүзеге асырылатын болады.
     2008 жылы республикалық бюджеттен Стресті активтер қорын капиталдандыруға алғашқы траншпен 52 млрд. теңге бөлінді. 2009 жылы Қордың жарғылық капиталы республикалық бюджет қаражаты есебінен 122 млрд. теңгеге дейін жеткізілетін болады.
     Үшіншіден, банктердің міндеттемелеріне уақтылы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында өтімділіктің қосымша көздері ұсынылатын болады. Ресурстық базаны тұрақтандыру мақсатында ұлттық  компаниялардың, акционерлік  қоғамдардың, мемлекеттік   кәсіпорындардың
- 35 -
және жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың активтері Ұлттық Банктің басқаруындағы мемлекеттік ұйымдардың уақытша бос ақша қаражаты отандық банктердің депозиттеріне орналастырылатын болады.
     Төртіншіден, қаржы секторында мемлекеттік реттеу жетілдірелетін болады. Қаржы қадағалау агенттігі пруденциалды реттеу шеіберінде банктердің сыртқы міндеттемелерін және тұтастай көтерме қаржыландыру деңгейін төмендету жөніндегі жұмыстарды жалғастыратын болады. Бұл ретте банк заңнамаларының қолданыстағы және жаңадан енгізіліп жатқан талаптары банктерді қорландырудың әртараптандырылған базасын құруға, яғни белсенді операцияларды көптеген жағдайда депозиттік база, атап айтқанда жеке тқлғалар есебінен қаржыландыруға ынталандыруы тиіс.
     Таңдаулы  халықаралық практика негізінде банктердің капиталдандыру есебінің тәсілдері оңтайландыратын болады, бұл банк активтерін жанама факторлардың болуы мүмкін, оның ішінде экономика секторларында іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жағымсыз сыртқы құбылыстарға ұшырау, айырбас бағамдарының күтіліп отырған тұрақсыздығы әсерін ескере отырып банктердің қосымша резервтерді қалыптастаруын көздейді.
     Тәуекелді басқару жүйесіне және банктердегі ішкі  бақылауға талаптар күшейтілетін болады. Ең алдымен банктер өтімділікті жоғалту тәуекелі мониторингіге тәсілдерді елеулі түрде қайта өңдеуі тиіс болады, ал банктердің активтері мен пассивтерін басқару стресті ахуалдардың туындауын ескере отырып үлгіленуі тиіс.
     Бесіншіден, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жаңа жағдайлардағы жұмыс істеу тетіктері пысықталатын болады. Зейнетақы қорларының салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Үкімет халықтың зейнетақы жүйесіндегі жинақтарының сақталуын, жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары үшін ашықтықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, олардың хабардар етілуін және қаржылық сауаттылығын арттырды.
     Халықтың зейнетақы қорларына барлық салымдарын мемлекет зейнетақы жинақтарын төлеу сәтіне инфляцияның деңгейінде олар бойынша кірістерді есепке ала отырып кепілдік береді. Үкімет азаматтарға зейнетақы қорларынан тұрақты төлем мониторингін жүзеге асыратын болады және жыл сайын инфляция есебі бойынша зейнетақы жарналары және зейнеткерлікке шыққан сәттегі іс жүзіндегі жинақтар арасындағы айырмашылықтың орнын толтыру үшін республикалық бюджетте жыл сайын қажетті қаражат көзделеді.Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық портфельдерін әртараптандыру үшін Үкімет пен “Самұрық - Қазына”қоры зейнетақы активтерін басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін тарту жөнінде шара қабылдайды, құрылған Стресті активтер қоры инвестициялық рейтінгі бар борыштық бағалы қағаздарды шығаруды қамтамасыз етеді.
- 36 -
                           ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақстанның банктік нарығы жетілмеген бәсеке нарығы болып табылады. Бұнда тауардың дифференциациясы маңызды орын алады, яғни сапаны жақсарту, атақты ұлғайту арқылы банктің банктік өнімінің бөлінуі.
Бұндай жағдайларда банктер жарнаманың әр түрлі әдістері арқылы өзінің атағын күшейтуге және қоғаммен байланыс бойынша қандай да бір шаралар арқылы өзінің репутациясын жақсартуға ұмтылады.
