Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

154352

Информатика пәнімен кіріктірілген сабақтар жүйесі

Информатика пәнімен кіріктірілген сабақтар жүйесі

Мақсаты

Білімділік:ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің  ішінде, әдетте логикалық  деп аталатын есептерде аз емес екендігінен,Логика және пікір ұғымдары туралы ақпарат беру.

Дамытушылық: Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа дағдыландыру.

Тәрбиелік: Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

Пікір деп ақиқат немесе жалған екенін тұжырымдауға болатын, мағынасы бойынша аяқталған сөйлемді айтамыз.

Мысал. “Қар - ақ”, “2·2=4” деген ақиқат, ал “Тау тегіс”, “2·2=5” деген – жалған пікір болып табылады.

Пікірлер жалпы және жеке болып бөлінеді.

Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, “3+3<7”, “Бүгін күн шуақты болды”.

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, “Егер жаңбыр жауған болса онда көше су болып жатыр”, “Кез келген квадрат  параллелограмм болып табылады”.

Логика -  пікірлер және олардың байланыстары туралы ғылым.

Неміс ғалымы Г.В.Лейбниц (1666 жылы) алғаш рет ойлау, пайымдау заңдарындағы анықталмағандықтың ауызша төрелік етуін және пікірлер арасындағы байланысты математикалық қатынас түрінде анықталатын математика тіліне аударуға тырысты.

Жүз жылдан соң ағылшын математигі Джордж Буль математикалық заңдылықтарға бағынатын логикалық әмбебап тілді құру туралы Лейбниц идеясын дамытып, логикалық алгебраның атасы атанды.

Пікірлер алгебрасы – идеал пікірлерге қатысты ақиқат немесе жалған пікір деп тұжырымдауға болатын пікірлерді зерттейтін логикалар алгебрасы.

Қарапайым пікірлер логикалар алгебрасында латынның бас әріптерімен таңбаланады: А={Абай – қазақ халқының ұлы ақыны}. B={А.С.Пушкин – ұлы математик}.

Құрмалас пікірлер табиғи тілде пікірлер алгебрасында логикалық амалдармен алмастырылатын “және”, “немесе”, “теріске шығару” сөздері арқылы құрылады.

 
26.11.2015 16:52