Совет: пользуйтесь поиском! но если вы не нашли нужный материал через поиск - загляните в соответствующий раздел!
 
Сдал реферат? Присылай на сайт: bankreferatov.kz@mail.ru

 Опубликуем вашу авторскую работу в Банке Рефератов     >> Узнать подробности...

Банк рефератов

бесплатные рефераты, сочинения, курсовые, дипломные, тесты ЕНТ

155251

Әдебиет әлемінде

Әдебиет әлемінде

І тур.   Ой анықтау.

ІІ тур.   Ой зерделеу.

ІІІ тур. Ой жалғау.

ІV тур. Ой іздену.

V тур. Ой толғау.

 

І тур. Ой анықтау.

Сұрақ-жауап.

Әр ойыншыға 1 10 сұрақ

Әр жауапқа 1 1 балл

 

1. І.Жансүгіров өлеңі.

2. Абай өмірі туралы жазған жазушы.

3. Абайдың сүйген жары.

4. “Автобиографиялық әңгіме”  авторы.

5. Ә.Сәрсенбаев  өлеңі.

6. “Жауынгер тұлғасы” әңгімесінің авторы.

7. Еламан – қай шығарма кейіпкері?

8. Ана көрген не істейді?

9. Жерұйықты іздеген аңыз кейіпкері.

10. Мүсінші бала Мысық кімнің досы?

 

1. Суырып салма ақын.

2. Абайдың әні.

3. Тайбурыл – қай батырдың тұлпары?

4. Кейқуат – қай жырдың кейіпкері?

5. “О, Ақтан жас” өлеңінің авторы.

6. Қорыққанға қалай көрінеді?

7. “Қара бұлт” кімнің өлеңі?

8. Қобыландының сүйген жары.

9. “Өтеген батыр” дастанының авторы.

10. Ел немен көгереді?

 

1. А.Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары.

2. Абайдың табиғат лирикасы.

3. “Өзен” өлеңі кімдікі?

4. Абайдың неше қара сөзі бар?

5. Мадан хан қай ертегінің кейіпкері?

6. Ашу не? Ақыл не?

7. Сартай – қай шығарманың кейіпкері?

8. Қазақтың тұңғыш педагогы.

9. Өнер алды не?

10. “Толағай” – қандай ертегі?

 

1. Мұқағали өлеңі.

2. Кибер – қай шығарма кейіпкері?

3. Қазақтың шешен биі.

4. Абайдың өнер-ғылым туралы өлеңі.

5. Адамның арқауы не?

6. Жігіттің неше жұрты бар?

7. Рабиға – қай шығарма кейіпкері.

8. А.С.Пушкиннің “Балықшы мен балық”  ертегісін кім аударған?

9. Адам Атаның шын аты кім?

10. Құранда неше сүре бар?

 

1. Жамбылдың пір тұтқан ұстазы.

2. “Құлақтан кіріп, бойды алар” өлеңінің авторы.

3. Шәкәрім өлеңі.

4. “Шығамын тірі болсам адам болып” өлеңінің авторы.

5. А.Байтұрсынұлы өлеңі.

6. “Мен жастарға сенемін” өлеңінің авторы.

7. “Даудың басы – Дайрабайдың көк сиыры” әңгімесінің авторы.

8. “Аяз би” – қандай ертегі?

9. Өлімнен күшті не?

10. Қар қайтсе жанады?

 

1. “Жапон балладасын” жазған кім?

2. “Сен құрметте оны, қарағым” өлеңінің авторы

3. “Қан мен тер” романының авторы.

4. Мөңке – қай шығарма кейіпкері.

5. Ш.Мұртазаның “Қызыл жебе” романының басты кейіпкері кім?

6. Жер немен көгереді?

7. “Ер Төстік” – қандай ертегі?

8. “Отырар” – кімнің шығармасы?

9. Сөздің патшасы не?

10. Балықтың жаны қайда?

 

- Балапан! Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың, сен? Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау сен! Атасына нәлет! Күңей-күйрек болма бірақ. Өлмейсің! Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме! Жаралының жан серігі – жасымау. Жасыма!

 

“Мен ескіше жыл басы деп есептелетін “Наурыз күні” киіз үйде туыппын. Қазақ даласының ең суық жағын жайлайтын біздің елдердің бірсыпырасы ХХ ғасырдың бас кезінде де қыс айларын киіз үйде өткізеді екен.

Ол күні жер сілкінбеген, күн түгіл ай да тұтылмаған, есте қаларлық боан да болмаған, ең аяғы қалжа сүйегіне иттер де таласа алмаған. Менсіз де үбірлі-шүбірлі бір қара үйде тағы бір бала туа салған да, басқа балаларының атына ұйқастыра ат берілген.

СкачатьРазмер файла
Скачать этот файл (edebiet-eleminde.zip)Әдебиет әлемінде132 Kb
 
24.11.2015 14:47