 Олар біздің республикамызға өтіп жатқан әр түрлі маңызды шараларға демеуші ретінде қатысады, акционерлер жиналысын жүргізеді, жылдық есеп беруді құрайды, жарнамалық проспекттер мен буклеттерді шығарады, теле және родио жарнамаға айтарлықтай сомада шығын жұмсайды. Бірақ менің ойымша, клиенттерді ұлғайту үшін уақыт қажет, өйткені экономикалық және саяси жағдайдың тұрақсыздығынан, банктердің жұмыс уақытының кішігірім аралығынан, шетел валютамен салыстырғанда ұлттық валютаның құбылуынан және басқа да сипаттамаларынан тұтынушылар өз ақшаларын сеніп тапсыру ықтималдығы төмен болады. Бұдан басқа заңнамалық база, көбінесе, өткізу нарығын шектейді.
Банктік қызметтерді талдау оның табыстылығын банктер басшылығымен берілген шынайы әрі көп негізделген бағалармен банктердің қызмет нәтижесін білеміз, олардың күшті және әлсіз тұстарын таныймыз, туындаған мәселелрді шешу жолдарын анықтап және олардың жұмысында өтімділікті, яғни банктердің өтімділігіне және табыстылығына көмек беру, несиелік саясатқа қатысты, ұйымдастыру бәсекелестікті ұстап тұру, салымшыларға сенімді болуы. Коммерциялық банктердің қызметтердің негізін қалаушы принциптерге шынайы ресурстармен жұмыс істеу болып табылады. Банктік ресурстарының негізгі көздеріне клиенттердің салымдары жатады, яғни несиегерлерге кеплідік болып табылады. Яғни пассивтердің құрылымы банктерде актвитік операциялардың жүргізілуіне мүмкіндікті анықтайды.
     ҚР Үкіметінің, ҚР Ұлттық Банкінің және ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс - қимыл жоспары бойынша тұрақтандыру шаралары іске асырудар Қазақстан экономикасы қосымша 2 172 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік қолдау алады, олардың ішінде, мыналардын есебінен:
     Ұлттық қор қаражаты – 1 200 млрд. теңге;
     Ұлттық Банк шаралары – 350 млрд. теңге;
     Жаға салық кодексін қолдану шеңберінде салықтың жүктемені төмендету - 500 млрд. теңге;
     Стресті активтер қорын құру 122 млрд. теңге.
- 37-
           ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңы.  30.03.1995
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңы. 30.03.1995
3. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. Алматы: ИздатМаркет, 2004ж.
4. Банковское дело Под ред.  О.И. Лаврушина. Москва "Финансы и статистика " 1998.
5. Көшенова Б. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары», Алматы,2000
6. Н. Назарбаев Қазақстан-2030: Ел Президенттінің Қазақстан халқына  Жолдауы,  Алматы – 1998 ж..
7. Сейтқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы – 2001 ж.
8. Шеденов Ө.Қ. «Жалпы экономикалық теория»,  Алматы -2002 ж.
9. Кушербаев Б.П. «Банктер және несие алушылар қарым – қатынастарын реттеу», Қарағанды, 2002 ж.
10. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар қызметі туралы// Банки Казахстана-2006, №3
11. Банки Казахстана. №12, 1. -2003Банки Казахстана №1 «Отекущей ситуации на финансовом рынке» 2005ж. стр.2
12. Банки Казахстан №8,2005ж. « Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жай-күйі туралы» бет.2.
13. Банки Казахстана. №1, 11. -2004
14. Сейітқасымов Ғ.С. «Ақша, Несие, Банктер», Алматы- 2006
Газеттер:
      1. Егемен Қазақстан. Астана: 16.05.2004.-8 бет.
      2. Егемен Қазақстан. Астана: 4.03.2006.-3 бет
      3. Егемен Қазақстан. Астана: 29.11.2008 ж.
      4. Егемен Қазақстан. Астана: 19. 11. 2008 ж.
- 38 -

 
01.03.2011 15:41