Сабақтың тақырыбы:
Бунақденелілер класы. Бунақденелі- лердің дамуы және пайда-зияны.
Сабақтың мақсаты:
Бунақденелілер класына жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктерін айқындау. Бунақденелілер туралы білімдерін тереңдету және кеңейту.
Оқушылардың интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тірі ағзаларға деген қамқорлық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру :
1.Зәршығару жүйесі –жасыл бездер
2.Ұзын және қысқа мұртшасы болады
3.Жүретін 8 аяғы бар
4.Зәршығару жүйесі -сатанбез және мальпигий тамырлары
5.Тыныс алу мүшесі-желбезек
6.Тыныс алу мүшесі- өкпе қапшығы және демтүтік
7.Астың ішектен тыс қорытылуы тән
8.Хитинде нәруыз көбірек болады
9.Хитинге әктенген заттар көбірек сіңеді
10.Көздері қарапайым құрылысты
11.Циклоп,дафния,таңқышаян
12.Кене, құршаян,бүйі
Сипаттамасы
* Дене бөліктері: бас,көкірек,құрсақ
* Барлығы 6 аяқты
* Екі мұртша,күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады
* Жұтқыншақ үсті,жұтқыншақ асты түйіні, құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін –ганглий түзеді.
* Демтүтік арқылы тыныс алады
* Басым бөлігінде қанаттары болады
* Қантарату жүйесі-ашық жүйе
* Зәршығару жүйесі – мальпигий түтікшелері
* Тіршілік ортасы: жер беті,ауа,су,адам және жануарлардаың ағзасы, топырақ асты
Энтомология-бунақденелілерді зерттейтін ғылым /гректің “ентома”-бунақдене+ “логос”-ғылым/.
Бунақденелілердің маңызы
Өсімдіктерді тозаңдандырады
Топырақты қопсытады,топырақ түзуге қатысады
Зиянкестерді жояды
Бал және балауыз береді
Жібек алу үшін өсіріледі
Санитарлық қызмет атқарады
Тағам ретінде пайдаланылады