Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155127

Ережені жаттаймыз Өмірлерді сақтаймыз

Ережені  жаттаймыз Өмірлерді  сақтаймыз!

Мақсаты

1. Оқушыларды жол ережесімен таныстыру

2. Жол қауіпсіздігін  сақтаудың  адамдар өміріндегі маңыздылығын  ұғындыру;

3. Оқушыларды  саналылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.

1-кезең       Топ  басшылары  ортаға шығып, өздері дайындаған  мәліметпен  таныстырады.

1– топ. Тарихтан  тағылым

Алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналған болатын. Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді. 1927 жылы көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршамдар пайда болды. 1928 жылы Йэльск университетінде Гарри Хау деген кісі жасап шығарған бағдаршам алғаш Коннектикут штатына қойылды. Одан кейінгі бағдаршамдарды Чарльз Адлер деген өнертапқыш жетілдіре түсті. Мұндай бағдаршамдар қазіргі бағдаршамдай емес, әрине. Алғашқы бағдаршамдардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізуші өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамдардағы арнайы белгі беру будкасынан «жүруге болады» деген рұқсат белгісін күтетін болған.

2 – топ.Тарихтан  тағылым

Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар Ресейде алғаш жолдар І Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді 1920жылдары іске қосыла бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.. Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз миллион км-ден асады.

 

 
24.11.2015 15:19